Жаулық - әр ру, елде түрліше аталған; оңтүстік, орталық, шығыс Қазақстанда оны көбінесе (матаның көлеміне
байланысты) шаршы, Жетісу, Алтай өңірлерінде шылауыш, ал оңтүстік Қазақстанда күндік деп аталады. Рудың
өзіне тән ерекшеліктері болған; Маңғыстауда матаны қабат ұзын тіліктен тігілген бұрама жаулық кисе, Семейде
ұшбырышты, шеттері тым созыңқы орамал тәрізді етіп ұшбұрыш түрі болған. Арқа жерінде жоғары және төмен
деп аталатын қос жаулық тартқан. Шылауыштың шетіне қол кестемен қызыл, жасыл, сары, шолақ және
жалғасқан қысқа оюларды салады. Маржан түйреуішпен тағып, төбесіне шашақ төгіліп, кестеленген төбелдірік
салады.
Бұрынғы Торғай облысы аумағындағы жас келіншектер ХХ ғасырдың басында сұлама немесе суәкеле
жаулық киген, бұл жерде оның екінші атауы тегін берілмеген, себебі оның шығу тегі сәукелеге байланысты.
Оның негізін бірнеше қабат қағаз немесе картоннан жасалған қатты каркас құраған (бұрынғы тәрізді киізден
болса керек). Түрі жоғарыдан қиылған конус сияқты, биіктігі жарты метрдей, қапталған матасының артқы шеті
емін- еркін арқаға түсіп кетеді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында мұндай бас киім Бөкей ордасында да
тараған, яғни жалпы Қазақстанның Солтүстік батысына тән киім үлгісі. Оның төменгі жағына оқалы кесте тігіп,
моншақтар қадаған, ал жан- жағына күміс әшекейлер бекіткен. Отра жастағы әйелдер оны кеңірек әрі төменірек
тігіп, әшекей тақпай киген. Қартамыс әйелдер үстіңгі жаулықты каркассыз бұрайтын болған. ХІХ ғасырда
әйелдер үшін міндетті киім түрі болған жаулық Орта Азия халықтарына да кеңінен тараған.
Қасаба – тұрпаты дөңгелек, желкесіне қарай ойыңқылау келген, дөңгелек тақияға ұқсас етіп пішіледі де, артқы
жағына немесе желкесіне қарай бірте- бірте ойыңқы түскен құлмасына болады, ұшы әйелдің арқасына қарай
төгіліп жатады. Айдыны зерлі жіптермен кестеленіп, қиылысқан жерін алтын жолақпен жауып, зерлі әшекеймен
безендіреді. Құламасына шашақтар тағылады. Шашақтың көп тағылуын «ұрпағы көбейсін» деген игі тілекпен
түсіндіруге болады. Қасабаның маңдай тұсына түрлі асыл тастармен тізілген дөңгелек табақшалармен
бекітілген қыстырма ілінген. Ал самай тұсына ұзынырақ күміс қоңыраушалармен ұшталған 5-6 тізбек
салпыншақ қыстырған. Көне түркі (қыпшақ) бас киімнің негізгі элементтерін бойына сіңірген қасаба атауы
«алтын зерлі» деген мағына береді дейді этнограф Ө. Жәнібеков. Қасаба көбіне төре, сұлтандардың қыздары
46
киетін бас киім саналған.
Қазақта сирек те болса кездесетін бас киімінің ерекше түрі – қарқара. Ш. Уәлиханов еңбегінде: «қыздардың
басында төбесіне құс қауырсыны қадалған сұлтан киетін бас киім болыпты» дейді (Шығармалар жинағы. І том
326 б.). Қарқара кигенде әйелдер жаулықтың бір ұшын желке тұсына келтіре сәл шығарып кояды да, қалған
бөлігін кимешектің сыртынан айналдырады, шашын көрсетпей жауып тұрарлықтай етіп орайды. Жаулықтың
ұзындығына байланысты қарқараның биіктігі де әртүрлі болады.
Қазақ халқының қолынан міне, осындай сан түрлі киім үлгілері жасалып шыққан. Әсіресе, ұл өңірінде әйел
затына арналған киімдердің ерекше рөлі болғаны анық. Себебі, әйел затына ерекше құрметпен қарай дәстүрлі
мәденитіміздің ерекше көрінісі екені күмәнсіз. Халқымыз қыз баланың әсемдігін денесін жалаңаштау арқылы
емес, мың құлпырған бояуы қанық, келісті де көрікті киімдері арқылы көрсетуді жөн көрген.
Тымаққа қатысты әдет- ғұрыптар
Тымақ – қасиетті баскиім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан
балаға мұра есебінде қалып отырған.
Ел арасында: «Шала туып, тымаққа салып өсірген», - деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған
сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы,
әрі бөлуге, ұстауға ыңғайлы болады. Шала туған сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына
ілініп қойылатындықтан, күн кереге бас арқылы есептеледі. Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің
қырқыншы басына бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста
туса, онда үй қабырғасына шеге қағылып ілінеді. Бұл да тымақтың қадыры мен қасиетін бейнелейтін
көріністердің бірі деп түсіну керек.
Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар. «Тымақ ұры» немесе «Тымақ тастап кешірім
сұрау» бітімге шақырудың ең үлкен көрінісі немесе айыпкер жағының беделді адамдары мен жасы үлкен, жөн
білетін ақсақалдарының құныкердің ауылындағыларының алдына барып «Құдай кешсекеш! Білместік, оқыс
кездейсоқтық іс болды, кешір!» деп өтінген кезде ортаға ең үлкен ақсақалдың баскиімін тастап сөзге, мәмілеге
шақырады. Қызды алып қашу үрдісінде қыз жағының «аяғына жығыла» барған кездейсоқ құдалар да бас киімін
жерге, алдына тастайтындығ тағы бар.
Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар.
Жоғарғы сакларды әлемдегі рухтар мен ата- бабалар аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киім- бас киім
үйдің құты мен берекесі, Басқа қонған бақтың (тұрағы) деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырым-
тиымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға, баянды етуге бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас
киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады.
Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға
болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашады.» деген
наным бар. Адамның басынан қадырді, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сонымен бірге бас киімді тебуге,
лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның маңдайына жазылады, сондықтан бас
киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еркектігі сөнеді, рухы
жасиды.
Қорытынды
Қорыта айтатын болсам бұл жұмысты жазу барысында маған ұлттық бас киімдер ұнаған болатын. Сол
себептен мен ғылыми жұмысымды бастаған едім. Ғылыми жұмысымда қазақ халқының бас киімі жайлы
жаздым.
Ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты. Бізге көшпенділер бірнеше мыңдаған жылдар
бойы сақталған салт- дәстүрін, киім кию мәдениетінің, ғажайып өркениетін мұраға қалдырып кетті. Осы ата-
бабаларымыздың өткен тарихы, олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай, мұрагер біздің
қызығушылығымызды тудырып отыр. Осы мақсатта менің төмендегідей ұсынысым бар:
-
Жас ұрпаққа қазақ халқының бас киімін танытуда кеңінен зерттеу жүргізілсе.
-
Болашақта тарихымызды, әдет- ғұрпымызды ұмытпас үшін жаңа үлгідегі киімдерге осы негізде
өзгерістер енгізілсе.
-
Қазақ ұлттық бас киім түрлерінің жасалу жолдары, пішіндері, тігуге қолданылатын заттар туралы
мәліметтер көптеп шығарылса.
Оқушылар қазақтың ұлттық бас киімдері туралы білім ала отырып, одан туындайтын киіммен байланысты
қазақ халқының дәстүрлі ырымдары мен тыйымдарына, салттарына құрметпен қарайды, өз Отанын сүйетін
елжанды, патриот азамат болып өседі.
47
ТАҚЫРЫБЫ: « НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?»
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласы
№89 «Шамшырақ» бөбекжай- балабақшасы
Рустемова Райхан Алтыбайқызы
Білім саласы :қатынас,таным,әлеумет,шығармашылық .
Білім бөлімі :қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,тіл дамыту,көркем әдебиет,ән-күй.
Тақырыбы: « Не? Қайда? Қашан?».
Мақсаты: Білімділік: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімін бекіту, буынға бөлу, сөз құрау, жұмбақтар
шешу, жаңылтпаштар айту. Сандарды білу, есептер шығару, геометриялық денелерді тану. Дамытушылық:
Балалардың ойлау қабілетін арттыру, берілген сұрақтарға шапшаң, әрі дұрыс жауап бере білуге, дүниетанымын
кеңейтуге баулу.
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыйластыққа, өзгенің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу
Көрнекілік :кеспе әріптер, текшелер, сандар, геометриялық фигуралар.
Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қане, амандасып алайық.
Сәлеметсіздер ме?
Қатар - қатар тізіліп
Оқушыға ылайық.
Қолымызды түсіріп,
Түп түзу боп тұрайық.
Бірінші қатар жәй отыр,
Екінші қатар тез отыр.
Балалар, біз бүгінгі сабақты ойыннан бастасақ. Қане айтыңдаршы, үстелдің үстінен нені көріп тұрсыңдар?
Зырылдауық, конфеттер.
Ал енді тақтаға қарайық. Бұл жерде ертегі кейіпкерінің аты жасырылған.
Оның кім екенін конфеттегі тапсырманы орындаған соң ғана білетін боламыз. Тәрбиеші зырылдауықты
айналдырады.
1 - тапсырма. 1. Жыл мезгілдерін ата.
2. Ай аттары.
3. Бір аптада неше күн бар?
4. Бүгін аптаның қай күні?
Кім апта күндеріне қатысты тақпақтар біледі?
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік қызықты,
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Тапсырманы орындадық әріпті ашайық.(Қ)
2 - тапсырма. 1. Тура және кері санау.
2. Сандардың көршісін тап.
3. Жұп және тақ сандарды анықтау.
4. Бірліктер мен ондықтарды ата.
5. Ұқсас сандарды ата.
Осы сандар туралы санамақты кім айтады?
Бір дегенім - билік, барлық іске килік
Екі дегенім - ерік, қойма еркіңді беріп.
Үш дегенім - үміт, шақырады күліп,
Төрт дегенім - талап, босқа жатпа қарап,
Бес дегенім - бірлік, бірліксіз жоқ тірлік
Алты дегенім - арман, шығатұғын асу,
Жеті дегенім - жігер, жеңгеніңді тілер
Сегіз дегенім - сенім, сенген табар елін.
Тоғыз дегенім - талғам, оқуменен алған.
Он дегенім - өзім, бәрін білер кезім.
Тәрбиеші: Жақсы, жарайсыңдар! Тапсырманы орындадық, енді екінші әріпті ашайық. (О)
3 - тапсырма. (Сауат ашу сабағынан қойылады.)
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстардың түрлері?
4. Дауыссыз дыбыстардың түрлері?
5. Әріп дегеніміз не?
6. Алфавитте қанша әріп бар?
7. Сөз дегеніміз не?
8. Сөйлем дегеніміз не?
Тапсырманы орындадық. Енді үшінші әріпті ашайық. (Ж)
4 - тапсырма. Әріптер туралы жұмбақтар, жаңылтпаштар айту.
Қарда бар
Борда жоқ
Жарда бар
Орда жоқ. (А)
А - әріпінен басталатын сөз ойлап табу. Жаңылтпаш білеміз бе?
48
Алғыр аттар
Арғымақтар
Арғымақтарды
Әркім мақтар.
Жұмбақ шешіп көрейікші.
Сауысқанды, сағызды,
Сарымсақты, сәбізді
Сапсыз бірақ тәрізді
Бастап тұрған қай әріп? (С)
Жарайсыңдар! Тапсырманы орындадық, енді келесі
әріпті ашайық. (А)
5 - тапсырма. Математика сабағына арналады.
1. Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді,
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті екеуі.
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі.(үшеуі)
2. Шығармақ боп неше есеп
Жиналғанда бес есеп
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есеп? (екеуі )
Жұмбақ шеш.
Бір - бірімен жарысқан 2 - аю, 1 - арыстан, 2 - қоян, 3 -
түлкі.
Бәрі нешеу? Сен ойлан. (8)
Тәрбиеші: Жақсы, жарайсыңдар! Тапсырманы
орындадық, енді келесі әріпті ашайық. (Н)
Сергіту сәті.
6 - тапсырма. Суретке қарап әңгіме құрастыру.
Тапсырма орындалды. Келесі әріп (А)
7 - тапсырма. Біздің балабақша, менің Отаным сөздерін
оқып шығу.
Ашайық, келесі әріп (С)
8 - тапсырма. Сұрақ - жауап.
1. Кеңістікті бағдарлай аласың ба? (оң жақ, сол жақ,
жоғары, төмен.)
2. Жабайы жануарларды ата.
3. Еңбек етсең ерінбей, ......................................... (Тояды
қарның тіленбей.)
4. мемлекеттік рәміздерді ата. (ту, елтаңба және
әнұран )
Балалар Ы әріпі шықты.
9 - тапсырма. Берілген сөздерді суреттегі отбасы
мүшелеріне қайсысына қатысты екенін тап. (ата, әже,
әке, ана, аға, әпке )
Соңғы әріпті ашайық. Бұл әріп – Р. Жасырылған сөзді
барлығымыз оқиық. ҚОЖАНАСЫР.
Ол кісіні ортаға шақырып, өз өнерімізді көрсетейік.
Ән « Бала тілегі» хор.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылау.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: СЕПТІКТЕРДІ ҚАЙТАЛАУ
Жарылкасынова Сисенкүл
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
№116 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Септіктерді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың білімін тексеру, әртүрлі тапсырмалар орындату
арқылы септіктердің сұрағын және жалғауларын бір-бірінен дұрыс ажырата білуге үйрету.
2. Дамытушылық. Ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту.
3. Тәрбиелік. Сауаттылыққа, еңбек етуге, ананы құрметтеуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Әдістері: Сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік.
Көрнекілігі: үнтаспа, интерактивті тақта, карточкалар, сөз тізбектер.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, ертегі сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, бейнелеу, музыка.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Балаларды сабаққа дайындау.
II. Үй жұмысын тексеру. III. Жаңа сабақ.
Бүгін біз сендермен ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Қызықты оқиғаларға, қиындықтарға кездесеміз.
-Сендер қиындықтарды жеңе аласыңдар ма?
-Жақсы. Ендеше ертегіні бастайық. Бұл ертегі "Ана мен бала" деп аталады.
Ертеде бір жалқау бала
болыпты. Ол күні-түні ойнап, тамақ ішуден басқа ешнәрсені білмепті. Ал анасы болса, баласы үшін еңбек етіп,
тамағын асырапты. Бірде анасы төсек тартып жатып қалады. Анасы баласынан су әперуін өтініпті. Бала оны
тыңдамай, ойынын ойнай беріпті. Қатты ренжіген ана құсқа айналып кетіпті. Өз қатесін түсінген бала анасын
іздеп жолға шығыпты. Жолда ол бір үйді көреді. Ол мыстан кемпірдің үйі екен.
1. Мыстан кемпірдің тапсырмалары:
а) Баланың сауаттылығын тексеру. Сөздік диктант.
я ө е ый п і
жи ды, бөшк , көс у, с лық, кіта , сүлг .
а е ө и б ү
ә) Балалар, мен сандықтың ашылу сырын ұмытып қалыппын. Мына бір карточкаларда жазылған сөзді
49
табыңдар. Төрт оқушыға беріп тапқызу (орны ауысқан әріптерден сөз құрау).
б) Мына сөздерді септеңдер: Қар, гүл, дала (тақтада септеу).
Мыстан сандықты ашып, балаға жол көрсетеді. Баланың алдынан табиғат ата кездеседі. Табиғат атаның
тапсырмалары: а) Кітаппен жұмыс. 86-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып,
сөйлемдердді көшіріп жазу, зат есімдердің қай септікте тұрғанын айту.
ә) 87-жаттығу. Жұмбақты жатқа айтып, шешуін табу және зат есімдердің қай септікте тұрғанын айту.
б) 88-жаттығу.Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзбен сөйлем құрау .Шешуі: күйші.
Сөйтіп оның тапсырмаларын орындап болған соң, табиғат ата айтқан тауға жетеді. Тауға кірейін десе
жол жоқ. Сөйтсе оған тапсырмалар орындау керек екенін білді.
а) 89-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау .
ә) 91-жаттығу.Өлеңді ұйқасына лайық сөзді қойып көшіріп жазу .
Сергіту жаттығуы: "Орнын тап" ойыны.
Бала тапсырманы орындап болған соң, анасын алып жолға шықты, олар келе жатып алдарынан бір әдемі ағаш
көреді. Бұл ағаш та сиқырлы екен. Ол анасына алма әперу үшін, барлық сұрақтарға жауап беруге тиіс екен.
Қорытынды: "Сиқырлы ағаш" ойыны арқылы балаларға сұрақ қою.
- Сонымен балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Ана туралы мақал білесіңдер ме?
- Аналарыңды ренжітуге бола ма?
Мына мақалды дәптерлеріңе жазып алыңдар. "Күннің шуағы, ананың құшағы жылы".
Үйге тапсырма: 90-жаттығуды орындап, септіктерді қайталау.
* * * * *
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ РОЛІ
Атырау облысы, Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы
орта мектептің Балдырған шағын орталығының
тәрбиешісі Габдуллина Толғанай Төлегенқызы
«Адамды тәрбиелеу-демек, оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбелеу»-деп айтқандай
ұлы педагог А.С. Макаренко мектепке дейінгі мекемедегі адамгершілік тәрбиесінің атқаратын ролі зор.Ол
тәрбиемен білім беру процесінде әртүрлі іс әрекеттер арқылы жүзеге асады.Жаңа кезеңдегі білім берудің
өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгаршілік-рухани тәрбие беру.Құнды қасиеттерге ие, болу рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет
кезіндекөмектесугу болады,ал үлкен ағаш болғандаоны түзете алмайсың»-деп бекер айтылмаған.
Психология ғылымында дәлелденген,кішкентай балалар үшін оны ерекше әрекеттердің бірі-баланы таңдай
білу.Әр нәрсені дұрыс түсінуге бала ақылы жете бермейді.Сол себепті баланың не ойлап тұрғанын білу
қажет.Біз көбіне баланы қателікке ұрындырған себепті іздеп,дереу өзіне дауыс көтереміз. «Балалар таңдауды
қажет етеді екен» деп те ойлаймыз.Бала өз қателігін түсінген жағдайда ата-анасының не үшін жазалағанын
түсінбей жатады.Содан «ата-анам мені жақсы көрмейді» деген ойға қалады.Міне,сондықтан баланың ішкі жан-
дүниесімен сырласпастан,оның ойын білместен,жасаған ісінің дұрыс еместігін түсіндірместен жазалау дұрыс
емес.Есесіне,балаңызбен дос,сырлас болғаныңыз жөн.Ешқашан қатігездікпен адамды адам ете
алмайсыз.Қатігездік баланы ашындырады, өшпенділік тудырады.Сондықтан,тәрбие берудің негізгі мәйегі-
мейірімділік пен суйіспеншілік.Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп,өз –өзіне сенімділікті тәрбиелеуге отбасы пен педагогтар шешуші роль
атқарады.Халқымыздың
тәлім
–тәрбиелік
мұрасына
үңілсек,ол
адамгершілікті
,қайырымдылықты,мейірбандықты дәріптейді.Ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған.
«Үлкендісыйла», «Сәлем бер,жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор.Адамгершілікті
,ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді,жарқын,биязы,өзі парасатты болады.Ондай адамды халық «Иман
жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Рухани адамгершілік тәрбие-екі жақты процес.Бір жағынан ол үлкендердің ,ата-аналардың,педагогтардың
балаларға белсенді ықпалын ,екінші жағынан –тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын
қылықтарынан,сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра,
адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып,педагог істелген жұмыстардың
нәтижелерін,тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек. Адамгершіліктің негізгі мінез-құлық
нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан ,мінез-құлықтарынан
көрінеді,моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады.Баланың өмірге белсенді көзқарсының бағыты
үлкендер арқылы қалыптасады.Тәрбиелеу,білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың
мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады.Адамгершілікке,еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде,үлкендердің
қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде,ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске
асады.Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында,жан-жақты іс-
50
әрекетінде,қоғамдық өмірдің құбылыстар -мен, балаларға арналған шығармаларымен,суретшілер
туындыларымен танысу негізінде іске асады.Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек
сүйгіштікке,ұжымдық пен патриотизмге тәрбиелеуге,көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған
дүниеге қуана білуді дамытуға,үлкендер еңбегінің нәтижесін
бағалауға,тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу,бірге ойнау,бір
нәрсемен шұғылдану,ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда
болады.Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды,оның өмірге белсенді ұстанымын
бірте-бірте қалыптастырады.Әр баланың моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау-бүгінгі күннің талабы,оған
педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы
балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге
асады.Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді:ізгілік
бастамасымен тәрбиелеу,балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас,(тұрмыстың қарапайым
ережелерін орындау),кеңпейілділік,қайырымдылық,жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және тағы
басқа.Ұжымға тәрбиелеу,балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру,Отанға деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу,әр түрлі ұлт өкілдерін қадір тұту және сыйлау.
Рухани-адамгершілік тәрбие-бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары,ұйымдығы
қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығы.
Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды.
Балабақшамызда осы адамгершілік тәрбие беруде ата-аналармен,балалармен өткізілген «Қыз өссе елдің
өркі», «Атадан балаға», «Үйдің берекесі әже», «Бір сыр айтам», «Үлкенге құрмет,кішіге ізет» тағы сол сияқты
шаралар балаларға жақсы әсер берді.Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған
мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.Осы мақсатты жүзеге
асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы
біздің шағын орталықта эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді. «Өзін-өзі тану» пәні-баланы жастайынан
отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке,табиғатты сүюге,отбасын
сыйлауға,ұйымшылдыққа үйретеді. Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал,көркем шығармалар
хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын оқу-әдістемелік кешен «Өзін –өзі тану» пәнінің негізгі
мақсатына қол жеткізуге бағытталған.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымдары «Амандасу
рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру», «Сертіту сәті», «Тыныштық сәті», «Ойын», «Дәйексөз»,
«Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс ,дәптермен жұмыс,жүректен-жүрекке шенберінен
тұрады.Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік.Ол ешқашан ескірмек емес.Жас ұрпақтың бойына адамгершілік
қасиеттерді сіңіру,ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті.Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.
Адамгерші- ліктің қайнар бұлағы-халқында,отбасында,олардың өнерлерінде,әдет-ғұрыпында.Әр адам
адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен,өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.Қай заманда
болмасын адамзат алдында тұратын ұлы
мұрат-міндеттерінің ең бастысы- өзінің ісін,өмірін жалғастыратын сауатты,саналы
ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі,Сол келешек қоғам йелерін жан-жақты жетілген,ақыл-
парасаты мол,мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-баршамыздың қоғам алдындағы борышымыз.
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |