Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет24/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

Эндокард - жүрекгің ішкі бетін астарлай жауып жатқан жүқа қабық- 
ша. Ол бірынгай салалы ет ұлпасы мен серпімді талшықтардан түзілген.
Миокард  -  жүректің  ет  қабаты.  Оның  қалындығы  жүректің  өр 
бөлігінде әр түрлі жөне жүрек камераларының атқаратын қызметіне 
байланысты. Қарыншалар қабыргасы жүрекшелер қабырғасымен са- 
лыстырғанда қалындау, ал сол қарыншаның миокарды оң қарынша 
миокардынан қалындау. Оның себебі қанды үлкен шеңбермен қуалау 
үшін сол қарыншаға үлкен күшпен жиырылуға тура келеді.
Жүрекшелер миокарды қарыншалар миокардымен үштаспайды, 
тікелей байл аныспайды, олар сіңірлі сақина арқылы жалғасады. Жүрек- 
шелер қабырғасыньщ ет талшықтары екі бағытга орналасады. Беткей 
қабатының  ет  талшықтары  екі  жүрекшені  бірдей  орап  өтсе,  ішкі 
қабатының ет талшықтары өр жүрекшені жекелеп орайды.
Қарыншалар миокарды сыртқы, ортаңғы жөне ішкі қабатгардан 
түзіледі. Сыртқы (беткей) қабат қарынш аны бойлай орналасқан ет 
талшықтарынан түзілген. Ол жүрекше мен қарынша аралық сіңірлі 
сақинадан басталып, томен жайылып жүрек ұшына жетеді де, иірім 
жасап,  миокардтың ішкі қабатына айналады да,  жоғары  көтеріліп, 
сіңірлі сақинаға бекиді. Осы екі қабатгьщ арасында қарынша етгерінің 
ортаңғы қабаты орналасады. Бұл қабатгьщ ет талшықтары көлденең 
бағытга орналасып, сегіздік бейне жасай өр қарыншаны жеке орайды.
Эпикард  -  жүректің  сыртын  жауып  жатқан  ж ұқа  қабықша.  Ол 
жүрек табанында жүректің сыртын қаптап  жататын  берік дөнекер 
үлпадан түзілген жүрек қабына - улпершекке (перикард) - айналады. 
Перикард пен эпикард аралығындағы қуыста үлпершек сүйығы бо­
лады.  Ол жүрек жұмысы  кезінде  қабықшалардың  өзара  үйкелесін 
азайтады.  П ерикард  ж үрек  еттерінің  шамадан  тыс  босаңсуына 
мүмкіндік бермейді.
44
58-сурақ.  Ж урек  етіне  қандай  қурылымдық  ерекшеліктер  тән? 
Не себепті журек етін ерекше топқа жатқызады?
^ЗКүрек еті екі түрлі ет талшықтарынан құралады. Оның бірі жүректің 
жиырылып, босаңсуын қамтамасыз ететін негізгі миокард талшықта- 
ры, ал екіншісі - жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиыры- 
луын қамтамасыз ететін бейқалып (атипті) өтюзгіш ет талшықтарң^
Миокард құрылысы жағынан қаңқа етін қүрайтын көлденең жо- 
л ақ ет талшықтарына  ұқсас.  Оның саркоплазмаоында актин жөне 
миозин протофибрилдерінен қүралган миофибриллалар болады. Жүрек  • 
еті талшықтарында саркоплазмалық тор (ретикулум) сиректеу. Бұл 
екі түрлі ет талшықтарында да жиырылу процесі кезінде саркоплаз- 
малық тордан кальций иондары саркоплазмаға шығады. Миокардта 
бұл иондар саркоплазмадан кері бағытта да өте алады. Саркоплазма- 
дағы кальций ионы жүрек еті талшықтарының жиырылу күшін арт- 
тырады. Жүрек етінде қаңқа етімен салыстырғанда аэробты процес- 
тер басымырақ болады жөне ол шабандау жиырылады.
^Йиокард талшықтары ерекше тарамдалып, бір-бірімен ендірме та- 
бақша - нексус арқылы қосылады да, біртутас тор, немесе синцитий, 
қүрайды*»Бүл ендірме табақшалардың элекгрлік кедергісі өте томен, 
сондықтан  бір  торшада  пайда  болған  қозу  көрші  жатқан  торшаға 
оңай беріледі.  Осының арқасында миокард өрекетінде біртұтастық 
қасиет пайда болады.
Жүректің  бейқалып  (атипті)  элементтерінің де  өзіне  төн  ерек- 
шеліктері болады. Олардың көлденең жолақтары сиректеу, гликогені 
мен саркоплазмасы мол.  Бүл элементгер негізгі ет талшықтарынан 
дөнекер үлпалы қабықпен шектеледі. Осы атиптік ұлпа элементгері 
жүректің  белгілі  бір  бөліктерінде  түйіндер  мен  ш оқтар  құры п, 
жүректің өткізгіш жүйесін түзеді.  Өткізгіш жуйені К ис-Ф ляк (си­
нус, жүрекше), Ашофф-Тавар (жүрекше - қарынша) түйіндері, Гис 
шоғыры,  Гис  сабақтары  жөне  Пуркинье  талшықтары  құрайды. 
Өткізгіш жүйе жүректің автоматия қасиетін қамтамасыз етеді.
Ж үрек етінің үшінші қүрылымдық ерекшелігі онда қабырғалық 
(интрамуральдық)  нерв туйіндерінің болуында.  Бүл түйіндер  алғаш 
рет  1838 жылы  Ремак еңбектерінде,  кейінірек Людвиг (1848),  Бид- 
дер (1852), Догель (1895) зертгеулерінде суреттелген. Олар жүрекше 
қабырғаларында, жүрекше аралық пердеде жөне қарынша ертерінің 
табан (жоғарғы) бөлігінде орналасады. Бүл түйіндер кезеген нервпен 
тығыз байланысты жөне қозғағыш не сезімталдық қызмет атқарады. 
Догель зерттеулеріне қарағанда бұл түйіндер үш түрлі торшалардан 
құралған: біріншісі - көп өсінділі торшалар, олар миокардқа ене бой- 
лап, қозғағыш қызмет атқарады. Екінші торшаларға сезімтал қызмет
45


атқаратын ірі нейрондар жатады. Ал торшалардың үшінші түрі осы- 
лардың аралық қасиеттерімен сипатгалады да, аталған торшаларды 
өзара байланыстырып тұрады. Демек,  жүректе бірімен-бірі синапс 
арқылы байланысатын нерв торшаларынан құралған ерекше нерв ап­
параты болады.  Бұл нейрондар өсінділері тек миокардты ғана емес, 
сонымен  қатар ж үрек қан   тамырларын  жүйкелендіреді.  Осы  нерв 
аппараты организмнен бөлектенген немесе нерв байланысы үзілген 
жүректің жүмысын реттеуде үлкен рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет