Байланысты: nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy
59- сурақ. Ж урек қызметінің қандай физиологиялық ерекиіеліктері болады? Ж үрек - күрделі құрылым. Оның қызметі дұрыс атқарылуы үшін
әр түрлі бөлімдер арасында мықты үйлесім болу керек. Мұндай
үйлесім жүрекшелер мен қарьпппалар қызметінде айқын байқалады.
Олар еш уақытга бір мезгілде жиырылмайды: жүрекшелер жиырыл-
ғанда қарьпппалар босаңсиды, керісінше - қарыншалар жиырылғанда
жүрекшелер босаңсиды. М ұның себебі — жүректің аталған екі бөлімі
Қозу толқынымен бір мезгілде қамтылмайды. Бұл қозудың жүрек-
пен таралу жылдамды ғыны ң Ашофф-Тавар түйінінде күрт төмендеуі-
мен (0,02-0,05 м/сек) байланысты. Осының нөтижесінде қарынша-
ларда қозу процесі жүрекшелерден 0,12-0,18 с. кеш басталады.
Ж үрек етіне қарыса жиырылу (тетанус) қасиеті жат. Жиырылған
жүрек еті ізінше босаңсиды. Бұл ерекшелік жүректегі өрекет потен-
циалының ұзақтығымен байланысты. Сонымен қатар жүрек етінің
жиырылу күші тітіркендіргіш мөлшеріне төуелді болмайды. Ол Боу-
дич үсынған “барынша немесе ешнөрсе жоқ "деген зандылыққа сөй-
кес атқарылады. Тітіркендіргіш күші өскенде, жүректің жиырылу
күші артпайды, өзгермейді. Бұл ерекшелік жүрек етінің синцитий
түрінде құрылуымен байланысты.
Ж үрек жұмысы белгілі бір ырғақпен атқарылады. Оның жұмы-
сындағы ырғақтылық Кис-Ф ляк түйінінде қозу толқынының туын-
дау жиілігіне байланысты. Ж үрек жүмысының ырғағы қозу толқы-
нының ұзақтьпының ауытқуы нөтижесінде өзгереді.
60- сурақ. Ж урек етіне қандай физиологиялық қасиеттер тән? Ж үрек етіне қозғыштық, өткізгіштік, жиырылғыштық, автоматия
жөне рефрактерлік қасиетгері төн.
Қозгыиітық. Ж үрек еті электрлік, механикалық, термиялық, хи-
м иялы қ тітіркендіргіштер өсерінен қ о за алады. Тітіркендірудің
нөтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембра
на үйексізденеді (деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде
теріс заряд пайда болып, оны ң қозған жөне қозбаған бөліктерінің
46
арасында потенциалдар айырмасы туындайды. Миокард торшаларында
(кардиомиоциттерде) қаңқа етімен салыстырғанда өрекет потенциа
лы 100 есе ұзақы рақ созылады (200-400 мс).
Қозуды өткізгіштік. Қозу толқыны К ис-Ф ляк түйінінде ерекше
ет торшалары - пейсмекерлерде - пайда болады да, жүрекше еттеріне
электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан өрі
қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек
еті қозуды өлсіретпей (декрементсіз) өткізеді жөне оқшауламай бар-
лык. ет талшықтарына жая таратады.
Қозуды өткізу жылдамдьпы жүрекгің өр түрлі бөліктерінде бірдей
емес. Жылы қандылар жүрекшелері қабырғасымен ол секундьша 0,8-1 м,
қарьшшалар қабырғасымен - 0,8-0,9 м, қарыншалар өткізгіш жүйесімен
2 - 4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салысгыру мақсатыңда қаңкд еттеріңде
қозудың 4,7- 5 м/сек жылдамдықпен тарайтынын айтып өтейік.
Жиырылгыштық. Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап
береді. Жиырылу деп ет талшықтарының үзындығының қысқаруын
немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Ж үрек еті бұлш ық
еттермен салыстырғанда шабандау - баяуырақ жиырылады.
Автоматия. Ж үрек етінің сыртқы өсерсіз тек ағзаны ң өзінде
туындайтын қозу толқындарының ықпалымен жүмыс істеу қабілетін
журек автоматиясы дейді. Ж үрек автоматиясы өткізгіш жүйенің
қызметіне байланысты.
Рефрактерлік - қозу үстіндегі жүрек етінің тосын тітіркендіргішке
жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді.
Олар абсолюттік (толық) рефрактерлік, сащ сты рмалы рефрактерлік
жөне экзальтация (лепілдеу) саты лары /Систола кезінде жүрек еті-
нің қозғыштық қасиетінің жойылуын толық рефрактерлік деп атай-
ды. Бұл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргішке жауап бермейді/
Ж үрек еті босаңсый бастағанда (диастола) оньщ қозғыпггық қасиеті
өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке өлсіз жауап алынады. Бұл са-
тыны салыстырмалы рефрактерлік деп атайды. Осыдан соң жүрек
тынымы кезінде жүрек етінің қозғыштығы күшейеді - экзальтация сатысы басталады. Қалыпты жағдайда абсолютгік рефрактерлік сис
тола кезеңін толық жөне диастоланың алғашқы сатысын қамтиды.
Рефрактерлік қасиеттің болуымен байланысты жүрек жұмысының
ырғағы сақталып, тетанус (қарысу) орын алмайды.