Бақылау сұрақтары 1. Ұйымға қажет қызметкерлерді жинау үдерісінің негізгі кезеңдерін атаңыз.
2. Жеке агенттіктерді таңдарда қандай критерийлерге сүйену керек?
3. Лауазымдық нұсқалардың негізгі элементтерін атап өтіңіз.
4. Іріктеу үдерісінің негізгі кезеңдерінің мазмұнына тоқтаңыз.
5. Алдын ала іріктеу, сұхбат жүргізу, тесттен өткізу тəртібін ашып беріңіз.
6. Көптеген ұйымдарда қызметкерлерді қысқартқанда қандай қателіктерді
жібереді?
7. Қызметкерлерді қысқартудың баламаларын атаңыз.
8. Жұмыстан босатылатын қызметкерлерге көрсетілетін қолдау түрлерін
атаңыз.
Тапсырмалар 1. Қазақстандағы нақты ұйым мысалында үміткерлерді жинау тəжірибе-
сін талдаңыз.
2. Отандық нақты кəсіпорында іріктеу үдерісі қалай қойлғанын талдаңыз.
3. Қазақстандағы нақты ұйым мен кəсіпорындағы қызметкерлерді
қысқарту мəселесін шешу тəжірибесі.
4. Есеп. Жоспар бойынша өнім көлемі 9750 мың теңгені құрайды, ал бір адамға
шаққанда 4278 теңге өнім өндіріледі. Қажетті қызметкерлер санын анықтаңыз.
5. Есеп. 2010 жылы жұмыс істейтіндер саны 2237 адамға тең болды, 2011 жы-
лы өндіріс көлемі өсуі 8%-ға, еңбек өнімділігінің өсуі 6%-ға жоспарланып отыр.
2011 жылға қажетті қызметкерлер санын анықтаңыз.
6. Есеп. Бір жылда атқарылатын жұмыстың өндірістік еңбексыйымдылығы
мың норма-сағатқа тең. Бір жұмысшының бір жылдық жоспарлы жұмыс уақыты
қоры – 1880 сағат, өндіру нормасы 118% орындалады деп жоспарлануда. Өндіріс-
тік жұмысшылардың қажетті санын есептеңіз.
7. Есеп. 2010 жылғы жасалған құндылық 250 млн теңге, қызметкерлер саны –
500, жұмыс апталар саны – 48, бір қызметкер аптасына 40 сағат жұмыс істейді.
2010 жылдағы сағаттық еңбек өнімділігі (бір сағатта жасалған құн) – 800 теңге.
2013 жылдың жоспары бойынша жасалынатын құн 400 млн теңге болады, еңбек
өнімділігінің өсімі 10%-ды құрайды. Апталық жұмыс уақыты 39 сағатқа дейін
қысқарады. Зауыттың қызметкерлерге деген жалпы жəне қосымша қажеттілігін
анықтаңыз.