Пайдаланған әдебиет : Мұғалімге арналған нұсқаулық 14бет, 40 бет 50 бет 51 бет 58бет
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: « КІМ БОЛАМ?»
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласы
№89 «Шамшырақ» бөбекжай- балабақшасы
Смаилова Лазат Оразбекова
Білім саласы: қатынас, таным, әлеумет Білім бөлімі: тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: « Кім болам?»
Мақсаты: балаларға еңбек етудің қажеттілігі, еткен еңбегінің жемісін көретіндігі, болашақта қандай маман
болатындығына бағдар беру, мамандықтарға деген
қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, кітаптар.
Барысы: Саламатсыңдар ма, құрметті балалар!
Тәрбиеші: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетіміз «Кім болам?»деп
аталады.
Өскенде кім боламын? Балалардың жауаптары тыңдалады.
Өмір таны, өнер қу,
Өнер табу - ол да оқу.
Талаптансаң тартынба,
Өз күшіңде жол табу.
Балалар сендер балабақшада күнде қандай мамандық иелерімен
кездесесіңдер? (тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, аспаз.)
Анаңмен бірге дүкенге бардың. Кімді көрдің? (сатушы)
Іш ауырса, тіс ауырса,
Анам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала
Оны жақсы көреді. Мен кім туралы өлең оқыдым?(дәрігер)
40
Ал балалар мамандық туралы тақпақтар айтсақ.
Арай: Киім тіккіш жаман ба?
Шипагер, емші маман да,
Бәрі керек адамға.
Саят: Астықсыз өмір болған ба?
Астық егіп өсірген
Тракторшы жаман ба?
Майя: Кең далада көсілген,
Мыңғыртып мал өсірген
Шопан ата жаман ба?
Асылан: Өрнектейтін өмірді,
Өнердің бәрі көңілді!
Қолы алтын шебердің,
Бәрі жақсы өнердің.
Тәрбиеші: Адам баласы белгілі бір іске қабілетті,
дарынды болады.
Өздеріңнің сүйікті істерің бар ма?
«Менің сүйікті ісім» балалар жауаптары тыңдалады.
Аруна: Еңбек етсең, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
Абылай: Адамдық - борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз
Болады ақыл тұл.
Балалар мен мақал айтамын, сендер жалғастырыңдар.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың.................. тәтті.
Еріншектің.................... бітпес.
Ердің атын...................... шығарады.
Еңбек етсең.......................................
Қорытынды.
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: «СИҚЫРЛЫ САНДАР»
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласы
№89 «Шамшырақ» бөбекжай- балабақшасы
Тұрсынбаева Түймегүл Қарлыбаевна
Білім саласы: қатынас, таным, әлеумет.
Білім бөлімі: математика, тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Сиқырлы сандар»
Мақсаты: Сандарды білуге, кері санай алуға, заттың санын білуге, математикалық тапсырмаларды дербес шеше
білуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға дағдыландыру.
Көрнекілігі: слайдтар, кеспе сандар, суреттер
Барысы: Балалар бүгін біз « Математика патшалығына саяхат
жасайық. Қане, дайынбыз ба?
1 - кезең. « Санды тап» ойыны
Слайд 1 көрсетіледі.(балалар сандарды атайды.)
Қолдарындағы кеспе сандарды көрсетеді. Балалар осы сандар туралы санамақ білеміз бе? Кім айтады?
1 - дегенім – бесік,
Шықтым содан өсіп,
2 - дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім,
3 - дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4 - дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
5 - дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.
6 - деген – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7 - деген - жалау,
Жүректегі алау.
8 - деген - сөзің,
Серт беретін кезің.
9 - деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
10 - дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам!
Суретпен жұмыс.(заттардың санын санау ) Ал енді кері санайық. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
2 - кезең. «Кім жылдам?» ойыны Слайд 2 көрсетіледі (балалар артық затты табады.)
Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.
Алты қырлы, Алтын сырлы. (қарындаш )
Екі ағайынды, Екеуі де бір үйде. Бірін - бірі көрмейді. (көз)
3 - кезең. «Ойлан тап. Слайд 5. ( сандарды қосып, теңдіктің шешуін дәлелдеу.)
4 - кезең. Адасқан сандарды тауып, сұрақтарға жауап беру.
1. Көп саннан азға қарай сана
2. Қайталанған санды тап 3. 7 - ден үлкен санды тап 4. 7 - ден кіші санды ата
5. 3 - тен кіші санды тап.5 - кезең. Тиісті таңбаны қой, есепті шығар.
Жауабын тексер. Міне, балалар өз білімімізді тексердік. Жарайсыңдар!
* * * * *
41
ТАҚЫРЫБЫ: ӨТІРІК ӨЛЕҢ
Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті
Жәйрем №10 жалпы білім беретін орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Айжан Токтагуловна
Пәні: Әдебиеттік оқу Сабақ: 23 – 3 Сыныбы: 2 «Г» Мерзімі: 10.10.2013
Тақырыбы: Өтірік өлең
Мақсаты: Өтірік өлеңнің мазмұнын түсіну, шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының ой- қиялын дамыту.
Міндеттер: Өтірік сөзінің адам өміріне пайдалы және зиянды жақтарын түсіну,бар ақпаратты пайдаланып
жұмыс істеуге, шапшаңдыққа, бір – бірлерін тыңдауға ,критерийлерді пайдалана отырып, дұрыс бағалау.
Ресурс: 2-сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу оқулығы ,интербелсенді тақта, тапсырма жазылған таратпа қағаз,
түрлі-түсті стикерлер, маркерлер, көңіл-күйді білдіретін стикер.
Модуль:Білім беруде АКТ-ны пайдалану, « Білім берудегі басқару және көшбасшылық», «Оқыту үшін бағалау
және оқуды бағалау», « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Талантты және дарынды балаларды оқыту».
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар: «Миға шабуыл» стратегиясы, «Болжау»
стратегиясы, «Қызығушылықты ояту», «Ойлан, Бірік, Бөліс» стратегиясы , «Венн» диограммасы, «5 жолды
өлең», Сергіту сәті, Рефлексия «+, -, ?» , Формативті бағалау, өзін – өзі бағалау, топ басшысының бағалауы
Уақыты
Сабақ кезеңдері
Жоспар
мазмұны
Мұғалім іс –
әрекеті
Оқушы іс – әректі
Бағалау
Ресурстар
Кіріспе
3 минут
Психологи
ялық ахуал
Оқушыларды
ң топқа
бөлінуі
Оқушылар топқа карта
түстерімен бөліну
13.
топ Түйе
(жүрек)
14.
топ Қарға
15.
топ
Шыбын (крест)
16.
топ Қиық
(Буби)
Өте жақсы!
Карталар
Тұсаукесер
бөлімі
8 минут
Өткен
сабаққа
шолу
«Асыл сөз
қайда?»
«Қызығуш
ылықты
ояту»
1 – 2 топ
Еңбекке
байланысты
ма-қал-
мәтел айту .
3 – топ
Әңгімені
оқып қандай
ой түйгенін
айту.
4 – топ рөлге
бөліп оқу.
1 – 2 топ: -Еңбек бәрін
де жеңбек.
-Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны
тәтті.
3 – топ: Осы әңгімеден
еңбек ету керектігін
және кейбір
өсімдіктерді қысқа
жауып дайындайтынын
білдім. Сөздің асылын
көретін көз, еститін
құлақ болу керек
екенін түсіндім.
4 –топ: Әек мен бала
болып диалогті
рөлдерге бөліп оқу.
Дәптер,
Әдебиеттік
оқулық,
смайлик
2 минут
Сергіту
сәті
Екі қол
Оқушылар көріп
тұрған қимыл
қозғалыстарын
қайталайды.
Жарайсыңдар!
Итантербел-
сенді тақта
Негізгі бөлім
13 минут
«Миға
шабуыл»
стратегияс
ы
«Болжау»
стратегияс
ы
Мұғалімнің
сұрағы:
Ашық сұрақ.
-Өтірік
айтып көрдің
бе?
Слайдпен
жұмыс
Суреттегі
кісі кім?
Оқушының жауабы:
Оқушы пікірін тыңдау
Алдар көсе.
Тазша бала.
«Өтірік өлең»
Интербелсе
нді тақта
42
Бүгінгі
өтетін
тақырыбымы
зды кім
айтады?
5 минут
Оқулықпен
жұмыс
Сөздікпен
жұмыс
«Өтірік
өлең» өлеңін
ызыңдап оқу.
Сендерге
осы өлеңде
қиын сөз
кездесті ме?
Ол қандай
сөз?
Оқушылардың өлеңді
қатесіз оқуы.
Сырық – ұзын таяқ.
Дәптерлеріне жазу
Әдебиеттік
оқу
оқулығы,
дәптер
5 минут
Білімді
бекіту
«Ойлан,
Бірік,
Бөліс»
стратегияс
ы,
«Венн»
диограмма
сы,
5 жолды
өлең
1 – топқа
Өлеңдегі
жоғалған
сөздерді
табу.
2 – топқа
өтірік сөзінің
жағымды,
жағымсыз
жақтарын
жазыңдар.Ве
нн
диограммасы
3-4 топқа 5
жолды өлең
құрастырыңд
ар.
1-топ:
Арқан естім ..... ,
Қайық ойдым ..... .
Шегірткенің сирағын
Ескек етіп ..... мен.
2-топ:
Жақсы жаман
3-топ:
Отыр едім сабақта,
Қоян келіп шақырды.
Апарып бау – бақшаға,
Қарнымды аштырды.
4-топ:
Құмырсқа кір
болыпты,
Суға барып түсіпті.
Жағаға шығып
Құмға қыздырыныпты.
Жасыл, сары,
қызыл түспен
Әдебиеттік
оқу
оқулығы,
Флипчарт,
маркер,
Венн
диаграммас
ы
Рефлексия
4 минут
«+, -,
сабақтың
қай кезеңі
қызықты
болды?»
Әр оқушыға
стикер
таратып беру
Ұнаған кезеңге +
Ұнамаған кезеңге –
Қай кезең қызықты
болды жазу?
Стикер
2 минут
Үйге
тапсырма
Өтірік өлеңді
жаттау.
Өтірік өлең
жазу
Күнделікке жазып алу
Күнделік
Бағалау
3 минут
Формативт
і бағалау,
өз – өзін
бағалау,
топ
басшының
бағалауы
Бас
бармақпен
бағалату
«5» бас бармақ жоғары
«4» бас бармақ ортаға
«3» бас бармқ төмен
Топбасшының
бағалауы
Ауызша бағалау,
пікірлерін тыңдау
43
«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ БАС КИІМІ»
«Зерде» ғылыми жоба байқауы
Бағыты: Этномәдениеттану
Орындаушы: Карифуллаев Байтұрсын 4 в сынып оқушысы № 201 орта мектеп
Жұмыстың жетекшісі: Шарипкулова Базаркул, бастауыш сынып мұғалімі, № 201 орта мектеп
Жұмыстың орындалған уақыты: 2014 жыл, ақпан
Бұл ғылыми жұмыс жазуды 4 – сынып оқушысы Карифуллаев Байтұрсын бастады. Байтұрсын салмақты,
сабырлы, мектепте жақсы оқитын оқушылардың бірі. Байтұрсынның бұл жобаны жазу барысында
қызығушылық танытып, қазақ халқының бас киімдерін жазуды таңдады. Таңдау себебі, Байтұрсынға ұлттық
бас киімдер қатты ұнайтын болды. Қызығушылықпен қазақ халқының бас киімдерін жазып шықты. Жазу
барысында жан – жақты дайындық үстінде болды. Байтұрсынның бұл жұмысты жазу барысында көптеген
ізденістер жасап аудандық, мектепішілік кітапханаларға барып бірнеше мәліметтер әкеліп, одан түйінді ой
жинай білді. Байтұрсынның жұмысын мен мұғалімі ретінде өте жақсы деп бағалаймын.
АННОТАЦИЯ
Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы қазақ халқының ұлттық бас киімдерін негізге ала отырып жазған.
Жазу барысында жалпы толық қамтылған. Онда ұлттық бас киімнің шығу тарихынан мәлімет бере отырып,
ерлер мен әйелдердің, жас келіншектер мен қыздардың бас киімдерін негізге алған. Сонымен қатар тымаққа
қатысты әдет – ғұрыптар қамтылып, қазақ халқының көшпелі тұрмыс тіршілігі сөз етіледі.
Бас киімге қатысты қауырсын тағу, ырымдар мен тыйымдар кеңінен қамтылды. Оқушы бұл жобаны жазу
барысында кеңінен дайындалғанын байқатты.
КІРІСПЕ
Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты. Бізге
көшпенділер бірнеше мыңдаған жылдар бойы сақталған салт – дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып
өркениетін мұраға қалдырып кетті. Осы ата – бабаларымыздың өткен тарихы, олар жасап кеткен дүниелер күні
бүгінге дейін маңызын жоймай, мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отыр. Қазақ халқының киімі
басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін
ғұмыр кешуімен байланысты. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау
алды.
Жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық бас киімін танытып, жаңғырту. Ата – бабаларымыздың өткен тарихын,
олар жасап кеткен дүниелерді бүгінгі жас ұрпаққа мұра ету. Бас киімдерге байланысты ырымдарды таныту,
тәрбиелік мәнін ұғындыру.
3.
Ақпараттарды жинау және өңдеу;
4.
Көрнекіліктер пайдалану.
Бас киімнің негізгі түрлері
Қазақта бас киімді ерлер де, әйелдер де киеді. Ерлер мен әйелдердің бас киімдері әртүрлілігімен
ерекшеленеді. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген Захарова мен
Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін төмендегідей 6 түрлерге бөледі:
· Дөңгелек, жеңіл, өзінсырып, кестелген матадан тіккен және қалпақ,
тымақ астынан киетін кішігірім бас киім тақия;
· Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім- төбетей;
· Киізден тігілген бас киім – қалпақ;
· Қалың матадан тігілген башылық «Күлпәра»;
· Тері қапталған жылы бас киім – бөрік;
· Аң терісінен жасалып суықта киілетін бас киім – тымақ.
Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі тақияныңда түрлері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ
төбе, тікше, қатипа. т.б. түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар оңтүстікте
кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама
тақия кіші жүзге тән. Сондай-ақ, қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия,
тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған.
Еркектің баскиімі сан жағынан онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ, (жекей, құлақты, жаба салма, қайырма,
төрт, сегіз сайлы, дөңгелек төбелі, шошақ төбе) құлақшын,жалғабай (делбегей, басшылық, далбай, күлпара),
көпеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), жепелер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе,
тікше, қатипа және т.б.), қырпу (ішті бөрік).
Тақия кішігірім сәтен, шұға барқыт сияқты маталардан әр түрлі тәсілмен (сыру, кестелеу) тігілген бас киім.
Оны қалыңдау, жұмсақ маталардан астар тігіп, астарына жүн немесе мақта салып жасайтын түрлері де болған.
Ерлерге арналған тақияның кестесі де болады. Тақияның 4 сай немесе дөңгелек тебел етіп тігеді. Тақияны,
44
еркектер үлкен баскиімнің астына міндетті түрде бас киім ретінде ұстанған.
Тақияныңда түрлері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа т.б. түрге бөлінеді. Етегі
аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар оңтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде
көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән. Сондай – ақ, қазақ
жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия
тәрізді тақия түрлері кең тараған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында тігілген тақиялардың төменгі жағы (етегі жиегі)
кеңейіп келген 5-7 см, төбелері 4 бұрышты сайдан тұрған. Сайлардың пошымына сәйкес төбесі үшкір, конус
тәрізді де болған. Төбелері доғал, жатыңқы тақияларда қолданылған. Қатты болу үшін етегі мен төбелерінің
тігісін жиілетіп жүргізген. Сәнді тақияларды кестелеп тіккен, шеттері мен тігістерін кантраст мақта
қиындылары мен әдептеуде қолданылған. Жібек пен алтын немесе күміс зергерлермен кестеленген барқыт
тақияларды көбінесе жігіттер киген. Ерлерге арналған тақияның кестесі де, кестелісі де, кестесізі де болады.
Тақияның орта жастағы, қарияларға арналған түрлері онша кестелеп әшекеленбейді. Тақиялар көбіне «Таңдай»,
«Ирек», «Қабырға» тігістерімен сырылады. Қазақстанда бұрындары құлынның терісі мен тулағынан жасалған
төбетейге түрі жақын келетін бас киімдер болған. Ерлер тақияның төбесіне шошақ ақ қиіз қалпақ, немесе әр
түрлі аң терілерінің жиектелген бөріктердің ішінен киеді. Тақияны Маңғыстау өңірінде «телпек», шығыс
өңірінің қазақтары «кепеш» деп атайды. Тақияның кейбір түрлерінен көршілерден ауысқан өзгерістерді
байқауға болады. Шынжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руына «Қызай тақия» деп аталатын
тақия түрі де жиі ұшырасады. Оның керегесі көлбеу, төбесі тегіс, жалпақ дөңгелендіре салынады. Балаларға
арнап тігілген мұндай тақиялар барқыт, мақпал асыл кездемелерден тігіліп, астарының арасына жұқа киіз
немесе қатырма салып сырады. Төбесінің дәл ортасынан және қабырғасының төрт жағынан айналдыра жұп
өрнекті қошқар мүйіз, құс қанат формалары ою бастырып, жер жіппен кестелейді. Етегінің жиегіне зермен
біргелкі тіс ирек түсіреді.
Қалпақ – киізден немесе қалың матадан тігілген, биік төбелі ерлер бас киімі. Оны күз бен көктемде, салқын
таулы өңірлерде жаз айларында таңертеңгі және кешкі мезгілдерде киеді. Төбесі шошақ биіктеу, етегі кең келген
бұл бас киім күннің сәулесін, су өткізбейді, желге қақтырмайды, жауын шашында пана, сәнді де сәулетті киім.
Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді. Қойдың ақ жүнінен, ақ қозының күзен жүнінен, төбесіне ешкінің
ақ түбітін қосып басқан шымыр ақ жұқа киізден тігеді. Ол негізі екі бөліктен құралады. Олардың қалпақтың
төбесіне және кейде (қайырмасы) деп аталады.
Тымақ – биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның,
малдың терісінен тігілген қысқы бас киім. Суықтан, бораннан, қорғайтындай мол пішінді. Сыртын берік және
қымбат маталармен тыстайды. Оның іші тері, сырты шағи, пүліш, барқыт, дүрия, т.б. матамен тысталады.
Тымақтың құлағы мен етегінің төбемен жалғасқан жері милық деп атайды. Екі құлақтың сырт жағынан бастыра
матадан жалпақ екі бау тағылады. Етегі төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе
арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды. Оны құрысқақ дейді.
В.Л. Плотниковтың 1859-1862 жылдардағы жазған қазақ киімдерінің ішінде бөрік пен тымақтың 15 түрлі үлгісі
мен атаулары бар. Олар: жаба салма, қайырма, төртсай, дөңгелек төбе, шошақ төбе, жекей тымақ. Кейбір
түрлері қазір де ел арасында кездесіп қалады.
Жаба салма тымақ – негізінен түлкі терісінен сенсеңнен тігіледі, құлағы мол, милығы кең, төбесі аласа
болады.
Қайырма тымақ – түлкі немесе қозы терісінен тігіледі, оны мандай төбесіне қарай үлкен қайырмалы келіп,
жұрындары жалпақ болады. 4-8 сай тымақтар – төбелері төрт, сегіз бөліктерден немесе киіздерден құралады.,
Дөңгелек төбел тымақ – төбесі иықсыз, милықты, жатаған келеді.
Шошақ төбе тымақ – төбесі иықсыз, үшкірлене биік етіп сырылады. Түлкі терісі, пұшпағы және қозының
елтірісінен тігілген үш құлақ тымақтардың маңдай екі құлағы, артқы құлағы, төрт төбеден құралады. Оны қай
жастың адамы да кие беруге болады. Жібек түрлерімен тысталады, тысы иесінің жас ерекшелігіне сай таңдалып
алынады. Үш құлақ тымақты алдын ала дайындалған бөлек үлгі бойынша бөлекше әдемі сәнін келтіріп тігеді.
Жекей тымақ –жазбен күзде киетін, әрі сәнді жеңіл етіп тігілетін елтірі тымақтың түрі. «Жекей» сәнді деген
мағынаны білдіреді. Оның сыртын дүрия, шағи сияқты бағалы маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін
көтере түсіріп, кейде алдыңғы біржақ құлағын шекеге түсіріп киеді.
Бөрік – ерлер мен қыздар киетін бас киім. Бұрын жігіттер мен ересек адамдар бас киімсіз жүрмеген, көбіне
бөрік киген.
Басына жарасымды кәмшат бөрік,- деген халық жырларына арқау болған бөрік туралы деректерден
байқайтынымыз оның бөрікті ерлерге де, қыздар да кигені мен қазақта «Бөріктің намысы бір» деуден оның
көбіне ерлерге тән бас киім екендігін көрсетеді.
Әйелдердің бас киімдері:
Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, тағы да басқа түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден
өңді маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді.
«Таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс, зер жіптермен кестеленіп, моншақ асыл
тастармен безендіріледі. Түрлі- түсті моншақ- маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен
безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Үкілі қадалған тақия
қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі болған. Қыздардың киетін тақиялары жібек, зер жіптермен
45
тігіліп, Маңғыстауда «телпек», Шығыс Қазақстанда «кепеш» деп аталады.
Сәукеле – қазақ әйелдерінің дәстүрлі киімдері аса бай, керемет сәнді бас киімдер ішіндегі ең әшекейлі, әрі
күрделі, ұзатылған қыз киетін аса қымбатбағалы ғұрыптық бас киім. Сәукелені Орта Азия мен Қазақстанды
мекендеген үшкір тымақты сақтар- тиграхаудтардың бас киіміне ұқсатады. Сәукеленің биіктігі шамамен бір
жарым, екі қарыстай болады. Сәукеленің негізін жұқа ақ киізден сырып тігеді де, сыртын қызыл шұғамен
тыстап, қымбат бағалы аң терісімен әдептейді: алтын, күміс әшекейлер, моншақтар тағады; жоғары қарай
жіңішке-ре түскен төбесіне үкі тірсекке түсетін асыл тасты, оқалы лента тігіп, бергегіне бетті көлегелейтін
желек бекітеді.
Сәукеленің негізгі бөліктері – тәж, төбе, құлақ бау және артқы бау. Сәукеленің төбесі қиықтанып келеді.
Оның төбесінде тәж деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Сәукеленің екі самайдан түсіп тұратын
інжу, маржаннан жасалған шашақталған төгілме моншақ, салпыншақ шекелік немесе жақтама аталады. Ол
барған жерінің ұрпағын көбейтсін, өсіп- өнсін деген игі тілекпен жасалады. Екі жақ самай тұсына бетке жеткізе
шолпы тәріздендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды сәукеленің бетмоншағы деп атайды.
(«Бетмоншағы түсіп (үзіліп) тұр» дегендегі бетмоншақ). Сәукеле бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін
тамақтан өткізетін бау тағылады. Сәукеленің арнайы күмістен жасалған төбелдірігі, маңдайшасы, екі жағында
тізілген маржанның салпыншақ пен жақтауы және белге дейін түсіп тұратын артқы құлағы болады. Сәукеленің
төбесіне жібектен желек салынып, оған үкі (қарқара) қадалады. Ту сыртынан жерге жететіндей ақ желең немесе
жібек жаулығы тағылады.
Кимешек – қастерлі, ел арасынан үзілмей келе жатқан әйел адамның бас киімі. Кимешек ақ бұлдан тігіліп,
жиегін астарлайды. Кимешектің иекті айнала маңдайды жауып тұратын екі жағын «шықшыт» дейді. Кимешекті
жас ерекшелігіне сәйкес әшекелейді. Елде әйелдердің кимешегінің әшекейі аздау, ою- кестесі жеңіл болады,
сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердікі қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің алдын «жақ» деп
айтады. Оны қол кестесімен кестелейді. Кимешек- шылауышты жас келіншектер, орта жастағы әйелдер,
кемпірлер тартып киеді. «Кимешек кию, шылауыш тарту» деген сөздер арқылы бұл бас киім айқындалады.
Кимешекті басқа сәйкестендіріп пішіп тігеді. Кимешектің адамның арқасына түсер жері ұзыншақ келеді. Мұны
«құйрықша» деп атайды. Адамның белінен төмен түсіп, шашты жауып тұратындықтан осылай аталғанға
ұқсайды.
Кимешек кеуде, иық, жонды жауып тұратын тұйық болады. Тек адамның бет- әлпеті шығып тұратын жері
«Ойық» болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Жылтыр жіптермен
бастырылып, сырыла тігіледі. Ойықтың жиегін өңді жіппен «шалып» тігеді. Мұны «алқым шалу» деп атайды.
Алқым шалудан кейінгі «жадағай» тігісті «су» деп атайды. Судан кейін «қиықшалап» тігеді. Қиықшадан кейін
су «жүргізіп», «құман бау» деп аталатын әшекей тігіспен тігеді. Құман баудан соң «Күрең кесте» деп аталатын
ою- өрнек салынып тігіледі. Күрең кестеден кейін «сағат бау» тігісі жүргізіледі. Сағат бау кей жерде «ағақ бау»
деп те аталады. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі
төмен қарай басып, жазып тұрғанға әсері болады. Кимешектің бір мәні әйел адамдардың шашын шаң тозаңнан
сақтап, додырап шықпауына септігін тигізеді. Бұл да діни наным- сенімнен туындап, мұсылман әйелдерінің
шашын жасыруларына көмегі тиеді, Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық, иекше атаулары кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |