І-жүргізуші: Армысыздар қан майданда шыңдалған қайсар жүректі аталар! Армысыздар тау тұлғалы соғыс
ардагерлері! Ел басына қиын-қыстау күн туған 1418 күнге созылған сұрапыл соғыста жастық шақтарыңды
ұрлатып, талай майдандас достарыңызды жау оғынан ажырата алмай қоштастыңыздар .Олар да армандар көп
еді. Олар да жарық дүниеге, болашақтың қызығына құштар еді. Амал нешік ? Соғыс заңы солай! Елім деп
еңіреп, кеуделерін от пен оққа төсіп, Отанын қорғаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алайық !
ІІ-жүргізуші: Соғыс ... соғыс ... Аты қандай суық тым, Көбейтеді атты үрейін халықтың.
108
Бейбіт елдің қаны судай шашалып , ортасында мұңайды ерлер өліктің.
Соғыс десе шымырлайды өн бойың, Соғыс жұтты асылдардың талайын.
Қанды майдан енді қайтып болмасын,
Аман болсын туған ел, туған жерім, ағайын !
І-жүргізуші :Ұлы Жеңістің 66 жылдығы құрметіне құттықтау сөз қала әкімі Сыдықов Қанат
Жамалбекұлына, қалалық маслихаттың хатшысы Керімқұлов Өсербай Қалдыбекұлына беріледі.
ІІ-жүргізуші: Табаны күректей төрт жыл бойы ғаламат күш – қайрат көрсеткен біздің жауынгерлер қанқұмар
фашистерге қарсы тұрып , қасық қаны қалғанша күресті . Төбеден қарша жауған ауыр бомбалар мен ажал
оқтары қаншама мыңдаған боздақтардың өмірлерін қиып , ауыл-ауылдарды «қара қағаздар» аралап , халыққа
қайғы сыйлады .
Айтуға оңай ! Көзбен көріп, түн қатып, мұз жастанып, қан кешкен ерлердің басына түскен ауыртпашылықты
айтып жеткізу оңай емес.
І-жүргізуші: Құттықтау сөз. Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлебай Ысқабаевқа сөз береміз.
ІІ-жүргізуші: Адам батыр болып тумайды. Батырлық өлім мен өмір арпалысқан шақта жасалады . Қанды
майданда бораған жау дзоты шабуылға шығуға мүмкіндік бермеген шақта , талай ақ көз ерлер «Отан үшін»
деп кеуделерін дзоттың аузына тосып , өздерін өлімге қиды. Осындай көзсіз ерлік сол соғыста қаншама мәрте
қайталанды десеңші !
ІІ-жүргізуші: Өнер мектебінің ұстазы Тайыр Бектасовтың орындауында « Офицеры» әнін қабыл алыңыздар
І-жүргізуші: Бауырлас ізгі ерлердің ,
Іздерін қалай шаң баспақ ?
Төлеген, Мәншүк , Әлия
Жасады және сан ерлік
Баймағанбеттің сұлтаны,
Әбдіров Нүркен жас қыран,
Байсалды туған , батырлар,
Тағызым етер піріміз !
Келесі ән «Темная ночь» әні Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің ұстазы Сербина Ирина Ивановнаның
орындауында тыңдаңыздар «Огонек» әні /екінші орындауында айтылады/
ІІ-жүргізуші: Жаралған жалынан
Жайсаң батыр Бауыржан
Естігенде есімін
Жау есінен жаңылған
І-жүргізуші: Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің директоры, композитор Жомарт Сейтбековтің
«Сарбаздар» әнін Республикалық байқаудың Лауреаты, Бекзат Шілдеханның орындауында қабыл алыңыздар .
ІІ-жүргізуші: Жауына тиді жасындай,
Мәншүк пенен Әлия.
Қанмен жазды есімін,
Ел үшін қиып өмірін
І-жүргізуші: «Мәншүк туралы ән» орындайтын Республикалық «Балдаурен» ән байқауының жүлдегері
Нұрдәулет Мансұр
ІІ-жүргізуші: Көрдік қой соғыс дауылын ,
Көрдік қой от пен жалынын.
Жас ұрпақ сөнбес өзгеге,
Өзгелер айтқан сөзге де,
Тек қана сенер сіздерге ,- деп келесі сөзді
І-жүргізуші: «Катюша» әні. Дуэт . Өнер мектебінің ұстаздары
ІІ-жүргізуші:
Сүйінші ! Сүйінші ! Жеңіс !
Солдат үшін бұйрық деген қатал заң ,
Оққа ұшты аласұрып жас арман.
Армандары орындалып әкелер,
Туған елге жеңіспенен оралған !
Құттықтау сөз
І-жүргізуші: Сен құрметте оны !
Түсіндің бе қарағым !
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
ІІ-жүргізуші: Өнер мектебінің ұстазы Асқар Қошбағаровтың орындауында Блантердің әні «Смуглянка»
І-жүргізуші: 1979 жылдан 1989 жылдар арасында 2238 күнге созылған Ауған соғысында талай ерлердің
тағдырын оққа байлады.
109
Қайсар жүрек Ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жырланған жаныңды емдер
Өлгендер тағызым етіп, дұға оқимыз,
Ортамызда жүргендер дәуірлеңдер.
Сөз кезегі :
ІІ-жүргізуші: Жомарт Сейтбековтің әні «Ауғанстан» орындайтын өнер мектебінің ұстазы Еркеғали Молдалиев
І-жүргізуші: Бейбіт күннің біз қадірін білеміз,
Туған елдің тыныштығын сүйеміз.
Майдангерлер аман жүрсін ортада ,
Батырларға саулық тілеп келеміз.
Сөз кезегін:
ІІ-жүргізуші: Өнер мектебінің ұстазы Бағила Абдраманованың орындауында «Бейбіт күн тілегі» әнін қабыл
алыңыздар.
І-жүргізуші: Қаншама жыл өтсе дағы арада ,
Соғыс дерті қалып қойды санада .
Ұмытылмайды жиі түске енеді,
Сыздап кетер майдангерлер жүрегі
ІІ-жүргізуші: Нұрғиса Тілендиевтің «Алатау» әнін өнер мектебінің шәкірті Нұрдәулет Қүрманқожаның
орындауында қабыл алыңыздар .
І-жүргізуші: Қазақстан –бейбіт өмір кешуде ,
Өткен күні ұрпақтардың есінде.
Енді соғыс атын ұрпақ ұмытсын,
Тыныштықтың бұзылмасын көші де.
ІІ-жүргізуші: Ержан Серікбаевтің әні «Жаса Қазақстан» орындайтын өнер мектебінің шәкірті Мансұр
Нұрдәулет. Қабыл алыңыздар !
І-жүргізуші: Елімізді бүгінде әлем таныды ,
Ел басымыз – Қазағымның нар ұлы.
Күн секілді парасаты, пайымы ,
Дүниеге, түсті мейірім жарығы
ІІ-жүргізуші: Ән. «Туған жер» орындайтын өнер мектебінің шәкірті Аяжан Өтегенова.
І-жүргізуші: Майдангерлер , шаршамаңдар, самғаңдар,
Сіздер біздің арқа сүйер қорғандар .
Ортамызда ақыл айтып жүріңдер,
Шөберелер қуанышын көріңдер !
Бүгінгі кешті ұйымдастыруші Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ербол Ақтаевпен Ж.Байгуттиева
атындағы өнер мектебінің директоры Жомарт Сейтбековке сөз беріледі.
ІІ-жүргізуші: Келесі тыңдайтындарыңыз «Бала кезді сағындым» әні орындайтын өнер мектебінің ұстазы
Таир Бектасов.
І-жүргізуші: Қадірлі соғыс ардагерлері ! Мерекелеріңіз құтты болсын, дендеріңізге саулық, от бастарыңызға
амандық тілейміз. Жеңіс күнінен келесі жеңіс күніне аман –есен жете беріңіздер. Мерекелік кеш соңына да
жетті. Сау болыңыздар !
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: КВАДРАТ ТҮБІРЛЕРІ БАР ӨРНЕКТЕРДІ ТҮРЛЕНДІРУ
Ақтөбе облысы. Ырғыз ауданы. Ө. Қанахин атындағы орта мектебі.
Тоғжанова Ләйлаш Тұхметқызы. Математика пәнінің мұғалімі
Әр сабақты жоғары деңгейде өткізу мұғалімнің үздіксіз ізденуін,тақырып ерекшелігін жете білуін қажет
етеді. Сондықтан сабақ барысында жаңа тақырыпты түсіндіргенде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану
керек. Сондықтан сіздердің назарларыңызға «Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбында
өткен сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру.
Сабақтың мақсаты: Квадрат түбірлер тарауынан алған білімдерін жалпылап тиянақтау,квадрат түбірлер
туралы оқушылардың білімдерін бекіту
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруді меңгерту
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге баулу.
Дамытушылық: Білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару,ой-өрістерін дамыту,теориялық
білімдерін практикада қолдана білуге қалыптастыру.
110
Оқыту әдісі: Деңгейлеп – саралап оқыту.
Сабақтың көрнекілігі:
Слайд, математикалық лото, тест парақтары, деңгейлік тапсырмалар .
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың құрылымы:
•
Оқушылық деңгей (Ауызша сұрақтар)
•
Алгоритмдік деңгей (Математикалық лото)
•
Эвристикалық деңгей (Деңгейлік тапсырмалар)
•
Шығармашылық деңгей (Тест)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымын белгілеу
- Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіріп, назарын сабаққа аудару
ІІ.
12.
Оқушылар, жарқын болашақтың иелері сендерсіңдер, “Болашақ бүгіннен басталады” дейміз.Бүгін
біз арифметикалық квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру тақырыбынан алған білмдерімізді бүгінгі
сабақта тексереміз .Міне ,біз бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын тақтадағы берілген тапсырмаға
қарайық.
Тақтада он алты миллион бір жүз жиырма бір мың тоғыз жүз тоқсан бір саны жазулы тұр. Осы сандарға
дұрыс нүкте қойсаңдар, бір тарихи дерек шығады. Жауабы:16.12.1991 яғни тәуелсіздік алған күн.
І. Оқушылық деңгей.(ауызша сұрақтар)
8.
а санының квадрат түбірі дегеніміз не?
2)Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендірудің қандай жолдары бар?
3) Арифметикалық түбірдің қасиеттерін жазып көрсет.
4) көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару. √108=
3.
Көбейткішті түбір таңбасының ішіне енгіз. 8 √5=
ІІ.Алгоритмдік деңгей ( Математикалық лото.)
Өрнектердің дұрыс шешімін тапсаңдар ,бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтіндінің атауы шығады.
№
Өрнектер
Дұрыс шешім
1
√225
2
√169
3
√81
4
√36
5
√625
6
√121
ІІІ.Эвристикалық деңгей. ( Деңгейлік тапсырмалар.)
Шығармашылық деңгей. (тест)
1.в-ның қандай мәнінде √2/в өрнегінің мағынасы болады?
А)в<0 В)в>0 С)в=0
2. √х =5 теңдеуін шеш.
А) 25 В) -25 С) 25;-25
3.у-тің қандай мәнінде √у=7/2 теңдігі дұрыс болады?
А) 9,25 В) 24,5 С) 12,25
4.5 √ 10а өрнегіндегі көбейткішті түбір белгісінің ішіне енгіз.
А) √ 50а В) √ 15а С)√250а
5. √180 өрнегіндегі көбейткішті түбір белгісінің алдына шығар.
А) 9 √10 В) 6 √10 С) 6 √5
ІҮ.Үйге тапсырма:
Қайталау. №84 №85
* * * * *
111
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЙЫРҒЫ ӨЛШЕМДЕРІ
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Ө.Қанахин атындағы орта
мектебінің матемаика пәнінің мұғалімі Имантаева Гүлшат Сағитбекқызы
Біздер, қазіргі заман өкілдері өз тұрмыс тіршілігімізді математикалық шамалармен, олардың өлшем
бірліктерімен байланыстырмай елестете алмаймыз. Мөлшерсіз дүние жоқ. Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік
жарасымды өлшемі, мөлшері бар. Өлшем — өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа қажетті
заттардың сандық және сапалық көрсеткіші. Шамалар ұғымымен біз күн сайын кездесеміз. Сабақта болсын,
тұрмыста болсын немесе ғылым мен техникада болсын шамаларды ескермей қадам баса алмаймыз. Өлшемнің
ұзындық, қалыңдық, көлемдік, сондай-ақ жол сапарға байланысты қашықтық мөлшері бар. Шамалардың
барлығы есептеуді қажет етеді, немесе есептеуге арналған болғандықтан, шама дегеніміз математикалық ұғым
болып табылады.
Қазір кез келген шаманың Халықаралық бірліктер жүйесіне сай бірлігі бар, соларды күнделікті тұрмыс
барысында да, ғылым мен техникада да қолданып келеміз. Мысалы: массаның бірлігі килограммм (кг) немесе
грамм (г), ұзындықтың бірлігі метр (м), километр (км), т.с.с. Бұл бірліктер біздің өміріміз бен тұрмысымызға
қайнасып, кірісіп кеткен, тіпті олардың қай тілден кіргені, қашанан тілімізге кіргені жайлы ойланып та
жатпаймыз. Бұл шамалардың бірліктерінің барлығы тілдік қорымызда кірме сөздерге немесе терминдерге
жатады. Сонда біздің ана тіліміздегі сөздік қорларында шамалар бірліктері болмаған ба деген сұрақ туындауы
да мүмкін ғой. Немесе ата бабаларымыз ешқандай ғылыммен айналыспаған, математика-жаратылыстану
ғылымдары бұл халыққа жат болған деген ой кіруі де мүмкін ғой. Ал қазақ тілінің сөздік құрамында
шамалардың алуан түрлі бірліктері кездеседі.
Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, олардың танымын кеңейткен. Халық өз бойындағы ең жақсы
қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Ата-бабамызда бұл
замандағыдай дәл өлшейтін аспап-жабдықтары болмаған. Қазақ халқының өмірі мал шаруашылығы, егін егу
болғандықтан ертеректе осы шаруашылықтарға сай өлшем бірліктерін дене мүшелері: саусақпен, аяқпен,
қолмен, буынмен өлшеудің әдістерін меңгерді. Бұнымен бірге судың тереңдігін,көлем өлшемдерін, уақытты
өлшей білген. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз,
өңделіп, жаңарып жетуі нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасты.
Ұзындық және қашықтық өлшемдері: Тіліміздің сөздік құрамында ұзындықтың көптеген бірліктері
қолданыста болған. Олардың көбі әлі күнге дейін қолданыстан түскен емес. Мысалы: елі, қарыс, сүйем, құлаш,
арқан бойы, шақырым және т.б.
Саусақпен өлшенетін ұзындық (қалыңдық) өлшемдері:
Елі – бұл шамамен ересек адамның сұқ саусағының қалыңдығына (ені) тең ұзындық бірлігі. Шамалап алғанда
1,5 – 1,8 см.
Қарыс – шамамен ересек адамның қолын жазғанда бас бармағының ұшынан шынашағының ұшына дейінгі
ұзындыққа тең бірлік. Шамамен 15 –18 см.
Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем.
Құлаш – ерсек адамның екі қолын бір түзудің бойымен кере созғанда бір қолының ұшынан екінші қолының
ұшына дейінгі ұзындыққа тең шама. Шамамен 1,5 – 1,8 метр.
Тұтам – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 5 – еліге тең ұзындық өлшем. Шамамен
Сынық сүйем – сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің ¾ бөлігі.
Қарыс сүйем – бас бармақ пен орта саусақтың аралық мөлшері.
Сере – сұқ саусақ пен шынашақтың кере созылған арасы. Бір сүйем ұзындыққа тең өлшем.
Қолмен өлшенетін ұзындық өлшемдері
Білем – саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығы.
Шынтақ – қолдың бас пен шынтақ аралығы.
Кез – қолдың басы мен қолтықтың аралығы.
Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының арасы.
Аяқпен өлшенетін ұзындық өлшемдері
Табан – Аяқтың өкшесі мен башпайдың ұшының аралығы
Адым (қадам) – Жүру кезіндегі екі аяқтың аралық қашықтығы
Аттам – Екі аяқты кере созғаңдағы қашықтық.
Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшемдері
Көген бойы - Көгеннің ұзындығы.
Қазық бойы - Қазықтың ұзындығы.
Найза бойы - Найза ұзындығымен шамалас келетін халықтық өлшем.
Оқ бойы - Тым таяу, оқ жетер мөлшеріндегі қашықтық.
Тізгін бойы - Тым қысқа бір метр шамасында.
ІІ. Аудан, көлем және салмақ өлшемдері.
Ертедегі адам бір нәрсенің ауданын, үлкендігін (көлемін) сөз еткенде, оны да өзіне таныс басқа нәрсенің
112
ауданымен, үлкендігімен (көлемімен) салыстырып, мысалы, аудан туралы айтқанда: ”түймедей”, “теңгедей”, “ат
төбеліндей”, “алақандай”, “туырлықтай”, “ауыл аумағындай”, деп кейбір нәрсенің үлкендігін: “жұдырықтай”,
“ат басындай”, “үйдей”, “таудай” деп ұсынған. Әдет бойынша қазір де қолданылатын өлшеуіштердің алғашқы
нышаны болған, осы сөздер өлшеу мен өлшеуіштер тарихы жөнінде және халықтың өмірі, кәсібі туралы едәуір
мәліметтер береді. Ертедегі адамдарда заттардың салмағын өлшейтін қазіргідей таразы мен гирлер болған жоқ,
нәрсенің ауыр - жеңіл көрсететін “зілдей”, “қаңбақтай” деген сияқты салыстырма ұғым ғана болды.
Шымшым – Ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып алғандағы өлшем.
Шөкім – Ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.
Бір уыс – Қос саусақтарын жұмдастыра бүккендегі өлшем.
Қос уыс – Қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра, бүккендегі өлшем.
Оймақтай - Оймақ деген қолға ине кірмес үшін сұқ саусақтың басына кигізілетін зат екені белгілі. Сұқ
саусақтың жуандығы бір еліге тең. Ондай болса оймақтай дегеніміз жан-жағы бір еліге тең бет ауданына тең
шама.
Алақандай - Алақандай деген өлшем бірлік ауданы адам қолының алақанымен шамалас шаршының
ауданына тең шама деп қарастыруға болады.
Сырмақтай - Сырмақ дегеніміз киізден ойылып, өрнектеліп жасалынған қазақтың ұлттық төсеніштерінің
бірі. Сырмақтай деген өлшем бірлік – аумағы сырмақтың аумағымен шамалас шаршының ауданына тең шама.
Сырмақтың ұзындығы – шамамен бір құлашқа тең.
Ат шаптырым - Аумағы 10 шақырымға тең шаршының ауданына тең өлшем бірлік деп қарастыруға болады.
Бармақ басындай - Ересек адамның бармағының басының көлеміне тең бірлік шама.
Торсық - ертеде қазақ халқы сұйықтар мен сусындарды алып жүруге торсықты пайдаланған. Торсық көлемі
жағынан ықшам әрі ыңғайлы болғандықтан үнемі қолданыста болған, әрі өлшем бірлігі ретінде қолданылған.
Торсық шамамен 3 – 5 литр көлемге тең.
Тең - Ертеде қазақтар көшіп қонуға, жүк артуға түйе көлігін пайдаланғаны белгілі. Ыңғайлы болу үшін
түйеге артылатын жүктерді, қаптарды буып біріктіріп, өзара көлемі мен салмағы сәйкес келетін екі бөлік
жасаған. Бұл бөліктердің өлшемі шамамен бір құлашқа сай келетін текшеге тең болады.
Кейбір шамалардың қазіргі өлшеммен мөлшерін қарастырайық:
1 көнек сүт шамамен 6 – 7 литр
1 шелек шамамен 12,13 литр
1 пұт -16 кг
1 батпан -12 кг.
1 қап шамамен 4 пұт, яғни 65 – 66 кг.
1 ширек шай 250 г
1 әшмөңке шай шамамен 50 г.
1 таймөңке шай шамамен 25 г
1 шөкім тұз 12,5 г
-
қайнатым шай 6,5 г.
ІІІ. Уақыт өлшемдері.
Адам тіпті ерте кезден бастап түрлі шамаларды (ұзындықты, ауданды т.б) өлшеумен қатар уақытты да
өлшеді, бірақ алғашқы уақыт өлшеуіштерінің дәлдігі аз болды. Табиғат құбылыстарының, мысалы күн мен
түннің, қыс пен жаздың ауысып, Ай формасының өзгеріп отыратындығын және бұл өзгерістерде белгілі бір
мерзімде қайталап келіп отыратын периодтылық бар екендігін байқап, адам оларды өлшеуіш етіп қолданды.
1)Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері
1. Ас пісірім. 2-3 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем.
2. Ет асым. 2-3 сағат шамасындағы мезгіл өлшемі.
3. Ет қайнатым. Қазанға салған ет қайнатымдай мерзім. Шамамен 20-30минут.
4. Қайнам: қазан қайнам. Қазанның қайнау уақытының өлшемі.
5. Сүт пісірім. Өте қысқа мерзімді білдіретін өлшем. Шамамен 5-10 минут.
2)Тәулік мезгілдерінің атаулары
1. Күн шығар алдыңдағы мезгіл атаулары – бұл мезгілді таң немесе таңертең деп атайды.
2. Алагеуім, алатөбе, алаң – ғұлан, алаң – елең – таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана
бозғылт тартқан кезі.
3. Құланиек, құлан сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез.
4. Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.
Күн көкжиектен көтерілген мезгіл атаулары
Бұл мезгілді сәске деп атайды.
1. Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез.
2. Сәске түс – түске жақындаған мезгіл, сағат 12 шамасы.
3. Ұлы сәске – тал түске жақыңдаған мезгіл.
3) Жыл санау
1. Биыл – осы жылы
113
2. Былтырғы (өткен) жылы – 1 жыл бұрын
3. Бұрнағы жылы – 2 жыл бұрын
4. Одан арғы жылы – 3 жыл бұрын
5. Бұрынғы жылдары – 4 жылдан бұрынғы жылдары.
Жылдардың ретін еске сақтаудың оңай әдісі:
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Тойма именіп ділмардан.
*Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санауда қолданылып жүрген жануарлардың алғашқы әрпінен басталады.
Мүшел жас
1 – мүшел 13 жас (ер жете бастау)
2 – мүшел – 25 жас (жігіттік шақ)
3 – мүшел 37 жас (ақыл тоқтау)
4 – мүшел – 49 (орта жас)
5 – мүшел – 61 жас (орта жас)
6 – мүшел – 73 жас (қарттық)
7 – мүшел - 85 жас (кәрілік)
8 – мүшел - 97 жас (қалжырау)
9 – мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10 – мүшел - 121 жас (немене сүю)
Қазақ өлшемдерінің басқа ел өлшемдермен ұқсастығы. Заманында ата-бабаларымыздың кеңінен
қолданған «қолдың қары» өлшемі ағылшын «ярдымен» шамалас. Ал Ресейде 17 – 20 ғасырларда қолданылып
келген ағылшын футы (фоот – табан) байырғы қазақ өлшемі «табанға» жуықтау келеді: «табан» өлшеміне қазақ
табанның енін алса, ағылшын футы – табан тұрқына тең. Сондай-ақ ағылшынның дюйм (голландша – үлкен
саусақ) өлшемі қазақ халқының байырғы «бармақ» өлшеміне («Бармақ елі қазы») сәйкес келеді. Орыстың
«верстасы» мен қазақтың «шақырымы», сондай-ақ ағылшынның «фунты» мен қазақтың «қадағы» шығу төркіні,
атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады.
* * * * *
АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕРІ МОЛ
Ақмола облысы. Аршалы ауданы. Анар станциясы
Анар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хабас Алтынгүл
Ақыл-ой тәрбиесі — адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің
негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау — сана-
сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырьш жеке тұлғаны қоғамның өркениетті
даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.
Ойлау құрылымының механизмін түсіну үшін ақыл-ой қызметінің репродуктивті және продуктивті бөліктері
қатынастарының қағидасы ерекше маңызды. "Ойлау — шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі
үрдісі, бірақ оның диалектикалық, қарама-қайшылықтық бірлігінде продуктивті және репродуктивті бөліктері
тұтасып кеткен" деп көрсетеді З.Калмыкова.
Н.Менчинская өз еңбегінде "Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың
ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді" деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің
рөлін анықтайды.
Ақыл-ой қызметінің тәсілі — ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған қисынды
операция немесе операциялар жиынтығы. Абстрактылы ойлау елеулі емес екінші дәрежелі белгілерден
аулақтануға, жалпы және елеулілерін бөліп алуға, сөйтіп, осы негізде абстрактылы ұғымдарды тұжырымдауға
адамның іскерлігін көздеуде өз маңыздылығымен ерекшеленеді. Абстрактылы ойлауға қабілеттілік, сөз жоқ,
оқушылардың жасына байланысты. Алайда, абстрактылы ойлаудың дамуы мектеп жасында мейлінше
интенсивті етеді. Жүйелі оқыту оның дамуын жеңілдетіп тездетеді. Осы қабілеттіліктердің көріну уақыты
оқытудың мазмұны мен сабақ беру әдістеріне байланысты болып келеді. Сондай-ақ негізгі ой әрекеттері мен
операцияларды игеру ісінде арнаулы машықтануды керек етеді. Талдай, жинақтай білу және пәндер мен
құбылыстарды жіктей алу, шешімдер қабылдауды, қорытындылар шығаруды, баға беруді, ұғымға келтіруді,
құбылыстың немесе пәннің белгілі бір қажеттілікпен анықталуын қажетсінеді.
Тасымалдауға қабілеттілік те ақыл-ойдың дамуыңда өте маңызды болып табылады. Тасымалдау немесе
генерализациялау ғылымы ақпарат қауырт есіп отырған қазіргі кезде ерекше маңызға ие, себебі, жаңа білімдерді
неғұрлым тез де үнемді игеру үшін негізгі құрал бола алады. Құбылыстардың түпкі нәтижелерін немесе келіп
жетуін алдын ала көре білу қабілеті, ой мен қорытынды шығару негізінде, ең алдымен, табиғат пен ғылымдағы
заңдылықтардың рөлі мен маңызы туралы жалпы ұғымдарды игеруге негізделеді, әрі бақылау, талдау,
салыстыру, құбылыстар арасындағы ерекшеліктерді табу, ұқсастықтарына қарай ой қорытындыларын жасауды,
сондай-ақ индуктивтік және дедуктивтік ойлау әдістерін игере білуді қамтиды. Индуктивті ойлау жеке пәндер
немесе құбылыстар туралы білімдер негізінде оқытылатын барлық пәндер мен құбылыстар туралы жалпы
қорытындыға келе білуді көздесе, дедуктивтік ойлау бұрын белгіленген жалпы ережені, жеке деректерді немесе
құбылыстарды зерттеп, үйрене білуге қолдануды міндеттейді.
114
Интеллектуалдық әрекетке адам қабілеттерін дамыту ой еңбегінің мәдениетін игерумен де мейлінше тығыз
байланысты. Ой еңбегі мәдениетінің ұғымына, әдетте, ой жұмысының режимін тиімді ұйымдастыра білу
туралы ұғым, белгілі бір жүйе жасап алу, ұқыпты жұмыс істеу қабілеті жатады.
Ой жұмысының нәтижелілігі жұмыста адам белгілі бір жүйені ұсынатын болса едәуір артады, бұл әрекет
жасаудың белгілі бір дәйектілігін таңдап алудан, жұмыс орнының белгілі бір ұйымдастырылуынан, осы
материалдарды және оқу құралдарын, т.б. орналастыру жүйесімен жазба жұмыстарды жазып алуды жүргізу
жүйесінен көрінеді. Нақ осы ой еңбегінің мәдениеті интеллектуалдық қызметпен ұзақ шұғылдана білуге жол
ашады.
Дербес танымдық қызметке қабілетті дамытуда ақыл-ой дамуы міндетінен саналады. Дербес танымдық
қызметке қабілеттілік жалпы мәдени ой-өрісін ұлғайтып, өздігінен білім алу және адамды жан-жақты дамыту
үшін де керек. Дербес танымдық қызмет ақыл-ой дамуының жеткілікті дәрежесін дербес жұмыс істеу
іскерліктері мен дағдыларын игеруді, сондай-ақ белгілі бір мотивтердің болуын көздейді. Дербес жұмыс істеу
іскерліктері мен дағдылары ой еңбегінің мәдениетімен де байланысты, өйткені бұл жұмыстың нәтижелі болуы
үшін оны тиімді ойластырып ұйымдастыру керек болады.
Ақыл-ой қабілеттерін дамыту тұрғысынан алғанда, дербес жұмыс оқушының алдына мәселе қойылып,
мәселелік жағдаят жасалғанда анағұрлым тиімді бола түседі. Мәселелік жағдаяттар тек күрделі де елеулі
міндеттер мен мәселелердің айналасында жасалып қана қоймайды, қандай да болсын танымдық міңдеттерді
шешуге барудың өзі де өзекті бола алады.
Оқушыларды білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен қаруландырудың мақсат көздеген үрдісі ретінде ақыл-
ой жетекші рөл атқарады. Оқыту жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуында жетекші болып саналады. Себебі,
интеллектуалдылық және белсенді танымдық қызмет үшін керекті ақыл-ойдың бірде-бір бағалы қасиеті жүйеге
келтірілген білімдердің қорынсыз дами алмайды.
Даму, ең алдымен, білімдерді меңгергеңде оқушы жасайтын ой операциялары мен әрекеттердің сипаты
арқылы анықталады. Ақыл-ой тапқырлығына, қабілеттілік ісіне тәрбиелеуде едәуір мөлшерде оқытуға
зерттеушілік тұрғысынан қарау ісі жәрдем ете алады. Оқытудағы зерттеушілік ұстанымы өздері зерттеп отырған
ғылымдарда қолданылатын зерттеулердің негізгі әдістері арқылы жаңа білімдерді өз бетімен меңгере ала білуді
оку үрдісінде ұйымдастыру жағы көзделеді. Яғни, олардың қисынды ойлауын дамытып жөне сенімдерін
қалыптастыру үшін оқушыларды дәлелдерге және өз көзқарасын негіздеуге үйрету жөніңдегі жұмыстары өте
пайдалы болып табылады.
0> Достарыңызбен бөлісу: |