3. Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері.
Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси
құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану
ғана зерттемейді. Жоғарыда аталып көрсетілгендей, саясатты философия,
әлеуметтану, құқықтану, тарих және басқа ғылымдар да зерттейді. Сондықтан
саясат теориясына жататын ғылымдар: тарих – саяси жүйенің өткендегісін
зерттейді; философия – табиғат, қоғам және таным дамуының жалпы
заңдылықтарын зерттейді; әлеуметтану – қоғамдағы процестерді адамдық
өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға тигізер әсерін зерттейді.
Саясаттану экономикалық теория және құқықтық ғылымдармен де тығыз
байланысты. Саяси экономика саяси процестерді экономикалық тұрғыдан
зерттей отырып, осы процестердің негізінде әртүрлі әлеуметтік топтардың
мүдделерін анықтаса, құқықтық ғылымдар қоғамдағы саяси қатынастардың
тәртібін, қызметін реттейді.
Міне, осы аталған ғылымдардың әрқайсысының өзінше ерекше таным
салалары мен қырлары бар. Негізінде саясатты кешенді, толық зерттейтін
ғылым - саясаттану. Оның ерекшелігі - саяси құбылыстардың ішкі сырын,
логикасын, өмірге қажеттілік заңдылықтарын айқындап беретіндігінде.
Саяси құбылыстар мен процестерді зерттеуде саясаттану ғылыми
зерттеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады, ол тәсілдер үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа саяси объектіні зерттеудің ерекшеліктеріне бағытталған
тәсілдер жатады. Бұл мақсатты іске асырумен әлеуметтік тәсіл айналысады,
ол саясат пен қоғамның өзара әсерін есепке алуға байланысты жүргізіледі.
Әлеуметтік тәсіл әлеуметтік факторлардың біріне-бірінің өзара әсер ету
жүйесін ашуға мүмкіндік жасайды. Мысалы, экономикалық ұйымдар,
20
әлеуметтік теңсіздіктің түрлері, демографиялық факторлар, психология, т.б.
саяси жағдайлар (саяси жүйе ұйымдары, сайлау жүйесі, легитимдік билік т.б.).
Әлеуметтік тәсіл саяси ғылымның зерттеу саласында жетекшілік роль
атқарады.
Осы топқа жататын функционалдық және системалық тәсілдер саяси
құрылымдарды басқа да күрделі жүйенің бір бөлігі ретінде қарап, оны
құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін сыртқы ортамен,
басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
Осы топтың ішіндегі ерекше маңыздысы – бихевиористік тәсіл. Ол
саясатты жеке адамдар мен топтардың мінез-құлқын нақты зерттеу арқылы
жүргізуге бағыт береді. Бұндай зерттеу эмпирикалық хабар мен мәліметтерге
сүйенеді.
Бихевиористік тәсіл төмендегідей негізгі талаптарға сай жүргізіледі:
- саясаттың басты субъектісі адам екендігі;
- саяси мінез-құлықтың негізінде психологиялық себептер жетекші роль
атқаруы, сөйтіп ол құбылыстың жеке адамның табиғатының ерекшелігін
бейнелеуі;
- саясатта адамдардың мінез-құлқын ескере отырып шешім қабылдау.
Өйткені адамдар әртүрлі болғанымен, біріне-бірі ұқсас жағдайларда саяси
процеске қатысушылардың мінез-құлқын алдын-ала білуге мүмкіндік береді.
Бихевиористік тәсіл саяси зерттеулерде математикалық санақтарға,
статистикалық мәліметтерге, анкеталық және басқа сұрақ-жауаптарға,
компьютерлік техникаларды пайдалану мүмкіндіктеріне кең жол ашады.
Бірінші топтың тәсілдерінің ішінен сыншыл-диалектикалық тәсілді
еркше атауға болады. Бұл әдістің ең басты құндылығы саясатты іс жүзіне
асыруға сын көзбен қарау және талдау. Аталмыш тәсілдің тиімділігін қоғамың
плюралистік ұйымдарының барлығы және плюралистік демократияны
жақтаушылар түгел қолдайды. Өйткені, плюралистік теория қарама-
қайшылықтар принципіне, көп салалы идеялар арасындағы күрес, бәсекеге,
құндылықтарды бағалау бағдарына, саяси, экономикалық және мәдени
институттарға, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қатынастарына
негізделеді.
Саяси ғылымның зерттеу жұмысында екінші топ тәсілдерін қолданбау
мүмкін емес. Бұл логикалық тұрғыдан зерттеу әдістері. Оған мынадай тәсілдер
жатады: талдау мен синтездеу, индукция мен дедукция, тарихи және логикалық
талдауларды
ұштастыру,
ғылыми
эксперимент,
модельдер
жасау,
математикалық, компьютерлік, прогностикалық және тағы басқа тәсілдер.
Тәсілдердің үшінші тобына эмпирикалық зерттеу әдістері жатады.
Бұрын аталған тәсілдер сияқты бұл да саясаттанудың жеке иелігіне жатпайды,
бірақ оған қызмет етеді. Эмпирикалық тәсілге мыналар жатады: статистика,
құжаттарды зерттеу (анкеталық сұрақ-жауап, лабораториялық эксперименттер,
саяси ойындар теориясы, нақты бақылау, т.б.).
Сонымен, алуан тәсілді пайдаланудағы негізгі мақсат – түрлі саяси
процестер мен олардың дамуы жөнінде ақиқат білім мен объективті мәліметтер
алу. Сайып келгенде, саяси білімдер негізінде саяси ғылым немесе саясаттану
21
қалыптасты.Олардың объектісі саясат болуы бүкіл әлемдік саяси ғылымда
танылып, мақұлданған мәселе.Ал саясаттану саясат туралы ғылым болса, онда
«саясат» дегеніміз не деген сауалдың ұдайы қойылып отыруының өзін білімдегі
өте орынды ізденіс деп атап көрсеткеніміз жөн.
«Саясат» дегеніміз не деген сұраққа жауап беру ғылыми тұрғыдан оңай
емес, ол үшін саясат туралы түсініктердің негіздерін анықтай білу қажет.
«Саясат» ұғымын түсінудің екі негізі бар. Бірінші негізі ежелгі гректің
«politike» ұғымы (мемлекетті басқару өнері) деген мағнаны білдіреді. «Саясат»
деген түсініктің екінші негізі – ғұлама ғалым Аристотельдің «Саясат» деген
еңбегінің атымен байланысты. Ол өз заманында лицей оқу орнын ашып,сонда
саяси ой- пікірлерді білім ретінде жастарға үйретті. Ойшылдың осы қызметінің
нәтижесінде «Саясат» деген еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Аристотель өзіне
дейінгі грек полистерінің саяси тарихы мен оның жүйесін терең
зерттеген.Осыдан бергі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан саясат туралы
мәселелер адамзат ғылымы даму тарихының негізгі салаларының бірі болды.
Барлық уақытта қоғамда, әрбір адам өмірінде саясаттың алатын орны мен
маңызы айрықша, себебі қоғам өмірінде бірде – бір адам саясаттан тыс болуы
мүмкін емес.Көптеген адам күнделікті өмірде бүны байқамауы да мүмкін.Бірақ
әрбір жеке адамның өмірі саясатпен тікелей байланысты болады.Кейбіреулер
саясат туралы әңгіме бола қалған жағдайда «менің саясатқа ешбір ықыласым
жоқ, мен саясатпен айналыспаймын» деп те айтып жатады.Әрине,оларды да
дүсінуге болады, себебі саясат көп салалы, көп мағыналы мәселе.Бұл саланы
терең де нақтылы білу үшін, осыған негізделген жүйелі білім, жан – жақты
дайындық болуы қажет.Бірақ жеке адам саясатқа қандай талғаусыздық
көрсеткенімен де ол адам саясаттың шеңберінен тыс бола алмайды.Тіпті әрбір
жеке адамның тұрмыс жағдайы да, оның өмір тағдары да саясатпен тікелей
байланысты болуы күмәнсіз. Мысалы, ағарту дәуірінде өмір сүрген
нидерландық ғалым Бенедикт Спинозаның мынадай сөздері бар: «Мен
саясатпен айналыспасам да, бәрібір саясаттан тыс бола алмаймын».
Саясаттың қоғам өміріндегі маңызының орасан зор болуын басқа да
көптеген мысалдар дәлелдейді.Мысалы, мынадай пікір білдіретіндер аз емес:
«Экономиканың деңгейі жоғары болса жеткілікті, қалған меселелер өзінен - өзі
шешіліп жатады.Сондықтан саясаттың басқалар үшін де, мен үшін де аса
маңыздылығы да, қажеттілігі де жоқ». Ал елде экономиканың дамуы нәтижелі
болмай, құлдырауға ұшырап, оның деңгейі өте төмен болса бұл жағдай үшін
экономиканы кінәлауға болар ма еді? Әрине, бұған экономиканың өзі кінәлі
бола алмайды.Эконмикада береке болмай жатса, оған кінәлі саясат.
Экономиканы нәтижелі ұйымдастыру жөніндегі саясаттың дұрыс жолға
қойылмауы.Сонымен қалай айтсақ та, бастаушы, анықтаушы роль саясатта
болып отыр.
Бұл жөнінде басқа да мысалдар келтіруге болады. Мысалы, қазіргі
кезеңдегі әртүрлі мемлекеттердің өркениетті деңгейге жетуі олардың табиғат
жағдайына, жер байлығына ғана емес – олардағы мемлекетті басқару
шеберлігімен, экономиканы ұйымдастыру саясатын дұрыс жолға қоюмен тығыз
байланысты.
22
Сайып келгенде, саяси ғылым саясат ұғымына мынадай анықтама береді:
саясат дегеніміз мемлекет және қоғамның іс - қимылының түрі, жеке
адамдардың, әлеуметтік топтардың, өкіметтің мүддесін іске асырудағы саяси
қарым- қатынастары.
Саясаттың ең басты міндеттері – мемлекет қалыптастыру, қабылданған
заңдар, ұйымдастырылған экономика арқылы барлық қоғам мүшелерінің
әлеуметтік, тұрмыстық, рухани өмірін қамтамасыз ету.Ал осы міндеттерді
кімдер дұрыс жолмен іске асыруы тиісті? Бұл саладағы қызметкерлерді саяси
әдебиетте қолданатын термин бойынша саяси субъекттер деп аталады. Бұлар:
саясатшылар, мемлекет жүйесіндегі қызметкерлер, депутаттар, әр саладағы
мамандар, кәсіпорын басшылары. Саяси субъекттерге жеке тұлғалардан басқа
әртүрлі саяси топтар мен ұйымдар жатады.Мысалы, саяси партиялар, қоғамдық
ұйымдар, оппозициялық топтар, сайлау жүйелері.
Сонымен, қоғамның берекелі өмірі, сау –салауаттылығы саясатпен
тікелей қатысты болса,саясаттың нәтижелілігі саяси субъекттердің іс -
қимылдарына байланысты.
Осы себептерден туындайтын әрбір қоғамның мақсаты мен мүддесі –
саяси субъекттердің сапалы құрамын қалыптастыру.Бұлардың сапалы болуына
бірінші кепілдеме – саяси білім. Саси білім басты екі негізден қалыптасады.
Біріншісі, дүние жүзіндегі саяси саладағы қалыптасқан тәжірибе. Екіншісі,
саяси білімнің (ғылымның) теориялық негізі. Саяси тәжірибе дейтініміз – саяси
салада қалыптасқан саяси процестер.Мысалы, демократия, саяси билікті
қалыптастыру жолдары, заң қабылдау мәселелері, мемлекет басқару түрлері,
жеке адамның құқығы мен бостандығы, оппозиция мәселелері және т.б. Саяси
процестер дегеніміз қоғамда қалыптасқан саяси- әлеуметтік жүйелер.
Әрбір саяси процестің өз саяси институттары болады. Мысалы,
демократияның саяси институты – парламент, жергілікті атқарушы биліктің
саяси институты – әкімдіктер, жергілікті сайланатын биліктің институты -
мәслихат. Саяси институт – саяси процестің мекемелер жүйесі, уәкілі. Саяси
процестерді сапалы деңгейде дамытудың негізгі шарты – саяси субъекттердің
саяси білімі мен тәжірибелігі. Ғұлама ғалым Платонның айтқанындай,
«Мемлекеттің сапасы қоғамдағы адамдардың сапасымен байланысты. Сол
себептен саясаттың басты міндеті – білімді адамдар дайындау және оларды
тани білу».Ұлы ойшылдың бұл қағидасы – саяси субъект болу үшін ғана емес,
саяси субъектіні түсіну, оларды билікке ұсыну үшін әрбір азаматқа саяси
тәжірибе, білім қажет деген ой болып табылады.
Саяси білімнің екінші бастауы – ол теориялық негізі. Жоғарыда аталған
саяси процестер тек ғана тәжірибе арқылы, практикада қалыптасқан
құбылыстар емес. Әрбір саяси процестің негізі – теория. Саяси ғылымның
күрделі теориялық құбылыс екендігін айқындайтын саяси саладағы бүкіл әлем
ғалымдары мен ойшылдары танып, мойындаған саяси білім үлгілері. Әрбір
саяси
процесс
–
ғалымдардың,
ойшылдардың
идеяларына,
тұжырымдамаларына негізделіп саяси ғылым қазіргі даму дәрежесіне жетіп
отыр.
23
Саяси ғылымның теориялық негіздері билік пен азаматтардың әлеуметтік,
мәдени өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан тәжірибе мен
рухани қазыналардың жинағы. Саяси жүйенің шеңберінде қызмет ететін
субъекттердің саяси мәдениеті осы құндылықтар арқылы анықталады.Саяси іс-
қимылдардың сапалы болуы үшін саяси субъекттердің саяси мәдениеті жоғары
болуы қажет.
Қорыта келгенде, саясаттың тарихи- теориялық және қазіргі кезеңдегі
ғылыми негіздері – көне заманнан бергі қалыптасып келе жатқан саяси білімдер
жүйесі. Саяси ой-пікірлердің, ілімдердің бүгінгі күнге дейінгі тарихи
қалыптасуы туралы мәліметтер осы оқу құралының әрбір тарауындағы
тақырыпқа сәйкес беріліп отыр.
4. Болашақ мамандардың азаматтық ұстанымдарын
қалыптастырудағы саяси білімнің маңызы
Саяси ғылымның басты мақсаттарының бірі - болашақ мамандарға саяси
білім беру, олардың саяси мәдениетін жоғарылату. Бүгінгі күні саяси мәдениет
мәселесі ұлттық мәдениеттен және жалпы мәдениеттен жіктеліп өз алдына
білім саласына айналуда. Саяси мәдениет тарихи тәжірибеге негізделген саяси
саладағы жалпыадамзаттық, халықаралық игіліктер мен құндылықтар. Мысалы,
демократия, әділдік, еркіндік, легитимдік, әртүрлілік т.б.
Баршаға белгілі, жастар - қоғамның болашағы, оның ішінде әсіресе
студент жастар. Олар болашақтағы мамандар, өндіріс басшылары, ғалымдар,
депутаттар, билік жүйелерінің қызметкерлері т.с.с. Яғни, олар болашақтағы
саяси саладағы белсенді күштер, саясат арқылы қоғам өмірін басқарушылар.
Саяси білім мен саясаттың қоғамдағы маңызы жөнінде басқа да
көзқарастар кездеседі. Әрбір азаматтың саясатпен айналысуы міндетті емес, ол
үшін саяси субъектілер бар деген де пікір айтылады. Бұл да ақиқат пікір. Бірақ,
жоғарыда айтылғандай, біріншіден, қоғамда саясаттың шеңберінен кім болса да
тыс болуы мүмкін емес. Екіншіден, қандай да болмасын, қоғам өмірінің
жүйесінде басты орын алатын әртүрлі саладағы мамандар. Оны байқау үшін
саяси өмірдің жүйесін келтірелік: мақсат (саяси субъектер); ұсыныстар (заңдар,
шешімдер, реформалар); орындаушылар (саяси субъектер). Осы жүйеде екінші
рет қатысатын саяси субъектер, яғни, іске асырушылар – олар мамандар.
Қандай да болмасын қоғамдағы мақсаттар, реформалар, шешімдер әр алуан
мамандардың қатысуынсыз іске асырылмайды. Қоғамдағы саяси шешімдердің
орындалуы ең алдымен мамандарға тіреледі. Осы себепке де байланысты
саясаттанудың оқу орындарындағы басты мақсаты – мамандардың саяси-құқық
мәдениетінің деңгейін жоғарлату, жалпы қоғамдық, дүниежүзілік саяси
мәдениетпен таныстыру. Жұртшылықтың саяси мәдениеті жоғары болуы үшін
мемлекет өз азаматтарын ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан
өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан-жақты хабардар етіп отыруы қажет. Сонда
ғана ел азаматтары саяси мәселелерді жетік біліп, дұрыс бағалай алады.
Көлемді және сенімді мәлімет алып тұруы, дамыған хабарламалық жүйенің
24
болуы – қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты
дамығандығын көрсетеді.
Саяси білім беру жүйесі қазір кез-келген демократиялық қоғамда бар.
Соның ішінде Қазақстандағы саяси білімнің басты мақсаты – азаматтардың
күрделі әлеуметтік-саяси жағдайда дұрыс бағдар ұстауы, өз мүддесін түсінуі
және қорғауы, басқа адамдардың және бүкіл қоғам мүдделерін, құқықтары мен
бостандығын құрметтеу, басқа азаматтармен бірге қоғамдық проблемаларды
бірлесіп шешу, әрбір адамның тәуелсіздік құқықтарын ескере отырып, саяси
білімді азаматтардың демократиялық тәртіптерді құрметтеуі және оның
мемлекеттік институттарын қамтамасыз ету көзқарасын қалыптастыру. Аса
көңіл аударатын мәселе - саяси тәртіпті нығайтпайынша, әрбір жеке адамның
бостандығы жайлы сөз айту шындыққа жанаспайды. Осы бағытта азаматтарға
саяси білім беру, сөйтіп олардың саяси бостандығын қамтамасыз ету қажет.
Саяси білімнің қазіргі кезеңіндегі идеяларын, жалпыадамзаттық
құндылықты игеруді басшылыққа алу азаматтарға және бүкіл саяси өмірге
тиімді әсерін тигізетіні сөзсіз. Оның үстіне біздің қоғам үшін демократиялық
саяси білім өтпелі кезеңде ерекше маңыз атқарады. Әміршілдік экономикадан
нарықтық шаруашылыққа және тоталитарлық саяси жүйеден құқықтық
демократиялық мемлекетке өту халықтың саяси мәдениеті мен менталитетінде
түбегейлі өзгерістер жасауды қажет етеді.
Демократиялық саяси білімнің де Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып
қалыптасуы мен дамуына тиімді әсер ететіні даусыз. Қазіргі кезде алдыңғы
қатарға адамдар санасының жаңа қырлары, оның ішінде ұлттық санасының
оянуы ұсынылып отыр. Демократиялық саяси білімнің маңызы: азаматтардың
демократиялық менталитетін қалыптастыруға көмектесу, демократиялық саяси
мәдениет құндылықтары мен түрлерін игеруді үйрету, тұлғаның саяси
төзімділік, сенімді серіктестік, келісімге ұмтылу сияқты қасиеттерін
қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында саясаттану білімініне қойылатын талаптар:
- қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын терең түсініп-білу,
адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын ролін айқындау, олардың сан
түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалану жолдарын табу;
- саяси ғылым негіздерін меңгеру арқылы күрделі қоғамдық-саяси жағдайда
еркін бағдар ұстау, өз мақсат-мүддесін білдіру, оны қорғай білу;
- жалпы дүниежүзілік, халықтық игіліктерге негізделген демократиялық
тәртіпті құрметтей отырып, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешу жолдарын
ұғу;
- мемлекеттік құрылыс, саяси жүйе, қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен
тәсілдерін меңгеру;
- әлеуметтік үрдістерді басқару негізі болатын саясаттың, ұстанымдардың,
идеологиялардың мәнін түсіну;
- саяси төзімділікке, келісімге, серіктестікке, мәмілеге келе білу, саяси
шиеленіс, дау-жанжалдарды дер кезінде шешу жолдарын анықтау;
- саяси мәдениеттің қоғамдағы зор ролі мен маңыздылығын терең ұғып, оны
қалыптастыру жолдарын білу;
25
- қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезіну.
Саясаттанудың ғылым ретінде қоғамның, халықтың, азаматтардың тек
ғана саяси емес, жалпы гуманитарлық мәдениетін жоғарылатуда да маңызы өте
зор.
Бақылау сұрақтары
1. Саясаттану ғылымның негізін қалаушы
2. “Саясат” ұғымының шығуы
3. Саясаттың қоғам өміріндегі орны
4. Саяси ойлар мен білімдердің даму кезеңдері
5. Саясаттану ғылымының теориялық негіздері
6. Б. Спинозаның саясатқа көзқарасы
7. Саяси ғылым дамуындағы Н. Макиавеллидің орны
8. Әл-Фарабидің саяси көзқарастары
9. Саясаттанудың зерттеу тәсілдері
10.Саясаттану ғылымының болашақ мамандардың білімін жетілдіру мен
көзқарастарын қалыптастырудағы маңызы
26
ІІ тарау
ДЕМОКРАТИЯНЫҢ НЕГІЗІ, САЯСИ БИЛІКТІҢ КӨЗІ
ХАЛЫҚ БОЛУ ПРИНЦИПІНІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ.
1. Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі белгілері
Демократия мәселесі - саясаттанудағы негізгі тақырыптардың бірі. Оның
себебі, біз жоғарыда айтқанымыздай, саяси ғылымның, яғни саясаттанудың
кілті саяси билік болатын болса, ал қоғамдағы саяси биліктің сапасы, әсіресе
қазіргі кезеңде, демократияның деңгейімен тікелей байланысты. Осы жағдай
қазір дүние жүзіндегі көптеген елдердің саяси өмірінен байқалып отыр.
Мысалы, қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттердің саяси өміріндегі ең жиі
айтылатын сөздің бірі - “демократия”. Мұның себебі неде?
Демократия
туралы мәселенің өте маңызды болуына бірнеше себептер бар. Біріншіден,
қазіргі кезеңде демократия дүниежүзілік жалпы адамзаттың рухани құндылығы
болып табылады. Ол халықтар арасындағы бірлестіктің, қауымдастықтың
дамуына зор әсер етеді. Екіншіден, әрбір мемлекеттегі саяси биліктің сапасы
қоғамдағы демократияның деңгейіне байланысты. Үшіншіден, демократия
біздің Қазақстан мемлекетінің мақсаты мен болашағы. Оған дәлел Қазақстан
Республикасының Конституциясының ең бірінші бабы осы мақсаттан
басталады. “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық … мемлекет ретінде
орнықтырады” – деп жазылған. Әсіресе осы соңғы себепке байланысты әрбір
қазақстандық, әсіресе болашақтағы мамандар елдің демократияландыру
жолдарын жақсы танып білуі тиіс, бұл процеске өзінің үлесін қосуға да
міндетті.
Демократияның ерекше маңызды болуының тағы да бір себебі, оның
әрбір адамға тиімді, пайдалы болуында. Бұны демократияның негізгі
ұстанымдарынан (шарттарынан) байқауға болады.
Демократияның негізгі ұстанымдары:
1. Демократия ұжымдық шешімді қолданады.
2. Мемлекеттік билік органдарына азаматтардың, әлеуметтік топтардың
арасынан ең таңдаулылары, ең қалаулылары сайланады.
3. Билікке сайланғандар сайлаушылардың алдында есеп береді.
4. Әрбір азаматтың билікке сайлануына (өзін-өзі ұсынуына) мүмкіндік беріледі.
Демократиялық ұстанымдардың әрбір адам үшін тиімділігі осында. Енді
“демократия” деген ұғымның ежелгі және теориялық мағынасына көшелік.
Демократия деген сөз гректің “demos” –халық және “kratos” – билік деген
сөздерінен құралған. Яғни, халық билігі деген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл
ұғымды ертедегі гректер өздерінің қоғам, мемлекет құрылыстарымен
байланыстырған. Себебі ежелгі гректердің, римдіктердің мемлекеті негізінде
бір қала көлемінде ғана болды.
Осыған байланысты мемлекеттің толық құқықты азаматтары шешім
қабылдау үшін бір алаңға жиналып шешім қабылдауына мүмкіншілігі болды.
27
Ол уақытта қазіргідей мемлекет пен қоғамның арасында басқа саяси субъектлер
болған жоқ.
Қазіргі жағдай басқа. Қазір мемлекет пен қоғам арасында көптеген
демократиялық институттар бар, мысалы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар, саяси
партиялар, сайлау комиссиялары және т.б.
Қазіргі кезеңдегі демократияның ұстанатын басты мақсаты – билікті
қалыптастырудың көзі халық болуында. АҚШ-тың он алтыншы президенті
Авраам Линкольндің айтуы бойынша: “Демократия: халық үшін сайланған
халық билігі”.
Қазір ежелгі антикалық уақытпен салыстырғанда демократия түсінігінің
ауқымы да, мазмұны да біраз кеңейді. Демократия қазір тек қана сайлау
мәселесімен шектелмейді. Қоғамдағы көптеген саяси процестер, саяси
құбылыстар, саяси қарым-қатынастар демократиялық ұстаным негізінде
сипатталады. Мысалы, мемлекеттің сипаты (типі, режимі) демократиялық
бағамен белгіленеді. Қоғамдық құрылымның мақсаты, идеалы, яғни қоғамның
даму бағыты – ол да демократия түсінігімен бағаланады. Қоғамда азаматтардың
теңдігі, құқығы, еркіндігі бар ма, жоқ па? Бұл да демократиямен сипатталып,
бағаланады.
Ал енді осы белгілердің барлығын: азаматтардың теңдігін, құқығын,
әділеттілікті, еркіндікті, әр адамның өзі қабілетін іске асыру мүмкіншілігін,
яғни, демократиялық ұстанымдарды қоғамда қалай орнықтыруы қажет, ол үшін
қандай жолдарды пайдалану керек? Бұның негізгі жолы – мемлекет билігін
демократиялық жолмен қалыптастыру.
Бұл жоғарыда аталған құндылықтарды ұйымдастыруға қабілеті бар билік
жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Яғни, халыққа қажетті тәртіптілікті билік арқылы орнықтыру. Егер
халықта сондай мүмкіншілік болса, бұл - демократияның бірінші белгісі.
«Қазіргі кезеңдегі демократия дегеніміз не?» – деген сұраққа жоғарыда
келтірілген пікірлердің барлығын қорытып айтатын болсақ, «қоғамдық билікті
халық сайлайтын, теңдік, құқықтық, әділеттік, еркіндік ұстанымдарына
негізделген мемлекеттік құрылыс», – деп жауап беруге болады.
Демократияға байланысты тағы да бір түсінікті анықтап алғанымыз жөн.
Ол демократия мен бостандықтың ара қатынасы туралы мәселе. Мысалы,
көпшілік “демократия” деген не? - деген сұраққа көп жағдайда “демократия –
ол еркіндік” деп жауап береді. Осы дұрыс па? Демократия – тек қана еркіндік
пе? Егер олай болатын болса, демократия әркімді күнделікті міндетінен,
тәртіптен, жауапкершіліктен босатып жібере ме? Демократия ондай еркіндікке
қарсы. Сонда, демократия қандай еркіндікті жақтайды? Бұл мәселені анықтап
алу үшін, біріншіден, демократияның шешім қабылдау тәсілі есте болуы керек.
Демократиялық шешім қабылдау дегеніміз ол көпшіліктің пікірі арқылы шешім
қабылдау.
Бұл ұстаным бойынша демократияның қолдайтын бостандығы, әр
азаматқа беретін құқығы санаулы ғана. Олар:
1) Ұжымдық шешім қабылдауға қатысу.
2) Шешім қабылдау үшін өз пікірін, ұсыныстарын білдіру.
28
Яғни, еркіндік тек ғана шешім қабылдағанша ғана құқылы. Ал шешім
қабылдағаннан кейін көпшіліктің шешімі барлығы үшін заң. Азшылық дауыс
берген уақытта қарсы болса да, көпшіліктің шешімін орындау оларға да заң.
Бұл демократияның тәртібі, заңы, мәдениеті, сонда ғана демократия көпшілікке
қажет тәртіпті орнатуға мүмкіндік береді. Ал кейбір азаматтардан өз
міндеттерін, жауапкершіліктерін талап ету немесе талап етпеу демократияның
қызметі емес. Бейберекетсіздік, анархиялық бостандық – ол демократияның
ұстанымына жатпайды.
Сонымен, демократияның мақсаты – қоғамда өлшемсіз, ретсіз бостандық
орнатып, билікті әлсірету, бәсеңдету емес, көпшілік үшін қажетті тәртіп орнату.
Демократия – ол бостандықтың өзі емес, демократия – бостандықты орнатудың
жолы.
Демократия мәселесіндегі маңызды сұрақтың бірі – демократиялық
мемлекет қандай болуы керек? Демократиялық мемлекеттер бір түрде, бір ғана
жолмен орнықпайды. Бірақ демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне
қарамастан, олардың бәріне ортақ белгілері бар.
Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Саяси биліктің негізгі органдарының сайлануы.
2. Шешім қабылдаудағы азшылықтың көпшілікке бағыну тәртібін ресми
мойындау.
3. Азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығының болуы.
4. Сайлауда бір орынға бірнеше үміткердің болуы (балама сайлау).
5. Саяси, экономикалық, рухани әртүрлілік.
6. Саяси биліктің үш тармағының болуы.
7. Қарсылықты (оппозицияны) заңдылық ретінде мойындау.
8. Саяси биліктің заңға бағынышты болуы.
9. Қоғамдық-саяси шешімдер қабылдаудағы жариялылық.
10.Азаматтардың заң алдындағы теңдігі.
Достарыңызбен бөлісу: |