И. А. Зимняя педагогикалық психология


Педагогикалық қиындықтардың педагогқа әсері



Pdf көрінісі
бет196/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Педагогикалық қиындықтардың педагогқа әсері
 
Қарым-қатынасқа тҥскендердің біреуінің қиындықтары тек осы 
процестің ӛзіне, осы қиындықтарды бастан кешіріп отырғанның іс-
әрекетіне, жағдайға ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынастың басқа да 
мҥшелеріне, атап айтқанда, кері байланыс арнасы арқылы және де осы 
жағдайда болып тҧрған педагогқа да әсер етеді. Педагог не 
қиындықтарды жеңіп, қарым-қатынас пен іс-әрекетті жалғастырады, не 
жайсыздық сезімін сезіне отырып, коммуникативтік жағдайдың
ерекшеліктерін есепке алмау, дайындықтың, ҧйымдастырудың
жеткіліксіздігі ҥшін ыңғайсыздана отырып, жаңа коммуникативтік 
жағдайларды және іс-әрекеттің жаңа формаларын жасайды, не бірқатар 
жағдайларда қоршаған шындықты бағалаудың сәйкестілігін ӛзгерте 
отырып сыртқы кінәлаушы позицияны ҧстанады. Педагогтың қиналу 
кездерінің саны және оның «неғҧрлым кӛп болса – соғҧрлым жақсы» 
(жауапкершілік пен қызығушылық азырақ) қатынасы бойынша 
оқушылардың жауапкершілігі мен қызығушылығын бағалауы арасында 
жағымды мәнді байланыс бар екені кӛрсетілді (А.А. Реан). А.А. Реан 
бҧл фактіні психологиялық қорғаныс ретінде қарастырады, ол «ӛзіндік 
педагогикалық іс-әрекеттегі субъективтік қиындықтардың молшылы-
ғы оқушы тұлғасындағы түрлі объективті жағымсыздықтармен 
түсіндірілуінен («қиын контингент», «жауапсыз тұлғалар», «кәсіп 
үшін кездейсоқ адамдар» және т.б.)» кӛрінеді [188, 75б.]. Әрине, 
ҥйренушілерді бағалаудың осындай сәйкессіздігі, ӛз кезегінде, оларда 
қарым-қатынас жасау, педагогпен контакт орнатуда қиындықтар 
тудырады. 


346 
Педагогикалық қиындықтар
проблемасының жалпы
психологиялық контексті 
Жалпы қарым-қатынастағы қиындықтар серіктердің ерекшелік-
терін, 
қарым-қатынас 
сипатының 
коммуникативтік 
жағдайын, 
адамдардың 
педагогикалық 
ӛзара 
әрекеттесу 
ерекшеліктерін 
бейнелейді. Қиындықтарды тудырушы себептердің кӛпфакторлығына 
қарай, осы проблеманың жете талдауы бір мезгілде кӛптеген 
психологиялық проблемаларды және ең алдымен, «қатынас» (В.Н. 
Мясищев, Б.Г. Ананьев, Н.В. Кузьмина); әлеуметтік перцепция, яғни 
адамның адамды қабылдауы (А.А. Бодалев, В.А. Лабунская); танымдық 
іс-әрекеттің когнитивті стилі (У. Найссер, С.Д. Смирнов, Г.А. Берулава) 
сияқты проблеманы қарастыру болып келеді. Жалпы, жас ерекшелік 
психологиясы, 
тҧлға 
психологиясы, 
қақтығыстану, 
әлеуметтік 
психология курстарын жете және қызығушылықпен оқымайынша 
олардың негізгі механизмдері мен заңдылықтары тҥсінілмейді.
Жоғарыда аталған салалардың басым кӛпшілігіндегі қарым-
қатынас қиындықтарын не ӛз бетінше тҥзетулер енгізу арқылы, не 
арнайы тренингтер арқылы жеңуге болады (Ю.Н. Емельянов, Г.А. 
Ковалев, Л.А. Петровская, В.А. Кан-Калик, Л.М. Митина және т.б.). 
Сонымен бірге, педагогтың ӛзінің коммуникативтік ерекшеліктерінің 
деңгейінде алғашқы бағдарлануының қажеттілігі жалпы жҧртшылықпен 
мойындалған. В.А. Кан-Калик мҧғалімнің коммуникативтік мәдениеті-
нің қалыптасуының маңыздылығын атап кӛрсете отырып, осы процесте 
алғашқы қадамдардың бірі ӛзін «коммуникант» ретінде анықтау болып 
табылады деп белгілейді. 
Тӛменде В.А. Кан-Калик бойынша В.Ф. Ряховскийдың адамның 
коммуникативтік ерекшеліктерін анықтауға арналған тесті және 
алынған мәліметтерді ӛңдеу тәртібі келтірілген [82, 52-54 б.] 
ТЕСТ (СҦРАҚТАМА) 
1. 
Сіздің алдыңызда ерекше немесе іскери кездесу тұр. Ол кездесуді күту 
сізді күнделікті ӛмір ағымынан тыс қалдыра ма? 
2. 
Сіз дәрігерге баруды ақырғы кезге дейін созбайсыз ба? 
3. 
Қандай да бір кеңесте, жиналыста немесе тағы сондай шараларда 
баяндамамен, хабарламамен, ақпаратпен шығып сӛйлеу тапсырмасы сізде 
күйзеліс және риза болмау сезімін тудырмай ма? 
4. 
Сізге бұрын бармаған қалаға іс-сапарға баруды ұсынады. Сіз осы іс-
сапардан құтылу үшін барынша күш жұмсайсыз ба? 
5. 
Сіз ӛз уайымдарыңызбен кіммен болса да бӛлісуді ұнатасыз ба? 
6. 
Егер кӛшеде сізге танымайтын адам ӛтініш айтса (жолды кӛрсету, 
уақытты айту, қандай да бір сұраққа жауап беру) сіз ашуланасыз ба? 


347 
7. 
Сіз «әкелер мен балалар» проблемасы бар дегенге және әрбір ұрпақ 
ӛкілдерінің бір-бірін түсіну қиын дегенге сенесіз бе? 
8. 
Сіз танысыңызға осыдан бірнеше ай бұрын сізден алып, қайтаруды 
ұмытып кеткен 10 тенге туралы есіне салуға ұяласыз ба? 
9. 
Мейрамханада немесе асханада сізге сапасы анықсыз тамақ әкелді. Сіз 
үндемей, тек ренішпен тарелкені сиыра саласыз ба? 
10. 
Танымайтын адаммен бетпе - бет қалған кезде, сіз онымен 
әңгімелеспейсіз және егер ол бірінші болып сӛйлесе қынжыласыз. Солай ма? 
11. 
Қай жерде болмасын ұзын кезек сізді шошытады (дүкенде, кітапханада, 
кинотеатр кассасында). Сіз ӛз ниетіңізден бас тартуды қалайсыз ба? 
12. 
Сіз қақтығыстық ситуацияны қарастыру бойынша қандай-да бір 
комиссияға қатысудан қорқасыз ба? 
13. 
Сізде әдебиет, ӛнер, мәдениет туындыларын бағалаудың жеке ӛзіңізге 
тән ӛлшемдері бар және осыған қатысты ешкімнің де пікірін жаратпайсыз. Солай 
ма? 
14. 
Бір жерлерде, кулуарларда сізге жақсы таныс сұрақ бойынша жаңсақ 
кӛзқарасты естіген кезде, сіз дауласпай, үндемей қалғанды қалайсыз ба? 
15. 
Кімнің болмасын қайсыбір қызметтік сұрақтар немесе оқу тақырыбы 
бойынша кӛмек сұрауы сізде реніш тудыра ма? 
16. 
Сіз ӛз кӛзқарасыңызды (пікіріңізді, бағалауыңызды) ауызшаға қарағанда, 
жазбаша түрде мазмұндауды ұнатасыз ба?
 
Енді ӛзіңізге ӛз жауабыңызды бағалауды ҧсынамыз: әр «иә» жауабы ҥшін – 2 
ҧпай, «кейде» – 1 ҧпай, «жоқ» – 0. Содан кейін ҧпайлардың жалпы саны қосылады 
және жіктегіш бойынша сіз адамдардың қандай категориясына жататыныңыз 
анықталады.
30-32 ҧпай. Сіздің коммуникабельді еместігіңіз анық, және бҧл сіздің осал 
жағыңыз, ӛйткені бәрінен бҧрын одан сіз зардап шегесіз. Бірақ сіздің жақын 
адамдарыңызға да оңай емес. Топтасып кҥш жҧмсайтын істе сізге сену қиын. 
Қарым-қатынас ҥйір болуға тырысыңыз, ӛзіңізді бақылаңыз. 
25-59 ҧпай. Сіз тҧйықсыз, ашық емессіз, жалғыздықты ҧнатасыз, сондықтан 
сізді достарыңыз да аз болар. Жаңа жҧмыс және жаңа контакттарға тҥсу қажеттілігі 
сізді байбаламға тҥсірмесе де, кӛп уақытқа дейін сіз тепе-теңдікті жоғалтасаыз. Сіз 
ӛз мінезіңіздің осы ерекшелігін білесіз де ӛзіңізге наразысыз. Бірақ наразылықпен 
шектеліп қана қоймаңыз – мінезіңізді осы ерекшеліктерін жою сіздің ӛз қолыңызда. 
Қандай да бір кҥшті әуестік кезінде сіз аяқ астынан коммуникабельділікті кӛрсетіп 
кететін кездеріңіз болмай ма? Тек серпілсеңіз ғана болғаны.
19-24 ҧпай. Сіз белгілі дәрежеде ашық адамсыз және де бейтаныс жағдайда 
ӛзіңізді әбден сенімді сезінесіз. Жаңа пробеламалардан сіз қорықпайсыз. Сӛйтсе де 
жаңа адамдармен байқап араласасыз, дауларға және пікірталастарға салғырт 
қатысасыз. Сіздің білдірген ойларыңызда кейде ешқандай негізсіз мысқылдау кӛп 
болады. Бҧл кемшіліктерді тҥзетуге болады. 
14-18. Сізде коммуникабельділігіңіз жақсы деңгейде. Сіз танымпазсыз, 
қызықты әңгімелесушіні ықыласпен тыңдайсыз, басқалармен қарым-қатынаста 
шыдамдысыз, ӛз ойыңызды ашуланбай дәлелдей аласыз. Жаңа адамдармен 
кездесуге уайымсыз барасыз. Сонымен бірге шулы отырыстарды (компанияны) 
ҧнатпайсыз; шектен тыс қылықтар мен кӛп сӛз сізде ызалану сезімін тудырады 
немесе жалықтырады.


348 
9-13 ҧпай. Сіз тым ашық (кейде мҥмкін шектен тыс) адамсыз. Сіз 
әуесқойсыз, сӛз қҧмарсыз, тҥрлі сҧрақтар бойынша сӛйлеуді ҧнатасыз, бҧл кейде 
маңайыңыздағы адамдардың наразылығын тудырады. Жаңа адамдармен 
ықыласпен танысасыз. Елдің назарында болғанды ҧнатасыз, ешкімнің ӛтінішін 
орындай алмасаңыз да кері қайтармайсыз. Кейде ашулансаңыз тез қайтасыз. Сізге 
жетіспейтін нәрсе бҧл - кҥрделі проблемаларға тап болған кезде орнықтылық, 
шыдамдылық және қайсарлық. Бірақ, қажет жағдайда сіздің ӛз дегеніңізден 
қайтпауға қабілетіңіз жетеді.
4-8 ҧпай. Сіз тым ақкӛңіл адам болуыңыз керек. Сіз ҥнемі оңды-солды қарым 
– қатынас жасап жҥретін адамсыз. Сіз әрқашанда барлық істің мән жайын біліп 
отырасыз. Барлық пікір таластарға қатысқанды ҧнатасыз, алайда кҥрделі 
тақырыптар сіздің басыңызды ауыртып, налып кетесіз. Кез-келген сҧрақ бойынша, 
тіпті ол туралы ҥстірт ғана білсеңіз де ӛз ойыңызды білдіресіз. Барлық жерде 
ӛзіңізді еркін сезінесіз. Кез-келген істі қолға аласыз, бірақ оны ҥнемі аяғына дейін 
жеткізе алмайсыз. Дәл осы себепке байланысты жетекшілер мен әріптестеріңіз
сізге сенімсіздікпен қарайды. Осы туралы ойланыңыз. 
3 ҧпай. Сіздің шектен тыс қарым-қатынас жасауыңыз сізге зиян келтіреді.
Сіз сӛзшеңсіз, артық сӛйлейсіз, сізге қатысы жоқ нәрселерге араласасыз. Мҥлдем 
хабарыңыз жоқ проблемаларды талқылауға кірісесіз. Еркіңізбен немесе еріксіз сіз 
жиі-жиі ӛз маңайыңыздағы тҥрлі қақтығыстардың себебі боласыз. Ашушаңсыз, 
ӛкпешілсіз, кӛбінесе объективті емессіз. Кҥрделі жҧмысқа жарамайсыз. Жҧмыста 
да, ҥйде де, жалпы барлық жерде адамдарға сізбен болу ӛте қиын. Иә, сізге ӛзіңізді
және ӛзіңіздің мінез–қҧлығыңызды ӛзгертуге тырысуыңыз керек! Ең алдымен ӛз 
бойыңыздан тӛзімділік пен ҧстамдылықты тәрбиелеңіз, басқа адамдарға қҧрметпен 
қараңыз; соңында, ӛз денсаулығыңыз жайлы да ойланыңыз – мҧндай ӛмір сҥру 
салты ізсіз қалмайды. 
*** 
Педагогикалық қарым-қатынас, оқу-педагогикалық іс-әрекет, 
кӛптеген сыртқы және ішкі факторлардың әсер ету объекті бола 
отырып, ӛзіне психологиялық кедергілер ретінде болатын кҥрделі 
қарама-қайшы сәттердің, қиындықтардың ҥлкен санын қамтиды. Осы 
қиындықтарды жеңу ӛзара әрекеттесуге қатысушылардан оларды 
туғызған себептерді ӛз бетінше жҧмыс процесінде немесе арнайы 
тренингтерде саналы тҥсіну және коррекцияны талап етеді.
 
Ӛ з і н - ӛ з і т е к с е р у г е а р н а л ғ а н с ҧ р а қ т а р
1. Қҧбылыс кҥрделілігі (процесс) және оларды жеңу ауырлығы
тҥсініктерінің арасындағы айырмашылық қандай? 
2. Қарым-қатынас қиындықтарының қарастырылған аймақтарының 
қайсысы тікелей сырттық, ал қайсысы ішкі факторларға жатады? 


349 
3. Қарым-қатынастың ҥш жақтарының қайсысы – ақпараттық, 
перцептивтік, интерактивтік – педагогикалық ӛзара әрекеттесуде неғҧрлым 
кӛп қиындықтарды тудырады. 
Ә д е б и е т


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет