1.3. Дəнді дақылдарды кептіретін техника
Ылғалды астықты тиімді сақтау үшін негізгі технологиялық
əдіс ретінде кептіру кеңінен қолданылады. Астықтың
ылғалдылығы 15%-ға дейін болғанда дұрыс сақталады, ал егер
ылғалдылық бұдан жоғарылай бастаса, дереу кептіру қажет.
Əсіресе ауа райы ылғалды, астық суға көп тиетін Солтүстік
Қазақстанда кептіру жұмыстарының маңызы зор. Бұл аймақта
жаңадан жиналған астықтың ылғалдылығы 18-20% шамасында
болуы өте сирек, көбінесе ол 30-35 пайызға дейін жетеді.
Еліміздің оңтүстік аудандарында кейбір дəнді дақылдардың –
жүгері, күнбағыс, тары – кеш пісуіне байланысты, астықты жинау
уақыты жаңбырлы күндерге сай келеді, сондықтан мұнда да
кептіру жұмыстары жүргізіледі.
Ылғалы көп астықтың температурасы бірден жоғарылап,
қызып кетеді. Соның салдарынан астықтың іші көгеріп,
микроорганизмдер мен қойма зиянкестерінің өсуіне қолайлы
жағдай туады. Сөйтіп астық бүлінеді. Сонымен қатар ылғал
астықты зауыттарда өңдеуге жəне алыс жолға тасымалдауға
болмайды. Бұл жабдықтардың қуатын кемітеді, тез тоздырады,
өнімнің сапасын төмендетеді.
Астықты кептіру оның ылғалдылығын төмендету үшін ғана
керек емес, белгілі температурада ондағы зиянкестерді құрту
үшін де керек.
11
Кептіруді белгіленген режим бойынша жүргізсе, ол астықтың
сапасын едəуір жақсартады жəне ол жақсы сақталады.
Ауа райына байланысты кептірілетін астықтың көлемі жыл
сайын өзгеріп тұрады.
Кептіру үдерісінде қыздыру мен салқындату бірінен соң бірі
циклмен жүргізілді. Онда астық кептіру агентімен жанастырылып
рецикуляция жасалып, жылу жəне ылғал айналымы толық
қолданылып кептірілді. Осы əдіске негізделген Белорусь Ғылым
академиясының Жылу жəне масса ғылыми-зерттеу институтының
конструкциясы бойынша жасалған астықтың ылғалдылығын
20 пайыздан 14 пайызға дейін төмендеткендігі қуаты 50 тонналық
пневмо-газды (сығылған газбен жұмыс істейтін) кептіргіш пайда
болды.
Кептіру үдерісі кезінде астық бірнеше рет қыздыру жəне
салқындату циклдарынан өтеді, ал қоймаларға жіберер алдында
түбегейлі салқындатылады.
Пневмогазды кептіргіш кептіру құбырынан, жылу жəне
ылғал айырбастау қорабынан, екі салқындату шахтасынан,
ошақтан
жəне
кептіру
агенті
мен
ауаны
жіберетін
желдеткіштерден тұрады.
Астықтың ылғалдылығын төмендету кептіру құбырынан
басталады,мұнда ылғалды астық диаметрі 1100 мм құбырға
кептіргіш агенті жіберетін жерден (ол 5730 мм жерден еңгізіледі)
жоғарыдан қабатпен түседі де 25-30 м/сек жылдамдылығы бар
агентпен араласып құбыр арқылы 24м биіктікке дейін көтеріледі.
Осы көтерілу кезінде агентімен əбден араласып, жылу жəне
ылғал айырбастау қорабына барады. Бұл қорптың қақпағы екіге
бөлінген. Оның бірінен кептіргіш агенті астықтан бөлініп,
желдеткіш арқылы сыртқа шығарылады, ал кептіретін астықтың
температурасы жəне ылғалдылығы біртіндеп қалыпқа келе
бастайды.
Жылу жəне ылғал айырбастау қорабынан кейін астық
ортадағы салқындату шахтасына жіберіледі. Егер астықтың
ылғалдылығын əлде төмендету керек болса, одан қайтадан
кептіру құбырына жібереді, осылайша рециркуляция астықтың
ылғалдылығы тиісті шамаға дейін төмендегенше қайталанады.
Соңғы салқындату шахтасынан кейін құрғақ астық кептіргіштен
шығарылып, қоймаларға сақтауға жөнелтіледі.
12
Кептіргіш қондырғысын пайдаланғанда, əсіресе кептіргіш
құбырына түсетін ылғалда астықтың мөлшерімен соңғы
салқындату шахтасынан шығатын астық шамасының бір-біріне
сəйкес келуін қадағалап отыру керек. Сонымен қатар ортадағы
салқындату шығын, рециркуляция жасайтын астықтың мөлшері,
оның бастапқы ылғалдылығы шамасына жəне оны қай шамаға
дейін төмендетуге байланысты болады. Бұл кептіргіште ылғалды
жəне құрғақ астықты араластырып 1-1,5%-ға дейін ылғалды бір-
біріне бірыңғай етіп бөледі. Осы үдерістің арқасында кептіргіш
қондырғысының өнімділік қуаты жоғарылайды.
Жоғарыда жазылған үдерістерге, яғни қыздыру біраз
жатқызу, орташа салқындату жəне соңғы салқындату
циклдарынан өткізуге негіздеп Бүкілодақтық астық ғылыми-
зерттеу институтының Қазақ филиалы «Тың» атты кептіргіш
жасап шығарды.
«Тың» атты кептіргіштердің пневмогазды кептіргіштерден
айырмашылығы мынада: мұнда кептіргіш түтік жоқ, яғни
кептіргіш затпен ылғал астық қоспасы бір бағытта қозғалмайды.
«Тың» кептіргіш қондырғысында ылғалды астық жоғары
шанақтан тамшыдай дараланып түседі. Осылайша түсіп тұрған
астық ағынын температурасы 300-350
о
С кептіргіш агент 6м/сек
жылдамдықпен көлденең кесіп өтепді. Осы кезде кептіргіш пен
ылғалды астық жанасып, дəндер қызады. Бұл үдеріс жүретін
жерді қыздыру камерасы деп атайды. Астық ол камерадан жылу
жəне ылғал айырбастау қорабына жөнелтіледі. Одан кейінгі
үдерістердің режимі жоғарыдағы пневмогазды кептіргіштегідей
болады.
Қазіргі кезде республикамыздың астық дайындайтын кəсіп-
орындарында «Тың» кептіргіштерінің көптеген түрін кездес-
тіреміз. Олар: Ц-20,Ц-30, Ц-36, Ц-40, Ц-50,Ц-60 жəне Ц-100.
Жаңа астықты қабылдағанда бастапқы шаралардың бірі-
кептіру жұмысы.
Кептіргіш агрегаттары комплексті механикаландырылған
үздіксіз тізбектің ең керекті буынына жатады. Себебі
республикамыздың солтүстік облыстарында кəсіпорынға түскен
астықтың ылғалдылығы жоғары болғандықтан, қабылдау жəне
өңдеу технологиялық тізбегінің жұмысы тек кептіру агрегаттары
13
жетілдіріп жəне қайта жасалды, олардың тиімділігі арттырылды,
кептіру технологиясы сапалы жүргізілетін болды.
Достарыңызбен бөлісу: |