Ж үрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік арқылы қосылады
да, бұл жерде қанды тек қарыншалар бағытында өткізетін
жармалы
қақпақшалар орналасады. Қарыншалар жиырылған кезде бүл қақпақ-
шалар жабылады да, қанны ң кері - жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік
бермейді. Қарыншалардан өкпе артериясы мен қолқа басталған жердегі
тесіктерде тек тамырлар бағытында ғана ашылатын
жарты айшық
қақпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде (диастола) бұл қақпақ-
шалар жазылып, тесікті жабады да, қанның кері - қарыншаға, өтуіне
мүмкіндік бермейді. Сонымен қақпақш алар қанны ң жүрекген бір
бағытта - веналардан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға,
ал қарыншалардан артерияларға өтуін қамтамасыз етеді.
Ж үрек қабырғасы үш қабатган тұрады. Ішкі қабаты
эндокард,
ортаңғысы -
миокард, ал сыртқысы -
эпикард деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: