БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНГЕН ЖАС ӨСПІРІМДЕРДІҢ
ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЕРІКТІК ТҰРҒЫСЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бегалиева Н.Ҥ.- аға оқытушы. (Алматы қ. ҚазмемқызПУ)
Еліміздегі жариялылық дәуірі қоршаған ортаның кӛптеген ―қара дақтарын‖
айқындады. Солардың бірі: балалар ҥйінде тәрбиеленетін балалар мәселесі.
Қазіргі таңда баспасӛз беттерінде балалар ҥйі мен мектеп-интернаттардағы
жағдай туралы, ондағы тәртіп пен материалдық жағдай жайлы ашық әрі кӛп
жазылып жҥр. Бірақ балалар ҥйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса қиын
жағдайда. Бҧл жағдайға қатысты негізгі мәселелер: жетім балалар денсаулығына
деген әлеуметтік қамқорлықты кҥшейту, олардың қҧқығына қол сҧқпау, қоғам
ӛмірінің барлық салаларына толық орналасуына жағдай жасау, психикалық даму
ерекшеліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.
Бала психикасының дҧрыс қалыптасуында отбасының ерекше орын
алатыны белгілі. Отбасының мәні баланың тәжірибе жинақтауға жасалатын
жағдайларымен анықталады. Адам ерте балалық шағынан бастап, ересектерден
тек жҥру, сӛйлеу, заттарды дҧрыс қолдану, ойлану, білім алу, еңбек етуге ғана
емес, сезімдерге, ойлауға, кҥйзеліске, ӛзіне және ӛзге адамдармен қарым-қатынас
жасауға ҥйренеді. Отбасында бала табиғи жағдайда ӛмірге бейімделе алады,
себебі кҥнделікті, таңертеннен кешке дейін ата-аналары, аға-апалары, ата-әжелері
баланың алдында мінез-қҧлық, жҥріс-тҧрыстың әртҥрлі ҥлгілерін ҧсынады:
сӛйлеу және ым-ишара мәселелері, еңбекке баулу, адамдармен қарым-қатынас
жасау, ӛмірге, саясатқа деген кӛзқарасын қалыптастыру т.б. Отбасында бала тек
қалай ӛмір сҥру керектігін ғана емес, нені білу керектігі мен шын мәніндегі ӛмірді
тҥсінуді естіп-біледі, мәселен адамның ӛзара және ӛзге адамдармен қарым-
қатынасы, олардың бағалаулары мен пікірлері, кҥйзелістері мен ой толғаулары.
т.б.
Отбасы тәрбиесінің ерекшелігі туыстық сезімге негізделген ата-ананың
балаға деген сҥйіспеншілігінен кӛрінетін эмоционалды мінез-қҧлық, жҥріс-
тҧрыстан тҧрады. Баланың туғаннан мектепке дейінгі кезеңді туыстық
эмоционалды байланысқа сҥйене отырып, бірінші кезекте ана мен бала
байланысы қарастырылады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың қарым-қатынасқа
тҥсетін адамдары ортасының ӛзіндік ерекшеліктері бар. Психологтар мен
педагогтардың пікірінше, сҥйіспеншілікке, сенімге, ӛзара қызығушылыққа
негізделген ересектермен жақын қарым-қатынас, жанҧялық тәрбиені сипаттайтын
басты кӛрсеткіш болып табылады. Олай болса, жеке адам дамуының негізгі
шарты — баланың адамдармен қарым-қатынасқа тҥсуі болып табылады. Осындай
пікірдің аясында қарым-қатынас мектебі ашылды. Онда А.Г Харчевтің (1974)
тҧжырымдамасы ҧсталынды: «бала туғаннан бастап ӛз ортасы мен қоғамдық
дәстҥрлі мәдениетін, ӛнегеліктің біртҧтас жҥйесін отбасынан меңгереді. Дәл осы
нәрестелік кезеңнен бастап балада адамдар мен қоршаған ортасына деген сенім,
қоршаған орта мен ӛзге адамдардан қорқыныш сезімі мен мазасыздық қалыптаса
бастайды. Осы кезеңде қалыптасқан сезімдер адамда ӛмір бойы сақталып, басқа
адамдармен қарым-қатынастағы эмоционалды ҥндестігінен, ерекше стилінен
кӛрініп, отыратындығын зерттеулер нәтижелері анықтаған».
Отбасынан тыс тәрбиеленген балалардың (балалар ҥйінде және интернатта
тәрбиеленушілер) дамуы жайында кӛптеген мамандар кейбір мҥгедектің тҥрінің
сапасы ретінде байланыстырып қарастырады. Баланың отбасылық ортасының
ахуалы жеке адамның ӛсіп-дамуы сапасын анықтайды. Сонымен, интернат типтес
мекемелерде, балалар ҥйінде тәрбиеленушілердің дамуы мен олардың мінез-
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №62009.
118
қҧлық ерекшеліктеріне А.М. Прихожан және Н.Н. Толстых кӛп жылдық зерттеу
жҥргізген зерттеулері жетім балалардың психологиялық ерекшелігі жай ғана
жағдай емес деген қорытындыға келеді. Олар психикалық дамудың тежелуін ғана
емес, сонымен бірге баланың мінез-қҧлық дамуының сапасын қарастырған. Осы
тҧрғыда қазіргі кездегі психология мен педагогика ғылымы баланың психикалық
ерекшеліктерін, эмоциясын, ойлауын, сӛздік қорын, мінез-қҧлық ерекшеліктерін,
ересектермен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын сипаттайтын бҥтіндей
бейнені береді. Баланың жеке адам болып қалыптасып даму сатысы әр жас
кезеңіне байланысты қҧрылады және де сол тҧста оның психикасының сапасы
кӛрінеді. Ал балалар ҥйінде тәрбиеленушілердің психикасының қалыптасуы
жанҧяда тәрбиеленген балаларға қарағанда психиканың басқа заңдылықтармен
ерекшеленеді. Баланың психикасының дамуына, жеке адам болып қалыптасуына
оның біріккен ортасы ҥлкен ықпал етеді. Сол сияқты балалар ҥйінде
тәрбиеленушілер де ортақ бір ӛмір сҥру ортасын қҧрайды. Демек, отбасында
тәрбиеленген балалар ӛз қоршаған ортасында туыстық бауырмашылық сезімін
туындатып, ҥлкендермен және кішілермен қарым-қатынасын орынды жҧмсап
отырады. Балалар ҥйінде тәрбиеленушілердің ҥлкендермен қарым-қатынасы,
ӛмірлік қабылдауы және мінез-қҧлқының қалыптасуы институционалды болып
келеді, яғни психологиялық сипаты: олардың эмоцианалдық фоны тіпті кедей.
Бҧл мекемеде тәрбиеленушілер қоршаған орта талаптарына бейімделуі тиіс.
Бҧндай жетімхана секілді мекемелерінде балаларды тәрбиелеу және басқа да
ӛмірлік тәжірибелерді баланың ерікті-эмоционалды дамымауына әкеп соқтырады.
Осы тҧрғыда И.А.Залысина, балалар ҥйінде тәрбиеленушілер мен отбасында
тәрбиеленуші балалардың кҥйзелу қажеттілігін салыстырмалы тҥрде зерттеген.
Соның нәтижесінде мектепке дейінгі балалардың қоршаған ортадағы адамдарға
кҥйзеліс сезімін тудыруға қабілетті емес екенін дәлелдеген. Кӛбінесе олар басқа
адамның сезіміне жауап беруде туындайтын реактивті кҥйзелу олар ҥшін бӛтенсу
сезімін тудырады. Ал И.А. Залысинның эксперименталды зерттеуінде жанҧядағы
балалардың тек ересектердің сезімін іздеп қана емес, сонымен қатар олармен
серіктес ретінде ӛз сезімдерін белсенді бӛлісіп отырады. Уайымдау мен сезімді
білдіруді дамытудың қажеттілігі балалық шақтан-ақ қалыптасып, ересек кезеңде
дамыған қалыпта болады. Осындай бала мен ересектердің ӛзара қарым-қатынасын
қажеттендіру ҥшін баланы ересек адамның алдында еркін ҧстай алатындай, ойын
ашып айта алатындай, сезімін толық жеткізе алатындай жағдай туғызу қажет.
Балалар ҥйіндегі тәрбиеленушілер ӛздерінің бағасын жеткізе алмайды, олардың ӛз
пікірі болғанымен де ересектердің пікіріне сҥйенеді. Сондықтан да мҧндай
балалардың сезімін ашу ҥшін оларға жылы кӛзбен қарау қажет.
Сол сияқты балалар ҥйінде тәрбиеленушілердің психологиялық аумағы
жайында А.М. Прихожан мен Н.Н. Толстых: ―Балалар ҥйінде тәрбиеленушілер
ҥлкендермен қарым-қатынасында ӛзіне агрессиялық зейінді аударады‖. Қарым-
қатынас барысында туындайтын кикілжің жағдайларды шешуден балалар ҥйінде
тәрбиеленушілер ӛздеріне жауапкершілікті артпайды, ӛздерінің мәселелерінің
шешілу жолдарын қоршаған ортадан кҥтеді. Олардың бойында қоршаған ортаны
кінәлау сезімі, агрессия, ӛз кінәсін мойындай алмаушылық сезімдері кӛп
кездеседі. Бҧл аталған ерекшеліктер ―қорғаныш білімін тудырады‖. Олар қиын
ситуациядан шығуға талпынудың орнына аффективті әрекетке жҥгінеді де, ӛкпе
сезімін туындатын жауапкершілікті басқаның мойына артады. Бҧл кӛрсетілген
ерекшеліктер жетім балалардың эмоционалды-еріктік аумағының қалыптасуын
сипаттайды. Бҧдан бҧл жағдайға қоршаған орта кінәлі ме деген сҧрақ туындайды.
Балалардың мҧндай мекемеге тапсырылуы әр тҥрлі себептерге байланысты
екендігі барлығымызға да белгілі (ішкілікке салыну, ата-анасының дҥние салуы,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №62009.
119
материалдық жағдайлардың жетіспеушілігі, психикалық ауытқулар, ақыл-ойдың
артта қалуы сияқты жағдайлар).
Балалар ҥйінде тәрбиеленушілердің эмоциясының (негативті) кері дамуы
ана мен байланысының аздығынан туындайды. Демек, баланың жағымды
эмоциясының дамуына ананың балаға деген қатынасы ҥлкен ықпал етеді. Мҧндай
зерттеулердің қарастырылуы ең алғашқы кезде Веналық балалар психологиясы
мектебінде Ш. Бюллер қарастырған. Веналық мектепте осы мәселеге байланысты
Р. Спитца, Дж. Боули және де К. Гольдфарба кең ауқымды зерттеу жҥргізген.
Олар балалардың психикалық, депривациялық проблемаларын зерттеудің негізгі
бағыттарын анықтаған. Шынында да бҧл аталған зерттеулерді ерте депривацияны
сендірумен тҥсіндірген.
Интернат типтес және балалар ҥйінде тәрбиеленген балалардың
эмоционалды ӛмірінің толықсыздығы оларды әр тҥрлі психикалық тежелулер мен
әлеуметтік бейімделудің бҧзылуына әкеп соқтырады. Мҧндай жағдайда
жетімханадағы балалардың эмоционалдық жағдайының тым жоғары немесе тым
тӛмен болуымен қатар, қоғамдық ортада ӛзін тым жоғары немесе тым тӛмен
тҥсіріп жіберуін кӛрсетеді. Ӛзін-ӛзі қатты сҥю жеке адамның психикалық
дамымауының белгісі болып табылады. Сондықтан, бҧл жағдайда да
эмоционалды, ерікті, тілдік қимыл-қозғалыстың, әлеуметтік жетіспеушілік
мәселелері туындайды. Содан ақыл-ойының кемістігі кӛрініп, танымдық
процестерінің дамымағандығы анық байқалады. Олар ӛз ой пікірінен айырылып
басқаның пікірімен жҥреді. Сондай жағдайларға байланысты балалардың мінез-
қҧлқы мен эмоциналды дамуының ерекшеліктерін атап кӛрсетпес бҧрын, олардың
эмоционалды дамуын Люшер тестісі, «Ҥй, ағаш, адам» т.б бҧл әдістемелердің
кӛмегі арқылы анықтап, эмоционалдық депривацияның, дисстрестің, тҥзету
нҧсқасын табуымызға болады. Сонымен қатар эмоция және сана деңгейіндегі
жалпы адамдық қҧндылықтарды анықтауға мҥмкіндік туады. Психотравмалық
жҧмыспен айналыса отыра тәрбиеленушілердің психотравмалық ситуацияны
қалай еске тҥсіретіні және немен байланысатыны жайлы, сонымен қатар ішкі
қобалжулар мен уайымдарын қажетті тҥрде анықтауға, сондай-ақ, баланың
эмоционалды-еріктік аумағы мен сенсорлы жҥйесінің дамуын іздестіруге болады.
Жетім балалардың эмоционалды-еріктік аумағының дамуының бҧзылуы
олардың
отбасын
қҧрудағы,
мамандыққа
бейімделудегі,
жекелік
байланыстарының аздығымен тҥсіндіріледі. Сезімдік эмоционалды аумағының
дамымағандығы баланың ішкі дҥниесінің дамуының (негативті) кері екендігін
кӛрсетеді. Осындай жағдайда балаға психоэмоционалды реабилитация ӛзіндік
ӛмір сҥруіне жағдай туғыза алады.
Балалар ҥйіндегі психолог жҧмысының формасы (диагностика, коррекция,
профилактика) – қарапайым жалпы білім беретін мектептерде қолданылатын
стандартты терім болып табылады. Алайда әдістемелерді таңдауда балалар ҥйінде
тәрбиеленушілердің психологиялық ерекшеліктеріне байқап әсер етуге тура
келеді. Әсіресе ол (коррекциялық) тҥзету-дамыту жҧмыстарына байланысты
болып келеді. Жетім балалармен жҧмыс жасауда оларға сәйкес әдістемелерді табу
қиынға соғады. Отбасында тәрбиеленген балаларға қатысты іс-тәжірибелік
зерттеулер мҧндай балаларға кӛбінесе сәйкес келе бермейді. Ӛйткені олар кейбір
ойын, жаттығудың мағынасын тҥсіне бермей, оларды шешу жолдары қиынға
соғады. Бірақ та интеллектке қатысты тапсырмалар кӛбінесе баланың танымдық
процестерін дамытуға мҥмкіндік береді. Кей жағдайларда мҧндай тапсырмаларды
шешу барысындағы баланың кӛңіл-кҥйінің ӛзгеруі, тежелуі, қорқыныш, ҥрей,
уайымдаудың туындауы бала психикасының дамуын тежеп отырады.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №62009.
120
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Прихожан А.М., Толстых Н.Н. Дети без семьи. - М, 1990.
2.Психическое развитие воспитанников детского дома. Под.ред. И.В. Дубровиной,
А.Г. Рузской. - М, 1990.
3.Галигузова Л.Н ., Мещерякова С.Ю., Царегородцева Л.М. Психологические
аспекты воспитания детей в домах ребенка и детских домах. / Вопросы
психологии. № 6. 1990.
4.Михайлова Ю.А Социальное поведение и эмоциональная регуляция у
воспитанников домов ребенка // Психолог в детском саду. № 2. 2003.
5.Дети – сироты: консультирование и диагностика развития / Под.ред. Е.А
Стребелевой. – М., 1998.
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақалада балалар ҥйінде тәрбиеленуші жас ӛспірімдердің аффективті
сферасының ерекшеліктері мен эмоционалды-еріктік аумағының дамуы жайында
баяндалады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются вопросыразвития эмоционально-волевой сферы у
детей воспитывающихся в детском доме.
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУ МӘСЕЛЕСІ
Елшібаева К.Ғ.- оқытушы. (Алматы қ. ҚазмемқызПУ)
Ӛз-ӛзіне қол жҧмсаушылардың арасында 4-5 пайызы 20-ға жетпеген
жастардың ішінен кездеседі және де бҧл бет бҧрыс шет елдерде сонымен бірге
біздің елде де кӛп кездеседі. Статистикаға сҥйенетін болсақ, жыл сайын 3000
жасӛспірімдердің ӛз-ӛзіне қол жҧмсау фактілерін келтіреді. Жеткіншектердің
арасындағы ӛз-ӛзіне қол жҧмсау 14-17 жас шамасында кӛп кездеседі. Бҧл жаста
жасӛспірімді ӛз-ӛзіне қол жҧмсауға не итереді?
Жеткіншектік және қыз-бозбалалық шақ қарапайым шақ емес және неше
тҥрлі қарама-қайшылыққа толы кезең, ата-аналардың кӛбісін алаңдататын,
уайымға берілдіретін кҥрделі шақ. Аса кӛп алаңдататыны: мектепте де отбасында
да агрессияның кӛтеріңкілігі, дау-дамайдың жоғарылылығы, эмоциялық
тҧрақсыздық,
ашықтан
ашық
наразылық,
ата-ананың
қамқорлығын
қабылдамаушылығы,
ҧялшақтық
және
қыз-бозбалалық
максимализм.
Жеткіншектің мінез-қҧлқындағы ӛзгерістер себебін тҥсіну ҥшін, оның
психологиялық механизмін білу керек. Ата-аналар ӛзберінің балалары жеткіншек
жасқа (11-15) жеткен уақытта кҥрделі, тіпті кей жағдайда неше тҥрлі
қайшылықтарға кездесетінін тҥсінулері қажет.
Бҧл шақ жас ерекшелігінің ӛзгерістері және дағдарыстарымен сипатталады.
Жеткіншектер ӛздерін отбасының, сыныптың, қоғамның тең қҧқықты мҥшесі,
тҧлға ретінде сезіне бастайды. Бҧл жастардың осы шақтағы аса маңызды
психологиялық ерекшеліктері. Жеткіншектер бҧл шақта ӛздерін қоғамдық қарым-
қатынастар жҥйесінде сезінумен бірге болашақтағы ересек ӛмірге жоспарлар қҧра
бастайды. Бҧл жоспарлары кӛбінесе тәжірибелері жоқтықтан нақты емес, кӛмескі
болып келеді, шалалық пен балалық аңғалдықты аңғартады. Бірақ та олар
жеткіншек ҥшін ӛте маңызды, оған ересек адамдардың араласуын жақтырмайды,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №62009.
121
қызғанады, себебі олар осы қиялмен ӛмір сҥреді. Ата-аналар мен ҧстаздар, тіпті
балалар ҥшін маңызды адамдар, жеткіншектердің осы ерекшеліктерін ескермей,
ой-пікірлеріне қҧлақ аспай, олардың қиялдар әлеміне беталды араласуы арқылы,
жасӛспірімдердің ӛздеріне деген сенімі мен араларындағы қарым-қатынасын
жоғалтып алады. Жеткіншектік жас дағдарысы, баланың қоғамға енердегі
кедергілерді жеңуімен аяқталады. (Бҧл жолдастарымен және ата-аналарымен
қарым-қатынас дағдарыстары, ӛзіндік сана-сезім дағдарысы – адам ӛзіндік
даралық сезімін иелене бастауы). Бҧл жаста бала ересектер қатарына да
жатпайды, бірақ та бала болғысы да келмейді. Сондықтан да жеткіншекке ересек
адамның тығыз байлынысы мен терең ӛзара тҥсіністігі аса қажет. Бҧл жас
тӛмендегідей жыныстық жетілуімен психикалық есеюімен сипатталады:
- жоғары деңгейдегі сезімталдығы;
- жылауықтық (әсіресе қыз балаларда);
- ой-қиялы мен іс-әрекеттеріндегі қарама-қайшылық;
- мінез-қҧлқындағы бҥлікшілдік.
Сонымен қатар жеткіншек шақта тҧқым қуалаған немесе жҥре пайда болған
психикалық аурулары да қозып немесе пайда болуы да мҥмкін (эпилепсия,
шизофрение, мінездің психопаттық сипаты және т.б.).
Суицидалды әрекет жасарда кӛбінесе оның алдын ала дайындық яғни,
бейімделу қабілеттерінің тӛмендеуімен сипатталатын сәті байқалады (бҧл
мынандай жағдай болуы мҥмкін: ҥлгірмеушілік, қызығушылығының тӛмендеуі,
қарым-қатынасының шектелуі, эмоционалдық тҧрақсыздық және т.б.). Бҧл кездері
ӛзіндік суицидалды ойлардың қалыптасуы, яғни, тӛмендегі сӛздер арқылы
хабарлауы: «мҧндай ӛмір жалықтырды», «ҧйықтап кетіп оянбай қалсам ғой»,
ӛмірде кездесетін проблемалар мен ӛлімге деген қызығушылық және т.б. пайда
болуы.
Суицидалды актіге итермелеудің тікелей тҥрткісі дай-дамайдың пайда
болуы. Дау-дамай дегеніміз, белгілі бір адамға маңызды, қҧнды ҧстанымына әсер
етуші жағымсыз жоспарланған әрекет, кҥйзеліс тудыратын жағдай. Бҧл мҥмкін
жақын адамының ӛлімі, бӛлінбеген махаббат, жауапсыз махаббат және т.б. болуы.
Ӛзінің олқылығын сезінгендегі ойлардан, ӛзін-ӛзі кінәләудан, кез келген сӛз оған
жазғыру сияқты елес беретіндей кӛріністерден пайда болған кҥйзелістен
қалыптасатыны жиі кездеседі. Дау-дамайдың жиі пайда болуына, созылмалы,
ҧзақтан келе жатқан кҥйзелістік жағдайларға немесе аяқ астынан болған
дағдарысқа жауап ретіндегі әлеуметтік-психологиялық дезадаптация кезеңі
болып табылады. Суицид қаупі туатын жеткіншектерде жалғыздықты, еш кӛмек
кҥтпеушілікті қайғырушылық, эгоцентрлік кӛрінісінің тереңдеуі, басқаның
қуанышы мен қайғысына деген ортақтасушылықтың тӛмендеуі жиі кездесетіндігі
орын алатындығы белгіленген. Рухани қҧндылықтың «кесілуі» жеткіншекті
басқаларға қарағанда ҥйреншіксіз жағдайларға әкеп тірейді, ал олар ҥшін бҧл
жағдай кҥйзеліске, жоғары деңгейдегі жҥктілікті талап ететіндей болып
қабылданады. Сондықтан да кез келген микроконфликт суицидалды кӛріністің
орындалуына дайындық ретінде арандату болып табылады.
Тәрбиедегі ақаулық, физикалық жазалаудың басымдылығы, балада
эмоциялық
тҧрақсыздықтың
дамуына,
эмоциялық
реактив
деңгейінің
жоғарлауына әкелетіндігі жиі кездеседі. Ата-аналардың қаталдығы немесе
авторитарлығы, шектен тыс қамқорлығына байланысты тәрбиедегі сиықсыздық,
балаларда әдеттегі қиындықтарға немесе барлық жағымсыз әрекетке тӛтеп беруде
қайшылықтар тудырып жатады.
Жеткіншектерде ӛлімге негізделмеген, манипулиятивті суицидалған әрекет
жасау жиі бақыланады. Балалық-жеткіншектік жастағы суициденттерде
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №62009.
122
сипатталатын «ӛздерінің ӛліміне деген айналасындағылардың реакциясының
куәгерлеріне немесе екінші рет туылатындығына ҥмітке» ҧмтылуы болып келеді.
Жас суициденттердің басым кӛпшілігінде, жекелік мҥмкіншіліктеріне сәйкес
келмейтін, талаптану деңгейінің жоғарлауына байланысты анықталған айқын
кӛрінетін эгоцентризм немесе ӛзімшілдік екендігі байқалады. Қандай да бір
себептермен баланы рухани және эмоциялық тепе-теңдікпен қамтамасыз ете
алмаған отбасы, оның суицидалды мінез-қҧлығының кӛрініс беруіне ең маңызды
факторы болып табылатындығын атап ӛткен жӛн. Балалар мен жеткіншектердің
арасындағы суицидтің 92 пайызына дейін, отбасындағы келеңсіз жағдайларға
байланысты туындайды.
Асоциалды мінез-қҧлықтыққа, жоғары деңгейдегі агрессиялыққа бейім,
әртҥрлі дисгармониялық даму тҥрлеріндегі балалар мен жеткіншектерде
суицидттік
қаупі
бар.
Ар-намысының
мықтылығымен
ерекшеленетін,
сҥйіспеншілік
пен
достық
сезімдерінің
идеалдығымен
ӛмір
сҥретін
жеткіншектерде де суицидтік қаупінің жоғарылығы кездесіп жатады. Нақтылықты
«кітап» жҥзінде тҥсінетін жеткіншектер ақиқат ӛмірмен беттескенде стрестік
кҥйге тҥсіп жататындығы жиі кездеседі.
18-22 жастағы қыз-бозбала шағының суициалды оқиғалардың талдауында,
70 пайызы жай-кҥйінің басыңқылығы, тҧйықтық, оқшаулануға ҧмтылудан, ал 30
пайызы керісінше – ҧстаусыз кӛңілділік пен белсенділіктен. Осындай
оқиғалардың бҧрыннан болған әрекетінің ӛліммен аяқталуы қырық пайызды
қҧрайды.
Суицидтік пиғылдың қалыптасуына себепкер сыртқы факторларға
жататындар:
- «қажетті» психикалық және невротикалық ауытқушылықтардың пайда
болуына алғы шарт болатындай және де, ӛзін-ӛзі ӛлтіруге де желеу болып келетін
әлеуметтік жағдайсыздық.
Суицидтік пиғылдың қалыптасуына себепкер ішкі факторларға
жататындар:
- толымсыздық кешені (ауыр аурулар, ата-анасының қалай болса солай
қарым-қатынасы, нақты және жалған сәтсіздіктер, кӛріксіздік және т.б., адамнан
тым жоғары деңгейдегі орнын толтырушылықты талап етушіліктің тҥпсанадан
қысып шығарылуы; депрессия).
Суицидтік пиғылды қалыптастыратын ішкі және сыртқы факторлардың
әсерінен адам есеңгіреп қалады – терең жан сілкінісіне душар болады.
Оның
кесірінен адамда стресстік жағдай, жағымсыз эмоция гаммасы дами бастайды,
психологиялық қорғаныспен ӛмірлік қиындықтарға қарсы тҧру қабілеті
тӛмендейді.
Сонымен, ӛзін-ӛзі ӛлтірудің негізгі себебі адамның әлеуметтік-психологиялық
дезадаптациясы болып келеді. Ӛмірлік жағдаяттардың нақты қолайсыз
тоғысуынан немесе олардың шешілмейтін мәселе ретінде субъективтің
тҥйіндеуінен дамиды.
Суицидологияда
психологиялық
дағдарыс,
дау-дамайға
ҧшыраған
жағдайдағы адамның әлеуметтік-психологиялық дезадаптациясының негізгі
кӛрінісінің бірі ретінде қаралады. Дағдарыстық жағдай қарқынды жағымсыз
эмоциямен, алаңдаушылықпен және ҥреймен, депрессивті жағдай тіпті адамның
берекесінің кетуіне дейінгі әрекеттермен сипатталады. Мҧндай жағдайлар ҥшін
психологиялық жарақат алған жағдайларға немесе маңызды оқиғаларға
«қадалып» қалуы, ӛзінің дәрменсіздігін немесе қауқарсыздығы жӛнінде қайғыруы,
жалғыздық сезімі, ӛзіне, ӛзекті мәселелеріне және болашағына деген пессимистік
баға беруі, ӛз кҥші мен мҥмкіншіліктеріне сенбеуі сипат алады. Ӛте қатты
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №62009.
123
дағдарысты жағдайларда кӛбінесе психологиялық ӛзгерістерден басқа да
соматикалық бҧзылыстар да кездеседі: кӛңіл-кҥйдің нашарлауы, дене кҥшінің
бейсалдығы, әлсіздік, асқазан-шек жолдарының ауруларының, жҥрек қан-тамыр
кеселінің қозуы мен пайда болуы және т.б.
Психологиялық дағдарысты жағдайлардың дамуының кӛбірек кездесетін
екі түрлі типтік айрмашыдығы:
1.
Дау-дамайлық эмоциялық қысымының жоғырылауымен, жағымсыз
эмоциялардың
жинақталуымен
және
суицидиалды
әрекетінің
ықтималдығының кҥшеюімен психологиялық дағдарыстың қарқыны бірте-
бірте ҥдейді.
2.
Аяқ астынан психикалық жарақаттан шықан, кенеттен болған
дағдарысты жағдай, психоэмоциялық қысым, адамның берекесін кетіретін
кезең, мінез-қҧлықтағы ӛзгеріс алғашқы сағаттарда және оқиға болғаннан
соңғы бір тәулікте айқын білінеді.
Осы екі вариантта да эмоционалды қатты кҥйзеліс кезінде, дағдарысты
жайдың даму барысында оқиғаны, қаза немесе дау-дамайды тҧлғалық
интеллектуалды қайта ӛңдеу, жан кҥйзелісінің қосымша ҥдемелі тҥрінде
оқиғаның мәнін тҥсінуге тырысу болып ӛтеді. Адамның суицидалды бағыты мен
суицидқа қарсы факторларының арасында кҥрделі ішкі тҧлғалық «кҥрес» болады.
Осы сәтте адамға ең керегі достық, жан дҥниені тҥсінушілік, сҥйеніш болар
әрекет ӛте қажет.
Тӛтеннен болған дағдарысты сәтте психологиялық жағдайдың 4 түрлі
тізбектелген кезеңі жеке дара бӛлінеді:
- психожарақат, яғни «психикалық сандырақ (шок)» кезеңі (бірнеше сағаттан
бастап 2-3 тәулікке дейін созылады).
- адамның берекесінің кету кезеңі (бір тәуліктен екі аптаға дейін созылады).
Бҧл фаза қиын-қыстау кезең болып есептеледі, егерде одан кейін сауығыу ҥрдісі
(болған оқиға бой ҧрып, соңғы жайға кӛндігу) болса, немесе болған жарақатқа
және стресстік бҧзылысқа бой ҧрып оның ары қарай дамуына мҥмкіндік берілсе.
- «қабылдау» кезеңі, яғни қазаға кӛндігу (бірнеше аптаға созылады).
- қалпына келу кезеңі (бірнеше аптадан бірнеше айларға созылады).
Психологиялық дағдарыс, адам қҧрылымында тез ӛзгерістерге (жағымды
жағымсыз) мҥмкіндік пен жағдай жасайтындығын атап ӛткен жӛн. Дағдарысқа
тҥскен адамға, оған маңызды адамдар жағынан уақытында кӛмек
ҧйымдастырылса, дағдарысты кҥйден жағымды арнаға (90 %-ке дейін) ӛтуге
мҥмкіндік бар, психожарақатқа жағымды тҥрде қарауға болады, ӛмірге оңтайлы
факторларға басымырақ кӛзқараспен қарау, оптимизм пайда болады.
Суицидті іс-әрекеті кӛрінетін қауіпті топты психологиялық тест
кӛмегімен анықтауға болады ма деген сұрақ туындайды.
Егер жеткіншектер арасында суицидті топты кімдерден қҧрастыруға
болады деп айтатын болсақ, онда барлығы деп сенімді тҥрде жауап беруге
болады: себебі жасӛспірім психикасы оны суицид кӛрінісін беретін әрекеттерге
жақындататындай қасиеттерден қҧралады. Ӛкінішке орай, бҥгінгі кҥндері
«потенциалды суициденттерді» 100 пайыз анықтайтын тесттер немесе
сҧрақнамалар жоқтың қасы. Мектеп психологтарына баланың ӛмірлік
перспективасын анықтауға «Аяқталмаған сӛйлемдер тестін», алаңдаушылық
деңгейін анықтауға Спилберг-Ханин тестін пайдалануды ҧсынамыз.
Ӛзіне қол жұмсауға дайындық белгілеріне тӛмендегілерді жатқызуға
болад:
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №62009.
124
1. Ӛз істерін реттеу – қҧнды заттарын тарату, байлап, тҥю. Адам қалай болса
солай болуы мҥмкін, бір сәтте барлығын ретке келтіре бастайды. Соңғы
дайындықтарды жасай бастайды.
2. Қоштасу. Ӛмірінің әр кезінде кӛмектескен адамдарға алғыс айтуы мҥмкін.
3. Сыртқы қанағанттанушылық – энергияның қҧйылуы. Ӛзіне қол жҧмсау
туралы жоспары толық жасалынса, ол туралы енді ойланбайды, шамадан тыс
энергия пайда болады. Кҥш-қуат кӛбею жағдайы терең депрессияға қарағанда аса
қауіпті болуы мҥмкін.
4. Жазбаша тҥрде (хатта, кҥнделікте, жазған).
5. Сӛзбен кӛрсету немесе қорқыту.
6. Жоғарыда кӛрсетілген белгілердің орындалуына себеп болған жақын
адамынан айырылу. Ҥйіннен айырылу.
7. Ҧйқысыздық.
Ӛзіне қол жұмсаудың мүмкін болатын мотивтері
Кӛмек іздеу - ӛзіне қол жҧмсауды ойлайтындардың кӛбісі ӛлгілері келмейді.
Ӛзін-ӛзі ӛлтіруді олар бірнәрсені алу ҥшін қҧрал ретінде пайдаланады (мысалы,
ӛзіне назар аудару, сҥйіспеншілік, махаббат, проблемалардан қҧтылу, ҥмітсіздік
сезімінен арылу).
Үмітсіздік -ӛмір мәнсіз, болашаққа ҥміт артуға болмайды. Ӛмірді
жақсартуда ӛзгерістер енгізуге еш ҥміттің жоқтығы.
Проблеманың кӛптігі – барлық проблемалардың шешілмейтіндей
кӛрінетіндігі соншалықты, оларды бір-бірлеп шешуге ойды шоғырландыруға
мҥмкіндіктің жоқтығы.
Басқа адамның жанына бататындай әрекет жасау – «Олар әлі ӛкінеді».
Кейде адам ӛзін ӛлтіруі арқылы проблемаларды алып кетеді, отбасының ӛмірін
жеңілдетеді деп ойлайды.
Ерлік пен күшті кӛрсету – батыр да кҥшті адам ғана ӛзін-ӛзі ӛлтіруге
қабілетті деп ойлау.
Адамның суицидке қарсы тұра алу факторлары - ӛмірлік жағымды
ҧстанымдардың қалыптасуы, ӛмірлік қалып, жеке факторлар кешені және
адамның психологиялық ерекшеліктері, сонымен қатар суицидті пиғылдың
орындалуына кедергі келтіретін жан дҥниенің толқуы. Оларға жататындар:
-
ӛзіне маңызды жақындары мен туыстарын эмоциялық дақсы кӛрушілік;
-
міндеттілік, қарыздық сезімін білдіру;
-
ӛзінің денсаулығының жағдайына назарын шоғырландыру, ӛзінің денесіне
зиян келуіне қорқыныш;
-
қоғамдық
пікірді
есепке
алу
және
айналасындағылардың
айыптаушылығынан қашу, ӛзіне қол жҧмсау туралы масқарашылыққа ҧшырудан
аулақ болу және суицидті әрекетті қабылдамаушылық;
-
ӛмірлік, шығармашылық, отбасылық және басқа да жоспарлар,
ойниеттердің болуы.
Психологиялық икемділік және бейімдеушілік, жеке жағымсыз
кҥйзелістердің орнынын толтыра алушылық, психикалық қысымды бәсеңдететін
әдістерді пайдалану.
Ӛмірге деген қызығушылықтың болуы.
Туысқандарды, жақындарын жақсы кӛрушілік, олармен қарым-
қатынасының маңыздылық деңгейі.
Діншілдік деңгейі және ӛзін-ӛзі ӛлтірудің кҥнәсінен қорқушылық.
Жақын арадағы болашағы мен ӛмірлік перспективансын жоспарлау.
Суицидтан соңғы ӛзінің сырт пішінінің жағымсыз кескіні.
Суицидқа қарсы бағдарды қалыптастыру үшін жасалынатын шаралар:
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №62009.
125
-
баланы ӛз ойымен оңашада қалдырмау ҥшін ҥнемі онымен қарым-қатынас
жасау;
-
оның ӛз кҥшіне және мҥмкіндіктеріне сенуіне сенімділік ҧялату;
-
оптимизм мен ҥмітті зердесіне қҧю;
-
баланың мінез-қҧлқына бақылау жасау, оның тетелес балалармен қарым-
қатынасына талдау жасау.
Адам, соның ішінде жеткіншек суицидтік кӛріністерге қарсы, ӛмірге орайлы
факторларды кӛбірек иеленсе, соншалықты оның «психологиялық қорғанысы»
және ӛзіне деге ішкі сенімділігі кҥштірек, оның суицидке қарсы тосқауылы берік
болады.
Суицидтен сақтап қалуда алдын алу шараларының кезеңдері:
1. Диагностикалық: адамның, суицидті әрекетті қалыптастыруға әсер етуші
ерекшеліктеріне диагностиканы енгізеді (жоғары деңгейдегі алаңдаушылық,
стреске тойтарыс бере алушылықтың тӛменділігі, жоғары деңгейдегі эгоцентризм,
ӛзіндік
бағаның
тҧрақсыздығы,
байланысқа
бейімсіздік,
әлеуметтік
қолдаушылықты тӛмен деңгейде байымдау, стресті жағдайларды жеңуде жалтару
стратегиясы және т.б.), сонымен қатар баланың отбасындағы жай-кҥйі туралы,
отбасылық ӛзара қарым-қатынастар туралы, отбасы қҧрамы туралы, оның
қабілеттері мен немен әуестенуі туралы, оның достары немесе басқа да мҥмкін
болатын референтті топтар (араласатын топтары) жӛнінде ақпараттар жинақтау.
2.Жеткіншектің
қҧзіретін кеңейтетіндей, оның психосексуалды дамуы,
жекетҧлғалық қарым-қатынас мәдениеті, қарым-қатынас технологиясы, стресті
жағдайларды жеңудегі әдістер, конфликтология сияқты маңызды салалардан
тҧратын ақпаратты-ағарту кезеңі.
3.Ӛз-ӛзімен жҧмыс жасауда әдетті дамыту мен қалыптастыруды енгізуші, жеке
тҧлғалық ерекшеліктері мен мінез-қҧлық тҥрлерін тҥзету (коррекциялау)
элементтерімен жҥргізілетін әртҥрлі психологиялық тренингтер.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Амбрумова А.Г., Тихоненко В.А. Диагностика суицидального поведения:
Методические рекомендации. М., 1980
2.Елшібаева К.Ғ. Суицидтің алдын алу. Алматы, 2009
3.Дюркгейм Э. Самоубийство//Суицид. Хрестоматия по суицидологи. Киев,
1996
4.Вачков И.В. Основы технологии группового тренинга. Психотехники:
Учебное пособие. – 2 изд., перераб. и доп. – М. Издательство «Ось-89» - 2000
5.Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения. Екатеринбург,
1995
6.Кон И.С. Психология ранней юности. М.: Просвещение, 1989
7.Кэдьюсон Х., Шефер Ч. Практикум по игровой психотерапии. Спб.:
Просвещение, 1991
8.Лидерс А.Г. Психологический тренинг с подростками. М., 2001
9.Общение и личностный рост. Сборник учебно-методических пособий для
практических психологов, педагогов, воспитателей, родителей (составитель
Такташева Е.К.). Барнаул: Издательство АКИПКРО, 1994
10.
Райс Ф. Психология подросткового и юношеского возраста. Спб., 2000
11.
Рождественский Н.А. Как понять подростка. М.: Роспедагентство, 1995
12.
Рудестам К. Групповая психотерапия. Психокоррекционные группы:
теория и практика. М.: Прогресс, 1993
13.
Спиркин А.Г. Сознание и самосознание. М.: Издательство политической
литературы, 1972
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №62009.
126
14.
Цзен Н.В., Пахомов Ю.В. Психотренинг: игры и упражнения. М.:
Физкультура и спорт, 1988
РЕЗЮМЕ
В статье приведены этапы работ подростками с суицидальными
проявлениями.
ТҤЙІНДЕМЕ
Статьяда суициалды кӛрініс беретін жеткіншектермен жҧмыс жасау
кезеңдері берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |