Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет53/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Тоқта құрбыларым,
Жоққа есеп осы күнде менің барым,
Аямай елім оққа байлаған соң,
Кетер ме өлгенімше іштен зарым.
Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын,
Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын.
Өлерде аямады қайда аяйды,
Сендерге енді мойын бұра алмаймын.
Кезінде Əлихан Бөкейханов Қалқаманның соңғы монологы ту-
ралы “Бұл өлең соны, сұлу болса да, ішінен ақаулығы көрінеді. 
Қоштасқан зарлы адам көңілге жалынушы еді. Мұнда ақыл 
жығып тұр. “Деймісің қалмақ сені тентіретпесті” айтуға ол жер-
де Қалқаманның əлі не келе қойсын” (“Қазақ”, 1915, N121) – деп, 
кейіпкер характерін ашудағы сезім мен іс-əрекеттің байланысы 
оншалықты қиыспай жатқандығын сынаған болатын.
Əлиханның оқиғаны тікелей қабылдап, оның өмір шындығына сай 
болуын жақтауын кінəлауға болмайды. Дегенмен, көркемдік шешім 
Шəкəрім жағында екені еш талассыз. Ақынның Қалқаманның елден 
кету себебін тəптіштей айтып, оны жан-жақты суреттеуінде екі түрлі 
себеп бар. Жəне осында ұтымды қолданылған суреткерлік шешім 
бар. Біріншіден, “Белгілі Мамырдан соң көп жүрмесім” деп өзіне-
өзі үкім шығарып қойған Қалқаманның “Ешкіммен ойнап-күліп 
жүре алмаймынында” шындық жатыр. Ол – тəн ашуы емес, жан 
ашуы. Сүйгенінен айырылған жаны жаралы жанның соңғы шешімі. 
Оның “Ажалға көпе-кернеу бел байлауының себебі де осында, 
оған “Мамырдан қалған жанның керегі жоқ”. Кейбір зерттеушілер 
айтқандай, Қалқаман бейнесі Мамырдан солғын шығып жатқан 
жоқ. Керісінше, ақын Қалқаманның бүкіл болмысын ашуды соңына 
дейін құпия ұстаған. Дастанның соңында ғана ол бар болмысымен 
жарқ етіп бірақ көрінеді жəне оқырман көзі алдында өшпестей бо-
лып қала береді”.
Екіншіден, Қалқаман – ерен тұлға, ерекше жан емес, қарапайым 
көптің бірі. Бірақ ол – ішкі тіні берік адам. Шəкəрім Қалқаман мен 
Мамырдай басты кейіпкерлерін адам сенгісіз күйде емес, өмірдегі 


164
нанымды жандар ретінде бейнелеуге тырысқан. Олардың бар 
құдіреті, артықшылығы ішкі сезімде. Бұларда ішкі бұлқыныс, ішкі 
ерік-жігер күшті. Мамырын өлтіріп, өзін оққа байлаған елден безуге 
ерік-жігерінің жетуі Қалқаманды оқырманның көз алдында биіктете 
түседі. Жаны жасық, жүрегінің оты жоқ жан болса, “а, құдайлап” кел-
ген құрбыларымен құшақтаса көрісіп, құдайдың тірі қалдырғанына 
құлшылық етіп, қоңырқай тұрмыс-тіршілігін жасап жүре берер еді. 
Қалқаман ондай жан емес. Ол – жанын арының садағасы санаған, 
асқақ реалистік шыншыл бейне. Шəкəрім оны солай сомдағысы кел-
ген, солай сомдаған да! Қалқаманның елден безуі – тағдырдан, ажал-
дан қашуы емес, ол өлімнен емес, əділетсіздік жайлаған жұрттан 
безді. Бұл – “Рахымсыз, бауырсыз еліне” көрсеткен қарсылықтың, 
күрестің саналы əрекеті еді.
Поэмадағы қайшылықты кейіпкер – Көкенай. Ол – өз заманының, 
өз дəуірінің ұлы. Сан ғасырдан бері қалыптасқан қазақ елінің əдеп-
ғұрып, салт-дəстүрінің сақшысындай тұлға. Ол – қатал да қатігез 
көзсіз ер, намысшыл батыр. Ел бірлігі, ел іргесі бұзылмауы жолында 
ол ештеңеден де тайсалмайды. Өз руының намысы тапталды деген 
ұғымдағы сенімі оны небір қатыгездікке барудан тартынтпайды. 
Ата жолын бұзып, өз руластарына қара күйе жаққан немере 
қарындасына оқ атқанда Көкенайдың қолы қалтырамауы – оның өз 
сеніміне беріктігінің белгісі. Шəкəрім Көкенай батырды оқырманға 
таныстырғанда, өзінің оған деген жылылығын жасырмайды.
Көкенай – Мəмбетейдің бастаушысы,
Өзі батыр, мінезі қатты кісі,
Сол кісінің алдынан тараушы еді,
Бабаңнан соң бұл елдің көп жұмысы.
Ол – тобықтының Əнет бабадан кейінгі бетке ұстар адамы, ел 
тұтқасы – батыры. Сондықтан өз түсінігіндегі əділет жолындағы 
күресте Көкенай еш нəрседен тайынбайды. Тереңнен ойлайтын абыз 
Бабаның екі жас тағдырына араша түспек əрекетін оның түсінгісі 
келмейді. Баба əрекетін солқылдақтық деп біледі. Егер екі жас жазасын 
алмаса, елді бөліп əкетпек. Көкенай Қалқаман мен Мамыр дер кезінде 
жазаланбаса, өзіне кешірілмес күнə санайды. Оны толғандыратын 
мəселе – кейінгі ұрпағын жат үлгіден сақтандыру. Көкенайға тəн 
мінезіндегі қаттылық, қала берді қатігездік осынау жат əдеттің салтқа 
айналып кетпеуін көздеуден туғандықтан да өзін-өзі ақтайды. Шəкəрім 


165 
ақын Көкенай батыр табиғатын жақсы танып, оны жанымен түсініп, 
мінезінің қаттылығын, қанішерлік, кешірімсіздігін – зұлымдық етіп 
көрсетпей, ел ағасы, ата-ғұрыпты бұзған адам туысы болса да аямай-
тын ел намысының қорғаны ретінде сомдаған. Көкенай – соған лайық 
Қаһарман. “Ол – өз заманының перзенті, рулық, патрихалдық мораль 
сақшысы” (М. Мағауин).
Шəкəрім Құдайбердиевтің “Қалқаман-Мамыр” поэмасы – 
Қалқаман мен Мамыр арасындағы махаббатты бейнелей отырып, 
сол дəуірдегі адам санасын, қоғамдық-əлеуметтік өмірді, ондағы 
қайшылықты құбылыстарды кең көлемде көрсетуге бағышталған 
туынды.
Шəкəрімнің “Еңлік-Кебек” поэмасының жазылғанына 119 жыл 
болыпты. Бұл поэманың да жарық көргеніне 100 жыл толып отыр. 
Дастан 1912 жылы Семейдегі “Жəрдем” баспасынан жарық көрген. 
Шəкəрім “Еңлік-Кебекті” тікелей Абайдың тапсыруымен жазған. 
Поэманың жанрын – əлеуметтік дастан деп қарастырған орынды. 
Көп ғалымдар осы пікірге тоқтап жүр (М. Мағауин, Б. Əбдіғазиев 
жəне т.б.). Өйткені ақын ғашықтар трагедиясын сыртқы арқау 
ретінде ала отырып, негізінен сол кезеңдегі əлеуметтік мəселелерді 
басты назарда ұстаған. Поэмаға өзек болған оқиға желісі туралы 
Шəкəрім шағын кіріспеде былай дейді: “Бұл əңгіме – 1780 жылы 
шамасында, осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында 
болған іс. Шариғатта əкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті 
десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының 
пайдасын ойлап берер дегені. Əйтпесе, жас баланы сатып, пайда-
ланып, кем-кетікке беріп обалына қал демейді. Мен соны ойлап, 
Еңлік-Кебекті соншалықты жазалы демеймін”. Кіріспеден көріп 
отырғанымыздай, ақынның Еңлік-Кебек тағдырына деген көзқарасы 
айқын, ол – олардың жақтаушысы. Ендеше дастан осы бір көзқарас 
ыңғайында жазылып, екі жастың іс-əрекетін ақтаушылыққа 
бейімділік байқалады. 
Автор ел ішінде аңызға айналған, болған оқиғаның ізімен жаза 
отырып, поэмадағы екі жастың махаббат трагедиясын жеке адам-
ның қасіреті ретінде бағаламай, сол тұстағы қазақ қоғамының қа-
саң қағидаларын ескілікті сананың қасіреті ретінде бейнелеуге 
ұмтылады.
Поэмадағы оқиға сюжеті қысқаша былай болып келеді. Ма-
тай мен Тобықты арасындағы жерге байланысты тартыс-талас 
толастаған бір сəтте Тобықтының жас батыры Кебек Еңлік сұлуға 


166
кездеседі. Екеуі бір-біріне ғашық болып, ақыры тағдырын қосып
елден жырақ тұрып жатады. Осы тұста Матай елі қалыңын төлеп, 
айттырып қойған қызды қайтарып, Кебекті жазалауды сұрап, 
Тобықты еліне кісі салады. Ел арасы тағы бұзылатын болады. Осы-
ны сезген Тобықты басшысы Кеңгірбай Матайларға қашқындарды 
өздері ұстап алып, жаза қолдануға рұқсат береді. Олар Кебек пен 
Еңлікті жасырынып жатқан жерінен қолға түсіріп, өлім жазасына 
кеседі. Сөйтіп екі жас қайғылы қазаға ұшырайды.
Поэмада махаббат мəселесі өте қысқа сөз болады. Еңлік пен 
Кебектің кездесуі, қашып кетуі, Шыңғыстауда жасырынып жатуы. 
Ал оқиға дамуының бүкіл тұтқасы Матай мен Тобықты арасындағы 
айтыс-тартыста, екі жастың тағдырын шешудегі əлеуметтік астарда 
жатыр. Бұнда ел мен елдің тартысы, ру мен рудың бəсекесі алдыңғы 
қатарға шыққан. Екі ел де өз намысын жібермеуге тырысады. Түптің 
түбінде ескі салттың қатаң қағидасы бойынша шындық салмағы 
Матай жағына ауа бастайды, Тобықты жағы шарасыз. Осы бір за-
мана сипаты ерексіз туғызған жалған шындықтың құрығына Еңлік 
пен Кебек ілігеді.
Поэманың басты кейіпкерлері Еңлік пен Кебек. Бірі – ел 
мақтан тұтқан батыр, екіншісі – ардақ тұтар ару. Кебек “Қалқаман-
Мамырдағы” Қалқаман секілді қарапайым жан емес. Ол – елге 
енді танылып келе жатқан жас батыр. Ертеңгі ел қорғаны болуға 
ұмтылып, көзге түсіп, елдің үміт отын жаққан жігіт. Шəкəрім 
Кебектің жорықтарын, батырлық соғысын көрсетпегенмен, алғашқы 
таныстырудағы бітім-болмысын ерекшелеп береді. Соның өзінен-
ақ Кебектің қандай жан екені айқын танылады. Өзгелерден тым 
ерекшелініп кетпесе де, болайын деп тұрған ұл екені елес бергендей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет