66 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
мағыналарының
кеңеюі,
жіктеліп,
саралануы
нәтижесінде мағыналық
байланысы бар сөздер тілдің
сөздік
құрамын бірте-бірте
молайтқан
дегенін
қолдаймыз.
Сын есімнің тарихи табиғаты, сипаты өте қызық. Баға
берушілік қабілеті бар, сын-сапаны білдіретін сөздерді
адамдар көбірек пайдаланады. Себебі бір затты
көргенде немесе бір құбылысты байқағанда адам миына
сигнал барып, өзі көріп
тұрған зат пен құбылыстың
ерекше белгілерін жинақтайды. Ол белгілер сыртқа сөз
арқылы шығып, таңбаланады.
Қазіргі тіліміздегі конверсиялық жолмен жасалған
сөздердің табиғатын ашуда құрылымдық жақтан
қарастыру жеткіліксіз. Бұл тәсілдің айқын сипаты тек
семантикалық қырын тануда ғана жүзеге асатын іс. Ал
аффиксация тәсілі арқылы пайда болған сын есімдер
жайлы конверсиялық тәсілдің сын-сапалану процесін
зерттеген Ж.Т.Сарбалаев: «Адъективация тәсілі арқылы
сөз жасау, яғни сын есімнің
басқа сөз таптарынан
ауысып келген сөздер арқылы толығуы сын есімнің
сөзжасам жүйесінде аффиксация тәсілі пайда болғаннан
кейін бәсеңдеген», – деп жазды. Қазіргі тіліміздегі сын
есім жасайтын аффикстердің көп болуы, өнімділігі
осының айғағы.
Тіліміздің сөздік қорында сандық мағынаны беретін
сөздер ерекше тұрады.
Себебі тек сөзбен ғана емес,
цифрмен белгіленіп, математиканың да зерттеу нысаны
болуында деп ойлаймыз. Қазақ тіліндегі сан есімдер
жайлы еңбек арнаған ғалым Ә.Хасенов: «…сандық
семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, түрік
тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп
67
шықты» деген жорамал айтады. Сандық мағынадағы
сөздердің мән-жайы, сипаты туралы әр түрлі болжамдар
айтылады.
Мысалы
«Сравнительно-историческая
грамматика тюркских языков» (1986) атты кітапта
сандану процесі тек сандық,
көлемдік, мөлшерлік
ұғымды зат есімдердің қолданылуы деп түсіндіріледі.
Сандық мағыналы сөздердің дербес сөз табы болып
қалыптасуы жайлы профессор М.Томанов былай деп
жазды: «Бір кезде зат пен қимыл, әрекетті білдірген
сөздердің кейбірі адам баласының айналадағы дүние
жайлы ұғымдарының
дифференциялануына адам
ойының интеллектуалдық өсуіне байланысты сан, зат
пен құбылыстың сандық мөлшерін, шамасын білдіре
бастауы әсте жат құбылыс емес. Екінші жағынан, басқа
сөз таптарынан сандық мән алып, сан есімге ауысқан
түбірлер тілдің даму барысында
өзара бірігу жолымен
немесе аффикстер арқылы күрделеніп отырған». Қазіргі
қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесін жеке
зерттеу нысаны ретінде қарастырған ғалым Н.Оралбаева
жалпы
сөзжасамда
сан
есімнің
жасалуында
семантикалық тәсілдің бар екендігін жазады. Аталған
сөзжасамның тәсілі еңбекте арнайы сөз болмайды.
Сандық атаулар заттық, қимылдық атаулардың
макросемаларынан жіктелген.
Ұш ~ ұш ~ ұш және үш ~
Достарыңызбен бөлісу: