А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


ІІІ.4. ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет87/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (3)

ІІІ.4. ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
1.Драмалық шығармалардың ӛзіндік ерекшелігі. 
2.Драмалық шығармаларды оқытуға даярлық. 
3.8-сыныпта Д.Исабековтің «Әпке» драмасын оқыту жолдары. 
Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі. Орта білім бететін 
мектептерде эпикалық, лирикалық шығармалармен қатар драмалық шығар-
малар да оқытылады. Драмалық шығармалар басқа жанрдағы шығармалар 
сияқты әдебиет заңдылықтарына бағынады. Сондықтан драмалық шығарма-
ларды оқыту принциптері эпикалық, лирикалық шығармаларды оқыту әдіс-
тәсілдерімен сабақтас келеді. Дегенмен драмалық шығармаларды оқытудың 
ӛзіндік ерекшеліктері де болады.
Драма — әдебиеттің үлкен бір жанры. Ол ӛзінің қоғамдағы орны мен
жазылу формасы арқылы эпостық және лирикалық шығармалардан 
дараланады. Драма бір жағынан әдебиет туындысы болса, екінші жағынан ол 
театр ӛнеріне негіз болады. Мектепте драмалық шығарманы оқытқанда оның
осы екі жақтылығын ескеру керек.
Драма мазмұнына қарай үш түрге бӛлінеді: комедия, драма, трагедия. 
Драмалық шығармаларда автор ӛмір болмыстарын кӛркем типтік жағдай-
ларда тартыс үстінде кӛрсетіп, белгілі бір идеяны ұсынады. Драманың басты 
нысаны — адам, оның қоғамдағы орны, іс-әрекеті, жеке басының қасиеті, 
ізгілікке ұмтылуы, күресі. Театр ӛнерінің дамуына байланысты драмалық 
шығармалардың түрлері дами түсуде (оперетта, водовиль, либретто т.б.). 
Драма мәтіні тек кейіпкерлердің сӛзінен тұрады. Диолог, монолог 
түрінде жазылады. Драма шығармасы сахнаға ойналғанда «пьеса» немесе 
«спектакль» деп аталады. Пьеса ӛз ретінде афишадан, акті, сурет, кӛрініс-
терден тұрады, уақытпен шектеледі. Мұнда авторлық баяндаулар, сурет-
теулер болмайды. Кейде автор ӛз тарапынан оқиғаға, не декорацияға, не 
кейіпкерлерге қатысты сілтеме түсінік келтіреді. Бұл сілтемелер «ремарка»
делінеді және жақшаға алып жазылады.
Қазақ әдебиетінде драма кейіндеп дамыған саланың бірі. Сондықтан 
қазақ әдебиетін оқытуда драманы оқыту әдістемесі дамымай келеді. Бұған 
тағы бір себеп мектеп қабырғасында оқытылатын драмалық шығармалардың
аздығы және оны оқытудағы теориялық тіректің жоқтығына да байланысты.
Орта буын сыныптарда драмалық шығармалардан Д.Исабековтің «Әпке» 
драмасы оқытылады. Жалпы білім беретін мектептердің орта буынында тек 
бір ғана шығарма оқытылып келеді. Оның ӛзі 8-сыныпта.
Шолу жасай келе анықталғаны – 8-сыныптағы драмалық шығарма 
алмастырылып отырған. 1997 жылы жасалған 5-9 сыныптарға арналған қазақ 
әдебиеті бағдарламасының жобасында, кейінірек 1999 жылы жоба негізінде 
жасалған бағдарламасы бойынша Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасы 
оқытылып келген. 2010 жылғы бағдарламада бұл шығарма Д.Исабековтың 
«Әпке» драмасымен алмастырылған. Екі шығарманың да танымдық-тәрбие-
лік жағынан оқушыға берері кӛп. Дегенмен, бір мәтін кӛлемінде драмалық 
шығарма табиғатын еркін таныту мүмкіндігі аз.


204 
Әдебиеттің тарихи курсын оқитын жоғары сыныптарда қаламгер 
шығармашылығы аясында драмалық шығармалар да қамтылады. Мәселен, 11 
сыныпта Ғ.Мүсірепов шығармашылығын оқығанда «Қозы Кӛрпеш — Баян 
сұлу» трагедиясымен, М.Әуезов шығармашылығын монографиялы оқығанда 
«Еңлік — Кебек» пьесасымен, Б.Майлин шығармашылығынан «Майдан» 
пьесасымен танысады. Жоғары сыныптағы әдебиет пәні шолу бағытында 
болуы себепті аталған шығармаларды жеке талдауға мүмкіндік жасалмаған. 
Мәселен, Б.Майлинге «Азат әйел», «Кӛңіл айту» ӛлеңдері, «Майдан» 
пьесасын оқыту деп бар болғаны 2 сағат бӛлінген. Екі сағат кӛлемінде 
драмалық шығарма ӛлеңдерімен қосарланып берілген соң, тек шолып қана 
айтуға мүмкіндік болады деген сӛз. Ж.Аймауытовтың «Шернияз» пьесасын 
да «Ақбілек» романымен қосарлап бар болғаны 3 сағат берген. 11 сыныпта 
«1960 жылдардан осы кезге дейінгі әдебиетке жалпы шолу (2 сағат)»
1
деп 
кӛрсетілген тақырып бойынша да драмаға шолу жасау керектігін нұсқаған. 
Бағдарлама бойынша драмадағы тартыс, мінез-құлық, монолог пен диологтар 
туралы мәлімет беру керектігі кӛрсетілген.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мәселелері бойынша жазылған 
ғылыми еңбектер мен зерттеулерде драмалық шығармаларды оқыту жайлы 
кӛп айтыла бермейді. Аталған шығармалардың сахнаға арналып жазылатын 
ерекшелігі оны мектепте оқып талдауда белгілі бір қиындықтар туғызуы 
мүмкін. Бірақ қалай дегенде де, бұл туындылар мектепте оқыту мақсаты үшін 
оны талдау, игерту жолдары мен әдістері де тиімділік жағынан әдістемелік 
тұрғыдан қарастырылуы керек.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымында драмалық шығармаларды 
оқыту жолдарын қарастырған әдіскер-мұғалімдер мен әдіскер ғалымдар 
санаулы. Драмалық шығармаларды оқыту жолдарын қарастырып, әдістемелік
кӛмекші құрал жазған — Сайлау Дүкенбаев. С.Х.Дүкенбаевтың «Мектепте 
драмалық шығармаларды оқыту» атты оқу әдістемелік кӛмекші құралы 
жарияланған.
2
«Драмалық шығармаларды оқыту» тақырыбында кандидаттық 
диссертация жазылды
3
(Рыскүл Байділдақызы Бораш, 2006). Әдістемелік 
басылымдарда мұғалімдер тәжірибесінен жарияланып жүретін мақалалар да 
кӛбіне поэзиялық, прозалық шығармаларға арналады. Драмалық шығарма-
ларды оқыту тәжірибесінен мақалалардың кӛп жариялана бермейтіні аталған 
жанрды оқытудағы күрделілік пен әдістемелік сонылығына қатысты деп 
түсінеміз.
Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі әлі де кӛп 
қарастыруды, зерттеуді қажет ететін тың тақырып болып есептеледі.
1
Қазақ әдебиеті оқу бағдарламасы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім 
беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған. 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясы, Астана, 2010. 
2
Дүкенбаев С.Х.Мектепте драмалық шығармаларды оқыту. А., Мектеп. 1985 -86 б.
3
Бораш Р.Б. Драмалық шығармаларды оқыту. Пед.ғыл.канд ғыл.дәрежесін алу үшін 
дайындалған диссертация. А., 2006.


205 
Драмалық шығарманы мектепте талдауда мұғалім алдында бірнеше 
мәселе тұрады. Бұл мәселелер драманың тақырыбы мен идеясына, сюжеті 
мен композициясына, кейіпкерлер мен әрекеттерге, тіліне, сахналық қойы-
лымына т.б. қатысты.
Драмалық шығарманы талдау мәтінмен жұмыс істеу арқылы іске 
асады. Қашан да басты назар драманың тіліне аударылады. Тілдің қолданылу 
аясы, — адамдардың сӛйлесуі — диолог. Диолог — тіл болмысы. Сондықтан 
оған үңілу шығарманың сырын ашады. Драма тілі кейіпкердің жай ғана 
сӛйлеуі емес, автордың мақсатты түрде саралап салған сӛздері болып 
есептеледі. Демек, драма тілі — кӛркем тіл. Әлемге әйгілі драматургтер 
Шекспир тілі шынайылығымен, дәлдігімен, ойнақылығымен, уытты-ӛткір-
лігімен ерекшеленеді. Драмада адамдар тілі іс-әрекеттер арқылы бейнеленеді. 
Олардың бар болмысы, сӛйлеуі, киімі, жүріс-тұрысы, кейпі, мінезі — кӛруші 
назарында болды.
Эпикалық тек пен лирикалық тектің жанрларында танылатын кейіп-
керлердің болмысынан драмалық кейіпкер болмысы ӛзгеше. Себебі драмалық 
кейіпкер нақты іс-әрекетімен жанды қимылда кӛрінеді. Сахнадағы рӛлді 
сомдаушы актердің бет-бейнесінде, іс-әрекетінде, сӛйлеуінде жанды кейіпте 
танылады. Драмалық шығарманы оқып қабылдау мен оны нақты сахналық 
қойылымда кӛріп қабылдаудың айырмашылығы кӛп. Оқушы үшін тиімдісі – 
сахналық қойылымды кӛріп тамашалау. Себебі мектепте оқылатын 
драмалық шығармалардың барлығы дерлік сахналанған. Дегенмен сахна-
лық қойылымды кӛрсету мүмкіндіктері үнемі бола бермейді. Сондықтан 
драмалық шығарманы оқытқанда рӛлге бӛліп оқыту, мүмкіндігінше, оқу-
шылардың шама-шарқынша сахналату, рӛлмен оқыту аса маңызды. Бұл 
дайындық тӛменгі сыныптарда қалыптастырылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет