Методические рекомендации по составлению дифференцированных заданий сор и соч по учебным



Pdf көрінісі
бет12/257
Дата10.02.2022
өлшемі9,31 Mb.
#25207
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   257
Байланысты:
Соры и Сочи для инклюзии

Білім беру процесін дараландыратын технологиялар. 
Сабақта  оқу  жұмысын  ұйымдастырудың  жалпы  ережелері  мен  тәсілдерін 
ұстана отырып, инклюзивті ортада жұмыс істейтін мұғалім баланың танымдық 
іс-әрекетінің, 
мінез-құлқының, 
коммуникацияның 
қандай 
да 
бір 
ерекшеліктерімен  жұмысқа  қосылуының  қыр-сырын  есте  сақтау  және  ескеру 
қажет. 
Әдетте  мұндай  білім  алушы  бүкіл  сыныптың  қарқынына  толық  үлгере 
алмайды,  тапсырмаларды  оған  қолжетімді  деңгейде  ғана,  сыныптастарының 
тақырыптың  мазмұнын  меңгеру  деңгейінен  төмен  деңгейде  орындайды. 
Оқытуды дараландыру үшін кең мүмкіндіктерді жеке қарқынмен өтетін дербес 
жұмыстар қамтамасыз етеді. 
Дараландыру  бұл  жерде  білім  алушылардың  бірдей  тапсырмалар  емес, 
жеке ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отыратын тапсырмалар беру арқылы 
жүзеге асырылады. 
Сабақта жеке жұмысты  ұйымдастыру кезінде тапсырмаларды карточкада, 
дәптерде  орындау  кезінде  баланың  ерекшеліктерін  ескеру  қажет.  Ғылымда 
білім беру процесінде пайдалануға болатын жеке ерекшеліктерді жіктеудің көп 
түрі  бар.  Мысалы,  психологтар  балалардың  ақпаратты  қабылдау  тәсілдері 


29 
 
бойынша  жеке  тапсырмаларды:  аудиалдар,  визуалдар,  кинестетиктер  үшін 
бөлуді ұсынады. 
Визуалға  тапсырманы  ашық,  әдемі,  қанық  түстермен  боялған  суреттер 
салынған карточка түрінде ұсынады. 
Аудиалға тапсырманы жақсы қабылдау үшін мұғалім дауыстап оқып шығу 
керек. Аудиалдар мәтінді бірнеше рет қайталанған кезде жақсы есте сақтайды. 
Кинестетик заттармен манипуляция жасауға бағытталған тапсырмаларды 
орындайды. Мысалы, сандарды салыстырғанда, есептеу таяқшаларымен жұмыс 
істеуге болады. Мұғалім білім алушылардың қабілеттері мен білім деңгейін өзі 
анықтап,  соған  сәйкес  тапсырмалар  беріп,  оларды  «күшті»  және  «әлсіз»  білім 
алушылар  үшін  саралап,  сол  арқылы  білім  алушының  белгілі  статусын,  оның 
сыныптағы  жағдайын  анықтайды.  Бұл  орынды  өзгерту,  өз  мәртебесін  өзгерту, 
жоғары сатыға ауысу мүмкіндігі мұғалімдерге байланысты. Бұл жағдайда білім 
алушыға мұғалімнің ерікті орындаушысы – пассивті рөлі бөлінеді. Мұғалімнің 
білім  алушының  жеке  ерекшеліктерін  есепке  алуы,  оның  оқу  процесін 
жоспарлауы,  нәтижелерді  бағалауы  білім  алушының  өз-өзін  еркін  танытуына, 
оқу қызметінің субъектісі болуына мүмкіндік бермейді. Бұл қарама-қайшылық 
түсінік  тұрғысынан  да,  технологиялық  тұрғыдан да  шешілуі  тиіс.  Бұл  қарама-
қайшылықты  шешу  үшін  баланың  жеке  ерекшеліктері  ескерілген  «жеке 
көзқарас»  ұғымының  және  «оқытуды  дараландыру»  ұғымының  арасында 
айырмашылық енгізіледі. 
Оқытуды  дараландыру  –  бұл  оқыту  процесінде  баланың  субъектілік 
ұстанымын  барынша  іске  асыру  үшін  білім  беру  жағдайларын  ұйымдастыру, 
яғни  олардың  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттерін  ұғыну,  оқу  материалын, 
оқу  міндеттерін  шешудің  формалары  мен  әдістерін  таңдау  мүмкіндігі. 
Осылайша,  белсенділік  пен  субъектілік  мұғалімнің  жағында  да,  білім 
алушының  жағынан  да  көрініс  табады.  Мұғалім  бұл  жағдайда  білім  алушы 
мақсат қоя алуы, міндеттерді қалыптастыруы, оқу міндеттерін шешу тәсілдерін 
анықтауы,  өзінің  оқу  іс-әрекетінің  нәтижесін  бағалай  алуы  үшін  жағдай 
жасайды.  Мұндай  дараландыру  процесі  ерекше  білім  берілуіне  қажеттіліктері 
бар  бала  үшін  де,  оның  қалыпты  дамып  келе  жатқан  құрдастары  үшін  де 
маңызды. Дараландыру принципі сыныптың барлық білім алушылары үшін тең 
мүмкіндіктер  жасауға  мүмкіндік  береді,  осылайша  практикада  инклюзивтік 
көзқарас жүзеге асырылады. 
Оқытуды саралау технологиясы 
Білім беру процесіне сараланған көзқарасты іске асыру келесі факторларға 
негізделген:  оқытудың  дәстүрлі  ұжымдық  түрлері  мен  оқу  материалын 
меңгерудің  жеке  сипаты  арасындағы  қарама-қайшылықтар;  материалды 
меңгеруге 
дайындықтағы 
айырмашылықтар; 
білім 
алушылардың 
қызығушылығының  әртүрлі  деңгейі;  оқуға  деген  жағымсыз  қарым-қатынасты 
жеңу қажеттілігі және т.б. Автор Г.К. Селевко сараланған оқытуды оқу-тәрбие 
процесін  ұйымдастыру  формасы  ретінде  қарастырады,  онда  мұғалім  оқу 
процесіне  маңызды  жалпы  қасиеттердің  бар  болуын  ескере  отырып  құрылған 
білім алушылар тобымен жұмыс істейді [5]. 


30 
 
Оқытудың  деңгейлеп  саралау  технологиясы  балалардың  бағдарламалық 
материалды  меңгеру  деңгейімен  байланысты.  Бұл  технологияда  танымдық 
қызметті  басқару  әрбір  білім  алушының  жеке  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін 
шағын  топтар  жүйесі  арқылы  оқыту  мақсатында  жүзеге  асырылады. 
Мұғалімнің әлсіз білім алушыға саралап көмек көрсету және қиын балалармен 
күшті, тиімді жұмыс істеуге көңіл бөлу мүмкіндігі пайда болады. Сыныпта оқу 
материалын  меңгеру  мүмкіндіктеріне  байланысты  үш  топты  ерекшелеуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет