Е с к е р т у: Бұл жерде бүкіл эпопеяны, тіпті осы Құнанбайлар әлемін тереңдете
оқытудың барлық жолы ұсынылып отырған жоқ, мақсат та ол емес, тек мысалдар аркылы
тереңдете оқытудың басты белгілерінің теориялык жағын сөз ете отырып, оның іс
жүзіндегі көрінісінен үлгі беру ғана.Көріп отырғанымыздай, тереңдете оқытуда Құнанбай
бейнесі жалғыз алынып отырған жоқ, төрт томдық бұл күрделі эпопеяда оның ізбасарлары
көп, сондықтан «Құнанбайлар әлемі» деп, көпше алынып отыр және Құнанбайлар жаңа
заман, жаңа ұрпақ, прогресс иелері, оның бастаушысы Абаймен қатар қарастырылып отыр.
Сабактың тақырыбын да сол себепті «Феодалдық коғам - Құнанбайлар және Абай» деп алса,
мұғалім көптеген мәселелердің басын тұжырымды түрде, топтай, жинақтай отырып, ашар еді.
«Абай жолындай» күрделі шығарманы тереңдете оқыту оның әр образы, әр бетін санамалай
оқыту емес, керісінше, нақты бір проблемалар негізінде жинақтап алып, тұжырымдай, топтап
оқыту.
Тереңдете оқытудың тағы бір белгісі - тақырыпты қосымша ма териалдармен, ғылыми
еңбектермен байыту (яғни оқушыға берілетін білім мазмүнын байыту).
Бұл жерде де еске ұстайтын екі мәселе бар:
а) Мұғалім қосымша материалдар мен ғылыми еңбектерді тақырыпқа сай сұрыптап, қадау-
қадау түйінділерін ғана алады.
ә) Ғылыми еңбектерді тұтастай оқытады.
Пәнаралық байланыс, интегративтік оқытуды басшылыққа алу да тереңдетіп оқытудың
жолына жатады.
Пәнаралық байланыстың бірнеше түрі бар:
1. Туыстас пәндер арасындагы байланыс, мысалы тарих, әдебиет, тіл т.с.с.
2. Пәнішілік байланыс, яғни бір тақырып пен екінші тақырып арасындағы байланыс.
Пәнаралық байланыс мұғалімнің алдына қойған сабақ мақсатымен, сабақ мазмұны,
құрылымымен қабысып жатуы керек. Сабақтың бір кезеңінде ғана «жылт» ете түсетін, сөз
арасында ғана мысал ретінде айтыла салатын деректерді (басқа пәндер бойынша) пәнаралық
байланысқа жатқызуға болмайды. Мысалы, 9-сыныпта Бұхар жырау шығармашылығын
оқыту,
өту
барысында
Абылай
туралы
өлеңдері
де
талданады.
Білім беру мақсаттарының бір түйіні, дәні «Тарихтағы Абылай бейнесін Бұхар жырау өз
толғауларында бере алған ба, Абылай бейнесінің негізінде жатқан тарихи шындық» деген
проблемалардан түрмақ. Сабақтың өн бойында мұғалім тарихтағы Абылай мен толғаудағы
Абылайды қатар ала отырып, түсіндіруі керек. Оқушылардың тарихтан алған білімдерін
жаңалау, қайталау арқылы әдебиеттен берілетін жаңа білімдерді толықтыру, байыту, кеңейту
мәселелерімен айналысады.
3.
Пәнішілік байланыстың да тереңдете оқытуда өзіндік орны бар. Мысалы, көркем
шығарма тілі, ақын-жазушының стилі туралы сөз қозғағанда, оқушыларға шығарма
жаздырғанда, т.б. қазақ тілі пәнімен байланыстың тиімділігі, маңызы зор.
Пәнаралық байланысқа сүйеніп оқыту берілетін білім мазмұнын тереңдету, байытуда
өзіндік рөл атқарады. Бір мезгілде екі, не үш пән мұғалімінің бірлесе сабақ өтуі, «білімді
қосарлана» беруі соңғы кездерде тәжірибеге жиі енуде, әрі мұғалімдер сол арқылы біршама
жақсы нәтижеге жетуде. Жалпы, жоғары оқу орнын былай қойып, мектептерде өзектес
пәндерді қосып окыту сияқты тәжірибелер кеңінен канат жаюда.
Оның тиімділігі, маңызы не?
Ең бастысы, пәндерді біріктіре отырып оқытуда уақыт үнемделеді, білімді жинақтап
береді. Мысалы, астрономия сияқты пәнге аптасына бір-ақ сағат беріледі. Келесі сабаққа дейін
алған білімдерді ұмытып қалу мұндайда жиі кездеседі. Екіншіден, білімді жан-жақты беруде,
бір-бірімен байланыста беруде бұл оқытудың өзіндік маңызы бар.
170
Әдебиеттен білімді терендете беруде пәнаралық байланысқа қандай жағдайда жүгінген
дұрыс?
Өтілетін білім мазмүны басқа пәндердегі біліммен үндесіп жатқанда;
Өтілетін білім мазмұны толықтыруды, байытуды қажет еткенде;
Бір мезгілде бірнеше пәндердегі ұғымды бір жерге топтап, жинақтап беру мақсатында.
Абай шығармашылғын өткенде, әсіресе, табиғат, махаббат лирикаларын оқыту
барысында бейнелеу өнері пәнінің, музыка пәнінің мұғалімдерімен бірігіп, сабақтар-
гармония (немесе үйлесім сабағы деп те аталады) өткізіп, білім мазмұнын жан-жақты байыта
отырып, беруге болады. Бұл сабақта бейнелеу пәні мұғалімі суретшілердің табиғат көрінісін
әр түрлі бояулармен жеткізетін құдіреті туралы сыр шертсе, музыкада сиқырлы әуен,
саздың маңызын; ал әдебиетте сөз өнерінің, сөздің қасиетін мұғалімдер оқушылардың
көзін жеткізе отырып, түсіндірер еді. Бұндай жағдайларда баланың ой өрісі, дүниетанымы,
эмоциясы, эстетикалық сезімі дамиды, әрі әдебиет сабағының өнер сабағы, әдебиеттің
өнердің бір саласы екені туралы оқушылар түсінігі де байиды. Осы мәселелерде
тереңдете оқыту - оқытудың тиімді бір түрі болып табылады.
Оқушылардың танымын дамыту, белсенділігін арттыру, пәнге деген қызығушылығына
әсер ету тереңдете оқытудың негізгі мақсаттарының бірінен саналады.
Мысалы, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі біз сөз етіп отырған үйлестікті,
гармонияны еріксіз талап еткендей.
Айлы түн сұлулығы, махаббат сұлулығы, оған қоса осыларды жыр етіп отырған
ақын сезімінің, ол көріністі кестелеп салған тілінің сұлулығы ғажайып бір үйлесім емес пе?!
Осы үйлесім, осы гармония - білімді тереңдете, жан-жақты берудің тиімді бір көзі.
а)
Әдебиетті терендете оқытудың тағы бір өнімді, ұтымды жолы - оқушылардың
білім, білік дағдыларына қойылатын талапты жетілдіру. Танымдық іздендіруші,
ғылыми сипаттағы тапсырмалар, өз беттерімен жүргізетін әр түрлі мақсат, мазмұндағы
жұмыс түрлері балалардың білімін ғана тереңдетпейді, іскерлік дағдыларға да баулиды.
ә) Мысалы, ғылыми еңбектер бойынша реферат жазғызу, әрі оны қорғату, көркем
туындыға рецензия-пікір жазғызу, өзекті мәселелер айналасында ғылыми сипаттағы шағын
әдеби айтыстарға баулу оқушылардың іскерлік дағдысын дамытудың тиімді тәсілдері.
б)
Оқушылардың іскерлік дағдыларын дамытуда өз беттерінше орындауға
берілетін салыстырмалы жұмыстардың да маңызы ерекше. Мұндай жұмыстарға әр түрлі
жанрдағы туындылар аудармаларының сапасы (орысша, қазақша мәтіндерді қатар алып
салыстыру) жатады.
«Сәкен, Ілияс, Мағжан поэмаларындағы «Көкше көріністері. Қай образ көңіліңе
жақын?» т.с.с. тақырыптарға жүргізілетін салыстырмалы тапсырмалар білімді өз
саралауы, өз белсенділігі, өз еңбегімен алуға ғана дағдыландырмайды, сонымен бірге
талдауға, ойлауға, өз бетінше қорытынды жасауға да баулиды.
в)
Оқушылардың іскерлік дағдыларына қойылатын талаптарды төменгі
сыныптардан бастап, сынып жоғарылаған сайын, жүйелі түрде дамыта, күрделендіре түскен
дұрыс. Мысалы, төменгі буында көбіне оқыған шығарманы мазмұндай білу, мазмұнын айта
білу талап етіледі. Жай мазмұндаумен қатар, өзіне ұнаған эпизодтарды ғана теріп алып,
мазмұндау, сондай-ақ көркем шығарманың ең негізгі, түйінді эпизодтарын ғана мазмұндату
сияқты жұмыстарға қарапайымнан күрделіге қарай бірте-бірте дағдыландырған дұрыс.
Оқыған шығармалары туралы өз әсерлерін, өз пікірлерін айтқызудан бірте-бірте оны
дәлелдей айтуға, көркем мәтінінен үзінді ала отырып, өз пікірлерін дәлелді түрде қорғай
айтуға дағдыландыру да әдебиетті тереңдете оқудың тиімді жолдарына жатады.
Білімді тереңдете берудің тәсіліне төмендегі мәселелер де жатады.
Әдебиет пәні - ойлаудың, ойлантудың да пәні. Ең алдымен, оқушы ол - оқырман. Әр
оқушының көркем шығарма туралы өз пікірі, ойы, әсері болады дедік. Өз ісінің ойлы шебері,
яғни ойлы әдебиетші ұстаз алдындағы шәкірттерін біреудің пікірін, ойын кайталау сияқты
жұмыстардан босатады да, ең бірінші етіп оның өз пікірі, әсері, түсінігін қояды. Мысалы,
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі туралы оқушылар неге окулыктан оқығанын мазмұндап, мұғалім
171
түсінігін қайталауға міндетті?! Бала ең алдымен өз пікірі, түсінігін айтуға талаптансын, оның
осы балаң пікірін оқулық толықтырсын, ғылыми еңбектер байытсын, мұғалім түсінігі ары қарай
жетілдірілсін. Өз пікірі, оқулық білімі, мұғалім түсінігі, ғалымдар еңбегі - осы төртеуі қабысып
келгенде ғана, терең білім беріледі.
Мұғалім білімді тереңдете берудің күрделі, қиын әдістемелерімен емес, жеңіл жолын іздеуі
керек. Тұжырымдап айтқанда, білімді тереңдете бере отырып, оны оқушыға қабылдатудың
жеңіл жолын іздену. Бұл орайда көмек-нұсқаулар жазылған дидактикалық материалдар,
тақырыптың түйінді дәнін даралап, саралап көрсетіп тұратын үлестірме тапсырмалар,
кесте-сызба сияқты көрне-кіліктердің де маңызы ерекше. Мысалы, М.Әуезовтің «Абай жолын»
санаулы сағаттар ішінде барлық қасиетті ұлттық бояуымен, терең мәні, сәнімен тұтастай
қарастырудың қаншалықты қиын екені барлық ұстаздарға аян. Ал оны жеңілдетіп берудің
жолы бар ма, бар болса, ол қандай жол? Бірер мысал келтірейік.
«Абай жолы» төрт кітаптан тұрады. Қандай зерделі оқушы болмасын, ондағы басты-басты
оқиғаларды, көріністерді еске сақтаулары қиынға түседі. Сондықтан төмендегі үлгіде кесте-
плакатқа әр кітаптың тараулары бойынша негізгі, өзекті оқиғалары сұрыпталып жазылып
қояды.
Үлгі:
№
Тараулар
Негізгі оқиғалар
1
«Қайтқанда»
а) Семейден Абайдың елге оралуы.
ә) Қодар мен Қамқа өлімі
Образдарды ашатын эпопеядан нақты көрсетілген үлестірме-көмектер жасау.
Нұрғаным туралы пікірің қандай? Оның жетпістегі Құнанбайға тоқалдыққа
келісуі, Базаралымен қарым-қатынасын негізге ал. Мына беттерге қара:
1. «Қияда» бөлімі, 350-беттен бастап...
2. «Еңісте» бөлімі, 517-520-беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |