Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет14/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

Кapтoчкaлap:
77

Сapы   түстi:   күлкi,   тaңсәpi         Күлгiн   түстi:   ұшқыш,   кeмe 
Көгiлдip түстi: тepeзe, apмaн
Жaсыл түстi: шaм, мысық  Қызғылт  түстi: жұлдыз, квaдpaт 
  Кapтoчкaлapдa   бip   бipiнe   қaтыссыз   eкi   сөз   жaзылғaн.   Сoл 
сөздepдi   кipiстipiп,   бip-бipiнe   бaйлaныстыpa   oтыpып   шaғын 
әңгiмe құpaстыpды, өлeң шығapды, суpeт сaлды. 
Мысалы. «Күлкі және таңсәрі» деген сөздерге күліп шығып келе 
жатқан күннің суретін салып,
Көзімді аштым, таңсәріден оянып,
Құлағыма үні келді күлкінің.
Күн есігін қуанышпен шат ашып,
    Арайлансын жеңіспенен әр күнің!-деп өлең жазыпты.
Жұптар бірін- бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады.
3.
Ой толғаныс кезеңі. «Үйгe 
бepiлгeн   тaпсыpмaны   бiлмeй   жәнe   oқулық   жoқ   бoлғaн   жaғдaйдa   үй   тaпсыpмaсын   opындaу,   яғни   баланың 
нанымды сылтауы»
Әдiсi: «515» (5 минут iшiндe пpoблeмaны шeшeтiн 15 идeя жaзу әдiсi) 
Әp тoп өз идeялapын тaныстыpды және сoның iшiнeн тиiмдi дeгeндepi тaңдaлып aлынды.
4.
  Рефлексия.   Коучингке   қатысушылармен   «Мен   бүгінгі   сабақтан   өзіммен   бірге   не   алып   кетемін?», 
«Білетіндерім мен білмейтіндерім» деген сұрақтар бойынша  пікір алыстым.
Кері   байланыс:  Қатысушылар   кері   байланыс   парағын   толтырды.   Онда:   тапсырмалардың   қызықты   және 
креативті ойлауды қажет ететіні, таныс емес адамдармен бір топта ынтымақтаса жұмыс істеудің  ерекшелігін,  
осындай тапсырмаларды сабақта қолданатындары жайлы пікірлерін білдірді.
Әдебиеттер
1.
Мұғалімге арналған нұсқаулық 1 деңгей 2-басылым
2.
Гартунг Т.А. Развитие креативности подростков средствами дисциплин  гуманитарного цикла. Автореф. 
дис.к.пед.н.-Тюмень, 2008г.
3.
Коджаспирова Г.М. Педагогика:Учебник.-М.:Гардарики,2004.
* * * * *
МАЙДА ЕРИТІН ДӘРУМЕНДЕРДІҢ МАҢЫЗЫ. ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Абай ауылы
№ 25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі КММ
 8-А сынып оқушысы Асханова Салтанат 
Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі Жиеналиева Әтіргүл
Жобаның мақсаты:  Кез – келген елдің болашағы оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – 
дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. Оқушыларға 
салауатты өмір салтын уағыздау, зиянды әдептерден аулақ болуға баулу. Жасөспірімдерге майда еритін 
витамндердің маңыздылығын түсіндіріп, денсаулығына көңіл бөліп, уақытымен тамақтану, күн тәртібін сақтау, 
әртүрлі үйірмелерге қатысуларына жағдай жасау. Әрбір баланың денсаулығы қымбат екенің түсіндіру.
Ғылыми жобаның міндеттері:

Балалардың күнделікті өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Дұрыс тамақтану және күн тәртібі;

Таза табиғи тағамдарды күн тәртібіне енгізу.
Ғылыми жобаның мәселесі:  Майда еритін витаминдердің (А, Д, Е, К) жетіспеушілігінен туындайтын 
ауруларды анықтау және алдын алу іс – шараларын биологиялық және химиялық тұрғыдан зерттеу және сол 
ауруларды болдырмау.
Ғылыми жобада зерттелді: „№25 Г. Титов атындағы ЖОМ” КММ – нің 11 – 14 жас аралығындағы 
оқушылардың денсаулықты жақсарту мәселелері.
Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша: Оқушыларға майда еритін витаминдерді адам денсаулығы үшін маңызы, 
олардың жетіспеушілігінен туындайтын аурулардың алдын – алу шараларын молайтуға және жоспарлауға үлкен 
мүмкіндік берді.
Кіріспе
Дәрумендер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі 
мен дамуын, ауруға қарсы тұру қабілетін қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, 
организм нашарлап, ауруға шалдығады, жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды.
Адамның денсаулығының жақсы болуы үшін бірінші кезекте дәрумендерді жеткілікті мөлшерінде болуына 
78

тікелей байланысты. Алайда, керісінше олардың жеткіліксіздігі көптеген ауруларға әкеліп соғады. 
Мәселен, егер ағзада дәрумендер аз болса, адам тез қажып, асқа тәбеті нашарлап, жүйке жүйесінің қызметі 
бұзылып, ауруға жиі шалдығады. Сондықтан да адамдар – денсаулығының жақсы болуы үшін үнемі ағзасын 
дәрумендермен қамтамасыз етіп отыру керек.
Полюстік экспедицияларда көптеген зерттеушілер, сондай – ақ ұзақ мерзімді кемемен жүзуде теңізшілер 
белгісіз аурудан қайтыс болған.
Бірінші жер шарын айналып, саяхат жасаған кемедегі Колумб және оның жолдастары емделіп жазылудан еш 
үміт болмаған. Бірақ бірнеше айдан кейін таңғажайып оқиға болды, олар оралған соң  көкөніс пен жеміс – 
жидекпен қоректенгенде аурудан айығады. Соның құрметіне бұл аралды „айығу” деген мағынаны білдіретін 
партугал тілінде „Кюрасао” деп атайды. Магеллан саяхатты ( XVIғ) үш кемеден құралған экипажды үш жылдан 
соң өте аз адам оралады. Олар әртүрлі жағдайда көбісі қырқұлақ ауруынан қаза табады. Крузенштерн  
басшылығымен жасалған саяхат сәтті болды. Өйткені Крузенштерн алған тұздағы азық – түлікте С витамині 
көп мөлшерде болған.
Тек 1881 жылы орыс дәрігері Н.И. Лунин тәжрибелері негізінде осы аурулардың себебін тамақ құрамындағы 
қандай да бір ерекше заттардың болмауынан екенін анықтады, кейін 1911 жылы поляк ғалымы К. Функ 
тазартылған күрішпен қоректенген көгершінде пайда болған ауруды емдеген, күріш кебегін витамин деп 
атайды. Витамин латын тілінен „Vita – өмір,  „ amin” – қажетті деген мағына береді.
Витаминның барлық түрінде азот болмайды. Екі атауы сақталып қалды.
Витамин ( дәрумен) – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организмінде зат алмасудың бірқалыпта 
болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті арнайы қоспалар. 
Дәрумендердің  негізгі көзі – жемістер мен көкөністер. 1881 жылы Николай Фунин тағам құрамында қандай да 
бір ерекше заттың бар екенін дәлелдесе, араға 30жыл салып дәл 1911ж Казимеж Функ витамин терминін 
ғылымға енгізді. Казимеж Функ күріш кебегін витамин деп атаса, кейінгі зерттеулер дәрумендердің амин 
қышқылдарын, майларды, нуклейін қышқылдарын және гармонда синтездердің ыдырауына қатысатынын 
дәлелдейді.
Витаминдер бала және жасөспірімнің қалыпты өсуі мен дамуын, ауруға төзімділікті қамтамасыз етіп, маңызды 
рөл атқарады. Дәрумендер, негізінен өсімдікті тағамда көп, сондай – ақ жануартекті өнімдерде де көп. 
Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп 
жататын химиялық реакциялар, мысалы: ішкен тағамның, май азығының ыдырап қортылуы, ферменттердің 
қызметіне байланысты.
Дәрумендердің аз болуы да, көп болуы да организм үшін өте зиянды, әрі қауіпті. Авитаминоз – күнделікті ішкен 
тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың  бойға сіңуінің бұзылуынан не дәруменнің синтезделеуінің 
тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз бірыңғай тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар 
мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілігі дамиды. Сондай – ақ азық – түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан 
сапасыз тағам дайындалса, азық – түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Дәрумендердің  азаюы әлсіздіктің, 
тез шаршаудың, жұмыс қабілетінің төмендеуінің және ашуланғыштықтың пайда болуына әкеліп соқтырады. 
Авитаминоз жетіспегенде пайда болатын аурулар „қырқұлақ ”, „мешел”, „ тауық соқыр”, „пеллагра”, „бери – 
бери”,т.б.
Пеллагра ауруы аз дәнді дақылдармен қоректенгенде пайда болатын ауру түрлері . Бери – бери қауызы 
алынған, күріштен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалынған ғана тамақтармен тамақтануында пайда 
болатын ауру түрі.
Гиповитаминоз – жұқпалы ауруларға қарсылықты азайтады. Әсіресе қыстың соңы мен көктемде 
организмнің дәрумен қоры мен тамақтың құрамындағы дәрумендер азаятындықтан дәрумендерді қосымша 
береді.
Гиповитаминоздың себептері әр түрлі болады: 
- біркелкі, құндылығы аз тағамдармен көректену;
- діни ғұрыптар кезінде шектеулі тамақтану;
- әйел адамдардың жүктелігі кезінде, бала емізу кезінде дәруменге қажеттілік артады;
- дәрумендердің сіңуін бұзатын әр түрлі аурулармен ауру, т.б.
Гиповитаминоз ауа райының қолайсыз жағдайы  ауасы лас жерде ұзақ жұмыс істеу, сондай – ақ гастрит, асқазан 
ісігі, гельминтоз, , тағы да басқа аурулар себеп болады.
Дәруменге жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы 
тұру қабілеті нашарлайды. Сонымен қатар адамның көңіл -  күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа – райының 
құбылмалы кезеңдерінде әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, тағы да басқа жағдайларда организмде 
дәруменге жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы дәрумендер қабылдап, 
көкөністер мен жеміс – жідектерді көбірек пайдалану керек. Осы күндегі дәрумендерді химиялық атаулармен 
және латын алфавитінің бас әріптерімен белгілейді.
Мысалы: А, В, С, Д, Е, К, РР .т.б.
Дәрумендер үлкен екі топқа бөлінеді. 1. майда еритін дәрумендер (А.Д,Е,К) 2. суда еритін дәрумендер( В 
тобы; С, РР.т.б)
79

Тағам өнімдеріндегі  витаминдерді сақтау жолдары. Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде 
құрамындағы витаминдер бұзылады. Тағамдық өнімдерде жоғары температурада өндегенде С витамині 
жойылып, В тобындағы витаминдердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы витаминдерді сақтау қажет.
Бұл кезде тағамдық өнімдер 0 – 4% температура аралығында өңделеді. Азық – түлік өнімдерін тез арада 
тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы витаминдер толығымен сақталады. Азық – түлік өнімдерін күнге 
кептірілген кезде де олардың құрамындағы витаминдер азаяды. Тұздау кезінде витаминдер сақталады. 
Витаминдерді сақтау үшін эмаль шыны ыдыстарын пайдаланады. Эмаль ( балқыту) бұйымының бетіне 
электрлік физикалық тәсілімен жалататын берік шыны қабат.
Азықтық тағам құрамындағы витаминдерді сақтау әдістері.
 Тағам құрамындағы витаминдердің мөлшерін қысқарту үшін өнімдерді сақтау, дайындау және пісіру 
ережелерін ұстану керек. Мысалы: зақымдалған көкөністер мен жидектер құрамындағы С витамині ауада 
бұзылады.
Тағам дайындаған кезде қатты қайнатуға және қатты қуыруға болмайды. Тағамды ұзақ уақыт пісіргенде А 
витамині жойылады. Температура жоғарылауына В тобының витаминдері өте тұрақсыз. Мысалы: піскен етте 
бұл витаминдердің мөлшері 20 – дан 50% - ға дейін төмендейді. Кейбір  витаминдер металмен жанасқан кезде 
бұзылады.
Адам ерте кезден өнімдерді қорға дайындауды, тұздауды білген. ( консервілеу деген сөз латынша „Сақтау” 
дегенді білдіреді).
 Тағамда витаминдерді сақтау әдістері көп.  Маринадтау үшін  консервант ретінде сірке қышқылы  көп 
қолданылады. Тұздау, ашыту көкөністер мен жеміс - жидектердің  тұз бен қант әсеріне сүт қышқылды ашу 
процесіне негізделген. 
Жемістер , жидектер, көкөністер мен саңырауқұлақтарды консервілеудің ең ежелгі және кең таралған әдісі – 
кептіру. Консервілеудің едәуір жетілдірілген әдістерінің бірі – тұздату.
Мұздатқанда өнімнің барлық тағамдық құнарлығы және дәмдік сапасын сақтау керек. Қажет кезінде 
дәрігерлердің рұқсатымен витаминдердің дәрілік препараттардан да қабылдауға болады.
Дұрыс тамақтану және денсаулық. Дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс 
тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдалана алады. Тамақты дұрыс пайдалану 
туралы ғылым – диеталогия деп аталады.
Тамақтану ережесі. Адам күнделікті бір мезгіл де тамақтануға дағдылануы тиіс. Мұндай дағдыға үйренген 
адам да асқорыту сөлдері дер кезіңде бөлініп, тағам тез қортылады. Әрі жылдам сіңеді. Күніне төрт рет 
тамақтану қажет. Бұл ережені өсіп келе жатқан балалар мен жасөспірімдер есте ұстануы жөн. Ал ересектер 
күніне үш рет тамақтана беруіне болады. Тойып тамақтану адам ағзасына әсер етеді.
Ғалымдар осыны ескере отырып, тәулікте төрт рет тамақтанудың мынадай ережелерін ұстанған жөн деп 
атайды. Бір күн ішінде пайдаланатын тамақ калориясының 20% таңертеңгілік, 20% кешкі астың үлесінде болуы 
тиіс. Ал, сәскелік және түскі астың әрқайсында 30% үлеспен келуі керек. Тәулік ішінде пайдаланатын жалпы 
тағамдар құрамында 15% нәруыздар, 30% майлар, 55% көмірсулар болуы тиіс.
Әрбір ас ішудің арасын созып алу асқазан ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Тамақты сылқия тойып ішу де 
зиянды, кешкі асты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішкен жөн. Әрбір ас ішудің алдында мұқият түрде қолды 
сабынмен жуу керек. Тамақтанғанда, асықпай асты толық шайнап жұтудың да пайдасы зор. Тамақтанып 
отырған кезде сөйлеу, радио тыңдау, теледидар көру және т.б. қажет емес. Пайдаланатын тағам өте ыстық 
немесе өте салқын болмауы тиіс. Тамақтанып болғаннан соң, ауызды шайып, тісті тазалап жуу керек.
Жеміс – жидектердің пайдасы. Шиенің емдік қасиеті ежелден белгілі. Халықтық медицинада оны тәбетті 
ашып, асқорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға қолданады. Жемістің негізгі қасиеті – ағзаның жалпы 
қабылдауын төмендетіп, зақымданған органдар жұмысын қалыпқа келтіруге септігін тигізеді. Шие  артық 
салмақты адамдардың қан қысымын және тыныс алуын реттейді. Сондай – ақ шие жүйке ауруларына да ем. 
Шиенің құрамында қант – 15%, пектин – 11%, А дәрумені – 0,3 – 0,55мкг, С дәрумені – 1,5мкг, РР дәрумен – 
0,25 – 0,4мкг, органикалық қышқыл – 1 – 1,6 % болады екен.
Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жемісін, жапырағымен майда бүршіктерін пайдаланады. Шиенің құрамында 
қант, эфир майлары А, В, С, РР витаминдері, лимон және алма қышқылдарында, мыс бар. Шиенің пісіп тұрған 
жемістерінің сабақтарын қуық қабынғанда, бүйрекке тас байланғанда, іші өткенде, мешел ауруына 
пайдаланады. Ол үшін ұнтақталған шие жемістері сабақтарының 10 грамын 1стакан суға салып 10минут 
қайнатады да, 1ас қасықтан 3рет ішеді.
Күніне 50 миллиграмм шырын ішіп жүрген адамның ішіне ( шырын) газ жиналмайды, асқазанның шаншып, 
бүріп ауруын бодырмайды. 
Сақтау қоймасы. Организмде дәруменнің қажетті мөлшерін қамтамасыз ету үшін олардың қандай азық – 
түлікті болатындығын білу жеткіліксіз сонымен қатар, оларды тағам  құрамында қалай сақтау жолдарын 
білуіміз керек. Ауа күн сәулесі ылғалдықтың жоғары болуы, бұл дәруменді ыдыратады. А, Д витаминдері 
жоғары температураға төзімдірек, бірақ ауада оңай тотығады. Дәрумендерді қышқылды қайнатуға төзімдірек 
келеді, ол  сілтілік ортада тез ыдырайды. В тобы дәрумендері кулинарлық өңдеу кезінде өте аз бұзылады. Е 
дәрумені жоғары температураға өте төзімді. Ұзақ сақтау, кептіру А дәрумендеріне кері әсерін тигізеді, ал Д, Е 
дәрумендеріне әсері болмайды. Азық – түліктерді ауасыз, жарықсыз, құрғақ, салқын жерде неғұрлым жақсы 
80

сақтаса, соғұрлым витаминдер жақсы сақталады.
Дәрумендердің ағзадағы рөлі. Дәрумендер тек адамға ғана емес, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер 
үшін де өте қажетті. 1927 жылы Венгер ғалымы орамжапырақтан кристалды „С” дәруменін бөліп алғанда . 
„Коральдар мен капусталар С дәруменін бірдей қажетсінеді”,- деп жар салады. Бұл дұрыс айтылған сөз. Осыдан 
біраз уақыттан кейін кеңес өкіметінің ғалымы Энгелогардт. „Дәрумендер өздерінің бар екендігінін жоқ кезінде 
білдіреді” – деген. Адамдар дәрумендер болатынын ертеден – ақ білді тағамның құрамында дәрумен болмаса, 
адам ауруға шалдығады. Дәрумендер адамға, жануарға, өсімдікке және сикроорганизмдерге де қажет. Өсімдікке 
қажет дәруменді көректік ортадан алмаса өсімдік тіршілігі жойылады.
Тағам құрамындағы дәрумендерді сақтау үшін оларды сақтау, дайындау және пісіру ережелерін сақтау қажет. 
Мысалы: зақымдалған көкөніс құрамында „С” дәрумені ауада бұзылады. „С” дәрумені сақталу үшін көкөністер 
мен жеміс қабығын жұқа етіп ашу керек. Дайындау алдында ғана ашу керек. Көкөністі қайнатқанда эмаль 
ыдысын пайдалану керек. Кейбір дәрумендер металмен жанасқанда жойылады. Тағамды ұзақ уақыт пісіргенде 
„А” дәрумені жойылады. Температура жоғарылағанда „В” тобының дәрумені өте тұрақсыз. Мысалы: піскен етте 
20% , 50% - ке төмендейді. Тағамды дайындағанда қатты қайнатуға және пісіруге болмайды. Көкөніс 
қайнататын су аз болғаны жөн. Піскен тамақта дәрумен бұзылмай сақталғаны жөн. Адам ерте кезден өнімдерді 
қорға дайындауды – тұздау, ашыту, қақтау, ыстау, кептіру, мұздатуды білген. „консервілеу” латынша „сақтау” 
дегенді білдіреді. Консервант ретінде сірке қышқылы қолданатын маринадтау көп қолданылады. Тұздау, ашыту, 
көкөністер мен жемістерден тұз бен қант әсерінен сүт қышқылды ашу үрдісіне негізделген. Жемістер, жидектер, 
көкөністер, саңырауқұлақтарды консервілеудің ең  ежелгі және кең таралған әдісі кептіру. Консервілеудің ең 
жетілдірелген әдістерінің бірі – мұздату. Мұздатқан өнімнің барлық тағамдық құндылығымен дәмдік сапасы 
сақталады. 
Ауруды болдырмаудың  іс – шаралары.
А витамині. Аурудың болдармауы үшін біз ағзамызға қажетті дәрумендерді тәуліктік қажеттілігіне байланысты 
қабылдауымыз шарт. А витаминінен көз ауруы туындайды. Ал көз ауруын болдырмау үшін броккон, сәбіз, 
қырыққабат, брюсселқыры, кәдіштер. т.б.
Д витамині. Д витамині мешел ауруын туғызады. Осы ауруды болдырмау үшін қозықұйрықтарды, ақжелкенді, 
ас бұршағы, асқабақ, соя, түрлі көкөністер мен жеміс – жидектер жеп, көректену ағзадағы Д витаминнің алдын 
– алу іс шаралары болып есептеледі.
Е витамині. Е витамині жасушаларды бос радикалдарын қорғайды және теріге оң әсер тигізеді. Е витаминнен 
туындайтын ауруды болдырмау үшін қояншөп, салат, саумалды, үрмебұршақ, сояны күнделікті өз мөлшерінде 
пайдалану ағзада ешқандай ауруды болдырмайды және алдын – алады.
К витамині. К витамині қанның ұйығыштығын жақсартады.К витамині броккошде, қырыққабатта, гүлді 
қырыққабатта, бұршаққында, үрме бұршағында, салатта, картопта өз мөлшерінде кездеседі.
Жеміс – жидек, көкөніс, өсімдік шырыны, міне осының бәрі дәруменге бай. Тамақтанған кезде алдымен 
осылардан бастаған дұрыс. Әйел реңі тартымды болу үшін таңертең, түсте, кешке барлық тамаққа дәрумен 
қосқан абзал. Оларды таблетка түрінде қолданған да жақсы.
Қай дәрумен қандай тамақта көп болады? Енді осы сұраққа жауап берейік.
А дәрумені сарғыш не қызыл түсті тағамдарда кездеседі. Олар – сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр 
бауыры, жұмыртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ т.б. Құрамында А дәрумені бар тағамдарды күн  
түспейтін қараңғы жерде сақтайды. Оларды ыстық сумен жумайды.
А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп – өну және зат алмасу үшін маңызы зор.
Д дәрумені екіқабат әйелдерге өте пайдалы ол жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы 
құрамына енеді.
Д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге қажет оның ерекше қасиеті сыртқы ортада өзгере 
қоймайды. Сондықтан тағамды қандай түрмен даярласа да, ол дәруменді байыптандырмайды.
Е дәрумені жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Күнделікті пайдаланған тағамдардың ішінде, өсімдік 
майында көп болады. Ол саумалда, қояншөпте, бұршақта, сояда көптеп кездеседі.
К дәрумені күнделікті пайдаланатын барлық тағамдарда кездеседі. Олар тіпті ішектегі тағамдарда кездеседі. 
Олар тіпті ішектегі кейбір бактерияларды әсерімен жаңадан пайда болып отырады. Сондықтан бүл дәруменнің 
жетіспеуі аурудың салдарынан деп түсіну керек.
К дәруменнің қанды ұйытудағы маңызы зор.
Міне аталған дәрумендердің бәрі ағзаға үлкен әсер ететінін білдік. Олар денеде бір – бірімен тығыз байланыста. 
Біреуі жетіспесе екіншісі орнын басуы да ықтимал. Қазір бірнеше дәрумендер қосылған поливитамин 
препараты өте танымал. Оны көктем, қыс кезінде пайдаланған дұрыс.
Дәрумендер   өмір   сұру   ұзақтығын   қысқартады.    „Biology   Zetters”   журналында   жарияланған   Глазко 
университеті   ғалымдарының   зерттеу   нәтижелеріне   сүйенсек,   С   және   Е   дәруменін   мөлшерден   көп   ішсек 
адамның  өмір сүру ұзақтығы  төрт  есеге  қысқартады  екен, деп  жазады  Rout. Бұрын  азық  антиоксидонттері 
ақуыздар мен мипедтердің бұзылуын азайту арқылы жасушалардың қартаю процесін баяулатады делінсе, енді 
ғалымдар   бұны   жоққа   шығарып   отыр.   Себебі   Е   дәруменін   көп   мөлшерде   ішкен   сұр   тышқандар   бақылау 
тобындағы тышқандардан әлдеқайда аз өмір сүрген.
Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулық үшін маңызы.  Тағамның химиялық құрамының 
81

әр түрлілігі адам денсалығын ең басты кепілі. Өйткені олар адам ағзасын қажетті биологиялық белсенді 
заттармен А, С, Д, Е, К қамтамасыз етеді. Адам ағзасына минералды элементтер кальций (Са) фосфор (Ғ), 
темір( Ғе), кобальт ( СО), қалайы (Ln) т.б. өте үлкен физиологиялық биохимиялық рөль атқарады.
Адамның тез қартаюы адам  ағзасына тағаммен бірге витаминдердің аз мөлшерде келуіне немесе олардың 
жетіспеуінен байланысты. Витаминдерді көп пайдаланған адамда қартаю үрдісі өте баяу етеді. Адам тез арада 
қартая қоймайды. Витаминдер ағзасының ішкі физиологиялық – биохимиялық үрдісінің жүруін жақсартады.
Тағам құрамында минералды элементтер аз болса, олардың ішінде йод жетіспесе және витамин С аз болса, онда 
щитовид безі өсіп кетеді де, адам ауруға шалдығады. Ал дерті базед ауруы деп атайды. Сүйек опырылғыш 
келеді, және өспей қалады, адам өте тез шаршағыш, тез қажығыш келеді. Ақыл – ой нашарлайды. Сондықтан да 
тағамның химиялық құрамында жеткілікті түрде минералды элементтер болуы тиіс. Олардың ішінде:
Натрий – оны адам ас тұзын  қабылдайды. Ас тұзы пайдалы екен деп қалай болса, солай пайдалана бергеннің 
жөні жоқ. Тұз кейбір жағдайда дос болудың орына қас бола кетуі мүмкін. Сондықтан да тұз аз мөлшерде 
қолданылады.
Осындай химиялық элементтер адам ағзасында керекті заттар болып табылады.
Жемістер – дәрумендердің қайнар көзі. Алма құрамында – 83 – 88% су, 7,5 – 16% қант, 02 – 08% қышқыл, 9,5 
– 18,5% құрғақ қалдық, 0,28 – 1,0% ілік заттар, А, В
1
, В
2
 т.б. дәрумендері көптеген минералды заттар бар. 
Шырыннан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де , адам ағзасын ауыр металл заттардың 
тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Алманың пайдасы. Алманың пайдасы өте көп. Қан қысымын түсіреді, ағзаның радиацияға қарсы күшін 
тудырады. Адамның қышқыл сорты сусамыр мен семіздікке, ал тәтті түрлері бүйректегі тасты түсіруге 
көмектеседі.
Денсаулықты сақтау үшін күніне бір алма жеп тұру керек. Қаны аз адамдар күніне 400 – 600 грамм Антонов 
алмасын жеу абзал. Бүйректе тас пайда болудың алдын алу үшін алманын құрғақ қабығын ұнтақтап, бір стақан 
ыстық суға араластырып, үш рет бір ас қасықтан бір ай бойына тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Бір апталық 
үзілістен кейін емді қайта бастауға болады. Жөтелдің алдын – алу үшін ұсақтап тұралған құрғақ алманы 
қайнаған сумен араластырып, 5минут отта ұстайды. Одан соң жарты сағат суытып қояды. Тұнбаға бір ас қасық 
бал қосып, жарты стақаннан күніне үш реттен тамақтан жарты сағат бұрын ішу керек.
Зат алмасуды жақсарту үшін төрт – бес алманы ұсақтап турап, бір литр су құйып 10минут қайнатады. Тұнбалы 
шай ретінде ішу керек. Зат алмасудың бұзылуы салқын тиіп ауруы кезінде алманың екі ас қасық құрғақ 
қабығымен жарты литр қайнаған суға салып, 5минут қайнатады. Қоспаны 15 – 20минут тұндырып, жылы 
күйінде күніне 3 рет жарты стақаннан тамақтанардан 10 – 15 минут бұрын ішеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет