Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,
Өкінішті қалмайды кетсе ағатың.
Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артыңда адам атың, –
дейді Шəкəрім. “Үш-ақ түрлі өмір бар”… Осы бір жолдарда адам
өмірінің бүкіл болмысы айқындалып тұр. Ақын өмірдің ортаншы-
сын көрсету, соған негізгі ойдың салмағын сала меңзеуі арқылы,
адамды ізденіске, білімге талпындырады. Осынау екі шумақ арқылы
түйінделген тұжырымда, ақынның ағартушылық ой идеясының
тұтқасы жатыр. Ол – ізденіс, ол – еңбек.
Ал еңбек тақырыбы – Шəкəрімнің бүкіл ағартушылық болмы-
сы мен даналық ойының – дəні де нəрі. Абай “еңбек түбі зейнет”
деген ұлы қағиданы ұстанып, “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның
тіленбей” деген қанатты сөз қалдырса, Шəкəрімдегі еңбек ізденіспен
тығыз байланысты. Шəкəрімдегі ой “Инемен құдық қазғанды”
меңзейді. Жəне ол үнемі алға ұмтылысты жақтайды, соған үндейді.
Оған үлгі ретінде Абай жолын ұсынады.
Шəкəрімді ақын ретінде де, дана ойшыл ретінде де толғантқан,
тұңғиық ойдың тереңіне тартқан тылсым сырдың бірі – “өмір”
ұғымы. Ол ақынның “Дүние мен өмір”, “Өмір”, “Тумақ, өлмек –
тағдырдың шын қазасы”, “Өмір сырын көздесең”, “Анадан алғаш
туғанымда”, “Үш-ақ түрлі өмір бар…” өлеңдерінің тақырыбына
арқау болған. Қашанда болмасын, қай заманда болмасын ақындар
адам ғұмырына өз өресі жеткен биіктен ой жіберуге тырысып-
ақ баққан. Ежелгі жыраулар мен жыраулық толғам мен ақындық
айқындықты ұштастырған Бұқар толғауларынан мұны айқын
байқаймыз. Шəкəрім де бұдан тыс қала алмайды. Дүниеге келу мен
кетудің мəні неде?.. Өмір соңы өкініштен тұра ма?.. Өкінбестей
айла бар ма?.. Міне, Шəкəрімді толғандырған осы сұрақтар. Адам
баласының дүниеге келуінің өзінен Шəкəрім оның өмір жолының
бар мəнін ашып береді.
Анадан алғаш туғанымда,
Жыладым неге дыбыстап?
деп басталатын өлеңінде ақын адам өмірінің мың құбылған астар-
лы сырына үңіледі. Сəбилік түйсік пен есейген сезімнің тоғысынан
өмір атты ұлы ұғымның мəнін ашуға ұмтылады. Əлгі сұрақтың жа-
уабы қандай болмақ? Жауабы мынау:
156
“Мұқтаждық өмір жолы бұл” – деп,
Мұңайтып ақыл жылатқан.
“Жас өмір қызық оны біл” деп,
Алдамшы үміт уатқан.
Ақын ойынша өмір қиындығын жеңер жалғыз күш – алғы күннен
жақсылық күтер үміт. Үміт алға жетелейді. Бірақ үмітке “серік”
қажет, ол – “серік” – “өмір өлімге тұсалғанға” шейінгі аралықтағы
қажет қасиеттер.
Еңбекке шыда, ебін тап та,
“Сабырдың түбі – сары алтын”.
Өзімшіл болма, көпті ардақта,
Адамның бəрі өз халқың.
Ынсап пен мейрім, əділетті,
Жаныңдай көріп, жан сақта.
Ол жолда өлсек, неміз кетті
Мақсатқа жетпей қалсақ та.
Ұлы Абай өмір туралы:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бəрі өзгермек, –
деп толғанса, Шəкəрімнің де өмір туралы тұжырымы осылай
өріледі. Бірақ Шəкəрім танымының бір сыры – ол өмірдің алдамшы
екенін біле тұра, оны өкінбестей өткізудің нақты мысалдарын алға
тартуында.
Тумақ, өлмек-тағдырдың шын қазасы,
Ортасы өмір, жоқтық ғой – екі басы.
Сағымдай екі жоқтың арасында,
Тіршілік деп аталар біраз жасы.
Иə, өмірге келдің, кеттің, белгі бар ма?! Белгі қалуы мүмкін бе?
Сағым дүние сағым күйінде қала бермек пе… Өкініш! Ал осы сағым
дүниені сағынышты өмірге айналдыруға бола ма? Болады. Ол үшін
Шəкəрім жеті нəрсені бұлжытпай орындауды ұсынады.
157
Өмірдің өкінбейтін бар айласы,
Ол айла – қиянатсыз ой тазасы.
Мейірім, ынсап, əділет, адал еңбек,
Таза жүрек, тату дос – сол жарасы.
“Қош жұртым!” атты өлең – аты айтып тұрғандай, Шəкəрімнің
өмірінің соңына қарай жазылып, ақын шеберлігінің кемеліне жеткен
кезінде дүниеге келген туынды. Өмірден көргені көп, түйгені мол
ақынның өткенге ой жіберіп, келешекпен сырласуы десе болғандай
бұл өлеңді. Мұнда лирикалық кейіпкер өз өмірін қортындылайды.
Терең тебіреністен туған өлеңде ойшылдық басым.
Қалған қараңғыда елім,
Ойлап толғаумен
Сынатұғын белім.
Бұл алтын таңның атқан нұрынан
Тұр есе алмай елім.
Шəкəрім – нағыз лирик ақын. Оның лирикасы сыршыл сезімге
толы. Өлеңдері көркемдік бояуы қанық, жүректің қылын шертетін
нəзіктікке бай болып келеді. Абай өлеңдерінен табылатын
суреткерлікке тəн белгілер Шəкəрімнің лирикасынанда бой көрсетіп
отырады. Өйткені Шəкəрім – Абай дəстүрін, оның сөз өнеріндегі
үлгі-өрнегін жаңашылдықпен байытып, дəстүр мен жаңашылдық
бірлігінен жаңа жол, соны соқпақ тапқан ақын.
“Əкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы –
бауырың” деген Абай қағидасын Шəкəрім – бүкіл өмір бойы берік
ұстап өткен адам. Ақын:
Адамның маған бəрі бір,
Не мұсылман, не кəпір.
Тамам адам бір бауыр,
Бөлінбесе өлген соң.
Мен ұлтшыл емеспін,
Жақыным мынау демеспін,
Ашылсын анық көмескім,
Айтайын кезі келген соң, –
дейді.
“Шəкəрімнің лирикасындағы адамгершілік идеяларды иығымен
көтеретін негізгі тұлға – ақын. Шəкəрім ұғымынша ақын қашанда
158
өз дəуірінің ең ауыр жүгін көтеруге тиіс”, – дейді шəкəрімтанушы
ғалым Б. Əбдіғазиев.
Арыңның болсын өлең айнасындай,
Көрікті, көптің ортақ – пайдасындай.
Жосылып жатсын артта жортқан жолы,
Арыңды, асқақ өзен арнасындай.
“Ақындарға” атты өлеңінен алынған шумақтан ұғарымыз, өлеңдегі
таза ойдың өміршеңдігі кейінгіге үлгі-өнеге шаша алуында.
Шəкəрім поэзияны сөз өнерінің ең озық үлгісі деп біледі. Ұлы
Абай “өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” десе, Шəкəрім өлеңді
“қоспасыз, таза күміске” теңейді. Сондықтан да ол өлең өнерінің
асыл қасиетін ардақтап өткен. Оған өз шығармашылығы арқылы
мысқалдай болса да нұқсан келтірмеуге тырысып баққан. Шəкəрім
– поэзия өлкесінде өз биігінен еш төмендемеген, қазақ өлеңін биікке
көтерген ХХ ғасырдың ең айтулы ақыны. Ол қазақ поэзия əлеміне
өшпес өрнегін салып кетті. Өзінің поэзияға, өлеңге қойған мына
талабының өресінен шыға білді.
Ерікті билеп алсын айтылған жыр,
Сырты – гүл, жарасымды ішінде – сыр,
Жаныңның лəззат алар жарығындай,
Мəңгілік өшпейтұғын төгілсін нұр.
Өлеңнен сезім терген, сыр терген, сол арқылы санаға ақыл құйып,
нəр берген Шəкəрім асыл сөзі арқылы кейінгіге өсиет қалдырып,
өнеге беріп кетті. Надандыққа қарсы білімді, енжарлыққа қарсы
еңбекті қойды. Сол арқылы елін алға жетеледі, алғы ұрпақтың
үмітін жақты.
Адам үшін еңбегім,
Өмірден бар тергенім.
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол, жастар бергенім!
деп өзі айтқандай, соңына мол мұра қалдырып, таңдауды да, тануды
да кейінгі ұрпаққа аманат етті.
|