Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Астық кептіруде ылғал сіңіргіштік



Pdf көрінісі
бет4/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

1.2.  Астық кептіруде ылғал сіңіргіштік  

қасиетінің орны 

 

Дəндернен  жəне  басқа  да  қоспалардан  тұратын  астықтың 

коршаған  ортадан  əртүрлі  заттар  мен  газдардың  буын  тартып 

сіңіру қабілеті бар. 

Бұл  үдеріс  сорбция  деп  аталады.  Белгілі  бір  жағдайда  бұған 

қарама- қарсы үдеріс орын алады. Яғни аталған буларды дəндер 

өзінен  қоршаған  ортаға  қайтарып  шығарады,  мұны  десорбция 

дейміз.  Астық  жиынында  адсорбция,  абсорбция,  капиллярлық 

конденсация  жəне  хемосорбция  деп  аталатын  құбылыстар  орын 

алады. Бұлардың жалпы қосылған нəтижесін сорбция деп атайды. 

Əрбір  дəндер  сорбент  /ылғал,  бу  тартқыш/  болып  табылады. 

Дəндердің  сорбциялық  сыйымдылығын  екі  себеппен  түсіндіруге 

болады.  Біріншіден,  дəндердің  түтікшелі  /капиллярлы/  де 

саңылаулы  коллоидтық  құрылымдылығы;  екіншіден,  астықтың 

қуыстылығы. 

Дəндер  жəне  тұқымдар  əдеттегі  түтікшілі – саңылаулы 

коллоидты 

заттарға 

/денелерге/ 

жатады. 


Тұқымдардың 

құрылымдылығын 

зерттеу 

дəндердің 

торшықтары 

мен 


қабыршақтарының  /ткандарының/  арасында  макро  жəне  микро 

түтікшелер 

жəне 

саңылаулар 



бар 

екендігін 

көрсетті. 

Макросаңылаулардың  диаметрі 10

-3

-10


-4

  см,  микросаңылауларда 

10

-7

  см  шамасында.  Дəндердің  ішкі  қабатындағы  макро  жəне 



микротүтікшелер  қабырғалары  бу  мен  газ  молекулаларының 

сорбциялық  құбылыстарды  жеделдетуінің  себебі  болады.  Макро 

жəне  микротүтікшілер  арқылы  суыған  булар  қозғалып  отырады. 

Қазіргі кезде физикалық жəне химиялық зерттеу əдістерімен жəне 

күрделі  есептеулер  арқылы  бидай  дəндердің  сорбцияға 

қатысатын  беті  түтікшелер  қабырғаларының  ауданына  тең 

екендігі  көрсетілді.  Г.А.  Егоровтың  мəлеметтері  бойынша, 



 

10

 



дəндердің  сорбция  нақтылы  катысатын  бетінің  ауданы  

200-250 м

2

/г шамасында екен. 



Сорбциялық  үдерістер  əсіресе,  дəндердің  сыртқы  қабыр-

шақтарына тəн. 

Жалпы  сорбциялық  құбылыстардың  астықты  сақтау,  өңдеу 

жəне  тасымалдау  жұмыстарында  маңызы  орасан.  Сақтаулы 

жатқан,  не  болмаса  тасымалдау  кезіндегі  дəндердің  ылғалдығы 

мен  оның  сан-сапа  мөлшерінің  өзгеріске  ұшырауы  ылғалдық 

буларының  сорбция  мен  десорбциялық  құбылыстарының 

салдарынан болады. Астықты кептіру мен желдетудің ұтымды да, 

орынды  тəсілдері  Дəнді  дақылдардың  сорбциялық  ерек- 

шеліктерін  жақсы  біліп,  олармен  санаса  отырып,  жүзеге 

асырылуы тиіс. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет