Методические рекомендации по составлению дифференцированных заданий сор и соч по учебным



Pdf көрінісі
бет10/257
Дата10.02.2022
өлшемі9,31 Mb.
#25207
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   257
Байланысты:
Соры и Сочи для инклюзии

жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы), сондай-ақ 
оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып аяқтағаннан 
кейін өткізілетін бағалау түрі.  
Жаңартылған  орта  білім  мазмұны  бойынша  білім  алушылардың 
үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі 3-тарауына сәйкес: 
14.  Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылауды  тоқсан,  бөлім 
(ортақ  тақырып)  аяқталғаннан  кейін  оқу  материалдарының  мазмұнын  меңгеру 


19 
 
деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында педагогтер 
жүргізеді. 
Жиынтық  бағалау  үшінші  тоқсаннан  бастап  1-сыныптарда,  бірінші 
тоқсаннан бастап 2-11 (12) сыныптарда жүргізіледі. 
14-1.  Бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (бұдан  әрі  –  БЖБ) 
нәтижесі  бойынша  білім  алушыларға  тоқсандық  оқу  жетістіктерін  бағалау 
кезінде ескерілетін балдар қойылады. 
14.2. 
БЖБ 
үшін 
максималды 
балды, 
БЖБ 
өткізу 
нысаны  
(бақылау,  практикалық  немесе  шығармашылық  жұмыс,  жоба,  ауызша  сұрау, 
эссе) мен сабағын және БЖБ орындау уақыты реттелмейді. 
БЖБ  үшін  максималды  балл  1-4  сыныптарда  кемінде  7  және  15  балдан 
артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы 
керек. 
14-3. 
БЖБ  және  тоқсандық  жұмыс  үшін  жиынтық  бағалауға  
(бұдан әрі – ТЖБ) қойылатын қорытынды балды қою кезінде қолмен жөнделген 
жер,  сондай-ақ  оқу  тапсырмалары  мен  есептер  шарттарын  ресімдеу  сапасы 
есептелмейді. 
14-4. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда 
бөлімдерді  біріктіре  отырып  тоқсанына  екі  реттен  артық  жүргізілмейді, 
қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. 
14-5.  БЖБ  тоқсанына  үш  реттен  артық  өткізілмейді.  Бөлімдер/ортақ 
тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды 
оқып-зерделеген  жағдайда  тақырыптардың  ерекшеліктерін  және  оқыту 
мақсаттарының  санын  ескере  отырып  біріктіріледі.  Оны  екі  кезеңде  өткізуге 
болады. 
14-6.  Оқу  пәндерінің  күрделілік  деңгейін  есепке  ала  отырып,  бір  күнде 
үштен  артық  ТЖБ  өткізуге  болмайды.  ТЖБ  тоқсан  аяқталатын  соңғы  күні 
өткізілмейді. Бір оқу пәні бойынша БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді. 
14-7. Үйде оқитын білім алушыларды бағалау кезінде педагог үйде оқитын 
білім  алушылардың  оқу  жүктемесін  және  олардың  оқып-зерделеген  оқу 
материалын  ескере  отырып,  сараланған  және/немесе  жеке  тапсырмаларды 
әзірлейді. 
14-8. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау 
кезінде  мұғалім  сараланған  және/немесе  жеке  тапсырмаларды  қолданады, 
сондай-ақ  білім  алушының  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  оның  ішінде 
жеке  оқу  бағдарламаларын  іске  асыру  кезінде  бағалау  критерийлеріне 
өзгерістер енгізеді. 
14-9.  Карантин  жағдайларында,  әлеуметтік,  табиғи  және  техногендік 
сипаттағы  төтенше  жағдайларда  тоқсанға  бір  БЖБ,  тоқсанның  соңында  ТЖБ 
өткізіледі. 
15.  «Өзін-өзі  тану»,  «Көркем  еңбек»,  «Музыка»,  «Дене  шынықтыру», 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»,  «Графика  және  жобалау»,  «Алғашқы 
әскери  және  технологиялық  даярлық»,  «Қоғам  және  дін,  бастауыш  сыныпқа 


20 
 
арналған  «Ақпараттық-коммуникативтік  технология»  пәндері  бойынша 
жиынтық бағалау өткізілмейді. 
Тоқсан/жарты жыл және оқу жылының соңында «Өзін-өзі тану», «Көркем 
еңбек»,  «Музыка»,  «Дене  шынықтыру»,  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері», 
«Графика  және  жобалау»,  «Алғашқы  әскери  және  технологиялық  даярлық», 
«Қоғам және дін», бастауыш сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникативтік 
технология»  пәндері  бойынша  «есептелінді»  («есептелінген  жоқ»)  деген  белгі 
жазылады. 
15-2. Қысқартылған оқу жүктемесі бар Үлгілік оқу жоспарларын таңдаған 
жағдайда БЖБ саны 14-4-тармаққа сәйкес жүргізіледі. 
16. Жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылармен орындалады және 
«Жалпы  білім  беру  ұйымдарына  арналған  жалпы  білім  беретін  пәндердің, 
таңдау  курстарының  және  факультативтердің  үлгілік  оқу  бағдарламаларын 
бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  
2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық 
актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №  8424  болып  тіркелген)  оқу 
бағдарламасына сәйкес олар өткен материалдарды қамтиды. 
17.  Формативті  және  жиынтық  бағалау  тапсырмаларын  педагог  өзі 
дайындайды. 
18.  Тілдік  пәндерден  жиынтық  бағалау  сөйлеу  әрекетінің  төрт  түрі 
бойынша  жүргізіледі  (тыңдалым  (тыңдау),  айтылым,  оқылым,  жазылым). 
Тыңдалым  (тыңдау)  және  айтылым  дағдыларын  бағалау  жиынтық  бағалауды 
өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі. 
19.  Білім  алушылардың  тоқсандағы  оқу  жетістіктерінің  нәтижелері 
бойынша  жазбаша  түрде  өткізілетін  жиынтық  бағалауда  объективтілік  
және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация жүргізіледі. 
Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың өзгертуге жататын 
жиынтық  жұмыстарының  тоқсандық  балы  қайта  тексеріледі.  Модерация 
қорытындысы бойынша қойылатын жиынтық жұмыс балы жоғарылатылып, сол 
сияқты төмендетіліп те қойылады. 
20.  Білім  алушылар  (денсаулық  жағдайына  байланысты,  жақын 
туыстарының  қайтыс  болуы,  қолайсыз  метеожағдайларға  байланысты,  барлық 
деңгейдегі  жарыстарға,  конференцияларға,  олимпиадаларға  және  ғылыми 
жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жиынтық бағалауды жеке 
кесте бойынша тапсырады. 
20-1.  Карантин  жағдайларында,  әлеуметтік,  табиғи  және  техногендік 
сипаттағы  төтенше  жағдайларда  БЖБ  мен  ТЖБ  қашықтан  білім  беру 
технологияларын қолдана отырып ұйымдастырылады. 
21.  Бөлім  (ортақ  тақырып)  және  тоқсан  бойынша  жиынтық  бағалау 
қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген 
болып есептеледі. 
22.  Ағымдағы  жылғы  білім  алушылардың  жиынтық  жұмыстары  мектепте 
күнтізбелік бір оқу жылы сақталады. 


21 
 
23.  Білім  алушылардың  жиынтық  бағалау  нәтижелері  балл  түрінде 
(қағаз/электрондық)  журналға  қойылады  және  осы  Қағидаға  1-қосымшаға 
сәйкес балды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша тоқсандық және жылдық бағаға 
ауыстырылады. 
24.  Жиынтық  бағалау  қорытындысы  бойынша  ақпарат  білім  алушыларға 
және  ата-аналарға  немесе  баланың  заңды  өкілдеріне  қағаз  түрінде  немесе 
электронды нұсқада беріледі. 
25. Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық 
бағалау  қорытындысының  негізінде  50%-да  50%  пайыздық  арақатынаста 
қойылады. 
26.  1-сыныпта  жылдық  баға  жиынтық  бағалау  нәтижесінің  негізінде  
3 және 4-тоқсандардың қорытындысы бойынша қойылады. 
Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру қорытындысымен 
сол  сыныпта  қайтадан  оқытуға  ұсыныс  берілген  және/немесе  баланың  
ата-анасының  немесе  заңды  өкілдерінің  келісімімен  орнында  қалдырылатын 
білім алушыларды қоспағанда 1-сынып білім алушысы оқу жылын қайта оқуға 
орнында қалдырылмайды. 
27.  2-11  (12)  сынып  білім  алушыларының  пәндер  бойынша  жылдық 
бағалары  жақын  бүтіндікке  дөңгелектеу  арқылы  тоқсандық  бағалар 
жиынтығының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады және қорытынды 
баға болып табылады. 
Оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау жүргізілмейді. 
28.  Бір  немесе  екі  пәннен  «2»  бағасын  алған  2-8  (9)  және  10  (11)  сынып 
білім  алушылары  үшін  мектеп  жасаған  кестеге  сәйкес  жүргізілетін  оқу 
жылындағы  материал  мазмұнын  қамтитын  жиынтық  бағалау  оқу  жылына 
ұйымдастырылады. 
Қорытынды баға жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы жылдық баға мен 
қосымша жиынтық бағаның орташа арифметикалық мәні арқалы қойылады. 
Үш  немесе  одан  да  көп  пәннен  «2»  бағасын  алған  2-8  (9)  және  10  (11) 
сынып білім алушылары қайта оқуға орнында қалдырылады. 
«3», «4», «5» бағаларын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім алушылары 
келесі сыныпқа көшіріледі. 
29. Бір немесе екі оқу пәнінен қайта «2» бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) 
сыныптардың білім алушылары, осы пәндерден қосымша жиынтық бағалаудан 
өткізіледі. 
Қорытынды баға жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы жылдық баға мен 
қосымша  жиынтық  бағаның  орташа  арифметикалық  мәні  арқалы  қойылады. 
Қосымша жиынтық бағалау жаңа оқу жылының басына дейін өткізіледі. 
Қосымша  жиынтық  бағалаудан  «2»  деген  баға  алған  жағдайда,  білім 
алушы сол сыныпта оқуға орнында қалдырылады. 
30. Тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат 
берілмейді. 
31.  Оқушылар  бір  мектептен  екінші  мектепке  ауысқан  кезде,  оқу  жылы 
көлеміндегі  оның  жиынтық  бағалау  нәтижесі  (бөлім  (ортақ  тақырыптар)  және 


22 
 
тоқсан  үшін  жиынтық  бағалаудың  максималды  балы  және  білім  алушының 
қорытынды балдары) электронды (қағаз) журналдан жазба арқылы ресімделіп, 
директор және мектеп мөрімен расталып, оқушының жеке іс қағазымен беріледі 
[16]. 
БЖБ  және  ТЖБ  сараланған  тапсырмаларын  әзірлеу  бойынша 
ұсынымдарды  ұсынбастан  бұрын  дифференциация  ұғымын  және  оның  қазіргі 
мектептің білім беру процесінде қажеттілігін нақтылау қажет. 
Дифференциация  (саралау)  сөзі  латын  тілінің  differentia  сөзінен  шыққан 
және  айырмашылық,  бөлу,  саралау  деген  мағыналарды  білдіреді.  Оқу 
процесінде  не  саралануы  мүмкін?  Оқыту  процессі  әртүрлі  болып  құрылатын 
білім алушылардың жеке топтары сараланады, дәлірек айтқанда ерекшеленеді. 
Саралау  қажеттілігі  білім  алушыларда  бар  айырмашылықтардан  туындайды. 
Сынып-оқу  жүйесі  жағдайында  саралау  жүрмесе,  оқыту  процесі  барлық  білім 
алушылар  үшін  бірдей  ұйымдастырылады  және  олар  үшін  әртүрлі  тиімді 
болады. 
Педагогтерге  білім  алушыларда  зияткерлік  қабілеттері,  білім  алу 
қабілеттері әртүрлі екендіктерін ескеру қажет. Мысалы: кейбір білім алушылар 
жаңа  материалды  өте  тез  меңгерсе,  кейбіреулері  әлдеқайда  көп  уақыт  қажет 
етеді  және  материалды  бекіту  үшін  сәйкесінше  көп  қайталауды  қажет  етеді. 
Кейбір білім алушылар үшін жаңа ақпаратты есту арқылы қабылдау оңайырақ 
болса, кейбір білім алушылар үшін көру арқылы қабылдау әлдеқайда жеңілірек. 
Жақсы 
дамыған 
логикалық 
ойлау 
қабілеті 
бар  
және  жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  пәндерді  жақсы  меңгеретін, 
бірақ гуманитарлық пәндерге бейімділік пен қызығушылық танытпайтын білім 
алушылар кездеседі. Сонымен қатар жақсы дамыған бейнелі ойлау қабілеті бар, 
кез  келген  нәрсені  терең  сезінетін,  бірақ  математиканы,  физиканы,  химияны 
сүймейтін  білім  алушылар  болады.  Осы  секілді  әртүрлі  индивидтерді  бірдей 
тәсілмен  оқытқан  жағдайда,  білім  беру  процесі  сапасының  жоғарылылығы 
жөнінде айту қиынға соғады. 
Оқытуды  дифференциациялау  оқу  процесін  жеке  тұлғаның  жеке 
ерекшеліктерін  есепке  алу  негізінде  ұйымдастыруға,  барлық  білім 
алушылардың  білім  беру  мазмұнын  меңгеруін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік 
береді.  Бұл  ретте  жеке  ерекшеліктері  ұқсас  әрбір  білім  алушылар  тобы  өз 
жолымен  жүреді.  Саралау  жағдайында  оқыту  процесі  білім  алушылардың 
танымдық  қажеттіліктеріне,  олардың  жеке  ерекшеліктеріне  барынша  жақын 
болады. 
Осылайша,  оқыту  процесін  саралаудың  мақсаты  –  әрбір  білім  алушыға 
оның қабілеттерін, бейімділігін барынша дамыту, жалпы  білім беру мазмұнын 
меңгеру  процесінде  танымдық  қажеттіліктері  мен  мүдделерін  қанағаттандыру 
үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету. 
Дифференциацияны түсінуде үш негізгі аспектіні бөліп көрсетуге болады: 
1. білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу
2. білім алушыларды осы ерекшеліктер негізінде топтастыру
3. топтардағы оқу процесінің вариативтілігі. 


23 
 
Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу аспектісі саралауға да 
және  дараландыруға  тән.  Дифференциалды  оқытудың  ерекшелігі  –  білім 
алушылар  тобына  тән  жеке  ерекшеліктерді  есепке  алу  және  осы  топтарда 
вариативті оқу порцесін ұйымдастыру  
Дараландыру  –  оқу  процесі  топтарды  емес,  әр  білім  алушының 
ерекшеліктерін ескере отырып құрылатын дифференциацияның шекті нұсқасы. 
Дифференциация  деп  жеке  тұлғаның  жеке-типологиялық  ерекшеліктері 
(қабілеттері,  мүдделері,  бейімділігі,  зияткерлік  қызметтің  ерекшеліктері  
және  т.б.)  есепке  алынатын  оқу  процесін  ұйымдастыру  тәсілі  түсініледі. 
Дифференциация дидактикалық жүйе элементтері (мақсаты, мазмұны, әдістері, 
формалары,  нәтижелері)  әртүрлі  білім  алушылар  топтарын  құрумен 
сипатталады. 
Қазіргі педагогикалық әдебиетте вариативтілік ұғымы жиі кездеседі, кейде 
дифференциация  ұғымымен  араласады.  Егер  мазмұнның  өзгеруі  білім 
алушылардың  жеке-типологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  болса, 
сараланған оқыту туралы айту заңды. Бұл жағдайда әрбір білім алушылар тобы 
осы  топқа  қажетті  фрагменттермен  байытылған  инвариантты  мазмұнды 
меңгереді. 
Егер  білім  беру  мазмұнының  өзгеруі  мұғалімнің,  әдіскердің  қалауымен, 
олардың  оқу  пәніне  қатысты  көзқарастарына  байланысты  болса,  онда  әңгіме 
білім берудегі вариативтілік туралы болып отыр, бірақ дифференциация туралы 
емес. 
Педагогикалық әдебиетте жеке тұлғаға бағытталған оқыту термині де жиі 
қолданылады.  Осы  жерде  дифференциацияның  оған  қандай  қатысы  бар  деген 
сұрақ туындайды? Дифференциация жеке тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге 
асырудың бір құралы болып есептеледі. 
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту индивидтің субъектілік тәжірибесін, оның 
қалауы мен құндылықтарын ескере отырып, жеке білім беру траекторияларын 
құруды,  оқыту  процесінде  білім  алушының  жеке  функцияларын  өзектендіруді 
көздейді. Білім беру процесінің орталығына жеке тұлға қойылады,  білім беру 
мақсатына  өзін-өзі  анықтау,  өзін-өзі  ашу,  тұлғаның  өзін-өзі  жүзеге  асыруын 
қамтамасыз ету қажеттілігі кіреді. Сараланған оқыту жеке тұлғаның даралығын 
ашуға,  қабілеттері  мен  бейімділігін  анықтауға  ықпал  етеді,  жеке  таңдау 
функцияларын өзектендіруді көздейді. Білім беру процесінің орталығына жеке 
тұлға қойылады, білім беру мақсатына өзін-өзі анықтау, өзін-өзі ашу, тұлғаның 
өзін-өзі  жүзеге  асыруын  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  кіреді.  Сараланған  оқыту 
жеке тұлғаның даралығын ашуға, қабілеттері мен бейімділігін анықтауға ықпал 
етеді, жеке таңдау функцияларын өзектендіруді көздейді. 
Саралаудың  нақты  көріністерін  біз  белгілі  бір  түрлерге  біріктірілетін  
және  түрлі  деңгейлерде  іске  асырылуы  мүмкін  сараланған  оқыту  нысандары 
деп атаймыз. 
Дифференциацияның  түрлері  белгілі  бір  жағдайда  ескерілетін  білім 
алушылардың жеке-типологиялық ерекшеліктеріне қарай анықталады. 


24 
 
Дәстүрлі  түрде  сараланған  оқытудың  мынадай  түрлері  ерекшеленеді: 
жалпы  және  арнайы  қабілеттері  бойынша,  қызығушылығы,  бейімділігі 
бойынша, жобаланатын мамандығы бойынша. 
Сараланған оқыту түрлерін бөлудің мәнін білдіретін саралаудың негіздерін 
неғұрлым егжей-тегжейлі қараған кезде, оларды өз сипаты бойынша жеке және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет