Қазақ халқының
саяси ойларының
бастауы
Жүсіп Хас-Хаджиб Баласағұни (1021-1075 жж.) түркі әлеміне әйгілі ақын,
фәлсафашы, қоғам қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы деректер аз.
Жүсіп туралы мағлұматтарды біз оның негізгі еңбегі «Құтты білік» («Бақыт
әкелетін білік», «Қайырымды білім», кейбіреулер «Бақыттылық жайлы ілім»
42
деп те аударып жүр) дастанынан білеміз. Бұл еңбектің бас ерекшілігі - ол сол
кездегі ресми араб тілінде емес, ана тілі түрік тілінде жазылғандығында. Ол,
біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін. Жүсіптің өз еліне, жеріне, өз
тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын көрсетсе, екіншіден, сол кезде
Орта Азияда билік басындағы қарахандықтар династиясына түсінікті болуды
көздеп жазылса керек. Білім - билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол
жеткізудің бірден-бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнының арқауы
болған. Ол мемлекетті білімді әрі қайырымды билеуші басқаруы керек деген.
Қазақ халқының ірі ойшылдарының бірі - Қожа Ахмет Йассауи (1093-1157
жж.). Ясы (Түркістан) қаласында туған. Ол әділдікті, ақылдылықты, иманды-
лықты, шыншылдықты, мейірімділікті қалап, соны жырлаған. Оның басты
еңбегі «Диуани Хикмет», («Даналық кітабы»). Оның қысқарған түрін
«Хикмет» деп те атайды. Өз еңбектерінде басшының адал болып, қарапайым
халыққа қамқоршы болуын қалап, дүниеқоңыздықты, парақор басшының
Алланың алдында жауаптылығын ескеріп, адамгершілікке шақырады. Рухани
тазалық және адамның рухани жетілуіне баса назар аударды. Ол қазақ жеріне
мұсылман дінін таратуға ат салысты.
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
43
Қазақтың рухани мұрасына өшпес із қалдырған тұлға - Асанқайғы
Сәбитұлы (XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында өмір кешкен.). Өз
дәуірінің беделді биі болған. Ол еліне мәңгілік азық боларлық қолайлы жер -
«Жерұйықты» іздеп өткен. «Жерұйықтың» суы - сүт, топырағысы - май, тасы
- алтын, ағашы мәуелі жеміс-жидекке толы жұт деген болмайтын, ел аласы, ру
таласы жоқ, қайғы-қасіреттен аулақ, жау алып, жаугершілікті білмейтін құтты
қоныс деп есептеген. «Жерұйықты» мекендегендердің бай мен кедейі жоқ,
бақытты өмір кешетіндердің мекені. Сол жерді табу үшін желмаяға мініп
төңіректің төрт бұрышын шарлайды. Оның бұл іс әрекеті Томас Мордың
«Утопиясы» мен Т.Кампанелланың «Күн қаласындағы» саяси идеялармен
үйлесіп жатыр. Асанқайғының «Жерұйықты» іздеуі жөніндегі аңыз қазақ
халқының таңғажайып, жарқын болашақты аңсаған арманының туындысы
болса керек.
44
Асан (Хасан, Қасан) Сәбитұлы Қайғы
Қарақожаұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы
ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында, Жаңакент
(Иеникент) қаласында ( VIII-IX ғ.ғ.) өмір сүрген. Өз халқының бақыты үтттін
көптің мүддесін көздеген. Қорқыт Ата - ақын, жырау, композитор, әнші,
күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Бұл жаңа қала Сыр
өзенінің Арал теңізіне құйылар жерінде тұрғандықтан, қазақ халқы оны «Су
аяғы - Ер қорқыт» - деп те атаған.
Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресі бойынша Қорқыттың әкесі
Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят дейтін рудан шыққан, ал шешесі қазақ
құрамына кіретін қыпшақ қызы. Оның туған жері қазіргі Қостанай облысының
Аят өзені жағасы. В.М. Жирмунскийдің айтуынша, Қорқыт Ата жыраулар мен
жыршыларға тән көне халық поэзиясының ерекшеліктерін бойына сіңірген
әнші-жырау әрі болжағыш ақылгөй болған.
Оғыз-қыпшақ қоғамның ішкі-сыртқы істерінін білгірі Қорқыт өз заманында
төрт-бес хандықты басынан өткізіп, солардың бәрінде де бас уәзірлік қызметін
атқарып отырған. Олар: Инал хан, Дойлы хан, Көл-Еркі, Тұман хан және
Қаңлықожа. Хандарға күшті ықпал жасағандықтан, олар Қорқыттың ақылды
кеңесінен аса алмаған. Осы пікірді шығыс тарихын зерттеуші Әбілғазы да баса
айтқан.
45
Әртүрлі аңыз-әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен жасы жөнінде
әртүрлі пікір айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе,
кейбірінде - 195-ке, тіпті 400-ге келген деген болжам бар. Ал Деде «Қорқыт
кітабында» Қорқыттың өмір сүрген уақытын Мұхаммед пайғамбардың
заманына жақындатады. «Расул уағалей һи уәс-салам заманына жақын Баят
бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты», - дейді ол кітапта.
Қазақтың аңыз-ертегілерінде Қорқыттың туған күнін өте қорқынышты етіп
көрсетеді. Ол күні алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, күн тұтыл-
ғандай, айналаны қара түнек басып, үш күнге дейін күннің көзі ашылмайды.
Қаратауды қаптаған қалың бұлттан күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып,
зәресін ұшырады. Халық аңыздары мен жазба деректерге және өзінің ғылыми
еңбектеріне сүйенген қазақтың академик ғалымы Ә.Х.Марғұланның мәлім-
деуінде, Қорқыттың шешесі нәрестені тоғыз күн ұдайы қатты толғатып,
ерекше бір ғаламат қорқынышты жағдайда өмірге әкелгенін айтады. Сыр-
дарияның жағасы мен Қаратаудың айналасын қара тұман бұлт басып, күн
тұтылады. Сондықтан Қорқыт туған бұл үрейлі қара түнек күнді халық
«Қараспан» деп аталған. Сұрапыл дүлейден, қара түнектен қорыққан халық
жаңа туған балаға «Қорқыт»- деп ат койған. Мағынасы «Қорқыт, қорқытты»
деген ұғым береді. Махмуд Қашқаридың айтуынша, халық өлеңдерінде,
«Оғызнама» жырында Қорқыттың туғаны ерекше сипатталады. Мұны
академик Ә.Х. Марғұлан да қуаттайды. Сырдарияға жақын Қаратау
төңірегінде өмірге келген Қорқыт туғанда сөйлеп туыпты. Ол тау Қарашық
(Қаратау) немесе «Қараспан» - деп аталған.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
46
Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең
білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарының бәрі тұп-тура келіп отырған
әулиенің көңіліне тәңірім нұр құйған ғой.
Ол алдымен оғыз қауымының мүшкіл халін айтқан. Нендей іс болса да,
әбден таныспайынша, көз жеткізбейінше кіріспейтін Қорқыт Атаның сөзін
Қорқыт Ата
Қазақ халқының саяси тарихында өшпес із
қалдырған хандардың орны ерекше. Оларға
Қасым, Есім тәрізді хандар жатады. Қасым хан
қазақ халқының басын құраушы болды. Ол
болашақты болжай білетін әрі сақ саясаткер, тез шешуді талап ететін
мәселелерде зор шыдамдылық таныта білген адам. Қазақтардың тұңғыш
Достарыңызбен бөлісу: |