Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет17/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30

Ү.Сарамандық жұмыс. Құрақ үлгісі бойынша мата түрлерін таңдап, өлшем алу, сызу, қырқу, құрақ үлгісін тігу 
жұмысы. 
-маталар бір түсті, ашық реңді, түкті мата болуы тиіс;
- өлшемдері: төрт шаршы көк түсті мата -10*10см, қолтықшасына төрт дана 
- сары түсті (2шаршы) үшбұрыш қиықша;
- 8 дана үшбұрыш: 4 қызыл, 4 жасыл қиық дайындаймыз.
-айнала жиек бір түсті қара жолақ дайындаймыз.
- өлшемге сай асталық дайындаймыз,
- шеттік жиек айнала- тұмаршалар тізбегін қырқып дайындаймыз.
Тігілу реті. Қызыл- жасыл қиықты бір сары түс қиықпен біріктіріп жеке және мата шетіне тігіс ені 0,5-0,7мм
Қиықшалар дайын болған соң төртқиық көк матаны төрт бұрышына біріктіреміз.
Жарасымына қарай жұлдыз құрақтың шеткі жиегіне қара жолақ қойып тігеміз.
Құрақ өлшеміне сай астарлық дайындап, біріктіреміз.
Мата түстеріне тұмарша тізбегін құрастырамыз. Соңынан құрақ негізіне тұмарша тізбегін біріктіріп тігеміз, 
тігіс ені 0,7-1см. Осы тәсілмен құрақ жастық, көрпеше жасауға болады. Кез келген жұмыс соңында ылғалды 
жылу, өңдеу жұмысы жүргізіледі.
ҮІ. Сабақ барысында кездескен кемшіліктерге талдау, ретке келтіру.
ҮІІ. Оқушының  жұмысына  қарай бағалау.
Тапсырма «Жұлдыз»  құрағын тігіп бітіру.
* * * *  *
ТАҚЫРЫБЫ: ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН МЕН ҚАРАШАШ СҰЛУ  
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылы, Ө. Қанахин атындағы
 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Садуова Гүлнаш Әбдіжәлелқызы
Тақырыбы: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу  
Мақсаты: 1.Аңыз  әңгімелер бойынша алған білімдерін  тиянақтау  қорытындылау
2.Жиренше  мен  Қарашаш  әңгімелері  арқылы ұлы адамдар өмірін  өнеге ету, адам бойындағы жақсы 
қасиеттерге, ақылдылық, тапқырылыққа баулу.
3.Аңыз әңгімелерді  оқыта отырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, зденімпаздыққа жетелеу
Түрі,әдісі; білімді бекіту,сұрақ-жауап , рөлмен оқу, топтастыру. Көрнекілігі:интербелсенді тақта,кеспе қағаз.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру 
а) Оқушыларды топқа бөлу: «Қарашаш» ,«Жиренше» топ басшысын тағайындау
ә) топ ережелерін бекіту
Кіріспе: Мұғалім:-Сабағымыздың басын бір-бірімізге деген жылы лебізбен,бүгінгі
сабақта бәрімізге күш-қуат беретін сөздермен бастасақ:
С ә т т і л і к           (1,2,3,4,5,6,7,8)
1.Сыйластық,сенімділік,сөзшеңдік.
2.Әдептілік,  3.Тапқырлық,  4.Төзімділік,  5.Ізеттілік,  6.Лайық,  7.Іскерлік,   8.Күштілік,
кеңпейілділік, көрегенділік.
- Балалар,біз ауыз әдебиетінің қандай түрін өтіп жатырмыз?
- Аңыз әңгімелер.
Білу.Ұжымдақ  тапсырма                                                              (3-слайд)
1.Аңыз әңгіме деген не?
2.Аңыз әңгіменің кейіпкерлерін ата
3.Бүгінгі сабағымыздың кейіпкерлері кімдер?
4.Жиренше шешен мен Қарашаш туралы аңыз әңгімелерді ата.        (4-слайд)
Түсіну.  топтық жұмыс
   Шығарма мазмұнына  сай құрылған бөлім  атауларын  орналастыр.
1) Жиреншенің хан сынағына түскені.
92

     Жеңілген хан   (3)
     Қарашаштың ақылы  (1)
     Жиреншенің тапқырлығы  (2)
2) Сұратқан хан ақымақ па,
     Сұраған  сен  ақымақ па?
Ханның нөкерлерімен серуендеуі              (1)
Жиреншенің жауабы                                      (3)
Ұялған хан                                                          (4)
Ханның Жиреншені қаңбаққа жұмсауы    (2)
Қолдану.   Топтық жұмыс рөлге бөліп оқу (көрініс).
1.Жиренше мен Қарашаш
2.Жиреншенің хан сынағына түскені.
3.Сұратқан хан ақымақ па,
Сұраған сен ақымақ па?
Талдау.   а) Кейіпкер моделі    (5-слайд)
Кейіпкер
Іс-әрекет үзінділер
Бойындағы қасиет
Халық ойы немесе соңғы түйін
Жиренше
Ханмен кездескен 
жерде Жиреншенің 
ақылдылығы  
айқындалып отырады
Ұнамды,
сүйікті
қаһарман
шешен, тапқыр
Халық ішінен шыққан адам үстем тап 
өкілдерін әрдайым жеңіп отырса, 
олардан анағұрлым озық жатса деген 
тілек
Қарашаш
Сөзге шешен,ақылды
Ақылды, сұлу
Ақылды  әйел- ерді де,елді де қорғайды.
                                                           Сергіту сәті «Қара жорға»
Ә) Жиреншеге мінездеме .               (6-слайд)    
Біріншіден, Жиренше әрқашан әділдікті, шындықты  айтады;
Екіншіден, кісімен ақылдасуды ұмытпайды;
Үшіншіден,сөзді тауып айтады;
Төртіншіден,хан екен деп жағымпазданбайды, өзін еркін ұстап, ханмен тең дәрежеде сөйлеседі.
V. Қабілетті, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс:
1,Аңыз әңгімелердің ертегіден айырмашылығы не?
(кейіпкерлердің тарихта болған адамдар екендігі)
2, Жиреншенің Қарашашпен ақылдасып әрекет жасауына өзің қандай баға бересің?
3.Өзің өз  кемшіліктеріңді мойындай аласың ба? 
4.Жиреншені хан не үшін бағалап қасына ертіп жүрген?
5.Қаңбақтың адамша сөйлеуі шындық па? Әлде ауыз әдебиетіне тән  белгі ме?
 Ер төстіктің аты да  адамша сөйлейтін бе еді? Ауыз әдебиетінің бұл белгісін
тұжырымдап айт
6.Жиренше ханнан не себепті қорықпайды? Бұл жерде халқымыздың  қандай асыл қасиеті байқалады?
7.Тауып сөйлеуге байланысты төрт-бес мақал айт.
8.Ертөстік. Суретке әңгіме құрау.
9.Айдос-Жандос: Ауыз әңгімелерді, кейіпкерлерін. атау.
VI.Проблемалық сұрақтар:
1.Қазір Жиренше  шешен сияқты тапқыр адамдар бар ма?
2.Ханға ұқсайтын адамдар бар ма? Мысал келтір.
VII.Қорытынды: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу атына құрылған аңыз әңгімелерді оқи отырып біз 
бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинақтадық?             (7-слайд)
Адалдық, тапқырлық, сабырлық,қарапайымдылық,тауып сөйлеу, әділдік.
Оқушыларды бағалау. Үйге: Аңыз әңгімелер оқу.  
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: «ӨЗ ІСІНІҢ МАМАНЫ»
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласы
№89 «Шамшырақ»  бөбекжай- балабақшасы
Үсенбаева Лаззат Әбдіхалыққызы
Білім саласы: қатынас, таным, әлеумет
Білім бөлімі: тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Өз ісінің маманы»
Мақсаты: балаларға еңбек етудің қажеттілігі, еткен еңбегінің жемісін көретіндігі, болашақта қандай маман 
болатындығына бағдар беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
93

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, кітаптар..
Барысы: Саламатсыңдар ма, құрметті балалар!
Тәрбиеші: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.-деп Абай атамыз айтпақшы, 
ертең өскенде бізде бір-бір маман иесі боламыз.Солай 
емес пе ?Өскенде кім болғыларың 
келеді.Жарайсыңдар.Сондықтан да 
балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетіміз «Өз 
ісінің маманы»деп аталады.
Өскенде кім боламын? Балалардың жауаптары 
тыңдалады.
Өмір таны, өнер қу,
Өнер табу - ол да оқу.
Талаптансаң тартынба,
Өз күшіңде жол табу.
Балалар сендер балабақшада күнде қандай мамандық 
иелерімен
кездесесіңдер? (тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, 
аспаз.)
Анаңмен бірге дүкенге бардың. Кімді көрдің? (сатушы)
Іш ауырса, тіс ауырса,
Анам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала
Оны жақсы көреді.
Мен кім туралы өлең оқыдым?(дәрігер)
Ал балалар мамандық туралы тақпақтар айтсақ.
Арай: Киім тіккіш жаман ба?
Шипагер, емші маман да,
Бәрі керек адамға.
Саят: Астықсыз өмір болған ба?
Астық егіп өсірген
Тракторшы жаман ба?
Майя: Кең далада көсілген,
Мыңғыртып мал өсірген
Шопан ата жаман ба?
Асылан: Өрнектейтін өмірді,
Өнердің бәрі көңілді!
Қолы алтын шебердің,
Бәрі жақсы өнердің.
Тәрбиеші: Адам баласы белгілі бір іске қабілетті
дарынды болады.
Өздеріңнің сүйікті істерің бар ма?
«Менің сүйікті ісім» балалар жауаптары тыңдалады.
Аруна: Еңбек етсең, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
Абылай: Адамдық - борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз
Болады ақыл тұл.
Балалар мен мақал айтамын, сендер жалғастырыңдар.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың.................. тәтті.
Еріншектің.................... бітпес.
Ердің атын...................... шығарады.
Еңбек етсең.......................................
Қорытынды.
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: “Г”  ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ 
Ақмарал Серикбаева. Бастауыш сынып мұғалімі
“ №25  Г. Титов атындағы  жалпы  орта  мектебі” КММ
     Тақырыбы: “Г”  Дыбысы мен әрпі 
Сабақтың   мақсаты:   Г,г   дыбысы   мен   әрпі   таныту,сөздегі   орны   туралы,   түсінік   беру.Ол   арқылы   берілген 
сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Дамытушылығы:  Г,г   дыбысына   қатысты   жаңа   сөздер   ойлау,   сөйлемдер   құрату.Танымдық     іс   –   әрекеттер 
арқылы ой – өрісін, тілін дамыту.
     Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру, құстарға қамқорлық жасау.
           Көрнекілік:  «Әліппе серігі» суреттер Г,г дыбысы мен әрпінің баспа және жазба түрлері, құрастырмалы 
тапсырмалар.
      Түрі: Дәстүрлі, дамытпалы, жаңа білімді игеру.
      Әдісі: Сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндіру, топтастыру.      Пән аралық байланыс: Дүниетану.
   Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық:
«Қайырлы күн» деп айтамыз.
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасылық үлгіміз.
Көңілді өтер күніміз.
       ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Й,й дыбысы қандай дыбыс (дауыссыз)
Мәтін мазмұнымен жұмыс.
Мәтіндегі адам есімін жазу  (тақтаға Айша),
94

Әжей қандай кісі?     (Шебер қолды)
Әжей Айшаны неге баулыды? (сырмақ, текемет) (қайшы, ине, жіп,оймақ, ісмер)
Кассамен жұмыс. «Қатемді тап» ойыны
Оқулықпен жұмыс: Шебер қолды әжей мәтінін кезектесіп оқыту.
«Адасқан буындар» ойыны. Буыннан сөз, сөзден сөйлем құрау,тақтаға жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Г, г» дыбысы мен әрпі.
    Аналарға сыйлайтын,
    Аралар бал жинайтын,
    Бұл немене балалар,
    Үзуге адам қимайтын?   (гүл)
Бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз Г,г.
дауыссыз                 Ұяң                      шұғыл
                                                                       Ғ дыбысына ұқсас,ғ дыбысынан                  
                                                                         Г дыбысы жіңішке айтылады
      Тіл арқылы        басында          ортасында
Өз алдына буын құрай алмайды.Г.ғ дыбысына ұқсас.
Қандай гүлдердің түрлерін білесіңдер?           н
Қазақ тілінде Г дыбысына                                    е
Тек жіңішке дауысты дыбыстар                Г         і
Тіркесіп айтылады.
                                          Ү  У
Кестемен жұмыс. Шеге,жаға,гүл. «Гүл» бейнесін құру.
1-күлте Ай мен Әтеш   (Бағандағы сөздерді оқып ертегісін оқу.Г дыбысына анықтама.)
Ер қанаты ат (сурет бойынша түсіндіру.)
2-күлте 
        Бәйге             жарыс           жәңгір
        Шеген            тай               дайындады.
3-күлте.      Қ-Ғ                                                  К-Г
 Қайрақ                            қайрағы            көйлек                       көйлегі
Тарақ          Ы              тарағы              терек          І                терегі
Қайық                            қайығы             шелек                          шелегі
4-күлте      Дәптермен жұмыс. Г дыбысының жазылуын көрсету.
Ауада жазу. Г дыбысы қай әріпке ұқсас. Ғ. Арнайы дәптерге   Г үлкен, кіші әрпін жаздыру.
5.  Сабағы. Алдына буын қосу арқылы кісі атын құрап жазу.
Ай                                                                     Жан
Нұр             Гүл                         Гүл                 Нар
6-жапырағы. Көк текшеге Г әрпі бар сөздерді жинау.
           Неге                                                  Бақыт, кереге, құс
   Егін
             Сағат, егіз                        жүгері
Гүлдерден сөз құрастыру. Оқушыға тақпақ айтқызу.       Білім. мақал - мәтел  айтқызу.
    Көшіру диктанты. (оқушы,білім)    Білім – инемен  құдық қазғандай.
Балалар мына жерде он көлемдегі сандар жатыр дұрыс орналастыр.
1   2   3  4  5  6  7  8      
Ж  а   р  а  й  с  ы  ң!
Қорытынды:  Оқушыларды мадақтау
* * * * *
СУДА ЕРИТІН ДӘРУМЕНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Кіші ғылыми академиялық жұмыс
Оңтүстік Қазақстан облысы. Мақтарал ауданы білім бөлімінің
“№25 Г Титов атындағы жалпы орта мектебі”  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Секциясы: жаратылыстану Орындаған:   9«А»сынып оқушысы: Спархан Сағида  
Жетекшісі:  Биология пән мұғалімі: Жиеналиева Әтіркүл
Ғылыми жобаның мақсаты: Кез-келген елдің болашағы-оның халқының денсаулығына байланысты екендігі-
дәлелдеуді   қажет   етпейтін   шындық.Ал   біздің   болашақтағы   бағытымыз-салауатты   өмір   салты.   «Ауырып   ем 
іздегенше,   ауырмайтын   жол   ізде»-дегенді   өсіп   келе   жатқан   ұрпақтың   санасына   сіңіріп,   олардың   өз 
денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Ғылыми   жобаның   міндеті:    Балалардың   күнделікті   өмірлерінде   салауатты   өмір   салтын   қалыптастыру. 
Дұрыс тамақтану және күн тәртібі     Таза,табиғи тағамдарды күн тәртібіне енгізу
95

Ғылыми   жобаның   мәселесі:  Суда   еритін   дәрумендердің     Н,С,РР,В   тобындағы   дәрумендердің 
жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды анықтау және алдын-алу іс-шараларын биологиялық және химиялық 
тұрғыдан зерттеу және сол ауруларды болдырмау.
Ғылыми жобада зерттелді: « №25 Г Титов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
13-15жас аралығындағы оқушылардың денсаулығын жақсарту мәселесі
Ғылыми жобаның барысы:  Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша оқушыларға суда еритін дәрумендерді адам 
денсаулығы үшін маңызы,олардың жетіспеушілігінен туындайтын аурулардың алдын-алу шараларын молайтуға 
және жоспарлауға үлкен мүмкіндік береді.
     Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз 
мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің 
екеніңді ұмытпа! Н.Назарбаев
Кіріспе. Жеміс-жидек,көкөніс,өсімдік шырыны,міне осының бәрі дәруменге бай.Әйел реңі тартымды болу үшін 
таңертең,түсте,кешке барлық тағамға дәрумен қосқан абзал.Дәрумендер деп химиялық табиғаты әртүрлі болып 
келетін органикалық заттарды айтады.Организмдерде аз мөлшерде кездесетін,өмір сүруге өте қажетті жеке 
немесе құрылымы күрделі заттардың құрамына еніп, катаметикалық және реттеушілік  қызмет атқаратын 
төменгі молекулалы  активті органикалық қосылыстар.Дәрумендер – өсімдіктер, көкөністер, жеміс-
жидектер,бойында түзіледі. Адамзат ағзасы мен жануарлар бойында  дәрумендер синтезделмейді.  Адам баласы 
үшін дәрумендердің атқаратын қызметі өте зор.     
        Дәрумендердің негізін 1880 жылы орыс ғалымы Николай Иванович Лунин  (1853-1957) салды.1880 жылы 
Лунин тышқандарға тәжірбие жасаған. Тышқандардың бір тобын сүтпен,екінші тобын сүтте болатын қоректік 
заттардың жасанды қоспасымен тамақтандырды.Біраз уақыттан кейін бірінші тобы – ауырмайды,екінші тобы- 
ауруға шалдыққан. Сондай-ақ қабығынан тазартылған күрішті пайдаланған елдерде «бери-бери» ауруы етек 
алған.Ал, күріш қабығынан бөлініп алған кристалдық заттың кішкене мөлшері ауруды жазған.Мұны 1911жылы 
Казимир Функ  дәлелдеген.1922 жылы орыс дәрігері  Н.А.Бессонов қарағай бұтағы мен лимоннан аскорбин 
қышқылы (С витаминін) бөліп алды.Қазіргі кезде витаминдердің 30-ға жуық түрлері бар. Дәрумендер,әсіресе 
балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуы үшін қажет.Витаминдер өсімдіктерді және жануартекті тағамдар 
құрамында кездеседі.Адамға тәулігіне 180-200 мг дәрумен қажет.Дәрумен адам организміне жеткіліксіз болған 
жағдайда авитаминоз ауруына шалдығады. Дәрумен шектен тыс көп болса – гипервитаминоз ауруына 
шалдығады.
«Ас адамның арқауы»-дейді халық.Атап айтсақ ,тәнге күш-қуат тек тамақ арқылы келеді.Сәби күнінде дұрыс 
тамақтанбаған адамның денсаулығы онша болмайды.Сол үшін де дәруменді дұрыс пайдаланып жүргеніңіз жөн.  
Гиповитоминоз құбылысы организмге қажет дәрумендер мөлшерінің қалыптан тыс төмендеп кетуінен 
болады.Әдетте гипавитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман,азық-түлікте дәрумендер мөлшері өте азайған 
кезде 
байқалады.Гиповитоминоз бен авитоминоздың көктем айларында көптеп кездесуінің басты себебі адамдардың 
қыс мезгілінде көкөністі, жеміс-жидекті мөлшерден аз пайдалануынан орын алады.Авитаминоз  дәрумендердің 
жетіспеушілігінен ғана емес,кейде ағзаның дәрумендері табиғи, физиологиялық,психологиялық және тағы басқа 
да факторларға байланысты көп қажет етуінің салдарынан да туындайды.Мысалы,ауа температура-сының 
жоғары немесе төмен болуы, ауыр,қауіпті жұмыстар атқару, жүйкенің жұқаруы,күйзеліске ұшырау мен 
әйелдердің жүктілік және бала емізу  кезінде.Сонымен қатар авитаминоз салдарынан адам ағзасында зат алмасу 
процесі бұзылып,иммунитет төмендейді, адам әртүрлі созылмалы және жұқпалы ауруларға шалдығуы 
мүмкін.Авитаминоз белгілері:ұйқышылдық,үнемі шаршап жүру,безеудің пайда болуы,ашуланшақ-тық,қөру 
қабілетінің төмендеуі,шаш-тың түсуі,тырнақтың сынуы және т.б. 
    Жалпы витаминдер майда еритін және суда еритін дәрумендер болып үлкен екі топқа бөлінеді.Дәрумендер 
латынның бас әріпімен белгіленеді.Майда еритін дәрумендерге мыналар жатады:А-ретинол; Д-кальциферол;       
Е-токоферол;К-филлохинон;
Суда еритін дәрумендерге мыналар жатады: 
С-аскорбин қышқылы; В-тиамин және В тобындағы барлық витаминдер;
Н-биотин ;Р-биофлавоноидтер;РР-ниацин.
 Қазіргі кезде дәрумендерді классификациялап 4 топқа бөледі.
1.Алифатты дәрумендер тобы;
2.Алициклді дәрумендер тобы;
3.Гетероциклді дәрумендер тобы;
4.Ароматикалық дәрумендер тобы;
      Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы дәрумендер бұзылады.Тағамдық 
өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С дәрумені жойылып,В тобындағы дәрумендердің мөлшері күрт 
азаяды.Тағамның құрамындағы дәрумендерді сақтау үшін төменгі температурада тоңазытып барып,сүрлемеу 
әдісін қолданады.Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4С температура аралығында өңделеді.Азық-түлік өнімдерін тез 
арада тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы дәрумендер толығымен сақталады.Азық-түлік өнімдерін 
96

күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы дәрумендер азаяды.Тұздау кезінде дәрумендер 
сақталады.Дәрумендерді сақтау үшін эмаль,шыны ыдыстарын пайдаланады.
      Біз суық тию ауруларымен жиі ауырамыз.Дәрумендердің жетіспеушілігі қартаю процесін жылдамдатады 
және біздің өміріміздің сапасына әсер етіп әртүрлі аурулардың жиілігін жоғарылатады.Неліктен дәрумендердің 
маңызы зор?Осы сұраққа жауап беру алдында олардың анықтамасын еске түсірейік.  
Дәрумендер-тағам өнімдері құрамында болатын,ағзада зат алмасуды реттейтін,химиялық құрылымы жағынан 
әртүрлі болып келетін биологиялық белсенді заттар.
Авитаминоз дәрумендер тұтынуының жетіспеушілігінен басқа стрессті жағдайлар шылым шегу, алкоголизм 
және созылмалы жұқпалы аурулардың дамуы салдарынан болуы мүмкін дәрумендерді қайдан табуға 
болады.Дәрумендер олардың әрқайсысы ағзаның тіршілік әрекетінде белгілі процестерге жауап беретін 
топтарға бөлінеді.С дәрумені немесе аскорбин қышқылы инфекциялардан қорғайды,иммунитетті 
күшейтеді,темірдің сіңірілуін жақсартады,жаралардың жазылуын қамтамасыз етеді,улы және канцерогенді 
заттардың түзілуіне кедергі жасайды,ағзадағы  аллергендердің әсерін төмендетеді,суық тию аурулардың еміне 
және профилактикада көмектеседі,жасушалы блоктардың тіркелуін күшейтеді.С дәрумені адам үшін өте 
маңызды,себебі ол ешбір жағдайларда ағзада жинақталмайды.Ол тек қана өсімдік өнімдер құрамында 
болады.Олардың мөлшері қыста күрт төмендейді, сонымен қатар өнімдерді өңдегенде аскорбин қышқылы 
ыдырайды.
С дәрумені таза түрінде нашар сіңіріледі.Оның сіңірілуін рутин гесперидин және биофлавоноидтер қамтамасыз 
етеді.
Ол көп мөлшерде итмұрын,болгар бұрышы,брюссель қырыққабаты және қара қарақат құрамында болады.
В тобындағы дәрумендер стресс немесе жарақаттан кейін иммунды жүйенің қызметін белсенді етуге 
көмектеседі.В1 витамині(тиамин)артық салмақпен күреседі,көмірсу алмасуды жақсартады,жүйке жүйесінің 
емделуіне мүмкіндік береді.Бұл топтағы суда еритін дәрумендер миды және нерв жүйелерін,жүйке жүйелерін 
реттеуге қатысады. қорғайды.Бауыр,балық, бұршақ,мандарин,кебек,балық,жұмыртқа, ұн,ірімшік,теңіз 
өнімдері,қара құмық,сұлы жармалары құрамында көп кездеседі.
В1дәрумені
Тиамин(В витамині,аневрин).Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса,бери-бери немесе 
полиневрит деген ауруға шалдығады.полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады,жүректің қызметі 
бұзылады,асқазан-ішек трактасының қызметі бүлінеді,ас қорыту сөлінің секрециясы төмендейді, судың 
алмасуы бұзылады,ісік пайда бола бастайды.Азия және Оңтүстік Америка материктерінде тұратын 
халықтардың арасында «бери-бери» ауруы  ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі.Бұл нерв жүйесінің 
ауруы,әсіресе Жапония,Шығыс Азия,Филиппин аралдары,Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылы көп 
пайдаланатын елдерде жиі тараған.Европа елдерінде «бери-бери» ауруы,керісінше өте сирек кедеседі.Мұның 
себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес,олар қара  нан,әр түрлі тағамдар мен көкөністер 
жиі пайдаланады.Ролланд ғалымы Эихман 1890-1897 жылдары Ява аралында жүргізілген зерттеулері кезінде 
мынаны байқады:адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда «бери-бери» ауруларының 
белгілері пайда болған.Ал,әртүрлі қалдықтарды берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған.Осы байқауларға 
сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ХХ ғасырдың басында «бери-бери» ауруының негізгі 
себебі күріштің кебегінде көп кездесетін В1 витаминінің (тиаминнің) жетіспеушілігінен екені анықталған.
  Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақаттануының   мәні –бұл витамин фосфор 
қышқылымен қосылып тиамин пирофосфат  деген зат түзеді.Тиамин (В1 витамині) –пирофосфат 
декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуына пайда болатын организмде 
зияны пирожүзім қышқылы ыдыратуға керек.Денеде В1 витамині жетіспегенде фермент азаяды да ,қанда 
пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп,адамды ауруға шалдықтырады. 
Тиамин ашытқы,сәбіз,сүт,бауыр,саңырауқұлақ,жұмыртқаның сары уызында,бүйректе,еттің құрамында көп 
кездеседі. Ауруды болдырмаудың іс-шаралары:жоғарыдағы өнімдерді күнделікті,қажет мөлшерде тұтыну 
керек.Бұл тағамдарда тиамин таза не қосынды тиамин- пирофосфат және карбоксилаза түрінде кездеседі.В1 
витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды.
      В1 витамині зат алмасуға,әсіресе,углеводтардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестеріне өте 
қажет.Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттер құрамына кіреді.В1 дәруменінің организмнің түрлі 
зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор.Күнделікті тағамда бұл дәрумен жеткіліксіз 
болса,нерв жүйесі зақымданады.
Сөйтіп полиневрит,яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады.Жоғарыда айтылған «бери-бери» ауруының 
негізгі себебі де осында.
       «Бери-бери» ауруымен ауырғанда адамның жүру қабілеті нашарлап, кібіртіктеп жүреді,организмнің жалпы 
әлсіреуі байқалады.Тамаққа тәбеті тартпайды,самақ кемиді.Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауруы пайда 
болады,сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды.Бұлшық еттер тартылып,солып қалады.Жүрек 
қысылып,тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі оның тағам 
құрамында аз болуы.Жоғарыда көрсетілгендей,В1витамині қауызынан тазаланбаған күріште,ірі тартылған 
ұнда,тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Организм тәулігіне 2-3мг В1дәруменін қажет етеді.
    В1 дәруменінің организмдегі рөлі
97

В1дәрумені(тиамин)-жасушалар деңгейінде барлық процеске қатысады.Ішкі энергияның түзілуіне септігін 
тигізеді.Тиамин көмірсулардың, аминқышқылдарының,ақуыздардың,жүйке жүйесінің бас миының түзілуіне 
әсер етеді.В1 дәрумені орталық нерв жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасз етеді.В1 дәруменін асқаша 
«жанның қуат дәрумені»деп те атайды. Ол ми функциясына,есте сақтау қабілетіне және жүрек бұлшық еттеріне, 
асқазанға,ішекке әсер етеді.
    В1 дәрумені (тиамин) үлкен адамдар үшін тәулігіне 1-2,5мг ал балалдар үшін 0,5-2 мг қажет. В1 дәруменін 
жануар организмінде ішек микрофлора бактериялары синтездейді.
   Қазіргі кезде тиаминнің организмде атқаратын қызметі жақсы зерттелген. В1 дәруменінің тірі организмдерде 
атқаратын қызметі оның биологиялық  әрекетшіл түрі тиаминпирофосфатқа байланысты. В1 дәрумені дәрі-
дәрмек түрінде де кездеседі.
Алайда,бүгінгі күнде дәрумендердің дәрі-дәрмек түрі,немесе,таблеткаларды ішудің орнына дұрыс тамақтану 
керектігін және дәрумендерді табиғи жолдармен алу керектігін,жаттығуларға ауырлық қосу керектігін дұрыс 
көрген жөн. Зертханалық жұмыс нәтижесінде мектеп бойынша ешқандай адам тіркеуде тұрмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет