Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет5/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қазақ энциклопедиясы.
2.
“Егеменді Қазақстан газеті”
3.
Академик Т.Шарманов. “Қымыздан артық дәм болмас”
4.
Биология, география,химия.Доцент Р.Сәтімбекұлы “Жылқыдан асқан мал бар ма”
5.
Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын оқыту методикасы
6.
Ж.Жабаев өлеңдері
7.
Г.Есмағанбетова, “Қымыз,шұбат”. “Қайнар ”
* * * * *
26

ЭКОЛОГИЯНЫҢ ЖАНУАРЛАР АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ (БАУЫР ҚҰРТЫ ) ҒЫЛЫМИ ЖОБА  
Қызылорда облысы. Жалағаш ауданы. Жаңадария ауылы
№203 орта мектеп.  Автор:    Сқақ Айбану
Жетекшісі: Смаева Индира. Орындалған жылы:  2012-2013 оқу жылы 
        
                            
   Жетекші пікірі:  Жаңадария ауылы № 203 орта мектептің 8-сынып оқушысы Сқақ Айбанудың «Экологияның 
жануарлар   ағзасына   әсері   (бауыр   құрты  )  »    ғылыми  жоба  жұмысында  оқушы  өте   жақсы  зертеп   ізденген. 
Оқушықоршаған ортаның  жануар ағзасына тигізетін әсерін, оларда   пайда болатын  ауру түрлерінің  (бауыр 
құрты)   пайда   болу   себептерін,  оның   таралу   жолдарын   зерттеді.     Келешекте   осындай   жұқпалы   аурулардың 
алдын алу шараларын түсінді. Тәуелсіз еліміздің болашағы өзім деп сенетін оқушы келешекте мемлекетіміздің  
жақсы азаматы болады деп сенемін.  
Жобаның мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашақта өзіміз өмір сүретін ортада қоршаған орта экологиясының 
адам және жануар ағзасына кері әсер етет факторларды болдырмау. Соған өзіндік үлесімді қосу. 
       Қызылорда облысында жануарлар ауруының жиілеп кетуі жайында зерттеліп жазылған. Сонымен қатар  
қазіргі таңда мал ауруларын болдырмау шараларының жетістіктері толық баяндалады. 
       Мен «Болашақтың» бәсекеге қабілетті халықтың қалыптасуына бағытталған аса маңызды бұл 
жобамның, аса маңызды жобалардың біріне айналатынына сенемін және болашаққа деген сеніммен өз 
үлесімді қосамын. 
Зерттеу жұмысының болжамы: Мал шарушылығын өркендету, жануар ауруларының алдын алу. 
Күтілетін нәтиже:  Қоғамға пайдалы еңбек ету, осы жобамды дамыту. 
Ұсыныс пікірім:  Өзіміздің облысымызда жоғарғы білімді мал дәрігерлік мамандарды даярлайтын оқу 
орындары ашылса 
                                               Кіріспе 
  Жаңа   мыңжылдықтың   табалдырығын адамзат өркениеті орасан экологиялық проблемалармен бірге аттады. 
Экономикалық   дамудың   жаңа  белесіне   көтерілген   көптеген   мемлекеттер,    бүгінде   аса  күрделі  экологиялық 
қиындықтарға ұшырап, оларды түбегейлі шешудің шараларын қарастыруда. 
   Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің територясында қоршаған ортаға экологиялық қауіп төндіріп отырған 
аймақтар пайда болуда. Соның ішінде қазіргі таңда жануарлар ағзасына әсер етіп отырған экологияның кері 
әсері жануарда түрлі ауруларды тудырып жатыр. Сонымен қатар адамзаттың экологияға кері әсері, 
антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым 
жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен 
өндірістік қатынастарының ғылыми- техникалық жаңару биігіне көтерілуі-экономикалық реформалардың 
ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интергациялануына) түрткі болады.
     Менің ойымша экологиялық білім дегенім- адамзат перзентінің қоршаған ортаға тигізетін антропологиялық 
ықпалдарының себеп салдарын терең ұғынуға, оқып тануға бағытталған теориялық ой –пікірлер жиынтығы 
болса сол экологияның жануар ағзасына кері әсерін келтіруде бүкіл әлемде экологиялық апаттар ұлғая түсуде. 
«табиғат –қоғам -адам» жүйесіндегі қарым қатынастардың шиеленісуі экологиялық тіршілікке қауіп төндіріп 
отыр.1991 жылғы «  Қ.Р 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында атап 
көрсетілген.»Жылдың таңдауы экологиялық ұсыныс оның мақсаты –қоршаған ортаның ахуал-жағдайын 
жқсарту бойынша ұтымды ұсыныс,мал шаруашылығындағы экологиялық мәселелерге назар аудару. 
Халқымыздың денсаулығымен қоса,пайдаланылып отырған мал өнімдерінің талапқа сай болуы.Ауру малдың 
адам ағзасына кері әсер тигізетіні белгілі.Қазақстан Республикасының қоршаған орта қорғау,экологиялық 
проблемалардың туындауына жол бермеу негізгі міндет. 
   Ауа,су,жер ресурыстары,жер қойнауы,өсімдіктер мен жан-жануарлар қорғау,өндіріс қалдықтарын тиімді қарап 
оның кері әсерлерін болдырмау. Адамзат пен жан-жануарлардың өсімдіктердің бір-бірімен тығыз 
байланыстылығы тіпті бұларды ажыратуға келмейді.Себебі күнделікті тұтынып отырған азық-түлігіміз, ет 
өнімдеріміз айналып келгенде таза әрі құнарлы болуы тиіс.Мал шаруашылығы үшін аса қатерлі деп саналатын 
зиянды ағзалардың таралуы жзануарлардың ауруына әкеп соқтырады.Агроценозбен фитоценозда зиянды 
ағзалармен  пайдалы жәндіктер, аң мен құстар, өсімдік мүшелерінде және топырақта неше түрлі микроағзалар, 
дөңгелек құрттар тіршілік етеді.Өңделген шабындықтармен жайылымдарда мал бағылады,жиналған өсімдік 
өнімі малдың жем- шөбіне пайдаланылады Пестицидтердің табиғатта таралуы өсімдіктерден басталып 
қоршаған ортаның ауасымен қатар, топырақ пен суға шайылып, жан-жануарларға кеп тіреледі. 
                                   ІІ негізгі бөлім 
       1.  Қазіргі кезде мал шаруашылығы алға қойылып отырған міндеттеррдің бірі. Мал   санын көбейту, оның 
сапасы жоғары   болу. Мал шаруашылығы: 2011 жылдан АӨК – те мүйізді ірі қара мал етін өндіру бойынша 
экспорттық әлеуметті дамыту жөнінен  кең ауқымды жоба жүзеге асырыла бастады. Асыл тұқымды мал өсіруді 
халықаралық талаптарға сәйкес келтіруі тиіс заң қабылданды. 17,7 мың бордақы- орынға арналған бордақылау 
алаңдары құрлысы қаржыландырылды. Ет бағытындағы 13,5 мың бас мүйізді ірі қара мал әкелінді. 2011 жылы 
агроқұрылымдарда мал саны мұнша % - ға ұлғайды: Мүйізді ірі қара мал 8 % - ға. Соның ішінде мен тұрып  
27

жатырған Жаңадария елді мекенінде               4% -ға  өсті. Қой мен ешкі 5%- ға. Жылқы 12%- ға. 
Малдың инвазиялық аурулары- эволюциялық даму барысында жануар денесінде паразиттік тіршілік етуге 
бейімделген бір клеткалы организмдер мен құрттар тудыратын аурулар. Бұл аурулардың 2 тобы бар: Бірінші  
тобы-   гельминтоздар.   Оларды   трематота     (сорғыш   құрт),   цестода   (таспа   құрт),   ниматода   (жұмыр   құрт) 
кластарына жататын құрттар тудырады. Мал арасында фасциолез, дикроцелиоз, ішек цестоздары, таспа құрт 
(бауыр   құрт)   дернәсілдері   тудыратын   аурулар   жиі   кездеседі.     Сиырдың,   қой-   ешкінің,   түйенің   жіті   және 
созылмалы ауруы- фасциолез республиканың барлық өңірінде таралған. Аурудан арылу үшін ит пен мплды 
алдын ала құрттан арылтады ( дегельминтизация), батпақтарды құрғатып, жайылымдарды, суаттарды, олардың 
маңын   тазартады.   Дикроцелиоз   –   малдың   бауыры   мен   өт   жолдарын   зақымдайтын   созылмалы   ауру. 
Республиканың барлық өңірінде, әсіресе Оңтүстік пен Оңтүстік -Шығысында жиі кездеседі. Оны тудыратын 
дикроцелия құрты. Малға гексихол, гексохлор- параксилол, гетолин беріп (дегельминтизация  жасап) , құрттан 
арылтуға болады. Таспа құрт (бауыр құрт) дернәсілдері тудыратын аурулар – эхинококкоз, ценуроз, цистицеркоз 
кезінде малдың бауыры, миы, өкпесі, сірі қабықтары зақымданады. 
 Ішек цестодоздарын (мониезиоз,тизаниезиоз,т.б) тудыратын құрттар да аралық (кейбір кенелер)және тұрақты 
иелердің қой,сиыр) арқылы өсіп, дамиды. Қоздырғыш малдың аш ішегін зақымдап,ішін өткізеді, ауру асқынса 
мал өледі. Емдеу, және аурудан сақтан уүшін малға тотияйын мен ас тұзының қоспасы, фенасал т.б дәрілер 
ішкізіледі.Малдың инвазиялық ауруларының екінші тобы –тейлерия, пироплазма, қан паразиттері(бабезия), 
кокцидия (ішек қабырғасында тіршілік ететін бір клеткалы жануарлар), саркоциста (бұлшық етте болатын 
паразиттер ).Мал токсоплазмозынан,саркоспоридиоз,
безнойтиоз, қотыр,ауруларының эпизотоотологиясы мен патогонезін зерттеп, анықтау әдістерін табу ісі 
республикада 
жүйелі жолға қойылған. 
Эхинококкоз   ауруын   эхинококк   құрты   тудырады,   аурудың   негізгі   көзі   болып   ит,   мысық   тектес   жануарлар 
табылады. Себебі, осы аталған жануарлардың ішегінде бауыр (эхинококк) құрты өсіп жетіледі және нәжісімен 
қоршаған
 
ортаға
 
түсіп,
 
ластайды.
Құртпен ластанған шөпті жеп, суды ішкен үй жануары ауырады. Малды сойған кезде жарамсыз бауыр, өкпесін 
итке тастаймыз, осылай құрт жолы шеңбердегі айналымдағыдай болады. Бұл ауру бау-бақшада жұмыс істеп, 
малға  қарағаннан   соң,  жеке  бас  тазалығын  сақтамаған   жағдайда   адамға  да  жұғуы   мүмкін.  Адамның   ішіне  
түскен   құрт   қан   арқылы   өкпе,   бауыр   тағы   басқа   органдарды   зақымдайды.   Құрт   түскен   жеріндегі   органды 
жегідей жеп өсе береді де, аурудың белгілерін білдіреді. Егер құрт бауырда өссе, оң жақ бүйірі ауырып, өкпеге 
түссе   адам   жөтеліп,  қан   құсып,  ауа   жетіспей  ауыруы   мүмкін.  Құрт   түскен  сайын  органды  зақымдап,  адам 
өміріне қауіп төндіреді. Эхинококкоз ауруын тек хирургиялық жолмен емдейді, ал дәлелді диагноз кешенді 
тексерулерден соң қойылады.
6. Көкөністермен жеміс-жидектерді тазалап, ағынды сумен шайып жіберу қажет. 
Жылауық құрт. 
Жылауық құрты — адам мен мал ағзаларында құрт ұрықтарының түсуінен туындайтын ауру. 
Этиология. Жылауық кұрты өл-шемі 2 мм-см. Құрт өсіп-өнуі үшін, аң мен үй жануарларының ішіне түсуі керек. 
Эпидемиология. Ол көбінесе аңдар мен үй малдарынан, ит пен мысықтан жұғады. Бұл құрттар ит пен 
қасқырдың ащы ішегінде өсіп-өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды. Аң терісін, ит пен 
мысықты ұстағанда жылауықтың құрты қолға жабысады. Қолды жумай тамақ ішкенде, ластанған өзендердің 
суын қайнатпай ішкенде құрт адамның асқазанына барып түседі. 
Патогенез. Асқазанға түскен құрттың ұрығы сыртқы қабығынан айырылып, ішек қатпарларына енеді. Содан қан 
тамырларына түсіп бауыр, өкпе, ми және басқа ағзаларға ұялайды. Бірте-бірте ұялаған жерінде жылауық құрты 
өнеді, өседі. Олар бір ұялы, көпұялы болып бөлінеді. Жылауық қалтасы бірте-бірте өсіп, аурудың белгісі біліне 
бастайды, құрт орналасқан органдардың қызметі бұзылады. 
Жылауық құрттың белгілeрі, өрбуі Жылауықтың өрбуін екі кезеңге бөлуге болады. 1.Жасырын өрбуі. 
Науқастың аздаған қызуы көтерілуі мүмкін, субфебрилитет, қан аздық, лоқсып, тамаққа тәбеті төмендеп, 
асқазан түбі ауырып, ауырлық сезіледі. Кейбір науқаста бас ауырып, жөтеліп, ентігіп, кеудесі шаншиды, әлсіздік 
сезінеді. Жылауық құртының ұрықтары ағзада айлап, жылдап, көп белгі бермей жата беруі де мүмкін. Ал, кейде 
басқа дерттердің белгілері сияқты көрінеді, басқа дәрігерлерде емделіп жүреді. 2. Жылауық құртының ауыр 
түрі. 1.Бауырдағы жылауық асқынғанда, а.) Жылауық қалтасының жарылуы, б.) Сар-ғаю, өт жолын 
жапқандықтан, в.) Жылауықтың іріңдеуі. 2.Өкпедегі жылауық асқынғанда а.) өкпедегі іріндік, іріңді плевра, б.) 
өкпеден қан кету. Бауырда көлемдері әртүрлі, іші мөлдір суға толған жылауық құрт ісіктері пайда болады. 
Адамның іші өтеді, асқазан, бауыр тұсы сыздап ауырады. Оң жақ қабырға астынан сыртқа қарай томпиған ісікті 
байқауға болады. Жылауық асқынып жарылғанда науқастың жағдайы нашарлайды. Жылауық қалтасы өт жолын 
жапқанда науқас сарғайып кетеді. Бауырдағы жылауық іріңдегенде ағзаның түгелдей улану қаупі басталады. 
Өкпедегі жылауық асқынғанда тыныс жолдарының, өкпенің, плевраның іріңдеп қабынуы болады. Өкпедегі 
тамырды сорып, жегідей жеп, өкпеден қан кеткенде өте ауыр жағдайға соқтырады. 
  Егер жылауық мида орналасса, наукастың басы ауырып, көзі нашарлап, бойын әлсіздік басады. 
 Аурудың алдын алу. Жылауық құрты бұрын ауыл адамдарында, әсіресе балаларда ұшырасатын еді. Қазіргі 
таңда ластанған орта, жекеменшік мал шаруашылығы, қалаға еркін, тексерусіз түрлі ауылшаруашылық өнімдері 
28

үздіксіз ағылудың әсері, қалада ит пен мысықты ұстаушылар көбейген жағдайда, шала піскен еттен жылауық 
құртының жұғу қаупі күшейеді. Ауруды болдырмаудың жалғыз кепілі — тазалық. Бала далада ойнап келгенде 
және ересектер жұмыстан келген де қолды сабындап жууы керек, жеміс-жидек, көкөністі пайдаланарда сақтық 
шараларын орындауы керек 
2) Аурудың  алдын алу үшін жануарларда қазіргі кезде  ветеринарлық дәрі- дәрмектердің көптеп 
пайдаланылуында. Менің жобамның тақырыбына сай жануарлардың бауырында болатын құрттың болдырмау 
шараларын қарастыру мақсатында, ауыл мал дәрігерімен кездестім. Ондағы мақсатым жануар бауырындағы 
құрттың өрбуі, жылдың қай мезгілінде күшейеді. Қазір бізде пайдаланылып жүрген дәрі «Альбен»  бір 
таблеткасының құрамында 360 мг альбендозолға көмекші дәрілер болады.Бұл дәріні салмағы жоғары ірі қара 
малдарға, қой мен ешкіге тіпті құстарғада пайдалануға болады. 
Альбенді пайдалану ережесі жоғары салмақты ірі қара малдарға жылқы мен сиырға салмағы 50 кг –на 1 
таблеткадан пайдаланады. 
Қой мен ешкіге 70 кг-на 1 таблеткадан  ал құстарға 35 кг-на 1 таблеткадан 2 күн қатарынан береді.Бұл дәріні 
пайдалану мезгілдері көктем және күз айларында.Буаз малдарға пайдаланылмайды.Бұл дәріні бергеннен кейін 
14 күннен кейін қайта,  береді ал ірі қара малдарға 7 күннен кейін беріледі. Дәріні бергенннен кейін сауын 
сиырлардың сүтін 2-3 күнге дейін ішуге болмайды.Қазіргі кезде жануар бауыр құртына пайдаланып жүрген 
дәрілер. 
Адамдар үшін: ойда жоқта бауырыңыз сыздап сыр беріп сырқаттанып қалсаңыз инновациялық Артишок 
сығындысының бір қабықшасын қабылдасаңыз жеткілікті ол бауырды қорғауға арналған. 
Холесенол артешок адамның бауыр ауруына пайдаланылатын дәрі. 
Бұл дәрі – тағамдардағы химиялық субстанциялардан болатын ыдыраудан  бауырды  барынша тез тазартады 
әсіресе жазда бұл дәрінің көмегі ерекше. Бағамдап қабылдау тиімділікті арттырып, бауырды қалыпты ырғақта 
болуын реттейді. 
                                                             Қорытынды 
  Эхинококк ауруының қалай, қайдан пайда болады?-деген сұраққа мынадай жауап беремін. 
 -соңғы жылдары эхинококк ауруы адамдар мен жануарлар арсында өсіп отыр. Эхинококкоз  ауруын эхинококк 
құрты тудырады, аурудың негізгі көзі болып ит, мысық тектес жануарлар болып табылады. Себебі, олардың 
ішегінде   бауыр(эхинококк) құрты өсіп жетіледі және нәжісімен қоршаған ортаға түсіп, ластайды. Құртпен 
ластанған шөпті жеп суды ішкен үй жануары ауырады. Малды сойған кезде жарамсыз бауыр, өкпесін итке 
тастаймыз   осылай   құрт   жолы   шеңберімен   айналып   жүреді.   Бұл   ауру   бау-бақшада   жұмыс   істеп,   малға 
қарағаннан соң жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда адамғада жұғады. Адамның ішіне түскен соң құрт қан  
арқылы өкпе, бауыр т.б органдарды зақымдайды. Құрт түскен жерінднгі органдарды жегідей жеп өсе береді де, 
аурудың белгілерін білдіреді. Егер құрт бауырда өссе, оң жақ бүйірі аурып, өкпеге түссе жөтеліп қан құсып ауа 
жетпей   ауырады.   Құрт   өскен   сайын     жануардың   тіршілігін   тоқтатады.   Эхиникоккоз   ауруын   (адамда)тек 
хирургиялық жолмен емдейді. 
    Эхинококктың қауіптілігі – құрт жатқан қабық жарылып кетсе, оның уы ішкі ағзаларға тарап асқынады ал 
егер эхинококк жарылып кетсе мал өледі,ал адам  өмірін сақтап қалу үшін күрделі операция жасалады. 
Эхинококктың алдын алу шараларын білу абзал. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Высокоэффективные лекорственные средства для продуктивных животных. 
2.
«Егеменді қазақстан» газеті  №13-14(27085) 2012 жыл 
3.
Қазақ энциклопедиясы
4.
« Экологиялық білім биологияда»- Материалдар жинағы. Б. Ділманов
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: Т. ТАЙБАЗАРҰЛЫ «ҚАЙТПАЙ ҚАЛҒАН ҚАРЛЫҒАШ» ӘҢГІМЕСІН ОҚУ
Қызылорда облысы. Жалағаш ауданы
№116 орта мектептің МАД тобы тәрбиешісі Қалжанова Ұлия
Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекетінің түрі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Т.Тайбазарұлы «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін оқу.
Мақсаты: Білімділік : Әңгіме мазмұнын меңгере отырып,оны айта білуге дағдыландыру. Ойын тиянақты 
жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық:Балалардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қаділеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Әңгіме кейіпкерлерінің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге баулу.
Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері,әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын.
29

Іс-әрекет 
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Мотевациялық 
қозғаушы.
Іздену-
ұйымдастырушы
Шаттық шеңбері.Балаларға «Сиқырлы 
таяқша» беріп,егер сен сиқыршы болсаң 
құстарға не істер едің? деген сұраққа 
жауап беру тапсырылады.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде аулада қандай құстарды 
көресіңдер?
-Ал қандай құстар жылы жаққа ұшып 
кетті?
-Ал,бүгін көркем әдебиет оқу іс-
әрекетінде мен сендерге жылы жаққа 
ұшпай қалған қарлығаш туралы әңгіме 
оқып беремін,Әңгіме «Қайтпай қалған 
қарлығаш» деп аталады.Әңгімені оқып 
беру.
Түсіндіру.
Слайдтан бірнеше әңгіме мазмұнына сай 
суреттер көрсетіледі.
-Әңгіме мазмұнын бекіту мақсатында 
топтарға тапсырмалар беріледі. 
І- топ тапсырмасы. Әңгіме мазмұны 
бойынша сөйлемдерді аяақтайды.
-Асан ертемен тұрып,....
Қорадан өзі асыраған....
Ол қарлығашты аяғына кигізілген..
Қарлығаш қанатынан.......
Асан оны........
Көктемде қарлығашты.......
Қарлығаш қораға..
Жазда қораға.....
Күзде құстар ұшып кеткенде,....
ІІ- топ тапсырмасы.Қарлығаш сөзіне 
сөйлем құрап айту.
ІІІ-топ тапсырмасы.
Қима сурет бөліктерінен қарлығаш 
суретін құрастыру.
-Сергіту сәті.
Қане,қанат жазайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болыпқонайық.
Сауысқан болып секіріп,
Тоқылдақ боп шоқиық.
ІІ. Айналым тапсырмалары.
1.Жұмбақ шешу.
-Бұлдыр-бұлдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салады жабыққа.
-Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып.
-Қонып алып жарға
қарқылдайды......
-Дуадақ құс шөлде
Аққу-қаздар....
2.Қарлығаш туралы тақпақтар айту.
3. Қарлығаштың басқа дара  құстарынан 
Балалар кезекпен:
«Егер мен сиқыршы болсам,құстармен 
сөйлесер едім», «Құс болып ұшар едім», б 
жауаптары.
-Қыс.
Қарға,сауысқан
Кептер,торғай,
қарлығаш,тырна,қаз,
үйрек.
Тыңдайды.
Мазмұнын түсінеді.
Қарлығашты және оған қамқорлық жасаған 
баланы көріп қуанады.
(қораға кірді)
(қарлығашты көрді)
(сақинадан таныды)
(жараланған екен)
(үйге әкелді,күтті,
ұшырып жіберді)
(ұя салды)
(мекендейді)
(қарлығаш ұясына оралды)
Балалар құстардың қимыл-қозғалыстарын 
жасайды.
(қарлығаш)
(тырна)
(қарға)
(көлде)
Әсем.
Қарлығаштар қаптап жүр.
Өз еңбегін ақтап жүр.
Ұяларын бұздырмай.
Тыныштығын сақтап жүр.
Мирас.
Адамзаттың жақыны,
Қарлығаш та ақылды.
Көгершінмен екеуі,
Жайлайды бір шатырды.
Дана.
Күн аязды,боранды,
Жер ақ қарға оранды.
Жылы жақтан келген құс,
Жылы жаққа оралды.
 Балалардың жауаптары.
30

Рефлексивті 
коррекциялауш
ы.
айырмашылығы неде?
«Ұшты-ұшты» ойыны.
Ұшты-ұшты,қарлығаш ұшты!
Ұшты-ұшты,қарындаш ұшты.
Ұшты-ұшты қарға ұшты!
Ұшты-ұшты арба ұшты.
Қорытынды.
Әңгіме кейіпкері Асан қандай  бала? 
Оның іс-әрекетін қалай айтуға болады? 
сұрақтарына берілген жауаптарды 
толықтыру.
Құстар –адамға дос.Оларға қамқорлық 
көрсету керек.Қарлығаш  ұясын үй 
маңына салады.Олар адамдардан 
қамқорлық күтеді.
Құстың ұясын бұзуға,жұмыртқасын 
ұстауға болмайды.
Оқу іс-әрекеті барысында ғы балалар 
белсенділіктерін атап,мадақтау. 
Балалар құстарды атағанда қолдарын 
көтереді.
Балалардың жауаптары.
 Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Құстар –адамға дос.Оларға қамқорлық көрсету керек.
Меңгеру керек: Әңгімені мазмұндап айтуы, толық жауап беруі, тапсырманы орындай алуы керек.
Үйренуі керек: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, белсенді әрекет етуге үйренуі керек.  
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:  ЖЕЛДІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Оңтүстік  Қазақстан облысы. Шымкент қаласы
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы
География  пәнінің  мұғалімі    Кененбаева Жанар 
Сабақтың тақырыбы:  Желдің негізгі себептері және түрлері
Сабақтың   мақсаты    а)   білімділік    Оқушыларға   желдің   пайда   болу   себептерімен   маңыздылығын,   желдің 
түрлері   және   желдің   жылдамдығы   мен   бағытын   анықтайтын   құралдар     туралы   түсіндіріп,   мәнін   ашып, 
білімдерін толықтыру.
ә) дамытушылық Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, есте сақтау  қабілеттерін арттыру.
б) тәрбиелік Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, аялауға,  ластамауға  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі                  аралас сабақ
Сабақтың әдісі                 сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық, ой қозғау, ой қорыту 
Сабақтың типі                 жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың формасы        сыныптағы сабақ
Сабақтың көрнекілігі    оқулық, карта, кесте, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс    биология
Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі  Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Сабаққа назарын аудару.
Оқушылардың білімін байқау 
Жаңа сабақты түсіндіру. Жаңа сабақты бекіту. Жаңа сабақты қортындылау
Бағалау. Үйге тапсырма
Оқушылардың білімін байқау «Кім жылдам» (сұрақ-жауап арқылы сұрау)
1.
Атмосфера дегеніміз не?
2.
Атмосфера қабатарын атаңдар?
3.
Атмосфера құрамын атаңдар?
4.
Атмосфералық қысым дегеніміз не?
5.
Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?
6.
Жер бетінен әр 100 метр биіктеген сайын температура қанша градусқа төмендейді?
7.
Бір тәулік ішіндегі ең жоғары және төменгі температура арасындағы айырмашылықты не деп атайды?
8.
Жылдық ауытқу дегеніміз не?
9.
Ауа температурасын тәулік ішінде неше рет өлшейді?
10.
Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді?
11.
Қалыпты атмосфералық қысым деп нені айтады?
12.
Изобаралар дегеніміз не?
Дұрыс жауабы:
1.
Жердің сыртқы ауа қабаты
2.
Тропосфера, стратосфера, мезофера,  термосфера, экзосфера
31

3.
Азат, оттегі, инертті газдар
4.
Ауаның жер беті мен ондағы заттарға түсіретін салмақ
5.
Барометр
6.
0,6 
0
с-қа
7.
Тәуліктік ауытқу
8.
Бір жыл ішіндегі ең жылы ай мен ең суық айдың арасындағы айырмашық
9.
4 рет
10.
 Термометр 
11.
 Сынап бағанасының  760 мм биіктігіне тең қысым 
12.
Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар
Жаңа сабақ. Жоспар
1.
Жел дегеніміз не?
2.
Желдің пайда болу себептері
3.
Жел бағыты мен жылдамдығын анықтау
4.
Желдің түрлері
5.
Желдің пайдасы мен зияны.
   Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды.
Желдің түрлері: тымық,баяу жел, жеңіл жел, желқом, қоңыр жел, самал жел, қатты жел, күшті жел, өте күшті 
жел, дауыл, қатты дауыл.
   Желдің жылдамдығы   (м/сек) өлшенеді, ал желдің күшін балл   арқылы анықтайды. Жел көкжиектің қай 
тұсынан соқса, сол бағыттың атымен аталады. Жел шығыстан соқса-шығыс желі деп аталады т.б. Қазақстан 
аумағында да күшті тұратын желдер бар. Олар Арыстанды-Қарабас желі, Ебі желі, Сайқан желі, Шілік желі, 
Атырау желі т.б.
Желдің   жылдамдығы   мен   бағытын   ауа   райын   бағыттайтын   стансаларда   желбағар   (флюгер)   деп   аталатын 
құралмен анықтайды. Жер бетіндегі желдің орташа жылдамдығы 5-10 м/сек. Желбағар жер бетінен 10-12 м 
темір сырық басына орнатылады. Жер шарының кей аймақтарында тұрақты соғатын желдер кездеседі. Олар 
жергілікті желдер деп аталады. Олардың негізгілеріне бриздер мен муссондар.
     Бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін теңіздердің, көлдердің ірі өзендердің жағалауында соғатын желдер-
бриздер деп аталады. (Бриз – француз сөзі
 «жеңіл жел»  деген мағына береді. Құрлық пен мұхиттар арасында бағытын 2 рет өзгертетін желді муссондар 
деп атайды. (муссон арабша «маусым» деген мағына береді. 
    Адам желдің күшін өте ерте заманнан бері пайдаланып келеді. Жел айдаған желкенді кенелердің арқасында 
бүкіл   жер   шарындағы   құрлықтар   мен   мұхиттар   ашылды.   Қазіргі   кезде   жел   қозғағыштар   жер   астынан   су 
тартады, электр қуатын өндіреді. Жел – сарқылмайтын қуат көзі.
   Желдің зиянды әрекеті бар. Жер шарының түрлі аймақтарында жыл сайын көптеген сұрапыл апатты дауылдар 
өтіп жатады. Олар үйлерді қиратады, электр желілерін үзеді, жол қатынасын тоқтатады, су тасқынан тудырады.
Мағынасын тану
І топ 
1.
Жел дегеніміз не?
2.
Желдің пайда болу себебі?
ІІ топ
-
Желбағар деген не?
-
Желбағарды сипаттаңдар?
ІІІ топ 
10.
Бриз дегеніміз не?
11.
Муссон дегеніміз не?
Дұрыс жауабы
І топ
6.
Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы
7.
Жер бетінің әркелкі жылынуы. Атмосфералық қысымның әртүрлілігі.
ІІ топ
1.
Желдің бағыты мен жылдамдығын бағыттайтын құрал
2.
Желбағар жер бетінен 10-12 м темір сырық басына орнатылады. Желдің бағытын жағалай бағдарша 
көрсетеді.
ІІІ топ
5.
Бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін желдер
6.
Жылына бағытын 2 рет өзгертетін жел.
Дәптермен жұмыс. Бриздер мен муссондар айырмашылығын венн диаграммасы арқылы көрсету.
          Айырмашылығы                        Ұқсастығы                              Айырмашылығы
               Бриздер                                                                               Муссондар
Ой толғаныс. Жел мен өсімдік арасында байланыс болуы мүмкін бе?
32

Бекіту сұрақтары
3.
Жел дегеніміз не?
4.
Желдің жылдамдығы мен бағытын қалай анықтайды?
5.
Бриз қандай жел?
6.
Өздерің тұрған жерде қандай желдер соғады?
7.
Желдің пайдасы мен зиянына мысал келтіріңдер?
Ой қорыту Географиялық диктант
1.
Бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін желдер  ...  (бриз)
2.
Ауаның горизонталь бағытта қозғалуы  ... деп аталады  (жел)
3.
Желдің жылдамдығы мен бағытын ... құралмен анықтайды  (желбағар)
4.
Жылына бағытын 2 рет өзгертетін жел ...  (муссон)
5.
Жер бетіндегі желдің орташа жылдамдығы ...  (5-10 м/сек)
6.
Бриз сөзі ...  деген мағына береді  (жеңіл жел)
Бағалау. Үйге тапсырма. Желдің пайдасы мен зияны туралы қосымша ізденіс жүргізу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет