Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңеске сайлау 1994 жылғы наурызда
1993 жылғы Конституция негізінде баламалық тұрғыда жаңа сайлау заңы
бойынша өтті. Конституцияға сәйкес Жоғарғы Кеңестің депутаты Қазақстан
36
халқының мемлекеттік биліктегі өкілі болып табылады және Жоғарғы
Кеңестен тыс лауазымды қызмет атқара алмайды. Бұл заң Қазақстан тарихында
тұңғыш кәсіби, тұрақты жұмыс істейтін парламент қалыптастыруға жол ашты.
Бірақ жаңа Жоғарғы Кеңес заң шығару қызметін аса қиындықпен жүргізді.
Бұған негізгі себеп –халық қалаулыларының көбісінің заң шығармашылығы
жұмысындағы білімдері мен тәжірибелерінің жетіспеушілігі болатын. Жоғарғы
Кеңестің бұл сайланымы бір жыл ғана қызмет атқарды, осы мерзім ішінде
қабылданған заңдардың бірі ел үшін ерекше мәні бар «Азаматтық кодекс»
(Жалпы бөлім) болатын. Кейін, 1995 жылдың наурыз айында Қазақстан
Республикасының Конституциялық Соты Жоғарғы Кеңестің он үшінші
сайланымы Конституцияға сәйкес еместігі туралы қаулы қабылдады.
1995жылдың наурызынан бастап 1996жылғы ақпанға дейінгі аралықта заң
шығарушылық қызметті Президент жүзеге асырып келді.
Мемлекет тәуелсіздігін орнатудың алғашқы жылдарында басқару нысаны
туралы мәселелер өте көкейтесті болды және осыған орай мемлекеттік билік
органдарының құзыреті нақты ажыратылып бөлінбеген болатын. Бұның өзі
әртүрлі органдардың өкілеттігі мен міндеттерінің ретсіз қайталануы, олардың
қызметтеріндегі саналуан қарама-қарсылықтарға соқтырды.Сондықтан билік
жүйесіндегі Мемлекет басшысының, Парламент пен Үкіметтің орны мен ролін
нақты анықтау қажет болды. Күн тәртібінде елде сот-құқықтық реформа
жүргізу мәселесі тұрған болатын. Осының бәрі жаңа Конституция қабылдау
қажеттілігін көрсетті.
1995 жылғы 30 тамызда (Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-
бабының 7-тармағына, 78 –бабының 7-тармағына сәйкес) республикалық
референдумда Қазақстан Республикасының Конститутциясы қабылданды,
онда уақыт талабы ескеріле отырып, көптеген күрделі мәселелер өз шешімін
тапты, олар –мемлекетті, меншікті басқаруды ұйымдастыру, адам құқықтары
мен бостандығы және басқа да көптеген мәселелер.
Конституцияда Қазақстандағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Заң
шығарушы, Атқарушы және Сот билігі тармағына бөлу принципіне сәйкес
жүзеге асырылады, тежеу мен тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып бір-
бірімен өзара іс-қимыл жасайды делінген тәртіп бекітілді. Жаңа
Конститутцияда Қазақстан Республикасы саяси билігінің үш тармағының
атаулары бекітілді: Заң шығарушы биліктің аталуын Парламент деп қалдыру
ұйғарылды, оның жоғарғы палатасы Сенат, төменгі палатасы Мәжіліс деген
атаулармен аталатын болды. Президент, Премьер-министр, Үкімет—Атқарушы
биліктің құрамын құрды. Саяси биліктің үш тармағының бірі—Сот билігі –
Конституциялық Кеңес деп аталатын болды. Парламенттің осы Заңы бойынша
жергілікті өкілді билік жүйесі Мәслихат, ал атқарушы билік Әкімшілік (акимат)
деп аталатын болды.
Әлемдік саяси теорияға сәйкес саяси билік жүйесін демократияландыру
мемлекеттік биліктің әрбір тармағының дербестігін қамтамасыз етумен қатар,
осы билік тармақтарын қолдану барысында мемлекеттік заңдылықтың
сақталуын қажет етеді. Қазақстанда да заң шығармашылығы процесі әлемдік
саяси теорияға сәйкестендірілген: заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, бұдан соң
37
Сенат қабылдағаннан кейін, оған елдің Президенті қол қойғаннан соң ғана
қабылданған мемлекеттік заң өзінің заңды күшіне ие болады.
Қазақстан Республикасының жаңа қос палаталы Парламентінің
депутаттарын сайлау бірінші рет 1995 жылғы желтоқсан айында өтті. Жаңа
Парламент жұмысқа 1996 жылғы 30 қаңтар айында кірісті. Қазақстан
Республикасының демократиялық жолмен сайланған кәсіби Парламентінің
қызметі осы күннен басталды.
Жаңадан сайланған заң органының басты міндеттерінің бірі, біріншіден,
қолданылып жүрген заңдарды 1995 жылғы Конститутцияға сәйкестендіру,
екіншіден бұрын құқықтық нормалармен реттелмеген немесе құқықтық жаңа
шешімдерді талап ететін қоғамдық қатынастардың кең ауқымы бойынша жаңа
заңдар қабылдау болатын.
Парламенттің қызмет барысындағы 1998 жылғы 7 қазанда қабылдаған
«Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Заңы еліміздің саяси өміріндегі аса маңызды оқиға болды.
Себебі демократиялық қоғам орнатудың негізгі мақсаттарының бірі—
мемлекеттік билік органдарын демократияландыру, шынайы да, әділ сайлау
жүйесін қалыптастыру, оларға саяси партиялардың белсенді түрде қатысуы,
республиканың саяси өміріндегі Парламенттің дербес мемлекеттік билік
ретіндегі ролін арттыру еді.
Сонымен, бірінші сайланған Парламент мемлекеттің құқықтық жүйесінің
берік іргетасын қалаған және оны одан әрі жетілдіруге жол ашқан кәсіби
парламентаризмнің алғашқы қарлығашы ретінде тарихқа енді деп бағалауға
толық негіз бар.
Қазақстандағы екінші сайланған парламент өз қызметін 1999 жылғы 1
желтоқсанда бастады. Осы парламент құрамының депутаттарын сайлау жаңа
заң ережелеріне сәйкес жүргізілді. Біріншіден, Сенат депутаттарының өкілеттік
мерзімі алты жылға,ал Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі бес жылға
ұзартылды. Екіншіден, Мәжілістің депутаттық мандатын алу үшін саяси
партияларға жаңа мүмкіндіктер берілді, яғни Мәжілістің құрамы 67 ден 77
дейін көбейді. Бұл сайлаушылардың қалауы бойынша саяси партияларға
Мәжілістен он депутаттық орын иеленуіне мүмкіндік берді.Осы Заң негізінде
1999 жылы 10 қазанда өткізілген сайлау Қазақстандағы демократиялық жолмен
қайта құру үрдісіндегі жаңа қадам болды.
Парламентаризм—қоғамды демократияландырудың өзекті жолы.Бұл
саладағы Қазақстан Республикасы Парламентінің атқарған қызметі сан алуан.
Қазақстан Парламентінің үшінші сайланымы 2004-2007 жылдары қызмет
етті. Бұл сайланымның мемлекетіміз үшін атқарған қызметтері өте маңызды,
солардың бірі - 2007 жылғы 21 мамырда қабылданған «Қазақстан
Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы» Заңы. Бұл заңның қабылдануы Қазақстан қоғамын демократияландыру
үрдісіндегі елеулі жетістік болып саналады. Осы заңдардың негізінде
тәуелсіздік жылдарында алғаш рет Қазақстан Президенті мен Парламент
арасындағы билік өкілеттілігі елеулі түрде қайта бөлінді. Конституцияға
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде заң шығарушы орган
38
қосымша бақылаушылық құқықтарына және Үкімет жұмысына ықпал етудің
жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. Президент өкілеттіктерінің бір бөлігі
Парламенттің пайдасына қарай қайта бөлінді, ал жоғарғы өкілді органның өзі
Үкіметті және басқа да жоғарғы мемлекеттік органдарды қалыптастыруға,
олардың жұмысын бақылауға мүмкіндік алды. Конституцияға енгізілген осы
өзгерістер арқылы Мәжіліс депутаттарының саны 77 ден 107-ге дейін
көбейтілді және оның 98-нің саяси партиялық тізім негізінде сайлануы
Қазақстанның саяси жүйесін демократиялық түрғыдан түбегейлі жаңартты.
Осы жаңарту жөнінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы 21
мамырда сөйлеген сөзінде былай деп атап көрсетті: «Іс жүзінде Қазақстан
президенттік—парламенттік басқару формасына көшті».
Саяси ғылымдар тұжырымдары бойынша, республикада парламенттік
басқару формасы демократия дамуындағы жоғары көрсеткіш деңгейі болып
саналады. 1995 жылы Президенттік басқару формасы жарияланған Қазақстан
Республикасы бүгін Президенттік—парламенттік республикаға айнала бастады.
Бұл жас, тәуелсіз мемлекет үшін өте зор саяси жетістік болып саналады.
Сонымен, Қазақстан Парламенті қызмет атқарған жылдары оның әрбір
сайланымы мен сессиясы еліміздің экономикалық және саяси дамуын
заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жолында табысты қызмет атқарды.
Парламент жүздеген озық үлгідегі заңдар қабылдап, биліктің атқарушы және
заң шығарушы тармақтарының арасындағы күштердің орнықты тепе-теңдігін
қамтамасыз етіп, палаталардың әрқайсысында заңдарды нақтылықпен қарау
арқылы заң жобаларын бекітудің парламенттік тиімді жолдарын қалыптастыра
білді.
Бүгін Қазақстан саяси жүйені демократияландырудың жаңа кезеңіне өтті.
Парламенттің болашақта да қоғамның саяси жүйесін жетілдіруші,
мемлекетімізді демократиялық жолмен дамытушы күші болып қала беретіні
анық.
4. Демократияның дамуындағы қазіргі кезеңдегі негізгі проблемалар
Демократия – дамып келе жатқан саяси үрдіс. Жоғарыда келтірілген
мәліметтер бұған жеткілікті дәлел бола алады. Бірақ қазіргі кезеңнің өзінде
демократияның даму жолында көптеген проблемалар мен қиыншылықтар
кездеседі, олардың алуан түрлі болатыны сондай, әрқайсысын жеке, нақты
талдап толық түсінудің өзі мүмкін емес. Сол себептен бұл проблемаларды
жүйелеп зерделейтін болсақ, негізгілері ретінде төрт проблеманы атауға
болады.
Бірінші, демократияның теориялық проблемалары. Демократия – тарихи
құбылыс. Бұл құбылыстың даму жолында алуан түрлі теориялар қалыптасты:
антикалық теория, жаңа дәуірдің классикалық теориясы, соңғы ғасырлардың
даму тәжірибесі. Осы теориялардың қалыптасуына мыңдаған жылдар бойы
озық ойлы, данышпан ойшылдар ерінбей еңбек етіп, әрқайсысы өз үлестерін
қосты. Адамзат тарихында оларды оқып-білу арқылы саяси білім мен тәжірибе
жинақталды. Сондықтан демократияның теория ретінде қалыптасуы мен
39
дамуының негізгі кезеңдерін танып – білуде өткен замандардағы ғұлама
ғалымдардың, данышпан ойшылдардың саралы саяси ой-пікірлерін оқып-
үйренудің маңызы зор. Бірақ өкінішке орай, осы теориялық білімді игеру
барысы қанағаттанарлық дәрежеде деп айту қиын. Бұл пікіріміздің дәлелі
барлық ойшылдардың тұжырымдамаларын талдап бір ғана ақиқатты табу
мүмкін емес екенін ескеру. Бұған бір ғана ойшылдың демократия туралы
көзқарасын келтірсек, соның өзі де жетіп жатыр. Мысалы, Платон
демократияны дамыту жөнінде мынадай ескерту жасаған: “Егер мемлекетте
бұрын демократия болмаған болса, елге демократияны бір мезгілде, кенеттен
енгізуге болмайды. Ал демократияны кенеттен жариялаған жағдайда, қоғам
төмендегідей дағдарыстарға ұшырайды:
1) охлократияға (тобыр, жиынның билігі); 2) хаосқа, (ретсіздік,
бейберекеттік);
3)
заңсыздыққа;
4)
олигархтардың,
лепірмелердің,
көпірмелердің диктатурасына”.
Саяси теориядағы осындай тұжырымдардың бар екендігіне мойын
бұрмай бұрынғы КСРО мемлекеттік саяси билігі 1987 жылы демократияны
кенеттен жариялап жіберді де, 3 жылдың ішінде Кеңестер Одағы толық
демократияға жетеді деп уәде берді. Бірақ іс жүзінде олай болмады, ел
жоғарыда көрсетілген дағдарыстарға ұшырап, қарапайым халық басынан
көптеген тар жолдар мен тайғақ кешулер өткерді. Аяғында КСРО-ның өзі
ыдырап кетті.
Сонымен қатар тәжірибеде теорияның жолдарын ұстанып демократияны
бірте-бірте тұрақты түрде енгізген мемлекеттер де бар. Мысалы, екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі фашистік режимнен демократиялық режимге
ауысқан Германия, Италия. 1978 жылдан бастап осы күнге дейін Қытай халық
республикасы да демократиялық процестерді енгізіп келеді. Осының арқасында
Қытай заман талабына сай жаңаруға, қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік
алып, қарқынды өркендеуін қамтамасыз етуде.
Міне, демократия саласындағы теорияны толық игерудің маңыздылығы
осында. Демократиялық мемлекет орнату үшін жүйелі түрде саясат теориясын
игеру, саяси процеске қатысу жолдарын арнайы оқып-үйрену, іс жүзінде
тәжірибе жинақтау керек.
Демократия дамуының келесі, екінші проблемасы – олигархия.
Олигархия дегеніміз - билік ең бай адамдардың шағын тобының қолында
болатын мемлекеттік басқару түрі. Олигархия көбінесе қоғамның ауыспалы
кезеңдерінде пайда болып, революциядан, әртүрлі соғыстардан кейін,
мемлекеттегі саяси режимінің алмасуына байланысты шығады. Осы кезеңдерде
қоғамдағы экономикалық қиыншылықтар күшейеді. Бұл жағдай билікке
таласты шиеленістіреді, себебі билік әрбір адам үшін өз тұрмысын
жақсартудың көзі болып есептеледі. Осы таласта жеңіске жетіп билікке
келетіндер бай адамдар тобы (олигархтар) болады.
Қоғамды олигархиядан тазарту жолы – мемлекеттің экономикалық
жағдайын жақсартып, кедейшілікті азайту. Олигархиядан құтылудың ең басты
шарты – орташа тапты қалыптастыру. Осы мәселе жөнінде Елбасы Н.Назарбаев
былай деп ескерткен болатын: “Менің орташа тапты дамыту керек дей
40
беретінім неліктен? Кез келген демократиялық қоғамда бай адамдардың үлес
салмағы 10 пайыздай, орташа тап – 70-80 пайыздай, кедейлер – 10-15 пайыздай
болады. Орташа тап деп кімдерді айтамыз? Жалақысы отбасын асырауға,
баспанасын ұстауға, балаларын оқытуға, көлік сатып алуға және ақша жинап
қоюға жететіндей адамдарды айтамыз. Біз осындай қоғамға ұмтыламыз. Соған
қол жеткізген кезде 80 пайыздық дәулетті орташа буын қоғамды оңды-солды
бұлталақтатып қоя алмайды” (Н.Назарбаев: “Ең бастысы – ел тыныштығы”.
“Егемен Қазақстан”. 2002 жыл, 7 ақпан).
Демократияның даму жолындағы үшінші проблема – партократия.
Партократия дегеніміз – демократияға негізделмеген бір партияның билігі
орнатылған мемлекеттік басқару түрі. Партократияның негізгі белгісі бір
партия мемлекет билігіне қолы жеткеннен кейін басқа партиялардың билікке
келуіне тыйым салады. Тіпті кейбір жағдайда қоғамда көппартиялылыққа
тыйым салынады. Партократияның демократияға тигізетін зияндылығы -
қоғамда әртүрлі саяси қозғалыстарға, саяси бірлестіктерге, қоғамдық
ұйымдардың билікке араласуына жол бермейді. Қоғам билікте тұрған тек бір
партияның ғана бағдарламасымен өмір сүруге мәжбүр болады. Ол партияның
бағдарламасы жүзеге аспаған жағдайда мемлекет тоқырауға ұшырайды.
Партократия бұрынғы Кеңес Одағында, барлық социалистік елдерде орын
алды. Қазіргі уақытта Солтүстік Кореяда, Заирде, Ливияда және т.б. елдерде
сақталып келеді.
Демократияның төртінші проблемасы –
бюрократтық жүйе.
(бюрократизм деген термин французша “вуrеау” – кеңсе, грекше “kratos” деген
сөздерден құралған кеңсе, канцелярия билігі деген түсінік). Бюрократизм –
қоғамдағы
басқарушылар
мен
оларға
бағыныштылардың
арасында
қалыптасатын өзіндік саяси жүйе. Осы екі топтың арасындағы қарым-
қатынастар неғұрлым жетілмеген болса, соғұрлым демократияға зиянды
әлеуметтік буындар күшейе түседі. Бюрократтық жүйенің демократияға
зияндылығы ол мемлекеттің саяси жүйесі мекемелеріндегі, бір-бірімен
сыбайлас қызметкерлер әртүрлі мемлекеттік орындарға қызметкерлерді жеке
өздері тағайындауы. Мемлекеттік қызмет басшыларын сайлау, таңдаулы,
қабілетті адамдарды билік іс басына әкелу тежеледі, демократиялық ұстанымға
қарсы әрекеттер жасалады.
Демократияның даму жолындағы жоғарыда аталған проблемалар тек
негізгілері. Ал күнделікті саяси өмірдегі қиыншылықтарды толық зерттеп –
білу мүмкін емес. Бұл неліктен? Біз осы сұраққа жауап іздейтін болсақ, ең
алдымен демократияның дамып келе жатқан үрдіс екендігін түсінеміз. Себебі,
демократия белгілі бір деңгейге жетіп, дамуы тоқталатын процесс емес. Оған
бірнеше дәлелдері бар. Мысалы, қазіргі дүние жүзіндегі мемлекеттердің тек
үштен бірі ғана демократиялық мемлекеттер қатарына жатуы. Тағы бір дәлел –
тарихтың әрбір кезеңінде демократияға деген көзқарас әртүрлі болды.
Демократияның қалыптасу тәсілдері, деңгейі ғасырдан ғасырға жетіп өзгеріп
отырды. Мысалы, XVIII ғасырдағы дүние жүзіндегі демократиялық деңгейі ең
жоғары мемлекет Америка Құрама Штаттары болып танылды. Бірақ ол уақытта
АҚШ-та әйелдердің сайлауға қатысуға құқығы да болған жоқ, бұл елде нәсілдік
41
шектеу, мүліктік ценз кеңінен орын алды. Қазіргі кезеңде бұндай мемлекет
демократиялық мемлекеттің қатарына мүлде жатпайды.
Сондықтан демократия мәселелері барлық кезде саяси ғылымдардың
назарынан тыс қалған жоқ, Олар қазіргі кезеңде де демократияның даму
жолдарын, оның болашағын жан – жақты зерттеу үстінде.
Мысалы, демократияның қазіргі кезеңдегі негізгі принципі – көпшілік
қалауы. Бірақ кейбір ғалымдар бұл принципті көпшіліктің үстемдігі, тіпті
диктаты деген пікір білдіріп, азшылықтың да еркін, құқын ойластыру керектігі
жөнінде үлкен зерттеу жұмыстармен айналысуда.Сондықтан демократия
проблемаларының қазіргі мәселелері болашақта да дамып, жетіліп отыруына
толық сенім білдіруге болады.
Демократияның проблемалары да, кемшіліктері де көп, олар
демократияның даму барысында әлі де бола бермек. Бірақ солай бола тұрса да,
бұл саяси процесс адамзат дамуының бірден-бір қажетті жолы. Ағылшынның
көп жылдар премьер-министрі болған Уинстон Черчильдің айтқанындай:
«Демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда –
бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ»
Сонымен, қорыта келгенде, демократия алғашқыда түсінуге жеңіл,
қарапайым мәселе сияқты болып көрінеді. Бірақ оның даму жолы өте күрделі,
шытырман, себебі – демократия билікпен тікелей байланысты. Ал елдегі билік
– ол әрбір адамның тағдырына әсер ететін құбылыс.Билік болған жерде,
өкінішке орай, талас та болады. Американың әйгілі саясаттанушысы Талкотт
Парсонстың айтқанындай: “экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса,
саяси жүйеде билік те сондай орын алады”.
Халық осы билікті толығымен, шын мәнінде өз қолына алса, міне сонда
ғана демократия ең жоғарғы даму деңгейіне, шыңына жетті деп айтуға болады.
Бақылау сұрақтары
1. Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері
2. Демократиялық қоғамдағы саяси, экономикалық, рухани әртүрлілік туралы
түсінік
3. Қазақ даласы тарихындағы демократиялық көріністердің белгілері
4. Парламенттің пайда болуы
5. Демократияның дамуындағы проблемалар
6. Олигархияның пайда болу себептері
7. Партократия проблемалары
8. Бюрократтық әлеуметтік топтың демократияға келтіретін зияны
9. Демократияның антикалық теориясы немен ерекшеленеді?
10. Конформизм дегеніміз не?
42
ІІІ тарау
САЯСИ БИЛІК: ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ, ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ
1. Билік және саяси билік ұғымдары
Билік – саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси
процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті
өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен
бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның
алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен
байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр
ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның,
мемлекеттің билігі және т.б.
Билік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс-
әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы билік
туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және
саяси емес билік.
Саясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның,
мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер
жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес.
Себебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі (патша,
император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери топтың,
диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с.
Саяси биліктің тағы бір түрі – сайланған билік, яғни, халық билігі.
Осыған байланысты, саяси биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді),
сайлаулы билік, демократиялық билік және заңды емес (легитимді емес),
сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік қоғамдағы аса күрделі
процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді. Атап
айтқанда: 1. Қоғамдық сала бойынша (саяси, экономикалық, рухани, мәдени,
білім, діни, әскери). 2. Қызмет ету түрлері (басқару, бақылау, күш жұмсау,
жазалау, мадақтау). 3. Қарқыны мен көлемі (шексіз, шек қойылған, аумақтық,
орталық, жергілікті). 4. Басқару тәртібі (қаталдық, беделдік, бюрократиялық,
демократиялық). 5). Биліктің жайы (тұтас өкімділік, бір қолдан басқарушылық,
үстемдік, тұрақсыз билік, сал ауру). 6 Биліктегі қатар өмір сүру (тәуелділік,
тәуелсіздік, өзара тәуелділік).
Саяси билік – тарихи құбылыс. Әрбір мемлекеттегі саяси биліктің тек
өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Әрбір қоғамның саяси билігі сол елдің
әртүрлі сипаттары арқылы қалыптасады. Сол себептен саяси биліктің түрін бір
қоғамнан екіншісіне қалай болса солай көшіре салуға болмайды.
Саяси биліктің құрылысы, басқа да белгілері, қасиеттері әр уақытта
тарихи, ұлттық, тіпті елдің географиялық өзгешеліктерімен байланысты
болады. Мысалы, Англияда осы күнге дейін монарх пен лордтар палатасының
сақталуы, АҚШ-тағы штаттардың уәкілдерінен қалыптасқан сенат палатасының
43
болуы, Жапониядағы императорлық дәстүрлердің сақталуы, Қазақстандағы
парламенттің бір палатасы Мәжіліс деп аталуы т.с.с.
Келесі ерекшелік - саяси биліктің сапасы көбінесе қоғамның саяси-
құқықтық мәдениетінің деңгейімен байланысты болуы. Саяси билік –
теориялық проблема. Қоғамда неғұрлым саяси биліктің теориялық
проблемаларын танып-білуге, меңгеруге жағдай жасалған болса, соғұрлым
саяси биліктің қарқынды дамуына жолдар ашылып оның сапасы жоғарылайды.
Мысалы, бұл процесті альпинизммен салыстыруға болады. Тауға
көтеріліп бара жатқан альпинист алға ұмтылған сайын таудың шыңы
альпинистке жақындай түседі. Саяси билікте те солай – ол саяси білімнің,
теорияның шыңы, оны меңгеріп ұққан сайын билік қоғамға жақындай түседі.
«Әр елдің билігі өзіне лайық» деген саясаттанудағы тұжырымдама осыны
көрсетеді.
Билік туралы білімді жоғарылату қажет екеніне дәлел – күнделікті
қарапайым түсінік деңгейі. Жер жүзіндегі адамдардың көпшілігі әлі де болса
саяси билікті біреулердің қолындағы құрал, олар сол құралды өз қажетіне
пайдаланады деп есептейді.
Саяси билікті түсінудің бұл бірінші, төменгі деңгейі.
Екінші, жоғарғы деңгей – саяси билікті қалыптастырудағы қоғам
мүшелері өздерінің мемлекеттегі орнын, ролін жақсы түсіну. Бұл деңгейдегі
түсінік бойынша, саяси билік біреулердің күшімен, еркімен, не болмаса
ақылымен ғана ұйымдастырылмайды, саяси биліктің қызметі, белсенділігі әр
адамның қосқан үлесіне байланысты.
Осы бірінші деңгей мен екінші деңгейдің аралығы алыс, алшақ жатыр.
Екі аралықтың арасын жақындату, қоғам мүшелерінің түсінігін көбірек бірінші
деңгейден екінші деңгейге көтеру – саяси ғылымның негізгі мақсаттарының
бірі.
Билік теориясына байланысты туындайтын тағы бір мәселе – билік пен
жеке адамдар еркіндігінің ара қатынасы. Әрине, билік қоғамды басқару үшін,
тәртіп орнату үшін қажет. Бірақ тәртіпті нығайту үшін билік өте қатал болып
мейірімсіздікке барса, онда азаматтардың еркіндігіне зиян келутіруі де мүмкін.
Бұл қайшылықты қалай үйлестіру керек?
Осы сұраққа саясаттану ғылымының беретін жауабы: саяси биліктің
өзінен, не болмаса билік пен адамның қарым-қатынасынан әрбір жеке адамға
тікелей қиянат келмеуі мүмкін. Бірақ адам құқығына, еркіндігіне зиян
келтіретін –саяси биліктің бір қолға шоғырлануы, топталуы. Яғни, билік пен
жеке адамның арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібінің бұзылуы.
Саяси билік неғұрлым бір орталыққа шоғырланған, топтастырылған
болса, бостандыққа соғұрлым шек қойылады, қысым жасалады. Шексіз билік -
бостандыққа шексіз қысым орнатады.
Империя, монархия кезеңдерінде, фашистік режимдерде мемлекеттік
билік дара бір адамның қолына шоғырланды. Кеңес өкіметі кезінде де билік
түгелдей бір орталыққа шоғырланған болатын. Әлеуметтік бастамалар көтеру,
бірігіп шешімдер қабылдау, әртүрлі пікір, көзқарас білдіру – бәрі де қатал
бақылауға алынды. Бұл билік түрі қоғамның прогресті дамуына жол бермеді.
44
Ал кейбіреулер керісінше биліктің қай түріне болмасын қарсы шығып,
анархизмді уағыздайды. Бұл жолдың да болашағы жоқ. Сондықтан алдыңғы
қатарлы дамыған елдерде биліктің орталықтануы мен шоғырлануынан саналы
түрде бас тартып, барлық азаматтардың өкімет шешімдерін қабылдауға
араласуын, билікке қатысуын қалайды. Бұл легитимді (заңды) билік, яғни
демократиялық билік қалыптастыру жолы.
Демократиялық саяси билік дегеніміз – құқықты, қабілеттілікті, оның
барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық үшін есепті қызмет етіп,
қоғамның өндірістік және рухани өмірін, азаматтар арасындағы қарым-
қатынастарды басқару, ұйымдастыру.
Мемлекеттік саяси билік ең алдымен қоғамдық өмірді ұйымдастыру үшін
керек. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, қоғам мен мемлекеттік
саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның
тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін қажет.
Демократиялық мемлекеттегі ең таңдаулы, ең шынайы билік – ол шын
мәнінде халық бақылауында болатын билік.
Достарыңызбен бөлісу: |