р ұйым өзіне қажет қызметкерлерді іріктеп алу
ісімен шұғылданады. Бұл жұмыс жауапты жəне көп
шығынды талап етеді: америкалық мамандардың
есептеуінше, лайықты 200 адамды əңгімелесуге шақыру үшін
əртүрлі ақпарат көздерін қолданып, 1200 адамды қызықтыру
керек. Нəтижесінде, тек 150-ге жуығы cұхбаттасуға келеді. Ал
оның ішінен жүз шақтысына жұмыс ұсынылып, тек 50-ге жуығы
жұмысқа алынады [2, 93-б.]. АҚШ-та кейбір ақпарат көздері
бойынша, бір жылда жұмысқа алу мəселесімен 150 млн-нан
астам əңгімелесулер жүргізіледі, ал жұмысқа алынған адам-
дардың саны 10 млн-нан кем болып келеді. Америкадағы бір
фирма бөлімшелеріне жыл сайын жұмысқа алу туралы 35 мың
өтініш түсетін көрінеді, соның əрқайсына жазбаша жауап
қайтарылады. Олардың 94% електен өтпейді, қалған 6%-ы ғана
үміткерлер ретінде тиісті конкурстан өтеді [6, 76-б.]. Қазақ-
станда
2010 жылғы 1 қаңтарға тіркелген заңды тұлғалар саны
298028 жетті, аталған жыл ішінде жұмысқа алынғандар саны
990522 тең болды.
Осы жұмыс қаншалықты тиімді қойылғанына қарай адам
ресурстарының сапасы, олардың ұйым мақсаттарына жетуге
қосқан үлесі жəне өндірілетін өнім мен қызмет көрсету сапасы
елеулі тəуелді болып келеді.
Қызметкерлерді тартып, іріктеп алу ісі оптималды шешімдерді
талап етеді. Шешімді ұтымды жолмен қабылдау үшін оның негізгі
кезеңдерін белгілеу керек (5.9-суретті қараңыз).
Ә
Адам ресурстарын басқару
80
5.9-сурет. Қызметкерлерді жинаудың жəне іріктеудің негізгі кезеңдері