Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет209/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

ДЫБЫСТАРДЫ ЖІКТЕУ ТУРАЛЫ
1927  жылғы  «Жаңа  мектеп»  журналының  2-ші  нөмірінде 
басылған  Елдес  Омаровтың  «Қазақ  дыбыстары»  деген  мақа-
ласы туралы төмендегі пікірімді айтқым келеді.
Қазақ  тіліндегі  дыбыстарды  жаңадан  жіктейтін  болсақ, 
әрі  айтуына  қарай,  әрі  сөз  жүзінде  білінетін  қасиеттеріне 
қарай жіктеу керек. Қазақтікі сияқты заңы азбаған тілдің ай-
тылуы  жүзіндегі  дыбыс  жіктері  сөз  жүзінде  білінетін  дыбыс 
қасиеттерінің жіктерімен түйісетін көрінеді.
Айтылуына қарай жіктегенде қазақ тіліндегі дыбыс тар дау-
ысты, дауыссыз болып екі айырылады.
І. Дауыстылар: а, р, ң, л, м, н, е, о, ұ, у, ы, и.
ІІ. Дауыссыздар: б, п, т, ж, д, з, с, ш, ғ, қ, к, г.


345
Дауысты дыбыстар өзара толық дауысты, шала дау ысты бо-
лып екі айырылады.
1. Толық дауыстылар: а, е, о, ү, ы.
2. Шала дауыстылары: р, нл, м, н, у, и.
3) Толық дауыстылары кең шығысты, тар шығысты болып, 
олар да екі айырылады.
Аңғал түрлісі: а, е, ы.
Қымқыру түрлісі: о, ұ.
Шала дауыстылары ауыз шығысты, мұрын шығысты болып, 
олар да екі айырылады.
Ауыз шығыстылары: р, л, у, и.
Мұрын шығыстылары: ң, м, н.
Ауыз шығыстылары босаң жолды, қысаң жолды бо лып, екі 
айырылады.
Босаң жолдылары: ру, и.
Қысаң жолдысы: л.
Мұрын шығыстылары босаң бөгеулі, қысаң бөгеулі, тұйық 
бөгеулі болып үш айырылады.
Босаң бөгеулі: ң.
Қысаң бөгеулі: н.
Тұйық бөгеулісі: м.
Дауыссыз дыбыстар босаң жолды, қысаң жолды бо лып екі 
айырылады.
Қысаң жолдылары: п, т, с, ш, қ, к.
Босаң жолдылары: б, ж, д, з, ғ, г.
Қысаң  жолдылары  ашық  жолды,  тұйық  жолды  бо лып,  екі 
айырылады.
Ашықтары: с, ш.
Тұйықтары: п, т, қ, к.
Босаң жолдылары да ашық, тұйық, тұйықтау болып үш айы-
рылады.
Ашықтары: ж, з.
Тұйықтары: б, д.
Тұйықтаулары: ғ, г.
Сүйтіп, қазақ дыбыстары көшелеп көрсеткенде бы лай бола-
ды: а, б, п, т, ж, д, р, з, с, ш, ғ, қ, к, ң, л, м, н, о, ү, у, е, ы, и.
Дауыстылары: а, р, ң, л, м, н, е, о, ұ, у, ы, и.


346
Дауыссыздары: б, п, т, ж, д, з, с, ш, ғ, қ, к, г.
Толықтары: а, е, о, ү, ы. 2) Шалалары: р, ң, л, мн, у, и.
1. Ауыз – ш, р, л, уи.
Аңғалы – а, е, ы 
Босаңы – р, уи
Қымқырулысы – о, ұ
Қысаңы – л
Қысаңдары: п, т, с, ш, қ, к
Ашықтары: с, ш 2) Тұйықтары: п, т, қ, к
Босаңдары: б, ж, д, з, г, г
Ашықтары: ж, з.  2) Тұйықтары: б, д
Тұйықтаулары: ғ, г
Бұлардың бірінен-бірінің шектерін айыратын не нәрсе де-
сек, ол нәрселер мынау болады.
Дауыстылар
50 
мен дауыссыздардың шегін айыратын жіктеу 
жалғауы  «-мын»,  жалғаулық  «мен»  дауыстылардан  соң 
«-мын», «-мен» дауыссыздардан соң «-бын», «-бен» («-пын», 
«-пен»).  Дауыстылардың  өзара  шегін  ашып,  толық  дауысты, 
шала дауысты қылып айыратын тәуелдеу, жіктеу жүзінде то-
лып  жатқан  нәрселер  бар,  оларды  түгендеп  жатпай,  мына 
жағынан да айыруға болады: Толық дауыстылар буын ішінде 
дауыссыз дыбыстардың алдында келеді, соңында келеді. Толық 
дауыстылардың  өзара  шегін  ашып,  аңғал  деп,  қымқырынды 
деп айыратын мынасы:
Аңғалдары орын талғамайды.
Қымқырындысы бас буыннан басқасында келмейді. Шала 
дауыстылар  да  өзара,  әуелі,  дыбыстардың  шығу  орнына 
қарай ауыз шығысты, мұрын шығысты болып екіге айырыла-
ды,  екінші  шығу  орны  басқа  болғандықтан,  арасының  шегін 
ашатын басқа нәрселер де бар. Ауыз шығыстылары септеген-
де «-дың», «-дан»-мен, жіктегенде «-мыз»-бен келеді. Мұрын 
шығыстылары  септегенде  «-ның»,  «-нан»-мен,  жіктегенде 
«-біз»-бен келеді.
Ауыз шығыстылардың жігін ашып, біреуін босаң, екіншісін 
қысаңдап  айыратын  айтылу  түрінен  басқа  нәрсе  –  босаң  сөз 
50
 
Елдес. Қазақ тілінің дыбыстары – «Жаңа мектеп», 1927. № 2. 61-67 б.


347
басында келмейді, қысаң – келеді. Мұрын шығыстыларын да 
босаң, қысаң, тұйық деп айыратын айтылу түрінен басқа нәрсе 
–  босаңының  сөз  басында  келмеуі.  Қысаңының  алдындағы 
дыбысқа әсер етуі (аздыруы), тұйығының алдындағы дыбысқа 
әсер етпеуі (аздырмауы).
Дауыссыздырға  келсек,  бұлар  да  өзара  жіктеліп,  бірнеше 
түрге айырылады. Әуелі, бұлар қысаң, босаң болып екі айыры-
лады. Бұлай айырылуы айтылу түріне қарай болғанмен, басқа 
да жігін ашатын нәрсе бар. Қысаңдары мен босаңдары біріне-
бірі жуыспайды; Екінші сөзбен айтқанда, бірі қысаң, бірі босаң 
болып, екеуі қатарынан келмейді. Қысаңдарын ашық, тұйыққа 
бөліп екі айыратын нәрсе – ашықтарының азбайтыны, айны-
майтыны, тұйықтарының азатыны, айнитыны.
Босандарын ашық, тұйық, тұйықтау деп айыратын айтылу 
түрінен басқа нәрсе – ашықтары сөздің басында да, аяғында да 
келуі; тұйықтары сөз аяғында келмеуі; тұйықтаулары сөз ба-
сында да, аяғында да келмеуі.
Түсінікті  болу  үшін  көшелеп  көрсетсек,  бұлай  бо лып 
шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет