Саясаттану


Билік туралы теорияның тарихи дамуы және қазіргі кезеңдегі



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата31.01.2017
өлшемі15,5 Mb.
#3091
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

2. Билік туралы теорияның тарихи дамуы және қазіргі кезеңдегі 
проблемалары
Билік  мәселесінің  шығуы  әртүрлі  саяси  пікірлердің  қалыптасуына  негіз 
болды.  Бұл  мәселе  туралы  қағидалар  бірте-бірте  мифологиялық  ұғымнан 
тазарып, біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырлардың өзінде рационалдық 
негізге ие бола бастады. Осы бағыттағы Конфуцийдің “Ойлар және әңгімелер” 
атты  трактатындағы  саяси  биліктегі  «теңгергіштік  жүйе»  қағидағасының 
бүгінгі  күннің өзінде  құндылығы  жоғары.  Конфуцийдің  тұжырымдамасы 
бойынша  қоғамда  да  табиғаттағы  сияқты  бір  жерде  бір  нәрсе  қосылса,  басқа 
жерде  сонша  кемиді.  Ойшыл  бұл  ұстанымды  саяси  билік  проблемасына 
таратады. Біреудің  саяси  билігі  үстем  болып  бара жатса, онда  екінші  біреудің 
бостандығы сонша кеми бастайды. 
Конфуцийдің  осы  қағидасынан  мынадай  қорытынды  шығады:  әділетті 
мемлекеттік  билік  –  ол  біреудің  тәуелділігі,  не  біреудің  тәуелсіздігі  емес  -
әділетті билік ол өкімет пен адамдардың  арасындағы өзара тәуелділік. Ғұлама 
ойшылдың:  “Әкім  билігі  заңды  болуы  керек,  сол  уақытта  ол  киелі,  ардақты, 
яғни құдай сыйы болып табылады. Егер (әкім билігі) ардақты болмаса, онда ол 
құдайдан  емес,  ондай  биліктен  құтылу  керек”  -  деген  қағидасы  қазіргі 
демократияның  негізгі  принципі  –  саяси  билік  халық  алдында  есепті  болуы 
керек деген ұстанымға сәйкес келеді. 
Ұлы грек ойшылы Платон өзінің “Заңдарында” саяси билік жүйесі туралы 
былай  деп  жазады:  “бірінші  –  бәрінен  жоғары  әкімдердің  тұруы,  екінші  -
әкімдердің заңға бағынуы”. Және оның: “Билік пен философия бір адам болып 
қосылғанда  ғана  халық  салауаттылыққа,  игілікке  жетеді”  -  деп  атап  көрсетуі 
ерекше  көңіл  аударады.  Ойшылдың  осы  сөздерін  қалай  түсіну  керек? 
Біріншіден,  философия  даналық;  екіншіден  –  барлық  ғылымның  атасы. 
Платонның заманында философиядан жеке ғылымдар бөлініп шыққан жоқ еді. 

45
Осы тұрғыдан қарағанда Платонның ойы бойынша ел басқарушылар, биліктегі 
адамдар дарынды, білімді, саяси тәжірибесі мол тұлғалар болуы тиіс.
Саяси билік мәселесіне байланысты Аристотель іліміндегі басты қағида –
«орташылдық»  (концепция  срединности),  орта  таптық.  Ойшылдың  осы 
қағидасының  мәні  –  мемлекет  басқаруды  жеңілдетудің  негізгі  жолы  –
кедейлердің мүддесін  қорғау, жоқшылыққа  қарсы күресу, кедейлерді әрдайым 
орта  таптың  қатарына  қосып  отыру.  Аристотель  өзінің  осы  саяси  ойын 
түсіндіруді  өмірдегі  қарапайым,  жалпыға  белгілі  болмыстан  бастайды.  Оның 
ойынша, әлемде, табиғатта, материяда ортаға ұмтылу заңы бар, ортаға тартқыш, 
ортаға бағытталған күш бар. Мысалы, адамға салқын ауа райы жағдайсыз әсер 
етсе,  ыстық  та  солай  әсер  етеді.  Ал  адамға  жайлысы  орташа  температура, 
қоғамда  да  сол  сияқты.  Егер  қоғамда  аз  ғана  топ  байлар,  ал  қалғандарының 
көпшілігі  тек  ғана  кедейлер  болса,  онда  саяси,  әлеуметтік  тұрақтылық 
болмайды.  Екі  таптың  ара  қатынасы  үнемі  шиеленісте  болады,  көтерілістер, 
толқулар  орын  алады,  неғұрлым  кедейлер  көп  болса,  соғұрлым  мемлекеттің 
жауы көбейеді. Мұндай жағдайда мемлекеттік билікті күшейтудің негізгі жолы 
кедейлерге қарсы күш қолдану емес, немесе төңкеріс арқылы байларды жойып 
жіберу  емес,  биліктің  өкілеттілігін  жоғарылату  арқылы  орта  тапты 
қалыптастыру.  Егер  қоғамда  орта  таптағы  адамдардың  жалпы  саны  шеткі  екі 
таптың  санынан  асып  түсетін  болса,  сонда  қоғам  тұрақтылыққа  жетеді,  саяси 
биліктің басқару қызметі жеңілдей түседі. 
Саяси  билік  туралы  теорияның  даму  тарихындағы  айтарлықтай  ой 
қалдырған  ежелгі Рим ғалымы Цицерон Марк Тулий болды. 
Цицерон тарихта атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл болып 
танылады. Оның саяси билікке байланысты шығармалары: “Мемлекет туралы”, 
“Заңдар туралы”, “Міндеттер туралы”. Цицерон мемлекет басқаруды үш түрге 
бөледі:  патшалық  билік,  аристократия  (ақсүйектер)  және  демократия  (халық 
билігі). Ол бұлардың әрқайсысының жақсы жақтарымен қатар кемшіліктері де 
бар екенін көрсетеді.
 Атап  айтқанда,  патша  рақымшылдығымен  жұртқа  ұнайды,  бірақ  бұнда 
басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның билігі 
зорлық-зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. 
Аристократтар  ақылдылығымен  бағалы,  бірақ  олар  үстемдік  еткенде 
халық  өз  еркіндігін  пайдалана  алмайды,  билік  толығымен  ақсүйектердің 
қолында қалуы мүмкін. 
Демократия  болса  бостандығымен  құнды,  бірақ  халықтың  толық  билігі 
келеңсіз жағдайларға, “тобырдың зорлығы мен есалаңдығына” әкеліп соқтыруы 
мүмкін.
Сонымен,  Цицерон  мемлекеттік  биліктің  түрліше  болатынын  байқап, 
оның  әрбір  түрін  кеңінен  зерттеп,  тиімді  түрін  қалыптастыру  мүмкін  екенін 
көрсетеді. Қазіргі кезеңде мемлекеттік биліктің Цицерон атаған үш түрі кейбір 
мемлекеттерде  қалыптасқан.  Мысалы,  олар  Англияда,  Жапония,  Швецияда, 
Бельгия, Испанияда және  т.б.
 Саяси  билік  проблемаларына  көп  көңіл  бөліп  ғылыми  -  зерттеуде  зор 
үлес қосқан  біздің қандас бабамыз, ұлы ойшыл Әл-Фараби болды. Ғалымның 

46
саяси  билік  туралы ой-пікірлері  “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары 
туралы”,  “Азаматтық  саясат”,  “Саясат  туралы”  деген  еңбектерінде  кең  орын 
алған. 
Саяси  билікті  Әл-Фараби  рахымды  және  рахымсыз  деп  екіге  бөледі. 
Қайырымды, мәдениетті, білімді басқару халықты бақытқа бастайды, олардың 
іс-әрекетін,  ерік-қасиетін  дұрыс  жолға  бағыттайды.  Ол  үшін  басқару  заң 
күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан билеушілер теріс 
әрекеттер мен жаман қасиеттерге бой алады. Сондықтан Әл-Фараби надан адам 
басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір 
сынайды. 
Жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана адам шын мәнінде бақытты 
өмір  сүре  алады  деп  айта  келіп,  сол  себептен  азаматтардың  дұрыс  билік 
қалыптастыруды талап етуі заңды деп қорытындылайды. 
Әл-Фараби  Платонның  философ-билеуші  идеясын  қолдайды.  Ел 
басқарушы (билеуші) қоғамдық организмнің жүрегі деп санайды. Оның қызметі 
денені  емдейтін  дәрігердің  қызметіндей,  бірақ  ел  билеуші  денені  емес,  адам 
жанын емдейді деп түсіндіреді. 
Ел билеушінің  мынадай адамгершілік қасиеттері  болуын атап  көрсетеді: 
шындықты сүю, ізгіліктілік, игіліктілік, парасаттылық, білімділік және т.б. 
Саяси  билік  мәселесінің  дамуына  өз  үлесін  қосқан  ойшылдардың 
қатарына  жоғарыда  аталған  Фома  Аквинский  де  жатады.  Оның  ұсыныстары 
орта  ғасырлардағы  Батыс  Еуропа  елдеріндегі  саяси  жағдайға  байланысты 
болатын.  Осы  аумақтағы  елдердегі  католиктік  шіркеу  басшылары  мен 
монархияның  (зайырлы  биліктің)  арасындағы  билікке  таласу  шиеленісі 
ғасырларға  созылды.  Шиеленістің  зардабынан  халық  әртүрлі  соғыстарға 
ұшырап,  ойшылдар,  зиялылар,  Джордано  Бруно,  Галилео  Галилей,  Николай 
Коперник  және  тағы  басқалары  қатал  азап  шекті.  Шіркеудің  билікке  таласуы 
ғылымның дамуына кедергі келтірді.
Осындай жағдайда жауласып жатқан екі жақты бірлестіруге амал іздеген 
Фома Аквинский болды, өзі теолог (діни ілім өкілі), құдайшыл болғанымен ол 
ғалым  да  болатын,  сол  себептен  ғылымның  даму  жолдарын  қарастырып, 
зайырлы қауымды қолдайтын, екі жақты бірлестіретін амал іздеді. Оның шешуі 
– құдай мәселесі болды. “Билік шіркеуден де емес, монархтан да емес – билік 
құдайдан»,  -  деп  тұжырымдады  Фома  Аквинский.  Ғалымның  осы  қағидасы 
саяси ғылымға “университас” деген ұғыммен кірді (universitas – латын тілінде 
«бірлесу»). Ал іс жүзінде Аквинский діни билік пен зайырлы билікті біріктіру 
емес,  екеуін  ажыратуға  жол  ашты.  Діни  ұйымдарды  мемлекеттен  ажырату 
идеясы осы ойлардан басталады. 
Сонымен  қатар  саяси  билік  туралы  Аквинскийдің  пікірі  бойынша 
биліктің үш негізін ажырата білу керек: билік мәні, шығу тегі және оны қолдана 
білу.  Шығу  тегі  – құдай.  Ғалымның  ескертуі:  құдай  аспанда,  ол 
қайырымдылықтың негізі. Ал патша мен Рим папасы жерде. Билік құрайтындар 
мейірімділікті  орнатпаса,  оған  жердегі  адам  кінәлі.  Бұл  тұжырымдамада 
Аристотельдің  көзқарасын  (“Нус”  – қозғаушы  күш  және  әрбір  заттың  өзінің 
ішкі қозғаушы күші) католик дінінің қағидаларына бейімдегені көрінеді. 

47
Билікте тұрған адам (патша, елбасы) қатал, қайырымсыз болуы тиісті ме, 
әлде ол сыпайы, қайырымды, өте мейірімді болуы дұрыс па?
Осы  сұраққа  толық  және  нақты  жауап  берген  саяси  қайраткер,  ғалым 
Никколо Макиавелли болды. 
Макиавелли  саяси  билік  туралы  «мемлекетте  билік  жүргізуші  мен  оған 
бағыныштылардың  қарым-қатынасы  және  басқарушының  (билеушінің, 
корольдің)  қаталдығы  мен  қайырымдылығының  ара-қатынасы  қандай  болуы 
керек?» деген сұрақтарға жауап іздеді. 
Макиавелли  өзінің  “Тақсыр”  деген  еңбегінде  «мемлекеттік  билік  ерікті, 
белсенді  болса  ғана  қуатты,  абыройлы  болады,  билік  рақымсыз,  қатал,  жауыз 
болмауы  керек»  деп  тұжырымдайды.  Макиавеллидің  кейбір  пікірлеріне  әсер 
еткен  сол  кездегі  өз  елінде  орын  алған  күрделі  саяси  жағдайлар  болатын.  Ол 
кезде  Италия  жан-жақтан  жаулаушылыққа  ұшырап,  ыдырап  бара  жатқан 
мемлекет  болатын.  Ел  билігіне  келген  адамдар  ешбір  тұрақтай  алмай  талас, 
келіспеушілік жағдайында мемлекет басшылығына келген кім болса да әртүрлі 
төңкерістерге  ұшырап  биліктен  айырылды.  Сондықтан  халықтың  басын 
біріктіру үшін  елбасының  тұрақтауы үлкен мүддеге айналды. «Осындай саяси 
жағдайда  басқарушының  тұрақтауы  үшін  қандай  іс-әрекеттерді  қолдану 
керек»?  деген сұраққа Макиавелли өзінің  “Тақсыр” деген еңбегінде «билеуші 
жаза  қолданудан  тайынбауы  керек»    деп  жауап  береді.  «Егер  әкім  халықтың, 
бағыныштылардың алдында қайырымды, мейірімді болып көрінемін деп қажет 
болған  жағдайда  жаза  қолданбаса,  сол  себептен  ұлтты  ыдыратса,  мемлекетті 
құлдыратып жіберсе – одан артық үлкен қылмыс жоқ» деп ұйғарды. «Бүгін бір 
қылмыскерге тиісті жаза қолданылмаса, ертең жүз қылмыскерлер шығады. Ал 
сол  жазаны  қолданатын  адам  билікте  тұрақтай  да  білу  керек.  Қуатты  билік  –
халықтың  тыныштығы.  Сол  мақсатқа  жету  үшін  айланың  қай  түрін  болса  да 
қолдануға болады»  деп кеңес берді. 
Бірақ  кейбір  кертартпа  саясаткерлер  Макиавеллидің  осы  айтқан 
кеңестерін  еске  алмай,  ғалымның  тұжырымдамаларын  өздерінің  қажетіне 
пайдаланғысы келеді. Сол себепті кейін “макиавеллизм” деген термин таралды. 
Бұл  термин  “мақсат  - әдісті  ақтайды”  деген  қағидаға  айналды.  Яғни,  билікті 
қорғау  үшін  қатігездікке  де  баруға  болады  деген    мағынада.  Кейбір  қатыгез 
билеушілер (мысалы, Гитлер) қаталдықты Макиавеллидің өзі де қолдайды деп, 
өздерінің «қара ниеттерін» ақтағылары келді.
Макиавелли  мемлекеттің  саяси  билігін  қатыгездікке,  жауыздыққа 
шақырған жоқ. Ол екі түсінікті: қаталдық пен жазаны ажырата білуге үйретті. 
Билеуші  қатал,  мейірімсіз  болмауы  керек,  бірақ  қажет  болған  жағдайда 
жазалауды ешбір ұмытпауы тиісті. Италиялық ұлы саясаттанушы “саяси билік 
– ол қайырымдылықтың ойыны емес, арзан бедел үшін қамқорлық жасау емес, 
ол заңның әділеттілігімен елді басқару”деп үйретті. 
Саяси  билік  проблемасындағы  ғалымдардың  ғасырлар  бойы  көңіл 
аударған  мәселесі  –  билік  пен  бостандықтың  ара  қатынасы.  Билік  қоғамға 
тәртіп орнату үшін қажет. Бірақ тәртіпті нығайтамын деп билік өте қатал болып 
мейірімсіздікке  барса  –  халықтың,  азаматтардың  еркіндігіне  зиян  келуі  сөзсіз. 
Ал осы екі жақты үйлестірудің жолы қандай?

48
Бұл мәселенің үлкен астары бар. Ғалымдардың бірнеше ғасырлар бойы ой 
пікірлерін,  ұсыныстарын  жинақтай  келіп,  саясаттану  ғылымы  мынадай 
тұжырымдама  жасайды:  азаматтардың  бостандығына,  еркіндігіне,  құқығына 
зиян, қиянат келтіретін биліктің шоғырлануы, топталуы - бұл мемлекеттік билік 
пен  қоғам  арасындағы  өзара  тәуелділік  қарым-қатынас  тәртібінің  бұзылуы. 
Неғұрлым  билік  шоғырланған,  топталынған  түрде  болса,  соғұрлым 
бостандыққа  шек  қойылады,  қысым  жасалады.  Сол  себепті  саяси  билік 
проблемаларын зерттеудегі ойшылдардың, ғалымдардың мақсаты - билікті бөлу 
және  бөлісу  жолдарын  қарастыру,  яғни  билікті  бірнеше  тармаққа  бөліп 
орналастыру. Бұл жөніндегі ғалымдардың ілімдері XVIII ғасырдан бастап саяси 
өмірге енгізіле бастады. 
Саяси  билікті  бөлу  теориясының  негізін  салушылар  Джон  Локк пен 
Шарль Монтескье  болды. 
Ағылшын  ғалымы  Джон  Локк  саяси  билік  проблемасымен  байланысты 
“Мемлекет басқару туралы екі трактат” деген еңбегінде демократияшыл саяси 
жүйе ойдағыдай қызмет атқаруы үшін мемлекеттік билікті екі тармаққа бөлуді 
ұсынды: заң шығарушы және атқарушы билік. Ғалымның ойынша бұл жүйенің 
негізгі  қызметі  бір-біріне  бақылаушылық  (теңгергіштік)  міндетін  атқарып, 
зорлық-зомбылыққа,  заңсыздыққа  жол  бермеу.  Бірақ  Локктың  шешпеген  бір 
мәселесі  –  егер осы  екі  биліктің  арасында  шиеленіс пайда  болса,  қандай  күш, 
төреші (арбитр) міндетін атқару керек? 
Осы сұраққа толық жауап берген және билікті бөлу теориясының негізін 
қалаушы  –  француз  ғалымы  Шарль  Луи  Монтескье  болды.  Оның  билік 
проблемасына  байланысты  жазылған  шығармалары:  “Заңдардың  рухы”, 
“Парсылық хаттар”, “Римдіктердің ұлылығы мен құлауы туралы ойлар”. 
Ш.Монтескье  “Заңдардың    рухы”  еңбегінде  зерттеудің  өзегі  етіп 
демократияны  ұсынып  демократиялық  әділеттік  арқылы  мемлекеттік  билік 
қалыптастырудың  жолын  көрсетті.  Ол    өмір  сүрген  кезеңде  дүние  жүзінде 
мемлекет  басқарудың  бір  ғана  түрі--  монархия  болды.  Бұндай  саяси  режимде 
халық өкілдерінің билікке келуі, әрине, мүмкін болған жоқ. Сол себептен ғалым 
биліктің  бұл  түрін  болашақсыз  деп  тұжырымдайды.  Ш.Монтескьенің  қазіргі 
кезеңде  бүкіл  әлемге  әйгілі  болған  осы  еңбегін  оқығанда  ғалым  өз  ойларын 
бүгінгі  күні  айтып  отырған  адамға  ұқсайды.  Яғни,    демократиялық  қоғамның 
болашағын бірнеше ғасыр бұрын болжағаны байқалады.
Ғалым мемлекет басшысын халық сайлауы керек деген ойға келеді. Бірақ 
ондай елбасы жалғыз-ақ адам болатын болса, оның билігін кім бақылайды, кім 
шектейді?  Ол  шексіз  билікті  өз  қолына  түсіріп  халыққа  зорлық-зомбылық 
жасап, жауыздыққа баруы да мүмкін ғой. 
Ал  «билікке  бақылау  жүргізуді  халыққа  тапсырса,  мемлекетте 
тәртіпсіздік  басталып,  ереуілдер,  көтерілістер  көбейіп  кетуі  мүмкін»    деп 
қорытындылайды  «Заңдардың  рухының»  авторы.  Сөйтіп,  француз  ғалымы 
билікке  бақылау  қажет,  бірақ  ол  міндеттен  халықты  босату  керек  деген 
шешімге  тоқтайды.  «Бұдан  мемлекеттік  билікке  қалайша  бақылау  орнатуға 
болады?»  -  деген  сұрақ  туындайды.  Бұл  сұраққа  Ш.Монтескьенің  берген 
жауабы  –  саяси  билікті  үш  тармаққа  бөлу  принципі  мен  биліктің  үш 

49
тармағының  бір-біріне  тежемелік,  тепе-теңдік  жүйені  пайдалану  арқылы 
бақылау жасауы болды. 
Ұлы  ғалымның  билікті  бөлу  теориясы  бойынша  алдымен  билікке 
халықтың қатысуы және көпшіліктің қолдауымен Конституцияның қабылдануы 
керек.  Конституцияда  биліктің  тармақтарының  ара  қатынасы  бекітіледі. 
