160
Тілегім келді орнына арманым жоқ,
Артында Қалқаманның қалғаным жоқ,
Мені сен өлтіргенмен жасармайсың,
Сүйткенмен жас жанымды алғаның жоқ.
Тағдырдың сүйгенінің алдында алып махаббатының пəктігі
сақталғанын жұбаныш еткен Мамыр рухының биіктігі осы жол-
дардан анық сезіледі. Ақын екі жас жағында, ол екі жастың тра-
гедиясы арқылы олар өмір сүрген тұстағы қоғамның қатігездігіне
өз үкімін шығарады. Тақырып желісі махаббат болғанмен де, ақын
сол
тұстағы қазақ өмірінің, салт-дəстүрінің, ой-сана, көзқарастар
қайшылығының бүкіл қыр-сырын ашуға ұмтылған.
Поэмада баяндалған оқиғаның қысқаша мазмұны мынадай.
Ағайындас екі жас Қалқаман мен Мамыр бір-біріне ғашық болып
қалады. Шын сүйген жүрек өз дегеніне жетіп, олар қосылады.
Бұған Мамырдың немерелес ағасы Көкенай батыр қарсы болып,
ақыры ол Мамырды садақпен атып өлтіреді. Қалқаманның жақыны,
тобықтының əулиесі іспетті Əнет бабадан Қалқаманды ұстап беруді
сұрайды. Əнет баба үкімді
қанша жұмсартқысы келгенімен, одан
ештеңе шықпайды. Ақыры жүйрік атпен шауып өтетін Қалқаманды
Көкенайдың садақпен атуына шешім шығарады. Көкенай батырдың
атқан оғы Қалқаманның қара санынан тиіп, ердің қасын жарып
өтеді. Тірі қалған Қалқаман еліне өкпелеп, Ұлы жүздегі нағашы
жұртына жол тартады. Осы кезде қалмақ-қазақ
соғысы басталып
кетіп, бұл оқиға ұмытылып, аяқсыз қалады. Кейін ел есін жиған
тұста Қалқаманды іздестіру мүмкін болмай қалады.
Шəкəрім сюжеттік желіге осынау тарихи оқиғаларды негіз
ете отырып, қазақтың бұрынғы тұрмысын, əдет-ғұрпын
кеңінен
көрсететін махаббат драмасына құрылған дастан жазып шыққан.
Поэмадағы махаббат мəселесі Шəкəрімнің жалпы адамгершілік,
азаматтық көзқарасының негізі ретінде көрініп, оның бостандық
сүйгіш бағытын айқындайды.
Поэмадағы басты кейіпкер – екеу. Олар – Қалқаман мен Ма-
мыр. Ақын осы екі кейіпкерін сырттай ғана бейнелеп қоймай, ішкі
сезімдеріне терең бойлап, олардың өздеріне ғана тəн табиғи болмы-
старын аша алған. Ақын оқиғаны екі жастың балғын кезінен бастап
дамытады. “Əрі сұлу, əрі есті, еркекшора” бай қызы Мамыр бозба-
лаша киініп жүрсе де, жігіттердің көз құрты болады.
Оған ғашық
Қалқаман өз сырын жылқы бағып жүргенде білдіреді. Жұмбақ
161
күйінде айтылғанмен, жігіт ойында не бар екенін сезген ақылды
қыз өзіне туыс болып келетін жігітке басу айтады. Бірақ өзінің
ғашықтығын қайта-қайта еске
салған жігітке ақыры кездеседі, бір
шешімге келеді.
Достарыңызбен бөлісу: