Иман – жүрек айнасы Ақылбек Шаяхметтің


Əйел көп пе, еркек көп пе?



Pdf көрінісі
бет26/26
Дата26.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#2738
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Əйел көп пе, еркек көп пе?

1.

Əйел көп пе, еркек көп пе жұмақта?

Əйел сыйлар ерлер көп пе, бірақ-та.

Қапелімде жауап таппай қаламын,

Тап болғанда осынау бір сұраққа.

Əйел көп пе, еркек көп пе тозақта,

Еркекті əйел тап қыла ма азапқа?

Ер ме, əйел ме, жүрсе дағы қай елде,

Күнəһарлар аз емес қой қазақта.

Бұл фəнидің жалғандығын кім білер?

Ер əйелді, əйел ерді бүлдірер,

Бірін бірі сүйреп кейде жұмаққа,

Кейде тамұқ отына да күйдірер.


Күйдірсе де қараймайды шын асыл,

Əркім жеке көтереді күнəсін.

Алланың да көңілінен шығады

Сақтай білген ата-баба мұрасын.

Саған қорған – мейірім мен қайырым,

Теңізде де суға батпас қайығың.

Жанған оттан құтқарады Жаратқан,

Пенделері білген бола айыбын.



2.

Тозақта еркек көп пе, əйел көп пе,

Айғақтар көп екенін д əлел көп пе?

Жұмақта еркек көп пе, əйел көп пе,

Əйелге ақылға бай сай ер көп пе?

Болғанд а əйел жарты, ер д е жарты,

Қо сылу екі жарты – ата салты.

Кейд е ері, кейд е əйелі алд а жүрер,

Қайсының күнəсі көп, Алла білер...

* * *


Алла сені аш қылып та сынайды,

Алла сені тоқ қылып та сынайды,

Алла сені бар қылып та сынайды,

Алла сені жоқ қылып та сынайды,

Бұл жалғанға келгеннен соң адамзат,

Қандай қиын іс болса да, шыдайды.

Құдіретті Жаратқанға өйткені

Сыннан өткен пенделері ұнайды.

* * *

Үй ішінде отырғанда



Бу шықса да шəйнектен,

Қатты аязда қысқы дала

Көрінбейді əйнектен.

Бəрін жасар Хақ-Тағала,

Көңілде жүр ой көптен.

Шын сыйынсаң, сақтар Алла

Түссе-дағы жай көктен.

* * *


Түн пердесін Күн нұры түрген кезде,

Тіршіліктің қадірін білген кезде,

Аспан ашық, ағаштар қар жамылған,

Шүкір деймін осыны көрген көзге.

Таңғы сəуле бөлмеге кірген кезде,

Қыбыр-қыбыр тұрғындар жүрген кезде,

Дала тыныш,

Тұп-тұнық жаратылыс,



Шүкір деймін осыны көрген көзге.

Қызыл түске көкжиек боялады,

Ұйқысынан бөбектер оянады,

Сəбилердің күлкісі қуантады,

Түн ұйқысын төрт бөлген кейуананы.

Аяқталып бұл түн де мамыражай,

Көше шуға толады көп ұзамай.

Күндіз дабыр көп болса, кеш батқанда

Тыныштықты қалайды жаным ұдай.

Тұрған болса тірлікке құлшынып кіл,

Орман болған кезі бар бір шыбықтың.

Түні бойы тынықсаң, таң атқан соң

Басталады күйбеңі тіршіліктің.

Күн менен түн жатқанда жағаласып,

Ырыздықты еңбекпен таба аласың.

Жұмыс жаса күнұзақ құлдай болып,

Түн болғанда патшадай дем аласың.

Тоқтамайды бір сəт те өмір көші,

Əр күн сайын өзгерер көңіл қошы.

Сүйіндірген жəне де күйіндірген

Байқап тұрсаң – фəнидің қызығы осы.

* * *


Бөлінбейд і ешқашан д еп жүрсек те іргеміз,

Бір анад ан тусақ та, бола алмад ық бірге біз.

Бөлек-бөлек бөлмеге қойд ы қамап бізд ерд і

Қойып қойған қарауыл өмір д еген түрмеміз.

Болған шығар қате көп, тура жолд ан ад асу,

Емд еп шыққан жан аз ба тағд ыр салған жарасын?!

Бал-шəрбаттай ешқашан д əмі кетпес таңд айд ан

Бөліп жеген жас кезд е қара нан мен қара су.

Біле алмад ым, жайлы орын тұр ма кұтіп ол жақта,

Тастай суық табанға көк мұз, əппақ қар жоқ па?!

Кешір, болса, күнəсі, жарылқашы, Раббым,

Көз беретін соқырға, қол беретін қол жоққа.

Көргенімд і айнытпай жазып жүрген ақынмын,

Жүрсем-д ағы қаймықпай, көптің бірі – пақырмын.

Иман бер д еп Аллад ан тілек тілеп тағы д а,

Дұға жасап, қолымд ы жайып, міне, отырмын.

* * *

Над анға алд ыңнан болар кез,



Қайтесің сөзіңд і шығынд ап.

Жүрсем д еп естімей жаман сөз,

Құлақты қоясың тығынд ап.

Көшед е жан көрсең көргенсіз,

Көзіңд і еріксіз жұмасың.


Шынд ықты айтуға д əрменсіз

Болғанд а тіліңд і тиясың.

Ауыз, көз, құлақ, тіл – ораза,

Ораза тек бір ай бола ма?

Ішіңд і, сыртыңд ы тазала,

Бұзатын нəрсеге жолама.

* * *

Кісілер бар – атағынан мінген атың үркетін,



Кісілер бар – тек жүрсең д е, шаптан келіп түртетін,

Кісілер бар – мысқылд айтын əр ісіңд і күлкі етіп,

Кісілер бар – жылағанд а көзд ің жасын сүртетін.

Кісілер бар – бетіңе айтсаң, шыға келер ісініп,

Кісілер бар – сөз сөйлесе, отырасың тұшынып,

Кісілер бар – мақсатыңд ы айтқызбай-ақ түсініп,

Кішілерд і құрметтесе – соның өзі кісілік.

Кісілер бар – сөзі көп те, істеп жатқан ісі жоқ,

Кісілер бар – талабы мен ниеті жоқ, күші көп.

Ізгі жанд ар бұл өмірге тектен текке келмеген,

Бұл фəнид е жүрген д ұрыс кішіпейіл кісі боп.

* * *


Біреулерге келемін ілесе алмай,

Біреулерд ен болсам д а көш ілгері.

Қызық, сайран, д уманд ы түгесе алмай,

Теріп жүрмін бұйырған несібемд і.

Түні бойы көремін тəтті түсті,

Күні бойы тағы д а жол жүремін.

Көрд ім талай арпалыс, қақтығысты,

Нəр татпаған кезім д е болд ы менің.

Фəни менен Бақид ың арасынд а

Келе жатқан пенд емін қара жолд а.

Кез болсам д а д ауыл мен бұрқасынға,

Қасқа күлкі, д о сыма таба қылма.

* * *

Жылу жоқ жер – тастай суық,



Жарық жоқ жер – қараңғы.

Күнд і көрсем ерте тұрып,

Нені білд ім таң алд ы.

Жомартпын д еп төсін соққан,

Сараңд ы д а көп көрд ім.

Жеңілгенд е есерсоқтан,

Өзімд і өзім жек көрд ім.

Жолд ағыны таптап өтер

Асқан кісі шамад ан.

Зұлымд ығын мақтан етер



Мейірімі жоқ ад ам.

Еленесің, еңбек қайтса,

Бо сқа өтпесін күнім д е.

Біреу саған алғыс айтса,

Көгересің түбінд е.

Тапсаң саған айтқан өкпе

До с д ертінің д ауасын.

Ар-ұятың тұрса бетте,

Иман жүзд і боласың.

* * *


Аллаға сенбеген,

Жөн сөзге көнбеген,

Тəубаға келмеген

Тозад ы.


Жалғанға төзбеген,

Шайтанға ермеген,

«Жақсы сөз – ем» - д еген

Озад ы.


Кіретін сыналап,

Күпірлік, қиянат

Ад амға, сірə, жат.

Аулақ жүр!

Шүкірлік, ғибад ат,

Жүрекке ұялап,

Бес парыз – тиянақ

Дəл қазір.

* * *

Тəй тұрд ым.



Қаз бастым.

Тағы аттад ым.

Қопард ым тоң болған қыртысты қап-қалың.

Бойыма жұқты ма тер төгіп тапқаным?

Біреуге жақтым.

Біреуге жақпад ым.

Артыма қарад ым.

Аялд ап, тоқтад ым,

Осынша жол жүрсем, бойымд а жоқ па мін?!

Арман не мінген соң сипалап ат жалын,

Кең жолға апарса кішкентай соқпағым.

Ілгері жүруге кей кезд е жоқ халім,

Көкірек кей кезд е – қайнаған от-жалын,

Рақат па, азап па, алд ына кеп тұрмыз

Ішінд е не бары беймəлім қақпаның...

* * *


Тəн емес, жанның д ерті асқынғанд а,

Дертке д ауа табылмас қас қылғанд а.

Жаратқанның сынағы д еп білеміз

Біреуд і тоқ, біреуд і аш қылған д а.

Құд айд ы д а кіналар қайғырғанд а,

Ақыл-ойын пенд енің сай қылған ба?!

Жаратқанның сынағы шығар, бəлкім,

Бірін кед ей, біреуін бай қылған д а.

Түсіп жүрсе кейбіреу құса-мұңға,

Біреу жүрсе бақыттың құшағынд а,

Біреуд і сау, біреуд і сырқат қылса,

Көзімізге көрсеткен нышаны д а.

Заманд а д а сұрқия, сұм алд аған,

Мезгілд е д е тапқанын құралмаған,

Өзіңе сен, өзгеге көзд і сүзбе,

Мед ет тіле жалынып Бір Аллад ан.

* * *

Асығы алшы түскенд ерге



Өмір бүк те, шік те емес.

Жемісі ерте піскенд ерге

Жолы болмай кеткен өш.

Сайран салып жүргенд ерге

Өмір д еген түк те емес,

Фəни сырын білгенд ерге

Өлім соңғы нүкте емес.

* * *


Қарап тұрсаң, ғажайып, өмір – айқас алаңы,

Бұғы, бұлан, еліктер – қасқырлард ың тамағы.

Ағын суд а шоршыған үнд емейтін балық та

Шығып қалса жағаға қарай алмас жарыққа.

Емін-еркін інінд е өмір сүрген кей тышқан

Іннен шықса құтылмас мысық д еген жыртқыштан.

Қиқу қо сып, құс салған білед і оның сырын ел,

Қаз-үйректер бүркіттің тырнағына ілінер.

Қанаты бар құстарға сөйлеу болса бір арман,

Сөйлей білген тоты құс тор ішіне қамалған.

Түйеқұстың, алайд а, сермесе д е қанатын,

Аспаны жоқ ұшатын, көлд ері жоқ қонатын.

Аяғы жоқ болса д а жорғалаған жыланның,

Жете алад ы тырмысып биігіне қыранның.

Құмырсқаның керемет тірлігіне қарашы,

Солай еңбек ете ме ад амзаттың баласы?!

Гүл-бақшад а шырынын сорып жүрген гүлд ің д е

Ара менен сонаның айырмасын білд ің бе?!

Оң мен солын əлі д е айырмаған ад амд ар,


Бір Алланың жаратқан ғаламына қараңд ар.

Үлгі, өнеге, тағылым – барлығы д а бар онд а,

Соның бəрі жазылған қасиетті Құранд а.

* * *


Жас келгенде көп пендеге ақирет те үрейлі,

Таудан биік күнəларын кім күрекпен күрейді?

Аңқау қазақ жақсы сөзді ағыл-тегіл жаудырып,

Періштенің құлағына шалынсын деп тілейді.

Кісі қайтса, дұға жасап, орын сұрап жұмақтан,

Аңқау қазақ жақсылықтан дəметуді ұнатқан.

Кім-кімді де жатсынбастан қойнына алар қара жер,

Бірақ, ешкім құтылмайды қабірдегі сұрақтан.

Бұл фəнидің жасап жүрсең неше түрлі амалын,

Қолың жомарт, жүзің жарқын, ашық болсын қабағың.

Арманың не тест тапсырған жақсы студент секілді

Дайын болса бар сауалға қайтаратын жауабың.

* * *

Тас атса біреу тасад ан,



Қалса д а од ан бас аман,

Күнəм көп білмей жасаған,

Күнəм бар біліп жасаған.

Біреулер тиіп шамыма,

Салғанд а жара жаныма,

Басымнан сөзд і асырмай,

Күнəлі болд ым тағы д а.

Сөйлесе д ұшпан мыстанд ай,

Тежейтін бойд ы күш қалмай,

Болғанд а ызам батпанд ай,

Сабырым болд ы мысқалд ай.

Өкпе мен реніш қалыңд ап,

Кетті ме күнəм ауырлап.

Жақсы мен жаман сөзд ерд ің

Барлығын жүрсем қабылд ап.

Бірд е олай, бірд е бұлаймын,

Қиынд ық болса, шыд аймын.

Пенд еге жаны ашыр д еп,

* * *

Үйге келген қонақ болса,



Дастарханға тамақ толса,

Əлпештеген ұл мен қызың

Қызметке жарап тұрса,

Жаратушы жарылқайд ы,

Жүзінен нұр тарап тұрса,


Түсед і Алла мейірімі,

Обал менен сауап болса.

Еңбек қылғын текке жатпай,

Бірақ, саусақ қимылд атпай,

Тіленгеннің күні құрсын,

Бір Аллаға қарап қалса.

* * *

Сүйінішті көрген көзге,



Айыз қанар айтқан сөзге,

Көңіл өсіп барад ы.

Уəд ед е тұра алатын,

Алға бассаң, қуанатын,

Жақсылықты құп алатын,

Алғы шепке сұранатын

Кісілер д е болад ы.

Анттан безген алд амшыға,

Жаның төзбес жалғаншыға

Қалай көңілің толад ы?!

Жақсы ісіңд і көре алмайтын,

Бар болса д а,бере алмайтын,

Ізгілікке ере алмайтын,

Арыз жазбай жүре алмайтын

Кісілер д е болад ы.

* * *


Шөлд егенд е, ауырғанд а,

Ізд егенд е д əру жанға –

Көзі түссін Құд айд ың.

Денге саулық, д о сқа қад ір,

Барға шүкір, жоққа сабыр

Сұраймын!

* * *

Көр д егенің ақыры ма жарықтың,



Көр д егенің шұңқыры ма тамұқтың?!

Құрметі ме қайтыс болған кісіге,

Жиналғаны моласынд а халықтың.

Туыс-туған жас төккенмен фəнид е,

Өлген кісі тірілмейд і, əрине.

Тіршілікте тумақ бар д а, өлмек бар,

Мұнд ай жағд ай қайталанар əр үйд е.

Кеткенд ер бар қасиеттті, шын асыл,

Кеткенд ер бар мойынд амай кінəсін.

Кім болса д а д ұға оқид ы молд алар,

Кешірсін д еп оның барлық күнəсін.

Бұл фəнид е бола алғанд ар сабырлы,



Елжіретер алпыс екі тамырд ы.

Жақсы ад амд ар ел ажалға қимайтын

Қайтқанд а д а болад ы екен қад ірлі.

Сөздік

Алла – Жаратушы, түркі тілдерінде – Тəңір, парсы тілінде – Хұда, қазақша – Құдай

Адам – алғашқы пайғамбар

Аллаһу акпар – Алла ұлы

Ар-Рахман – қайырымды

Ар-Рахим – мейірімді

Арафа күні (қазақтар қарапа деп те айтады) – Құрбан айттың алдындағы күн

Азан – намазға шақыру

Астапыралла – Алладан кешу тілеймін

Аһузу биллаҺи – Алла, сақтай көр!

Ахирет – Қиямет күні

Ахмет – Мұхамбет пайғамбардың бір есімі

Аят – Құранның бөлімі

Асхаб – серік, жолдас

Ансар – жақтас, Мұхамбет пайғамбармен бірге Меккеден Мəдинаға келген мұсылмандар

Айша – Əбубəкірдің қызы, Мұхамбет пайғамбардың əйелі

Əбубəкір – араб халифасы

Əмин – «О,Алла! Тілегімді қабыл ет!» деген мағынаны білдіреді

Əмина – аман болу

Əлхамду иллаҺи – барлық мақтау Аллаға лайық

Əлхамдулилла – Алла жасасын

Əл-кəусар – жұмақтағы сүттен ақ, балдан тəтті өзен

Əлімсақ – Əл-Мисақ-тың қазақша айтылуы, Алланың жаратқан күнінен бастап деген мағынаны

білдіреді



Əзірейіл (Азраиль) – пенденің жанын алатын періште

Əзəзіл – адамды азғырушы шайтан

Əзірет Əлі (Хазірет Ғали) – хазірет, Мұхамбет пайғамбардың күйеу баласы, төртінші халифа

Əйіп (Аюп) – Құранда аты аталған пайғамбар

Əлисағ – Құранда аты аталған пайғамбар

Бақи – мəңгі өмір

Басар – бар затты (иненің жасуын да) көруші

Бəтима – Мұхамбеттің қызы, Əлидің əйелі, Хасен мен Хұсайынның анасы

Бəйіт – өлең түрі

Бəдəуи – арабтың көшпелі тайпасы, негізінен түйе баққан

Бейіс – пейіш, жұмақ

Ғалайкумуассалам – Алланың нұры жаусын! (сəлемдесу)

Ғазал – өлең-жыр

Ғаршы-күрсі – Алланың мекені, Алланың тағы деген мағынаны береді

Ғашық – ынтық болу

Ғанибет – олжа, пайда

Ғафіл – бос қалу, надандық, қараңғылық

Ғафур – кешірімді

Ғибрат – өнеге, үлгі

Ғибадат – құлшылық жасау

Ғұсыл – суға шомылу, жуыну, тазару

Дəуіт – Құранда аты аталған пайғамбар

Дүния – өмір, Фəни мен Бақидың ортақ түсінігі (кейде дүние деп те айтылады)

Дүние – мүлік, зат, нəрсе

Жаппар – Құдіретті

Жақып (Якуп) – Ысқақтың баласы, Құранда аты аталған пайғамбар

Жақия (Яхия) – Құранда аты аталған пайғамбар

ЖаҺаннам – тозақ

Жəннат – жұмақтағы бақ

Жəбір – жапа, қиянат жасау, зорлық көрсету

Жебірейіл  (Гаврил)  –  Алла  мен  пайғамбар  арасында  байланыс  жасаған,  Құран  сөздерін

жеткізген періште



Жихад – Алла жолындағы қасиетті соғыс

Жүніс – Құранда аты аталған пайғамбар

Жүсіп – Құранда аты аталған пайғамбар

Зəмзəм – Меккедегі Қағбадан алынатын киелі су

Зəкария – Құранда аты аталған пайғамбар

Зекет – мұсылманның мұқтаждарға арнап берген салығы

Зікір – Алланы еске алу

Зүлкəфіл – Құранда аты аталған пайғамбар

Зүлжалал – ұлылық иесі, Алланың бір есімі

ИбраҺим (Абрам) – Құранда аты аталған пайғамбар

Иса (Иисус) – пайғамбар, Мəриямның ұлы

Исрафил  (Ысырайыл)  –  (қазақтар  Сұрапыл  деп  те  айтады)  Қияметте  дауылды  əкелетін,

адамдардың қайта тірілуін бақылайтын періште



Иман – ақиқатқа сенім

Имран – Мəриямның əкесі

Ихсан – Ислам дінінің маңызды сатысы, Аллаға жан-тəнімен сеніп,

онымен тілдесіп тұрғандай құлшылық қылу



Ихрам – құлшылық қылушының киімі

Имам  –  мұсылмандар  басшысы,  жетекші,  намазда  сапта  тұрғандарды  бастаушы  деген  ұғымды

білдіреді



Иншалла – Алланың қалауы болады

Иждиһад – ыждағат, ынта, беделді дін адамының іс-əрекеті

Истиқад – сену, нану

Ыдырыс – Құранда аты аталған пайғамбар

Ынсап – əділдік

Ықылас – адалдық, шынайылық

Ылаж – ем

Ысмайыл (Смайыл) – ИбраҺимның Ажар туған ұлкен ұлы, Құранда аты аталған пайғамбар

Ысқақ (Исках) – ИбраҺимның Сара туған екінші ұлы, Құранда аты аталған пайғамбар

Ібіліс адамға сəжде қылмаған, азғырушы шайтан

Ілияс (Илья) – Құранда аты аталған пайғамбар

Кəлима иман келтіру, Исламның бірінші шарты

Кəлəм – Құран (Алла сөзі), өзіне тəн сипатпен сөйлеуші деген мағынаны білдіреді

Қадыр түні – рамазан айының 27-ші түні

Қадим – көне, ескі

Қағба – құбыла, Меккедегі қасиетті мешіт

Қайыр – игілік

Қари – Құранды жатқа оқушы, білгір

Қарамин – амал дəптерге сауап жазатын періште

Қатимин – амал дəптерге теріс істерді жазатын періште

Кəпір – Аллаға сенбейтін кісі

Кəміл – жетілген

Кəмалат – кемеліне келу

Кəззап – өтірікші, жалған хабар таратушы

Құддыс – Иерусалим

Құтба – жұма намазындағы уағыз

Құзыр – əмір, билік

Құлқуалла ахад – Алла біреу

Күпірлік – қарсы келу, мойындамау

Лəй-ла-ил-Ал-ла – Алладан басқа құдай жоқ

Лаухулмахбуз – жазмыш тақтасы

Лұт – Құранда аты аталған пайғамбар

Мағрифат – оқу-білім, ағарту, дінді тану

Махмет – Мұхамбет пайғамбардың бір есімі

Махшар – ақырзаман күні болатын сот, адамның күнəсі тексерілетін жер

Малғұн – шайтанның аты

Мансұқ – жоққа шығару, мансұқтау

Мақұрым – құр қалған, айырылған

Мағрипат – Ислам дінінің бір сатысы, ғылым, білім, өнер

Мəшалла – Алланың қалауы осы

Мəлік – тозақ сақтаушысы

МəзҺаб – бағыт, ұстанған жол

Мəңкүр – көрде жауап алатын періште

Мəжнүн – есі ауысу

Мəуліт – Мұхамбет пайғамбар туған күн

Мəкүрік – көңіл қаламаған, жаратпайтын нəрсе

Мəсіх – дəрет алғанда сулы қолмен жасалатын рəсімдер

Мекайыл (Михаил) – табиғат құбылыстарын байқап, бағдарлап отыратын періште

Мысыр – Египет

Мінажат – жалбарыну, Аллаға арыз, тілек айту

Мүмин – Аллаға, оның əмірі мен заңына сенуші

Мүшірік – Аллаға серік қосушы немесе пұтқа табынушы

Мүшайра – ақындар жарысы

Мүсілім – мұсылман, бой сұнған, бағынған деген мағынаны білдіреді

Мүрит – шəкірт

Мұхтасар – ықшамдалған, қысқартылған

Мұғыраж – ережеп айының 26-нан 27-не қараған түн

Мұса (Мойсей) – Құранда аты аталған пайғамбар

Мұстафа – Мұхамбет пайғамбардың бір есімі

Мұнафиқ – екі жүзді

Мустахаб

кейде



жасалатын,

кейде


жасалмайтын

амал,


орындағандарға

сауап,


орындамағандарға күнə емес

Насихат – ақыл, үгіт

Нəби – пайғамбар

Нəпақа – несібе

Нəңкүр – көрде жауап алатын періште

Нұх (Ной) – Құранда аты аталған пайғамбар

Омар – екінші халифа

Оспан үшінші халифа

Пара (Құранның парасы) – бөлік

Парыз – мұсылманға міндетті амалдар

Пəруардігер – Құдай

Пəрмен – бұйрық, жарлық

Перғауын – Мысыр патшасы, фараон

Пешене – тағдыр, жазмыш

Пір – қолдаушы рух, сонымен бірге ұстаз деген мағынаны да білдіреді

Пырақ    пайғамбардың  тұлпары  (Мұхамбет  пайғамбар  пырақпен  ғарышқа  барып,  Алланың

дидарын көрген)



Раббым – тəрбие беруші, жаратушы

Рахман – рақымды

Расул алла – Алланың елшісі

Раджаб (ережеп) – мұсылман жыл санауының жетінші айы

Рисала – шығарма

Ризван – жұмақ күзетшісі

Салауат – Алладан пайғамбарға рақым тілеу

Сағидулла – Алланың көмекшісі

Сахаба

Мұхамбет пайғамбардың көзі тірісінде Ислам дінін қабылдағандар



Салық (Салих) – Құранда аты аталған пайғамбар

Сайтан – шайтан

Сами Юсуф (Сəми Жүсіп) – мұсылманша илəһи əндерді орындаушы араб əншісі

Сүлеймен – Құранда аты аталған пайғамбар, су патшасы деп те айтылады

Сират – тозақ үстінен салынған қыл көпір

Сұбыхан – дəріптеу, Алланы мақтау

Сұбыханалла – Аллада мін жоқ, Алла ұлы

Сыдық – шыншыл, шынайы

Сүре – Құранның тарауы

Сүннет – мұсылмандар атқаруға тиісті іс-əрекет

Сүннит – Ислам дінінің негізгі тармағы

Тарауық – рамазан айында ауыз ашқаннан кейін оқылатын намаз

Тариқат – Ислам дінінің бір сатысы, таным жүйесі, тарих

ТауһидИслам дінінің негізі, Алланы бір, жалғыз деп білу, мойындау

Тəпсір – Құранға түсінік

Тəсбих – құлшылық жасауға арналған, жіпке ілінген тастар

Тəмəм – аяқталған, біткен іс

Тəуба – шүкірлік қылу, райдан қайту

Тəурат – Тора (Мұсаға түскен кітап)

Тəкбір – Аллаға мадақ айту

Төрт кітап – Тəурат (Мұсаға), Забур (Дəуітке), Інжіл (Исаға) жəне Құран (Мұхамбетке) түскен

Түлен – шайтанның аты

УаҺи – Алладан пайғамбарға келген нұсқау

Уəжіп (уəзипа) – мұсылмандар орындауға тиісті іс-əрекет, борыш

Үмбет – жамағат, қауым

Үшір (құшыр деп те айтылады) – зекетке төленетін астық өнімі, барлық өнімнің оннан бір бөлігі

Фатиха (батиқа) – Құранның беташар сүресі, бата деген мағынада да қолданылады

Фасыл – бөлім

Фəни – жалған

Фəтуа – пəтуа, келісім

Харам – арам, тыйым салынған нəрсе

Халал – адал, рұқсат етілген іс-əрекет, жеуге жарамды тағам

Ханас – араға от салушы шайтан

Хасен (Хасан) – Əлидің ұлы (Бəтимадан туған)

Хақиқат – күмəні жоқ, анық

Хабибулла – Алланың сүйіктісі

Хадис  –  пайғамбардың,  оның  серіктерінің  жасаған  амалдары  жəне  өсиеттері  айтылатын

хабарлар


Халил – сүйікті

Хақ – ақиқат

Халифа – халифаттың (мемлекеттің) патшасы

Хұсайын (Хусейн) – Əлидің екінші ұлы

Хижра  –  жыл  басы,  мұхаррам  айының  бірінші  күні,  622-ші  жылы  Мұхамбет  пайғамбардың

Меккеден Мəдинаға көшкен жылы



Хиджаб – ұзын көйлек

Хикмат (хикмет) – даналық

Хиссаб – қисап, есеп

Шадияр (шахарияр) – төрт дос (Əбубəкір, Омар, Оспан, Əли) – пайғамбардың ізбасарлары деген

мағынада


Шаһит – дін жолындағы соғыста қаза тапқан кісі

Шахар – қала

Шариғат – Ислам дінінің ережелері, заңдары

Шайыр

ақын


Шафағат – жəрдем қылу, шапағаты тию

Шəк – күдік

Шиіт – Мұхамбет пайғамбардың жолын мойындамайтын діни ағым

Шифа – шипа, ем

Шүкір – рахмет

Шүбə – күмəн

Шұғайып – Құранда аты аталған пайғамбар

Ширк – Аллаға серік қосу

Һарұн – Құранда аты аталған пайғамбар

Һəмма – барлығы

Һұд – Құранда аты аталған пайғамбар

Автор туралы

Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек Қожаұлы

Шаяхмет Қостанай облысының Жітіқара ауданында Желқуар ауылында 1951 жылы 17

маусымда туған. Жітіқара қаласында қазақ мектебін бітіргеннен кейін «Шевченко» кеңшарында

шопан болып жұмыс істеді. 1968 жылы оны Əулиекөл аудандық газетіне қызметке шақырады.

Одан кейін Алматы облыстық «Жетісу», Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеттерінде,

облыстық телекомпанияда жұмыс істеді. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің

журналистика факультетін жəне Москвада Əдебиет институтын бітірген.

А.Шаяхмет    филология  ғылымдарының  кандидаты,

Ахмет Байтұрсынов атынд ағы

Қо станай мемлекеттік университетінің профессоры, халықаралық шығармашылық

Акад емиясының корреспонд ент-мүшесі, ҚР мəд ениет қайраткері, Қазақстанның құрметті

журналисі.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан жазушылар

одағының Қостанай жəне Торғай облыстары бойынша əдеби кеңесшісі, облыстық тіл басқармасы

бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі Қостанай облыстық комитеті төрағасының

орынбасары, облыстық мəдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыстық білім

департаменті директорының орынбасары, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік

университеті Қазақ жəне орыс филологиясы институтының директоры, журналистика

факультетінің деканы, ҚМУ Медиа-орталығының директоры болып қызмет атқарды.

СССР жазушылар одағына 1983 жылы қабылданған. Қазақстан жазушылар одағы

басқармасының мүшесі. «Ана тілі» газетінің лауреаты. «Дала қоңырауы» газетінің тұңғыш

ұйымдастырушысы жəне редакторы болды. Ахмет Байтұрсынов атындағы медальмен, «ҚР

тəуелсіздігіне 10 жыл» жəне «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Бұқар жырауға,

Бейімбет Майлинге, Нұржан Наушабайұлына арналған республикалық мүшайралардың

жеңімпазы. 2007 жəне 2008 жылдары өткен республикалық ұлттық «Астана-Бəйтерек»

конкурсының жеңімпазы. 2008 жылы өткен «Бір өлең-бір əлем» республикалық мүшайрасының

жəне «Дарабоз» бəйгесінің жүлдегері.

Тұңғыш жинағы 1977 жылы жарық көрді. Республика баспаларынан отыздан астам кітабы

басылып шыққан. Автордың өлеңдері орыс жəне шет ел тілдеріне аударылған.

«Есте қалар ел тарихы», «Ел есіндегі есімдер», «Тыңда туған», «Пирамида», «Шынар»,

«Көзімді ашып-көргенім», «Жұлдызды дəуір», «Жер-бесік», «Мөлдір бұлақ», «Тайбағар»,

«Ақсұлу» деп аталатын прозалық, өлеңдер жəне поэмалар жинақтары оқырмандардың

ықыласына бөленді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет