allodial [ə’ləudjəl] adj (тарих) толық
меншіктегі (феодализм дəуірінде)
allodium [ə’ləudjəm] n (тарих) аллод, жерге
толық меншіктілік
allogamy [ə’lɒgəmi] n (бот) аллогамия, айқас
ұрықтану
allopath [‘æləupα:θ] n аллопат, аллопатиямен
айналысушы не оны жақтаушы
allopathy [ə'lɒpəθi] n аллопатия, басқа бір
əдіспен емдеуші
allot [ə'lɒt] v (-tt-)~ smth (to smb/smth) (ақша,
уақыт, тапсырма, т.с.с.ж.) бөлу, үлестіру,
белгілеу ♦How much cash has been ~ted? – Қанша ақша бөлінді? ♦We did the work within the time they ~ted (to) us. – Жұмысты олар айтқан уақыттың ішінде бітірдік. ♦Who will she ~ the easy jobs to? – Оңай жұмыстарды ол кімге берер екен? allotment [ə’lɒtmənt] n 1. бөлу, үлестіру,
белгілеу 2. бөлінген, тапсырылған нəрсе 3.
бау-бақшалық жер, жер телімі
allotee [ə,lɔ: ‘ti:] n 1.(жер, ақша, т.с.с.) алушы
2. жалға алушы
all-out [,ɔ:l’aut] adj, adv бар күшін сала,
жаппай, ақтық, тегеуірінмен
allow [ə’lau] v 1.рұқсат ету ♦Passengers are not ~ed to smoke. – Жолаушыларға темекі тартуға болмайды. ♦She ~ed her mind to wan- der. – Ол өз ойына ерік берді. ♦Dogs are not ~ed. - Иттерге кіруге болмайды. ♦Photography is not ~ed. - Суретке түсіруге болмайды. 2.
мүмкіндік, мұрсат беру ♦This diet ~s you one glass of wine a day. – Мына диета сізге күніне бір стакан шарап ішуге мүмкіндік береді.
♦How much holiday are you ~ed? – Сізге қанша күн демалуға болады? 3. ~ smth (for smb/ smth) бөлу, арнау, жіберу, жұмсау ♦to ~ four sandwiches each/per head - бас-басына төрт сəндуичтен беру ♦You must ~ three metres for a long-sleeved dress. – Ұзын жең көйлекке үш метр арнау керек. ♦I should ~ an hour to get to London. – Лондонға жету үшін маған бір сағат жұмсау қажет. 4.келісу, мойындау,
көну ♦The judge ~ed my claim. – Судья менің талабыммен келісті. ♦He ~ed that I had the right to appeal. – Ол менің арыздану хақымның бар екенін мойындады. ♦Many ~ him to be the leading artist in his fi eld. – Көпшілік оның өз саласында белді суретші екенін мойындайды.
5.(phr v) *to ~ for smb/smth (біреуді/бірн-
ні) есепке алу, кіргізу, есте ұстау, ескеру♦It will take you half an hour to get to the station, ~ing for traffi c delays. – Көліктің кешігетінін ескерсек, саған станцияға жету үшін жарты сағат керек. *to ~ smb in, out, up, etc. кіруге,
шығуға, тұруға рұқсат ету ♦She won’t ~ the children in until they have wiped their shoes. – Аяқ киімдерін сүртпейінше ол балаларды ішке кіргізбейді. ♦The patient was ~ed up after ten days. – Науқасқа (пациентке) он күннен кейін төсектен тұруға рұхсат етілді. *to ~ of smth (ауызекі) пайымдау, долбарлау ♦The facts ~ of only one explanation. – Фактілер бір ғана түсініктемеге орын қалдырады.
allowable [ə’lauəbl] adj мүмкін болатын,
рұхсат етілген, т.с.с.
allowance [ə’lauəns] n 1.(a)жалақы, айлық,
еңбекақы ♦an ~ of ₤15 per day – күніне 15 фунт. ст. жалақы алу (b) ♦to be paid a cloth- ing/subsistence/travel ~ - киімдік /тамақтық/ жолдық ақша алу (c) жəрдем, көмек ♦I didn’t receive any ~ from my father. - Əкемнен еш жəрдем болмады. (d)белгілі мөлшер, норма
♦a luggage ~ - жүк мөлшері (жолаушының
ұшақпен тегін алып жүре алатын жүгінің
мөлшері) 2.ақшалай жеңілдік, бағаны түсіру
3. (idm) *to make (an) ~ for smth бірнəрсені
ескеру, істер алдында ойлау *to make ~s for smb біреуге жеңілдіктер жасау, жағдайын
ескеру ♦You must make ~s for him because he has been ill. – Сен оның жағдайын ескеруің керек, өйткені ол ауырды ғой.
66
67
allowedly [ə’lauidli] adv 1.өзім білермендікпен
2.көпшіліктің айтуынша
alloy A. [‘ælɔi] n 1.қорытпа, балқыма
(металдың басқа бір металмен не затпен
араласқан қорытпасы) ♦Brass is an ~ of cop- per and zinc. – Жез-мыс пен мырыштың қорытпасы. ♦~ steel – қоспалы болат 2.қорытпа, балқыма (нашар металдың құнды
металмен араласқан қортыпасы) B. [ə’lɔi] v 1.
(металды басқа бір металмен не затпен қосып)
қорыту, балқыту 2.(ауысп. мағ.) қаяу түсіру,
бұзу ♦happiness that no fear could ~ - ешбір күдік қаяу түсіре алмас бақыт all-round [,ɔ:l’raund] adj жан-жақты, көп
жақты, жалпы ♦a ~ man – жан-жақты адам ♦an~ champion – абсолют чемпион all-rounder [,ɔ:l’raundə] n жан-жақты, көп
жақты адам
all-seed [‘ɔ:lsi:d] n (бот) көп дəнді, дəнекті,
көп тұқымды өсімдік
all-star [‘ɔ:lsta:(r)] adj (кино, эстрада, т.с.с.)
жұлдыздары қатысқан, «жұлдызды» ♦an ~ cast – «жұлдызды» түсірілім all-steel [,ɔ:l’sti:l] adj тұтастай болат
all-time [‘ɔ:ltaim] adj бұрын-соңды болмаған,
ең ♦~ high/low/best – ең жоғарғы/ төменгі/ жақсы ♦The price of wheat reached an ~ low of 42 cents in 1932. – 1932 жылы астықтың бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге – 42 центке дейін төмендеді. allude [ə’lu:d] v ~ to smb/smth (кітаби)
астармен білдіру, меңзеу, ымдау, тұспалдау
♦The character’s evil nature is constantly ~ed to throughout the play. – Кейіпкердің зұлым табиғаты пьесаның басынан аяғына дейін байқалып отырады. ♦The letter~s to smth now forgotton. – Хат бүгіндері ұмытылып қалған бірнəрсені еске салады. all-Union [‘ɔ:l’ju:njən] adj бүкілодақтық,
жалпыодақтық
all-up [‘ɔ:l’ʌp] n (авиац) əуедегі жалпы салмақ,
толық ұшу салмағы
allure [ə’luə(r)] A. v еліту, еміндіру; тарту,
қызықтыру♦Many settlers were~d by prom- ises of easy wealth. – Көптеген қоныс аударушыларды жеңіл дəулетке кенелтеміз деген уəделер елітті. B. n тартымдылық,
еліткіштік ♦Even in her fi fties she had lost none her seductive ~. - Тіпті елуден асса да ол əйел өзінің еміндірер тартымдылығын жоғалтпапты.
allurement [ə’luə(r)mənt] n 1.əдемілік,
тартымдылық, сұлулық 2.еліту, еміндіру;
тарту, қызықтыру alluring [ə’luəriŋ] adj еліткіш, елітетін,
еміндіретін, тартымды
allusion [ə’lu:ʒn] n ~ to smb/smth тұспалдау,
сілтеме, меңзеу, ымдау ♦His poetry is full of obscure literary ~s. – Оның поэзиясы көптеген көмескі сілтемелерге толы. allusive [ə’lu:siv] adj астарлы,сілтейтін,
меңзейтін, ымдайтын
alluvia [ə’lu:vjə] pl of alluvium alluvial [ə’lu:vjəl] adj (геол) шөгінді, шайынды,
қайраң (тау жынысы) ♦~ deposits/ soil/plains – шөгінді жыныстар/топырақ/ шайынды жазықтар alluvion [ə’lu:vjən] n (геол) шөгінді, үйінді
топырақ, тау жынысы
alluvium [ə’lu:vjəm] n (pl -via, -s [-z]) (геол)
шөгінді, үйінді топырақ, тау жынысы
all-white [‘ɔ:l’wait] adj тек ақтарға (ақ
нəсілділерге) арналған
all-wool [‘ɔ:l’wul] adj тұтастай жүн(нен)
ally A. [ə’lai] v (pt, ppallied) ~ (smb/oneself) with/to smb/smth одақтасу, бірлесу, топтасу
♦Britain has ~ied itself with other western pow- ers for trade and defence. – Британия басқа да батыстық державалармен сауда жəне қорғаныс мəселелері бойынша одақтасқан.
B. [‘ælai] n одақтас ♦a meeting of the European ~ies – европалық одақтастар кездесуі allied [æ’laid кейде ‘ælaid] adj~ (to smth) қатысты, байланысты; ұқсас ♦a union of ~ traders – бірлескен саудагерлер одағы ♦The increase of violent crime is~ to the rise of unemployment. – Ауыр қылмыстың өсуі жұмыссыздықпен тікелей байланысты. Alma Mater [,ælmə ‘mætə(r)] n 1.альма матер,
біреу оқыған я оқып жатқан оқу орны (лат.:
қамқор ана) 2.(АҚШ-та) мектеп əні не гимні
almanac (кейде almanack) [‘ɔ:lmənæk;
US кейде ‘æl-] n 1. күнтізбе, календарь
2.альманах, жылдық басылым (араб: əл-манаһ
– календарь)
almighty [ɔ:l’maiti] А. adj 1.аса құдыретті,
аса қуатты ♦God Almighty/Almighty God – құдыреті күшті құдай 2. (ауызекі) аса, өте,
адам айтқысыз ♦an ~ crash – сұмдық соғылыс ♦an ~ row – сұмдық жанжал В.nthe Almighty құдай тағала, аса құдыретті құдай
almond [‘α:mənd; ‘æ-; ‘æl-] n, adj бадам; бадам
ағашы (миндаль)
almond-eyed [‘α:(l)mənd; ‘aid] adj бадам көз,
сопақша көз
almond paste [‘α:(l)mənd ‘peist] n бадам пастасы
almond-shaped [‘α:(l)mənd ʃeipt] adj сопақ,
сопақша келген
almoner [‘α:mənə(r); US ‘ælm-] n 1.(бұрынғы
кездердегі) жəрдем таратушы 2.аурухана
қызметкері (дəрігер емес)
almost [‘ɔ:lməust] adv 1. дерлік, болайын деп,
сəл, (келесі шылаулар:) да, де, та, те, т.с.с. ♦It's a mistake they ~ always make. – Бұл олардың ылғи дерлік істейтін қателігі. ♦It's ~ time to go. – Жүретін уақыт та болып қалыпты. ♦Dinner is ~ ready. – Тамақ даяр болып қалды. ♦Не slipped and ~ fell. – Ол тайып кетіп құлауға шақ қалды. ♦He is ~ six feet tall. – Оның бойы алты футтай. ♦Almost anything will do. – Не нəрсе болса да жарап қалады. 2. ♦Almost no one believed him. – Тіпті ешкім де сене қоймады оған. ♦The speaker said ~ noth- ingworth listening to. – Сөйлеуші тыңдауға тұрарлық ештеңе айта қоймады. alms [α:mz; α:lmz] n (көне қолд) қайыр, садақа
♦The hands of the beggars were outstretched for ~. – Қайыршылардың қолдары қайыр-садақаға созылды. alms-deed [‘α:(l)mzdi:d] n мейірімділік,
қайырымдылық (ісі)
alms-house [‘α:(l)mzhaus] n (Brit) мейір үйі
(қайыр-садақа, көмектен түскен ақшаға
салынған, кедей-кембағалдар тегін тұратын үй)
alodial [ə’ləudjəl] = allodial alodium [ə’ləudjəm] = allodium aloe [‘æləu] n 1.(бот) алоэ (өсімдік) 2. aloes (кейде
bitter aloes) алоэ шырыны (медицинада қолд.)
aloft [ə’lɒft; US ə’lɔ:ft] adv1.əуеде, аспанда
♦fl ags fl ying ~ - əуеде желбіреген жалаулар ♦The balloons were already ~. – Шарлар ə дегенше аспанда болатын. 2. палубада,
мачтада ♦He went ~ to check the sail. – Ол мачтаға желкенді тексеруге кетті. alone [ə’ləun] adj, adv 1.жалғыз, бір өзі ♦She lives all ~ in that large house. – Ана үлкен үйде ол бір өзі тұрады. ♦She raised her family quite ~. – Ол (əйел) жанұясын жалғыз өзі өсірді. ♦(ауысп. мағ.) She stands ~ among modern sculptors. – Қазіргі мүсіншілер (скульпторлар) арасында ол (əйел) дараланып тұрады. ♦I pre- fer to work on it ~. – Мен бұл жұмысты өзім тындырғым келеді. 2. тек, өзі, тек бір ..., тек
... ғана ♦The shoes ~ cost £100. – Аяқ киімнің өзі 100 ф.ст. тұрады. ♦(мəтел) Time ~ will tell. – Тек уақыт көрсетеді. ♦Не will be remem- bered for that one book ~. – Оны сол кітаптың өзі əйгілейді. ♦You ~ can help me. – Сенің өзің –ақ маған көмектесе аласың. 3. (idm) *to go it ~ тек бір өзі бастап кету, т.с.с. ♦He decided to go it ~ and start his own business. – Ол жеке дара өз ісін бастауға бел байлады.*to leave/ let smb/smth~ араласпау, тиіспеу ♦She has asked to be left ~. – Ол өзінің мазасын алмауды өтінді. *to leave/let well ~ араласпау, артық
қыламын деп тыртық қылмау, бүлдіріп алмау
*to let ~ есептемегенде, айтпағанда ♦ There isn’t enough room for us, let ~ six dogs and a cat. – Бізге бұл жерде орын жетпейді, алты ит пен бір мысық былай тұрсын (яғни оларды есептемеген күннің өзінде). ♦I am too tired to walk, let ~ run. – Жүруге шаршап тұрмын, жүгіргені былай тұрсын. *not to be ~ in doing smth (бірнəрсе істегенде, т.с.с.) жалғыз болмау
♦He is not ~ in believing that it may lead to war. – Бұның аяғы соғысқа ұласуы мүмкін деуші жалғыз ол емес. along [ə’lɒŋ; US ə’lɔ:ŋ] A.prep 1.бойымен,
бойлай ♦to walk ~ the street – көшені бойлай жүру ♦to go ~ the corridor – корридормен жүру2.бойлай, жағалай, бойымен, жағасымен
♦Flowers grow ~ the side of the wall. – Гүлдер қабырға бойымен қатарласа өседі. ♦You can picnic ~ the river bank. – Сендер өзен аңғарын жағалай сауық-сайран құрсаңдар болады. B.adv part 1. алға, тіке, ілгері ♦The police- man told the crowds to move ~. – Полицай жиналған жұртқа алға жылжыңдар деді. ♦Come ~ or we’ll be late. – Тез жүр, əйтпесе кешігеміз. 2. бірге ♦Come to the party and bring some friends ~. – Сауыққа кел, достарыңды да ала кел. ♦Не took his dog ~ (with him) to work. – Ол итін жұмысқа өзімен бірге алды. ♦I'll be ~ in a few minutes. – Бірнеше минутта сендерге қосыламын. 3.(idm) *~ withsmth бірге,
қосымша ♦Tobacco is taxed in most countries,
68
69
~ with alcohol. – Көптеген елдерде темекіге, алькогольмен қатар, ірі салық салынады.*all ~ ылғи да, қашан да ♦He knew all ~ that it was a lie. – Ол ылғи да бұның өтірік екенін біліп жүрді.
along-shore [ə’lɒŋ’ʃɔ:] adv жаға(лау) бойында
alongside [ə’lɒŋsaid; US əlɔ:ŋ’said] adv prep жанаса, бойлай, бүйірімен ♦a boat moored ~ – жанай байланған қайық ♦The car drew up ~ the kerb. – Машина тротуар жиегін бойлай тоқтады. aloof [ə’lu:f] adj ~ (from smb/smth) 1.суық,
салқын (адам); меңіреу, салғырт ♦I fi nd her very ~ and unfriendly. – Ол маған суық жəне жат көрінеді. ♦Throughout the conversation he remained silent and ~. - Əңгіменің басынан аяғына дейін ол үнсіз жəне салғырт отырды. 2.(idm) *tokeep/hold/stand ~ from smb/smth шетте, оқшау тұру, араласпау ♦He stood ~ from the crowd. – Ол топтан жырақта тұрды. aloofness n [ə’lu:fnis] v меңіреулік, салқындық,
салғырттық
aloud [ə’laud] adv 1. дауыстай, қатты, дауыс
көтере ♦He read his sister's letter ~. – Ол қарындасының хатын дауыстай оқыды. 2.
айғайлай, дауыстай ♦She called ~ for help. – Ол дауыстай көмекке шақырды. 3.(idm) *to think ~ дауыстай ойлау (яғни, іштегі ойды еріксіз
күбірлей айту)
alp [ælр] n 1. (Швейцария не оған
көрші елдердегі кез-келген) биік тау 2.
(Швейцариядағы) таудағы жайылым(дар) 3.the Alps Альпі таулары
alpaca [æl’pækə] n (a) (зоол) альпака (ламаның
бір түрі, Оңт. Амер. түйе тұқымдас үй
жануары) (b) альпака жүнінен жасалған ♦an ~ coat – альпака (жүнінен жасалған) киім alpenstock [‘ælpənstɒk] n альпеншток (тауға
шығу үшін қажет темір таяқ)
alpha [‘ælfə] n 1.альфа (грек алфавитінің
бірінші əрпі) 2. (idm) Alpha and Omega басы
мен аяғы 3.(астрон) шоқжұлдыздағы ең
жарық жұлдыз 4.(ауызекі) өте жақсы, жоғары
alpha particle альфа бөлшектер (кез-келген
оң зарядты бөлшек, радиация не атомдық
реакциялар кезінде бөлінеді)
alpha radiation альфа радиациясы, альфа
сəулелерінің бөлінуі
alpha ray альфа сəулесі, альфа бөлшектерінің
ағыны
alphabet [‘ælfəbet] n алфавит, əліпби
alphabetic(al) [,ælfə’betik(l)] adj алфавиттік,
əліпби бойынша♦Put these words in ~ order. – Мына сөздерді алфавиттік ретпен қой. alphabetically [,ælfə’betikli] adv ♦Arrange them ~. – Алфавит бойынша қой. alphabetize [‘ælfəbetaiz] v əліпби бойынша
орналастыру
alpine [‘ælpain] A.adj альпі(лік) ♦~ fl owers – альпі гүлдрі, тау гүлдері B.n таулы жерлерде
жақсы өсетін кез-келген өсімдік
alpinist [‘ælpinist] n альпинист
already [ɔ:l’redi] adv 1.əлдеқашан, енді
(осыған дейін болып қойған деген мағ.
білдіреді) ♦I've ~ seen that fi lm. – Мен ол фильмді көріп қойғанмын. ♦The teacher was ~ in the room when I arrived. – Мен келгенде мұғалім əлдеқашан бөлмеде екен. ♦She had ~ left when I phoned. – Мен телефон шалғанда ол кетіп қалған екен. 2. əлдеқашан, осыған,
бұған дейінгі ♦As I have ~ mentioned … - Мен осыған дейін айтқандай ... ♦The design of the new house is similar to those that have ~ been built. – Жаңа үйдің жобасы осыған дейін тұрғызылған үйлердікіне ұқсас. 3.
♦Are you leaving ~? – Кетейін деп тұрсың ба? (таңғалысты білдіреді) ♦I have forgot- ten ~. – Мен ұмытып қалыппын (əлдеқашан ұмытқанмын). ♦Is it 5 o’clock ~? – 5-те болып қалған ба? ♦It is 5 o’clock ~. – 5-те болып қалыпты. 4. қазірдің өзінде ♦The building is ~ costing us far too much money. – Ғимарат қазірдің өзінде бізге қымбатқа түсуде. alright [ɔ:l’rait] adv (ауызекі) = all right Alsace [æl’sæs] n Эльзас (Франция провинция-
сы)
Alsatian [æl’seiʃn] А. n 1. неміс овчаркасы В. n, adj эльзастық [қ-з: Alsace]
also [‘ɔ:lsəu] adv 1.жəне де, тағы ♦He was thin and he was ~ tall. – Ол арық, оның үстіне ұзын еді. 2. да, де, та, те (шылау) ♦I will ~ visit him. – Мен де оған барамын. ♦Would you give me ~. – Маған да бересің бе? 3.жəне, оның үстіне
♦He was mean, ~ ugly. – Ол нашар адам, оның
үстіне сұрықсыз еді.
also-ran [‘ɔ:lsəuræn] n 1. (жарыс кезінде)
алғашқы үштіктен қалып қалған жылқы не ит
2. (ауысп. мағ.) жолы болмайтын адам
altar [‘ɔ:ltə(r)] n 1.(христиан шіркеулерінде
төрде тұратын стол) алтарь, михрап 2. құдайға
құрбандық беруге арналған стол не подиум 3. (idm) *to lead smb to the ~ үйлену
altar-piece [‘ɔ:ltə(r)pi:s] n алтарь артында
орналасқан сурет не мүсін
alter [‘ɔ:ltə(r)] v 1.өзгер(т)у, түзе(т)у ♦I didn't recognize him because he had ~ed so much. – Оның өзгергені соншалықты, тіпті танымай қалыппын. 2.(малды) пішу
alterable [‘ɔ:ltərəbl] adj өзгеретін, өзгертілетін,
өзгертуге болатын
alterant [‘ɔ:ltərənt] adj, n (бірнəрсені)
өзгертетін, өзгерткіш
alteration [,ɔ:ltə’reiʃn] n 1.өзгерту, түзеу
(əрекеті) ♦How much ~ will be necessary? – Қаншалықты ықшамдау қажет? 2. өзгеріс,
түзеу♦We are making a few ~s to the house. – Біз үйге аздаған өзгеріс енгізейік деп жатырмыз. alterative [‘ɔ:ltərətiv] A.adj өзгертетін В.n (медиц) зат алмасуды ұлғайтатын дəрі
altercate [‘ɔ:ltəkeit] v (кітаби) өршеле, қыза
айтысу ♦They ~d in Senate for days. – Олар Сенатта біраз күн айтысты.
altercation [,ɔ:ltə’keiʃn] n (кітаби) өршеленген,
қызу айтыс
alter ego [,æltər’еgəu; US ‘i:gəu] (pl alter egos)
(Latin) айырылмас дос; екінші өзі(м), альтер
эго ♦He's my ~ - we go everywhere together. – Ол менің көлеңкем іспетті – қайда барсақ та бірге жүреміз. ♦Mickey Mouse is Walt Disney’s ~. – Микки Маус Уолт Диснейдің келбеті.
alternate A. [ɔ:l’tз:nət; US ‘ɔ:ltərnət] adj 1.ауыспалы, кезекпе кезек, алма кезек ♦~ triumph and despair – алма кезек ауысып отырған табыс пен торығу ♦~ rain and sun- shine – алма кезектеніп отырған жауын- шашын мен ашық күн 2.күн аралата, екі
күнде бір♦He works on ~ days. – Ол күн аралата жұмыс істейді.3.өзара, бір-
біріне деген ♦~ acts of kindness – бір-біріне деген ізет 4.балама, басқа ♦We have to have an ~ plan in case it rains. – Жауын жауа қалған жағдайға бізге балама жоспар болу керек. 5. (бот) өзектің екі жағына да өскен,
бірақ бір-біріне дəл қарама-қарсы өспеген
(жапырақтар) B.[‘ɔ:ltəneit] v l. ~ A and B/ ~ A with В ауыс(тыр)ып отыру, алмас(тыр)ып
отыру, алма кезектеніп отыру ♦Most farmers ~ their crops. – Көптеген фермерлер дəнді дақылдарын ауыстыра сеуіп отырады. ♦Не ~d kindness with cruelty. – Ол біресе мейірімді, біресе қатал болып отырды. 2. ~ with smth; ~