Журналистика, гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылымдарының бакалавр деңгейі
Журналистика баклавры деңгейіне оқуға түсу үшін университетке оқуға қабылдау стандарттары мен та-
лаптарына сəйкес орта мектепті аяқтаған жəне өз ана тілінде, сонымен қоса журналист ретінде қолданатын
басқа тілде дұрыс оқуы, жазуы, сөйлеуі міндетті. Университеттік бағдарламаларда журналистік шеберлікті
(екінші бағытты) дамыту журналистиканың жалпы қоғамдық аспектілеріне қатысты (екінші бағыт), басқа
пəндер (үшінші бағыт) бойынша курстар есебінен жəне қазіргі білім деңгейін сипаттайтын əдістер мен
мазмұнды игеру нəтижесінде толықтырылады жəне жетілдіріледі. Журналистік маманданудың негізін
қалыптастыру мақсатында екінші пəн бағдарламалары бойынша бірнеше курстардан өткен студенттерге
қолдау көрсетіп, олардың аспирантураға түсуіне құқық берілуі тиіс. Университеттік журналистік білім
беру курстары үш немесе төрт жылдық болуы мүмкін.
Үшжылдық
Бірінші жыл
Бірінші семестр
Журналистика негіздері келесі тақырыптарды қоса:
Жазу дағдылары (грамматика жəне синтаксис, сондай-ақ баяндау, сипаттау жəне түсіндіру əдістерімен қоса).
Логика, фактілер, ақпарат іздеу (сыни ойлауды қоса).
Ұлттық жəне халықаралық институттар (өз елінің басқару жүйелері, конституциясы, заң жүйесі,
саяси үдерістері, экономикасы, əлеуметтік мəдени ұйымдары жайлы базалық түсініктері жəне өзге елдер-
мен қарым-қатынасы мен демократия архитектурасындағы журналистиканың рөлін қоса алғанда).
Жалпы білім (ұлттық жəне шетелдік тарих, география, заманауи əлеуметтік жəне журналистер
үшін маңызды басқа да мəселелер, соның ішінде гендерлік мəселелер, мəдени, діни, əр түрлі əлеуметтік
топтарға кіруі, қақтығыстар, кедейшілік, дамыту мəселелері, қоғамдық денсаулық сақтау мəселелері жəне
осы мəселелерді жазудағы талдамалы, сыни əдістерді қолдану).
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Екінші семестр
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (1 деңгей): қарапайым жаңалықтар жəне
қызықты мақалалар.
БАҚ саласындағы заңнама.
Оқу орындары бұл курсты оқытудың соңғы кезеңінде өтуді жоспарлауына болады. Алайда курс
студенттер өз материалдарын жариялағанға дейін оқытылуы тиіс.
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Екіншіжыл
Бірінші семестр
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (2 деңгей): тереңдете жазу.
Хабар таратуға арналған ақпараттық жəне басқа да материалдарды дайындау(радио жəне теле-
видение).
Журналистік этика.
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Екінші семестр
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (2 деңгей) (алдыңғы курстың жалғасы).
9
Мультимедиалық/желілік журналистика жəне ақпаратты сандық тарату.
БАҚ жəне қоғам.
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Екінші жəне үшінші жыл аралығында
Оқу практикасы/тағылымдамасы/тəжірибелік жұмыс тəжірибесі
Біз тиімді оқу тəжірибесі төрт аптадан кем болмауы керек деп есептейміз. Тəжірибе мерзімінің ұзақ
болғаны маңызды. Студенттер мүмкіндіктеріне қарай ұлттық жəне халықаралық БАҚ-та өндірістік
тəжірибеден өтуі тиіс. Тəжірибе жұмыстарын практиканың жетекшісі болып тағайындалған БАҚ
қызметкері бағалауы керек.
Үшінші жыл
Бірінші семестр
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (3 деңгей): маманданған журналистика.
Студенттер оқу орындары ұсынған жалпы пəндерден бір пəнге маманданады. 3 деңгей, егер ол дұрыс
ұйымдастырылса, осы пəн бойынша кəсіби шеберліктің мазмұнына құрылған білім береді. Пəндер тұрақты
журналистік тақырыптарға сəйкес келуі тиіс, егер мүмкін болса студент оқып жүрген гуманитарлық/жара-
тылыстану ғылымдары пəндеріне сай болғаны дұрыс.
3 деңгей курсы бойынша пəндер бір семестрге арналған факультативтер ұсынылуы мүмкін.
Газет ісі бойынша практикум: ақпараттық материалдарды дайындау, редакциялау, дизайн жəне
өнім өндіру; фотожурналистика бойынша базалық оқыту.
немесе
Хабар тарату бойынша практикум: радио немесе телевизиялық материалдарды монтаждау, өнім
өндірісі, эфирдегі жұмыс. Студенттердің екі практикумды да өтуін қалаған оқу орындары хабар тарату
бойынша практикумды факультативтердің орнына екінші семестрде өткізуге болады.
Журналистика бойынша факультативтер.
Факультативтерге мысалдарды төменде көресіздер. Курстарсипаттамасы (3 бөлім)
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Екінші семестр
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (3 деңгей): мамандандырылған журналистика
(жалғасы).
Біліктілік жұмысы.
Журналистика бойынша факультативтер.
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Төртжылдық бакалавриат
Бірінші жыл
Бірінші семестр
Журналистика негіздері, келесідей сынақтық оқу тақырыптарымен бірге:
Жазу дағдылары (грамматика жəне синтаксисті қосқанда, сонымен қатар баяндау, сипаттау,
түсіндіру əдістері).
Логика, фактілер, ақпаратты іздеу (сыни ойлауды қоса).
Ұлттық жəне халықаралық институттар (өз елінің басқару жүйесін, конституциясын, заңнамалық
жүйесін, саяси үдерістерін, экономикасын, əлеуметтік мəдени ұйымдары мен оның басқа елдермен қарым
қатынастары туралы базалық түсініктің болуы).
Жалпы білім (ұлт жəне шетел тарихы, географиясы, заманауи əлеуметтік жəне журналистер
үшін маңызды басқа дамəселелер, соның ішінде гендерлік мəселелер, мəдени, діни, əр түрлі əлеуметтік
топтарға кіруі, қақтығыстар, кедейшілік, даму мəселелері, қоғамдық денсаулық сақтау мəселелері жəне
осы мəселелерді жазудағы талдамалы, сыни əдістерді қолдану).
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Екінші семестр
Журналистика негіздері (жалғасы).
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Екінші жыл
Бірінші семестр
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (1 деңгей): қарапайым жаңалықтар жəне
қызықты мақалалар.
10
БАҚ саласындағы заңнама.
Оқу орындары бұл курсты оқытудың соңғы кезеңінде өтуді жоспарлауына болады. Алайда курс
студенттер өз материалдарын жариялағанға дейін оқытылуы тиіс.
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Екінші семестр
Ақпараттық жəне басқа да материалдарды дайындау (I деңгей) (жалғасы).
Журналистік этика.
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Үшінші жыл
Бірінші семестр
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (2 деңгей): тереңдете жазу.
Хабар таратуға арналған ақпараттық жəне басқа да материалдарды дайындау (радио жəне теле-
видение).
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Екінші семестр
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (2 деңгей) (жалғасы).
Мультимедиалық/желілік журналистика жəне ақпаратты сандық тарату.
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Үшінші жəне төртінші жыл аралығында
Оқу практикасы/тағылымдамасы/тəжірибелік жұмыс тəжірибесі
Біз тиімді оқу тəжірибесі төрт аптадан кем болмауы керек деп есептейміз. Тəжірибе мерзімінің ұзақ бо-
луы маңызды. Студенттер мүмкіндіктеріне қарай ұлттық жəне халықаралық БАҚ-та өндірістік тəжірибеден
өтуі тиіс. Тəжірибе жұмыстарын практиканың жетекшісі болып тағайындалған БАҚ қызметкері бағалауы
керек.
Төртінші жыл
Бірінші семестр
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (3деңгей): маманданған журналистика.
Студенттер оқу орындары ұсынған жалпы пəндерден бір пəнге маманданады. 3 деңгей, егер
ол дұрыс ұйымдастырылса, осы пəн бойынша кəсіби шеберліктің мазмұнына құрылған білім береді.
Пəндер тұрақты журналистік тақырыптарға сəйкес келуі тиіс, егер мүмкін болса студент оқып жүрген
гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары пəндеріне сай болғаны абзал.
БАҚ жəне қоғам.
Журналистика бойынша факультативтер.
Факультативтерге мысалдарды төменде көресіздер. Курстар сипаттамасы (3 бөлім)
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Екінші семестр
Ақпараттық жəне басқа да материалдарды дайындау (3 деңгей): маманданған журналистика
(жалғасы).
Газет ісі бойынша практикум: ақпараттық материалдарды дайындау, редакциялау, дизайн жəне
өнім өндіру; фотожурналистика бойынша базалық оқыту.
немесе
Хабар тарату бойынша практикум: радио немесе телевизиялық материалдарды редакциялау, өнім
өндірісі, эфирдегі жұмыс. Студенттердің екі практикумды да өтуін қалаған оқу орындары хабар тарату
бойынша практикумды факультативтердің орнына екінші семестрде өткізуіне болады.
Журналистика бойынша факультативтер.
Факультативтерге мысалдарды төменде көресіздер. Курстар сипаттамасы (3 бөлім).
Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Ескерту: Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындаудың төртінші деңгейін талдамалы матери-
алдар мен пікір білдіруге арналған кəсіби жұмыстың екі түрі ретінде төртінші курста оқуға ұсынуға бо-
лады. Бұл курсты бағдарламаға міндетті пəн ретінде енгізу үшін кейбір курстарды өту ережесін өзгертуге
тура келеді. 1 деңгей курстарын алғашқы оқу жылына журналистика негіздерін өткеннен кейін сынақ
тапсыруға қоюға болады, 2 деңгейдегі курстар екінші курста, үшінші деңгейдегі курстар үшінші курста
өтуге ұсынылады. Яғни 4 деңгейдегі курстарды төртінші оқу жылында міндетті курс ретінде бір немесе
11
екі семестр өтуге болады. Осы бағдарламада ұсынылғандай ол курстарды факультатив ретінде де оқытуға
болады.
Магистр деңгейі
Бұл құжатта магистратура үшін екі оқу бағдарламасы ұсынылады: бірі – журналистикада тəжірибесі
аз немесе мүлдем жоқ студенттерге арналған, екінші – журналистика бакалавры студенттеріне немесе
мамандық бойынша бес жылдық жұмыс өтілі барларға арналған. Екі магистратуралық бағдарлама басқа
пəнді журналистикамен қатар оқытуды қарастырады. Біз барлық университеттер екі бағдарламаны
бірдей ұсына алмайтынын түсінеміз. Егер олар бағдарламаны журналистиканы оқыған студенттерге
ғана арнап жасаған болса, басқа студенттерге магистратураға түскенге дейін журналистика бойын-
ша арнайы курстан өтуін талап етуіне болады. Біз журналистика магистрі дəрежесін алу үшін бір
жылдық курсты ұсынуды қолдамаймыз. Сондай-ақ, біз журналистика магистрі дəрежесін бұқаралық
коммуникация немесе масс-медиа саласындағы оқу бағдарламасы негізінде беруді ұсынбаймыз, десек
те, кейбір университеттерде журналистиканың академиялық білім беру саласы бойынша докторлық
дəрежені алу үшін бұл қабылданған. Мұндай жағдайларда журналистика бойынша əдебиет жəне
ғылыми зерттеу əдістері бойынша студенттерге арналған міндетті дайындық курстары қажет болады.
Журналистика магистрі дəрежесі студенттерде кəсіби дағдылар мен білім беру стандарттарының жоғары
деңгейін, сондай-ақ, басқа пəндер бойынша маманданған деңгей бойынша білімінің болуын қарастырады.
Фактілерді жинау барысында олар ақпарат жинаудың əдістерін жоғары деңгейде меңгергенін көрсете білуі
керек жəне олардың материалды сапалы, əрі жан-жақты жаза білуі тиіс. Журналистика бойынша курстар-
ды оқу барысында магистранттар қоғамдағы əр түрлі мақсатты топтармен жұмыс қалай жүргізіледі, жур-
налистикада сюжет қалай жасалады деген секілді негізгі кəсіби біліктілік талаптарын жақсы меңгеруі ке-
рек. Магистр дəрежесін алған студент журналистиканың ең күрделі салаларында жұмыс істеуге қабілетті
білімі мен біліктілігі болуы тиіс.
Гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары немесе басқа да пəндерді жақсы тапсырған жəне журна-
листикада тəжірибесі немесе білім жоқ студенттер екі жылдық магистратураның бірінші жылында əр
түрлі БАҚ-та ақпарат дайындау, редакциялау жəне материалдарды жарыққа шығару секілді журналисти-
ка негіздеріне бейімделуі керек. Оларға медиа ұйымдарға баруға, тəжірибелі журналистердің шеберлік
сыныптарына қатысуға, тəлімгерге жүгінуге мүмкіндіктер беру керек. Сонымен қатар, магистратурада
оқитын студенттер журналист ретінде белгілі бір салаға мамандану үшін бакалавриатта таңдаған бейімдік
пəнге қызығушылықтарын жоғалтпауы тиіс.
Журналистика бакалавры дəрежесі бар студенттер жəне басқа сала бойынша диплом алған, бірақ жур-
налистика бойынша бес жылдық жұмыс өтілі бар студенттер бірінші курста өздерінің маманданған са-
ласы бойынша бір гуманитарлық немесе жаратылыстану ғылымдары пəні бойынша (немесе оқытудың
аралас саласы бойынша) білімін жетілдіріп, журналистика саласы бойынша кəсіби жетістікке жетуге
қажетті дағдыларды қалыптастыруы керек. Бұл бағдарламаның мақсаты – белгілі бір салаға маманданған
журналистік жұмысқа дайындау, сонымен қатар, БАҚ менеджментіне қызығушылығы бар студент-
тер үшін де бейімделуі мүмкін. Бағдарламаның аясында студенттердің бакалавриат кезінде немесе
журналистикадағы жұмыс тəжірибесі барысында үйренген материалдарды қайталамайды.
Журналистік білімі немесе кəсіби тəжірибесі жоқ студенттер екінші курста материалды кəсіби дайын-
дау дағдылары мен ақпарат берудің заманауи əдістері жайлы оқуы керек. Екі топтың студенттері де екінші
курста таңдаған сала бойынша пəнді тереңдетіп оқуы жəне тəжірибеден өтуі қажет.
Журналистік білімі жоқ немесе тəжірибесі аз студенттерге арналған магистратура бағдарламасы
Журналистика бойынша курстар мен гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары (арақатынасы пайыз-
бен көрсетілген) курстары арасындағы арақатынас. Жеке курстардың сынақтық (кредиттік) құндылығы
əрбір оқу орындарында қабылданған жүйеге байланысты есептеледі.
Бірінші жыл:
Журналистика - 70%. Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары - 30%.
Екінші жыл:
Журналистика - 70%. Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары - 30%.
Бірінші жыл
Бірінші семестр
12
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (1 деңгей): қарапайым жаңалықтар жəне
қызықты мақалалар.
БАҚ жəне қоғам, журналистер үшін маңызды гендерлік мəселелер, нəсілдік жəне этникалық
мəселелер, дін, əлеуметтік топтар мəселелері, кедейшілік, даму мəселелері, денсаулық сақтау секілді
заманауи əлеуметтік мəселелер жəне оларды БАҚ-та жариялаудағы талдамалық жəне сыни əдістерге
тəжірибелік дайындауды қоса алғандағы кіріспе курсы.
Журналистік этика.
Журналистика негіздерін қамтамасыз ететін бір оқу бағдарламасы бойынша (немесе аралас оқыту
саласы бойынша) аспирантуралық деңгейдегі курстар.
Екінші семестр
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (2 деңгей 2): тереңдетілген журналистика.
БАҚ саласындағы заңнама (ұлттық жəне халықаралық).
БАҚ-тың əр түрлі саласы бойынша практикум: келесі тізімнен кем дегенде екеуі:
радиоға арнап материалдарды дайындау;
радиоматериалдарды редакциялау жəне өндіріс;
телевидениеге арнап материалдарды дайындау;
телевизиялық материалдарды редакциялау жəне өндіріс;
газет материалдарын редакциялау, дизайн жəне өндіріс;
фотожурналистика;
журнал материалдарын редакциялау, дизайн жəне өндіріс;
желілік/мультимедиа материалдарын редакциялау жəне өндіріс;
Журналистика негіздерін қамтамасыз ететін бір оқу бағдарламасы бойынша (немесе аралас оқыту
саласы бойынша) аспирантуралық деңгейдегі курстар.
Екінші жəне үшінші жыл аралығында
Оқу тəжірибесі/тағылымдамасы/тəжірибелік жұмыс тəжірибесі
Cтуденттер өз саласы бойынша жұмыс істей жүріп, мүмкіндіктеріне қарай ұлттық жəне халықаралық
БАҚ-та өндірістік тəжірибеден өтуі тиіс.
Екінші жыл
Бірінші семестр
Ақпараттық материалдарды дайындау.
Студенттер оқу орындары ұсынған жалпы пəндерден бір пəнге маманданады. Салалық материалдарды
дайындау курсы дұрыс ұйымдастырылса, осы пəн бойынша репортаж жасау шеберлігіне құрылған білім
алады. Пəндер тұрақты журналистік тақырыптарға сəйкес келуі тиіс, егер мүмкін болса магистратура
бағдарламасы бойынша гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары пəндеріне сай болғаны дұрыс.
Ақпарат жинаудың заманауи журналистік əдістері.
Талдамалы материалдар мен пікір дайындау.
Журналистика негіздерін қамтамасыз ететін бір оқу бағдарламасы бойынша (немесе аралас оқыту
саласы бойынша) аспирантуралық деңгейдегі курстар.
Екінші семестр
Арнайы ақпараттық материалдарды дайындау (жалғасы).
Ақпарат жинаудың заманауи журналистік əдістері (жалғасы).
Біліктілікті магистрлік жұмыс/диссертация.
Студентті журналистік қызмет үдерістерін талдау, сондай-ақ жобаның қорытынды нəтижесінен
шығатын этикалық жəне басқа да тұжырымдар мазмұнындағы қосымша баяндама арқылы мамандандыруға
арналған маңызды журналистік жоба.
Журналистика негіздерін қамтамасыз ететін бір оқу бағдарламасы бойынша (немесе аралас оқыту
саласы бойынша) аспирантуралық деңгейдегі курстар.
Журналистика бакалавры жəне басқа саланың бакалавр дəрежесімен журналистика саласында
бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар студенттерге арналған магистратура бағдарламасы
Журналистика мен гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары (арақатынас пайызбен көрсетілген)
курстары арасындағы арақатынас. Жекелеген курстардың сынақтық (кредиттік) құндылығы əрбір оқу
орындарындағы қабылданған жүйеге сəйкес есептеледі.
13
Бірінші жыл:
Журналистика - 30%; Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары - 70%.
Екінші жыл:
Журналистика - 50%, Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары - 50%.
Бірінші жыл
Бірінші семестр
Ақпарат жинаудың заманауи журналистік əдістері.
Журналистика негіздерін қамтамасыз ететін бір оқу бағдарламасы бойынша (немесе аралас оқыту
саласы бойынша) аспирантуралық деңгейдегі курстар.
Екінші семестр
Ақпарат жинаудың заманауи журналистік əдістері (жалғасы).
Журналистика негіздерін қамтамасыз ететін бір оқу бағдарламасы бойынша (немесе аралас оқыту
саласы бойынша) аспирантуралық деңгейдегі курстар.
Екінші жəне үшінші жыл аралығында
Оқу практикасы/тағылымдамасы/тəжірибелік жұмыс тəжірибесі
Cтуденттер өз саласы бойынша жұмыс істей жүріп, мүмкіндіктеріне қарай ұлттық жəне халықаралық
БАҚ-та өндірістік тəжірибеден өтуі тиіс.
Екінші жыл
Бірінші семестр
Ақпараттық материалдарды дайындау.
Студенттер оқу орындары ұсынған жалпы пəндерден бір пəнге маманданады. Салалық материалдарды
дайындау курсы дұрыс ұйымдастырылса, осы пəн бойынша репортаж жасау шеберлігіне құрылған білім
алады. Пəндер тұрақты журналистік тақырыптарға сəйкес келуі тиіс, егер мүмкін болса магистратура
бағдарламасы бойынша гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары пəндеріне сай болғаны дұрыс.
Ақпарат жинаудың заманауи журналистік əдістері.
Журналистика негіздерін қамтамасыз ететін бір оқу бағдарламасы бойынша (немесе аралас оқыту
саласы бойынша) аспирантуралық деңгейдегі курстар.
Екінші семестр
Арнайы ақпараттық материалдарды дайындау (жалғасы).
Біліктілікті магистрлік жұмыс/диссертация.
Студенттің журналистік қызмет үдерістерін талдау, сондай-ақ жобаның қорытынды нəтижесінен
шығатын этикалық жəне басқа да тұжырымдар мазмұнындағы қосымша баяндама арқылы мамандандыруға
арналған маңызды журналистік жоба.
Журналистика негіздерін қамтамасыз ететін бір оқу бағдарламасы бойынша (немесе аралас оқыту
саласы бойынша) аспирантуралық деңгейдегі курстар.
14
КУРС СИПАТТАМАСЫ
Журналистика негіздері
Курстың мақсаты – студенттерге журналистиканы оқытудағы негізді қалыптастыру. Курсқа келесідей
сынақтық бөлімдер кіреді: 1) Логика, фактілер жиынтығы, ақпарат жинау (сыни ойлауды қосқанда). 2)
Жазу дағдылары (грамматика жəне синтаксис, сондай-ақ баяндау, сипаттау жəне түсіндіру). 3) Ұлттық
жəне халықаралық институттар (өз елінің басқару жүйесін, конституциясын, заңнамалық жүйесін, саяси
үдерістерін, экономикасын, əлеуметтік мəдени ұйымдары мен оның басқа елдермен қарым-қатынастары
туралы базалық түсініктің болуы). 4) Жалпы білім (ұлттық жəне шетелдік тарих, география, заманауи
əлеуметтік жəне журналистер үшін маңызды басқа да мəселелер, соның ішінде гендерлік мəселелер,
мəдени, діни, əр түрлі əлеуметтік топтарға кіруі, қақтығыстар, кедейшілік, даму мəселелері, қоғамдық
денсаулық сақтау мəселелері жəне осы мəселелерді жазу барысында талдамалы, сыни əдістерді қолдану).
Логика, факт жинау жəне ақпарат табу бөлімі студенттерді сұхбат немесе репортаждың басқа да
əдістерін оқытуға арналмаған (1 деңгей – «Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау» курстарына
кіретіндер). Оның мақсаты–студенттерді дұрыс ойлауға жəне орынды сыни көзқарасты қалыптастыруға,
таныс емес ақпаратты тез меңгеруге, ақпаратты толығымен зерттеу жəне бағалау үші қажетті сауалдар қоя
білуге қажетті дағдыларға баулу. Жазу дағдылары бөлімі студенттерді жаңалықтарды жазуға ғана үйретуге
емес (бұл 1 деңгейде – «Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау» курстарында үйретіледі),
студенттерді материалды берудің журналистік тəсілдерін оқытуға арналған. Ұлттық жəне халықаралық
институттар мен жалпы білімге қатысты бөлімдер журналистиканы оқу барысында қажетті негізгі білімді
беруі тиіс жəне осы мамандық үшін маңызды мəселелерге қызықтыра білуі қажет.
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (Бірінші деңгей)
Материалдарды журналистік əдіспен жазу жəне дайындаудың кіріспе курсы. Бұл курстың тақырыптары
– жаңалықтарды бағалау жəне жаңалықтар сюжетін дайындау, жаңалықтарды іздеу, материалды беруде
нақтылыққа қол жеткізу үшін сұхбат алу, бақылау жəне ақпарат жинаудың басқа да əдістері, сонымен бірге
қарапайым жаңалықтарды, қызық мақалаларды (сюжет құрылымы, баяндай білу мүмкіндігі, цитаталарды
пайдалану) дайындау. Студенттер жиналысты, өзгелердің əңгімесін, басқа да оқиғаларды, əртүрлі жеке-
леген сұхбаттарды қалай ұйымдастыру жəне өткізу, телефонмен, электронды поштамен сұхбат алудың
жолдары, проблемалық жəне саяси сипаттағы сюжеттерді қалай дайындау қажеттігін үйренеді. Олар мате-
риалдарды уақытында беру үшін қалай жұмыс істеу қажеттігін үйренеді, материалдарды берудің этикасы-
мен танысады. Курсқа ақпаратты іздеуге, материалдарды редакциялау мен дайындауға қажетті компьютер
қызметтері мен қосымшалары да енгізіледі. Материалдарды дайындау жөніндегі курстар мерзімдік БАҚ-
қа басымдық береді, алайда, оның негізгі принциптері мен əдістері телерадио хабарларын тарату жəне
желілік журналисткаға да қатысты екенін ескеруіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |