Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет10/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30

ТАҚЫРЫБЫ: КОУЧ. БАЯНДАМА
Атырау облысы, Мақат ауданы Х. Санбаев атындағы 
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Искакова Ботакөз Енсегеновна. Санаты: І
                                     
Біз Кембридж   университеті   бағдарламасының     деңгейлік   курстарында   коучинг   түсінігімен   таныстық. 
Біздің  мұғалімдердің  потенциалы  өте жоғары;олар оқыту   технологияларымен таныс,теориялық   білімдері 
өте   жоғары   деңгейде,үнемі әр   түрлі     курстарда   өздерінің     біліктіліктерін арттырып   тұрады.Бірақ   та  
теорияны     тәжірибелерінде   жүйелі   қолданбағандықтан     да     технологиялар     оқу   үрдісінде     сапа 
бермейді,мұғалімдер  сол  қалпы  сабақта оқытады,тәрбиелейді,дамытады,ал  балалар тек  қана объект  болып  
қалып  отыр.Оның  үстіне,мектептегі  көптеген  іс-шаралардың  саны,алдын  ала дайындалған ашық сабақтарды 
еске  түсіреді,педагогикалық  тәжірибелерін  дамытуға аз  бағытталған,мұғалімдер  ортасы  өзара  әрекеттестік 
жоспарында  шектелген  ортада қалып отыр.
Білім  берудегі  коучинг-келешектегі  аймақ.Коучингтің  тәлімгерліктен  айырмашылығы,жүргізуші  
әрқашанда  мақсатты  визуалдандырады  және  қоя  алады,жетістікке  жетудің  жолын   өзі  анықтайды.Коучинг-
тәлімгерлікке  қарағанда,өте қысқа  мерзімді  үрдіс.Коучинг идеясын  ежелгі  грек   философы  Сократ б.ғ.д.470-
399ж айтқан Мен ешкімді  ештеңе  үйрете  алмаймын,мен тек ойландыра  аламын.Сократ  адамның  өзін-өзі  
дамыту  қабілетін  көрсететін  дұрыс  жолды көре  білген. Тимоти Голви, Джон Уитмор, Мерлин Аткинсон, 
Томас Леонард және басқалары сияқты жетекшi әлем коучтары өз практикасымен адамдарға қызмет 
етуде.Кристофер Райен  өзінің  Coachinq.InnovativeKonzepteim Vergieich  деген  кітабында  коучингті   
дамытудың 7 фазасын көрсетеді.
70-80  жылдың  ортасына  дейін-коучинг  АҚШтан шықты;
80 жылдардың  ортасынан-олАҚШта  таратылды;
80 жылдардың  ортасынан-коучинг  Германияға  шолп етті;
80 жылдардың  соңында Германияда-қызметкерлік  жүйе  дамыды;
90 жылдың  басында  Европа  мен АҚШта-коучинг  дифференциацияланды;
90 жылдың  ортасында-аяғында Европа және Америкада  ол  көпшілікке  танымал  болды;
2002  жылдан бастап-коучинг  терең  мамандандырылған  фаза Элеонора  Сандуленко.2009.
Коучинг-ағылшын cooehing   сөзбе-сөз аудармасы-тәлім ету,дайындау,жаттықтыру.Коучингтің  халықаралық   
федерациясының  анықтауына сәйкес кәсіби  коучинг-бұл  клиенттерге өз  жеке  және  кәсіби өмірінде  нақты 
нәтижелерге қол  жетуге көмектесетін  үзіліссіз  қауымдастық. Тәжірибелі  мұғалімдер басқа мұғалімнің  кәсіби 
56

әлеуметін арттыруға,шығармашылықпен еңбек ету  арқылы,мектепте  үздік  тәлімгер  болуға  көмектесе 
отырып, тренерлер   өздеріне  коуч  рөлін  алады.Коуч өз  әріптестеріне  бағыт  және  белсенді  ынталандырып  
отыруға  көмек  көрсетеді.Қазіргі  кезде  бұл  тәсілді  қолдануға  болатын  бірнеше  басымдылыққа ие  
аумақтарды  жеке  бөліп  қарастыруға  болады;
1,Корпоративтік  коучинг
2.маркетингтегі  коучинг
3.кіші бизнестегі  коучинг
4.өзара қарым-қатынас  коучинг  
 5.жетістікке  жету          
  6.әдемілік   және  денсаулық  коучинг  
 7.оқытудағы  коучинг 
Уикипедияға жүгінсек,коучинг(ағылш. coaching —оқыту, жаттықтыру) — консалтинг және тренинг әдісі; 
классикалық консалтинг пен тренингтен айырмашылығы — коуч кеңес және қатаң ұсыныстар бермейді, ол 
шешімді клиентпен бірлесе отырып іздестіреді. Ал психологиядан айырмашылығы коучингтегі мотивацияның 
бағытында. Коучпен жұмыс істеуде белгілі бір мақсатқа, өмірде және жұмыста жаңа, позитивті тұжырымдалған 
нәтижелерге жету ұйғарылады. Яғни, анықтаманы талдай  кетер болсақ,  коучинг адамға  немесе  компанияға 
мақсатқа, нәтижеге жетуге көмектеседі. Коучингті меңгерген маманды «коуч» не «коучер» деп атайды.
Жазбамды   мазмұндай   келе   айтарым,  коучинг   бүкіл   проблеманың   жалғыз   да   тиімді   шешімі   болмайды, 
дегенмен, сол проблемаларды барынша тиімді шешуге орасан зор мүмкіндік беретін керемет технология.
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ:  ӨМІРІ ТҰНҒАН ӨНЕГЕ
Қызылорда облысы. Жалағаш ауданы. Жаңадария ауылы
№ 203 орта мектеп. Авторы: Шалабай Нұрболат
Жетекшісі: Сайтова Шолпан
Орындаған жылы: 2013-2014 оқу жылы.
Жобаның мақсаты: Темірбек Жүргенов Қараұлы өмірі мен еңбек жолымен танысу.
Міндеті: Темірбек  ағаның  өнерге, мәдениетке,әдебиет саласын  талантты  ұйымдастырғаны, адалдықты, 
адамгершілікті  ту еткені. Ақжарқын мінезі жасұрпақтарға қашанда өшпес өнеге, тағлым бола береді.
Өзектілігі: Орта Азиямен  Қазақстанға  ортақ  тұлға, аса көрнекті қоғам  және мемлекет  қайраткері, қаламы 
қарынды сыншы – көсем сөз иесі.
Болжам:  Темірбек Жүргеновті жас ұрпақ мәңгі есте сақтайды.
Темірбек Жүргенов - ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист. Оның көсемсөз мұрасы бастауын үш нәрседен: 
жеке басының бұйдагерлік (лидерлік), саясаткерлік және ұйымдастырушылық үздік қабілетінен алады.
Жетекші пікірі
  Жаңадария ауылы № 203 орта мектептің  8-сынып оқушысы Шалабай Нұрболат «Өмірі тұнған өнеге» атты  
тақырыпта жазылған жоба жұмысына жақсы деген берілді. Оқушының кең ауқымды жазылған  аталмыш 
тақырыптағы еңбегі: 
Біріншіден -  Темірбек ағаның 115 жылдығына орай түрлі шаралардың ұйымдастырылуы , қай салада жұмыс 
істемесін үнемі адалдықты , адамгершілікті ту еткендігі. 
Екіншіден   –  Қазақстандағы   мәдениет,   әдебиет,   өнер   саласының   талантты   ұйымдастырушыларының   бірі, 
республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 
Үшіншіден –  Темірбек Қараұлы Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта 
Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-
көсемсөз иесі саналады.  
Оқушының іздегені жан-жақты талдауға деген ұмтылысы байқалады. Сондықтан Шалабай Нұрболаттың 
ғылыми жобасы жақсы деңгейде жазылған деп есептеймін.
Аңдатпа
Жобаны қорғау мақсатында оқушы Темірбек Жүргеновтың өмірі мен еңбек жолында тоқталып танысты.
Шалабай Нұрболат осы жобаны ұсына отырып өз еңбегі арқылы Темірбек Жүргенов жайлы толымды ой-
пікірлер мен тапқырлығы, адамдармен қарым-қатынастылығы , қарапайымдылығы ,ақыл- кеңес беріп, жол-жоба 
көрсететін инабаттылығы мен шынайы адамгершілігі , ақжарқын мінезі жас ұрпаққа қашанда өшпес өнеге , 
тағылым бола беретінін түсінді.
Аннотация
В целях зщиты проекта , ученик оcтоновился и познокомился с жизнью и трудовой деятельностью Темирбека 
Жургенова.  
Предлагая данную работу , ученик 8 –( восьмого) класса Шалабай Нурболат , остановился на том , что 
Темирбек Жургенов, выделился среди людей своей работой способностью , чуткостью ,наивностью в 
57

общении ,умением давать точные и конкретные советы человечностью и гуманностью , а также что его 
легендарный жизненный путь вечно останется  в памяти подрастающего поколения.
Abstract
In  order  zschity  project, the  student  ostonovilsya    and  employment Temirbek  Zhurgenov.
Offering  this  work,the  student 8-(eighth) grade  Shalabai  Nurbolat, actonovilsya  on  what  Temirbek  Zhurgenov, 
stood  out  among  the  people  his  work  sposovnostyu,  sensitivity , the  nocivete  of  communication, the  ability  to  
provide  accurate  and  specific  advice  humanity  and  numanity,as  well  as  that  of   his  legendary  caverr  will  
vemain    forever  in  the  memory  of  the  gounger  generration.
  
Күнделік

Жұмыстың бағыты
Уақыты
Жетекшінің қолы 
1
Оқушының ең алғашқы жоба туралы түсінігін қалыптастыру
8.ХІ.2013
2
Ғылыми жұмыстың жоспарын жасап, бекіту
9.ХІ.2013
3
Обылыстық, адындық кітапханалардан жұмыс барысына 
байланысты қажетті материялдар іздестірілді
11.ХІ.2013
4
Интернет арқылы ғылыми жоба қажетті материядармен 
толықтырылды
11.ХІ.2013
5
Шығармашылық жұмыс, өлең құрастыру тапсырылды
12.ХІ.2013
6
Обылыстық музейде болу
12.ХІ.2013
7
Аяқталмаған тезис сен өскенде кім боласың?
13.ХІ.2013
8
Жинақталған материялдарды бір жүйеге келтіру.
14.ХІ.2013
9
Аяқталған ғылыми жобаны қорғауға дайындық жасалды.
14.ХІ.2013
10
№202 мектепте өткізіледі
15.ХІ.2013
   Сыр  елі-Алаштың  анасы. Сыр елінде  Қорқыт  ата,  Әнет  баба,Әйтеке  би, Мұстафа   Шоқай , Тұрмағанбет   
Ізтілеуұлы, Темірбек  Жүргенұлы. Смағұл  Садуақасов  дүниеге  келген  киелі мекені.  Темірбек  Жүргенұлы-
Қазақстандағы  тұңғыш  озық  мәдениет  төңкерісінің  бас   жасампазы.  “Жоқты  бар  қылған, барды  зор  
жасаған”  алғашқы  асқан  дарынды, кемеңгер  мемлекет  қайраткері  болды.  Алаштың  ардақтысы  Ахмет  
Байтұрсынұлы  “Темірбекке  мынадай   депті”- “Қазақстан  бір  министр  туған  екен” деп  теңеу  беріпті. 
   Қазақ    елі  үшін  Темірбек  Жүргенұлы  әлеуметтік – экономикалық озық дамуға тұңғыш рет жетуіне, 
халықтың  әл-ауқатының  жақсаруына  баға жетпес шешуші орасан зор үлес қосқан басты тұлға. Қазақ  елімен 
бірге Темірбек Жүргенов Қараұлы мәңгі жасайды.  
Негізгі бөлім
    Жүргенов   Темірбек   Қараұлы   (1898-1938)  -  Қазақстандағы   мәдениет,   әдебиет,   өнер   саласының   талантты 
ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 
  Темірбек  Қараұлы  Жүргенов  есімі   тек   қана  қазаққа  ғана  емес,  иісі  түркі   жұртына  мәлім,  Орта  Азия  мен  
Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі 
саналады. 
    Қызылорда   облысы   Жалағаш   ауданының   Жаңаталап   ауылында   дүниеге   келген.   Тұрмағамбет   Ізтілеуов 
ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде, Перовскідегі (қазіргі 
Қызылорда)   Суханский   атындағы   училищеде     бастауыш   білім   алған.   1917   жылы   Уфа   жер   шаруашылығы 
училищесіне   оқуға   түседі.   Осында   оқып   жүріп   қоғамдық   өмірге   белсене   араласады,   студент   жастардың 
әлеуметтік қозғалыстарына қатысады. 1918 жылы «Қазақ мұңы» газеті редакциялық алқасының құрамына енді, 
Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының  мүшесі  болды. 1919 жылы Ырғыз уезі  Кенжеғара болысы 
революциялық комитетінің  төрағасы қызметіне тағайындалған. 1920 жылы БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік 
революциялық   комитетінің,  уездік   жұмысшы,   солдат  және  шаруа   депутаттары  атқару   комитетінің  төрағасы 
болып сайланды.   1921-1923 жылдары Орынборда жұмысшы факультетінде оқиды. 1923 жылы Ташкенттегі 
Орта Азия мемлекеттік университетінің құқық факультетіне оқуға жіберіледі. Осында оқып жүріп, ол Қазақ 
АКСР-інің   Түркістан   Республикасындағы   толық   өкілетті   өкілі   болып   тағайындалады,   Қазақ   АКСР-і   мен 
Түркістан   Республикасының   Орталық   Атқару   комитеттеріне   мүше   болып   сайланады,   өлкелік   және 
республикалық   партия   ұйымдарының   конференциялары   мен   пленумдарына   қатысады.   Орталық   Азияда 
құрылған республикалар аумағының ұлттық-территориялық межеленуіне ат салысады. Бұл мәселе төңірегінде 
«Еңбекші   қазақ»,   «Советская   степь»   газеттеріне   мақалалары   жарияланды.   1926   жылы   Ташкенттің   Қазақ 
педагогикалық институтының директоры болып тағайындалады. Институтқа академик В.В.Бартольд, профессор 
С.Е.Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. 
    Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ 
тіліне   аударды.   Қазақ   термелерінің   жинағын   құрастыруға   ат   салысты.   1929-1930   жылдары   -   Тәжікстан 
үкіметінің қаржы комиссары. 1930-1933 жылдары - Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары. 1933-1937 
жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту 
комиссариаты жұмысына С.Аспандияров, Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің 
тікелей  ат  салысуымен  «Қазақстанда  мектеп  жүйесін  реттеу және қазақ  орта мектептерін  көбейту туралы» 
58

қаулы   қабылданып,   қазақ   орта   мектептерінің   саны   артуына   негіз   қаланды.   Жүргенов   Халық   ағарту 
комиссариатын   ұлттық   мәдениетті   өркендету   штабына   айналдырды.   Ол   1934   жылы   Алматыда   өткен 
Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 жылы Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің 
онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет 
қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Т.Жүргенов - ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының 
КСРО-ның   орталық   қалаларындағы   оқу   орындарында   білім   алуына   көмек   көрсетіп   отырды.   М.Әуезов, 
Ж.Шанин,   Ә.Қастеев,   т.б.   қайраткерлердің   шығармашылық   жұмыспен   айналысуына   жағдай   жасады. 
Т.Жүргенов   Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға 
үлкен үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В.Затаевичке көптеген мәліметтер берді. 1937 жылы КСРО Жоғарғы 
Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Т.Жүргенов 30-жылдардың басында әдеби сын мақалалар 
жазуға, соның ішінде театр сынына көбірек көңіл бөлген. Бұл өреде Б.Майлиннің «Шұға» пьесасының алғашқы  
қойылымына арналған «Ушуга» рецензиясын (Казахстанская правда, 1934, 21 маусым) атап айту жөн. Автордың 
пайымдауынша, ендігі жерде әдебиетке Меруерт тәрізді шарасыз бейнелер емес, Шұға сынды сындарлы, рухты, 
кесек образдар қажет. Халық Ағарту комиссары екі тілде бірдей жазған алғашқы қайраткер-қаламгерлеріміздің 
бірі болды. Тілді жазушы еңбегінің құрылыс материалы ғана емес, мәдениеттің, білімнің іргетасы деп білген ол  
тіл туралы айтыстан шет қалмай, сол өредегі білікті де салмақты пікірлерін көп талқысына салып, ең бастысы, 
практикалық   басшылық   саласына   көшіріп   отырған.   Қайраткердің   қазақ   тілінің   түсініктілігі,   мәдениеттілігі, 
тазалығы туралы ойлары, әсіресе терминологияға қатысты ұсыныс-пікірлері әлі күнге маңызын жойған жоқ. 
Жүргенов   тіл   қолданушыларды,   әсіресе   зиялы   қауымды   қазақ   әдеби   тілінің   бұзылып   көпшілікке   түсініксіз 
болуынан сақтандырды. 
Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ 
тіліне   аударды.   Қазақ   термелерінің   жинағын   құрастыруға   ат   салысты.   1929-1930   жылдары   -   Тәжікстан 
үкіметінің қаржы комиссары. 1930-1933 жылдары - Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары. 1933-1937 
жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту 
комиссариаты жұмысына С.Аспандияров, Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің 
тікелей  ат  салысуымен  «Қазақстанда  мектеп  жүйесін  реттеу және  қазақ  орта мектептерін  көбейту туралы» 
қаулы   қабылданып,   қазақ   орта   мектептерінің   саны   артуына   негіз   қаланды.   Жүргенов   Халық   ағарту 
комиссариатын   ұлттық   мәдениетті   өркендету   штабына   айналдырды.   Ол   1934   жылы   Алматыда   өткен 
Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 жылы Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің 
онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет 
қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Т.Жүргенов - ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының 
КСРО-ның   орталық   қалаларындағы   оқу   орындарында   білім   алуына   көмек   көрсетіп   отырды.   М.Әуезов, 
Ж.Шанин,   Ә.Қастеев,   т.б.   қайраткерлердің   шығармашылық   жұмыспен   айналысуына   жағдай   жасады. 
Т.Жүргенов   Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға 
үлкен үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В.Затаевичке көптеген мәліметтер берді. 1937 жылы КСРО Жоғарғы 
Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Т.Жүргенов 30-жылдардың басында әдеби сын мақалалар 
жазуға, соның ішінде театр сынына көбірек көңіл бөлген. Бұл өреде Б.Майлиннің «Шұға» пьесасының алғашқы  
қойылымына арналған «Ушуга» рецензиясын (Казахстанская правда, 1934, 21 маусым) атап айту жөн. Автордың 
пайымдауынша, ендігі жерде әдебиетке Меруерт тәрізді шарасыз бейнелер емес, Шұға сынды сындарлы, рухты, 
кесек образдар қажет. Халық Ағарту комиссары екі тілде бірдей жазған алғашқы қайраткер-қаламгерлеріміздің 
бірі болды. Тілді жазушы еңбегінің құрылыс материалы ғана емес, мәдениеттің, білімнің іргетасы деп білген ол  
тіл туралы айтыстан шет қалмай, сол өредегі білікті де салмақты пікірлерін көп талқысына салып, ең бастысы, 
практикалық   басшылық   саласына   көшіріп   отырған.   Қайраткердің   қазақ   тілінің   түсініктілігі,   мәдениеттілігі, 
тазалығы туралы ойлары, әсіресе терминологияға қатысты ұсыныс-пікірлері әлі күнге маңызын жойған жоқ. 
Жүргенов   тіл   қолданушыларды,   әсіресе   зиялы   қауымды   қазақ   әдеби   тілінің   бұзылып   көпшілікке   түсініксіз 
болуынан сақтандырды. 
Темірбек Жүргенов - ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист. Оның көсемсөз мұрасы бастауын үш нәрседен: 
жеке басының бұйдагерлік (лидерлік), саясаткерлік және ұйымдастырушылық үздік қабілетінен алады. Бұған 
оның   «Қазақстандағы   мәдениет   революциясы»,   «Қазақстандағы   сауатсыздықты   жою»   кітаптары,   «Саяси 
экономия»   оқулығы,   «Орта   Азиядағы   қазақ   халқының   күйлері»,   «Қазақ   педагогикалық   институтын   құру», 
«Қазақ халқының ақындары мен жыршылары», тағы басқа очерктер мен мақалалары жатады. Қазақстандағы 
мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет 
қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргенов өмірінің соңғы күндеріне дейін қазақ халқына, еліне адал қызмет етті, 
қалың жұртшылық арасында үлкен құрметке, зор беделге ие болды.
1937   жылы   3   тамызда   «халық   жауы»   деген   жалған   айыппен   ұсталып,   РКФСР   Қылмыстық   кодексінің   58-
бабының   10-,   11-тармақтары   бойынша   ату   жазасына   кесілді.   Қайраткердің   зайыбы,   Қазақ   ССР-нің   еңбек 
сіңірген дәрігері, Ленинмен кездескен тұңғыш қазақ Әлімхан Ермековтің қарындасы Дәмеш Ермекова Темірбек 
59

Қараұлы   атылған   күні   абақтыға   жабылған,   18   жыл   ғұмырын   АЛЖИР-де   өткізген.   Күйеуінің   де,   өзінің   де 
жазықсыз жазаланғандығы жөніндегі ақтау қағазын алғаннан бері 30 жылдан астам уақыт бойы ол бар күш 
жігерін игілікті іске - Темірбек Қараұлының халқына сіңірген еңбегін кейінгі ұрпаққа жеткізу ісіне сарп етумен 
келді. Айнымас адал жарының қажырлы ізденістері нәтижесінде Жүргеновтің екінші, мәңгілік өмірі басталды. 
1957   жылы   КСРО   Жоғары   сотының   әскери   коллегиясы   Т.Жүргеновті   толық   ақтағасын,   Дәмеш   Ермекова 
жарының   адал   есімін   халқына   жаңғыртам   деп   фольклорист   М.Байділдаевпен   көп   шаруа   тындырды. 
Қайраткердің туғанына 80-, 90-, 100-жылдық мерейтойды атап өту тұрғысында естелік-әңгіме, кітап шығарып, 
ерінің еліне істеген ерен еңбегін жұртшылыққа жариялап жүріп, өзі де өмірден өтті.
1993 жылы Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Т.Жүргеновтің есімі берілді. Алматы, Қызылорда 
қалаларында,   Ақтөбе   облысының   Ырғыз   ауданы   мен   Қызылорда   облысының   Жалағаш   аудандарында 
Т.Жүргенов есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар. 1998 жылы Жүргеновтің 100 жылдығы республика 
көлемінде аталып өтті. Туған жері Жалағаш кентінде ескерткіш орнатылды.   2008 жылы 14-15 қарашасында 
туған жері Қызылорда, алғаш қызметін бастаған Ақтөбе облыстарында қайраткер-қаламгердің 110-жылдығы 
жоғары деңгейде аталып өтілді. Ғылыми-танымдық конференциялар мен фестивальдар ұйымдастырылып, әр 
түрлі мәдени шаралар өтті.
  Темірбек  Қараұлы  Жүргенов  есімі   тек   қана  қазаққа  ғана  емес,  иісі  түркі   жұртына  мәлім,  Орта  Азия  мен  
Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі 
саналады. Ол Тәжік АССР-інің қаржы наркомы, Өзбек АССР-інің Халық Ағарту комиссары, Қазақ АССР-інің 
Халық Ағарту комиссары қызметтерін абыроймен атқарған азамат. Т.Жүргеновтің ұлтымыздың мәдениеті мен 
әдебиеті, ғылымы мен білімін дамытуға, олардың аса қиын кезеңде қалыптасуына қосқан үлесі зор. Ол қазақ 
өнерінің дамуы мен қазақ тілінің республикада негізгі қолданыс тілі болуын арман етті және сол үшін күресті.
Оның жазушылық, публицистикалық қызметін қайраткерлік қызметінен, қалам сапасын қайраткерлік сапасынан 
бөліп алып қарауға келмейді, қоғамдық-әлеуметтік қызметі біршама зерттелсе де, Т.Жүргеновтің қаламгерлік 
қарымы   назардан   тыс   қалып   келеді.   Себебі,   оның   қаламгерлік   қабілеті   мемлекеттік   қызметінің   тасасында 
қалды.
Темірбек Қараұлының жаны ғалым, зерттеуші еді. Жаратылыс сыйлаған осы бейімнің соңына біржола түсуге 
заманы мұрша бермесе де, ол өмірінің ақырына дейін тасқа басылған сөзге деген сағынышының сарығын баса 
алмай өтті.
Қорытынды
     Ал Мәдениет және ағарту басшылығында қызмет етіп, еңбегі сіңген Алматы қаласы мен өзі айқара ашқан 
театр ұжымдары, бүгінгі Өнер академиясы тікелей Т.Жүргеновтің аяулы есімін атап өтуді ұмытып кеткендей 
болды.
Қазіргі   уақытта,   Т.Жүргеновтің   мол  мұрасын   зерттеу  ісі   әлі   баяу   жүргізілуде.   Өзі   мерт   болса   да   оның   ісі, 
атқарған қызметі, халқының болашағына сіңірген қалтқысыз еңбегі бүгінде толық өз дәрежесінде бағалануда 
деп
 
айту
 
қиын.
Қорыта айтқанда, артында мұра болып қалған 7 кітабы 150-ге жуық әдеби-мәдени, оқу-ағарту саласында жазған 
құнды дүниелері  70-80 жылдан бері  шаң  басқан мұрағат  сөрелерінен  алынып, ғылыми айналымға түсіп өз 
бағасын алса деген ниет білдіреміз. Себебі, әлі күнге дейін қолымызда бар қайраткер-қаламгердің қолжазба мол 
мұрасы толық жүйелі жинақ болып жарыққа шыққан жоқ. Осыған ҚР Мәдениет және ақпарат  министрлігі 
мұрындық етеді деген сенім бар. «Жүргеновтің публицистикалық мұрасы» атты тақырып алда өз зерттеушісін 
күтіп   тұр.   Оның   осы   саладағы   қызметі   жүйеленіп,   жазғандары   түгел   жарыққа   шаққаннан   кейін 
жүргеновтанудың аясы кеңейіп, міндеттері саралана түспек. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
Зәмзәгүл  Ибрагимқызы  «Тарихи  тұлға  тағлымы» Қызылорда .2007 
2.
«Сыр  бойының  саңлағы» (Т.Жүргенов  110 жыл) Жалағаш-2008ж 
3.
3. Тынышбек Дайрабаев  «Тұғыры  биік  тұлға» Шартарап  Алматы  1998ж 
4.
Сыр  елі  Қызылорда  облысы энциклопедиясы  246 бет 
5.
Қазақ энциклопедиясы, 2005
6.
Тарихи тұлғалар. Алматы  2005. 
* * * * *
60

«ЖАСТЫҚ ШАҚ- ДАНАЛЫҚТЫ МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН УАҚЫТ» 
тақырыбындағы Х.Санбаев орта мектебінің  жоғары сынып 
оқушыларымен ұйымдастырылған тәрбиелік-тағылымды шара
                                                                                         Атырау облысы, Мақат ауданы, Х.Санбаев атындағы 
орта мектебінің жоғары санатты музыка және
 «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Шахатова  Мария  Шамилқызы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет