Журналистика бойынша


Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (Екінші деңгей)



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата28.01.2017
өлшемі1,03 Mb.
#2895
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (Екінші деңгей)
Курс – студенттердің журналистік шеберлігін дамытуға арналған. Репортажды оқыту сұхбат алудың, 
журналистік зерттеудің, шолулар мен сауалнамалар нəтижесінің түсіндірмесін, үкіметтік  құжаттарға қол 
жеткізу  мен  оны  талдау  техникасының      заманауи  əдістерін  ұсынуы  тиіс.  Жазудың  кəсіби  шеберлігіне 
оқыту –  əңгімелеу  əдістерін  пайдалану  мен  сараптау  жəне  түсіндіру  əдістерімен  таныстырумен  бірге, 
күрделі сюжеттерді жасаудың сараптамасы мен тəжірибесін қарастыруы тиіс. Сонымен бірге, бұл курс 
табиғи апаттар жөніндегі репортаж техникасымен таныстырады. 
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (Үшінші деңгей)
Мамандандырылған журналистика. Бірінші жəне екінші деңгейде игерген репортаж жəне материал-
дарды дайындау дағдыларына сүйене отырып, студенттер ақпаратты табу жəне журналистік тақырыпқа жазу 
тақырыбын игергені жөн. Негізгі басымдық бұқаралық аудиторияға арналған түсіндірмелі репортаждарға 
беріледі.  Курс  нəтижесі  бойынша,  кез-келген  бұқаралық  ақпарат  құралына  (БАҚ)  арналған  ірі  көлемді 
журналистік  жұмыс  жасалуы  тиіс.  Болып  жатқан  оқиғаның  мəні  мен  маңызын  репортерлік  тұрғыдан 
бағалау үшінші деңгейде адам іс əрекетін түсінуде студент тəжірибесінің тереңдігін байқатады. Сонымен 

15
қатар, ол арнайы жəне пəнаралық пəнді үйрену барысында оқытылған түсіндіру (интерпретация) əдістерін 
қалай игергендігін де айқын көрсетеді. Осыдан келіп, студенттерді (Үшінші деңгейдің жоғары дəрежесіне 
жеткендерді) гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылымдары бағдарламасымен мамандандыруға болады.
Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (4 деңгей) 
Талдамалы журналистика жəне пікір білдіруді қараңыз (магистр дəрежесі, 54-бет).
Хабар таратуға арналған ақпараттық жəне басқа да материалдарды дайындау
Радио, телевидение (жергілікті хабар таратуды қоса) аудиториясына арнап жаңалықтар мен мəтін жазу, 
жинау жəне талдауға кіріспе курс. Студенттер сюжет жасау, сұхбатты таспаға жазу, мəтін жазу үшін аудио, 
видео аппаратуралармен жəне монтаж жасау жүйесімен жұмыс істеуді үйренуі керек.
Мультимедиалық/желілік журналистика
Студенттер  ақпарат  құралы  жəне  журналист  құралы  ретінде  Интернеттің  даму  эволюциясы  туралы 
білім алуы тиіс. Олар сюжетті техникалық құралдардың көмегімен өзгертуді, өз жұмысын жақсарту үшін 
технологияны  пайдалануды,  Интернет  жəне  басқа  да  желілік  БАҚ  арқылы  аудиториямен  интерактивті 
қарым-қатынас  орнатуды  үйренуі  керек.  Студенттер  жаңа  технологияларға  байланысты  пайда  болатын 
этикалық мəселелерден жəне технологияның көмегімен ақпараттық ұйымдар мен барлық индустрияның 
өзгерістерінен    хабардар  болуы  тиіс.  Олар  желілік  жəне  мультимедиалық  сайттарға  арнап  жазуға  жəне 
байланыс желісін құруға, деректер базасымен жұмыс істеуге, сюжеттерді жіберуге, оқиғаның даму бары-
сын қадағалауға үйренеді.  Олар веб-сайттарға парақша жасауға, оларды серверге жүктеуге, сандық каме-
раны пайдалануға үйренеді. Оларға өз сюжеттеріен интерактивті етіп жасауы үшін аудио мен видеотех-
нологияларды бірге пайдалануға тəжірибе жасап көруі қажет. Мобильдік технологияның əсерін анықтап, 
техникалық инновацияларға бейімделуі тиіс. 
БАҚ саласындағы заңнама
Ескерту:
1)    Оқу  орындары  бұл  курсты  мектептен  кейінгі  білім  берудің  жəне  бакалавриатттың  оқу 
бағдарламаларының  соңғы  кезеңіне  қоюына  болады (1 қосымша)  БАҚ  саласындағы  заңнама  негіздері 
студенттердің баспасөзде немесе электронды БАҚ-та жұмыс істегеніне дейінгі уақытта өтуі керек. 
2)   БАҚ саласындағы заңнаманы заңгерлердің оқуы міндетті емес, алайда оқытушының құқық жай-
лы білімі болуы керек.
Бұл курста журналистика мен БАҚ-қа қатысты ұлттық жəне халықаралық заңнамалар қарастырылады. 
Оған қоғамдық тəртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қорғауға арналған заңнамалық шектеулер, сөз бостандығы 
мен пікір білдіру еркіндігі жəне демократиялық, конституциялық ашықтық қағидалары; елдер арасындағы 
қарым-қатынасты  реттейтін  ережелер  мен  қағидалар;  ақпаратқа  қолжетімділікті  реттейтін  заңдар  мен 
іс-шаралар;  сотқа  құрмет  көрсетпеу,  қоғамдық  құндылықтар  мен  əлеуметтік  жікшілдік,  нəсілшілдікке 
қатысты  материалдарды  жариялауға  шек  қою;  диффамация  жəне  жеке  адамның  өміріне  қол  сұғуды 
қосқанда адам құқына қатысты заңдық шектеулер кіреді. Курста əскери тұтқындарды қорғаудың Женева 
конвенциясы,  соғыс  кезінде  бейбіт  халықты  қорғау  туралы  Женева  конвенциясы,  сонымен  қатар,  гено-
цид, əскери қылмыс жəне адамзатқа қарсы қылмыстарға қатысты қарым-қатынасты реттейтін конвенци-
ялар  мен  статуттар  таныстырылады.  Бұл  курста  студенттерді  сот  жүйесінің  құрылысымен  бірге  құқық 
қорғаудың ұлттық жəне халықаралық жүйелерімен таныстыруға болады.
Журналистік этика
Журналистік этика өзге де тəжірибелік курстар секілді күрделі, шығармашылық жəне экспериментал-
ды болуы тиіс. Біз студенттер шынайы жəне виртуалды өмірде жəне жекелеген ақпараттарда кездесетін 
этикалық  дилеммаларды  түсінуге  мүмкіндік  беретін  этика  лабораториясын  жасақтауды  ұсынамыз.  Бұл 
қолданбалы  этика  курсының  негізгі  мақсаты – студенттерді  жергілікті,  ұлттық,  халықаралық  ақпарат 
құралдарындағы нақты мысалдар арқылы журналистік этика мəселелерін анықтауға үйрету. Курс дұрыс 
немесе  бұрыс  қағидаларға  негізделмеген,  керісінше  сыни  көзқарастар  мен  шешімдерді  қабылдауды 
бақылауға бақытталған. Курс, сондай-ақ, журналистік этиканың жалғасы ретінде жаһандық журналистік 
этикаға көңіл бөлетін болады. Біз журналистік тəжірибенің ел ішіндегі жəне шет мемлекеттердегі этикалық 

16
аспектілеріне ерекше маңыз беретін боламыз, өйткені студенттер журналистік тəжірибеде ел ішіндегі жəне 
одан тысқары жағдайларда сыни көзқарасты қалыптастыра білуі тиіс. 
БАҚ жəне қоғам 
Бұл пəн БАҚ-тың демократия үрдісіндегі рөліне ерекше назар аудара отырып, БАҚ-ты тұтыну жəне 
өндірісті үйренуді сыни тұрғыдан қарастырады. Негізгі назар БАҚ-тың шиеленістер мен бейбітшілік пен 
əртүрлі құндылықтарға қол жеткізу жолындағы бастамаларға бөлінеді. 
Газет ісі бойынша практикум 
Бұл  практикумда  студенттер  басынан  бастап  аяғына  дейін  күнделікті  газет  шығарудың  қыр-сырын 
үйренеді. Осылайша бұл практикум репортаж жасау, редакциялау, безендіру жəне интерактивті режимге 
дайындықтағы білім беру мен тəжірибенің сабақтастығынан тұрады. Студенттерге бөлім редакторлары 
(немесе тапсырма беруші редакторлар), сонымен қоса сурет немесе мəтінді таңдауда редактор-корректор-
лар (немесе бөлім редакторлары), тілшілер меңгеруге тиісті дағдыларды үйретеді. Олар толықтай матери-
алды жəне жекелеп алғандағы мəтінді редакциялауға дағдыланады. Олар безендіруді, суреттерді таңдауды 
оларға тақырып қоюды, тақырыпшаларға бөлуді т.б. үйренеді. Осы немесе жеке практикумда студенттерді 
фотожурналистиканың қыр-сырымен таныстыруға үйретуі керек
Хабар тарату бойынша практикум 
Студенттер  сюжет  идеяларын  ойлап  табу,  оларды  бөлу,  редакциялау,  жаңалықтар,  бағдарламаларды 
дайындау жəне жүргізу, сұхбат жазу, қысқаша деректі фильмдер жасау, студияда жəне студиядан тыс жер-
лерде  сұхбаттар  жүргізуді  үйренуі  тиіс.  Практикум  соңында  оларда  кəсіби  деңгейде  репортаж  жасауға 
жеткілікті білімі мен біліктілік қалыптасады жəне олар радио немесе телевидениенің редакциясында жəне 
ақпараттық бағдарламаның өндірістік тобында жұмысын бастауға даяр болады.  
Журнал ісі бойынша практикум
Студенттер жаңа журналдың макет-түпнұсқасына дейін дайындаудың тұжырымдамасын ұсынып, жо-
баларын жасауы керек болады. Олар очерктерге идеялар ұсынуды, мəтінді редакциялауды, суретті орнала-
стыруды, фактілерді тексеруді, мазмұнды ұйымдастыруды, қаріптерді таңдап, бетті безендіруді үйренеді. 
Практикум соңында студенттер журнал редакциясының штатында жұмыс істеуге дайын маман болулары 
тиіс. 
Бакалаврдың диплом жұмысы
Бакалаврдың  бітіру  жұмысы  мазмұнды  журналистік  материал  немесе  БАҚ-тың  кез-келген  түріне 
арналған материалдар тобы болуы мүмкін. Мақсаты – студенттердің материалды жинақтау, тақырыпты 
зерттеу  жəне  оны  кəсіби  тұрғыдан  сапалы  етіп  ұсына  алу  қабілетін  таныту.  Студенттер  тақырыптты 
өздерінің гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бағдарламалары бойынша оқыған салаларына сəйкес 
таңдауы қажет. Студенттерді өз материалдарында кездескен мəселелер бойынша өз бетінше жұмыстарды 
тапсыруға міндеттеуге де болады. Жұмыста студенттер өз материалын дайындау барысында пайдаланған  
ақпарат көздерін көрсетуі тиіс жəне тағы бір маңызды тұсы - тақырыпты академиялық тұрғыдан қарастыру, 
осы материалда көтерілген этикалық, заңдық жəне басқа да мəселелерге назар аудары керек. 
Магистрдің диплом жұмысы
Магистрдің  біліктілік  жұмысы  мазмұнды  жоғары  кəсіби  дəрежедегі  журналистік  материал  немесе 
ізденушінің БАҚ-тың кез-келген түріне арналған материалдар тобы болуы мүмкін. Мақсаты – студенттердің 
материалды жинақтау, тақырыпты зерттеу жəне оны кəсіби тұрғыдан сапалы етіп ұсына алу қабілетін таныту. 
Ұсынылған жұмыста жұмыстың мəні мен мазмұны, ақпарат көздері көрсетілген қосымша баяндама берілуі 
тиіс. Университеттер журналистік тақырыптар бойынша магистрлік жұмыстарды қарастыруы мүмкін.  Мұндай 
жұмыс магистр дəрежесіне қойылатын академиялық білім беру стандартына жауап беруі тиіс. 
Талдамалы  журналистика жəне пікір білдіру
Бұл  курс  осы  сала  бойынша  алғашқы  дайындықтары  немесе  кəсіби  тəжірибесі  бар  магистранттар-
ды танымал жанрлармен, оқиғаны талдау жəне көсемсөз бен комментарийлер берудің ерекшеліктерімен 

17
таныстырады.  Студенттер  өздерінің  талдамалы  материалдарымен  қарқынды  жұмыс  істеу  арқылы 
маңызды  саяси  жəне  экономикалық  мəселелерді  қарастыруға  үйренеді.  Пікір  білдірудегі  сенімділік 
қалай  қалыптасады?  Оқиғаны  сендіре  алатын  талдау  берілген  мақала  қалай  құрастырылған?  Автор 
аргументтерді  қалай  береді  жəне  фактілер  мен  комментарийлер  құрылымын  қалай  құрастырады?  Кур-
ста журналистикаға арналған кəсіби журналдарда жарық көрген танымал авторлардың мақалаларын мы-
сал  ретінде  қарастырылады.  Студенттерді  өздерінің  жеке  стилін  қалыптастыруға,  талдау  қабілеттерін 
жетілдіруге  үйрету  маңызды.  Əр  түрлі  мəселелерді  талдау  арқылы  студенттер  редакция  көзқарасы  мен 
талдау арасындағы айырмашылықтарды анықтауға үйренеді.
Зерттеудің негізгі əдістері  (магистратура)
Бұл курстың мақсаты – белгілі бір саладағы күрделі ақпаратты жинау, зерделеу, талдау жəне бағалауға, 
сонымен қатар оны қоғамдастыққа нақты, түсінікті жəне қызықты етіп ұсына білуге үйрету. Олар журна-
листика тəжірибесінің шынайылығындағы социологияға тəн скептицизм, əдіснамалық дəлдік, қаталдықты 
түсіне білуге үйренеді. Бұл курс бойынша берілетін тапсырмаға студенттердің маманданған саласы бой-
ынша əзірлеген зерттеу баяндамасы кіреді.   
Маманданған репортаж (магистратура) 
Маңызды  жаңалықтар  тақырыбы  бойынша  материалдар  дайындау  (немесе  тұрақты  журналистік 
тақырып  бойынша).  Курсты  оқыту  барысында  түсіндіруші  журналистикаға  ерекше  назар  аударылады. 
Курстың  нəтижесі  кез-келген  БАҚ-қа  арналған  көлемді  журналистік  жұмыс  болуы  мүмкін.  Белгілі  бір 
салаға  мамнданған  студенттің  болған  оқиғаның  мазмұны  мен  маңыздылығы  туралы  көзқарасы  оның 
адамгершілігі  өз  саласындағы  тəжірибесіне  байланысты.  Ол  белгілі  бір  пəнді  немесе  пəнаралық  сала-
ны оқу барысында жинақтаған білімі негізіндегі əдістерді талдай алуы тиіс. Бұдан шығатын қорытынды 
олардың  магистрлік  бағдарламалары  аясында  гуманитарлық/жаратылыстану  ғылымдары  саласындғы 
курстарды оқу нəтижесінде белгілі бір салаға маманданған студенттерді көтермелеп, болашақта салалық 
журналистикаға бағыт беру керек.  
Оқу практикасы/тағылымдама/практикалық  жұмыс тəжірибесі
Студенттер қалауынша ұлттық немесе халықаралық ақпарат құралдарында, жаңалықтар редакциялары 
қүрылымында бас редактор немесе тəжірибелі кəсіби маманның жетекшілігімен тілші, фотограф, дизай-
нер немесе суретші-безендіруші ретінде жұмыс істейді. Оқу практикасы төрт аптадан кем болмауы ке-
рек, үш айдан алты айға дейін созуға болады, оны аяқтағаннан кейін практика жетекшісі практиканттың 
жұмыс  нəтижелері  жайлы  факультетке  хабарлауы  керек.  Əрбір  оқу  орны  өздерінің  бағалау  процедура-
ларын белгілеуі тиіс. Ол өте қарапаймы болуы керек: егер практиканың жетекші-редакторы студент ре-
дакция жұмысына қанағаттанарлық деңгейде қатысты десе, жұмыс қабылданады. Студент практикадан  
мүмкіндігінше өзінің маманданған салсы бойынша өтуі керек. Егер оқу практикасы оқу бағдарламасына 
немесе сабақ кестесіне сай келмесе, оны сол оқу орнының рұқсатымен кез-келген уақытта өтуіне бола-
ды. Факультеттер оқу аяқталғаннан кейін практикадан өтуге бір семестр немесе соңғы жылдың сабағы 
басталғанға дейін бір семестр арнауы керек. 
Журналистика бойынша факультативтер (курс мысалдары)
Оқу орындары факультативтік курстарды оқу блоктары түрінде топтауына болады:
Қақтығыстарды жазу*
Апатты жағдайды баяндау*
Дамушы елдер жаңалықтары*
Халықаралық журналистика*
Саяси журналистика*
Ой-пікірлерді жазу*
Алуан түрлілікті жазу*
*  Егер  университеттің  ресурстары  болса  журналистика  факультеттері  бұл  курстарды 3 деңгей  курстары  ретінде 
ұсына алады (арнайы материалдарды дайындау). Мысалы, егер университетте педагогика факультеті болса, «Білім 
беруді жазу» курсын оны 3 деңгейлі курс ретінде ұсынуға болады.

18
Құқықтық мəселелерді жазу*
Денсаулық сақтау мəселелерін жазу*
Қоршаған орта мəселелерін жазу*
Білім беруді жазу*
Əлеуметтік қозғалыстарды жазу*
Спорттық журналистика*
Іскери журналистика*
Ғылыми журналистика*
Өнер жəне мəдениет журналистикасы*
Визуалдық журналистика/Графика**
Фотожурналистика**
Редакциялау**
Талдамалы журналистика жəне пікір білдіру
Əдеби сын/Деректі журналистика
БАҚ менеджменті
БАҚ экономикасы
*  Егер  университеттің  ресурстары  болса  журналистика  факультеттері  бұл  курстарды 3 деңгей  курстары  ретінде 
ұсына алады (арнайы материалдарды дайындау). Мысалы, егер университетте педагогика факультеті болса, «Білім 
беруді жазу» курсын оны 3 деңгейлі курс ретінде ұсынуға болады.
** Факультеттер бұл курстарды газет ісі жəне хабар тарату практикумына қосымша практикум ретінде ұсына алады.

19
1 ҚОСЫМША. 
ЖУРНАЛИСТ ДИПЛОМЫ
Журналист дипломы(мектептен кейінгі екі жылдық  бағдарлама)
Əр елде жəне əр түрлі мектепте алған орта білімнің өзіндік ерекшеліктері болады. Журналистика бой-
ынша диплом алуға құқық беретін мектептен кейінгі екі жылдық бағдарлама бойынша студенттерді дай-
ындау  деңгейі  мен  ғылыми  дəреже  бермейтін  оқу  орындары  арасында  айтарлықтай  айырмашылықтар 
болуы мүмкін, сондықтан, ұсынылып отырған бағдарлама сəйкесінше бейімдеуді қажет етеді. Журнали-
стика бойынша дайындықтан өтемін деушілердің журналистикаға икемі яғни өз ана тілінде жəне жұмыс 
барысында пайдаланатын тілде сөйлей білуі, дұрыс оқи алуы, жаза білуі керек. Сонымен қатар, олар қоғам 
мен қоғамдастықтың азаматтық, мəдени жəне басқа да механизмдеріне қызығушылық танытулары тиіс. 
Бұл бағдарламаны оқудың нəтижесінде студенттер журналистік материалдар мен ақпарат жинау əдістері, 
эфирде жұмыс істеу, сондай-ақ, журналист қызметін реттейтін кəсіби этика мен заңнама бойынша жақсы 
теориялық  жəне  тəжірибелік  жақсы  білім  алулары  керек.  Олардың  білімдері  жан-жақты  болуы  үшін 
жалпы білім беру негіздерін қалыптастыру керек, журналистика тəжірибесіне сыни көзқараспен қарауға 
үйрету жəне болашақта білімін жалғастыруға мүмкіндік жасау, сонымен қатар, студенттерді журналистік 
жұмысқа үйрету тіл (тілдерді) жəне басқа да гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары пəндерін оқытумен 
толықтырылуы  тиіс.  Журналисткиа  факультеттері  университеттерде  сынақтық  жүйені  қабылдаудың 
ережесі аясында бакалавриат бағдарламасындағы курстарды бағалауды белгілейді. Сондықтан, төменде 
берілген  бағдарлама  орта  мектеп  бағдарламасынан  журналистика  баклавры  бағдарламасына  көшуді 
қамтамасыз етеді.
Бірінші жыл
Бірінші семестр

Журналистика негіздері келесі тақырыптарды қоса:
Жазу дағдылары (грамматика жəне синтаксис, сондай-ақ баяндау, сипаттау жəне түсіндіру əдістерімен 
қоса).
Логика, фактілер, ақпарат іздеу (сыни ойлауды қоса).
Ұлттық жəне халықаралық институттар (өз елінің басқару жүйелері, конституциясы, заң жүйесі, 
саяси үдерістері, экономикасы, əлеуметтік мəдени ұйымдары жайлы базалық түсініктері мен өзге елдер-
мен қарым-қатынасы жəне демократия архитектурасындағы журналисткианың рөлін қоса алғанда). 
Жалпы  білім  (ұлт  жəне  шетел  тарихы,  географиясы,  заманауи  əлеуметтік  жəне  журналистер  үшін 
маңызды  басқа  да  мəселелер,  соның  ішінде  гендерлік  мəселелер,  мəдени,  діни,  əр  түрлі  əлеуметтік 
топтарға кіруі, қақтығыстар, кедейшілік, даму мəселелері, қоғамдық денсаулық сақтау мəселелері жəне 
осы мəселелерді жазудағы талдамалы, сыни əдістерді қолдану).

Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Оқу орындары гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша қай курстар міндетті, қайсылары 
таңдау пəндері болатынын анықтауы тиіс. Бұл осы бағдарлама бойынша білім алатын студенттердің орта 
мектепте оқыған пəндеріне, білім беру деңгейіне байланысты. 
Екінші семестр

Ақпаратты  жəне  басқа  да  материалдарды  дайындау (1 деңгей):  қарапайым  жаңалықтар  жəне 
қызықты мақалалар.

БАҚ саласындағы заңнама.

Оқу орындары бұл курсты оқытуды соңғы кезеңде өтуді жоспарлауына болады. Алайда курс сту-
денттер өз материалдарын жариялағанға дейін оқытылуы тиіс.

Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Бірінші жəне екінші жыл аралығында

Оқу практикасы/тағылымдамасы/тəжірибелік жұмыс тəжірибесі

Тиімді оқу тəжірибесінің ең аз ұзақтығы -  төрт апта. Тəжірибе мерзімінің ұзақ болғаны дұрыс. 
Тəжірибеге жетекшілік жəне бағалау практикадан өткен орында жүргізіледі.
Екінші жыл
Бірінші семестр

Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (2 деңгей): тереңдетілген журналистика.

20

Хабар таратуға материалдарды дайындау.

Журналистік этика.

Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Екінші семестр

Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (2 деңгей): тереңдетілген журналистика.

Журналистік этика.

Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Үшінші жыл
Бірінші семестр

Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (2 деңгей): тереңдете жазу.

Хабар таратуға арналған ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (радио жəне телеви-
дение).

Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Екінші семестр

Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (2 деңгей) (жалғасы).

Мультимедиалық/желілік журналистика жəне ақпаратты  сандық тарату.

Газет ісі бойынша практикум: репортаж, редакциялау,  дизайн жəне өндіріс; фотожурналистикаға 
оқыту.
НЕМЕСЕ

Хабар тарату бойынша практикум: радио жəне телевидениеге арнап редакциялау, өндіріс, эфирде 
жұмыс істеу.

Студенттердің екі практикумға да баруын қалаған оқу орындары олардың уақытын қысқартып не-
месе екінші жылдың əр семестріне бір практикумнан ұсынуына болады.

Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар.
Журналист дипломы (біліктілікті көтерудің бір жылдық бағдарламасы)
Бірінші семестр

Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (2 деңгей): тереңдетілген журналистика.

БАҚ саласындағы заңнама.

Журналистік этика.

Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар,3 деңгейдегі мамандандырылған.
Екінші семестр

Ақпаратты жəне басқа да материалдарды дайындау (3 деңгей): мамандандырылған журналистика.

БАҚ жəне қоғам.

Мультимедиялық/желілік журналистика.

Гуманитарлық/жаратылыстану ғылымдары бойынша курстар, 3 деңгейдегі мамандандырылған.

21
2 ҚОСЫМША. 
ЖУРНАЛИСТИКАДА ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР
Журналист жұмысы кең көлемдегі құзіреттілікті талап етеді:

жалпы білім мен интеллектуалдық қабілеттілік құзіреті;

ақпарат жинау, редакциялау, дизайн, өндіріс əдістерін меңгеру жəне бұқаралық ақпарат құралдары 
үшін материалдарды дайындау (презентацияның басқа нысандары);

журналистиканың техникалық құралдарын пайдалану жəне жаңа технология мен инновациялық 
тəжірибелерді меңгеру қабілеті;

кəсіби ережелерді, соның ішінде этиканы түсіну;

журналистің қоғамдағы рөлі, соның ішінде журналистика тəжірибесін шектейтін заң жəне БАҚ, 
журналистика тарихы бойынша  білімді игеру;

журналистиканың ең озық үлгілері туралы білім.
Бұл  құзіреттерді  əр  түрлі  топтастыруға  болады.  Бір  тəсіл - қабылданған  құзіреттердің  негізгі  жəне 
қосымша түрлерін анықтау. Топтастырудың басқа тəсілі журналистік үдерістің сабақтастығына сүйенеді 
яғни журналистік этика мен БАҚ саласындағы заңнама шеңберінен шықпай, сюжет туралы ұсыныстан 
бастап    ақпарат  жинау,  жазу,  редакциялау,  безендіруді  жүзеге  асыру.  Тағы  бір  тəсіл  иерархиялық    яғни 
екінші деңгейден негізгі БАҚ-қа немесе журналистік білім беру бағдарламаларының деңгейлері бойынша 
топтастыру. Көптеген  ұлттық жəне халықаралық журналистік жəне медиалық ұйымдар өздеріне қажетті 
құзіреттер  тізімін  жасады.  Бұған 2006 жылғы 26 маусымдағы  журналистерді  дайындаудың  Еуропалық 
қауымдастығының Тарту декларациясы мысал бола алады (http://ejta.nl/ қараңыз).
Бұл құжатта құзіреттер үш айдар бойынша топтастырылған: Кəсіби стандарттар, журналистика жəне 
қоғам, білім.
Кəсіби стандарттар
Зерттеу дағдылары

Таныс емес материалды жылдам түсіну, талдау, синтездеу жəне бағалау қабілеті.
Журналист  үшін  маңыздылығы  «сыни  ойлау»  тұрғысынан  анықталады.  Бұл  құзірет  университеттік 
деңгейдегі кез-келген пəнді немесе тікелей сыни ойлау қабілетін дамыту бойынша курстарды оқу арқылы 
жетілдіріледі.  Ол  журналистерді  қажетті  ақпаратты  қажетсіз  ақпараттан  ажырата  алуға,  фактілер  мен 
аргументтерді  бағалауға,  тəуелсіз,  батыл,  шығармашылық  тұрғыдан  ойлауға,  болған  оқиғаны  зерттеп, 
анығына жетуге қажетті қабілеттермен қамтамасыз етеді.

Жаңалық  пен  оқиғаны  ақпаратқа  айналдыруды  бағалауға  жəне  ақпараттың  көпшілікке  ұсынуына 
қажетті тəсілді меңгеруге үйретеді.
Журналистер ақпараттың қалай жасалғанын жəне оны жақсы жаңалықтық сюжет ету үшін не қажет екенін 
түсінеді. Неліктен бұл оқиға маңызды? Неге ол қазір маңызды? Кім үшін қажеті бар? Кімді алаңдатуда? 
Халық оны қалай қабылдайды? Ол шешім қабылдауға қалай көмектеседі? (басқа құзіреттегілердегі жағдай 
секілді бұл қабілеттерді қалыптастыру барысында байланыстың жаңа технологияларының дамуына назар 
аудару керек).

Сұрақ қоя білу жəне оған берілген жауапты ұлттық жəне жергілікті тілде түсіне білу қабілеті.
Журналистерге  ұлттық  жəне  жұмыс  барысында  пайдаланылатын  тілді  еркін  меңгеруі  маңызды 
құзіреттіліктің бірі. Ағылшын жəне басқа да тілдерді құзіретті меңгеру көптеген елдерде жəне өз елінен 
тыс жерлерде жұмыс табуды ойлайтын журналистерге ұсынылады.

Бақылау дағдылары.
Журналистер  болған  оқиғалардың  қатысушыларына  айналмай,  куə  болған  оқиғаны  есте  ұстап, 
бақылаушы статусын сақтауы маңызды.

Баспасөз, Интернет ресурстардың ақпаратын, сондай ақ зерттеу журналистикасының тəсілдерін пай-
далану арқылы ақпаратты жедел, əрі сапалы жеткізу қабілеті.
Журналистер сұхбаттасу, журналистік зерттеу тəсілдерін жəне компьютерлік деректер базасынан іздеу 
секілді ақпарат жинаудың барлық əдісін меңгеруі тиіс. Олар баспасөз жəне интерактивті мұрағаттардың 
ақпараты мен басқа да құжаттарға қол жетімділік жолдарын табуы, жаңалықтар мен сюжеттерді көруі, со-
нымен қатар, бар ақпараттан ой қорытып, толық сілтеме жасау арқылы баяндап бере алулары керек. Олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет