Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет11/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

X X  гасырдагы саяси 
ой-пікірлер


Психоаналитикалық  ағымның 
негізін 
салушы 
австриялық  дәрігер- 
психопатолог  және  психиатр  З.Фрейд  (1856-1939  жж.).  Бұл  ағымдағы  басты 
мәселе  дені  сау  адамның  бейсаналық  іс-қимылдарының  өмірдегі  орны  мен 
рөліне,  маңызына  көңіл  аудару.  Бейсаналық  құбылыстар  туралы  теориясын 
Фрейд  саяси  процестерді,  мәдени,  әлеуметтік  қатынастарды  және  әдет- 
ғұрыптарды түсіндіруде қолданады.  Барлық адам  іс-әрекеті негізіне инстинкті 
алады.  Фрейд пікірінше, адам психикасы үш деңгейдің байланысынан тұрады: 
бейсаналық,  алғашқы  саналық,  саналық.  Бейсаналық  құбылыс  адам  психика- 
сындағы  негізгі  компонент  және  ол  адам  психикасының  мәнін  көрсетеді.  Ал 
саналы  әрекеттер  ерекше  интуитивтік  құбылыс  болып  саналады  және  ол 
бейсаналық деңгей негізінде пайда болады.
З.Фрейд
Осы  себептерге  байланысты  XX  ғасырдың  60  жылдарында  Батыс 
саясаттану  ғылымында  жаңа  бағыт-неофрейдизм  пайда  болды.  Фрейдизмнің 
негізгі  қағидаларын  жақтай  отырып,  ол  оның  кемшіліктерін  түзетпек  болды. 
Бұл  ағымның  өкілдері:  К.Юнг  (1875-1961  жж.),  Э.Фромм  (1900-1975  жж.), 
Г.Маркузе (1898-1979 жж.), А.Адлер (1870-1937 жж.), В.Райх (1897-1957 жж.). 
Олар  адам  іс-әрекетіндегі  санасыздық  құбылысты  жоққа  шығармады,  бірақ 
адамның  бүкіл психикасын немесе  бүкіл  адами рухты тек  онымен түсіндіруге 
болмайды деп есептеді.
К.Юнг
38


А.Адлер 
В.Райх
Технократизм  саясаттанудағы  белгілі  бір  ағым  ретінде  XX  ғасырдың 
басында  пайда  болды.  Оның  негізін  салушы  американ  әлеметтанушысы 
Торнстейн  Веблен  (1857-1929  жж.)  қазіргі  қоғамдағы  анархия  мен  тұрақсыз- 
дық  мемлекетті  саясаткердің  басқаруынан  туындаған  құбылыс  дейтін  тұжы- 
рым жасады.  Қоғамды ондай «науқастан»  сауықтырудың жолы экономикалық
Торнстейн Веблен
39


Либерализм  қалыптасқан  дәстүр,  догмаларға  тәуелді  болмайтын,  өзін 
анықтауға  ұмтылатын,  адамға  жасалатын  мемлекеттік,  қоғамдық  қысымдар- 
дың  түрлерін  жоюды  мақсат  еткен  саяси  ілімдердің  жиынтығы.  Оның  негізін 
салушылар  Дж.Локк,  Джон  Стюарт  Милль,  Фридрих  Хайек,  Карл  Поппер, 
Р.Даль, Г.Моргентау және т.  б.
Дж.Локк
Фридрих Хайек
Р.Даль
Джон Стюарт Милль
Карл Поппер
Г.Моргентау
40


Консерватизм.  Бұл  ұғым  саясаттануда  адамдардың  қалыптасқан,  дәстүрлі 
нормалар  мен  құндылықтарды  жақтап,  оны  сақтап  қалуға  тырысып,  жаңаны 
қабылдамауға  тырысушылық  ретінде  түсіндіріледі.  Бұл  ағым  өкілдері 
мемлекеттің  экономикаға  араласуын  шектеу  принципін  жақтайды.  Мемлекет 
саяси қызмет атқаруы тиіс деген көзқарас қалыптастырады.
Анархизм  -   алдымен,  қоғамның  белгілі  бір  әлеуметтік  қабаттарының 
көзқарастары мен мүдделер ауқымын қамтитын идеялық-теориялық ағым.
Сондай-ақ,  анархизм  -   кез-келген  саясатты  жоққа  шығаратын  саяси 
қозғалыс.  Оның негізін салушылар: Штинер, Прудон, Бакунин, Кропоткин.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1.  Саяси ғылымның тарихын оқып-білудщ маңызы неде?
2. Құлдық және орта ғасыр дәуіріндегі саяси ойшылдар көзқарасы туралы не 
айтасыз?
3.  Жаңа  заман  және  қазіргі  заманның  саяси  көзқарастары  саясат  туралы 
қандай пікірлерді айтады?
4.  XX  ғасырдың  саяси  көзқарасы  саясат  туралы  нендей  пікірлерді 
баяндайды
Әдебиеттер:
1.  Нарматов  С.З.  и  др.  История  политических  учений.  Учебное  пособие, 
Алматы,2006.
2. Политология: хрестоматия.под.ред. М.А. Василика. М.,  1999
3. Қапесов Н.  Саясаттану.  оқу құралы А., 2003
4.  Джунусова Ж. Введение в политологию А.,  1998
3 -  Дәріс 
Қазақстандағы саяси ойдың қалыптасуы
Сабақтың  мақсаты:  Студенттерге  Қазацстандагы  саяси  ойлардың 
қалыптасу туралы түсінік беру.
Сұрақтар:
1. Қазақ халқының саяси ойларының бастауы
2. Хандар билігі.  Тәуке хан заңдары
41


3 Қазақ даласындагы егемендік идеясы
3. X IX  гасырдагы Қазацстандагы саяси ойлар
Қазақ  халқының  рухани  мұрасы  да  саяси  ой- 
пікірлерге  бай.  Оның  ішінде  ең  шоқтығы  биігі 
ислам  фәлсафасының негізін салушылардың  бірі - 
біздің  қандас  бабамыз  ұлы  ойшыл  әл-Фараби. 
Қазақтың  бірінші  фәлсафашысы,  әлеуметтанушысы,  математигі,  физигі, 
астрономы,  ботанигі, логика және тіл маманы,  музыка зерттеушісі  Әбу Насыр 
ибн Мұхаммед  ибн  Тархан  ибн  Узлаг  әл-Фараби  ат-Түрік  870-950  жылдары 
аралығында  өмір  сүрді.  Ол  Арыс  өзенінің  Сырдарияға  құяр  жерінде 
орналасқан  Фараб  (кейінгі  Отырар)  қаласында туды.  Бабамыз  ғылымның  сан 
саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып,  артына мол мұра қалдырды. 
Саясаттануға  байланысты  «Мейірімді  қала  тұрғындарынын  көзқарастары 
туралы»,  «Азаматтық  саясат»,  «Бақытқа  жету  жолдары»,  «Саясат  туралы» 
деген  еңбектері  бар.  Мейірімді  қала  Әл-Фарабидің  еңбектері  әлемнің  түкпір- 
түкпіріне  тарап,  оның  ықпалымен  Ибн  Руштің,  Ибн  Синаның,  Омар  Хайям- 
ның,  Роджер  Бэконның,  Леонардо  до  Винчидің  және  өзге  де  ойшылдардың 
дүниетанымы қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет