Журналистика бойынша



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата28.01.2017
өлшемі1,03 Mb.
#2895
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

22
ақпарат көздерін телефон, электронды пошта немесе жеке адамдар арқылы таба алады. Олар дұрыс сұрақ 
беру арқылы жақсы сұхбат жасауды, тыңдауды жəне бақылауды біледі.

Дұрыс жазба жасау қабілеті.
Репортерлер екі-үш сөйлемді жай ырғақпен жаза білуге қабілетті болуы тиіс. Кей жағдайда стеногра-
фияны меңгеруі қажет, сондықтан ол пəн журналистика факультетінде жүргізіледі.

Ақпаратты тексеру жəне нақтылау тəсілдері.
Журналистер сұхбат барысында анықталған немесе құжаттан байқалған ақпаратқа күмəнмен қарайды. 
Ақпаратты  баспаға  немесе  эфирге  жібермес  бұрын  оны  алғашқы  ақпарат  көзі  немесе  басқа  да  ақпарат 
көздері арқылы тексеру қажет. Құзіретті журналист дұрыс ақпарат берудің тиімді тəсілдерін біледі.

Арифметикалық есептеу, базалық статистикалық білім мен шолу жасау əдісін  меңгеру   дағдылары.
Журналистер  қалыптасқан  тəжірибе  бойынша  статистикалық  ақпараттарға  да  күмəнмен  қарайды, 
бұл  олардың  жұмысын  басқа  қырынан  танытады.  Бұл  құзіреттілікті  меңгеру  үшін  олар  арифметиканы 
жəне қарапайым статистикалық қызметтерді, сондай-ақ сауалнама нəтижелерін қорытындылау мен шолу 
дайындаудың басқа да əдістерін білуі керек. 
Жазу дағдылары

Аудитория  мен  тақырыпты  негізге  ала  отырып  журналистік  формада  нақты,  түсінікті,  қысқа  жəне 
қызықты жазу қабілеті, əрдайым идеяларға, ақпарат көздеріне сілтеме жасауға міндетті.

Журналистиканы  жаңа  бастағанда  баяндау,  сипаттау  жəне  түсіндіру  əдістерін  пайдалану  арқылы 
ақпараттық хабарлар, қызықты мақалалар жаза алады. Көлемді талдамалы мақалалар мен  құжаттық ма-
териалдарды тəжірибесі мол журналистер жазады. Мерзімді баспасөзге редакциялық мақалалар мен ком-
ментарийлер жазатын журналистер радио немесе телевидение бағдарламаларына да арнап очерктер жəне 
редакциялық мақалалар жазуға дағдыланады. Жазу дағдыларына кіріспені тартымды етіп жазу арқылы 
оқырманды/көрерменді/тыңдарманды негізгі сюжетке қызықтырады. 

Хабар тарату ақпарат құралдарының журналистері дыбыстық жəне көрермендерге арнап қалай жазу-
ды, сюжеттегі ең маңыздысын қалай көрсетуді, тікелей эфирде репортаж жүргізуді, тілді сауатты пайдала-
ну арқылы аудиториямен қалай тез тіл табысуға болатынын біледі. 
Конвергенция жəне жаңа технологиялық өңдеулер мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін түсіну 
барысында баспасөз, хабар тарату жəне желілік БАҚ–қа арнап материал өндірісінде, редакциялау-
да, безендіруде журналистиканың жұмыс құралдарындұрыс пайдалану.

Журналистиканы  жаңа  бастаушылар  клавиатураның  көмегімен  мəтіндерді  тез  жəне  қатесіз  тере 
алады  жəне  желідегі  ақпараттың  дұрыстығын  бағалауға  жəне  тексеруге  қажетті  интернеттің  барлық 
мүмкіндіктерін пайдаланады. 

Конвергенция мен мультимедиалық құралдардың дамуы журналистен БАҚ-тың жаңа құралдарымен 
жұмыс істеуді, сонымен қоса БАҚ-тың бір түрінің барлық құралдарын жақсы меңгеруді талап етеді. 

Барлық БАҚ журналистері компьютермен Macintosh жəне Windows операциялық жүйелерінде жұмыс 
істей алуы, қарапайым мəтін мен суреттерді пайдаланатын бағдарламалар мен қарапайым деректер ба-
засын құра білуі қажет. Мерзімді басылымдарда жұмыс істейтін журналистер сандық камера мен фото-
лабораторияларда жұмыс істей білуі, сонымен қоса редакциялау жəне бет жасау бағдарламаларын білуі 
керек. Радиожурналистер жазба құралдары, таспа немесе минидиск, микрофон, монтаждау құралдарымен 
жұмыс істеуді жəне бағдарламалық қаматамасыз етуді меңгергені жөн. Тележурналистер - видеокамера-
лармен,  микрофонмен  жəне  видео  монтаждық  құралдармен  жұмыс  істей  білуі  маңызды.  Желілік  жур-
налистер - веб-беттерді жасау жəне мазмұнды басқару, сондай-ақ сандық камерамен жұмыс істеуі жəне 
суреттерді редакциялау бағдарламаларымен жұмыс істей білуі тиіс.
Өз елінің жəне əлемдік журналистиканың кешегі жəне бүгінгі тəжірибелерінің ең үздіктерімен 
танысу
Журналистер өз елінде жəне шет елде кешегі жəне бүгінгі журналистиканың ең үздік үлгілерімен, БАҚ 
деректерімен таныса алады.
Журналист құқықтары мен жауапкершіліктерін, журналистік этиканы түсіну
Журналистер  шешім  қаблдауда,  таңдауда  этикалық  талаптарға  сүйенеді.  Бұлжурналистің  кəсіби 

23
ережелері  Кодексінде  көрсетілген  жəне  əрдайым  маңызды.  Мұндай  жазылған,  жазылмаған  кодекстер 
үкіметке  немесе  бақа  да  билік  өкілдеріне  емес,  ол    журналистің  өзі  үшін  қажет.  Десек  те,  этикалық 
мəселелер  журналистің  адамгершілігіне  жəне  өз  құқы  мен  жауапкершілін  түсінуіне  негізделуі  керек. 
Мұндай түсінік журналистің демократиялық қоғамдағы рөлін сезінуге жəне журналистік жұмыс бары-
сында адал, объективті болуға негізделуі қажет. 
Жұмыс орнына қажетті құзіреттіліктер
Журналистер өз жұмысында белгіленген мерзімде тапсырманы орындауы, жеке немесе топпен, БАҚ 
шатында немесе штаттан тыс жұмыс істей білуі керек.
Журналистика жəне қоғам

Журналистің демократияны дамытудағы жəне қоғамдағы рөлін білу.

Журналистикадағы жаңа тенденциялар туралы білу.

Ақпаратты  саяси,  коммерциялық  жəне  басқа  да  ұйымдардың  қалай    жинақтайтынын  жəне  қалай 
ұйымдастырылатынын түсіну.

Халықаралық ақпарат ағымы жəне оның өз еліңе ықпалы туралы хабардар болу.

Өз еліңнің жəне əлемдік БАҚ жəне журналистика тарихы туралы білу.

БАҚ қожайындары, ұйымдары жəне бəсекелестерін білу.

Өз еліңдегі жəне əлемдік БАҚ заңдарын білу.
Білім

Өз елінің басқару жүйесін, конституциясын, заң жүйесін, саяси үдерісін, экономикасын, əлеуметтік 
мəдени ұйымдарын жəне өзге елдермен қарым- қатынасының негізін  білу.

Өз еліңнің жəне əлемнің географиясы мен тарихы туралы базалық білім.

Ғылым саласындағы білім.

Өз еліңнің журналистикасы үшін маңызды бір салаға мамандану арқылы білім алу.
Еуропалық журналистерді дайындау Қоғамдастығының Тарту декларациясы
Тарту, Эстония, 10 маусым  2006 ж.
Еуропалық  журналистерді  дайындау  Қауымдастығының  мүшелері  өздерінің  студенттерін/ 
қатысушыларын  журналистер  қоғамға  қызмет  етуі  керек  деген  қағидамен  оқытады  немесе  кəсіби 
дайындықтан өткізеді. 

саяси, экономикалық жəне əлеуметтік мəдени жағдайларды түсінуді қамтамасыз ету;

барлық деңгейдегі демократияны дамыту жəне нығайтуға қолдау көрсету;

жеке жəне институционалдық есептілікті дамыту жəне нығайтуды қолдау;

азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, қоғам жəне тұлға контексінде таңдау жасау;
сонымен қатар

сөз бостандығына жауапкершілікті сезіну;

адамның жеке өмірін құрметтеу;

ақпарат көздеріне сыни көзқараспен қарау жəне жеке мүдде қызығушылығынан тəуелсіз болу;

қабылданған этикалық стандарттарды пайдалану.
Журналистік білім немесе кəсіби дайындықтан өткеннен соң студенттер келесідей құзіретке ие болады:
1.  Журналистиканың қоғамдық рөлін жəне оның даму тенденцияларын түсіну.
2.  Əр түрлі БАҚ немесе нақты бір бұқаралық ақпарат құралының қоғамдық жəне кəсіби мақсатын 
ескере отырып, маңызды мəселелерін жəне оларды шешу тəсілдерін табу.
3.  Өз жұмысын ұйымдастыру жəне жоспарлау.
4.  Журналистиканың ақпарат жинау əдістерін пайдалана отырып жаңалықтарды оперативті жинау.
5.  Маңызды ақпараттарды таңдап алу.
6.  Ақпаратты кəсіби құрылымдау.
7.  Ақпаратты белгілі бір стильге сəйкес ақпараттық формада ұсыну.
8.  Кəсіби жұмысты бағалау жəне есеп беру.
9.  Командада немесе редакциялық ұжымда жұмыс істеу.

24
10.  Медиалық ұйымда штатта немесе штаттан тыс жұмыс істеу. 
Тарту конференциясына қосымша: құзіреттер мақсаты

Журналистиканың қоғамдық рөлі мен оны дамытудың тенденциялары құзіреті
өз қоғамыңа/қоғамдастыққа/аудиторияға адал қызмет ету жəне қоғамдық тенденцияларды білу;
журналистің қазіргі қоғамдағы ықпалы мен рөлін түсіну;
журналистикадағы ең маңызды тенденцияларға негізделген көзқарасты білдіру қабілетінің болуы;
кəсіби таңдауға негізделген құндылықтарды түсіну;
өзінің кəсіби дамуына қатысты негізгі таңдау жасай білу қабілеті.

Аудитория,  нақты  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  түрлі  БАҚ-тың  аудиториясы  мен  кəсіби 
мақсатын ескере отырып жариялауға тұрарлық маңызды мəселелерді табу құзіреті
ағымдағы оқиғаны білу жəне ол тақырыптың қоғам үшін маңыздылығын түсіне білу қабілеттілігі;
сюжеттің  қаншалықты  маңыздылығын  анықтау  үшін  өзіңе  жұмыс  істейтін  бұқаралық  ақпарат 
құралдарындағы мүмкіндікті білу;
аудиторияны  жақсы  білу  жəне  ақпаратты  беруде  оның  осы  аудитория  үшін  тақырыбы  мен  берілу 
тəсілін анықтау;
қоғамдық пікірді талдауға жəне пікірталасты қолдауға қабілетті болу.

Өз жұмысын ұйымдастыру жəне жоспарлау құзіреті
жұмыстың нақты жүзеге асатын жоспарын жасай білу;
уақыт тығыз жағдайда жұмыс істей білу;
күтпеген оқиғаларда жұмыс істуге бейімделу.

Жаңалықтарды жинау жəне ақпарат іздеудің журналистік əдістерін пайдалана отырып жыл-
дам ақпарат жинау құзіреті
жалпы білімінің болуы жəне қоғамдық ахуалды, əсіресе экономикалық, саяси жəне əлеуметтік-мəдени 
мəселелерді білу;
қажетті барлық ақпарат көздерін, адамдарды, анықтамалық баспаларды, деректер базасын, ақпарат 
агенттіктерін жəне Интернетті білу;
ақпарат көздерін қалай пайдалануды жəне өзінің бақылауларын қалай ыңғайлы жəне тиімді жүргізуді 
білу;
тексеру/қайта тексеру жəне ақпаратты жан-жақты беру тəсілдерін жүйелі түрде пайдалана отырып, 
сюжетке деген қызығушылықты тудыра білу қабілетінің болуы;
əр  түрлі  тəсілдер  арқылы  аудиториямен  өзара  жұмыс  істей  білу  қабілеті,  соның  ішінде  жеке  жəне 
байланыстың жаңа түрлерінің көмегімен. 

Маңызды ақпаратты таңдай білу құзіреті
негізгі жəне қосалқы мəселелерді ажырата білу;
ақпаратты дұрыстығына, нақтылығына жəне толықтылығына қарай таңдай білу;
таңдап алынған ақпаратты түсіндіре білу жəне оны сəйкес (тарихи) контексте талдау;
ақпаратты өнім ерекшеліктері мен ақпарат құралдарына сəйкес таңдай білу;
ақпараттың шығу көзіне, аудиторияға жəне қоғамдық пікірталасқа ықпалын түсіну.

Ақпаратты кəсіби құрылымдау құзіреті
құрылымдаудың əр түрін пайдалану білу;
нысан мен мазмұнның сəйкестігіне қол жеткізе білу;
маериалдарды ақпарат құралдарының ерекшеліктеріне сəйкес құрылымдау;
қолданысының қолайлылығына байланысты құрылымдай білу;
баяндаудың баламалы тəсілдеріне қарай құрылымдай білу.

Журналистік нысан мен стильге сəйкес ақпаратты беру құзіреті
жазуда жəне ауызша сөйлеудегі шеберлік құзіреті;

25
ақпаратты визуалды түрде бере білу, мысалы,
бейне немесе сызба түрінде жəне ақпаратты сөз, дыбыс жəне образдың үйлесімділігімен беру;
стиль  мен  композицияның  ерекшеліктерін  ескере  отырып    журналистік  жанрларының  ең 
маңыздыларын меңгеру;
қажетті құрал жабдықтармен жұмыс істей білу жəне бағдарламалық қаматамасыз ету;
техникалық  қызметкерлермен  əріптестікте  жұмыс  істеу  жəне  техникалық  құрал  жабдықтардың 
мүмкіндіктерін білу.

Кəсіби жұмысты бағалау жəне оған жауапкершілік құзіреті
журналистік өнім сапасына қойылатын талаптар туралы нақты түсінік болу;
жоғарыда келтірген түсініктерді негізге ала отырып, өзінің жəне өзгенің жұмыстарын сыни қарастыра 
білу;
өз жұмысын сыни бағалауға жəне өзгелер тарапынан сынды қабылдау қабілеті жəне ықыласының 
болуы;
ақпарат  көзі,  əдіс-тəсілдері  жəне  оның  орындалуына  қатысты  таңдауға  жауапкершілік  алу  жəне 
түсіндіре алу;
этикалық стандарттарды негізге ала отырып, үдеріс пен нəтижеге жауапкершілік ала білу. 

Қызметкерлердің жұмыстағы командада немесе редациялық ұжымдағы əріптестік құзіреті
əңгімелесудің кəсіби дағдыларын білу;
сенімді əріптес болу;
атқарылатын істер мен бастамаларға сенімді болу;
өзінің күшті жəне əлсіз тұстарын түсіну;
қарым-қатынасты (иерархиялық, демократиялық) нақты түсіну.

Медиа ұйымының штатында немесе штаттан тыс жұмыс істеу құзіреті
жаңашыл идеяларды енгізу жəне оны ұсына алу;
өз міндетің мен құқыңды білу жəне жұмыс жағдайын сыни бағалай білу;
мақсатын,  қаржылық  жағдайды,  нарықтық  ахуалды  жəне  медиа  ұйымдардың  қызмет  үдерісі  мен 
ұйымдық құрылымын білу;
медиа ұйымдардағы стратегиялық талдау мен редакциялық саясатты бағалай білу;
штаттан тыс қызметкер/кəсіпкер жұмысының тəжірибелік қырларын білу.

26
ҚОСЫМША 3. 
ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (СИЛЛАБУСТАР).
Бұл оқу бағдарламасы курстардың қалай ұйымдастырылуын көрсетуге арналған. Оқу бағдарламаларының 
моделі  жергілікті  жəне  ұлттық  жағдайларға  бейімделіп  пайдаланылады  деген  жоспармен  ұсынылып  отыр. 
Əрбір оқу жоспары басқа оқытушылар мен əдіскерлерге (оқу бағдарламаларының құрастырушыларына) үлгі 
боларлық  идея, əдістеме жəне материалдардан тұрады.
Журналистика негіздері: логика, фактілердің дұрыстығы жəне ақпарат жинақтау. 
Оқыту деңгейі: журналистика Бакалавры, бірінші жыл (15 апта).
Пəнді  сипаттау:  Бұл  курс  студенттерде  қоғамдық  мəселелерді  көтеретін  ақпараттанған  журналистерге 
қажетті логикалық, талдамалы жəне зерттеу қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Курс кіріспе жəне төрт секцияға 
бөлінген. Кіріспеде аргумент, тіл жəне ақпараттың шынайылығына логикалық талдау жасалады. Бірінші сек-
ция  бұл  дағдыларды  журналистерді  манипуляция  жасауға  тырысатын  топтың  күдікті  өтінішін  талдау  үшін 
пайдаланады. Екінші, үшінші жəне төртінші секция бұл дағдыларды маңызды саларда: а) сандық ақпаратты 
пайдалану, мысалы: қоғамдық пікірді білу сауалнамасында, б) денсаулық сақтау жəне қоршаған орта, в) ген 
жəне геномика туралы материал дайындауда пайдаланады. Студенттердің логикалық ойлау қабілетін тестілеу 
үшін басқа да тақырыптар ұсынылады. Генетика жəне денсаулық сақтау мəселелері тапсырмалар үлгісі ретінде 
студенттерге қолайлы тақырып етіп таңдап алынған.
Əдістеме:  дəрістер,  шақырылған  дəріскерлермен  семинарлар  (мысалы  ғалымдар),  аудиториядағы  нақты 
мысалдар мен пікірталастарды талқылау. Əрбір студент (жеке немесе топ құрамында) берілген мысалға байла-
нысты мəселелерді қарастыратын семинарларға қатысады.
Педагогикалық тəсіл: бұл тəсіл белсенді қарым-қатынасқа жəне білімді тексеруге арналған. Студенттер 
үй тапсырмаларын орындау жəне семинар мен пікірталастарға қатысу арқылы нақты мəселелерді орындау-
да білім мен дағды қалыптастырады. Дəрістер – ең бір негізгі педагогикалық құрал. Курс жалпы білім беру 
мен дағдылардан басталады. Содан кейін тапсырма беріледі: осы секілді сыни қабілеттер мен білімдер жур-
налистерге  ақпаратты  бағалауға  жəне  күмəнді  сарапшыларды  анықтауға  болатынын  көрсету  үшін  қолайлы 
тəсілдерді табу қажет.
Апталық жүктеме: (2 сағат: 1-дəріс/пікірталас; 1- сағаттық семинар/тапсырма)
Міндетті жəне ұсынылатын əдебиет: 
Міндетті əдебиет: оқытушылар осы төрт оқулықтан екі негізгісін таңдап ала алады:
Логика жəне дəлелдеу бойынша:LeoGroake, ChristopherTindaleandLindaFisher. Good Reasoning Matters: A 
Constructive Approach to Critical Thinking. (Oxford: Oxford University Press, 1997. Или, Lewis Vaughn and Chris 
MacDonald.The Power of Critical Thinking. Oxford: Oxford University Press, 2007.
Сандар жəне ғылым бойынша:

Pierre Laszlo. Communicating Science: A Practical Guide. Berlin: Springer, 2006. Или, Victor Cohn and Lewis 
Cope. News and Numbers2nd ed. Ames: Iowa State University Press, 2001
Ұсынылатын əдебиеттер (оқытушыларға жəне қызығушылығы бар студенттерге арналған):
«Журналисты  в  горячих  точках.  Технология  профессионального  поведения» http://www.library.cjes.org/
online/?a=con&b_id=56
http://www.prof.msu.ru/publ/book6/c62_03.htm Обучение критическому анализу.
 http://www.studygs.net/russian/crtthk.htm
Бабицкий «На войне» (http://somnenie.narod.ru/ab1.html)
Бернс Э., Буш Р., «Основы маркетинговых исследований с использованием Microsoft Excel» / Спб: 2005.
Блэк С. Введение в паблик рилейшинз. Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 1998.  320 с. 

27
Брайант  Д.,  Томпсон  С.,  Основы  воздействия  СМИ / М.: 2004 (http://www.koob.ru/bryant_thompson/
fundamentals_of_media_effects).
Бредемайер К. Искусство словесной атаки / М. 2005 (http://lib.rus.ec/b/92563/read);
Гандапас Р. Камасутра для оратора (http://www.ark.ru/ins/zapoved/zapoved/gandapas.html).
Грищенко Б. «Посторонний в Кремле» репортажи из «особой зоны». Издательство «ВАГРИУС» 2004. 
Д. Уилкокс «Как создавать PR-тексты и эффективно взаимодействовать со СМИ» / М.: 2004.
Дзялошинский И. Социально ответственная журналистика: как делать СМИ полезными людям / М.: 2007.
Зайцев Д.В. Теория и практика аргументации. М., изд-во Форум, 2007.
Ивин А.А. Теория аргументации. М, Гардарики, 2000.
Ковач Б., Розенстил Т. Элементы журналистики / М., 2007; Маккалах Кэрролл В. Новости на ТВ / М., 2007
Коханова Л.А. Экологическая журналистика, PR и реклама. Издательство: ЮНИТИ, 2007
Коченева  А.,  Берлова  О.,  Колесникова  В.  Экологическая  журналистика: http://www.seu.ru/cci/lib/books/
ecojour/
Криминальная хроника и судебные очерки: без права на ошибку. Текст: http://journalism.narod.ru/pressa/0012.
html
Ларри Кинг. Как разговаривать с кем угодно, когда угодно и где угодно: пер. с англ. Издательство: Альпина 
Бизнес Букс, 2008.
Левада, От мнений к пониманию. М. 2000. (Библиотека Московской школы политических исследований.)
Липпман У. Общественное мнение / М.: 2004 (http://www.socioline.ru/node/1006#attachments)
Лучшие статьи. Текст: http://xray.sai.msu.ru/~polar/sci_rev/best.html
М. Лукина «Технологии интервью»
М.: Юрист, 2001.
Мы изменили мир. Мемуары основателя глобальной спутниковой системы CNN / We Changed the World: 
Memoirs of a CNN Global Satellite Pioneer Сидни Пайк / Sidney Pike
Ноэль -Нойман Э. Массовые опросы. Введение в методику демоскопии. М., 1978.
Ноэль-Нойман Э. Общественное мнение. Открытие спирали молчания. М., 1996. 
Олег Попцов, «Тревожные сны царской свиты» http://readr.ru/oleg-popcov-trevoghnie-sni-carskoy-sviti.html
Ольга  Берлова.  Некоторые  аспекты  экологических  паблик  рилейшнз  в  России: http://www.seu.ru/cci/lib/
books/pr/
Организация работы пресс-служб – международные стандарты / методическое пособие под ред. Демина 
В., Пак Т., Общественный Фонд «Орден защиты свободной журналистики «FORPOST» при поддержке ОБСЕ, 
2005 http://www.library.cjes.org/online/?a=con&b_id=734&c_id=9955
Пашутин С.Б. Маркетинг фарминдустрии, 2006 г 
По мнению большинства европейцев. Текст: http://orange.strf.ru/client/news.aspx?ob_no=7055
Пол Хлебников «Крестный отец Кремля: Борис Березовский» (http://lib.aldebaran.ru/author/hlebnikov_pavel/
hlebnikov_pavel_kryostnyi_otec_kremlya_boris_berezovskii_ili_istoriya_razgrableniya_rossii/hlebnikov_pavel_
kryostnyi_otec_kremlya_boris_berezovskii_ili_istoriya_razgrableniya_rossii__0.html
Политковская, A. Вторая  чеченская.  Издательство  «Захаров». ISBN 5-8159-0265-9. Текст  книги:http://
bibliotekar.ru/rusPolitkovskaya/index.htm
Право на свободу слова. Роль СМИ в экономическом развитии. Пер. с англ. публикации Всемирного банка, 
2004, 368 с. ISBN: 5-7777-0198-1. Оригинальноеиздание: The Right to Tell: The Role of Mass Media in Economic 
Development
Ральф 
Ляйнеманн, 
Елена 
Байкальцева. “Пресс-конференция: 
Игра 
по 
собственному 
сценарию”. 
Год 
издания: 2009 г. 
Переплет: 
интегральный. 
Страниц: 400 стр. 
Формат: 170-240 мм. ISBN: 978-985-6569-29-9 
РАССЛЕДОВАТЕЛЬСКАЯ ЖУРНАЛИСТИКА. Текст книги: http://evartist.narod.ru/text9/27.htm
РОЛЬ СМИ В ЭКОНОМИЧЕСКОМ РАЗВИТИИ РОССИИ: http://www.strana-oz.ru/?numid=13&article=586
РОЛЬ  СРЕДСТВ  МАССОВОЙ  ИНФОРМАЦИИ  В  ДЕМОКРАТИЧЕСКОМ  ОБЩЕСТВЕ: http://www.
infousa.ru/media/krimsky_rus.htm
Салин В.П., Шпаковская Е.П. Социально-экономическая статистика: Учебник. 
СВЯЗИ  С  ОБЩЕСТВЕННОСТЬЮ  В  ПОЛИТИКЕ. (Главы 1,2,4,5). Текст  книги: http://dvo.sut.ru/libr/
soirl/029pr/index.htm
Сизова Л.В. Экологические периодические издания // Система средств массовой информации России: Учеб-
ное пособие для вузов / Под ред. Я.Н.Засурского. М., 2001.
СОЦИОЛОГИЯ ЖУРНАЛИСТИКИ. Текст книги: http://evartist.narod.ru/text9/49.htm
Сухотерин Л.Я., Юдинцев И.В. Информационная работа в госаппарате /М.: 2007 (http://www.iqlib.ru/book/pr

28
eview/95F1EA4AE9944C168EDBD2E4BCC914A8). 
Техника безопасности работы с ньюсмейкерами. Текст: http://journalism.narod.ru/smi/0013.html
Трегубова «Байки кремлевского диггера» http://otgolosok.narod.ru/bkd/00.01.htm)
Фридман Шарон М., Фридман Кеннет А. Пособие по экологической журналистике. М.: Tacis, 1998. 
ЦЭЖ «Журналисты на Чеченской войне. Факты, документы, свидетельства. Ноябрь 1994 -декабрь 1995» 
(http://www.library.cjes.org/online/?b_id=410).
Что такое экологическая журналистика: http://www.seu.ru/cci/lib/books/ecojour/04.htm
Электронный учебник: http://www.statsoft.ru/home/textbook/default.htm
Янг Ф., Маколи Д., «Экономика для топ-менеджеров» / М.: 2008.
Ағылшын тілінде

Kathleen Woodruff Wickham. Math Tools for Journaiists. Oak Park, ILL.: Marion Street Press (2002).

Richard Paul and Linda Elder Critical Thinking: Tools for Taking Charge of Your Learning and Your Life. Upper 
Saddle River, N.J.: Prentice Hall (2001).

Herbert Simons, Persuasion in Society. Thousand Oaks, CA.: Sage (2001).

William Leiss and Douglas Powell. Mad Cows and Mother’s Milk. 2nd ред. Montreal: McGill-Queen’s University 
Press (2004).

Athena du Pre. Communicating about Heatth: Current Issues and Perspectives. Mountain View, Calif.: Mayfi eld 
Publishing (2000).

Sharon M. Friedman et al. Communicating Uncertainty: Media Coverage of New and Controversial Science. 
Mahwah, N.J.: Lawrence Erlbaum (1999).

Eleanor MacLean. Between the Lines: How to Detect Bias and Propaganda in the News and Everyday Life. 
Montreal: Black Rose Books (1981).

Stuart Ewen. PR! A Social History of Spin. New York: Basic Books (1996).

Ronald Giere. Understanding Scientifi c Reasoning. 4ред. Fort Worth: Harcourt, Brace, Jovanovich (1997).

John Allen Paulos. A Mathematician Reads the Newspaper. NY: Doubleday (1996).
Сабақтың апталық кестесі (схема): 
Міндетті əдебиетке ескертпе. Əр секция бойынша кітап тізімі берілген. Қанша кітап оқуға беретінін оқытушы 
өзі таңдайды. Оқытушы бұл негізгі материалды студенттің ана тіліндегі əдебиеттерімен толықтыруы керек. 
Міндетті емес тізімнен алынған кітаптар оқытушы оның көшірмесін дайындауына болады деген болжам-
мен берілген. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет