Ресурстарын


Стратегия: жасау жəне оны жүзеге асыру деңгейлері



Pdf көрінісі
бет11/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   142
Байланысты:
Адам ресурстарын басқару

Стратегия: жасау жəне оны жүзеге асыру деңгейлері 
 
Деңгейлер 
Мысалдар 
Ұлттық деңгей 
Индустриалық-инновациялық даму стратегиясы
Қазақстан Республикасының көлік стратегиясы 
Өңірлік  жұмыспен  қамту  жəне  мамандарды  қайта 
даярлау стратегиясы (Жол картасы)  
Ұйым деңгейі 
Адам ресурстарын басқару стратегиясы
Тауар нарығында экспансия жүргізу стратегиясы  
Маркетинг стратегиясы  
Өндірісті диверсификациялау стратегиясы 
Қаржы стратегиясы 
Шығындарды төмендету стратегиясы 
Кəсіпорын бөлімдері 
деңгейі  
Қызметкерлердің дамуын басқару стратегиясы
Нақты тауарға бағытталған маркетингтік стратегия 
Өндірісті дамыту стратегиясы 
Жеке қызметкер 
деңгейі 
Мансаптық өсу стратегиясы
Біліктілік пен шеберлікті жоғарылату стратегиясы 
 
Стратегияны жіктеудің ең кең тараған түрінің бірі келесідей 
болып келеді: 
-  кəсіпкерлік стратегиясы; 
-  динамикалық өсу стратегиясы; 
-  пайдалылық (ұтымдылық) стратегиясы; 


Адам ресурстарын басқару 
 
22
 
 
-  жою стратегиясы (инвестицияны белгілі бағытта қысқарту); 
-  бағытты күрт өзгерту стратегиясы. 
Жіктеудің тағы бір кең тараған түрі – оны ұйымның өмірлік 
циклымен  байланыстыру.  Əр  организм  сияқты  ұйым  бір 
ізділікпен келесі кезеңдерден өтеді: 
1. Ұйымның қалыптасуы 
2. Интенсивті өсу не «өніп-өсу» 
3. Тұрақтану 
4. Дағдарыс (құлдырау). 
Циклдың соңғы кезеңі ұйымды міндетті түрде жою («өлімі») 
деген  сөз  емес.  Оның  «қайтадан  тууы»  не  «өзгерту»  нұсқасы 
болуы  мүмкін.  Зерттеулер  нəтижесі  бойнша,  ұйымдар  орташа 
есеппен 50-60 жыл  сайын  дағдарысты  басынан  кешіреді,  ал 
қазіргі  жағдайда  ТМД  елдерінде  бұл  мезгіл 1-1,5 жылмен 
шектелетіні кездейсоқ оқиға емес. 
Өмірлік циклының əр кезеңіне өзіне тəн мақсатты бейімдеу, 
стратегия  типтері  жəне  қызметкерлер  ерекшеліктері  болады [2, 
21-23-бет; 3,73-бет]. 
Ең  қызықты  мəселенің  бірі – ол  кəсіпорын  стратегиясының 
бизнес-стратегиясы мен функционалдық стратегиялары арасын-
дағы өзара байланысты зерттеу [8]. 
Стратегия  түрлерін  жіктеудің  ең  қызықты  түрі – ол  кор-
поративтік  стратегияның  бизнес  стратегияларына  жəне  функ-
ционалдық стратегияларына айналуын көрсету. 
Егер  де  кəсіпорында  əртүрлі  өнімдер  шығарылса  оның 
корпоративтік  стратегиясы, 2.2-суретте  көрсетілгендей,  нақты 
бизнес-стратегиясы  мен  функционалдық  стратегиясына  айна-
лады.  Ал  тек  қана  бір  өнім  шығаратын  кəсіпорындарда  кор-
поративтік  стратегия  функционалдық  стратегиямен  тығыз 
байланысты болып келеді де, оны тікелей нақтылайды. 
Берілген  жіктеуде  кəсіпорын  стратегиясының  түрі  келесі 
сұраққа алатын жауапқа тəуелді болып келеді: 
-  біз бүгін жəне болашақта қай рынокта болғымыз келеді не 
болғымыз келмейді? (əртараптандыру стратегиясы); 
-  қолымызда қандай қаржы, адам жəне техникалық ресурс-
тар  бар,  жəне  оны  қай  бағытта  жұмсамақпыз? (инвестициялық 
стратегия); 
-  бизнестің  жеке  салалар  арасындағы  жəне  сыртқы  серік-


Сейсембай Жұмамбаев  
 
23
 
 
тестермен  ынтымақтастық  (бірлесіп  істеу)  қай  түрде  болады? 
Қай  жерде  кəсіпорын  ресурстарын  бірлесіп  пайдалануға  болар 
еді? (кооперация стратегиясы). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет