Иман – жүрек айнасы Ақылбек Шаяхметтің



Pdf көрінісі
бет1/26
Дата26.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#2738
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Иман – жүрек айнасы

Ақылбек

Шаяхметтің

өлеңдер

жинағына

имандылық

туралы

жырлар

топтастырылған.

Бұл

жинақ жыр тілімен жазылған ақын шыны, жүрек жыры, көңіл сыры.

Кітапта  Ислам  дінінің  артықшылығы  тайға  таңба  басқандай  айшықталған.  Төрт

бөлімнен құралған кітапқа енген жырлар төрт құбыламызды түгендеуге тырысқан автор

ойларына арқау болған.

Ақылбек Шаяхмет

Иман – жүрек айнасы

Ө л е ң д е р

Бірінші бөлім

Алла!

Алла!

Алла! - деп

Соғып тұр ғой жүрегім

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз жол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі Хаққа қол емес.

Абай

Ислам

Narrisch, daß jeder in seinem Falle

Seine besondere Meinung preist!

Wenn Islam Gott ergeben heißt,

In Islam leben und sterben wir alle.

Анау-мынау нəрсе туралы оңды-солды ой шығындау қандай ақымақтық. Егер Ислам

Аллаға мойынсұну болса,біз бəріміз Исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз.

Иоганн Гете

Жасаған күнə алғашқы

Адамның діні – Ислам.

Ұрпаққа кейін жалғасты

Ғаламның діні – Ислам.

Сөздері жұртқа тараған

Мұсаның діні – Ислам.

Кəпірлер Құдай санаған

Исаның діні – Ислам.

Құрсақта жатып жетілген



Баланың діні – Ислам.

Мінəжат жасап, өкінген

Дананың діні – Ислам.

Хақ

Құдіретті бір Хақ озық баршадан,

Мадақ, мақтау, құрмет лайық бір соған!

Жүсіп Баласағұн

Хаққа сену – ақ болу,

Сүттей таза, пəк болу,

Жамандықты жек көру,

Жақсылыққа жақ болу,

Тап болса да қандай іс,

Хаққа сену – нақ сену!

Қолыңдағы барың да,

Басыңдағы бағың да,

Астыңдағы тағың да,

Хаққа сенім жоғыңда

Құтқармайды ешкімді

Ертең өлер шағында.

Дана кітап

Он милосерд: Он Магомету

Открыл сияющий Коран.

Да притечем и мы к свету,

И да падет с очей туман.

Александр Пушкин

Проклят тот,

Кто велений Корана не слышит,

Кто угас для молитв и битв,



Кто для жизни не дышит...



Иван Бунин

Пушкин түгел оқып шығып Құранды,

Бірде бір сөз таба алмаған күмəнді.

«Қарғыс атар тыңдамаса Құранды!»

Деген екен Иван Бунин сыралғы.



Ғалым Кусто от пен суға шыдамды,

Көзі жетіп, қастерлеген Құранды.

Өмірі нұсқа, жүрген талай тартыста

Мұхамбетті мойындаған Маркс та.

Басқа дінге нағыз шындық алыс қой,

«Мұсылман деп таны!»

деген Толстой.



Бұл жалғаннан ақиқатты қалаған

Гете де өзін мұсылман деп санаған.

Өмірінде асып-тасып, саспаған,

Кант бар ісін «Бісімілладан» бастаған.



Құл Қожахмет жасап Хаққа құлшылық,

Бүгін оның орнына тұр гүл шығып.

Қажылыққа барып қайтқан Шəкəрім

Толтыр деген мұсылманның қатарын.

Пенделердің бақытты Һəм құсалы

Толып жатыр айтып кеткен мысалы.

Олай болса, толып жатыр дəлел де,

Құран кəрім – дана кітап əлемде.



Кешір, Алла!

Жылға парыз – он екі айда келген құрбан,

Айға парыз – отыз күн ораза,

Күнге парыз – бес уақыт намаз...



Тоқсан би

Күн мен түннің парызын жүрміз бе біз орындап,

Ай мен жылдың парызын жүрміз бе біз орындап?

Ұзақ жолға шыққанда əр жерде бір дамылдап,

Өтелмеген парызым бара жатыр қалыңдап.

Қараша жұрт патшаны отырса да мойындап,

Хан да, бірақ, парызын отырған жоқ орындап.

Парыз шетте қалған соң қарыз шіркін көбейіп,

Ел мен жердің қайғысы бара жатыр қалыңдап.

Өмір жолы шұбалаң сан тарапқа бұрылмақ,

Жасырамыз көп жайды ойнағандай тығылмақ.

Бұл тірлікте есірдім, кешір, Алла, кешіргін,

Бозторғайдай парызым тұрып алды шырылдап.

Дін – ғылымның бастауы

«Оқы!»  деген  сөзді  ең  алдымен  Мұхамбет  пайғамбарға  Жебірейіл  періште

айтқан.  Одан  кейін  Мұхамбет  пайғамбар:  «Оқы,  оқы,  тағы  оқы!»  –  деген.  Осы  сөзді

кейінгілер өздеріне жапсырып жүр. Негізінде – бұл Алладан келген сөз.

«Дін – апиын!» дегендердің

Саналары уланған.

Елдің қамын жегендердің

Көкірегінде нұрлы арман.

«Оқы, оқы, оқы!»



деген


Емес көптің кеңесі.

Бір Алланың атыменен

Түскен Құран сүресі.

Ел-жұртыма болған қорған,

Ғылым – білім асқары.

Барлығына негіз салған

Дін – ғылымның бастауы.

Жаратушы біреу ғана

Мəриямның ұлы Иса да бір Аллаға табынған, жерлестері иланбай, Алланың

кереметін көрсет дегенде Аллаға ғана жалынған. Өздерін Христостың жолында


жүрген христианбыз дейтін орыстар шені жоғары адамды господин дейді. Бұл сөз

мағынасы жағынан мырза дегенге жақындау. Бірақ, господиннің түбірі господ один,

жаратушы біреу дегенді білдіреді. Сол сияқты рахмет айтқан кезде сол орыстар

спасибо дейді. Спасибоның да төркіні белгілі – спаси бог, яғни, Құдай сақтасын деген

сөз. Ендеше, Исаны туған Марияны құдай-ана, одан туған Исаны құтқарушы құдай

дегендер осы сөздердің байыбына барды ма екен?!

Жаратушы біреу ғана,

Оған серік қоспаңыз.

Адамға сол болған пана,

Қажеті жоқ басқа аңыз.

Тірлігінде құса жеген,

Шыға алмаған мың ойдан,

Құтқарушы Иса деген

Құтылмайды Құдайдан.

Сөз түсінер орыс қайда?

Адал сөзге қол қойған

Аты мəшһүр Толстой да

Исламға ден қойған.

Көкірекке салған жара,

Адасқанда бұлай көп,

Жаратушы Алла ғана,

Одан басқа Құдай жоқ.

Таусылмасын қуат-күшім,

Өзің қолдап, рахым ет.

Көріп жүрген күнім үшін,

Алла, саған рахмет!

Жаратқанға құлшылық

Бір ғажабы, ешқандай дінге мойынсұнбайтын, атеистік көзқарастағы

адамдардың өзі бір Жаратушының алдында дəрменсіз, тіпті, оған қалай жалынып-

жалбарынып отырғанын өзі де байқамайды. Мысалы, кез келген көл-көсір дастарханда

олар бір-біріне денсаулықтан бастап болашаққа дейін тілек тілейді. Сонда бұл

тілекті кімнен тілейді? Кім орындайды, кімнің құлағына шалынады деп тілейді?

Əрине, қонақ қылған үй иесі де, сол отырыста болғандар да бұл тілектердің бірін

жасаса да, бірін жасауға қауқары жетпейді. Олай болса, тілектің өзі Алладан сұрау

болып шықпай ма? Өзі не айтып тұрғанын да аңғармай, «Слава Богу, я - атеист»

дегендер де болған.

Ендеше  əлі  де  партбилетін  көзінің  қарашығындай  сақтап  жүрген  коммунист

атеистерімізді «діндарлардың» қатарына жатқызуға болатын шығар.

Елді қырсық шалғанда,

Жамағаты ұйымаған имамға.

Кремльді Қағба санап жүргенддер

Тəжім еткен Иванға.

Қара бет қып бір бетін,

Пайғамбар деп көсемінің суретін

Төріне іліп қастерлеген байғұстар



Партиялық билетін.

Секілденіп көреген,

Тост көтеріп, жұртқа тілек тілеген,

Сол ниетін орындаушы өзі емес,

Ессіз еді не деген?!

Отыр бүгін күрсініп,

Терек құлап, өсіп шықты мың шыбық.

Тілек деген – жалбарыну Аллаға,

Жаратқанға құлшылық!

Қоңырау

Герценді Европаны оятқан қоңырау, яғни, колокол деп атағаннан ба екен, ұлы

ағартушы Ыбырай Адтынсаринді де даланың алып қоңырауы деп атау тілімізге сіңіп,

қалыптасып кетті. Ғафу ақынның «Дала қоңырауы» деген дастаны да осы ұғымды

құлағымызға сіңісті қылды. Мектеп шəкірттері арасында тұңғыш қоңырау, соңғы

қоңырау деген ұғымдар пайда болды. Осы қоңырау əлі күнге дейін білім ордаларындағы

орныққан орнынан айырылатын емес.

Қоңырау  деген  сөздің  байыбына  баратын  болсақ,  біздің  қазақ  артынан  сөз  ерген

адамды  соңыңда  қоңырауы  бар  дегенін  естігенбіз.  Шынында  да  даладағы  қазаққа

өрістегі  алысқа  ұзап  кеткен  малды  іздеу  үшін  мойнына  қоңырау  тағып  қойғаны

болмаса, қоңыраудың басқа қажетке керегі шамалы.

Түрік елінде лицейлердегі үзіліс арнайы белгіленген əдемі əуен арқылы

хабарланады. Тағылым аларлық үлгі. Қоңыраудың түп негізінде шіркеу қоңырауы

жатыр. Мектептерге қоңырау миссионерлік саясаттың нəтижесінде енгізілген.

Сондықтан да түптің түбінде самбырлаған, қаңғырлаған, даңғырлаған, дыңғырлаған

қоңырау үнінен құтылғанымыз абзал.

Əр мекенде тіркеулі,

Ниеттері бүркеулі,

Көрсек көңіл құлазыр

Қаптап кеткен шіркеуді.

Көше толған, қарап қал,

Қоңыраулы сағаттар.

Қоңыраумен басталып

Жатыр барлық сабақтар.

Қаңғыр-күңгір қоңырау,

Еститіндей саңырау.

Азан-қазан қылғанға

Жаза бар ма, Тəңір-ау!

Шығып жатса тағы дау,

Керек екен налымау.

Əжем сиырдың мойнына

Тағушы еді қоңырау.

Тыңдағанды құл етер,

Жат ғұрыпты түнетер.

Қоңырауға бұл жұртты

Құмар қылған кім екен?!


Араб сөздері

Арқалы ақын Нұржанның «Несе фасыл, неше бап» деп басталатын термесі бар.

Осындағы фасыл сөзі араб тілінде бөлім деген мағынаны білдіреді екен. Ал қайыр

(игілік), ынсап (əділдік), ықылас (адалдық), кəззап (өтірікш), мақұрым (құр қалған,

айырылған), ғашық(ынтық болу) мəжнүн (есі ауысу) секілді сөздер де қазақ тіліне араб

тілінен енген, бірақ қазір құлағымызға əбден сіңісті болып кеткен.

Тарих,тəрбие,тəуба,тəжірибе, қалам, сандық, зұлым, шипа, мүлік, мəрмар, шам,

шайтан секілді сөздер де қазақтың төл сөздеріндей жағымды естіледі. Қазақ тілімен

біте қайнасып кеткен сөздер қатарына ылажды да жатқызуға болады. Ылаж ем деген

сөз екен. Қазақ шарасы таусылғанда ылажым жоқ дегені мұның емі жоқ дегені ғой.

Жиі айтылатын шүкір сөзі араб тілінде рахмет болып шығады. Яғни, шүкір дегеніміз

- Аллаға рахмет деген мазмұнға сəйкес келеді. Араб тіліндегі шəк, шүбə сөздері

қазақша күмəн, күдік дегенді білдіріп, қазір осы сөздердің синониміне айналып кеткен.

Фатиха сөзі арапша сөз басы, кіріспе деген ұғымды білдірсе, біз оны көбінесе бата,

тілек мағынасында қолданамыз. Құранның алғашқы сүресі де Фатиха деп аталатыны

белгілі. Мүсəпір сөзі арабша қонақ, жолаушы болса, қазақта да ертеде солай болған.

«Үйден қырық адым шықсаң мүсəпірсің» деген сөздер сол кезде туған. Бірақ, көп жерде

қазіргі уақытта осы сөз кері мағынасында, бишара сөзінің баламасы ретінде

қолданылып жұр.

Араб тіліндегі кісі есімдері де қазақ арасында көп тараған. Пайғамбарлар

есімдерін былай қойғанда (Мұхамбет, Дəуіт, Мұса, Иса, Ибраһим, т.б) Мұхтар –

құрметті, таңдаулы, сыйлы дегенді білдірсе, Сəлім – аман-сау дегенге саяды. Қамар

деген қыз есімі ай деп аударылады. Сұлтанмахмұттың Қамар-сұлуы қазақтың Айсұлу

есіміне ұқсас.

Арабтар  бізге  Ислам  дінін  ғана  емес,  өзінің  тілін  де  əкелгені  анық.  Алайда,  араб

сөздерін  ауызекі  тілде  бұлжытпай  сол  қалпында  айтамын  деу  əурешілік.  Құран

сөздерін ғана өзгертпей айтқан жөн. Ал басқа кірме сөздер қазақ тілінің естілу жəне

жазылу заңдылығына сүйенуі керек деп ойлаймын.

Ботқа жеген адамдай батыстырып,

Көрсетеді кейбіреу оқыс қылық.

Алла деген ауызға келген сөзді

Имамдар жүр Аллаһ деп шатыстырып.

Алланы айтсақ көңілге қайғы аларда,

Құлшылығың тірлікте жай қалар ма?

Құлаққа да жағымды Құдай атын

Тамақ қырнап айтқаннан пайда бар ма?!

Өзге тілді білмесек қысылғанбыз,

Сөзді неге бастаймыз ұшынан біз?

Алла деп Абай да айтқан, талай да айтқан,

Араб емес, қазақпыз, мұсылманбыз.

Байқап тұрсаң

...Қазақ  құлшылығым  Құдайға  лайық  болса  екен  деп  қам  жемейді.  Тек  жұрт

қылғанды  қылып,  жығылып  тұрса  болғаны.  Саудагер  несиесін  жия  келгенде,

«тапқаным осы, біттім деп, алсаң ал, əйтпесе саған бола жерден мал қазамын


ба?»  –  дейтұғыны  болушы  еді  ғой.  Құдай  Тағаланы  дəл  сол  саудагердей  қыламын

дейді.  Тілін  жаттықтырып,  дінін  тазартып,  ойланып,  үйреніп  əлек  болмайды.

«Білгенім  осы,  енді  қартайғанда  қайдан  үйрене  аламын»  –  дейді.  «Оқымадың

демесе болад-тағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді.

(Абай. Он алтыншы сөзден)

Байқап тұрсаң, кей адам

Намаз оқыр көз қылып.

Өзі ғана ақ, адал,

Елді жүрер сөз қылып.

Айтқан сөзі – шариғат,

Жасағаны – ишара,

Көкірекке ақиқат

Қонбай жатса, не шара?!

Қажыларға қол беріп,

Сопылардан сөз теріп,

Имамдарға жол беріп,

Кете алмадым өзгеріп.

Қажетіме жараса,

Неге түсем егеске.

Жүзім қайда қараса –

Сол құбыла емес пе?!

Құмырсқа

Мұсылманның ниеті жасаған ісінен қайырлы.

(Мұхамбет пайғамбардың хадисінен)

Шыдап жүрген ауыр бейнет, жұмысқа,

Қажылыққа бет түзеді құмырсқа.

Арып-ашып, таусылардай тынысы,

Қысқа күнде өңбей қойды жүрісі.

Жол азабын көріп тіпті қажыған

Құмырсқаның қоңыз шықты алдынан.

Ей, Құмырсқа!

Құр сүлдерің қалыпты,

Мұндай сапар саған аса қауіпті.

Құмырсқа айтты:



Пешенемді көрермін,

Жете алмасам, осы жолда өлермін.

Ей, пенделер!

Хақты жақсы көретін,

Құмырсқадай қабыл болсын ниетің!

29 күндік ораза

Рамазан оразасын ай туғанда бастап, келесі жаңа ай туғанда аяқтау керек.

Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  бір  хадисінде:  «Жаңа  туған  айды  көрген  кезде  ораза

ұстаңдар, екінші жаңа туған айды көрген кезде оразаларыңды тоқтатыңдар»,  

деген.  Оразаның  29  немесе  30  күн  ұсталуы  айдың  көрінуіне  əр  елдің  əртүрлі


қарайтындығына байланысты екен. Айдың көрінуін астрономиялық есептеулерге

сүйене  отырып  анықтаған  жөн  секілді.  Мысырдың  бас  мүфтиі  Əли  Жұманың

«Əл-Баян»  атты  кітабында  айдың  туғанын  бүгінгі  озық  технологияны

пайдаланып,  дəл  есеппен  анықтауға  болатыны  айтылған.  Біздің  бабаларымыз

отыз  күндік  ораза  деуші  еді.  Ал  кейбір  деректерде:«Ислам күн тізбесімен емес,

ай тізбесімен жүреді. Күн тізбесінде 365 күн бар болса, ай тізбесінде 354 күн бар.

Ай тізбесі бойынша алдыңғы 6 ай 29 күнге, ал қалған 6 ай 30 күнге толады»

делінген.

Қырық үш күні кем болып,

Жетілмей қалған Бурылдай,

Отызға тағы тең болып,

Қалды ма бір күн бұйырмай.

Құбылған мынау мезгілде

Отыз күн болса ораза,

Шəйіт боп кеткен сол күнге

Оқи ма біреу жаназа.

Тілекті Алла қабыл қып,

Салтанат шындық құрардай.

Есептен қалай жаңылдық,

Отырмын соны біле алмай.

Алладан басқа Құдай жоқ

Құдайдың бар екенін Мұса өз қауымына, Мұхамбет бүкіл адамзатқа білдірді,

танытты...  Тек  Құран  негіздерінің  тура  екендігіне  сенемін.  Бұл  жол  адамдарды

бақытқа жетелеуші.

Наполеон Бонапарт

Өткен ғасырда философ Роже Гароди, хореограф Морис Бежар, мұхит

зерттеуші Жак-Ив Кусто мен хирург Морис Бюкай Ислам дінін қабылдады,

католик пірəдары Жан-Мари Дюшемен Əбділмəжит деген арабша есім алып,

тілін кəлимаға келтірді.

БАҚ материалдарынан

Исламның парызы –

Мұсылманның міндеті.

Белгі болған əр ізі –

Пайғамбардың сүннеті.

Түзу жолдан шықпайды

Көкірегі шер кісі,

Айтқан сөзді ұқпайды

Түсінігі кем кісі.

Лəй-ла-ил-ла-ла!

Мұхамбет – расул алла!

Алладан басқа Құдай жоқ,

Мұхамбет – оның елшісі.

Төрт шаҺариар


Мұхамбет  пайғамбар  заманынан  басталған  хақ  жолындағы  күресте  Əбубəкір

(632-634), Омар (634-644), Оспан (644-656), Əли (656-661) Исламды таратуда көп еңбек

сіңірді.

Əбубəкір, Омар, Оспан, Əлиді

Қол жайғанның бəрі тегіс таниды.

Төрт шаҺариар тілге келер дұғада,

Болғаннан соң істері əділ, жаны игі.

Төртеу егер түгел болса төбеде,

Мұсылманды жасанған жау жеңе ме?!

Төрт халифа пайғамбарға жар болған,

Оларды айтсаң – ұрынбайсың пəлеге.

Құран кəрім

Кітаптардың кітабы – Құран.

Мен нағыз мұсылманмын.

Иоганн Гете

Пайғамбардың айтуымен түзілген,

Айналасың Құран кəрім сөзінен.

Əрбір əрпі бал боп тамған секілді

Пендесіне Құдіреттің өзінен.

Осы күнге келіп жеткен дін аман,

Құран сөзін халифа Омар құраған.

Бір сөйлемін, бір сөзін де өзгертпей,

Алла тағы адамдарды сынаған.

Жазған аят тас пен сүйек, теріге,

Түгел жеткен көшпелі араб еліне.

Хазірет Оспан көшірмесін көбейткен,

Ежелден-ақ тартып туған тегіне.

Мұсылманның баяндалған амалы,

Сол Құранды қойсаң бүгін жоғары,

Көп сауалға дайын берер жауабы,

Адамзатқа көп тиетін сауабы.

Құранды тыңдағанда

Коран – это святая книга мусульман, переданная им посланником Божьим –

Мухаммадом. В мусульманской теологии есть термин «иджаз», который означает

«быть бессильным создать что-либо подобное тому, что создано Аллахом», а ведь

Коран и есть Калямулла (Слова Господни).

Валерия Порохова

Жиі алып демімді,

Жас кернеп көзімді,

Өзгертіп өңімді,

Жан-жүйем семірді,

Жұмсартып темірді

Көз жасым төгілді,

Иманға сенімді

Жүрегім езілді,


Тексеріп төзімді,

Балқытып сезімді,

Пыраққа мінгендей,

Жұмақта жүргендей

Сезіндім өзімді.

Құран сөзі

Діндердің  ішіндегі  ең  жасы,  ең  жасампазы,  ең  ақылға  қонымдысы,

сенімдісі, ғылыммен де үндес – Ислам

Фридрих Энгельс

Алғашқы беті Құранның –

Күн ұядан шығар күн.

Əр аяты Құранның –

Ғибраты шыдамның.

Құран сөзі –

Тілге тиек,

Ойға тірек.

Ұғады оны –

Таза тілек,

Жылы жүрек.

Əр сүресін Құранның

Өнеге деп ұғармын.

Əрбір сөзі Құранның –

Қазынасы қоғамның.

Құран үні –

Тірлік ділі,

Өмір жыры.

Айтқан сыры –

Ислам діні,

Хақтың тілі.

Соңғы беті Құранның –

Қайтадан күн шығар күн.

Жаратқан

Восток принадлежит Создателю,

Запад принадлежит Создателю,

Иоганн Гете

Таң атқан соң күн батқан,

Күн батқан соң таң атқан,

Шығысты да жаратқан,

Батысты да жаратқан,

Елді аузына қаратқан

Құдіретті Жаратқан!

Шипа

Сүрелердің мазмұны,

Аяттардың ұйқасы –

Сенімдердің молдығы,



Ол – Құранның шипасы.

Хадистердің ақылын

Ғибрат қылса мың кісі,

Жадыратқан жақынын,

Ол – Құранның үлгісі.

Кəлимаға тіл келіп,

Жүрегіңнің соққаны,

Болсын деген дін берік,

Ол – Құранның тоқтамы.

Жүз он төрт сүре

Құранның жүрегі

Жүз он төрт сүрені

Ақ, адал тілегі,

Қарилар біледі.

Жаттаған үнемі

Жүз он төрт сүрені,

Иманды адамның

Болады тілеуі.

Сананың қорегі

Жүз он төрт сүрені

Түсінген мұсылман

Жəннатқа кіреді.

Киелі

Ағаштардың барлығын қалам қылсам,

Көңілдегі ойымды тəмəм қылсам,

Таусылмайды, бəрібір, киелі сөз.

Өтсе-дағы жаз бен қыс, күзім қанша,

Жауған қардай қағазда ізім қалса,

Тамшылайды, бəрібір, киелі сөз.

Теңіз суын түп-түгел сия қылсам,

Ізгілікке жүректі ұя қылсам,

Жоғалмайды, бəрібір, киелі сөз.

Қалам, қағаз, сиямен Алла берген

Келер ұрпақ, сол сөзді жалға дер ем,

Тоналмайды, бəрібір, киелі сөз.

Мінажат

Көріп, естіп, түйсініп,

иіс сезіп, дəм алған

Адам басқа хайуаннан

артық болып жаралған.

Сондықтан да қорегін

тауып жеген адалдан,

Қанағатқа шүкір қып,

қашық жүрген арамнан.

Бірақ, сырты жылтырап,



қол берісіп, қол алған,

Кеудесіне жаманның

шайтан келіп қамалған.

Ар-ұятын азғынға

алғаннан соң тонатып,

Ұят қашып, ар жасып,

иман берік жоғалған.

Биік пенен тереңнен

ой табатын мінəжат,

Тою білмес нəпсіні

тойтаратын мінəжат.

«Ғафу ет!» деп Аллаға

айта алатын мінəжат,

Сол иманды қайтадан

қайтаратын мінəжат.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет