Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

2.Постер қорғату. Әр топ өздерінің кітап туралы жазғандарын қорғайды. 
3.Жаңа тақырыпты презентация арқылы түсіндіру.   Кітап – араб сөзі,   “жазба”,  ал түрікше “дәптер”, 
“мерзімді баспасөз басылымы”   деген сөз. Кітап-өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу,тәрбие құралы.   
Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.
   4.Оқулықпен жұмыс.
  - Өлеңнің авторымен таныстыру.    - Өлеңді мәнерлеп оқып беру.     - Оқушыларға оқыту.
  5.Топпен жұмыс.
 1-топ. Кітап туралы өлең құрастырады.   2-топ, «Кітап-досым »шағын әңгіме құрастырады.
 3-топ. Топтастыру «Кітаптың пайдасы»
  6.Сергіту сәті.      Интербелсенді тақтадан «Жұмыр қылыш » күйіне билету.
 7. «Кім тапқыр?» 
  Жасырын тұрған сөзді тауып,мақал-мәтелдер айтады.
      -  Білім    -  таусылмайтын байлық.
      -  Кітап  -    білім   бұлағы,   білім  -     өмір шырағы.  
      -  Кітап – алтын   қазына.
      -  Өнер  -   ағып    жатқан    бұлақ,
      -  Білім – жанып жатқан шырақ.
      -  Кітап-оқығандыкі, білім тоқығандыкі.
8.Жұмбақтар шешу.
   1.Сансыз ойлар бетінде,                     2.Тілі жоқ өзінде,
  Сайрап жатыр бар тілде.                        Сөзі бар ізінде.
  Керекпін мен әр күнде,                                          (Қаламсап).
  Өшпейді бір әрпім де.       (Кітап).
    3.Ілулі тұр кең алаң,                    
       Керегімді мен одан.
      Жазып аламын көшіріп,                                                                       
       Сүртем сосын өшіріп.     (Тақта).
     9.Бейнеролик көрсету.    «Кітап оқудың пайдасы» Сұрақ-жауап арқылы бейнематериалдан көргендерін 
талдау.
     10.Есіңе сақта!
      1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар    оқитынын есіңнен шығарма.
     2.Кітапты төсекте жатып,ас ішіп отырып оқыма,кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
     3.Кітапты қалай болса солай оқыма.
     4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды.
     5.Кітапханада шулауға болмайды,өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
    ІІІ.Қорытынды бөлім.    «Бес жолды өлең »
         1. «Не?»   -   Кітап 
         2. «Қандай?»  -   Қалың, жаңа                                                                               
      3. «Не істейді?»  - Оқыды, ашты, үйренді
      4. «Оның пайдасы қандай?»  - Кітап – алтын   қазына.
      5. «Оны басқаша қалай атауға  болады?»  - Оқулық 
       «Не түсіндім?», «Не ұнады?»    Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып тақтаға іледі.
       ІҮ.Бағалау.
       *     Әр тапсырма сайын оқушыларды мадақтап, күлегештер беріп отыру.
       *     Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
        Ү. Үйге тапсырма:       «Кітап » өлеңін мәнерлеп оқып келу.
* * * * *
21

ТАҚЫРЫБЫ:  «  ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ»
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласы
№89 «Шамшырақ»  бөбекжай- балабақшасы
Сейтбекова Газиза Жалымбекқызы
Білім саласы: «Қатынас», «таным » , «шығармашылық », «әлеумет»
Білім бөлімі:  тіл дамыту , көркем әдебиет, айналамен танысу, қарапайым математика ,  сурет .
Тақырыбы:  «  Ертегілер әлемі»
Мақсаты:  а) білімділік : балаларға  қазақ ертегілерінің  мәнін-мазмұнын ұғындыру,жағымды,жағымсыз 
кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету,әрқашанда  ертегіге қызығушылықтарын арттыру, жағымды 
кейіпкерлердің  рөлін сомдауға баулу .
б)дамытушылық : баланың  таным белсенділігін қалыптастыру, логикалық 
 ойлау қабілетін арттыру, тілдік қорын байыту,байланыстыра сөйлеуге үйрету . 
в)тәрбиелік  : Өз еліне , жеріне  деген  сүйіспеншілік сезімін арттыру, 
 адамгершілікке ,адалдыққа , сыпайылыққа тәрбиелеу .
Әдіс-тәсілі : түсіндіру, әңгімелесу,сұрақ-жауап .
Көрнекілігі  :  суреттер ,слайдтар 
Шаттық  шеңбері  :  Арайлап таң атты ,
                                 Алтын сәуле таратты.
                                 Жарқырайды қаламыз,
                                 Жарқырайды даламыз.
                                  Қайырлы таң балалар,
                                  Қайырлы таң қонақтар-деп  келген қонақтармен амандасады.
Тәрбиеші: Ал балалар , енді  барлығымыз  дөңгелене тұра қалайық. Қолдарымызды  ұстасып ,алақанымызды 
бір-біріне қойып ,өзара жылуымызды , жақсы тілек  лебізімізді айталық .
Тәрбиеші:Балалар бүгін біз : «Ертегілер әлеміне» саяхатқа барамыз.Олай болса,мына сыйқырлы  кілемшеге 
мініп,көзімізді жұмып,әдемі  әуен тыңдап, «Ертегілер әлеміне» барайық.
-Балалар сендер білесіңдер ме,сендерді қандай ертегі кейіпкерлері күтіп тұрғанын?Олай болса,сендер менің 
сұрақтарыма дұрыс жауап берсеңдер,ертегі кейіпкерлері бізге қонаққа келеді.
-Дөңгелек, түсі сары,көңілді ән салғыш кейіпкер?
-Бауырсақ 
-Дұрыс айтасыңдар. 
Кейіпкеріміз Бауырсақ  геометриялық  дененің  қайсысына жатады?
-Шеңбер
-Түсі қандай?
-Сары
-Жарайсыңдар,балалар!Міне  тапсырманы дұрыс орындаған соң, Бауырсақ бізге қонаққа келді.Енді суретпен 
жұмыс жасаймыз.(тәрбиешінің көрсеткен суретінен  қай  ертегінің  кейіпкерлері 
екенін  табу.)
-Бұл «Жеті лақ » ертегісі.Ортамызға ертегі кейіпкері  қасқырды шақырамыз.
-Келесі тапсырманы бейне экранға назар аудару арқылы  қай ертегі екенін 
табайық.
-Жарайсыңдар.Бұл «Қызыл телпек» ертегісі.
Ортаға Қызыл телпекті шақырайық.
-Балалар, осы ертегідегі жағымды,жағымсыз кейіпкерлерді  атайықшы.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Балалар,сендер берілген тапсырманы дұрыс орындағандарың үшін  бізде 
қонақта ертегі кейіпкерлері.оларға біз өз өнерімізді көрсетейік.
Сергіту сәті  Қорбаңдаған аюдың,
                       Жемістері көп екен.
                       Теріп-теріп алайық,
                       Қалтамызға салайық.
Тәрбиеші :Балалар,бізге келген қонақтарға арнап  өз қолымызбен  түрлі-түсті қағаздан  сыйлық жасап берейік.
Дидактикалық ойын. «Қай кейіпкер жоқ?»(ертегі кейіпкерлерін табу)
Балаларды сұрақ-жауап,мақтап-мадақтау арқылы ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін қорытындылау.
* * * * *
22

САБАҚТЫҢ  ТАҚЫРЫБЫ: СУРЕТ ӨНЕРІНДЕГІ ГУМАНИЗМ
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласы
№77 А.Асқаров атындағы мектеп-лицейі 
Усенова Айсұлу Мусахановна
Сабақтың  тақырыбы :Сурет өнеріндегі гуманизм
Сабақтың  мақсаты: а)білімділік  :Германияның,Нидерландының және Испанияның ұлы суретшілері, 
шығармалары,сурет өнеріндегі  жаңалықтар  жөнінде түсінік беру.
б)дамытушылық  : Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,шығармашылық  ізденіске жетелеу.
в)тәрбиелік: оқушылардың рухани жан-дүниесінің  дамуына ықпал ету,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,тірек-сызба Сабақтың әдісі: ауызша баяндау,мәтінмен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың түрі   :  жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың барысы :  І.Ұйымдастыру кезеңі. 
1.Жаңа сабақты түсіндіру. Италиядағы  қайта өркендеу дәуірінің  өнері Еуропаның  басқа  елдерінде өнердің 
дамуына ықпалын тигізді.Соның ішінде  итальян шеберлерінің  жетістіктерін бойына сіңірген 
Германияның,Нидерланды және Испанияның ұлы суретшілері дүниежүзілік өнер әлеміне көп жаңалық енгізді.
Дюрер Альбрехт  ←Ұлы суретшілер →Рембрандт Харменс ван Рейн
                                          ↓      
                                  Веласкес Диего
               
Дюрер Альбрехт  →Германияның алдыңғы қатарлы суретшісі
          ↓                    →суретші,инженер,сәулетші
     (1471-1528ж)  
   
 Рембрандт Харменс ван Рейн    → сурет өнерінің ұлы шебері        
              ↓                                           → кескіндемеші,график.
 (1606-1669ж) 
 
Веласкес Диего→ең үздік суретші
          ↓                   →сарай суретшісі
(1599-1660ж)
Тарихи сынақхат
................бала   кезінен   басылымдарды     безендірумен   әуестеніп,гравюрамен     айналыса   бастады.   Ол   жасаған 
бейнелер.................халықтың реформация қарсаңында етек алған мазасыз көңіл күймен үндес болды.........аса 
үлкен  портрет   шеберлерінің  бірі  болды.Диірменшінің   баласы  1620жылы    аз  уақыт  ..............университетінде 
оқып,соңынан     біржола     өнер   жолын   қуды..........көңіл   қойғаны-адам,оның   мінез-құлқы,ақылы   мен 
толғаныстары..........кедейленген шағында өзінің ең   таңдаулы шығармаларын   тудырды.Испанияның ең үздік 
суретшісі...........Оның зиратындағы ескерткіште..............деген сөздер жазылған.
Тұлғаны таныСәйкестендіру. (сурет мазмұнына қарай суретті табу)
1.Веласкестің  әйгілі  суретші атанған кезінде дүниеге келген портрет.Автор осы  шығармасы арқылы  адамның 
өзіне ғана тән  ерекше мінез сипатын қылқалам  құдіретімен  асқан сүйіспеншілікпен бере білген.
2.Рембрандт ең әйгілі картиналарының бірі-«Адасқан ұлдың  қайта оралуын»
қайтыс боларының алдында салған еді.Шығарма адамға дегенсүйіспеншілік,
адамға деген сенім,күйзеліс пен  толғаныс сезімдеріне құрылған.
3.Дюрердің  таңдаулы  гравюраларының  бірі"Төрт салт атты"деп аталады.
Онда тәңірдің  жер бетіндегі  адамзаттың  үштен бірін жазалауға  жіберген –Індет,Соғыс,Ашаршылық және 
Ажал кейпіндегі салт аттылар бейнеленген.
Сабақты бекіту :Кім жылдам?
1.Сарай суретшісіне айналып,40жыл бойы сарайда қызмет жасаған?
2.Жоқшылықта қайтыс болып,кедейлер зиратына жерленген?
3.Оның басты жетістігі жарық пен көлеңкені батыл пайдаланғаны.
4.1632жылдан Амстердамда тұрып,кейін әйгілі суретшіге айналды.
5.Суретші,инженер,әрі сәулетші болды,көне  тілдерге жетік әрі ақын.
6.Гравюра дегеніміз?
7.Германияға,Нидерландыға,Италияға көп саяхат жасап,бұл елдердегі      
   шеберлердің жетістігімен танысқан?
8.Жүзшақты автопортрет қалдырған?
9.Испан мемлекетінің «алтын ғасыры»?
10. «Инфанта Маргарита» картинасының авторы?
Үйге тапсырма :Сурет өнеріндегі гуманизм оқу.
23

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ТҮРЛЕРІ. ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Ғылыми бағыты:  Таза табиғи орта  
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы №201 орта мектебі 
Авторы:    Әнуарбек Бағила  3“А” класы 
Пәндік жетекшісі:   Ибраева Ләйла Бастауыш класс мұғалімі 
Орындалған жылы:   2013 жыл, Жалағаш 
Қымбатты   жас   дос!  Сен   күшті,   әдемі,   ақылды   және   денің   сау   болып   өсуді   армандайсың.   Еліміздің  
Президенті Н:Ә:Назарбаев өзінің халыққа арнаған "Қазақстан-2030" Жолдауында бізді Отан игілігі үшінөз  
денсаулығымызды сақтауға шақырады. Салауаттану - таңғажайып ғылым! Денсаулық жолында сәт - сапар  
тілейміз!
І. Кіріспе  Салауаттану – денсаулық туралы ғылым
ІІ. Негізгі бөлім  а) Аурудың алдын алу шаралары  б) Жеке бас 
тазалығы 
ІІІ. Қорытынды Денсаулыққа әсер етуші факторлар
Қағидасы:Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі
Мақсаты: Оқушылардың денсаулық туралы түсінігін 
кеңейту,“ауру” және “дені сау” ұғымдарын, оған әсер ететін 
факторларды, аурудың пайда болу себептері мен кезеңдерін көрсету 
арқылы организмінің қорғаныш механизмін дамыту қажет деген 
сенім қалыптастыру 
Тоғыз емші: Таза су, Күн сәулесі, Демалыс, Ашығу, Таза ауа, Табиғи 
тағам, Ақыл ой, Дене жаттығулары 
Аурудың белгілері:
3.
Дене қызуы көтеріледі
4.
жөтел, тамақтың ауруы
5.
мұрын бітелу, түшкіру
6.
қалтырау, тез шаршағыштық
- құсу, іші өту (сирек жағдайда)
Тұмау ауа, су тамшылары, тыныс жолдары арқылы тарайды
* * * * *
ҚЫМЫЗДЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ. ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Авторы: Мұратбай  Нұрбол Мұратбайұлы. Сыныбы: 2 
Мектебі: №203 орта мектеп Жетекшісі: Байкенжеева Ғалияш 
Жетістіктері:1-3 сынып аралығында үздік мадақтама иегері,
”Жігіт сұлтаны” байқауының жеңімпазы. 
Сүйікті ісі: ән айтып, би билеп, кітап оқығанды ұнатады.
Мінез – құлқы: кішіпейіл,инабатты, кез келген ортамен тіл табыса алады.
 
Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы №203 орта мектептің 2 – сынып оқушысы Мұратбай Нұрболдың 
“Қымыздың емдік  қасиеттері” атты ғылыми жобасы ізденімпаздықпен жазылған жұмысына жақсы баға 
беріледі. 
Жетекші пікірі
    Жаңадария ауылы №203 орта мектептің 2 – сынып оқушысы Мұратбай Нұрболдың “Қымыздың емдік 
қасиеттері”атты тақырыпта жазылған жоба жұмысына жақсы деген баға берілді. Оқушының кең ауқымды 
жазылған аталмыш тақырыптағы еңбегі:біріншіден-қымыздың емдік қасиеттері туралы білім беру,екіншіден – 
жылқы қасиеттері төрт түліктің бірі екендігі туралы түсіндіру. Қымыздың жасалу жолын жетік меңгеріп, оның 
күрделі процесс екенін сезіне білуі керек.жұмыс арқылы жан-жақты талдауға деген ұмтылысы 
байқалады.Сондықтан Мұратбай Нұрболдың ғылыми жобасы жақсы деңгейде жазылған деп есептеймін.
Пікір 
     Бұл оқушының жұмысында қымыздың емдік қасиеттерін, ондағы адам денсаулығына пайдасы, жылқының 
сүтінен   жасалытын   сусын   екенін   және   емдік   қасиеті   бар   қымыз   дайындалытынын   білді.   Мал 
шаруашылығындағы жылқының маңызды оқушы жан-жақты қызығушылықпен, дайындығы байқалды. 
24

Аннотация 
     В данной работе учащегося рассмотрены качества кумыса. Кумыс – это молочная смесь,приготовленная из 
молока кобылы,окисленное своеобразным путем.  У древних казахов он считался как лечебное средство, и как  
жаждоутоляющий напиток.  Все эти важные свойства,присущие кумысу,ярко выражены в работе ученика.
Kymyz 
 We have a lot of traditional drinks and one of the is kymyz. Kymyz is a sour mailk beverage made of  mare’s  milk.In 
new warm mare’s  milk add about few Persent of sour milk bacillus ferment.  In a little while,pour the blend in bowl 
and let stand in a cool place. We are proud of kymyz that we have this very nice drinkable thing. 
Жоба тақырыбы: “Қымыздың емдік қасиеттері” 
Жобаның мақсаты: Оқушыларға қымыздың емдік қасиеттері туралы білім беру.Қымыз жылқы сүтінен 
жасалатын сусын болғандықтан,жылқы туралы,оның ерекшеліктері және жылқы қасиеттері төрт төлектің бірі 
екендігі туралы түсіндіру.
Міндеті: Қымыз шипалы әрі емдік сусын екендігін түсініп,жылқы малын құрметтеп қадірлеуі қажет.Қымыздың 
жасалу жолын жетік меңгеріп,оның күрделі процесс екенін сезіне білуі керек.
Өзектілігі:Қазіргі уақытты ата – бабамыздан келе жатқан ауруға ем,шипалы сусын қымыздың тұтыну азайып 
барады және оның қасиеттері,құнарлы ас екенін қазіргі жастарымыз ұмыта немесе тәтті сусындар орнына 
қымыз ішкен пайдалы екенін түсініп,оны дүкендерде көптеп сатып,адамдардың сұранысын қанағаттандыру 
болып табылады.
Болжам: Егер әр адам қымыз ішіп,спиртті ішімдік қолданбаса,онда ұрпағымыздың дені сау,салауатты өмір 
салтын ұстанған азамат болып өсетін еді.
  Дәрігермен сұхбат:
Қымыздың   құрамындағы   қоректік   заттары(белок,май,қант)толық   95   пайыз   қорытылады,   себебі   оның 
құрамындағы алькогол мен көмір қышқылы ішекқарын жүйесінің сіңіргіштік қасиеттін арттырады.Қымыздың 
науқастың   тәбетін   ашатын   В,В-2,Р,С   витаминдері   көп   болады.Сондай-ақ   оның   антибиотиктік   қасиеттері 
организмнің инфекцияға төтеп беру қабілетін күшейтеді.
Қымызбен емдегенде қанда гемоблабин,эритроцит көбейеді.Холестерин құрамы өз қалпына келеді, тамырдың 
соғуы   жылдамдап,қан   айналымы   көтеріледі.осыған   орай   жүрек,қантамыр   жүйесінің   жұмысы   жақсарады. 
Қазақстанда қымызбен емдейтін орындар Көкшетау,Семей,Алматы облысында ұйымдастырылған.
  Қымызбен   емдеу   ережесі:   Қымызды   алғашқы   кезде   тәулігіне   6-рет   100мл-ден(қатты   науқас   адамдарға 
50мл),кейін   250мл   дейін   береді.организм   қымыз   ішуге   үйренгенне   кейін   оның   мөлшерін   2-3   литрге   дейін 
жеткізуге болады.Қымызды тамақ алдында 1-1,5 сағат бұрын ішу керек.Биенің жаңа саулған сүтін де емдік  
ретінде   пайдаланады.Бұл   ем   көбінесе   ауру   салдарынан   әлсіреген,арықтаған,қан   азайған,туберкулез   ауруына 
шалдыққан адамдарға қолданылады. 
Мазмұны:
 Халқымыздың ерекше қастерлеген және жанына жақын көрген қасиетті түлігінің бірі-жылқы.Халық ұғымында 
“қазақ,дала,жылқы”деген   сөздер   бір-бірімен   етене   жақын,тамырлас   та   тағдырдас   айтылады.Жалпы,көшпелі 
тұрмыс кешкен халықтардың көне заманнан бергі ең көп өсірген малы және төрт түліктің ішіндегі қастерлеп пір 
тұтатыны да – жылқы.Жылқы ең алдымен өте ерте кездерде басталған жаугершілік талабына сай құнды көлік 
малы   ретінде   қолға   үйретілген.Өйткені   сол   замандарда   жауды   қуып   жетуге   немесе   одан   қашып   құтылуға 
жылқыдан қолайлы мал болмаған.Тарих деректері бойынша,Адам баласы жылқыны біздің жыл санауымызға 
дейінгі 3-4 мың жыл бұрын бас білдірген.Жылқының ең алғашқы қолға үйретілген негізгі Отаны,яғни,мәдени 
орталығы – Шығыс Еуропаның   далалы аймағы,Орталық Азия және Қазақстан алқабы деп саналады.Қолға 
үйретілген жылқы малының арғы тегі жабайы жылқылар- тарпан мен керқұлан деп есептеледі.Бұл жабайы 
жылқылар – ертезаманда Еуропаның Оңтүстігіндегі далалы аймақтарда мың-мыңдап,үйір-үйірімен жайылып 
жүрген.
Қазіргі   кезде   дүниежүзіндегі   мақсатқа   сай   қолдан   сұрапталып   шығарылған   250   –   ден   астам   жылқының 
қолтұқымдары   қолда   өсіріледі.   Қазақстанның   арнайы   жылқы   өсіретін   зауыттары   мен   шаруашылықтарында 
жылқының қолтұқымдары – еліміздің табиғат жағдайларына бейімделген, ғасырлар бойы өсіріліп келе жатқан 
қолтұқымдар.Қолтұқымның бірі-қазақы жылқы,ол негізінен көлік ретінде әрі еті мен сүті пайдалану үшін де 
өсіріледі.Оның дене бітімі шымыр,ауа райының қатаң жағдайларына төзімді келеді.
Олар жыл бойы жайылады әрі жем-шөп талғамайды,жалқұйрығы қою,жүні қалың болады.Қазақы жылқының 
негізгі тобын “жабын”деп атайды.Ол алыс жолға шыдамды,дене бітімі шомбыл,еті мол әрі мықты.Дене тұрқы 
ұзын,   қарны   жуан,   аяқтары   қысқа.Тез   қоңданады,жұмысқа   төзімді   әрі   салт   мінуге   де   ыңғайлы,жүрісті 
келеді.Оны   күш   көлігі   ретінде   пайдалануға   болады.Қалың   қарда   тебіндеп   жайылады   әрі   қысқа   аязға   да 
шыдамды.Биелері   тәулігіне   18-20   литр   сүт   береді.Жабы   жылқылары   Атырау,Оңтүстік 
Қазақстан,Жамбыл,Алматы облыстарында өсіріледі.
  Мұхаммед Хайдар Дулатидың (15-16ғ) еңбегінде қымыз қазақтардың татымды,дәмді тағамы ретінде аталады. 
Қымыз-қазақ халқының ежелден бергі құнарлы асы,сусыны.
  Кең сахара, жапан түзді жайылған көшпелі елдің басты   күнкөрісі жылқы малы болды. Жылқы – халықтың  
ішсе   қымызы,жесе   еті,кисе   киімі.   Халқымыздың   тұрмысында   жылқыға   тікелей   қатысы   бар   теңеу 
25

сөздер,даналық   нақылдар,түрлі   аңыз-әңгімелер   және   мақал-мәтелдер   өте   көп   тараған.     Мысалы,   “Ат   –   ер 
қанаты”, “Жылқының пірі – Қамбар ата”, “Тай-тайға жеткізер,құнан атқа жеткізер,ат мұратқа жеткізер”.
  Қымыз – жылқы сүтін ашыту жолымен алынатын ашыған сүт бактериялары мен ашытқыдан пайда болатын 
қышқылтым айырықша азық.Оны дайындауға екі түрлі ашыту процесі жүреді.Сүттен сүт қышқылы,спирттер 
шарапспиртті түпкі нәтижеге айналып,СО көмір қышқылы газы пайда болады. 
Ферменттің  сүт  қышқылы бактериялары мен кейбір ашытқылардан түзілген лактозаның  әсерінен сүт  қантты 
глюкоза   мен   галакозаға   ыдырайды.Моносахариттер   (глюкоза   мен   глюкоза   сүт  қышқылдарының)   шараптық 
спирттің, көмірқышқылының және дәмі мен иісіне қатысы бар басқалай көптеген заттардың түзілуіне орай одан 
әрі ыдырай түседі.
Кез-келген   сүт,судан,белоктардан,майлардан,углеводтардан,   фосфариттерден,стериндерден,әр   түрлі   минерал 
қосындыларынан,органикалық
 
тұздардан,ферменттерден,витаминдерден,фигменттерден(май
 
қышқыл 
жоқ),белоктан, азоты заттардан, микроэлементтерден құралатын биологиялық сұйық болады.
 Мысалы:Бие сүтінің 1 литрінде 890 г су,110 г құрғақ  қалдық.16 г май,61 г лактоза,
27 г белок және 5 г тұз болатынын дәлелдедік.
 Қымыз – биенің ашыған сүті.Қымызды ашытып, баптау – өте күрделі процесс.Қазақтар қымызды көбінесе 
жылқы терісінен жасалған сабада,место,торсықта немесе шетен шелектерде ашытылады. Қымызды ашыту 
қорын сол қымыздың өзінен жасайды.Күзде сабадағы,местегі немесе торсықтағы қымыз тұнған кезде ыдыс 
түбіне қымыздың қоюы жиналады.Міне,сол қоюын мата дорбаға құйып,салқын жерде келесі маусымға дейін 
сақтайды.Жаңа сауылған бір шелек Бие сүтіне бір ожау сақталған қордан салып, бір тәулік жылы жерге қою 
керек. Содан соң осы қор үнемі қымыз ашытуға пайдаланылады.  
  Қымыздың алғашқы ашытқысын  қоры деп атайды.Оны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын,жұлынды сүйегін  
не малта салып, бөлек ашытып алады.Содан кейін сабадағы осы қорды сарықпай биенің жылы сүтін саумалдап 
жаңартады.Жаңа сүт құйған сайын 20-30 минуттей пісіп,жаңа сүтпен қорды араластырып,іртігін жазып,ашуын 
басып отырады. Көп сапыру арқылы қымызға таза ауа(оттек,азон.т.б)көп сіңіріледі.
 қымыз тәулігінде ашуы жетіп сапыруға жарайды.Дұрыс ашыған қымыз іртіктеніп,боршып көпірмейді,су 
жиектеніп тұнып, кілегейленіп шұбатылмайды,көкаяз кермек дәмі болмайды.Тіл үйірілткен ашымал дәм, сүр 
саумал майының иісімен қосылып, тек қымызға тән көкірек сарайыңды ашатын хош иісі аңқып тұрады.
 Ашыту түрлерімен ашыған күндерінің санына, ыдысы мен қоспасына, тәулік уақыты мен мезгілдеріне қарай 
ашытылатын қымыз түрлері мен атаулары көп.
 Олар:Саумал-енді ғана Аши бастаған немесе қымызға биенің жаңа сауылған сүтін құйып, пісіріп жұмсартқан 
тұщы қымыз;
 Уыз қымыз-жаңа құлындаған биенің уызынан ашытылған қою қымыз;
 Бал қымыз-бал,қант секілді тәтті қосып жуасытқан қымыз;
 Құнан қымыз – үш тәулік ашытқан қымыз;
 Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытқан қымыз;
 Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;
Алау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорытынды:
    Мен   болашақта   жастарымыздың   дені   сау   болу   үшін   өз   үлесімді   аянбай   қосар   едім.Қымызды   күнделікті  
тұрмыста пайдаланып,ережеге сай тұтыну үшін жылқы малын көптеп өсіретін шаруашылықтарға көп көңіл 
бөлер едім.
  Жылқы мінсе – көлік,ішсе-сусын,жесе – тамақ екенін естен шығармай, қымызды Отандық тауарлар атынан 
айналымға шығартатын едім. Оның емдік сусын екенін мойындап және оған жоғары баға берген Л.Толстой, 
А.С.Пушкин т.б болғандықтан оның әлемдік сұранысқа ие болатынына  сенемін. Ал,одан еліміздің экономикасы 
көтерілетн   еді.Қымызды   қазіргі   уақытта   бізді   көп   алаңдатып   отырған   қаназдық   ауруына   ем   ретінде 
дәріханаларға   да   бөлінгенін   қадағалар   едім.  Еліміздегі   қымызбен   емдейтін   орындар   яғни   орталықтарды   әр 
қалаға ұйымдастырар едім.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет