1.4. Қазақстанда астықты кептірудің
технологиясын дамыту
Кептіргіш агрегаттары комплексті механикаландырылған
үздіксіз тізбектің ең керекті буынына жатады. Себебі
республикамыздың солтүстік облыстарында кəсіпорынға түскен
астықтың ылғалдылығы жоғары болатындықтан, қабылдау жəне
өңдеу технологиялық тізбегінің жұмысы тек кептіру агрегатының
өнімділігіне байланысты. Соңғы жылдары астық дайындайтын
кəсіпорындарда көптеген кептіргіш агрегаттары жетілдіріліп
жəне қайта жасалды, олардың тиімділігі арттырылды, кептіру
технологиясы сапалы жүргізілетін болды.
Жоғарыда кептіру техникасын қарастырғанда, кейінгі
жылдары кеңінен қолданылып жүрген рециркуляциялық əдіске
тоқталып едік. Оның соған дейін қолданылып келген жинақтау
жəне жанасу əдістеріне қарағанда, технологиялық жəне
экономикалық жағынан өте тиімді екені күнделікті тəжірибелік
жұмыстардан көрініп отыр. Бұл əдіспен жұмыс істейтін
кептіргіштер астықтың ылғалдылығы қандай болса да оны
қалыпты күйге дейін төмендетеді.
Рециркуляциялық кептіргіштердің технологиялық үдерістері
былай өтеді. Қыздыру камерасына бұршақтай жауған дəн еркін
үдеумен түседі. Үздіксіз түсіп тұрған дəндердің ағынына қарсы
температурасы өте жоғары кептіру агенті қозғалады. Осы қарама
қарсы козғалыс үстінде дəн мен кептіру агенті ұшырасады да
ыстығын беріп, дəн ылғалын кемітіп қыздыру камерасынан
сыртқа шығарылады. Қыздыру камерасынан шыққан дəндердің
ылғалдылығы мен температурасы бірдей болмайды. Сондықтан
бір күйге келтіру үшін жылу алмастыру камерасына жіберіледі.
Бұл жерде дəндер баяу əрі топталып қозғалады. Ыстық астықты
транспортерлер арқылы тасымалдауға болмайды. Себебі, дəн мен
сыртқы
ауа
температурасының
айырмашылығы
алшақ
болғандықтан, дəннің ылғалды сіңіру қасиетіне байланысты
қайтадан ылғалдануы ықтимал. Сондықтан рециркуляциялық
кептіргіштерде
шахталы
кептіргіштердегідей
салқындату
қондырғысы бар. Салқындату қондырғысы арқылы дəнді
14
дақылдардың температурасы сыртқы ауаның температурасына
дейін төмендетіледі жəне аз кептіріледі. Астықтың ылғалдылығы
осы қондырғыдан шыққаннан кейін анықталып тұруы кажет.
Егер дəнді дақылдар құрғақ күйге жетсе, онда кептіру процесі
тоқтатылып, астық қоймаларға жөнелтіледі, ал əлі дымқыл болса,
қайтадан кептіріледі. Бұл кептіргіштер ылғалдылығы кез келген
ежедегі астықты кептірумен қатар оның экологиялық,
биохимиялық, нандық қасиетін арттырады.
Қазіргі кезде астық дайындау кəсіпорындарында «Тың», РД-
2Х25, ПРЗ = 50, ДСП = 320Т, т. б. рециркуляциялық кептіргіштер
кеңінен қолданылып келеді. Осылардың ішінде біздің
республикамызда «Тың» атты кептіргіш көп қолданылады.
Олардың өнімділігі сағатына 30 тоннадан 60 тоннаға дейін. Бұл
кептіргіштер негізінен қуаты 350 т/сағат бір непмесе қуаты 175
т/сағат екі нориядан (бұлар ылғал астықты қыздыру камерасына
береді), қабылдау бункерінен, қыздыру камерасынан, жылу
массасын алмастыру жəне салқындату қондырғысынан тұрады.
Астықты кептіру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін ең
қажетті нəрсе – дəнді дақылдардың түрлеріне жəне кептіру
техникасының типі мен конструкциясына байланысты оны
кептіру режимін анықтап алу.
Рециркуляциялық кептіргіштерді тиімді пайдалану үшін
сондай-ақ қызметкерлер кептіру режимін қатаң қадағалап
отырулары керек.
Кептіру режимдерінің қатарына мына көрсеткіштер жатады:
астықты қыздыру температурасы, кептіру агентінің темпе-
ратурасы, рециркуляция коэффициенті, кептіру агенті мен
атмосфералық ауаның шығыны.
Бүкілодақтық астық ғылыми зерттеу институтының Қазақ
филиалының көп жылғы зерттеулері бойынша рециркуляциялық
кептіргіштерді қолданғанда температуралық режим ұсынылады.
Көрсетілген режимге байланысты астықты қыздыру
температуасын, əсіресе қатал бақылау керек. Өйткені
рециркуляциялы
кептіргіштерде
қыздыру
температурасы
технологиялық үдерістің тиімді өтуіне жəне астықтың табиғи
сапасын
төмендетпеуге
мүмкіндік
береді.
Ал
агент
температурасы 10 пайыз жоғары немесе төмен болуы ықтимал.
Себебі, олар агрегаттың конструккциялық ерекшеліктері, жылу
өткізбейтін
материалдың
сапасы,
атмосфералық
ауа
15
температурасының
өзгерістері,
т.с.с.
көптеген
жағдайға
байланысты болады. Тек күнбағыс тұқымын кептіргенде ғана ең
бастысы кептіру агентінің температурасы болып табылады.
Астық дайындау кезінде рециркуляциялық кептіргіштердің
өнімділігі паспорттық өнімділігінен төмен болады. Өйткені
кептіргіштердің ауа құбыры арқылы өтетін кептіру агентінің
температурасы 300 градусқа дейін көтерілмейді. Себебі ауа
құбырлары жақсы оқшауланбағандықтан жəне фланецтерге
дұрыс жалғанбағандықтан сыртқы ауаны сорады да ол агентпен
араласып, температура қажетті деңгейге дейін көтерілмейді.
Сондықтан астықты режимге байланысты толық қыздыру үшін
тиеу тетігін дұрыс бұрап белгілі мөлшерге қойып, керекті ағын
қысымын жасау керек; ауаның ауа құбыры, қадағалайтын люктер
арқылы сорылуын тоқтатып, тиеу қораптарының жəне жылу
массасы сыртқа шығатын тесіктерге ауа өткізбейтін клапандар
қою қажет. Осы шараларды дұрыс іске асырса, қыздыру
камерасына кептіру агенті керекті температуада жетеді.
«Қыздыру – жылы күйінде ұстау – салқындату» циклын
біртіндеп жүргізіп, астықты аздап кептіреді. Ал астықтан
ылғалды толық бөлу үшін циклді бірнеше рет қайталау керек,
яғни басқаша айтқанда рециркуляция жасалуы тиіс. Жаңа
қабылданған астықты рециркуляция жасайтын құрғақ астықпен
есептелген шамада араластыру керек, яғни қоспаның орташа
ылғалдылығы кептіргіштен шығарылған кездегі ылғалдылықтан
– бір циклда төмендейтін ылғалдылықтың шамасынан жоғары
болуы керек.
Сонымен рециркуляция санын неғұрлым көбейтсек, ылғалы
соғұрлым жоғары астықты кептіруге болады. Кептіргіш
агрегатының өнімділігі артады. Сондықтан рециркуляция
жасайтын нория бұл типті кептіргіштерде ең керекті техникалық
жабдық болып саналады. Кептіргіш агрегатының өнімділігі осы
норияның қуатына тікелей байланысты деп айтуға болады.
Нориялардың жұмысы элеваторларда амперметр арқылы
бақыланады.
Норияға астықты тиегенде кейін қарай айналмауы үшін
қақпақтарына көңіл бөлген жөн. Өйткені ол ожаулар мен
материал
құбырының
қабырғасына
дейінгі
аралықты
орнықтырады. Жылу-масса алмасу сыйымдылығы жəне ондағы
астық мөлшері қыздырылған астықты10-15 минут бойы ұстауды
16
қамтамасыз етуі керек. Астықты үйіп жатқызған кезде дəнді
дақылдардың температурасы жəне ылғалдылығы теңеледі.
Зерттеулердің көрсетуіне қарағанда жылу-масса алмасу
бөліміндегі астықтың мөлшері кептіргіштің бір сағаттық
өнімділігінен кем болмауы керек. Сыйымдылықтағы астықтың
биіктігін ДУЗ жəне МДУ сияқты аспаптар арқылы тексеріп
отырады.
Қыздыру камерасына жəне рециркуляциялық норияға қысым
жасамау үшін оның жоғары жағынан астық өздігінен құйылатын
құбыр орналастырады. Астықты сыртқы ауамен жартылай жəне
толық салқындату үшін рециркуляциялық кептіргіштерде
шахталы салқындатқыштар кең қолданылады. Салқындатқыш
қондырғылар екі түрлі схемамен: параллель жəне кезекпен
жұмыс істеуі мүмкін.
Параллель схема бойынша қысым камерасына сыртқы ауа
жіберіліп, астық бір мезгілде жартылай жəне толық салқын-
датылады. Кезекті схема бойынша сыртқы атмосфераны салқын
ауасы бірінші толық салқындатылатын камераға жіберіледі.
Салқындату үдерісін дұрыс жүргізу үшін шахталарды 10 күн
сайын тексеріп, коспа қалдықтардан тазартып отыру керек.
Астықтың шахталардың ішіндегі қозғалысы байланысқан түрде
тығыздығы бірқалыпты болуы қажет жəне сыртқы ауа қораптарға
жеткілікті түрде жіберіліп тұруы керек. Астықты салқындату
үшін кептіргіштің бір тонна өнімділігіне параллель схема
бойынша сағатына 3000 кг, ал кезекті схема бойынша 2000 кг
салқын ауа керек. Жоғарыда рециркуляциялық кептіргіштердің
шахталы кептіргіштерден артықшылығы көп екендігі көрсетілді.
«Тың» атты кептіргіштердің мүмкіншіліктері əлі толық
пайдаланылған жоқ. Кейінгі кездегі ізденіс жұмыстары
рециркуляциялық кептіргіштердің техникалық-экономикалық
көрсеткіштерін одан əрі жақсартуға болатынын дəлелдеді.
Астыкты кептірудегі кейінгі кездегі жаңалыққа тұрақты
температурада рециркуляциялық алғашқы қыздыруды қолдана-
тын кептіргіштерді жатқызуға болады. Бұл əдіспен астық былай
кептіріледі:
дымқыл астықты жауған бұршақтай қозғалтып
қыздырғанда ылғалдың 1/4 бөлігі кебеді;
17
алғашқы қыздыру қондырғысы арқылы тек дымқыл
астық қана өтіп, шектеулі температураға дейін
қыздырылады;
қыздырылған ылғал астық пен рециркуляцияға қолда-
нылатын кептірілген астық араласқанға дейін олардың
температурасы теңеледі;
астық қоспалары өзара шектеулі температурада
араласады, сондықтан ылғалдың тез кебуіне жағдай
туады яғни астық ылғалының сіңу коэффициенті өсуінің
арқасында кептіру жылдамдығы артады;
рециркуляцияланатын астықтың тек жартылай салқын-
датылуына байланысты тазарту өнімсіз жылу шығарып
қайталап қыздыруға тəуелді болмайды;
рециркуляция жасайтын астық ылғалын кептіру үшін
жылу таситын агент температурасы астық темпе-
ратурасынан аздап жоғары болса жетеді. Ол үшін
қыздыру камерасындағы бұрын пайдаланылған жылу
таситын агенттер қолданылады.
Астықты рециркуляциялап, тұрақты температурада кептіру
əдісіне көптеген кептіргіштер көшірілді.
Жартылай салқындату шахтасына осы режиммен кептіру
агентін жібергенде астықтың температурасы 5-8 градусқа дейін
төмендейіді. Бұл ылғалды интенсивті түрде бөлінгендігін
дəлелдейді. Ал пайдаланылған кептіру агентінің шахтадан кейінгі
температурасы acтықтың температурасынан 3-5 градусқа дейін
жоғары болады, яғни қолданылатын кептіру əдісінің өте тиімді
екендігін көрсетеді.
Астықты кептіру техникасының даму жолдарын қарас-
тырғанда кептіру жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін ылғал
астықтың дайындалатын мөлшерін анықтап алу қажет. Ал
экономикалық аудандардағы ылғалды астық құрамын астық мол
дайындалған жылдардың деректері бойынша анықтаған дұрыс.
Кептіргіш агрегаттарының қуатын анықтағанда дайын-
далатын астықтың көлемін ғана біліп қоймай, физикалық
тоннадан жоспарлы тоннаға аударатын коэффициенттің
экономикалық аудандарға байланысты шамасын білу де өте
қажет.
Жоғарыда ылғалды астықтың пайыз бойынша көлеміне, дəнді
дақылдардың дайындалатын мөлшеріне байланысты физикалық
18
тоннадан жоспарлы тоннаға аударатын коэффиценттерді ескере
отырып, əр экономикалық аудандарға керекті кептіргіштер қуатын
анықтайтын формулаларды шығардық. Ол формулалар нормадағы
формулаларға қарағанда, қолдануға оңай түрге келтірілген. Бұл
формулаларда кептіргіштердің жалпы қуаты, дайындайтын
астықтың жалпы физикалық шамасымен анықталады.
Солтүстік Қазақстан үшін (П
кеп
=1,290 А жоспарлы т/сағ);
Орталық Қазақстан үшін (П
кеп
=0,850 А жоспарлы т/сағ); Шығыс
Қазақстан үшін (П
кеп
=0,683 А жоспарлы т/сағ); Оңтүстік
Қазақстан үшін (П
кеп
=0,810 А жоспарлы т/сағ); Батыс Қазақстан
үшін (П
кеп
= 0,274 А жоспарлы т/сағ); мұндағы П
кеп
жоспарлы
т/сағ. – кептіргіштердің жалпы қуаты; А – мың тонна
дайындалатын астық мөлшері.
Рециркуляциялық кептіргіштермен əр түрлі температуралық
режимде кептіргенде барлық жəне ылғал астықты физикалық
тоннадан жоспарлы тоннаға аударатын коэффициенттердің
шамасы 1-кестелде берілген.
1-кесте.
Экономи
калық
аудандар
Т-45°
Т-50°
Т-55°
Т-60°
Т-65°
бар-
лық
ас-
тық
ыл-
ғал
ас-
тық
бар-
лық
ас-
тық
ыл-
ғал
ас-
тық
бар-
лық
астық
ыл-
ғал
ас-
тық
бар-
лық
ас-
тық
ыл-
ғал
ас-
тық
бар-
лық
ас-
тық
ыл-
ғал
ас-
тық
Солтүс-
тік
Қазақ-
стан
0,85 1,81 0,69 1,25 0,69 1,15 0,62 1,08 0,57 1,01
Орталық
Қазақ-
стан
0,67 1,29 0,59 1,12 0,59 0,98 0,48 0,91 0,44 0,84
Батыс
Қазақ-
стан
0,12 1,13 0,08 0,98 0,08 0,81
0,07
9
0,78
0,07
2
0,7
Шығыс
Қазақ-
стан
0,48 1,16 0,42 0,98 0,36 0,87 0,33 0,81 0,31 0,74
Оңтүстік
Қазақ-
стан
0,32 1,15 0,27 0,98 0,23 0,85 0,22 0,79 0,20 0,72
Достарыңызбен бөлісу: |