alienism [‘eiljənizm] n 1.(заң) жат мемлекеттегі
шет елдіктің жай-күйі 2.психатрия
alienist [‘eiljənist] n психиатр
alienor [‘eiljənə(r)] n мүлігі басқаға берілген
адам
aliform [‘eilifɔ:m] adj қанат тəрізді, қанатқа ұқсас
alight [ə’lait] A.adj жанып жатқан, өртеніп
жатқан ♦A cigarette set the dry grass ~. – Темекі құрғақ шөпті өртеді. ♦(ауысп. мағ.) Their faces were ~ with joy. – Шаттықтан олардың беті алаулады. В.v 1.~ (from smth) төмен
түсу ♦Passangers should never ~ from a mov- ing bus. – Жолаушылар жүріп бара жатқан автобустан ешқашан түспеуі керек. 2.~ (on smth) қону (құс ж.) ♦The sparrow ~ed on a nearby branch. – Торғай маңдағы бұтаққа келіп қонды. 3.~ on smth кездейсоқ табу,
кезігу ♦My eye ~ed on a dusty old book at the back of the shelf. – Менің көзім сөренің арт жағындағы шаң басқан көне кітапқа түсті.
alighting [ə’laitiŋ] n (авиация) (a)қону,
құлдилау (процесі) (b) attr қону, қонатын ♦~ gear – қону құрылғысы align [ə’lain] v 1.~ smth (with smth) (a)
бір қатарға орналастыру, түзеу, қою ♦a row of trees ~ed with the edge of the road – жолдың жиегімен тізіле орналасқан ағаштар (b) (техн) сəйкестендіру, түзеу,
ығңайлау, ықшамдау ♦to ~ the wheels of a car – машинаның дөңгелектерін түзеу 2.~ one- self with smb серіктесу, одақтасу, ниеттесу,
ымыраға келу ♦The Communist Party has ~ed itself with the Socialists. – Коммунистік партия социалистермен серіктесті.
aligning [ə’lainmənt] n 1.бір қатарға
орналастыру, түзеу, қою ♦The sights of the gun must be in ~ with the target. – Мылтықтың көздеуіші (прицелі) нысанамен бір сызыққа келуі тиіс. 2. сəйкестендіру, түзеу, ыңғайлау,
ықшамдау (əрекеті) ♦~ of forces – күштердің орналасуы (əскери бөлімшелердің түрлі позицияларға орналасуы) 3. серіктесу,
одақтасу, ниеттесу, ымыраға келу ♦the ~ of Japan with the West – Жапонияның Батыспен ымыраға келуі alike [ə’laik] A.adj (predic) ұқсас, сияқты
♦These two photographs are almost ~. – Мына екі фотосурет тіпті ұқсас дерлік. ♦The twins don’t look at all ~. – Егіздер бір-біріне мүлде ұқсамайды. ♦All music is ~ to him. – Оған
музыканың бəрі бір (яғни, жақсыдан жаманын
айыра алмайды). ♦~ in colour – бір түстес
B.adv бірдей, бір дəрежеде, біркелкі ♦to treat everybody exactly ~ - бəрімен бірдей қарым- қатынас жасау ♦The climate here is always hot, summer and winter ~ - Бұл жерде ауа-райы ылғи ыстық; қысы мен жазы бірдей.
aliment [‘ælimənt] A.n (a) ас, тамақ (b)жəрдем,
демеу В.v асырау, демеу alimentary [,æli’mentəri] adj ас, тамақ(тың)
♦~ canal (tract) – ас қорыту жолы (аузыдан артқы тесікке дейінгі ішек-қарын жолы) alimentation [,ælimen’teiʃən] n тамақ, жем
беру; асырау
alimony [‘æliməni; US -məuni] n (a) алимент,
жəрдемақы (b) қоректендіру, тамақтандыру (c)
асырау
aline [ə’lain]= align aliped [‘æliped] A.adj қанатаяқ(ты) (яғни,
жарқанаттың аяғы сияқты) B.n қанатаяқ(ты)
айуан (мыс.: жарқанат)
aliquant [‘ælikwənt] adj (матем) еселі емес
aliquot [‘ælikwɔt] adj (матем) еселі
alive [ə’laiv] adj (predic) 1.тірі, жаны бар ♦She was still ~ when I reached the hospital. – Мен ауруханаға жеткенде ол əлі тірі болатын.
♦Many people are still buried ~ after the earthquake. – Əлі күнге дейін жер сілкінісі көптеген адамдарды тірідей жерлейді.
2.сергек, ширақ, тың; көңілді, қағылез,
өткір ♦You seem very much ~ today. – Бүгін тым ширақ сияқтысың. 3.ұдайы, толассыз,
бəсеңсіз ♦Newspaper reports kept interest in the story ~. – Газеттер оқиғаға деген бұқара ынтасын қоздырумен болды. 4.(электр)
кернеу үстіндегі 5. (idm) *~ and kicking аман-есен ♦You’ll be glad to hear that Bill is ~ and kicking. – Сен Биллдің ойнап-күліп жүргенін естіп қуанатын боласың. *(to be) ~ to smth сақ, қырағы, əзір болу ♦He is fully ~ to possible dangers. – Ол мүмкін боларылық хауіп-қатерге толығымен əзір. *~ with smth (бірнəрсеге) толы♦The lake was ~ with fi sh. – Көл балыққа толы болды. ♦The river was ~ with boats. - Өзен қайыққа лықып тұрды.
*look ~! Тез (бол)! Шапшаң! Ширақ!♦Look ~! You’ll miss the bus. – Тез! Автобустан қаласың. alizarin(e) [ə’lizərin] n (хим) ализарин
(өсімдіктен я минералдан істеген бояу)
alkalescence [,ælkə’lesns] n (хим) əлсіз сілті
62
63
alkalescent [,ælkə’lesnt] adj (хим) əлсіз сілті(-
нің, -нікі)
alkali [‘ælkəlai] n (pl–s, -es [-z]) (хим) сілті ♦~
soils – сор, сортаң жер alkalimetry [,ælkə’limitri] n (хим)
алкалиметрия (көмір қышқылының (carbon di-
oxide) санын анықтау)
alkaline [‘ælkəlain] adj (хим) сілті(-нің, -нікі)
alkaloid [‘ælkəlɔid] adj (хим) алкалоид (стрих-
нин, морфин, хинин, кофеин, т.б. улы заттар)
all [ɔ:l] A. indef det 1. (көпше түрдегі зат
есімдермен қолданылады: зат есімнің алдынан
the, this/that, these/those, my, his, her т.с.с. не
есептік сандар келуі мүмкін) барлық, бар,
барша ♦All horses are animals, but not ~ animals are horses. – Барлық жылқы – жануарлар, бірақ барлық жануар жылқы емес. ♦All the people you invited are coming. – Сен шақырғандардың бəрі де келеді. ♦All my plants have died. – Менің бар көшетім өліп қалды.
♦All fi ve men are hard workers. – Бесеуі де жұмыскер адамдар. 2.(санауға келмейтін зат
е.-мен қолд., зат е.-нің алдынан the, this/that я
my, his, her, т.с.с. келуі мүмкін) барлық, бар
♦All wood tends to shrink. – Барлық ағаш семеді. ♦All this mail must be answered. – Мына хаттың бəріне жауап беру керек. 3.(белгілі
бір уақыт кезеңін білдіретін жекеше түрдегі
зат е.-дермен қолд.) бүткіл (уақыт) бойы,
барлық, бар, барша ♦She was abroad ~ last sum- mer. – Өткен жаз бойы ол шет елде болды.
♦We were unemployed (for) ~ the time. – Барлық уақыт бой біз жұмыссыз жүрдік. ♦He has worked ~ year/month/week/day. – Жыл/ай/апта/ күні бойы ол жұмыстан бас алмады. ♦He has lived ~ his life in London. – Ол бүткіл өмірін Лондонда өткізді. 4.бар, барлық, барынша
♦with ~ speed/haste/dispatch – бар жылдамдығымен/пəрменімен/ барынша жедел 5.қандай да (бір) болмасын, қандай да бір,
барлық, бар, небір ... болса да ♦Beyond ~ doubt changes are coming. – Өзгерістердің болатынына ешбір күман жоқ. ♦He denied ~ knowledge of the crime. – Ол қылмыс жайлы қандай да бір білетінін терістеді. 6.(idm)
*and ~ that (jazz, rubbish, etc.) (ауызекі) жəне
де сол сияқты заттар, нəрселер, т.с.с. ♦I’m gut- ted by history – dates and battles and ~ that stuff. – Тарихтан мезі болдым – цифрлар мен соғыстар, жəне басқа сол сияқты бірдеңелер. *for ~ қарамастан, сөйтсе де ♦For ~ his wealth and fame, he is a very lonely man. – Байлығы мен атағына қарамастан, ол өте жалғыз адам. ♦He has a great power and wealth, but he is still unhappy for ~ that. – Онда асып-тасқан күш те, дəулет те бар, соған қарамастан ол əлі де бақытсыз. *not ~ that good, well, etc.
соншалықты жақсы, тəуір емес ♦He doesn’t sing ~ that well. Ол əнді соншалықты тəуір айтпайды. *not as bad(ly), etc as ~ that соншама (оншада) бір ... емес, т.с.с. ♦They are not rich as ~ that. – Олар пəлендей бір бай емес.
B. indef pron 1.барлық, бар, барша, бəрі (a) ~
(of smb/smth) ♦I invited my fi ve sisters but not ~ (of them) can come. – Мен өзімнің əпке- қарындасымның бесеуін де шақырдым, алайда олардың барлығы бірдей келе алмайды. (b) ~
of smb/smth ♦All of the toys were broken./They were ~ broken. – Ойыншықтың барлығы сынған екен./Барлығы да сыныпты. 2.тек қана,
бір ғана, барлығы ♦All I want is peace and quiet. – Маған керегі – тек тыныштық пен дамыл. ♦He took ~ that I had. – Ол менің бар затымды сыпырып кетті. 3.(idm) *~ in ~ (a)жалпы
алғанда, бəрін есепке алғанда, былайша алып
қарағанда ♦All in ~ it had been a great success. - Жалпы алғанда, бұл бір өзі үлкен жетістік болды. (b)бəрін қосқанда, бəрі, бірге ♦There were twelve absentees ~ in ~. - Бəрін қосқанда он екі адам қатыспады. (c)бары, есіл-дерті
♦Painting became his ~ in ~. – Оның есіл-дерті сурет салу болыпты. *~ or nothing болса
болды, болмаса бордай тозды, болса болады,
болмаса қояды, не олай, не бұлай ♦It's ~ or nothing - if we don’t score now we’ve lost the match. – Болса болды, болмаса қойды – қазір ұпай алмасақ (гол кіргізбесек), онда ұтылғанымыз. ♦It was ~ or nothing for Suzan; either the company offered her a pay rise or she would leave. – Сюзан үшін ол шешуші кезең еді; не компания жалақысын көтереді, болмаса ол кетеді. *and ~ қосымша, тағысын
тағы, да, де, та, те ♦ The wind blew everything off the table, tablecloth and ~. – Боран столдағы барлық затты ұшырып əкетті, дастарханды жəне тағы басқаларын. ♦They ate the whole fi sh: bones, tail, head and ~. – Олар балықты толығымен жеді: сүйегі, құйрығы, басы, тағысын тағылар. ♦You sure you have enough gas and ~. – Сен газдың жəне тағы басқалардың жеткілікті екеніне көзің жете ме? * (not) at ~ тіпті де, мүлде, ешқандай да,
сəл де болса ♦I didn't enjoy it at ~. – Маған түк те ұнамады. ♦There was nothing at ~ to eat. – Жейтін мүлде ештеңе болмады. ♦Are you at ~ worried about the forecast? –Сен сəл де болса болжам жөнінде қобалжисың ба?*in ~ жалпы, жалпы алғанда♦There were twelve of us in ~ for dinner. – Асқа жалпы алғанда он екі адам жиналыппыз. *not at ~ (айтылған
рахметке жауап ретінде қолд.) ♦“-Thank you!” – “Not at ~!” – «Рахмет!» – «Ештеңе емес!» *one’s ~ өзінің барын, бар нəрсесін, т.с.с. ♦They gave their ~ in the war. – Олар соғыста қасық қаны қалғанша ұрысты. *above ~ бəрінен бұрын, бəрін былай қойғанда♦Above ~, we have to be vigilant. – Бəрінен бұрын, біз қырағы болуымыз керек. *after ~ əрі беріден
соң, кейін ♦Who are you after ~?! - Əрбірден кейін сен кімсің?! C.indef adv 1.толығымен,
бүткіл ♦She was dressed ~ in white. – Ол толығымен ақ киіпті. ♦She lives ~ alone/~ by herself. – Ол жападан жалғыз тұрады. ♦The coffee went ~ over my trousers. – Кофе шалбарымның барлық жерінен өтіп кетті. 2.
(ауызекі) өте, тым ♦She was ~ excited. – Ол өте толқып тұрды. ♦Now don't get ~ upset about it. – Ал енді бұл жайлы сары уайымға түспе.3.
(too-мен, сын е., үстеулермен келеді) ♦ The end of the holiday came ~ too soon. – Демалыс тым тез тəмамдалды. ♦All too often it is the other who gets blamed for her children’s behaviour. – Көп жағдайда баласы үшін анасын кіналайды.
4. (спорт пен ойындарда) екі жаққа да, тең
♦The score was four ~. Екі жақ та (немесе барлығы да) төрт ұпайдан алды. 5. (idm) *~
along (ауызекі) ылғм (да), басынан бері ♦I re- alized I had had it in my pocket ~ along. – Түсіндім, мен мұны ылғи да қалтамда ұстағанмын. ♦I knew ~ along that this relation- ship wouldn’t last. – Бұл қарым-қатынастың көпке созылмасын əу бастан-ақ түсінгемін. *~ but дерлік, десе де болады ♦The party was ~ but over when we arrived. – Біз келгенде той бітіп те қапты. ♦It was ~ but impossible to climb back into the boat. – Қайыққа кері тырбанып міну мүмкін емес десе де болатын. *~ in қалжыраған, қажыған, сілесі қатқан ♦At the end of the race he felt ~ in. – Жарыстың соңынан қарай оның əбден сілікпесі шықты. *~ of smth (өлшем, биіктік, қашықтық ж.)
шамамен, шамалас ♦It was ~ of two miles to the beach. – Пляжға дейін екі мильдей болатын. *~ one бəрі бірге ♦We don't have a separate din- ing-room - the living area is ~ one. – Бізде арнайы тамақ ішетін бөлме жоқ – жатын бөлме бəрі бірге. *~ over (a) əр тұста, барлық
жерде ♦We looked ~ over for the ring. – Біздің жүзікті қарамаған жеріміз жоқ. ♦ I'm aching ~ over after the match. – Матчтан кейін үсті- басым ауырып тұр. (b)(кісі ж.) «ол енді солай
ғой», «ол белгілі ғой» деген мағ. ♦That sounds like my sister ~ over. – Бұл менің əпкем (қарындасым) сияқты. ♦He was late of course, but that’s Tim ~ over! – Əрине, ол кешікті, бірақ Тімді (Тимді) білесің ғой!*~ right (кейде al- right) (a) күткендей, ойлағандай ♦Is the coffee ~ right? – Кофе дұрыс па? ♦Are you getting along ~ right in your new job? – Жаңа жұмысың ойдағыдай ма? (b) аман-есен, тəуір
♦I hope the children are ~ right. – Балалар жақсы болар (деп ойлаймын). (c) болады,
тəуір ♦This homework is ~ right but you could do better. – Мына үй тапсырмасы болады,
дегенмен де тəуірірек істесең де болады ғой. (d) «бопты, құп» деген мағ. ♦ “Will you post this for me?” “Yes, ~ right.” – «Мынаны мен үшін почтаға салып жібере аласың ба?» «Иə, жарайды.» (e) (шүбасыздықты білдіреді)
♦That's the man I saw in the car ~ right. – Ол (анау) туп-тура мен машинада көрген адам. *~ the better, harder жақсырақ, қаттырақ
♦We'll have to work ~ the harder with two mem- bers of staff away ill. – Екі жұмыскер ауырып жатқандықтан, бізге қайраттана істеу керек.*~ there (ауызекі) аман-сау, жөні түзу
♦He behaves very oddly at times -I don’t think he’s quite ~ there. – Ол кейде қызық қылықтар жасайды – дені сау болса игі еді. *tobe ~ about smb/smth негізінен біреу/бірн. жайлы
болу ♦The news is ~ about the latest summit meeting. – Жаңалық негізінен (толығымен) соңғы саммиттік кездесу жайлы.*tobe ~ for smth/doing smth бірнəрсені өте жақтау ♦She's ~ for more nursery schools being built. – Ол көптеген балабақшаның салынғанын қалайды.
64
65
*tobe ~ one to smb бəрі бір, айырмашылығы
жоқ деген мағ. ♦It's ~ one to me whether we eat now or later. – Маған қазір ішті не, кейін ішті не,бəрібір.*tobe ~ over (...) (хабар ж.) тарау,
мəлім болу ♦News of the holiday was ~ over the school within minutes. – Каникул (демалыс) жайлы хабар мектепке əп сəтте тарады. *to be ~ over smb (ауызекі) біреуге «жабысып»
қалу, жаны қалмау, асты-үстіне түсу ♦You can see he's infatuated by her - he was ~ over her at the party. – Ол жігіттің қыздан есі кеткені сонша, тойда жабысып қапты, тегі. *tobe ~ up (with smb) (ауызекі) тықыр таяну,
сəтсіздікке ұшырау ♦It looks as though it's ~ up with us now. – Шаруамыз біткен сияқты. all- pref (күрделі сын е. (adjs) мен үстеулер (advs) құрайды)1.жалпы-, бүкіл-, т.с.с.♦an all-electric kitchen - электрлі жабдықтармен толық қамтылған кухня ♦an all-American show – жалпыамерикандық шоу 2. аса, өте ♦all- important – аса маңызды ♦all-powerful – аса қуатты ♦all-merciful – аса мейірімді Allah [‘ælə] n Алла, Аллаһ
all-around [,ɔ:l’əraund] adj 1.жалпы, орта ♦a good all-round education – жақсы орта білім.
2.жан-жақты, сегіз қырлы, бір сырлы ♦an all- round sportsman – жан-жақты спортшы
allay [ə’lei] v (кітаби) жұбату, көңілін басу,
тыныштандыру
all-clear [‘ɔ:lkliə] n қауіп-қатер жоқ деген белгі
allegation [,æli’geiʃən] n (дəлелсіз) айыптау,
жала жабу♦These are serious ~s. – Бұл - қатаң
айыптаулар.
allege [ə’leʤ] v (кітаби) (дəлелсіз) айыптау,
жала жабу ♦The prisoner ~s that he was at home on the night of the crime. – Тұтқын (қылмыскер) қылмыс жасалған түні үйде болғамын дейді. ♦Не ~d illness as the rea- son for his absence. – Ол ауырғандықтан келмедім деді. ♦We were ~d to have brought goods into the country illegally. – Бізге елге заңсыз тауар əкелді деп жала жабуда (айыптауда).
alleged [ə’leʤid] adj деп күдіктелінген, деп
есептелінген, деп пайымдалынған ♦the ~ cul- prit – кінəлі делінген адам allegedly [ə’leʤidli] adj ♦ The novel was ~
written by a computer. – Романды компьютер жазған дейді. allegiance[ə’li:ʤəns] n (кітаби) ~ (to smb/ smth) адалдық, жақтастық ♦toswear (an oath of) ~ to the Queen. – Королеваға (адалдыққа) ант беру. allegoric(al) [,æli’gɒrikəl; US ,æli’gɔ:rəkl] adj, adv аллегориялық, астарлы, тұспал(дай)
allegorize [‘æligɒraiz] v аллегориямен
бейнелеу, тұспалдай, астармен білдіру
allegory [‘æligəri; US ‘æligɔ:ri] n аллегория,
астарлай, тұспалдай білдіру
allegretto[,æli’gretəu] adj, adv, n (муз)
аллегрето, шапшаң, ойнақы
allegro[ə’leigrəu] adj, adv, n (муз) аллегро, тез
тактілі, ойнақы
alleluia[,æli’lu:jə] = hallelujah all-embracing [,ɔ:lim’breisiŋ] adj жан-жақты,
бəрін қамтитын
allergic [ə’lз:ʤik] adj 1. (медиц) аллергия(-
лық), тым сезгіш ♦an ~ reaction to wool – жүнге аллергиялық реакция 2.predic (ауызекі)
сіркесі су көтермейтін, шыдамсыз, кіртигіш ♦~ to criticism - сынға төзімсіз жан-жақты,бəрін қамтитын allergy [‘æləʤi] n 1. (медиц) аллергия
(тамаққа, тозаңға, жəне т.б. қатысты
қалыптан тыс сезгіштік) ♦an ~ to cat fur – мысықтың қылышығына аллергия 2. (ауызекі)
жаратпаушылық, түршігушілік
alleviate [ə’li:vieit] v (ауруды, қайғыны, т.б.)
жеңілдету, бəсеңдету ♦The doctor gave her an injection to ~ the pain. – Дəрігер оның ауруын бəсеңдету үшін укол салды. ♦They ~d the bore- dom of waiting by singing songs. – Олар күтіп жалыққан соң өлең айтып сергіді. alleviation [ə,li:vi’eiʃn] n (ауруды, қайғыны,
т.б.) жеңілдету, бəсеңдету
alley [‘æli] n (кейде alley-way) аллея
All Fool’s Dayn ақымақтар күні (1 сəуір)
alliance [ə’laiəns] n 1.одақтасу, бірігу, серіктесу
(əрекеті) ♦States seek to become stronger through ~. – Мемлекеттер өзара бірлесу арқылы күшеюге ұмтылуда. 2.одақ, альянс,
бірлестік ♦to enter into an ~ with a neighbouring state – көрші елмен одаққа ену 3. (idm) *in ~
(with smb/smth) бірлесе, тізе қоса
allied [æ’laid кейде ‘ælaid] adj 1.туыстас,
жақын ♦~ sciences, species – іргелес ғылымдар, туыс особьтер 2.одақтас
alligation [,æli’geiʃən] n қорытпа, қоспа
alligator [‘æligeitə] n аллигатор (крокодилдің,
қолтырауынның бір түрі)
all-in [‘ɔ:lin] adj, adv барлығы, бəрін қосқанда
♦an ~ price – жалпы бағасы all-metal [‘ɔ:l metl] adj тұтастай металдан
жасалған
all-night [‘ɔ:l nait] adj түнгі, түні бойғы
allocate [‘æləkeit] v~ smth (to smb/smth) бөліп
беру, бекіту, тапсыру ♦to~ funds for repair work – жөндеу жұмысына қаржы бөлу ♦He~d tasks to each of us/~d each of us our tasks. – Ол əрқайсымызға тапсырма бөліп берді. allocation [,ælə’keiʃn] n 1. бөліп беру, бекіту,
тапсыру (əрекеті) 2.бөлінген қаржы, уақыт, т.с.с.
allocution [,æləu’kju:ʃən] n (салтанатты
жағдайдағы) сөз, үндеу