Мемлекет  билігі  -  заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот  билігі  тармақтарына 
бөлініп,  олардың  бір-біріне  тежемелік  әрі  тепе-теңдік  жүйесін  пайдалану 
арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады. 
Монтескьенің бұл қағидасы бойынша, егер биліктің үш тармағының бірі 
үстемдік жасап, заңсыздық жолға түсіп бара жатса, биліктің басқа бір тармағы 
оған  тойтарыс  беру  мүмкіншілігі  бар  (Конституция  бойынша  дауысқа  салу 
арқылы).  
Ш.Монтескье  билікті  бөлу  теориясын  аяқтап  болғаннан  кейін  саяхатқа 
шығып  Еуропа  елдерін  аралайды.  Мақсаты:  өз  ілімін  басқа  да  мемлекеттерге 
ұсыну  болатын.  Бірақ  ешбір  жерде  оны  ешкім  дұрыс  түсінбеді.  Әрине,  бұл 
таңғаларлық  жай  емес  болатын.  Себебі,  бүкіл  әлемде  монархия  шарықтап 
тұрған кезеңде Монтескьенің ойлап шығарғанындай мемлекеттік биліктің жаңа, 
күрделі түрін бірден қабылдау оңай емес болатын. Нәтижесінде өз ілімін «іске 
аспайтын теория болды» деген өкінішті оймен ғалым дүние салады.
Бірақ  кейін  іс  жүзінде  Ш.Монтескье  ілімінің  тағдыры  басқаша  шешілді. 
Бір  топ  ғалымдар  сол  уақыттың  өзінде  ғалымның  осы  теориясымен  танысып 
жатыпты.  Олар  сол  уақытта  «дүниежүзінің  шекарасынан  тыс  мекендеушілер» 
деп  саналатын  американдықтар  еді.  Ш.Монтескье  қайтыс  болғаннан  кейін  32 
жыл  өткесін,  яғни  1787  жылы  Америка  Құрама  Штаттары  өзінің 
Конституциясын  қабылдады.  Француздың  ұлы  ғалымының  саяси  билікті  бөлу  
теориясы осы Конституцияға толығымен енгізілді. Содан кейін  саяси биліктің 
осы жүйесі басқа елдерге де кеңінен тарай бастады. 
Ш.Монтескьенің  бұл  теориясының  жүзеге  асырылуы  Қазақстан 
Республикасы  Конституциясында  да  өзіне  тән  орын  алды.  Ол  Қазақстан 
Конституциясындағы  3-бап,  4-бапша:  «Республикада  мемлекеттік  билік 
біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және 
сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану 
арқылы,өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады».
Американдықтар  «Ш.Монтескьеге  алтын  ескерткіш  қоятын  уақыт 
әлдеқашан  келді»  деп  есептейді.  Себебі  ұлы  ғалымның  саяси  билікті  реттеу 
арқылы,  мемлекеттік  билікке  бақылау  жасау  идеясы  әлемнің  көптеген 
мемлекеттерін  сан  алуан  шиеленістерден,  революциялардан,  азаматтық 
соғыстардан  аман  сақтап  қалды  және  болашақта  да  ғалымның  бұл  теориясы 
адамзат игілігіне қызмет етеді. Монтескьенің бұл теориясы саяси билікті бөлу 
барысындағы  алғашқы  қадам  болатын.  Келешекте  биліктің  төртінші  тармағы, 
бесінші,  алтыншы  басқа  да  көптеген  тармақтарының  саяси  өмірде  орын  алуы 
күмәнсіз  екенін  қазіргі  өркениеттік  даму  бағыты  көрсетіп  отыр.  Шарль 
Монтескьенің  ғылымдағы  орны  Исаак  Ньютон,  Джордано  Бруно,  Николай 
Коперник,  Дмитрий  Менделеев,  Альберт  Эйнштейн  тағы  басқа  ғұлама 
ғалымдардың қатарында тұр. Егер Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын ойлап 

50
тапса,  ал  Монтескье  бүкіл  дүниежүзілік  саяси  өмірде  айрықша  орын  алып 
отырған демократияның заңдылықтарын ашты. 
3. Саяси және мемлекеттік билік
Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек. Саяси билік 
ол  мемлекеттік  биліктің  құрамын  қалыптастыратын  жүйе.  Саяси  билікке 
жататындар:  қоғамда  ресми  қабылданған  саяси  топтар,  саяси  партиялар, 
қоғамдық  ұйымдар,  сайлау  жүйелері  мен  сайлаушылар.  Кейбір  елдерде 
парламентті  қалыптастыратын  көппартиялық  жүйе  (Франция,  Италия),  ал 
кейбір елдерде екіпартиялық жүйе (АҚШ, Англия) орныққан.
Саяси  билік  адамзат  тарихында  ежелгі  заманнан  бар.  Мысалы,  қазақ 
даласы  тарихындағы  ақсақалдар,  ақсүйектер,  билер  кеңесі  болса,  ал  славян 
халықтарында X-XIV ғасырларда вече, рада болды. Бұл саяси билік өзі тікелей 
билік  етпегенмен,  әулеттің  көптеген  өкілдерінің  ішінен  кім  хан,  кім  князь 
болуын  ұйғарып  отырды.  Бұл  қазіргі  демократия  тәртібіндегі саяси  партиялар 
мен әртүрлі қоғамдық топтарға ұқсайды. 
Ал  мемлекеттік  билік  ол  саяси  биліктің  ұйғарған  уәкілділігін  іске 
асыратын жүйе. Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент 
қалыптастырады,  яғни  мемлекеттік  биліктің  құрамын  құрастырады.  Осы 
мемлекеттік  билікке  қоғамның  барлық  мүшелері  тегіс  бағынады.  Ал  саяси 
билікте  ондай  өкілеттік  болмайды.  Мысалы,  саяси  партия  саяси  биліктің 
құрамында  болғанымен  саяси  партиядан  қоғам  мүшелері  тәуелсіз,  партияға 
бағынатындар әрбір партияның өз мүшелері ғана.
Саяси биліктің негізгі мақсаты – мемлекеттік билікті қалыптастыру. 
Мемлекеттік  билік  саяси  биліктің  ең  жоғарғы  сатысы  болып  табылады. 
Мемлекеттік билік саяси биліктің қолдауынан туындаса, саяси билік қоғамның 
мүддесінен  туындайды.Саяси  билік  негізінен  қоғамның,халықтың  қалауына 
байланысты  қалыптасатын  тарихи  үрдіс.Мемлекеттік  биліктің  заңды  болуы 
оның легитимдігімен, халықтың мойындауымен анықталады.
Саяси  биліктің  легитидігі  жөнінде  ғалымдар  ерте  заманнан  бастап-ақ 
әртүрлі  пікірлер  айтып,  тұжырымдамалар  жасаған.Солардың  негізгілеріне 
тоқтала кетейік. 
Конфуций легитимді  билік  өз  халқына  қайырымды  билік  түрі  екеніне, 
халықтың  сенімінсіз  мемлекет  өмір  сүре  алмайтынына  назар  аударады.  Ол 
мемлекет  басқаруда  халыққа  қатаң    жаза  қолдану  мен  қатаң  билік  жүргізуге 
қарсы  шығып,  алдымен  халықты  ашықтырмау,  оқыту  және  адамгершілікке 
баулу  қажеттігін  айтады.  Ел  басқарушы  қоғамның  әрбір  мүшесінің  өз  міндеті 
мен құқығын жүзеге асыруына жағдай жасауы керектігін және әрбір жеке адам 
қоғамда өз міндетін атқаруға тиіс екенін ескертеді.
Конфуций  қоғамдағы  тәртіп  пен  адамгершілікті  маңызды  санап, 
мемлекет  қызметкерлерінің  ролін  жоғары  бағалайды.  Оның  пікірінше,  билік 
иелері  –  билік  жүргізу  құқына  адамгершілік,  білімділік,  тәртіптілік,  халыққа 
қайырымдылық  қасиеттері арқылы жетуі тиіс.

51
Платонның  пікірінше,  легитимді  билік,  ол  халық  қалайтын,  таңдап 
алатын  билік  -  дана  философтар  басқарған  мемлекет,  себебі  ақиқат  білімді 
меңгеру сол таңдаулы адамдардың қолында.
Ол  мемлекетті  басқарудың  тимократия,  олигархия,  тирания    түрлеріне 
қарсы, тіпті демократияны да қаламайды, себебі  билікті қоғамның шағын тобы 
иемденіп кетуі мүмкін деп есептейді
Аристотель  биліктің  легитимділігін  төмендегідегі  принциптер  арқылы 
анықтайды, олар: 
1) аристократия – қайырымдылық
2) олигархия - байлық
3) демократия – еркіндік
Оның  ойынша,  легитимді  билік  -  полития,  себебі  ол  осы  үш  принципті 
қамтиды. Легитимді емес билік үстемдігінен арылу жолын мемлекттегі орташа 
таптың қалыптасып, дамуымен түсіндіреді.
Цицеронның  ойынша,  легитимді  билік  - әртүрлі  мемлекеттік  басқару 
түрінің  өзара  араласуы,  қосылуы.  Мысалы,  монархиялық,  аристократиялық 
және  демократиялық  билік  түрлерінің  бірігуі.  Биліктің  осылай  біріккен  түрі  
бәрінен  де  тиімді  (монархия  – қайырымдылықтың,  аристократия  –  ақылдың, 
демократия – еркіндіктің белгісі болып саналады).
Әль  –  Фараби  Платонның  мемлекет  туралы  ілімін,  Аристотельдің 
этикалық  ілімін  негізге  алып  легитимді  билік  ол  қайырымды  қала  (мемлекет) 
деген қорытынды жасайды. Оның ойынша, қайырымды қала басшысы барлық 
ізгі қасиеттердің (білім, даналық, батылдық, ар-ұят) иесі болып табылады.
Ибн-Халдун – мұсылмандық Шығысқа аты әйгілі ғалым. Оның биліктің 
легитимділігі туралы ойларында елбасының билік сипаты өз халқының билікті 
адамгершілік    тұрғысынан  мойындауына  байланысты  екеніне  ерекше  көңіл 
бөледі.  Өзінің  «Муккадина» атты  трактатында халықтың  қалауындағы  билік -
халифат билігі, себебі халифат -  әділеттілікке, сенімге, мұсылман құқықтарына 
негізделген халықтың «өз» билігі деп түсіндіреді.
Томас  Гоббс  биліктің  легитимділігі  туралы  ойларын  қысқа  түрде: 
«ешкімнен ештеңені тартып алуға болмайды, егер ол нәрсе сол адамдікі болса» 
деп баяндайды. Өзінің «Левиафан» атты  еңбегінде қоғамдағы анықтаушы негіз 
адамға  жаратылысынан  берілетін  «табиғи  құқығы»,  ал  өкімет  адамның  осы 
құқығын  мүлтіксіз  қорғауы  қажет  екенін  көрсетеді. Оның  пікірінше,  адам 
табиғаты,  жаратылысы  кезкелген  мемлекеттік  биліктен  жоғары,  сондықтан 
ашық қоғамдағы билік құрушылар өз азаматтары. Сондықтан легитимді өкімет 
– халық өклеттілігі  орнаған билік түрі.
Н.Макиавелли  «Тақсыр» атты  еңбегінде  «халық  қалауы қандай  өкімет, 
қандай  өкіметті  легитимді  санауға  болады:  қатаң,  қатыгез  билік  пе,  әлде 
адамгершілік  ұстанымын  сақтап  барлық  тәртіп  бұзушылыққа  төзімді  өкімет 
пе?»  деген сұрақтар қойды. Автордың пікірінше, бұл аталған билік түрлерінің 
ешқайсысы  легитимді  емес.  Себебі  халық  қалауы  бойынша  легитимді  өкімет 
деп  тану  мемлекетті  адамгершілік,  әділеттілік  заңына  ғана  сүйеніп  басқару
жолы.  Н.Макиавелли  адамгершілік тұрғысынан көрінуі  үшін   қылмыскерлерді 
жазасыз  қалдыратын  билікті  қатты  сынайды.Себебі  тәртіп  бұзушылар  саны 

52
күрт өсіп халық арасындағы берекесіздікке, мемлекеттің құлдырауына жеткізсе, 
автордың  ойынша,  бұл  өкіметтің  өзі  қылмыскер.  Н.Макиавеллидің  пікірінше, 
ең  маңызды  саяси  мәселе  -  мемлекеттің  беріктілігі,  біртұтастығы  және 
қоғамның  игілігі  болуы  тиіс,  сондықтан  осы  мақсаттардың  орындалуы  үшін 
барлық  саяси  әдіс,  құрал  қолданылуы  қажет.  Міне,  Макиавеллидің  осы 
пікірлері  негізінде,  жоғарыда  атап  көрсеткеніміздей  «макиавеллизм»  термині 
қалыптасты. Ал бұл қағидадан саясат пен адамгершілік (этика) бір-біріне қарсы 
немесе  бірінен-бірі  жоғары    деген  қортынды  шықпайды.  Н.  Макиавеллидің 
түсінігінше,  аталған  әдіс,  құрал  мемлекетті  сақтау,  қоғамдағы  тұрақтылықты 
орнату  үшін  қолданылатын  мемлекеттік  саяси  іс-қимыл,  қызмет  түрі. 
Сондықтан  Н.Макиавелли  мемлекеттік  заңдылық  пен  толық  жариялылық 
негізінде  мемлекеттік  жазалау,  күш  қолдану  әдістері,  құралдары - саяси 
қажеттілік  деп санады.
Ш.Монтескье    биліктің  легитимді  болуының  нақты  шарты  ретінде 
мемлекеттегі  құқық  мәртебесінің  жоғары  болуын  жүзеге  асыруды  ұсынды.
Оның  ойынша,  саяси  билікті  жеке  басының  мүддесіне  пайдалану    адамның 
табиғи  жаратылысынан  берілген  қасиет.  Сондықтан  билік  иелерін,  мемлекет 
қызметкерлерін  заң  арқылы  тежеп  ұстау  қажет.  Билікті  бақылаушы,  әділетті 
атқарушы  саяси  күш  табыла  ма?  –  деген  сұрақ  туындайды.  Бұл  сұрақтың 
жауабын  Ш.  Монтескье  саяси  білімдердің  ұлы  жетістігі  болып  саналатын 
мемлекет  билігін  бөлу  теориясында  берді.  Бұл  теорияның  бастауы  болып 
ежелден  қалыптасқан  Аристотельдің,  Цицероннның  ,  Аквинскийдің  және 
Локктың  мемлекетті  аралас  басқару  түрі  туралы  идеялары  саналады.  Билікті 
бөлу  теориясында  билік  заңшығарушы,  атқарушы  және  сот  билігі  болып 
бөлінеді,  нәтижесінде  биліктің  осы  түрлері  бір-бірін  өзара  тежеп  бақылауда  
ұстайды.
Дж.  Локк  өкіметтің  легитимді  болуын  мемлекеттегі  тепе-теңдік 
принципінің сақталуымен түсіндірді, бұл билік пен құқықтың бір-біріне сәйкес 
келуі. Оның ойынша, өкіметтің легитимді болуы адамдардың өз еркімен табиғи 
құқықтарынан бас тартуы арқылы қоғамдық келісімге келуіне байланысты. Ал 
қоғамдық  келісім  негізінде  құрылған  мемлекет  өз  кезегінде  адамның  табиғи 
құқығын  қорғайды; ал  тұлға  мемлекеттен  жоғары  тұрса  ол  қоғамда  легитимді 
өкімет құру мүмкіндігі толық жеткілікті. 
Хайек  Фридрих  фон  Август  австриялық  экономист  және  саясаттанушы, 
философ.  Оның  пікірінше,  өкімет  билігінің  легитимді  болуы  тоталитаризмде 
мүмкін  емес,  себебі  бұл  саяси  режимде  өкімет  қоғамды  бір  ғана    бағдарлама 
негізінде  басқарады,  ал  осы  жағдайда  әрбір  жеке  адамның  белсенділігі 
төмендеп  өз  қаблетін  іске  асыруға  ешқандай  мүмкіндік  берілмейді.  Бұл  жеке 
адамның  ішкі  наразылығын  күшейтіп,  қоғамда  конформизмнің  орнығуына 
әкеледі. Тоталитаризм қоғамдағы моралдық құндылықтардың төмендеуіне және 
экономиканың күйреуіне соқтырады. 
Немістің  көрнекті  ғалымы  Макс  Вебер  легитимді  үстемдіктің  (саяси 
биліктің) үш түрін айқындайды: дәстүрлік, харизматикалық, ашық (жария). 
Біріншісі,  дәстүрлік үстемдік.  Бұл  билік  киелі  дәстүрге  (сенімге) 
негізделеді.  Сонау  ерте  заманнан  бастап  халықтың  санасына    сіңген,  әбден 

53
бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, халық 
хандықты,  патшалықты  дәстүрлі  түрде  мойындаған.  Қоғамдағы  әртүрлі 
дағдарыстар  үшін  нақтылы  ханды,  патшаны  ғана  кінәлағанмен,  ал  патшалық, 
хандық оған кінәлі деп есептелмеген. 
Легитимді үстемдіктің екінші түрі – харизматикалық. Харизма – ерекше 
дарынды,  ақылды,  батыр  және  басқа  да  үлгілі  қасиеттері  бар  адам.  Ондай 
адамның  билік  жүргізуін  қоғам  толық  мойындайды.  Халық  тек  ғана  сол 
басшыға  бағынып,  соған  ғана  сеніп,  оны  көсем  дәрежесіне  көтеруге  дейін 
барады. 
М.Вебердің  ойынша,  құқықтық  мемлекет  негізделетін  легитимді 
үстемдіктің  үшінші  түрі-- ашық,  жария үстемдік.  Қоғамға  үстемдік  етуші  
адам  емес,  заң  болуы  тиісті;  ал  ашық,  жариялылық  билік  демократиялық 
талаптарға  сәйкес  келетіні  белгілі.  Демократиялық  жағдайда  мемлекеттік 
биліктің легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет:
-  билік  халықтың  қалауы  бойынша  қалыптасуы  және  көпшіліктің еркіне 
қарай орнатылуы. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде 
белгілі  бір  мезгілге  халық  сайлайды    және  оның  жұмысын  бақылап  отыруға 
мүмкіндіктің болуы тиіс
- мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы 
керек. 
Сонымен,  легитимді  билік  туралы  ойшылдардың,  саясаттанушы 
ғалымдардың тұжырымдамаларын қорытындыласақ, барлық мемлекеттік билік 
саяси билік болып табылады, бірақ барлық саяси билік мемлекеттік билік бола 
алмайды.  Поляк  саясаттанушысы  Ежи  Вятр  атап  көрсеткендей,  саяси  билік  –  
әлеуметтік  топтар  арасындағы  қатынастардың  түрі,  ал  мемлекеттік  билік 
арнайы мекемелер арқылы жүзеге асырылатын билік түрі. 
Саяси және мемлекеттік биліктің ара қатынасы билікті бөлу ұсынымына 
сәйкес болуы қажет. Әсіресе мемлекеттік биліктің легитимді болуына  бірінші 
кепілдеме  -  шын  мәніндегі  халық  қолдайтын  конституция.  Мысалы,  бұрынғы 
кеңестік кезеңде мемлекеттік билік саяси биліктің қалыптасуына тыйым салып, 
саяси  жүйенің  барлық  құрылымын  мемлекеттендірудің  негізі  болды.  Саяси 
ұйымдар  мен  саяси  партиялардың  өздігінше  дамуына  жол  берілмеді.  Билік 
түгелдей  бір  орталыққа  топтастырылды,  әлеуметтік  бастамалар  көтеру, 
шешімдер  қабылдау,  халықтың  шынайы  еркін  білдіретін  қозғалыстар 
қудаланды  және  бәрі  де  қатал  орталықтандырылды.  Бұл  жетпіс  жыл  бойы 
қуатты  мемлекеттердің  бірі  болған  Кеңес  Одағының  тоқырауға  ұшырауының 
негізгі себебі болды. 
Кейбір  саясаттанушылар  “биліктің  ешқандай  да  түрі  керек  емес,  қоғам 
өзімен-өзі  биліксіз  өмір  сүре  береді”  деген  де  пікірлер  айтады.  Бұл  анархизм 
идеологиясы.  Бұл  жолдың  да  болашағы  жоқ,  себебі  бұл  қағидалар  қоғамды 
ретсіздікке, жаппай тәртіпсіздікке соқтыру мүмкін. 
Сондықтан  алдыңғы  қатарлы  дамыған  елдерде  биліктің  орталықтануы 
мен  шоғырлануынан  саналы  түрде  бас  тартып,  барлық  азаматтардың  өкімет 
шешімдерін  қабылдауға  араласуына,  билікке  қатысуын  қалайды.  Содан  да 
болар,  қоғамның  қарқынды  дамуына  жағдай  жасалып,  халықтың  тұрмыс-

54
тіршілігі  жайлы  саналатын  қазіргі  өркениетті  елдер  деп  аталып  жүрген 
мемлекеттердегі  демократиялық  республика,  конституциялық  монархия  және 
т.б. биліктің түрлері легитимді деп саналады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет