Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет12/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

3.ҚорытындыҚызыл мияны қорғау және өңдеу біздің негізгі міндетіміз. Қызыл мия өңдейтін зауыттың іске 
қосылуына жергілікті атқамінерлер де қал-қадірінше қолдау білдіріп отыр. Сондай-ақ кәсіпорын қызыл мия 
тамырын өңдеп қана қоймай, 2000 гектар жерге оның өзегін егіп, күтіп-баптауды да қолға алмақ. Өндіріс 
жылына 22 мың тонна қызыл мия тамырын өңдейді. Қазір бұл облыста 80 мың гектар алқапта қызыл мия қоры 
бар екенін мамандар анықтап отыр. Негізі, жаңа кәсіпорынды іске қосуға ықыластылар қызыл мия қоры 
елімізде бұдан да көбірек екендігіне сенімді болар деп ойлаймыз. Өйткені бұршақ тұқымдасына жататын 
көпжылдық шөптесін өсімдіктер еліміздің шөл, шөлейтті және далалы аймақтарында бұрыннан кездеседі. Оның 
кең тараған 5 түрі өседі. Тіпті зауыт ашып отырған Қызылорда облысының барлық аймақтарын да жерсінген 
және молынан кездеседі. Негізі, өсімтал, аса күй талғамайтын бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық 
салады. Топыраққа түскен тұқым 2-3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл мияның тамыры бірнеше ауруға 
ем, дертке дауа екендігі әлдеқашан дәлелденген. Сондықтан да іргетасы енді қаланып жатқан кәсіпорынның 
болашағы зор болмақ. Арзымаған тиын-тебенге елімізде өсетін пайдалы өсімдікті шекара асырудың орнына, 
жергілікті кәсіпорынның аяғынан тік тұруына ел болып атсалыссақ, ол біріншіден, жергілікті халыққа тұрақты 
жұмыс орны, екіншіден, бюджетке түсетін қомақты қаражат, сосын ел экономикасының дамуына үлкен үлес 
болар еді.
 Қазып, құртқан оңай, әрине. Ал тамырымен жұлынған соң оның орнына келмесі кәдік.
 Биологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ол өсімдіктің қайта өсіп шығуы үшін жүздеген жыл қажет болуы да 
мүмкін. Яғни тамырынан түк қалмаған соң ол қайта өсіп шықпайтыны айқын. Қызыл кітапқа енгізіліп отырған 
қызылмияның тамырын өңдеу үшін ашылғалы отырған зауыттың жұмысына сәттілік тілеп ,үлкен үміт күтемін 
және төмендегідей ұсыныс айтқым келеді:
1.Қызыл мияны ысырапсыз пайдалану үшін оның өсетін аймақтарын қорғауға алса;
2.Қызыл мияны егетін арнайы шаруашылықтар ашылса;
3.Мектеп оқулықтарына қызыл мия туралы мағлұматтар енгізілсе;
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. "Орал өңірі" газеті 2013 жыл
2. "Таным мен тағылым" журналы ,2012жыл
3. «Жалағаш жаршысы »газеті,11 желтоқсан 2013жыл.Серiк БЕРТАЕВ
4.«Сыр елі энциклопедиясы»
5.«Қызылорда облысының өсімдіктер әлемі». оқу құралы .2013жыл
* * * * *
7-СЫНЫП. ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ
Атырау облысы ,Мақат ауданы, Х.Санбаев атындағы орта мектебі.
Тарих және қоғамдық білім негіздері пәнінің мұғалімі 
1-санатты Құлжабаева Жанар Калиярқызы
Сабақтың тақырыбы: §13. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Франция
Сабақтың мақсаты: Францияның бірігуі, Жакерия,француз халқының батыр қызы Жанна д Арк-тың өз елін 
қорғаудағы  ерлігі  туралы  түсіндіру.  Оқушылардың   оқулықпен   өз   бетінше жұмыс  істеу дағдыларын, тарихи 
ұғымдарды талдап,  салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
 Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған 
жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас  Әдісі: түсіндіру, хронологиялық кестемен жұмыс
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру кезеңі  
                              2.Үй тапсырмасын тексеру
                              3.Жаңа сабақ
                              4. Жаңа сабақты бекіту
                              5.Бағалау
                              6.Үйге тапсырма беру
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: 
1.Бір орталықтандырылған мемлекеттің құрылуына кімдер мұқтаж болды?
2.Қолөнер мен сауданың  дамуына кімдер зиян  келтіріп отырды?
3.Корольдер неге қала тұрғындарымен одақтасты?
4.Монархия деген не?
5.Еуропа елдеріндегі өкілетті билік  түрлері қалай аталды?
Жаңа сабақтың жоспары:

Француз жерлерінің бірігуі

Жүз жылдық соғыс. Жакерия

Француз халқының басқыншыларға қарсы күресуі. Жанна д Арк.
65


Елді саяси біріктіруді аяқтаудың алғышарттары.

ХІ Людовик және оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі
5.
Француз жерлерінің  бірігуі.
Корль иелігі—домен деп аталды—Париж бен орманның төңірегінде болды.
Ұлғайту жылдары: а/ басқа жерлерді жаулап алу
                                 ә/ тиімді үйлену     б/ мұрагерсіз мырзалардың жерін қосып алу
Король II Филипп Август—Нормандияны, Анжуды, Аквитания, Тулуза графтығын
IYКөркем Филипп—Шампань графтығын қосып алды.
ХIYғ. Францияда орталықтанған феодалдық мемлекет қалыптасты. Бас штат—1302ж. сословиелер өкілдерінің 
жиналысы.
        2.Жүз жылдық соғыс. Жакерия.
   1337-1453ж.ж.—Англия—Франция соғысы
     Францияның мақсаты:   Аквитанияны өзіне қосып алу.Француздар үшін -- әділетті соғыс болды. 1346ж.—
Креси  маңында—француздар  жеңіледі.  1356ж.  –  Пуатье   шайқасы—француздар  жеңіледі.  1358ж.   –  француз 
шаруаларының көтерілісі. Жакерия деп аталды—Гильом Каль басқарды.
3.Француз халқының басқыншыларына қарсы күресуі. Жанна д Арк.
1360ж.   –   Англия-Франция   бітім   жасалды.   Бітім   бойынша:     Франция   жерлерінің   3/1   бөлігі   ағылшындарға 
берілді. 
  1369ж.—соғыс қайта жалғасты.
  1415ж.—Азенкур--- француздар жеңіледі.
1420ж. бітім бойынша—Франция өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, біріккен ағылшын-француз корольдігінің бір 
бөлігі ғана болып қалады.
1428ж.—ағылшындар Орлеан қаласын қоршады.
1429ж.—Жанна д Арк Орлеанды босатты. 1430ж.—Компьеон түбінде тұтқынға түсті.
1434ж.—отқа өртеп жіберді.
1453ж.—Бордо түбінде—француздар жеңіске жетеді.
4.Елді саяси біріктіруді аяқтаудың алғышарттары.
   1. Нормандия, Анжу, Аквитания, Тулуза т.б. иеліктер қосып алынды.
   2. Бас штаттар шақырылды
   3. Жүзжылдық соғыста жеңіп шықты
   4. Тұрақты әскер құрылды
   5. Бургундия басып алынды. ХYғ. аяғында Францияны біріктіру аяқталды.
Король:   -- Әскер тікелей корольге бағынды.
a.
Мемлекет тікелей өзіне тәуелді шенеуніктер арқылы басқарды
b.
Граф, герцог бағынышты болды
c.
Барлық мемлекеттік істерді өзі шешіп отырды.
5.Х! Людовик, оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі.
   Х! Людовик тұсында Францияны біріктіру аяқталды.
Жаңа сабақты бекіту: 1. Карта- схемамен жұмыс.
                       2.Өзін-өзі тексеру жұмысы.
Бағалау.       
  Үйге тапсырма беру:  63-беттегі тапсырмалармен жұмыс
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: MS EXCEL-МЕН ТАНЫСУ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі
Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Күні: .....................................                   Пәні: Информатика               Сыныбы: 8 (сегізінші)
Сабақтың тақырыбы: MS Excel-мен танысу. MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың ЕХСЕІ кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен  амалдар, Excel  мүмкіндіктері, 
жұмыс кестесінің  элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау 
туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік:  Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге  тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көре және ести отырып, есте сақтау және көру қабілеттерін  дамыту, ойындар 
арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
66

Сабақтың  түрі:  аралас сабақ  («Ғажайып  тоғыздық», «Көңілді  батырмалар» ойыны, электронды оқулықпен 
жұмыс, тірек-сызбалар)
Сабақтың әдісі: Практикум элементерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта   қолданылатын   көрнекі   құралдар:    Компьютер,     оқулық,
интерактивті тақта, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
                                      2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
                                     3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру. 
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
MS Excel -  сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office –
тің   құрамына   кіретін   программа.     MS   Excel-дегі   ыңғайлы   аспаптардың
көмегімен   алынған   сандық   мәндерді   талдауға,   сонымен   қатар   олардың
нәтижесін   кесте   түрінде   беруге   болады.   Есептеу   кезінде   400-ден   аса
математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара 
байланыстарын қарастыруға болады.           
Жұмыс кітабы. Microsoft  Excel  файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына 
аттары таңбаша арқылы  берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады. 
Жұмыс   парағы   256     бағаннан   және   65 536   жолдан   тұратын   кесте   түрінде   беріледі.   Жолдар   сандармен 
нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, 
АВ т.с.с. әріп комбинациялары басталады.
Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені 
баған мен жол қиылысында орналасқан.  Мысалы, егер ұяшық  F  бағанында және  7  жолында орналасса, онда 
оның мекені   F7. 
Берілгендерді ұяшыққа енгізу.  Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны 
белгілеп алады.   Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» 
жазуы көрінеді.   Осыдан  кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін 
мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:
* Енгізу пернесін басу;
* Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;
* Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;
* жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.
Егер бағанның  енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі. 
Кестенің элементтерін белгілеу.  Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған 
ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа 
апару немесе тышқанды шерту қажет. 
Жұмыс кітабын құру.     Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. 
Ашылған   диалогтік   терезеде   солардың   негізінде   құрылатын   жұмыс   кітабының   қосымшасын,   одан   кейін 
шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз. 
Жұмыс  кітабын   ашу.   Құрылған  жұмыс  кітабын   ашу  үшін  Файл  менюіндегі  Ашу  (Открыть)  командасын 
таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс 
кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.  
Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек. 
Үнсіз келісім бойынша xls  кеңейтілуі  және  
   белгісі бар Microsoft  Excel  кітабының файлдары ғана тізімге 
шығады.  Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен  
сәйкес типті таңдап алу керек. 
Жұмыс кітабын сақтау.  Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты 
аспаптар тақтасының     батырмасын шерту керек.  Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау  диалогтік терезесі 
көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі  
өрісінің тізімінде – кітап форматы сақталады. Файл аты қрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын  
шертіңіз. 
Қайта   сақтау   кезінде   Құжатты   сақтау   диалогтік   терезесі   шықпайды,   кітап   автоматты   түрде   сол   файлда 
сақталады.   Кітапты   басқа   атпен   немесе   басқа   бумаға   сақтау   үшін   Файл   менюіндегі   Қалай   сақтау   керек 
командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.  
ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру:
        
Оқушылар электронды оқулық арқылы берілген тапсырмаларды орындайды
Ү. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар: «Excel алаңы» ойыны арқылы жаңа сабақты бекітеміз.
11.
Microsoft Excel программасы  деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді
12.
Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.
13.
Microsoft Excel терезесі қандай элементтерден тұрады?
67

14.
Microsoft Excel программасында неше жол, неше баған бар?
15.
Жұмыс парағының беті бойынша қандай пернелер арқылы орын ауыстырамыз?
16.
Кестенің жұмыс беттерін қандай жолдармен ауыстырамыз?
17.
Кесте бетінің таңбасының атын қалай ауыстырамыз?
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
«Адасқан әріптер» ойыны арқылы сабақ қорытындыланады.
VІІ. Оқушылар еңбегін бағалау:
ҮІІІ.   Үйге   тапсырма   беру:    Microsoft     Excel-мен   танысу.   Microsoft     Excel-ге   берілгендерді   енгізу   және 
редакциялау.
* * * * *
МҰҒАЛІМ ІСІ СЫРТТАЙ  ҚАРАПАЙЫМ БОЛҒАНЫМЕН
ТАРИХТАҒЫ  ЕҢ ҰЛЫ ІСТІҢ БІРІ
Қарағанды облысы. Қаражал қаласы Жәйрем кенті
Жәйрем№10ЖББОМ География пән мұғалімі
Мухамеджанова Инкар Габитовна
 Мұғалім мамандығына мен  бейіммін, мені ешқашан оқуға қайда барамын, кім болып жұмыс істеймін деген  
сұрақ  мазалаған емес. Әркім бір мамандыққа ыңғайлы. Менің мамандық таңдаудағы алғашқы жетістігімнің бірі 
осы  және тек қана осы жерде,яғни мектепте , балаларға тәрбие, білім беру арқылы  қоғамға қандай да бір пайда 
әкеле аламын деген нық сенім. Бұл сенім  мені  алға жетелейді.  Бір күні осы арманыма жету үшін мен не істер  
едім   деген   ой   туды.Соңынан   осы   курс   жаныма   жәрдемші,   оқушылардың   білімін   дамыту   жолында   маған 
көмекші болар деген сенім ұялады. Сонымен, мен өзгеру жолына жүрексіне  қадам бастым.Иә, адамды өзгерту 
мүмкін бе, нық орныққан сананы өзгерту ше? Тынымсыз ой, санамдағы талас, өзімді-өзім жеңу......Бұл жаңа 
заманға бет алу
   Қазақстан Республикасының   педагог қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру курсының үшінші    деңгейлік 
оқуына  келмес бұрын, менің сабақтарым бір сарынды яғни дәстүрлі сабақ түрінде өткізіп жүргенмін.   Топпен  
жұмыс   жасауды   жиі   қолданбайтынмын.   Жаңа   сабақты   өзім   толығымен   түсіндіріп   ,   тапсырманы   сұрау 
барысында   ,   кері   байланысты   жүз   пайыздай   қайтарып   ала   алмайтынмын.Өзімнің   түсіндіріп   берген 
материалымды қайтадан өзіме айтып беретін,   яғни оқушылардың қосымша кітаптар мен интернет желісіне 
жүгінбейтін. Осы проблеманы қалай жүзеге асырсам екен деген ой маза бермей жүрді. Биылғы оқу жылы маған 
үлкен жаңалықпен басталды. Ол Қазақстан Республикасының   педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 
курсының үшінші   деңгейлік курсына баруым.       Осы курсқа қызығушылығыммен қатар жасыратыным жоқ 
қорқынышта   бірге   жүрді.   Нұсқаулықта   көрсетілген   жеті   модульді   алғаш   естігенде     бойымда   түсінбеушілік 
жағдайы орын алды. Мен қандай оқуға келгенмін деген ой мазалады. Топпен жұмыс жасадық, ынтымақтастық  
атмосферасын құра отырып оқушылар тәрізді жұмыс жасадық. Тренеріміздің ұйымдастырған әр сабағы көңілді 
және мен біліп түсіне бермейтін сөздерге толы болды.   Осы курс барысында үйренгенім көп болды  .   Сабақта  
әр   түрлі   әдістерді  қолдана   отырып   ,   теорияны   практикамен   ұштасытырып   өткіздім.   Оқушылармен   бірге 
орындаған стратегиялар өзіміздің өн  бойымыздан өткізе отырып мектептегі  тәжірибе кезеңінде оны жүзеге 
асырып отырдым. Осы оқуға келіп біраз ақпарат  көзін  жинағаннан кейін менің көзқарасым бірден өзгерді. Мен  
осы оқуды бітірген соң мектептің ашық күніне сабақ бердім.Сабақтың тақырыбы :"Аустралия материгі .Жер 
бедері   мен   пайдалы   қазбалары".Бұл   сабаққа   көптеген   мектептің   және   горооно   басшысы   сабаққа   қатысты. 
Оқушыларды  шаттық шеңберге тұрғызып, аялы алақандарын беру арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. 
Оқушылардың  сабаққа   деген  жақсы көңіл-күйлері  көтеріліп,   тұлға   аралық    байланыс орнады,   өзін- өзі  
реттеді.Топқа мозайкалық әдіс қима суреттермен топқа бөлдім. Бір топта Аустралия материгінің климатын, 
екінші   топқа,Аустралия   материгінің   табиғат   зоналарын,   үшінші   топқа   ,Аустралия   материгінің   пайдалы 
қазбаларын   құрап   картасын   жасап   топқа   бөлдім.   Сабақтың   тақырыбын   ашатындай   әр-түрлі     стратегиялар 
қолдандым.   Олар :   Сұрақты тап,Алтын балыққа арналған аквариум, Миға шабуыл,Электронды оқулықпен 
жұмыс,   Жұппен   жұмыс,   Ментальді   картамен   жұмыс,
 
  Rally   Coach   cтратегиясы,  Осы   өзгерістерді   басқару 
бойынша   дағдылар мен икемділіктерді айта   кететін болсам   , ең біріншіден өзімді мен көшбасшы ретінде  
санадым,  себебі  осы жаңа әдіс-тәсілдерді  дұрыс,  нақты  сабақ  барысында қолданып нәтижесін көру керек  
болатын.     Өзімінің   іс әрекетіме сипатттама   беретін   болсам ,   сабақ бойы жан   дүниемді   ,   бар күшімді  
салдым,   әр   топқа   қалыптастырушы     бағаны   қолданып   отырдым.   Оқушылардың   барлық   сабаққа   деген 
қызығушылықтары   артты.   Сабақты   қорытындылау   мақсатында   рефлексия   алдым,   олар   ,     бәрі   түсінікті 
көмектесе аламын, түсіндім бірақ шатасуым мүмкін, ештеңе түсінбедім көмек керек деген сұрақтарға жауап 
жазып өздерінің есімдерінің тұстарына іліп кетті. Бұл рефлексияны қорытындылай отырып әр кез сабағымды 
топпен, жұппен , әр түрлі жаңа тәсілдермен сабақты өткізіп отырамын деген ой түйдім. Осы сабаққа тәжірибе 
алмасу қатысқан мұғалімдердің әр қайсысы сабақ өткізер алдында маған көмек қолын созуымды сұрайды. Мен 
әр кез оларға көмектесуге тырысамын Сабақтарына әр кез осы тәсілдердің түрлерін қолдануға немесе  сергіу 
сәтін және сабақ соңында рефлексия алып отыруларын айтамын,сонымен қатар бағалаудың бірнеше түрлерін 
68

қолдануды   ұсынамын.   Сабақтарымының   барлығын   топпен   жұмыс   жасауға   дағдыланып   келеді.   Үнсіз 
оқушыларым сабаққа қызығушылығының артқанын байқатып, сабаққа белсенділік танытып отырды.Талантты 
және дарындаы оқушыларымды әр қырынан тани бастадым.Әр сыныпта белсенді көшбасшылардың болатынын 
байқадым.Қазіргі   кезде   мектепте   ,   әр   мұғалімнің   сабағында   осы   оқудың   бір   немесе   бірнеше   элементтерін 
қолданып жатқаны қуантарлық жағдай.
  Қандайда  бір  жұмысты  бастағанда  адамда  қобалжу  болады. Бірақ  менің  осы  курста  үйренгенім, өзіме 
деген  сенімді  арттырды. Сол  сенімнің  арқасында   алынбайтын  қамал  болмайтынын  түсіндім.Оқушыларыма 
да  өзімнің  тәжірибемдегі   қағиданы  ұстануды  үйреттім.
Оқушының       білім     алудағы   атмосферасын     біз     тарылтып     ұстап     тұратындаймыз.   Оларды     кішкене  
ойландыруға  уақыт  бөлсек,  барлық  қиындықты  жеңуге  болады. Ол  үшін  мұғалім- ата –ана  болып  бірігіп,  
оқушыға  бағыт- бағдар  беріп  отырсақ, шет  елге  көз  тікпей – ақ нағыз  білімді, мәдениетті, ұлтжанды ұрпақ  
тәрбиелейтінімізге  толықтай  сенімдімін. 
   Кейде  бізге  оқушы  түк  білмейтіндей  көрінеді, егер  оның  жанына  үңілсек, оған  дұрыс  бағыт -  бағдар 
бере   алсақ, олардың   жемісін   жейтін   күн   алыс   емес.     Өз беттерінше шама шарқыларына қарай тиімді 
пайдалы жақтарын түсінді. Осы курста оқыған жеті модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан 
ойлауын дамытуды қалыптастыруға үйретеді. 
Қорыта айтқанда,  бұл курстың бізге берген жаңалықтары өте маңызды, әрі керек екенін түсіндік.
Бұл  бағдарлама сапалы білім беруде оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу  нәтижелеріне оң ықпалын  береді 
деп  ойлаймын. Болашақта өз іс тәжірибемді жалғастырып ,зерттеу тақырыбымды тереңірек зерттегім келеді.
Мен үшін ең тиімді сабақ ол-нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады. 
Менің   байқағаным   әлі   де   оларда   еркін   ойлау   жетіспей   жатыр.   Әр   сабақ   барысында   оқушылардың 
белсенділіктері артып сөйлеу мәнері мен көшбасшылықтары қатар жүреді деп айта аламын. Ұстаз мамандығы 
өте жауапты іс. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктері өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Сол себепті ұстаз 
білікті маман болуға міндетті деп ойлаймын. Осындай мамандарды даярлау мақсатымен құралған осы курстар 
үлкен   көмек   көрсетіп   отыр.Бұл   бағдарламада   сындарлы   оқыту   теориясы   негіздерін   қамтыған.   Бұл   теория 
оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек 
көздерінен,   мұғалімнен,   оқулықтан   және   достарынан   алған   білімдерімен   астастырыла   жүзеге   асады   деген 
тұжырымға негізделеді.  Жером Брунер: «Орманды өсіру» дегенін алсам біз, мұғалімдер, «рефлексивті агент» 
болсақ, біздің өсіріп жатқан «орманымыз» – оқушыларымыз. Біз реттелетін болсақ, оқушыларымыз да өздігінен 
реттеледі   деген   ой   түйдім.  Ендігі   өз   оқыту   тәжірибемде   осы   үйренгендерімді   үздіксіз   жаңалап,   дамытып 
отырып, оқушыларға сапалы білім беруге бел байладым.     
 Өзгерістер болады деп ойлаймын. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау, 
жаңа тәсілдермен оқыту қиын екен. Бірақ, балаларыма қатты ұнады. Олардың көздерінен күнде мұғалім бүгін  
қызықты не әкелді екен? Сабақ қалай өтеді? дегенді жанарларынан оқып маған да сабақ беруіме бір жаңаша  
құлшыныс   пайда   болды.   Мен   аз   уақыт   ішінде   оқушыларымыд,әріптестерімді   де   сабақ   өткізу   барысында 
қызықтыра   білдім   деп   ойлаймын   және   алдағы   уақытта   бұл   әдіс   тәсілді   қолданып   сабақ   өткізу   жалғасын 
табатынына сенімім мол. Сондықтан осы жасап жатқан жұмыстың жемісін көретініме нық сенімдімін.
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ:  «ЖАС АҚЫНДАР» САЙЫСЫ
Дүйсенғалиева Гүлдана Талғатқызы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы
Сейдалы Оразалин атындағы орта мектеп тәлімгері 
Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әдеби-көркем , мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру, мәнерлеп 
оқуын дамыту.
а) Атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға 
деген  құштарлығын  арттырып, өлең  сөзінің  құдіреті  мен  қуатын  жанымен  сезініп, жүрегімен  түсіне білуге 
үйрету.
ә) Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума-талант, табиғи дарындарын анықтау, өзіндік 
«Менін» қалыптастыру.
б) Алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйретіп,ұлтына, тіліне құрмет көрсетуге, өнерге баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын кітаптарының көрмесі.
Барысы
Тәлімгер:  «Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін өткелі отырған «Жас ақындар» сайысына қош 
келдіңіздер!
Өлең деген – құдірет қой шынында,
Талант керек, кейде оны ұғуға.
Ұлағат та,тіршіліктің сыры да,
69

Үңілсеңіз жатыр баба жырында. Ендеше бүгінгі кешіміздің мақсаты – өлең сөзінің құдіретін, мәнін түсіну 
болмақ!
Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма
                                                қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта Адам?
Арма, өмір, бар әлемді баурына алып
                                                шайқаған!
Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?
Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар!
Бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет