Иман – жүрек айнасы Ақылбек Шаяхметтің



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата26.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#2738
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

* * *

Жаратқан жоқтың өзін бар қылады,

Біреуді зор, біреуді қор қылады.

«Қиқым жеген кісінің сиқын көр!» - деп

Күлгендер түйір дəнге зар болады.

* * *


Тауд ың беті, жолд ың шеті толған тас,

Жинап алып, шайтанға атсаң, таусылмас.

Жер бетінд е көбейіпті шайтанд ар,

Ей, сабырлы пенд елерім, байқаңд ар!

* * *

Шайтанға билетіп ғаламның жарымын,



Бұзғысы келгенд ер ад амның қалыбын,

Өзгерте алмайд ы Алланың жарлығын,

Өшіре алмайд ы Алланың жарығын.

* * *


Фəнидегі тірлігің ұнамай ма, ұнай ма,

Болса қиын күн бүгін Алла тағы сынай ма?

Айқайлаған дауысың айдалаға кеткенде,

Сыбырлаған дауысың жетеді екен Құдайға.

* * *

Қолайлы қызмет қызғанбай асар белес қой,



Ауыздан кейде айқын боп шықпас көмескі ой.

Ойлары тайыз ұшпаққа шықтым дегеннің,

Бастағы бағың Алланың тағы емес қой.

* * *


Өзі берген өмірін Алла өзі алады,

Жұмақ пенен тозақтың біріне əкеп салады.

Бұл фəниде тірлікті өткізе алсаң бағалы,

Көне тарих бетінде жақсы есімің қалады.

* * *

Тақ болғаны – жалғызға жақ болғаны,



Жұп болғаны – бірге артар жүк болғаны.

Тақ болса да немесе жұп болса да,

Көрінбейтін арада жіп болғаны.

Жаратушы ғаламды жалғыз Алла

Тақ пен жұптың болады нық қорғаны.

* * *


Балықты айдап ауға,

Аңды қуған орға,

Құсты ұстаған торда

Адам!


Басып жүріп шөпті,

Жұлып жеген көкті

Пиғылың қандай

Жаман?!


* * *

Ағып жатқан бұлақ еді.

Суалды.

Жайнап тұрған құрақ еді.



Қуарды.

Көктеп шыққан егін еді.

Су алды.

Келешегі болды ақыры

Күмəнді.

Əрбір пенде көкірегі шерменде

Бұл фəниде осылайша сыналды.


* * *

Қайратым тас уатып,

Тірлік дəмін татып,

Құм-сағаттай сусып

Өтіп жатыр уақыт.

Жұлдыздарды көріп,

Аймен бірге жатып,

Күнмен бірге тұрып,

Ояну да – бақыт.

* * *


Адам көркі – ақиқат,

Өмір көркі – қанағат,

Діннің көркі – шариғат,

Имам көркі – салауат,

Мешіт көркі – жамағат,

Жердің көркі – адамзат.

* * *

Жаратушым!



Саған ғана табынамын,

Саған ғана бағынамын,

Бірақ, зорға табынғандар,

Тіпті, қорға жағынғандар

Қаптап кетті.

Не қыламын?!

* * *

Жүрген жері – өр болса да,



Отырған жер – төр болса да,

Тұрған орны – жер емес пе,

Барар орны – көр емес пе?!

* * *


Құмар болса ерегеске,

Бейім болса төбелеске,

Бостан босқа ерегеспе,

Шайтан тұр ғой қыл өңеште.

* * *

Жүрегіңді жылытсаң



Берем десе, кеш көрмес.

Алланы сен ұмытсаң,

Ол да сені ескермес.

* * *


Қаның мен жаның,

Намыс пен арың,

Бағың мен сорың –

Наным мен таным.

* * *


Əр пенденің күткені

Тағдыр десе нанбайсың.

Өміріңді, өйткені,

Қысқарта да алмайсың,

Ұзарта да алмайсың.

* * *


Барлығын естиді,

Барлығын көреді.

Қаласа – алады,

Қаласа – береді,

Теңдесі жоқ оның – себебі.

Екінші бөлім

О, Жаратқан!

Барлығыңа өзің болдың себепкер

!

Сайтан қашып асықтан,

Асыл озып жасықтан,

Бейіс болсын бұл жалған,

Жүректен кетіп сасық қан.

Шəкəрім Құдайбердіұлы

Нышан

Пайғамбардың туған күні жарым шелпек пісіріп,

Күреңітіп піскен нанды табаққа əкеп түсіріп,

Əруақтарды есіне алып, ұлым аят оқыды,

Мұның өзі от басымда болды нағыз кісілік.


Пайғамбардың туған күні қызым құймақ пісіріп,

Алла деген жазу шықты, нышанды ол да түсініп,

«Осы үйдегі арқа сүйер əкеміз!» деп құймақты

«Сізге келген дəм ғой бұл!» – деп жатты маған ұсынып.

Қатал қыстың кəрі кетіп, шақырады жаз алдан,

Жаным күйбең тіршіліктің күйесінен тазарған.

Алла деген сөз жазылған жұмыртқаны жан-жарым

Аман-есен алып келген еді бірде базардан.

О, Жаратқан!

Барлығыңа өзің болдың себепкер,

Жан-жарыма, ұл-қызыма, ұрпағыма медет бер!

Жасағаннан жеткен хабар деп тұрғандай біздерге:

«Шаршағанды демеп жібер, жабыққанға көмек бер!»

* * *


Пайғамбардың қолына қалам берген періште,

Ол да менің сөзімді шығара алмас теріске.

Сол қаламның қуаты – жетсем ірі жеңіске,

Сол қаламның зардабы – құлдиласам еңіске.

Көктен түскен сөздерді «Оқы!» – деген періште,

«Оқығанды көңілге тоқы!» – деген періште.

Тап болған соң қанша алсаң таусылмайтын кенішке,

«Жыр шығару – ақынның қақы» – деген періште.

Пайғамбардың бүйірін қатты қысқан періште,

Ұлан-байтақ ғарышқа алып ұшқан періште,

Сəжде қылған Аллаға құрмет қылған адамға,

Тұла бойы жаралған сағыныштан періште.

* * *

Көк пен жерді жеті қат алты күнде жаратқан,



Нағыз шебер Құдірет елді аузына қаратқан.

Жан-жануар, өсімдік – бəрін жұптап жаратқан,

Жерге, суға, көкке де демін үрлеп, таратқан.

Судың өзін жасаған сұйық жəне қатты қып,

Дəмнің өзін жасаған ащы жəне тəтті қып.

Күн мен айды жалғыз қып, жұлдыздарды молайтқан,

Қара бетті ағартып, ақ жүректі қарайтқан.

Адамзаттың басына ойлап тауып сынақты,

Жеті тозақ жасаса, сегіз қылған жұмақты.

Көріп тұрған баршаның жегені мен ішкенін,

Періште мен шайтанның бақылаған істерін.

Алты күнде жаратқан он сегіз мың ғаламды,

Ғаламаты Алланың – біздер үшін қараңғы.

* * *


Қонақжайлық ежелден-ақ келе жатқан дос амалы,

Қандай ғажап қазағымның киіз үйді жасағаны,

Дөңгеленіп келген үйдің төрі бірдей бар қонаққа,


Біреу төрді қаласа да, жаратпайтын босағаны.

Қызметі емес, жасы үлкенге бас тартатын дəстүрімді

Көріп жүрген дос сүйсінсе, ыза болған қас бүлінді.

Жағымпаздық белең алып, қасиет кеміп жатқан тұста

Ренжітіп алдым білем ойда жоқта бастығымды.

Аузы қисық болғанымен байдың ұлы мылжыңдаған,

Мезгіл жетпей солғанымен қыз-қырқындар қылмыңдаған,

Сүйек салса кеміретін, құйрықтары бұлғаңдаған,

Заман келді ел білетін өсекшілер ыржаңдаған.

Жо-жоқ, досым !

Түңілмегін, өткінші ғой мұның бəрі,

Жаза баспа, шектен аспа,

 жұртқа шашпа сырыңды əлі.

Жалған дүния бəрі бекер, көрген түстей өтер-кетер

Түзу жолдың бұрылғаны, пенделердің құбылғаны.

* * *


Құлын-тайдай ойнаған жер сатылыпты ақшаға,

Ата-бабам жайлаған жер бұйырыпты басқаға.

Өзен бойын, көл жағасын қоршап апты біреулер,

Енді суға түсе алмай ма біз өсірген жас бала?

Қарап тұрсам, жетпей жатқан ұсақ-түйек үйде көп,

Жердегі тас өңіріме қадалды ма түйме боп,

Өзім еккен бидайдан да нан пісірді əлдекім,

Өзім баққан қой жүнінен неге шапан кигем жоқ?!

Қара жердің асты, үсті – бəрі тегіс тоналды,

Жүрген жолың, оң мен солың – сатылмаған не қалды?!

Шұлық сынды аяқтарға болған мəңгі кіріптар,

Құл секілді жұмсамай ма сатып алған адамды.

Сатылмайды ешкімге де, бірақ, менің жүрегім,

Жалмауыздар жаһаннамға аттанарын білемін.

Ізгі жандар орын алар түбі жұмақ бағынан,

Соны көзге көрсетсе екен – Жаратқаннан тілерім...

* * *

Сағат тілі бірде оңға, бірде солға тербеліп,



Тербелістің арасында талайлар жүр сенделіп,

Қонған құсты кейбіреулер қиқу салып үркітсе,

Ұшқан құсты жерге біреу қондырады жем беріп.

Сағат тілі бірде оңға, бірде солға тербеліп,

Бір секундта-ақ қанжығаға алар сені өңгеріп.

Күн мен түнің, ай мен жылың қайталанып жатқанда,

Он сегіз мың ғалам сырын алған кім бар меңгеріп?!

Сағат тілі бірде оңға, бірде солға ырғалып,

Өтіп жатқан мезгіліңді дəл көрсетіп тұр ма анық?

Аққан судай, көшкен құмдай, тықылындай сағаттың



Тоқтамайтын өмір осы өтіп жатқан бір қалып.

Сағат тілі бірде оңға, бірде солға ырғалып,

Бір қалыптан шықпай қойса кетер ме едік жыңданып.

Олай болса шын беріліп, түрлент, өзгерт өмірді,

Тіршіліктің қызығынан жүрмеу үшін құр қалып.

* * *


Тағдырым дедім өмірдің алуан жолдары,

Тəңірім дедім, Жаратқан мені қолдады.

Тіземді бүгіп, тілімді тартып көрмедім,

Тотыдай болып тұрған кезде де тордағы.

Жеңілді таңдап, жүрмедім ауыр үстімен,

Жеңімді түрдім жағаласқанда күштімен.

Адамға сенген мұрттай боп ұшып жатқанда,

Аллаға сендім, қанатты құстай ұштым мен.

Елімнің ерні кепкенде шөлден қаталап,

Құлыншақ-қырдың кеткенде көзі боталап,

Толқытты мені құдықтан тартқан зəмзəмдай

Жеріме деген, тіліме деген махаббат.

Басқанда қырау даламның көзін мөп-мөлдір,

Күн көзі əсем кетпей ме шайып төккен нұр.

Қызуым жетпей қаңтардың мұзын бұзуға,

Жылуын тағы сағынып жүрдім көктемнің.

Тапсам-ау дедім анамның көңілін сүт емген,

Ашсам-ау дедім бұлақтың көзін бітелген.

Жалғаннан мынау Алла деп қана өтермін,

Таусылып дəмім, жетсе де сағат бітер дем.

* * *

Мұсаға Тəурат, Дəуітке Забур ұсынған,



Исаға Інжіл беріпті кезде қысылған.

Алланың сөзін Мұхамбет түгел қабылдап,

Құранды оқып иманға келген мұсылман.

Оқуың сүннет, тыңдауың парыз Құранды,

Құйылар шуақ фəниде болсаң шыдамды.

Сенімің берік болса да алдың қараңғы,

Серпілтер талай көңілде жатқан күмəнді.

* * *


Бірін көріп, бірін көрмей жатқан мына жалғанда,

Жертөледе жанған шырақ жап-жарық деп алданба.

Аласаны төбе санап, шығамын деп таласпа,

Аспандағы көрікті айды нұрлы күн деп адаспа.

Бағып-қаққан малың болса, сыры мəлім халыққа,

Қос мүйізін көріп тұрсаң, сүзеді деп қорықпа.

Асыр салып жүрген шабақ шығып қалса жағаға,

Суға қайта жібермесе, тірі болып қала ма?!

Су түбінде жүзген адам ауа жетпей жатқанда,


Өзі барып ұрынғандай құрып қойған қақпанға.

Биік шыңға шыққандардың тыныстары тарылып,

Етекте өткен жақсы күнін еске алады сағынып.

Кімде сақал, кімде көрік, кімде биік бой ғана,

Көсем серке қой бастаса, кемеңгер деп ойлама...

* * *

Құбылмалы кей мінезің, ойлап көрші шамалы,

Адам қалай өзіне өзі баға бере алады?!

Жақсы көрсем бөбегіне еміренген ананы,

Жасағанның жаратқанын ұнатқаным болады.

Жақсы көрсем еркелеген, күліп тұрған баланы,

Жасағанның жаратқанын ұнатқаным болады.

Жақсы көрсем жан-тəніммен жайнап тұрған даланы,

Жасағанның жаратқанын ұнатқаным болады.

Жақсы көрсем бал ғана емес, бал жинаған араны,

Жасағанның жаратқанын ұнатқаным болады.

Қағып-сілкіп көнергенді, жақсы көрсем жаңаны,

Жасағанның жаратқанын ұнатқаным болады.

Адам деген жер бетінің уақытша қонағы,

Жарасымды іс жасасаң – Жаратқанға жағады.

* * *


Алтын менен күмісті уыстаған қос қолдап,

Құдайын да танымай, кеткен адам аспандап,

Көкке қолы жетпесе, құсқа айналып кетпесе,

Көкке апарар, бəрібір, таба алмайды баспалдақ.

Қанша байып, марқайып, төлесе де ақыны,

Жаратқанды тануға жетпей жатса ақылы,

Жер үстінде жүргенде дəм таусылып бір демде,

Жер астына түсетін жоқ қыла алмас сатыны.

* * *

Қуаты мықты,



қаһары күшті,

ия, Алла!

Жомартқа ізгі,

жауызға сұсты,

ия, Алла!

Жаратқан түрлі астар мен тысты,

ия, Алла!

Айырар сенсің алтын мен мысты,

ия, Алла!

Сабырлы сенсің,

Мерейлі сенсің,

ия, Алла!

Қадірлі сенсің,

Киелі сенсің,



ия, Алла!

Жебеушім сенсің,

Жүйелім сенсің,

ия, Алла!

Ғаламның жалпақ иесі сенсің,

ия, Алла!

* * *

Жауап таппай жүргендер көп жанды қинар сұраққа,



Он жыл өтсін, жүз жыл өтсін, мың жыл өтсін, бірақ-та,

Адам ата атын алған адам аты жойылмай,

Сенімдімін – қазақ тілі естіледі жұмақта.

Сабыр түбін күте алатын кісі болсаң байыпты,

Жол ашқанда адассаң да, бола алмайсың айыпты.

Қатты сөздер, улы сөздер оралмаса тіліңе,

Тəтті сөздер, сəтті сөздер тек жұмаққа лайықты.

* * *


Құдіреті күшті Жасаған!

Зорайтып көрсет достарға менің сұсымды,

Азайтып көрсет дұшпанға менің күшімді,

Сен жəрдем қылсаң, баса алмас ешкім мысымды,

Сабыр қып тұрсам, бастармын тағы ісімді.

Көбейтіп көрсет көршіге біздің əулетті,

Кемітіп көрсет, қарақшы келсе, дəулетті,

Көріксіз түрді көрсетсең кейде көрнекті,

Жығатын мыңды болармын биік, сəулетті.

Қолыңда сенің – азғантай затты көп қылу,

Қолыңда сенің – байлардың малын жоқ қылу,

Қолыңда сенің – қиналған ашты тоқ қылу,

Қолыңда сенің – қарайған бетті ақ қылу.

Құдіреті күшті Жасаған!



* * *

Жақсы адамның жарасты ісіне жан сүйінер,

Жемісі көп ағаштың басы төмен иілер.

Пенделерден не қайыр мұрнын көкке шүйірген,

Ақылы жоқ желікбас əлем-жəлем киінер.

Көлеңкесін түсіріп, болып жүрген елге құт,

Тамыры терең ағашты құлата алмас жел келіп.

Ұшы көкпен таласқан бəйтеректің қасында,

Майысса да жас шыбық тұрары анық тербеліп.

Ата салтын ұмытпас ақ сүт еміп, арда өскен,

Қиындықта мойымас жалаңаяқ қар кешкен,

Дəніккен мен құныққан аярлықпен күнелтсе,

От пен суда шыныққан морт сынбайды наркескен.

* * *


Құрсақта жатыр бұлқындым, тағы тырбандым,

Күн көзі түсіп, өркендеп, өсіп, бүр жардым.

Аллаға сендім!

Періштелерге иландым!

Пендеге түскен төрт кітапқа да шын нандым!

Пайғамбарлардың үлгісін естіп, нұрландым!

Тағдырға сендім!

Жазмыштың жолын бұрған кім?!

Дəндері қалып, кебегі ұшқан қырманның

Тозаңын жұтып, ішінде талай тұрғанмын.

Қиямет күні болар деп сенген бір жанмын,

Сенбесең, досым,

Иманнан онда құр қалдың.

* * *

Киім киіп асыл жібек,торқа, барқыт, пұлыштан,



Ас ішсең же жалтыраған алтын, күміс ыдыстан,

Кірістерің басым болып жатса-дағы шығыстан,

Үтікпен де жаза алмайсың көңіліңді құрысқан.

Зая кетіп жатқан шақта шаруалардың еңбегі,

Əншілерге ақы төлеп, думан құру жөн бе еді?

Аққа оранған сақал-шашты қап-қара қып бояйсың,

Күтіп тұрса дейсің, бірақ, құрметті орын төрдегі.

Қағба емессің елдің бəрі саған бетін бұратын,

Имамсың ба ол тұрғанда жұрттың бəрі тұратын?

Өзің жатып, өзгелерді тік тұрғызып, кемсітпе,

Бай болсаң да ағыл-тегіл сəн-салтанат құратын.

Бөрі тимей, аман қалған жабық тұрған қорада,

Қой-ешкі де есік ашсаң тұра қашар далаға.

Толған айдың қараңғыда өз орны бар десек те,

Күн кеткенде жарықпын деп мақтануға бола ма?!

* * *


Қариялар жасы ұлғайған неге өлім тілейді,

Көрешегі соншалықты емес шығар үрейлі?!

Артта қалған ұрпағына медет тілеп Алладан,

Кеудесіне жақсылықтың асыл ойы түнейді.

Жалғанды ұзақ көргендердің суалғандай көздері,

Ажар тайып, ақыл азып, кебек болар сөздері.

Ұзақ ғұмыр сүргендердің бүгілмей ме белдері,

Фəни-тірлік – жақсылық пен жамандықтың безбені.

Дүния деген керуен-сарай, қайтқан адам қонақтан

Қалмауы анық əрбір күні есептеулі санақтан.

«Болсын!» десе күн де батқан,

«Болсын!» десе таң атқан,

Қурап қалған қу сүйекке жан бітірген Жаратқан.

* * *


Қарайсың ба, досым-ау, құйқылжыған көңілге,

Жолаушымыз осынау ұлан-байтақ өмірде.

Жалғыз Алла арқылы тану керек тірлікті,

Жан кірген соң кеудеме болсам керек бір мықты.

Жан пернесін дəл басқан қасиетті Құраным,

От басында жалғасқан айтып жүрген жыр-əнім.

Егер жатқа білмесең əрбір аят, сүресін,

Өзгелерден күнде сен төменшіктеп жүресің.

Пайғамбардың хадисін күнде оқысаң жалықпай,

Өсиеті санаңа құйылады жарықтай.

Жайнамазым – кең дала, бас иемін мен оған,

Сонда келіп жаңарам, кеуде керіп дем алам.

Ойлағаным – өз қамың, дала, сенің тілеуің,

Бойтұмарым – кеудемде тулап соққан жүрегім.

* * *

Шапанды көрсең – қазақы екен демеңіз,

Сəлделі көрсең – ақылды екен демеңіз,

Ажырата алмай қараңғы менен жарықты,

Тек сөзін жаттап, танымай тұрса əліпті,

Көзіміз жетпей, соңына қалай ереміз?

Шаманы білмей, жатқанда жетпей өреміз,

Өңбесе ісі, сөзіне қалай сенеміз,

Керек пе мақтан көкірек тұрса басылып,

Керек пе киім абырой тұрса ашылып,

Керек пе тарақ жалтырап тұрса төбеңіз?

Қаншама күйіп-жанса да біздің денеміз,

Жалғандық жолмен шындыққа қалай келеміз.

Шағылып күнге жарқырап тұрған алтындай

Сананы жарық, кеудені иман толтырмай,

Қалмай ма қаңсып қайраңға барып кемеміз?!

* * *

Қорқыт ата өмірдің көрген талай көктемін,



Бірақ, мəңгі ғұмырдың таба алмаған өткелін.

Өткен күндер кеткен соң орны бар ма өкпенің,

Қорқыт, қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе едім?!

Ауыр істен қашқақтап, олжа тапсаң оңайдан,

Жалғандағы бар ісің – алдыңдағы шарайнаң.

Қорқыт ата аңызы жеткен бізге талайдан,

Бұл есімнің мəнісі – қорқу күшті Құдайдан.

* * *


Айдың нұрын сағынсақ, күннің көзін сағынсақ,

Əр нəрсе өз орнында, оның аты əлімсақ.

Əлімсақтан сақталған ережені бұзуға,

Қағиданы сызуға біреулер жүр барын сап.

Суға жайып жылқыны, қырда өсірген балықты

Көзің жетіп көрдің бе көшіп-қонған халықты?!



Бас төменде, аяғың жоғарыда болса егер,

Өмір сүре алар ма ең тіршілікте қалыпты?

Қандай сезім ойнайды көтеріңкі кеудеде,

Кітап неге симайды ат шаптырым бөлмеге?

Табаныңды жылытар түгі қалың кілемді

Қоямыз-ау төрге іліп қойғандай-ақ көрмеге.

Қылымсыған бойжеткен бай жігітті «арқандап»,

Ажырасқан əйелдер қалтасы бар «шал» таңдап,

Суға кеткен тал қармап, басқа қонған шортан-бақ

Шабақтарды қылғытып, жемқорлар жүр талтаңдап.

Қатты керек алаңға жиылыпты көп сұйық,

Бойшаңдарды ысырып, мықыр отыр түксиіп,

Жылу керек жерде де, жарық керек жерде де

Майшам жатыр жантайып, сығырайып, сықсиып.

Астан-кестен төңірек, жер сілкінген секілді,

Аурудың емі жоқ, ел сергелдең секілді,

Көрген көзде жазық жоқ, айтқан тілде қазық жоқ,

Тек Жаратқан жар болып, қолдай көрсін ниетімді.

* * *

Біреу əн сап, бар дауыспен жатса-дағы мөңіреп кім,



Қатты батты маған сонда селт етпеуі төңіректің.

Бəйгелерде тұлпар қалып, есек озып жатқан шақта

Жұмекен мен Кеңшіліктің жырын жоқтап еңіреппін.

Бұлбұл қашып тырналардың дауысынан қиқулаған,

Үй-үйіне кірді сасып тыңдаушылар күй тыңдаған,

Албастыны сұлу атап, сайтандарды періште қып,

Қандай заман адамдарды ертегідей сиқырлаған?!

Жел көтерген көбелектер отқа қарай ұшып-қонып,

Куəлары келешектің айдалада түсік болып,

Сатқан удың бағасымен кісі құны бірдей болып,

Жайма базар маңайына кетіпті өңшең «пысық» толып.

Кімдерге алтын, кімге бидай, кімге күміс, кімге көмір,

Жетім-жесір жасын сүрткен көре алмадым пендені бір,

Қайда барған, қайда қонған, əлде жолдан адасқан ба,

Тəңір қолдап келе қалған болса біздің елге Қыдыр.

Өткен өмір – кеткен ғұмыр, мына жалған көрген түстей,

Қайраның жоқ келісе алмай тұрса-дағы зердең іштей,

Бұл тауқімет таусылар ма, азабына жан шыдар ма,

Елмен бірге удан ішпей, сосын барып көрге түспей…

* * *


Жүректегі нала-мұңды көрсеткісі келмесе де ер кісі,

Самайдағы ақ, беттегі əжім – сол қайғының белгісі.

Əзіл сөздер сиреп кетсе – үлкендіктің тұсауы,

Шаш азайып, көз суланса – кəріліктің нышаны.

Жол бойында төгіп-шашқан бар нəрсені малданған,


Түсетіні анық, бірақ, Бақи деген вокзалдан.

Бұл вокзалда жүк те, түк те керек емес пендеге,

Əшекей де керек емес көрсететін көрмеде.

Сескенсең де күнəң үшін қояды деп жазалап,

Бұл араға келу керек жүрегіңді тазалап.

* * *


Сопылардай құрмет көрмей ғылым қуған ғұламалар,

Жүрген болса жазмыш деп біл білімдіні сынап алар.

Ұлағатты ұстаздардан үлгілілер сабақ алар,

Сұраған да, үйреткен де, үйренген де сауап алар.

Беделі өсер басшылардың жəрдем берсе жарымжанға,

Қайыр қылса мүсəпірге, қызмет қылса ғалымдарға.

Қара суға қараса да, риза болса табылғанға,

Рақымы түсер Хақтың тəуба тонын жамылғанға.

* * *

Жуылмаған, ашып-быршып, кірі қалған бес елі,



Кесе-аяқты ит жаласа, сындырмай-ақ кесені,

Əбден ысып, қырып, жуып, пайдаланып құм, суды,

Жеті мəрте тазаласаң – дұрыс болар есебің.

Сол секілді достарыңды көңілің қалған кешегі,

Қайтып үйірін тауып жатса, қайтпау үшін меселі,

Көңіл кірін сөзбен шайып, ас-суыңды ұсынып,

Жеті мəрте қонақ қылсаң – дұрыс болар есебің.

* * *


Таңға жақын қаулаған қалың шөпке шық тұрса,

Көңілі күпті кейуана азулыны ықтырса,

Бір кесенің ішінде екі түрлі сүт тұрса,

Құдіреті Құдайдың – оның сырын ұқтырса.

Кетсе кенет тіріліп түскен балық табаға,

Тұра қашса жаныңнан кірген шайтан араға,

Жақсылардан шыққан сөз шипа болса жараға,

Құдіреті Құдайдың – сəуле түссе санаға.

* * *

Аңның оры, құстың торы жəне ауы балықтың



Күнкөріске ойлап тапқан амалы ғой халықтың.

Абақтыда отырғанда қара түнек басым боп,

Анда-санда көрінбей ме жанып тұрған жарық күн.

Неге бұлай?

Жолы қалай?

Айттым талай, алайда,

Қылар ешбір амал болмай, айтудан да жалықтым.

Үйлесімін таба алмадым, болғанымен қол мығым,

Орындалмай айтқан тілек, іштей жүдеп, қамықтым.

Түбі орнына қояры анық ретімен барлығын

Құдіреті күшті Құдай сырын ұққан ғаріптің.


* * *

Бұл жалғанда сары уайым сағыздайын созылған,

Қателесу, жаза басу пешенеме жазылған.

Қате болып шықса болды дұшпан айтқан жорамал,

Білсем болды бар екенін алдымда ор қазылған.

Фəни осы – тағы өткінші, бақ – елес,

Тірі адамға пендешілік жат емес.

Кедір-бұдыр жолдың бары қате емес,

Ордан өтер көпір бары қате емес.

Мотор қойсам, шайтанарба

мазамды алды дырылдап,

Қателестім екі аяқты бір адам деп қабылдап.

Ергежейлі көре алмаса бойымды,

Алыптар да түсінбеді ойымды,

Түсінбестік өсе берді қи секілді қалыңдап.

Қанша жайнап тұрғанымен жыр гүлі,

Кемпірқосақ быт-шыт болып бір күні,

Жерге ұрылып, барлық бояу бұзылған.

Көз қаритын қызыл гүлдің түсі қандай əдемі,

Бірақ, сондай қорқынышты қызыл қан.

Заттың бəрін көзбен көріп, бағалама бояумен,

Оңып кетер бояуларды босқа мақтау орынсыз.

Қарап тұрсаң – жасыл жапырақ қаншалықты сүйкімді,

Жасыл бақа соншалықты жағымсыз.

Көз көргенді қолмен ұстап, біліміңді көрсетпе,

Өлшемі жоқ қараңғы мен жарықтың.

Көздің нұры таусылатын мезетте

Бірге сөнген секілденер аспандағы жарық күн.

Түсінбестік шырмап жатыр ұлан-байтақ ғаламды,

Біздерсіз де кештер батып, таң атқан.

Жарық əлем шын мəнінде қара түнек – қараңғы,

Сол түнектен аман-есен алып шығар Жаратқан.

* * *

Сөзге ілінген жақсыны ит айтақтап қосатын,



Таяқ тастам жерден де атын бұрып, қашатын,

Бастықтарға бас шұлғып, апалақтап, сасатын,

Асып-тасқан көңілді су сепкендей басатын,

Арамдардың түр-түсін танисың ба, жас ақын?!

Жадап-жүдеп келгенде адал дəмін тосатын,

Барлық жиған-тергенін бір-ақ күнде шашатын,

Аңқылдаған пейілі Алатаудан асатын,

Мөлдіреген мейірі тау суындай тасатын,

Адалдардың күлкісін танисың ба, жас ақын?!

Адам ата, Хауа ана кіндігінен таралдық,

Барлық асты жаратқан адал жəне харам қып.


Қанша күнің батады, итжығыс боп жатады

Адалдық пен арамдық, жақсылық пен жамандық,

Тура сөйлеп, таза жүр, қонсын десең саған құт.

Қап-қара бұлт торлаған бұлтын сырып күдіктің,

Бірақ, тағы атады көкжиектен күліп күн.

Қанша соққы тигенмен желкесінен жігіттің,

Жіңішкерген жіптері үзілмейді үміттің,

Өтіп өмір сынағын, шар болаттай шыныққын!

* * *

Тереземнен көрінеді ай қадалған мұнарасы мешіттің,



Төр бос болса, қажеті не жалтыраған есіктің?!

Қыс та бітті, жаз да жетті, бітпей жатыр жөндеуі,

Таң атарда азан үнгін келіп еді есіткім.

Не тілі жоқ, не діні жоқ адамдарға дүбəра

«Мына мені көрдіңдер ме?»– деп тұрғандай мұнара.

Бір Аллаға жалбарынып, шипа іздейді жанына,

Қарақшы да, қасапшы да, батқандар да күнəға.

Бісімілланы айтса бала белі шықпай бесіктен,

Еткен еңбек қайтса ғана қалар едім өсіп мен.

Жеті қат көк мұнараға тиіп тұрған секілді,

Бірақ, басқа ғимараттар биік боп тұр мешіттен.

Білімсіздер биіктікті кейде қолдан жасайды,

Кеуделері арам ойдан қалай ғана босайды?!

Мешіттегі ай шалқайып тұр...

Көктегі айым еңкейіп...

Шүкір, шүкір!

Аман-есен көргеніме осы айды.

* * *


Қарап тұрсам саралап, өзімді өзім бағалап,

«Жазған сөзі бекер!» – деп кім айтады табалап.

Атақ қуып, төр іздеп, көрмесем де құрметін,

Шыққан том-том кітаптан артық менің бір бетім.

Ақыл баста болмаса қайда апарар құр сезім?

Мылжыңдаған көп сөзден артық менің бір сөзім.

Мадақ айтқан ақыннан артық менің өлеңім,

Көлем қуған ақыннан артық менің сəлемім.

Кем-кетіксіз кісі жоқ,

Қажеті не ақталып?!

Кемшілігім бар менің – кететінім мақтанып...

Шүкір,шүкір!

Алланың сыйлығы ғой – өнерім,

Өлеңімді сондықтан жаннан артық көремін.

* * *

Неше түрлі қулық-сұмдық



кездессе де елде,

Алаяқтар өмір бойы

тұта алмайды перде,

Итермесе тас етектен

шыға алмайды өрге,

Шашылса да тесік моншақ

қалмайды екен жерде.

Аққу-қаздар сұңқылдайды

шалқып жатқан көлде,

Тай-құлындар ойнақтайды

жайнап тұрған белде,

Орны мейлі қайда болсын,

босаға ма, төр ме? –

Əмірімен Жаратқанның

кіруі анық көрге.

Өмір деген нұрын төккен

секілді ғой көрме,

Құлпырса да жалт-жұлт еткен

жылтыраққа сенбе,

Тағдырынның шылауында

шыдамды бол, пенде,

Əзəзілдің алдауына,

арбауына көнбе!

* * *

Жанған от пен жалын төніп,



жағаласып, шарпысуда,

Толқындарды толқын көміп,

жанталасып, тартысуда,

КүнəҺарлар ұшыраған

момындардың қарғысына,

Тозақ-отқа тоғытылар

айдағандай малды суға.

Құмар қылған фəни-жалған

құралмаған шылқы майдан,

Бітпес тартыс, жетпес арман,

ұзақ шайқас, мəңгі майдан.

Отқа пісіп, суға түсіп,

тірлік үшін арпалысып,

Жақсы үмітті, жақсылықты

күтесің тек бір Құдайдан.

* * *


Тұлпары аттың жолықпады,

мəстек мінгіш боп алдым,

Сырттаны иттің жолықпады,

кандендерге таландым.

Жолдан тосты биігі емес,


аласасы адамның,

Мықты ұры да бұйырмады,

ұсағына тоналдым.

Енді кімді жек көремін,

Неге, несін кектенемін?!

Дəурен жүріп тұрса-дағы,

дəрмені аз олардың.

Дəрігерден дауа таппай,

аузын қасып жарамның,

Айығатын амал таппай,

емшілерге қаралдым,

Жағаға қол жетпегендер,

балағыма оралдың,

Қалың көрпе жоқ дегенде

жамылғыны орандым.

Енді кімді жек көремін,

Неге, несін кектенемін?!

Дəурен жүріп тұрса-дағы,

дəрмені аз олардың.

Жиған-терген қапқа сиса,

қажеті жоқ қанардың,

Ай жарықта жол таба алсаң,

қажеті жоқ фонарьдың,

Ырзық терген бұл өмірден

үлесімді алармын,

Бəлкім мен де тірі жүрген

көптің бірі болармын.

Енді кімді жек көремін,

Неге, несін кектенемін?!

Дəурен жүріп тұрса-дағы,

дəрмені аз олардың.

* * *


От пенен судан, балшықтан тəнім жаралган,

Көктегі нұрдан бейкүнə жаным нəр алған. 

Жалғанды жалпақ жалықпай шарлап жүргенде,

Жақсылық көрдім жайымды білген адамнан,

Жамандық көрдім қасымда жүрген адамнан.

Жанса да бағым көгімнен жұлдыз жиі ақты,

Тайғақты жолда біле ме кəпір ұятты?

Ұмтылып алға, ұстадым қолға қияқты, 

Жақсылар кетіп, жамандар қалған сиякты,

Адалдар кетіп, арамдар қалған сияқты...

«Жер быт-шыт болып, ай аунап, көкте күн сөнер», –

Деген пікірге, ел аман болса, кім сенер?

Жасар ма еді, жасамас па еді қиянат,


Қыл тұзаққа ілінбеймін деп жүрсе егер,

Ол жаққа барса тірілетінін білсе егер.

Болсын деп барлық ағайын, туыс, дос аман,

Көзіме жас кеп, көңілім талай босаған.

Жаманға, бірақ, түбінде зауал бір келер,

Ал жақсы жанды қолдары таза, асы адал,

Екі дүнияда жарылқай көрші, Жасаған!

* * *


Алланың сыны пенденің мінін көрсетіп,

Шындықтың құнын өтірікпен өлшетіп,

«Арымнан

жаным садаға!» – деген адамды



Келеке қылып, қылығын қойды ерсі етіп.

Дастархан басын билеп те төстеп арамдық,

Олардан аттап келер ме қонар маған құт?!

Мезгілін күтіп жатқанда бітіп дəурені,

Күбіде быршып кеткендей ашып адалдық.

Ақиқат жолын жүргенде күнде арман қып,

Жалғанды жалпақ алыпты жайлап жалғандық.

Көзіміз ашық тұрса да жөнді таба алмай,

Қалтылдап басып, соқырдай сорлы қармандық.

Сабалған жүндей өсектен туған өтірік

Сабынды судай кір жуған жатыр көпіріп.

Ішкенін ішіп, артығын құсып жатса да,

Тəубаға келіп, адам аз жүрген өкініп.

Қиын да қатал болса да күндер кез, мейлі,

Күйректер ғана тауқімет көрсе, төзбейді.

Тар жерде, бірақ, адамдық атын ұмытқан

Тамұққа түсер тамызық барын сезбейді.

* * *


Алла мені жаратса, мен өлеңді жараттым,

Алла берген өнермен елді аузыма қараттым

Ал кей кезде қынынан суырылмаған қылыштай

Еркін ойды кеудеме тұншықтырып қамаппын.

Қызыл тілім буынсыз жүрегімнен жоғары,

Мидан төмен тұрғанын ескерсек те болады.

Қуат алып білімнен, бал ағыздым тілімнен

Жақсыларға тисін деп асыл сөздің сауабы.

Қайрат берді жылы сөз мінгізгендей пыраққа,

Қанат берді ұлы сөз кіргізгендей жұмаққа.

Қамыққанды жылатты, жылағанды жұбатты,

У да тамды сол сөзден ашынғанда, бірақ-та.

Күннің көзі түскендей жер бетіне қараңғы,

Зəмзəм суын ішкендей нұр жайлады санамды.

Арқасында тілімнің айыратын болдым мен

Таза менен ласты, адал менен арамды...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет