68 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
«уч» сөзі сандық
үш мағынасын берген. «Үш» сан есімі
тілдің екі сипатында ешқандай мағыналық дамуға
түспеген.
М. Қашқари сөздігінде:
Уч 1. Тау ағашы.
2.
Заттың
ұшы.
3.
Бір нәрсенің бітуі, шегі. 4.
а) ұшу, ә) өлу, б)
жығылу, в) өшу, сөну мағыналары таралған.
Үш-уч-үч
тұлғаларының мағыналық
тығыз байланыста екендігін
білеміз. Біздіңше,
үш сандық мағыналы сөздің алғашқы
көне мағынасы
ұш – заттың ұшы атаулық мағынасы
болған.
Үш – уч – үч – ұш тұлғалары бір-біріне себепші
негіз болып мағыналық байланысқа түскен. Мысалы,
үш саны -
үш нүктенің бірігуінен пайда болған. М.
Қашқари
сөздігіндегі уч - тау ағашы – жоғарыда,
үш
нүктенің түйіскен жерінде шыққаны үшін зат атауы
болып қалыптасқан. Ал
уч –
шекаралық аудан – ауыс
мағынасында заттың ұшы, шегі, шеті мағынасының
негізінде пайда болған. Уч 4. Бір нәрсенің бітуі, шегі
мағынасы Уч 3 семасынан тарап тұр. Уч 5. – ұшу
мағынасы, биікке көтерілу
семасымен қоса антонимдік
мағына да бар.
Ұшу – ұшып түсу – яғни белгілі бір
шекке жетіп құлау. Мысалы
, мұрттай ұшты –құлады.
Жығылу, өлу, өшу, сыну – мағыналық қырлары осы
ұшып түсу мағынасынан тарап тұр. Сандық
мағынадағы
«үште» – үш нүкте түйіседі, «
ұш»
атауында
үш нүкте түйісіп, заттың, нәрсенің шетін,
шегін, бір нүктесін көрсетеді. Демек, «
үш» сан есімі -
үш нүктенің бірігуі мен «ұш» – бір нәрсенің ұшы – бір
құбылыстың атауы. Заттық
мағына уақыт өте келе
сандық мағынаға ауысқан. Сөйтіп семантикалық тәсіл
арқылы бірнеше мағыналы сөздер дамыған. Түрколог,
алтаист ғалымдардың пікірінше, бір, екі, үш, төрт, бес,
алты, жеті сан есімдер өзге сөз таптарынан
69
транспозицияланып,
санданған.
Оқу
құралында
семантикалық тәсіл арқылы дамып, санданған
үш сөзі
талданып отыр. Сонымен, түркі (қазақ) тілдеріндегі сан
есімдердің алғашқы бастау көздері – адам танымы.
Тілдің көне дәуірінде есімдіктер
қазіргі тіліміздегідей
сан жағынан мол, тұлғалық жағынан әрқилы болмаған.
Қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктердің мағыналық
топтарының ішінде ең көнелері – сілтеу және жіктеу
есімдіктері. Н.А.Баскаков жіктеу есімдіктері сілтеу
есімдіктері негізінде пайда болғандығын жазады. Ал
түрколог Н.К.Дмитриев сілтеу есімдіктері генезистік
жағынан жіктеу есімдіктерімен
біртектес қаралуға тиіс
екендігін жазады. Сілтеу есімдігі де, жіктеу есімдігі де
бір-бірімен тығыз байланыста. Есімдіктену процесі
негізінде белгісіздік есімдігі, сұрау есімдігі, жалпылау
есімдіктері өзге сөз таптарынан ауысып келген.
Өздік,
жіктеу,
жалпылау
есімдіктерінің
транспозициялануы. Қазіргі тіліміздегі өз өздік
есімдігінің көрінісі мынадай:
Өз. есімдік. Іс-әрекетті, затты, нәрсені меншіктеуші,
иеленуші жақ (бір өзі, өз аяғына мініп кету, өз басы, өз
обалың өзіңе, өз қолы өз аузына жету т.б.) [15, 510 б.].
Көне түркі тілінде:
І.
Өz
1. Мән, өзек. 2. Өзі. 3. Өзінікі, өзіндік.
ІІ. Өz
Өмір.
ІІІ. Өz
Өзек (сердцевина) сияқты мағыналары
берілген [ҚТТС]. Өзге де мағыналары кездеседі.
Бірақ
олар тұлғалық жақтан сәйкес келгенмен, мағыналық
тұтастық байқалмайды. М. Қашқари сөздігінде:
70 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
І.
Өз
өз, өзі.
ІІ.
Өз
май.
ІІІ. Өз
алқап, аңғар.
ІҮ. Өз
жақын, өз адамы.
Ү.
Өз
адамның ішкі мүшелері.
ҮІ. Өз
1.Өзек. 2. Құрма ағашының жемісі.
ҮІІ. Өз
рух, жан.
ҮІІІ. Өз
уақыт, мерзім, заман.
Өздік есімдігі жалғыз болғанымен, мағыналық жақтан
біршама дамыған сөздер қатарына жатады.
Тарихи
тұрғыдан алып қарағанда
өз есімдігінің табиғаты өте
қызық.
Түркітанушы
П.М.Мелиоранский,
И.А.Батманов,
И.П.Дыренкова,
Н.К.Дмитриев,
Н.А.Баскаков, А.Н.Кононов сынды ғалымдар «лучшая
Достарыңызбен бөлісу: