Ресурстарын


Кəсіпорынның кадрлық қызметінің жұмысының тиімділігін бағалау



Pdf көрінісі
бет94/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   142
Байланысты:
Адам ресурстарын басқару

Кəсіпорынның кадрлық қызметінің жұмысының тиімділігін бағалау 
критерийлері [2, 212-б.] 
 
Объективтік критерийлері 
Субъективтік критерийлері 
-  өнімділік; 
-  тəртіп; 
-  кадрлар тұрақсыздығы; 
-  еңбек қауіпсіздігі; 
-  кадрлық мəселелерді шешу нəтижелері; 
-  АРБ бюджетінің қызмет көрсетілетін 
адамдар санына қатынасы; 
-  бөлімге  келіп  түскен  сауалдарға  тез 
жауап беру. 
-  қызметкерлердің қанағаттануы; 
-  линиялық  менеджерлердің  бөлім 
жұмысының тиімділігі туралы пікірі; 
-  қызметкерлердің кадрлық бөлімнің 
олармен  бірігіп  мəселелерді  шешуге 
дайындығы туралы пікірі; 
-  ұйым басшысының жəне басқа бөлім-
шелерге  қызмет  көрсету  сапасын  баға-
лау. 
 
Ал  енді  кадрлық  қызметінің  кейбір  бағыттағы  жұмыстары-
ның тиімділігін анықтау əдістемелеріне тоқталайық. 
Қызметкерлерді  тарту  жəне  оларды  іріктеу  жұмыс-
тарының тиімділігін бағалау. Мұны бағалауда келесі əдістемені 
қолдануға болады: 
1. Алда  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттердің  орындалуы, 
басқаша  айтқанда,  жоспарланған  көрсеткіштерді  қол  жеткен 
нəтижелермен салыстыру. 


Адам ресурстарын басқару 
 
196
 
 
2. Қол  жеткен  нəтижелерді  шығындармен  салыстыру.  Бұл 
жерде батыс тəжірибесінде келесі көрсеткіштер қолданылады: 
-  бір  жыл  ішінде  жұмысқа  қабылданған  бір  үміткерге 
кеткен шығын; 
-  бір үміткерді алуға кететін орташа уақыт; 
-  бірінші  жыл  ішінде  жұмыстан  кеткен  қызметкерлердің 
қабылданған адамдардың жалпы санына қатысы жəне т.б. 
3. Жұмысқа тартылып, іріктеу кезінде заңнамалық нормалар 
мен этикалық ұстанымдарды сақтау. 
4. Қабылданған  қызметкерлердің  жұмыс  нəтижелерін,  əсіресе, 
үш ай өткен соң бағалау. Мұндай тəртіп, біріншіден, кездесетін 
қиындықтарды  айқындап,  жаңадан  алынған  адамдарға  көмек 
беру,  ал  екіншіден,  оларды  жұмысқа  алғанымыз  қаншалықты 
дұрыс  болғанын  анықтау.  Үш  айды  таңдаудың  үлкен  маңызы 
бар, əдетте осы мерзім ішінде жаңа қызметкер сынау мерзімінен 
өтеді.  Егер  ол  сəтсіз  өтсе,  оны  жұмыстан  даусыз  босатуға  заң 
бойынша толық негіз туады. 
5. Қызметкерлерді жұмысқа тарту, іріктеу мəселесімен жаңа 
алынған  адамдарды  бейімдеу  шешімдері  тікелей  байланысты. 
Бұл  жұмыс  көп  қаражатты  талап  етпейді,  бірақ  оның  нəтижесі 
елеулі болады. 
Қызметкерлерді  қысқарту  бойынша  шешімдердің  тиімді-
лігін  бағалау.  Бұл  жұмысты  жүргізерде  келесі  критерийлер 
ескерілуі керек. Біріншіден, қызметкерлерді қысқартуға қатысты 
ұйым  алдына  қойылған  мақсаттар  қаншалықты  орындалды. 
Əдетте, ол мақсаттар: 
-  жалақы қорын үнемдеу; 
-  əлеуметтік  сақтандыру  қорларына  аударылған  сома 
өлшемін азайту; 
-  жұмыста  қалған  қызметкерлер  жұмысының  тиімділігін 
арттыру; 
-  кеңсе шығындарын қысқарту; 
-  пайдану көбейту. 
Сонымен  қатар  берілген  нəтижелерге  жету  үшін  қандай 
шығындар жасалынды. Оған қоса қызметкерлерді босату кезінде 
заң  бұзылды  ма,  оны  да  бағалау  қажет.  Кəсіпорыннан  жұмыс 
күшін  босатуға  байланысты  шығындарды  анықтау  қиынға 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
197
 
 
соғады,  бұл  шығындарды  көбінесе  азайтып  көрсетеді,  оның 
үстіне  бұл  кадрлық  шешімдердің  біраз  уақыт  өткеннен  кейінгі 
салдарын ескермейді.  
Əрине,  кей  жағдайларда  қызметкерлерді  жұмыстан  босату-
сыз  іс  тынбайды.  Бірақ  қызметкерлерді  қысқартудан  туатын 
барлық  зиянды  мұқият  бағаласа,  онда  басқа,  балама  шешімдер 
қабылдау дұрыс болар ма еді деген сауал туады. Қызметкерлерді 
қысқартуға  қатысты  мүмкін  шығындар  төмендегі  кестеде 
берілген. 
 
8.34-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет