Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет15/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

Банан Банан құрамында 22 – 25% көмірсулар, 14 – 22% қант, 5 – 8% крахмал, 1 – 1,5% белок, 0,5% май, 
сонымен қатар минералды тұздың А, В, С, Р витаминдері бар. Банан жемістерін жас күйіне және кептіріп те 
жеуге болады. Одан банан ұны, консерві, мармелад, шәрбат, шарап дайындайды.
Жүзім Жүзім – жидегінің шырынының құрамында су (65 – 80%). Фруктоза, глюкоза (5 – 30%), органикалық 
қышқылдар (4 – 11%), пектин (0,3 – 1,2%), минералды заттар (0,3 – 0,6%) және С, В1, В
2
, дәрумендері және 
провитамин  бар.
 Жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу ағзаға, ми жасушаларына өте пайдалы, дейді 
дәрігерлер.
Жұзімнің пайдасы. Жүзім қатерлі ісіктен ( рак) қорғау ерекшелігіне ие. Клетка іші малекулаларда ісік пайда 
болуына апаратын еркін радикалдар шабуылдап, тойтару – жүзімге берілген таңғажайып қасиет. Яғни, ол 
қатерлі ісік ауруының алдын алады. Екінші жағынан жүзімнің құрамындағы ең маңызды заттардың бірі 
ресвератролдың де ракқа қарсы әсер ету күші бар екендігі 1985 жылы Жапонияда жүргізілген зерттеу 
еңбектерінде де анықталған болатын. Бұл зат өсімдіктер тарапынан өндірілетін фитолексин тобына жатады.
Алмұрт Алмұрт – жемісінің құрамында 80 – 84% су, 10 – 13% қант, глюкоза, фруктоза, сахароза, 0,1 – 0,6% 
қышқыл және 0,4% азотты заттар А, В, С витаминдері бар. одан тосап, шарап т.б сусындар дайындалады.
Алмұрттың пайдасы. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуыққа тас 
байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де 
ашып, бактерияларды жоюға әсеретеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта 
жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге бояу сіңеді.
Лимон Лимон – қант  диабетімен ауратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас 
қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 
2 ай ішкізіп, ауруынан жазады. Лимонның шырының сығып алып бетке жақса, ондағы қара дақ пен секпілді 
тазартады. Жаңағы шырынды күн сайын 50грамнан 3рет үзбей бір ай ішсе бүйректегі тас пен құм түседі. 
Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. 
Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бір қалыпты болады.
 Апельсин. Отандық сорттарының құрамында 60
мг 
, қант, А, т.б дәрумендері бар. темекі қағазына оралған 
апельсинді мамыр айына дейін сақтап қоя аласыз. Әсіресе оның қабығы дәруменге өте бай. Семіздіктен 
емдегенде апельсин, алма, қияр күндерін тағайындайды. Себебі көкөніс пен жемістің энергиялық қуатының 
аздығы тамақтың күндік рационының колориялығын құртын кемітеді. Осыған орай бұл күндер жеңілдену 
күндері деп аталады.
82

Пайдасы. Семіздіктен емдегенде апельсин, алма, қияр күндерін тағайындайды.
 Анар Құрамында қант 4 – 10% С дәрумені, танин, лимон қышқылы бар. шырынын және жемісінің қабығын 
медицинада асқазанның жұмысы бұзылғанда, кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі 
ретінде пайдаланады.
Пайдасы Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен сырқаттанатындар, 
эторокоштпен ауырғанда анардың ащы сорттарын пайдаланбау қажет. 
Тамақтану тәртібі. Тамақтану тәртібі дегеніміз ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай – ақ 
тамақтану кезінде астық мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына 
төмендегі принциптер енеді.
Бірінші тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
Екінші, тәулігіне бір – екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі бір мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану 
керек.
Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз 
қорытатын тағам түрлері, яғни, белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай 
алуы шарт. Бұл ретте, дәрігер – диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. 
Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл – күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ 
жеңіл жүрсе, кей рет ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді. Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те 
атайды.
Тәбет дегеніміз аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, 
тамақ қабылдау. Мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік 
рөл атқарады.
Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға опиум, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ мұндай 
физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс.
Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл 
сипаттама мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық 
жариялағанды ұсынады. 
Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы факторлардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты 
құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асқазанда өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан 
басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды. Бұл адамның организмның мәнінде 
ас қабылдауға дайын екендігінен жақсы хабар бергендігі.
Қорытынды. Жеке денсаулықты сақтау үшін әрбір адам өз ағзасында ауру туғызбау үшін не істеу керек 
екендігін білу керек. Бұл өте қажет, өйткені барлық аурулардың туу себебі бір – ол білімсіздік, денсаулығына 
көңіл аудармаудан туындайды. „ ауру – астан” дегендей, әр адам ішетін ауыз суы мен күнделікті тамағының 
сапасына көңіл бөлгені жөн. Таза су, құнарлы тамақ, сіңімді тағам адам бойындағы түрлі ауруларға деген 
иммунитетті жетілдіріп, қорғаныш қабілетін арттырады. ДДҰ дерегі бойынша адам ағзасына қоршаған ортаның 
қолайсыз факторларының 80% тамақ арқылы беріледі екен. Елбасы жолдауында ауруды емдегеннен гөрі оның 
алдын алудың тиімді екенін үнемі көрсетілген. Денсаулыққа белгілі – бір мөлшерде сақтанудың арқасында ғана 
жететін болғандықтан: мөлшерімен ішіп жесең, денің сау болады, мөлшермен еңбек етсең, күш қосылады.
 Мен витаминдерді зерттеу барысында өзіме үлкен сабақ алдым. Себебі витаминдер – тіршілік көзі, тіршіліктің 
қайнар нәрі, бұлағы. Витамин – адам ағзасына өте пайдалы, онсыз тіршілік жоқ. Витаминдер атты ғылыми 
жұмысымда көптеген қызықты жайттар өте көп болды. Мен витаминдер туралы оқушыларға өз қолымнан 
келгенше түсіндіре алдым деп ойлаймын. Бұл жұмыстың өзектілігі оқушылар арасында витаминнің маңызың  
түсіндіру. Фаст – фуд өнімдеріне тәуелділікті кеміту. Мүлдем қолданбау. Менің алда тұрған мақсатым майда 
еритін витаминдерге жаңадан қосылған Q, Ғ витаминдерін толығырақ зерттеп, осы витаминдер туралы 
жаңалық ашу.
Мен витаминдер туралы оқушылар арасында дөнгелек үстелдер, тренингтер өткіздім. 5 – 9 сыныптар арасында 
витаминдер туралы сауалнама алдым. Сауалнамамда „қай үйірмеге қатысасың” деген сауал қойдым. Себебі дені 
сау болуы үшін спорттың барлық түрлерімен айналысу шарт. Өйткені менің тақырыбым тікелей денсаулықпен 
байланысты. Сауалнамамды қорытындылаған кезде ең қуантарлық жай ол біздің мектеп оқушыларының 60% 
дерлік алма жемісін көп пайдаланады.
Ашқан жаңалығым үй және мектеп асханаларының менюін өзгертуіміз керек. Себебі оқушылар көбіне фаст – 
фут өнімдерін қолданады. Солардың орнына алма, айран, кефир, және т.б. витаминге бай жеміс – жидектер мен 
көкөністерді енгізсек деп жоғары жаққа өтініш айтқым келеді. „Дені сау бала – ұлт болашағы” дейді халық. 
Сондықтан егерде мүмкіндік туса мен өз айтқанымның уәдесінен шығамын деп сөз беремін.
     Пайдаланған әдебиеттер:
1. Балалар энциклопедиясы III том.
2. Қазақ энциклопедиясы.
3. Биология 8 сынып Е. Очкур, Л. Аманжолова, Р. 
Жұмабаева.
4. Паталогиялық анатомия.
5. Шаңырақ кітабы.
6. Валеология Л.З. Гель, Е. Д. Дальенов.
7. Растения витаминостели И. И. Грам.
8. Физиология человека. Е. Б. Бабский, А. А. Зубков, Г. 
И. Косицкий, Б. И. Ходаров.
83

9. Биология анықтамалығы журнал.
10. Биология анықтамалығы дисклер.
11. А. А. Покровский. Тағам туралы талдау. – Алматы.
12. Ә. Өмешұлы. Салауатты өмір – денсаулық кепілі.
13. Ж. Ж. Жатқанбаев. Валеология. – Алматы, 2003ж.
14. Н. М. Амосов. Денсаулық туралы толғаныстар.
15. Т. К. Мустафина. Основы валеологии. – Алматы, 
1999ж.
16. Х. Қ. Сәтбаев. Основы валеологии. – Алматы, 
1998ж.
17. Х. Қ. Сәтбаев, Ж. Б. Нілдібаев. Валеология. – 
Алматы, 1999ж.
18. К. С. Сағатов. Биохимия. – Алматы „Білім”, 2007ж.
19. К. С. Сағатов. Биологиялық химия. – Алматы.
20. Н. К. Шоқанов. Микробиология. – Алматы, „Санат”, 
1992ж.
21.
Шоқанов. Микробиология. – Алматы, „Санат”, 
1997ж.
ХІ-ХҮ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФРАНЦИЯ
Атырау облысы, Мақат ауданы, Х.Санбаев атындағы орта мектебі.
Тарих және қоғамдық білім негіздері пәнінің мұғалімі 
1-санатты Құлжабаева Жанар Калиярқызы.
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §13. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Франция
Сабақтың мақсаты: Францияның бірігуі, Жакерия,француз халқының батыр қызы Жанна д Арк-тың өз елін 
қорғаудағы  ерлігі  туралы  түсіндіру.  Оқушылардың   оқулықпен   өз   бетінше жұмыс  істеу дағдыларын, тарихи 
ұғымдарды   талдап,     салыстырып,   қорытынды   жасау   қабілеттерін   дамыту;   Оқушыларды   дүниежүзілік 
мәденеиттің   басты   жетістіктерімен   сусындата   отырып,   адамгершілікке,   елін,   туған   жерін   құрметтей   білуге 
тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас Әдісі: түсіндіру, хронологиялық кестемен жұмыс  Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру кезеңі  2.Үй тапсырмасын тексеру  3. Жаңа сабақ
                              4. Жаңа сабақты бекіту    5.Бағалау   6.Үйге тапсырма беру
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: 
1.Бір орталықтандырылған мемлекеттің құрылуына кімдер мұқтаж болды?
2.Қолөнер мен сауданың  дамуына кімдер зиян  келтіріп отырды?
3.Корольдер неге қала тұрғындарымен одақтасты?
4.Монархия деген не?
5.Еуропа елдеріндегі өкілетті билік  түрлері қалай аталды?
Жаңа сабақтың жоспары:

Француз жерлерінің бірігуі

Жүз жылдық соғыс. Жакерия

Француз халқының басқыншыларға қарсы күресуі. Жанна д Арк.

Елді саяси біріктіруді аяқтаудың алғышарттары.

ХІ Людовик және оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі
6.
Француз жерлерінің   бірігуі.  Король иелігі—домен деп аталды—Париж бен орманның төңірегінде 
болды.
Ұлғайту жылдары: а/ басқа жерлерді жаулап алу
                                 ә/ тиімді үйлену     б/ мұрагерсіз мырзалардың жерін қосып алу
Король II Филипп Август—Нормандияны, Анжуды, Аквитания, Тулуза графтығын
IYКөркем Филипп—Шампань графтығын қосып алды.
ХIYғ. Францияда орталықтанған феодалдық мемлекет қалыптасты. Бас штат—1302ж. сословиелер өкілдерінің 
жиналысы.
        2.Жүз жылдық соғыс. Жакерия.
   1337-1453ж.ж.—Англия—Франция соғысы
     Францияның мақсаты:   Аквитанияны өзіне қосып алу.Француздар үшін -- әділетті соғыс болды. 1346ж.—
Креси  маңында—француздар  жеңіледі.  1356ж.  –  Пуатье   шайқасы—француздар  жеңіледі.  1358ж.   –  француз 
шаруаларының көтерілісі. Жакерия деп аталды—Гильом Каль басқарды.
3.Француз халқының басқыншыларына қарсы күресуі. Жанна д Арк.
1360ж.   –   Англия-Франция   бітім   жасалды.   Бітім   бойынша:     Франция   жерлерінің   3/1   бөлігі   ағылшындарға 
берілді. 
  1369ж.—соғыс қайта жалғасты.
  1415ж.—Азенкур--- француздар жеңіледі.
1420ж. бітім бойынша—Франция өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, біріккен ағылшын-француз корольдігінің бір 
бөлігі ғана болып қалады.
1428ж.—ағылшындар Орлеан қаласын қоршады.
1429ж.—Жанна д Арк Орлеанды босатты. 1430ж.—Компьеон түбінде тұтқынға түсті.
1434ж.—отқа өртеп жіберді.
84

1453ж.—Бордо түбінде—француздар жеңіске жетеді.
4.Елді саяси біріктіруді аяқтаудың алғышарттары.
   1. Нормандия, Анжу, Аквитания, Тулуза т.б. иеліктер қосып алынды.
   2. Бас штаттар шақырылды
   3. Жүзжылдық соғыста жеңіп шықты
   4. Тұрақты әскер құрылды
   5. Бургундия басып алынды. ХYғ. аяғында Францияны біріктіру аяқталды.
Король:   -- Әскер тікелей корольге бағынды.
d.
Мемлекет тікелей өзіне тәуелді шенеуніктер арқылы басқарды
e.
Граф, герцог бағынышты болды
f.
Барлық мемлекеттік істерді өзі шешіп отырды.
5.Х! Людовик, оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі.
   Х! Людовик тұсында Францияны біріктіру аяқталды.
Жаңа сабақты бекіту: 1. Карта- схемамен жұмыс.    2. Өзін-өзі тексеру жұмысы.
Бағалау.        Үйге тапсырма беру:  63-беттегі тапсырмалармен жұмыс
* * * * *
БЕЙБІШІЛІКТІҢ АҚ ҚҰСЫН ӘНГЕ ҚОСҚАН А.ЖҰБАНОВ. 
АҚ КӨГЕРШІН  ӘНІ. АШЫҚ  САБАҚ
                      
Ө. Қанахин атындағы орта мектеп. Пәні: Музыка    Класы:  3.  
      Өткізген:  Нұрлыбек       Қосыбеков
Сабақтың    тақырыбы:   Бейбітшілік ақ  құсын  әнге  қосқан Ахмет Жұбанов  «.Ақ  көгершін» әні.
Сабақтың  мақсаты:  Саз  өнерінің  саңлағы Ахмет Қуанұлы  Жұбанов өмірі және  шығармашылығымен  
таныстыру.
« Ақ көгершін» әнінің  мазмұнын түсіндіру, әуенін   үйрету.
Тәрбиелілігі:     өнерді сұюге, одан эстетикалық ләззат  алуға тәрбиелеу.
Дамытушылығы : ойлау, есте сақтау,тыңдай білу қабілеттерін, дамыту.
Пайдаланылған  көрнекілітер: Сазгер портреті,арнау сөздер жазылған плакаттар, сазгердің жинақтары 
кітаптар.
Сабақтың  әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, ән айту.
 І.  Ұйымдастыру       бөлімі.   а) Амандасу. ә)Оқушыларды  түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын      тексеру. 
Үйге:  Өткенді  қайталау
а) Отырар сазы оркестрін алғаш  құрған композитор кім? (Нұрғиса)
ә)Көне аспаптардың түрлерін атаңдар? (Домбыра, қобыз, шертер,жетіген)
б)Қазірде көне  аспаптармен халық әндері мен күйлерін халыққа насихаттап  жүрген  әнші   топтар? 
(Тұран,Қоңыр,Ұлытау)
в)Қазақтан  шыққан тұңғыш эстрадалық  топ? (Дос Мұқасан)
г) Кеңес дәуірі кезінде балаларға арналып  шығарылған тұңғыш қазақ  киносы?  (Менің атым Қожа)
д)Қуыршақ театры алғаш құрылғанда қандай қуыршақтар пайдаланды?  (қолға киіп ойнайтын қуыршақтар)
   ІІІ. Жаңа    сабақ       Жұбанов Ахмет Қуанұлы
Жұбанов   Ахмет   Қуанұлы   (1906-1968)   –   қазақтың   кәсіби   музыка   мәдениетінің   негізін   қалаушы,   көрнекті 
ғалым-фольклоршы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тұңғыш ректоры, Құрманғазы 
атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің негізін қалаушы, композитор, дирижер, 
Қазақстанның   халық   әртісі,   өнертану   ғылымының   докторы,   профессор,   Қазақстан   Ғылым   академиясының 
академигі,   Қазақстан   Мемлекеттік   сыйлығының,   Ш.Уәлиханов   атындағы   сыйлықтың   лауреаты.   Ақтөбе 
облысының Темір ауданында дүниеге келді. Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка 
аспаптарында   ойнауды   меңгерді.   1929-1932   жылдары   Ленинград   музыкалық   техникумында,   Ленинград 
консерваториясында   білім   алды.   1932   жылы   Ленинградтағы   Актер   шеберлігі   мектебінің   аспирантурасына 
түседі.   Бірақ   1   жылдан   кейін   Алматыда   ашылған   музыкалық   драма   училищесіне   ұстаздық   қызметке 
шақырылып   алынады.   Осыдан   бастап   педагогикалық   қызметпен   айналысып,   Қазақ   филармониясының 
көркемдік   жетекшісі   әрі   дирижері,   Алматы   консерваториясының   ректоры,   осы   консерваторияда   өзі 
ұйымдастырған   халық   аспаптар   кафедрасының   меңгерушісі   болып,   қазақ   халық   музыкасының   тарихынан, 
дирижерлік өнер мен аспаптанудан сабақ берді. 1961-1968 жылдары Әдебиет және өнер институтының өнер 
бөлімін басқарды. А.Жұбанов Санкт-Петербордың «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан 
бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы 
«Музыка   әліппесі»   атты   тырнақалды   кітапшасы   жарық   көрді.   Оның   жетекшілігімен   20   ғасырдың   30-шы 
жылдары   қазақ   музыкасын   зерттейтін   ғылыми   кабинет,   музыкалық-тәжірибелік   шеберхана,   КСРО   Ғылым 
академиясының   Қазақ   филиалы   төралқасы   жанынан   өнертану   секторы   (қазіргі   Әдебиет   және   өнер 
институтының музыка бөлімі) ашылды. 1934 жылы А.Жұбанов алғаш 11 адамнан  құралған домбырашылар 
85

ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері 
ретінде   көптеген   халық   композиторларының   музыкалық   туындыларын   оркестрге   лайықтап   нотаға   түсірді. 
Көрнекті   ғалымның   қазақ   халқының   ән-күй   шығармашылығының   табиғаты   мен   ерекшелігі,   ұлы   күйшілер 
Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми-зерттеу еңбектері  қазақ 
музыкасының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды. 1942 жылы жарық көрген «Қазақтың 
халық   композиторларының   өмірі   мен   творчествосы»   деген   еңбегінде   ол   қазақ   халқының   бір   ғасырлық 
музыкалық мәдениетінің тарихын жүйелеп шықты. Осы кітабы үшін оған өнертану ғылымының докторы атағы 
берілді. Академик А.Жұбанов қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын 
композиторларының   бірі.   Ол   халық   күйлерін   оркестрге   лайықтап,   нотаға   түсірді.   Оның   алғашқы   көлемді 
шығармасы композитор Сары Батақұлының өмірінен алып жазған «Сары» атты бір актілі музыкалық пьесасы 
еді.   Бұдан   соң   ол   Ғ.Мүсіреповтың   «Қозы   Көрпеш   Баян   сұлу»,   М.Ақынжановтың   «Исатай   -   Махамбет» 
пьесасына, «Амангелді» фильміне музыка жазып, «Отаным», «Ақ шолпан», «Біздің ел», «Жылқышы», т.б. әндер 
шығарды. Сонымен қатар қазақ музыкасын күрделі симфониялық шығармалармен байытты. Оның Ұлы Отан 
соғысы жылдарындағы «Серт», «Қалғанынша қасық қан», «Майданнан хат», «Қарлығаш» сияқты вокальдық 
туындылары қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетіне соны өрнек қосты. А.Жұбановтың Л.Хамидимен 
бірге   жазған   «Абай»   операсы   қазақ   опера   өнеріндегі   ерекше   құбылыс   ретінде   бағаланды.   Осы   екі 
композитордың   шығармашылық   одағынан   туған   «Төлеген   Тоқтаров»   операсы   да   опера   жанрындағы 
замандастар   бейнесін   жасаудың   сәтті   бастамаларының   бірі   саналады.   Ал   композитордың   «Құрманғазы» 
радиооперасы қазақ музыкасындағы жаңа жанрдың бастауы болып табылады. Жалпы А.Жұбановтың ғылыми 
еңбектері халық ортасынан шыққан әнші, күйші, композиторлардың шығармашылығына арналған. Ғалымның 
«Құрманғазы», «Мұқан Төлебаев», «Замана бұлбұлдары», «Ән-күй сапары», «Өскен өнер», «Ғасырлар пернесі» 
ктіаптары     қазақ   музыкасының   әр   түрлі   кезеңдерін   қамтитын   іргелі   зерттеулер.   А.Жұбанов   ұлттық   өнер 
мамандарын тәрбиелу ісіне де зор үлес қосты. Алматы қаласының бір көшесіне, Республикалық музыкалық 
мектеп-интернатқа, Ақтөбедегі музыкалық колледжге А.Жұбанов есімі беріліп, тұрған үйлеріне ескерткіш тақта 
орнатылды. Ақтөбе қаласында композитордың ескерткіші бар. Артында өшпестей мұра қалдырған композитор 
А.Жұбановтың   туындылары   келер   ұрпағымен   бірге   жа¬сап,   үшінші   мыңжылдыққа   да   аяқ   басты.   Мұндай 
құр¬мет, мұн¬дай шығармашы¬лық табыс сирек болатын құбылыс. Өзінің барлық білімі мен ақыл-ойын, күш-
жігерін   қазақ   кәсіби   музыка   өнерінің   дамуына   сарп   ет¬кен   шынайы   талант   иесіне   берілетін   халқының 
нақты¬лы бағасы да осындай болса керек. Көгершін – дүние жүзінің көптеген халықтарв үшін бейбітшілік  
белгісі. Бейбітшілік нышанын басқа құстарға телитін халықтар да бар.Мысалы,жапондықтар да ақ тырналар-
бейбітшілік   құсы.Сондықтан   олар   ақ   тырналарды   қағаздан   жасап,бір-біріне   сыйға   тартады,яғни   бақыт   пен  
жақсылық   әрдайым   өзіңмен   бірге     болсын   деген   ақ   ниеттерін   білдіреді.Үнді   халықтары   үшін   бейбітшілік 
белгісі-тауыс құсы.Ал қазақ халқында шынайы тазалықтың,сұлулықтың, бақыттың белгісі-аққу.Ерте заманнан 
қалған аңыз-әңгімелерге қарағанда,бір кездері қазақтар өздерін аққу құсынан жаралғанбыз деп есептеген екен 
дейді.Аққу құсының мүсіні қазақ халқының саз аспаптары-домбыра,қобыз құрылысына өте ұқсас.
              Ақ   көгершін. Әні :  А. Жұбанов.     Сөзі: Н.Баймұхамедов.
1  Ақ  көгершін,  көгершін,
    Қолғанат  құс сен  едің.
    Бар, кезіп қайт ел үшін,
    Кең дүниенің  көлемін.
    Әділеттің  құсы  деп,
    Көз  алмастан  жолыңнан,
    Бақыт  болып қоншы  деп,
    Ұшырамын  қолымнан.
                 Қайырмасы:
           Ел тілегін  алып  ұш,
           Адамзаттың  бағына.
           Қара бұлтты  жарып   ұш,
          Мұхиттың  арғы  жағына.
2 Сенен  көзін  алмайды,
    Ақ ниетті  бар  адам.
    Ақ қанатың   талмайды,
    Әділеттен   жаралған.
    Тыныш  бейбіт  өмірдің,
    Белгісі   боп   қанат  қақ.
    Әлемге  ортақ  көңілдің,  
     Қайт  шыңына   қонақтап
                                        Қайырмасы.
Көрнекілікпен  жұмыс:  Композиторлар суреттері. Ән.Әнші.Композитор.Орындаушы.Тыңдаушы. .(суретпен 
жұмыс)  Саз әлемінің саңлағы. Композитор шығармалары.
ІҮ  Жаңа сабақты  бекіту  сұрақтары
а)А.Жұбанов кім,қай жылы,қай жерде дүниеге келген? 
ә)А.Жұбанов қай оркестрдің негізін қалаушы?
б) А.Жұбановтың  өнердегі   шәкірті  кім?
в) Ақ көгершін әні қандай мазмұнда шығарылған,көгершін қандай құс?
г) Композитор деп кімді атаймыз?
Ү  Бағалау.  ҮІ Үйге  тапсырма    Әннің  сөзін  жаттау
* * * * *
86

ҚАЗАҚТЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шардара ауданы 
А. Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебінің 
Кәсіптік оқыту және еңбек технологиясы пәнінің мұғалімі
АСАНОВА  АНАРКҮЛ   ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ
Кіріспе.  Ою-өрнек өте ежелгі өнер.оның ұзақ та қызықты тарихы бар. Бұдан бірнеше жүз жыл бұрынырақ 
адамдар табиғатқа қазіргіден гөрі мүлдем өзгеше қараған болатын.Табиғат олардың анасы еді,олар адамдардың 
асырайтын,киіндіретін,емдейтін,сонымен бірге,құрметтеп күтпегені үшін жазалап алатын.Ай мен күн, теңіз бен 
шөл, жел мен жартас, жануарлар мен жартас, жануарлар мен өсімдіктер ойлай біледі, сезеді, сөйлей алады, және 
адамға көмек бере алады немесе одан кек қайтара алады дегенге пендем сенетін.
Ең ерте замандардан адамдар үй бұйымдары мен ішкі жиһаздарынан аспан шаңырақтарының жылу беретін 
оттың, судың жасыл өркен мен піскен масақтың қоңды табындардың белгілерін, балалардың денсаулығы мен 
жер   құнарының,   ошақ   басы   мен   оның   қожайындарының   байлығының   және   дәулетке   кенелуінің   символы 
ретінде бейнелейтін. Аңшылар мен жауынгерлер жыртқыш аңдар секілді батыл, жаужүрек және жеңілмейтін 
болу   үшін   өздерінің   тәндерін,   салттары   мен   қаруын   солардың   тұлғалары   бейнеленген   өрнектері   мен 
безендіретін ою-өрнек қазақтар үшін бейнелеу өнерінің басты түріне айналатын, мұнда халық жан дүниесі 
туған  табиғатқа  сүйіспеншілік   және  қоршаған  әлемге  қызығушылық  сезімдері  көрініс  тапқан,  көшпенділер 
өмірінде   қой,   жылқы,   түйе,   атқарылар   үлкен   роль   атқарған,   сондықтан   қазақ   ою-өрнегінде   «түйетабан», 
«ботакөз» және «қошармүйіз» секілді әуендерде пайда болған. Ал халықтың ежелгі аңыздарында тамыры терең 
жер астына, дүниеден озған бабалар әлеміне тірелетін мәңгі ағаш туралы айтылады. Сондықтан мол да қомақты  
гүлдермен жасандырылған ағаш көбіне қазақ ою-өрнегінде ең жиі қолданылатын сүйікті озат әуенге айналады.  
Көшпелі   өмір   салты   табиғаттағы   қатал   жағдайлары   қазақтарды   тапқыр   да   үнемді   болуға   мәжбүрледі. 
Шаруадшылықта ештене іс-түсіңз жоғалып кетпейтін, барі де қолданыс табушы еді. Барі де үйді, киім кешекті, 
үйішілік тұрмыс бұйымдарын қолданаттын басты материял тығыз тапталып басылған қой жүні- киіз болатын 
болды. Қиіз басу көп енбек сініруді тілейтін жұмыс. Материялды үнемдеу үшін шебер қыз-келіншектер ою 
орнек   құрастырудың   еркше   тасілін   ойлап   тапқан.   Ол   былай:   киімнің   тысы   әр   түрлі   екі   пышпағын   бірге  
қабаттайды да, өткір пышақпен ою ояды. Содан соң қойылған деталдардың орнын ауыстырып қалған бір түсті 
«кесінді»   ішіне   екінші   түсті   детаодан   мұхият   тігенді   содан   екі   бірдей   тамаша   ою   шығады   және   кийзден 
титімдей ысырап болмайды. Осындай қазақ ою орнектерінің негізгі ерекщеліктерін бір фонмен өрнектің кендігі 
қалыптасты. Көбінесе жиі кездесетін жайт оюлар екі түсті, ақ пен қараның қосылуымен құрылады бұлар екі 
бастаудың өмірі мен өлімнің , жақсылык пен жамандықтың симвлодары спетті болатын, ал олардың әрқашан 
бірге және әрдайым бірімен бірі күресіп жүретіні мәлім.
Бұдан әрі қазақ ою -өрнегі түсі жағынан неғұрлым әртүрлі бола бастады бірақ халықтың шамаға деген табиғи 
сезімталдығы мен мүлтіксіз талап оюдың тым алабажақ балуына ешқашан жол бермеген емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет