Иман – жүрек айнасы Ақылбек Шаяхметтің



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата26.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#2738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Он үшінші назым

Ақылбек, келіп қалд ың алпыс беске,

Шыққан бар, шықпаған бар бұл белеске.

Мертікпей, аман-есен өтіпсің-ау,

Жүрсең д е ерегес пен төбелесте.

Бетке айтсаң ақиқатқа жақ болам д еп,

Түсінсе жан-сырыңд ы шаттанар көп.

Кем-кетік кетіп қалса байқаусызд а,

Ешкімге бас имед ің ақталам д еп.

Өзіңмен қара сөзд е таласар кім,

Əзілмен кей құрд асқа жара салд ың.

Кей кезд е қара бастың қамын ойлап,

Биіктеп тұрғанд а д а аласард ың.

Қысқанд а қо с бүйірд ен тастай жалған,

Көкейд е сыр қалд ы ма ашпай қалған?!

Дұшпанд ы мұқатсаң д а қарсы келген,

Кез болд ы туыстарға жақпай қалған.

Қақ жарып тастасаң д а таза қылд ы,

Көрсең д е қанша жақсы қазағыңд ы,

Шаттыққа ортақ болып жүрген д о стар

Сенімен бөлісті ме азабыңд ы?

Кезд ер көп жалғызд ықпен ойға шомған,

Тəттід ей сүт қатпаған шайға салған.

Ұшпаққа сені, бірақ, шығард ы ма

Ешқашан алған беттен таймас арман?!

Бергенд е қонақасы орта мына,

Жеп жүрд ің қазыны д а, қартаны д а.

Өзгед ен көргеніңд і жасап сен д е,

Байланд ың тіршіліктің арқанына.

Еңбекті қылғанд а д а д амыл көрмей,

Кейбіреу айтқан сөзд ің мəнін білмей,

Қаншама тұрса-д ағы мысың басып,

Шалғайға жармасты ғой əлін білмей.


Жылқыны кезің болд ы бо с айд аған,

Қатені біле тұра жасай ма ад ам?!

До сынның көптігіне тəуба қылд ың,

Дұшпанд ы көрген сəтте масайраған.

Қолыңд а болып тұрса, тарылмад ың,

Ешкімнен сауға сұрап, жалынбад ың.

«Ад ал бол, жақсылыққа жақ бол!» - д еген

Айтқанын ата-ананың орынд ад ың.

Асыл сөз күтіп жүрсе сенен елім,

Болд ың ма мақтанышы немеренің.

Аллаға мың д а шүкір!

Басың аман.

Көрд ің ғой кеңейгенін керегенің.

Жеритін кезің келд і д үние-боқтан,

Қартайып, қайғы ойлад ың, қылд ың тоқтам.

Қызу қан, асау жүрек, тауд ай талап

Əйтеуір, алып шықты су мен оттан.

Имам

Имам болу – ұстаз болу тəліпке,

Имам болу – мағына беру əріпке.

Имам болу – үлгі болу өзгеге,

Имам болу – қайырым жасау ғаріпке.

Имам болу – жамағатқа сөз бастау,

Имам болу – келешекке көз тастау,

Имам болу – жатқа біліп Құранды,

Имам болу – имандыға көш бастау.

Дұға

Дұға деген – пенденің ұмтылысы,

Дұға деген – сананың сілкінісі,

Дұға деген – сезімнің бұлқынысы,

Дұға деген – жүректің күрсінісі,

Дұға деген – өзегі ғибадаттың,

Дұға деген – пенденің бір тынысы.

Ғибрат

Илеуіне сүрлеу салып, қыбырлаған құмырсқа,

Байқап тұрсаң, қандай ұста, қандай шебер жұмысқа?!

Аузыменен шөп тасыған қарлығаштың ұясын

Көрген болсаң, көкіректен төгілмей ме күй асыл?!

Балды қанша жаласаң да, қарасаңшы көзіңе,

Ара у да шығармай ма, қауіп төнсе өзіне.

Жау жақындап, табиғатпен таба алмаса үйлесім,

Жұмарланған кірпікшешен тікірейтер инесін.

Қолтырауын балаларын тіске басып тасыған,

Маймыл екеш маймыл-дағы өз туысын қасыған.

Суда, көкте жəне жерде түрлі жəндік болса да,



Мейірім мен қорқынышта ұқсастық бар қаншама?!

Тірілердің ақылдысы, ақырғысы, ей, адам,

Қарап қойма.

Мəнін ойла.

Ғибрат ал сен одан!

Сауап

Қазық қағып сауап тапқан бір кісі,

Жолаушылар ат байласын деп ойлап.

Қазықты алып сауап тапқан бір кісі,

Жүрген адам жығылмасын деп ойлап.

Жасың жетіп, жапқан шақта самайды ақ,

Ниет қылсаң жан-жағыңа қарайлап,

Жасағаным жақсылық боп шықсын деп,

Жұмысыңды атқарғайсың абайлап.

Дəлел

Суды жарып өтіп шыққан Мұсаны

Қырық жыл бойы жүрген дейді құсалы.

Сенуші мен сенбегенге не болды,

Өткен күннен жетті бізге мысалы.

Мұражайда жатқан патша мəйіті

Жаратқанның дəлелі мен нышаны.

Таппаса да Нұхтың жүзген кемесін,

Көргендер көп Перғауынның денесін.

Дем бітерде сəжде қылған пендесін

Қияметте Алла ғана елесін.

Көрген жанның аузына алғаш келген сөз:

«Астапыралла!»

Одан басқа не десін?!



Құман жəне кран

Бұл күндері орнын басқан құманның

Қызметіне ырза жұртым кранның.

«Жып-жылы екен суы», деп те мақтайды,

Бірақ, ешкім бата беріп жатпайды.

Жүрген шақта қонақтарға су құйып,

Мəртебеміз болушы еді тым биік.

Əдеппенен ұсынғанда сүлгіні,

Көрген кісі дейтін бізді үлгілі.

Талап тілеп, ғұмыр тілеп, бақ тілеп,

Əрқайсысы айтатұғын ақ тілек.

Қариялар бата берген қол жайып

Тəтті күнді қалай еске алмайық?!

Жуынуға барған кезде күн сайын

Сол батаны жан-тəніммен аңсаймын.

Алдамшы

Бір сəт мойын бұрғандай,



Көзіңді ашып-жұмғандай,

Көз жететін белесте

Сағымданып тұрғандай.

Тамшы суды татқандай,

Есікті ашып-жапқандай,

Таң қалып та үлгермей,

Кірпігіңді қаққандай.

Бір-ақ рет сүйгендей,

Ерінге ерін тигендей,

Көктем, жаз, күз, қыста да

Жалғыз киім кигендей,

Бұл алдамшы дүния...



Байқаңдар!

Жатамын дегендер жəннатта жастанып,

Кетуі мүмкін ғой тамұққа тасталып.

Жеймін деп ойлаған жұмақтың жемісін,

Шайтанмен жасырын жасаған келісім.

Хор қызын аңсаса көп айтқан сөзге еріп,

Қалмай ма бір мыстан кемпірге кез келіп.

Зəмзəмға құмартқан жылмақай жырынды

Ішуі мүмкін ғой сасыған іріңді.

Сенімім берік деп өтірік жайтаңдар

Арамға серік боп қалмаңдар, байқаңдар!

Бар болса мешітке жуынбай кіргендер,

Кейіннен бұл іске өкініп жүрмеңдер.

Түбі отта тұрса да, асы адал қазанның,

Салмағы өлшеулі тіп-титтей тозаңның.

Ендеше көңілге кірмесін жымысқы ой,

Кім едің өмірде – білгенің дұрыс қой!

Ұқсайды

Мысық пенен жолбарыс бір біріне ұқсайды,

Бірі тұрса сескеніп, бірі қорқып, қашпайды.

Шибөрі мен қасқыр да бір біріне ұқсайды,

Жүрексінсе біреуі, бірі абыржып, саспайды.

Бүркіт пенен құзғын да бір біріне ұқсайды,

Бірі көкте самғаса, бірі биік ұшпайды.

Қошқар менен арқар да бір біріне ұқсайды,

Бірі қалса етекте, бірі тауға бастайды.

Шортан менен шабақ та бір біріне ұқсайды,

Бірі бəрін жалмаса, бірі аран ашпайды.

Ара менен сона да бір біріне ұқсайды,

Бірі балды жинаса, бірі оны ластайды.

Судың асты тұңғиық зеңгір көкке ұқсайды,

Зеңгір көк те көкпеңбек су астына ұқсайды.

Көкте, бірақ, ұшқан құс балықтай боп жүзбейді,



Суда жүзген балық та, бірақ, құстай ұшпайды.

Төрт аяқты немесе екі аяқты болса да,

Хайуандар мен төрт түлік бір біріне ұқсайды.

Адам менен адам да бір біріне ұқсайды,

Бірі теріс, біреуі тура жолға бастайды.

Нағыз адам қыс, жазда ыстықтаса, тонса да,

Ақыл-еркін үнемі бір қалыпта ұстайды.

Қанағат

Жан жаратар жақсы істерің көбейсінші, жамағат,

Сабыр түбі жақсылық қой, болса кімде қанағат.

Ұшқан құстар əлі бітіп қаға алмаса қанатын,

Бір қара жер табылмас па демі жетіп, қонатын.

Жүрген пенде аз нəсіпке ырзалығын танытпай,

Қайтер еді жағалауға шығып қалса балықтай.

Жеткізбеуі мүмкін кейде қарға адым жер бір аттам,

Тоқал ешкі мүйіз сұрап, айырылған құлақтан.

Жемтікті іздеп жортып жүріп орға түскен барыстан

Қарсақ артық қас жауымен қасарысып алысқан.

Тар кепені хан-сарайдан артық көрген Жиренше,

Байпатшалар бабалардың мəрт мінезін үйренсе.

Құлқын қоймай, көзің тоймай – қанағатың бөгесе,

Шекер-балдан қара суың артық болар он есе...

Өнеге емес

Өнеге емес олақтардың киім-кешек пішкені,

Өнеге емес салақтардың жиналмаған үстелі,

Өнеге емес шалағайдың бітпей қалған істері,

Өнеге емес қомағайдың жегені мен ішкені,

Өнеге емес бозбаланың ыржалақтап күлгені,

Өнеге емес қызбаланың ашық-шашық жүргені.

Өнеге емес жағымпаздың жапалақтай жалбақтап,

Өнеге емес алдампаздың жалған өмір сүргені.

Өнеге емес жақсы жерге жамандардың кіргені,

Өнеге емес ит жоқ жерде шошқалардың үргені,

Өнеге емес тұлпар қалып, мəстек алса жүлдені,

Өнеге емес надандардың көргені мен білгені,

Өнеге емес аққулардан тырна асыл болғаны,

Өнеге емес бұлбұлдардан қарға басым болғаны,

Өнеге емес шеңгел қаптап, қурап жатса гүл бағы,

Өнеге емес алаяқтың баю болса арманы.

Алар үлгі қалмаған соң, болмаған соң өнеге,

Жақсылықты көре алмаса, бере алмаса дəңене,

Дұрыс болар аулақ жүрген осылардың бəрінен,

Жолап кетсең, тап боларсың айырылмас пəлеге.

Төрт періште


Алла сөзін пайғамбарға жеткізген,

Əмірлерін бұлжытпастан өткізген –



Жебірейіл періште.

Табиғаттың үйлестірген міндетін,

Нығайтатын түрлі жанның құрметін,

Ол – Мекайыл періште.

Хақ бұйрыққа бағындырып қауымды,

Қияметте əкелетін дауылды –



Исрафил періште.

Күні бітіп, келген кезде енді өлім,

Жалынса да жанын алар пенденің –

Əзірейіл періште.

Төртеу түгел болса

Сабыр

Алланың сүйген құлына,



Қадір

Қазақтың қайсар ұлына,



Сенім

Даланың көркем қызына,



Тағылым

Жүректен шыққан жырыма.



Əлемде ең үстем

Түр-түсі келіскен

Жебірейіл періште

Рамазан айында,

Дүйсенбі күнінде,

Қадір түнінде

Араб тілінде

Мұхамбет хазіретке

Түсірген уахи

Əлемде ең үстем.

Адамға көріскен,

Дос болып, сеніскен,

Сүрені үйрету

Пара-пар жеңіспен.

Пайғамбар жинаған,

Пендеге сыйлаған

Құранның аяты

Əлемде ең үстем.

Үлгі алып көп істен,

Бас тартсаң терістен,

Дəм татсаң бақтағы

Тап-таза жемістен,

Олқыны толтырар,

Алтындай жарқырар



Аяттың əр жолы

Əлемде ең үстем.



Нені айтса да тауып айтқан

Қатты желді десе қазақ сұрапыл,

Ойында оның тұрған екен Исрафил.

Періштеден сескенетін қазағым

Көріп жүрген шайтандардың мазағын.

«ЖаҺаннамға жіберем,деп,жаныңды!»

Қорқытыпты ата дұшпан – жауымды.

Тірелетін арамзаның ат басы,

ЖаҺаннамы – тамұқтың бір қақпасы.

Жалған десе мына фəни өмірді,

Оған да олар болған екен сенімді.

Нені айтса да тауып айтқан, шын айтқан,

«Діншіл емес қазақтар!» деп кім айтқан?!

Уақытша

Өмірдің сайран бағында

Жайраңдап жүрген шағыңда,

Батқан күн, атқан таңың да,

Күйініп айтқан зарың да

Уақытша, бəрі уақытша.

Төрт түлік толған өріс те,

Төгіліп тұрған жеміс те,

Көгеріп шыққан шөбің де,

Сарғайып піскен егін де

Уақытша, бəрі уақытша.

Шомылған суға көлің де,

Жалғанда тартқан шерің де,

Тіріде жүрген жерің де,

Өлгенде кірер көрің де

Уақытша, бəрі уақытша...



Өткінші

Жауатын жауын да,

Соғатын дауыл да өткінші,

Ішетін суың да,

Жұтатын балың да өткінші,

Бойдағы дарын да,

Жататын орын да өткінші,

Жайнаған шағың да,

Маздаған жалын да өткінші,

Бастағы бағың да,

Қайнаған сорың да өткінші,

Қағатын шаңын да,

Қолдағы барың да өткінші.

Өмірдің екенін өткінші



Қайталап жиі айтқан көп сыншы,

Болмасаң сормаңдай,

Жалғанға алданбай,

Бет бұршы!



Тілек тілеп өтемін!

Бақ пен соры араласқан қоғамда,

Таза жүру оңай емес адамға.

Бір Алладан тілек тілеп өтемін,

Халал астар бұйырсын деп адалға.

Тіршілікке нұрын құйса ақ жарық,

Гүл өседі қара тасты қақ жарып.

Бала күліп, жүзі жайнап ананың,

Төңірегім болса деймін жап-жарық.

Бұл заманда қыбыр менен сыбыр көп,

Шуды кейде қабылдаймыз дүбір деп,

Қариялар отырғанда қол жайып,

Мен де ішімнен отырамын күбірлеп.

Алла бізді індет-дерттен сақтасын,

Айтпай келген жала-өрттен сақтасын,

Көлгірсіген жалған серттен сақтасын,

Қоғамдағы жендеттерден сақтасын!

Ауызашар

Жаратушым!

Саған иман келтірдім,

Миымда да, жүректе де сен тұрдың.

Сыйындым.

Уақыттан əңгіме айтып, бос өткен,

Дау-дамайдан, өтіріктен, өсектен

Тиылдым.


Алла тағы несібесін берді деп,

Жаным балқып, ет-жүрегім елжіреп,

Сүйіндім.

Кешіре көр!

Күнəм ауыр, қарыз көп,

Ораза айы мұсылманға парыз деп –

Бұйырғын!

Қасиетті ай – Рамазан

Жеті тамұқ жабылып,

Сегіз жұмақ ашылған,

Бір Аллаға жалынып,

Дəргейіне бас ұрған

Қасиетті ай – Рамазан.

Ауыз ашар жасатып,

Тарауыққа жиналған,

Жəрдем қолын ұсынған


Адамдарға қиналған

Қасиетті ай – Рамазан.

Туыс көрсе қуанып,

Сəлемдескен ізетпен,

Құран оқып, дұға қып,

Қадір түнін күзеткен

Қасиетті ай – Рамазан.

Қараңғыны қақ жарып

Көктен Құран түсірген,

Əруақтарды ырза қып,

Жеті шелпек пісірген

Қасиетті ай – Рамазан.

Жүректерге гүл шығып,

Ғибрат алып сүреден,

Хаққа жасап құлшылық,

Ізгі тілек тілеген

Қасиетті ай – Рамазан.

Айтылғанда ақ тілек,

Жаратушы жебеген,

Періштелер бақ тілеп,

Қанатымен демеген

Қасиетті ай – Рамазан.



Ораза айында

Ораза айы.

Ауыз берік, құлақ жабық десем де,

Түсінбеймін, не боп жатыр,

не боп жатыр осы елде?!

Біреу күлді қопсытады көсеуге,

Біреу жалған қол соғады көсемге.

Құдайдан да пенделер жоқ қысылған,

Қойнына тас тығып алып өтті біреу тұсымнан.

Өңкей кекшіл болмай көпшіл, бір бірінен өш алып,

Қасқыр шапқан қойдай болып қырылуда мұсылман.

Қас қарая түнгі клуб есіктерін ашады,

Көлеңкелер қараңғылық қойнауына қашады.

Сатыр-сұтыр, тарсыл-гүрсіл,

жетіскендер жер тепкілеп, желігіп,

Шауып келе жатқан сынды қанішерлер жасағы.

Ауыр ойлар жанды жейді жегі құрттай мазалап,

«Арым


жаным садағасы»

дейтін бар ма азамат?!



Жейтін ауыз, естір құлақ, сөйлейтін тіл болған соң,

Қиын екен іш пен сыртты жүру күнде тазалап.

Мезгіл басқа, сағат шіркін сөйлегенмен бір тілде,

Жақсылықты аңсап жүрген, сорлы жүрек, бүлкілде!

«Бірі өлсін де, бірі қалсын!»

дейді біреу шарасыз,



Ауыз берік, құлақ жабық,

бірақ, көзді жұмып жүру мүмкін бе?!



Қадір түнгі тілек

Лəй-ла-ил-ла-ла!

Мұхамбет Расул-алла!

Алла!


Алла!

Алла!


деп


Соғып тұр ғой жүрегім.

Қабыл болсын оразаң,

Орындалсын тілегің!

Төбе болса,

тау болсын,

Сырқат болса,

сау болсын.

Кедей болса,

бай болсын,

Төрт құбыласы сай болсын!

Аш болса егер,

тоқ қылсын,

Аз болса егер,

көп қылсын,

Жоқ болса егер,

бар қылсын.

Қайғы-мұңын жоқ қылсын.

Еркін өскен ел болсын,

Елін сүйген ер болсын.

Өнері озған өзге елмен

Терезесі тең болсын!

Лəй-ла-ил-ла-ла!

Мұхамбет расул-алла!

Пітір

Ырзалығы үшін Алланың

Пітірді жылда төлеймін.

Фəнидің білдім жалғанын,

Батасын алдым кедейдің.

Зекет

Тірнектеп жинап жүргенде

Малыңнан берген зекетің,

Көпірге қылдай келгенде,

Тірегің болар өтетін.

Садақа

Досқа берген садақаң

Көтеріп шыққан тумен тең,

Қасқа берген садақаң



Құмға сінген сумен тең,

Масқа берген садақаң

Кемтар қылар умен тең,

Насқа берген садақаң

Солып қалған гүлмен тең,

Жетімге берген садақаң

Жүректен шыққан жырмен тең,

Жесірге берген садақаң

Ай орнына жылмен тең,

Кесірге берген садақаң

Ұшып кеткен бумен тең,

Əруаққа берген садақаң

Жайнап тұрған қырмен тең,

Залымға берген садақаң

Бірге берген онмен тең,

Ғалымға берген садақаң

Бірге берген мыңмен тең.

Бата

Жастайынан оқ жонса ата көрген,

Ырза болған үлкендер бата берген.

Сол батада – бабамның өсиеті,

Сол батада – анамның қасиеті.

Шаңыраққа батамен жарық толған,

Баталы құл олжаға қарық болған.

Мағына көп сырына үнілгенге,

Теріс бата берілген түңілгенде.

Тілек тілеп Алладан, жаятын қол,

Бата деген – Құранға баратын жол.

Құрбан шалғанда

Көрдім тағы құрбан шалу рəсімін,

Қара сиырдың байланбаған аяғы.

Бауыздаудың меңгерген ғой тəсілін,

Қас қасапшы байламай да сояды.

Алмас пышақ істеген соң білгенін,

Əппақ қарға ағып жатыр қызыл қан.

Қызыл қанды қорықпай басып жүрген кім,

Пейілден бе аяқ асты бұзылған?!

Сойған малдың жаны шықса қиналмай,

Қасапшыны теңемейсің жендетке.

Бір өзіңде жұмақ кілті тұрғандай,

Ырзалықтың нышаны бар келбетте.

Құрбан жайлы болады екен сан ұғым,

Бай кеуілді көрсеткендей мырзалық.

Құрбан шалу – күнəлардан арылу,

Құдіретті Жаратқанға ырзалық.


Үмітпенен өтіп жатыр өмірім,

Кемдік болса, кейін бəрі жөнделер.

Кешір, Алла!

Мейірім мен көңілін

Білдіргісі келген шығар пенделер.

Ойсыз жандар жан-күйімді сезбепті,

Білмей тұрмын.

Өңім бе, əлде түсім бе...

Айт күндері айтылатын сөз көп-ті,

Соның бəрін сақтап тұрмын ішімде.



Мешітте

Күмбездері – қалқандай,

Мұнаралар – найзадай.

Азан дауысын естісең,

Əуен-сынды жанға жай.

Жаны жомарт, пейілі кең,

Адам болса қысылған,

Оттай ыстық мейіріммен

Қол созады мұсылман.

Қолындағы Құраны –

Нұр төгілер шырағы.

Оқығанда намазды,

Сап алдында тұрады.

Жарапазан

«Мұхамбет үмбетіне жарапазан,

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!» –

Дейтұғын əке-шеше сөзі есімде,

Қарайды қалай ғана ел бетіне

Ауырмай оразасын тастаған жан.

Айтылсын үй сыртында жарапазан,

Сүт пісіп, тамақ қайнап, толсын қазан.

Мұхамбет үмбетіне жарапазан,

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!



Айт

Айт дегені – шер қалмасын ішіңде,

Айт күні де өсек емес, шындықты айт!

Айт дегені – тіл болмайды мүсінде,

Айт дегенде, көзің көрген сұмдықты айт!

Айт дегені – асыл сөздер ардақтар,

Айт дегенде, айылыңды жиясың.

Айт дегені – шешілмеген жұмбақтар,

Айт десе де, ауызды да тиясың.

Айтып алсаң, тыңдаған жан ойланар,

Айт деген соң, айту керек қалайда.

Айтпай қалсаң, ішке күйік байланар,



Айт десе де, айқайлама, абайла!

Айттық

– Айт мейрамы құтты болсын!

– Ендеше айттық сізден болсын!

Балалардың айтқа келген

Қайда жүрсе жолы болсын!

Көп жасасын айттық берген,

Қоржындары толы болсын!

Амал дəптер

Оңнан келсе амалың,

Жарқын болар жамалың,

Сүйсінерсің көргенде

Қараминнің қабағын.

Солдан келсе амалың,

Аз болғаны сауабың.

Қатибиннің көресің

Тұнжыраған жанарын.

Түзу жолды сап берген

Арылуға ап келген.

Қағыс қалмас ештеңе

Жазған амал дəптерден.

Ойпырмай!

Күн ұяға батып кетсе ай тумай,

Шөптің басы қимылдаса жел тұрмай,

Дейді қазақ:

«Ойпырмай!»

Төсегінде жатып алса бай тұрмай,

Тілдегі сөз қалған болса айтылмай,

Дейді қазақ:

«Ойпырмай!»

Мыстың өзі жарқыраса алтындай,

Тура сөзді айтса біреу тартынбай,

Дейді қазақ:

«Ойпырмай!»

Елден бұрын айтар сөзім сарқылмай,

Соның көбін жазып қойдым жай тұрмай,

Ойпырмай!



Санамен сенсең

Жүрегің сезіп,

Тіліңмен айтып,

Қиынға төзіп,

Жаныңды байытып,

Кіршіксіз сеніп

Иманың берік,

Пейіліңді беріп,



Көңілмен көріп,

Санаң да толқып,

Айтқанға көніп,

Жан-тəнің балқып,

Кетеді еріп.

Мұсылманның жауабы

Дінім – Ислам.

Раббым – Алла.

Пайғамбарым –

Мұхамбет ғалайсалам,

Расул Алла.

Кітабым – Құран,

Тілім – иман,

Нəсілім – Адам алейҺимсалам.

Ата-бабам əлімсақтан мұсылман,

Құбылам – Қағба,

Медет берер тірі жанға.

Қызық – алда,

Үміт арттым атар таңға.



Алла ұлы!

Аллаһу акпар!

Аллаһу акпар!

Аллаһу акпар!

Осылай баста

Онда да гəп бар.

Іштегі қатпар

Сырыңды ақтар,

Алланы мақта

Адалды жақтар.

Хақ қабыл қылса,

Пендесін сақтар,

Аллаһу акпар!

Аллаһу акпар!

Аллаһу акпар!

Сенемін!

Əмəнту биллаҺи!

Дайын қылған керегін,

Беріп тұрған қорегін,

Бір Аллаға сенемін.

Айтқан барлық дерегін,

Мөлшері мен көлемін,

Ұғындырған себебін,

Тек Құранға сенемін.

Көрсететін көмегін

Періштеге сенемін.


Бізге жеткен сəлемі

Пайғамбарға сенемін.

Жазмышқа да көнемін,

Ақыретке келемін.

Қиналатын шақ туар,

Не деп жауап беремін?!

Көзім жетіп тұрған соң,

Көңілім бекіп сенемін.

Осы сенім болмаса,

Түкке тұрмас өлеңім.



Мен осы қандай кісімін?!

Қазақтың киіп ішігін,

Келіспей жатқан ісі мың,

Керіспен өткен көп күнім,

Мен осы қандай кісімін?!

Əріден тартсам, ей, жаным,

Абылай ханның түсімін,

Кенеден қалған найзаның

Сынып бір түскен ұшымын.

Астары болсам кей сəтте,

Көрпенің кейде тысымын,

Жаз болса, саумал самалмын,

Қыс болса, суық сұсымын.

Күні ертең төбет болатын

Қыңсылап жатыр күшігім,

От болып лаулап жанатын

Адамның қатал мысымын.

Мақсаты ірі жан болса,

Үлкен де болсам, кішімін,

Арманға арман жалғанса,

Ұшқаны көңіл құсының,

Сырт жағы бүтін, іші мұң,

Періште де емес пішінім,

Пері деп ешкім айта алмас,

Мен өзім сондай кісімін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет