Сейсембай Жұмамбаев
113
байланысты дұрыс жолға қою үшін, басшы онымен жүйелі
түрде əңгіме өткізіп тұру қажет. Басында əңгіме жиі өткізіледі,
ал қызметкер беімделіп үйренген сайын əңгіме жүргізу жиілігі
азаяды. Жаңа қызметкердің ұжымға тез сіңуіне оған жетекшіні
(наставникті) тағайындау үлкен көмек береді. Бұл жерде
жетекші тағы бір бастығы ретінде саналмай, жаңа қызметкердің
өзіне жақын қоршаумен, болашақ əріптестерімен, кəсіпорынның
жазылған жəне жазылмаған ережелерімен тез танысуына көмек
беру керек. Жаңа қызметкерді кəсіби бейімдеу жəне онымен
кері байланысты орнату басшының басты міндетінің бірі болып
есептелінеді.
Жұмысқа алынатын адамның жаңа орынға бейімделуі,
үйренуі барысында əрқашанда күшті стреске душар болады.
Сондықтан оларға жаңа ұйымда бірден жемісті жұмыс істеу
үшін нақты іс-шаралар қарастырылу керек. Бұл жердегі мақсат –
жұмысқа қатысты ақпаратты қызметкерге жеткізу, ұйымның
стратегиясы жəне саясатымен, қалыптасқан құндылықтар мен
жүріс-тұрыс нормаларымен таныстыру жəне қызметкердің
стресті тез жеңіп, жоғары еңбек көрсеткіштеріне жетуіне көмек-
тесу. Кадрлық жұмыстың бұл бағытына шетелде үлкен мағына
беріледі: арнайы бағдарламалар жасалынады. Əдетте бұл
жұмысқа екі жолмен кірісуі мүмкін – жалпы бейімдеу жəне
өзгеше бейімдеу. Жалпы бейімдеу мақсаты – жаңа қызметкерді
ұйым миссиясы мен стратегиясы жəне еңбек ақы төлеу, оқыту,
мансап сатысымен өсу саясатымен таныстыру. Ал ерекше
бейімдеу нақты жұмысты орындау тəсілдерін тез игеруді көз-
дейді. Ол үшін, мысалы, жаңа қызметкерге жетекші бекітуден
басқа оны арнайы оқыту үдерісінен өткізеді – тренинг,
оқытудың топтық формасы жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: