Е с к е р т у: Талдауда міндетті түрде осы бағандарды жазбаша толтыру керек деген
талап қойылмайды, бірақ бұл үлгі көркем мәтінді жүйелі талдаудың бір тиімді, ұтымды
жолы.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбайлар әлемін тереңдете оқытудың кейбір
жақтарына тоқталайық-
Ең алдымен, автордың Құнанбайлар әлемін көрсетудегі идеялық проблематикасы, не
соның айналасындағы ізденістер.
Әкелер мен балалар проблемасы.
Абай - Құнанбай, Тәкежан - Өзімбай, Абай - Әбіш, т.с.с.
Құнанбайлар әлемі. Құнанбайға жеке тоқталмай, эпопеядағы ол типтестерді
сұрыптап, жинақтап, топтап алу, талдауды да мына проблемалар айналасында топтап,
жинақтап талдау.
- Құнанбайлар - феодалдық қоғамның, оның әдет-салтының, дала заңының қатал
сақшысы.
- Құнанбайлар және даладағы рулық-патриархалдық тартыс.
- Құнанбайлар және халық.
169
- Құнанбайлар және Абай бастаған жаңа буын.
- Ескі мен жаңа арасындағы тартыс.
- Құнанбайлар және әйелдер бостандығы, махаббат.