Britannia metal [bri'tænjə,metl] n британ мета-
лы (қалайы, мыс жəне сурьманың қоспасы)
Britannic [bri'tænik] adj британдық,
британия(лық) ♦Her/His Britannic Majesty – Ұлы Мəртебелі Британия королі/королевасы Briticism ['britisizm] n бритицизм, англицизм
(Британиялық ағылшын тіліне ғана тəн сөз,
идиома я сөз тіркесі)
British ['briti∫] A.adj 1.ұлыбританиялық,
британ, британиялық (яғни Ұлыбритания
мен Солт-к Ирландия құрама корольдігінің
азаматы) ♦a British passport – британ (британиялық) паспорты ♦the British government – Ұлыбритания үкіметі ♦He was born in France but his parents are British. – Ол Францияда туғанымен, оның əке-шешесі британдықтар. 2. (idm) *the best of Brit- ish best B. the British британдықтар,
британиялықтар, Ұлыбритания халқы
Britisher ['briti∫ə(r)] n (US) ұлыбританиялық,
британдық (адам)
British English [,briti∫'iŋgli∫] Британ(иялық)
ағылшын тілі (Ұлыбританияда сөйленетін
ағылшын тілі)
British Isles [,briti∫'ailz] Британ аралдары (яғни
Ұлыбритания мен Ирландия, сондай-ақ оған
жапсарлас аралдар)
Britishism ['briti∫izm]= Briticism
258
259
Briton ['britn] n 1.британдық, британ 2.брит,
бритон (ертеде Британ аралдарының
оңтүстігін мекен еткен кельт тұрғыны)
brittle ['britl] adj 1.(a) нəзік, сынғыш,
шытынағыш ♦as ~ as thin glass – жұп- жұқа əйнектей нəзік (b) (ауысп. мағ.) тез
бұзылатын, қорғансыз, нəзік ♦He has a ~ temper. – Ол тез шытынайды (тез ашула- нады). ♦Constant stress has made our nerves ~. – Ұдайы қобалжу (стрес) жүйкемізді жұқартып жіберді. 2. жүйкеге тиетін, денені
шымырлататын, ащы, өткір (дауыс, т.б.) ♦a ~ laugh – жүйкеге тиетін қарқыл ♦The orchestra was ~ in tone. – Оркестр ырғағы ащы болып шықты. 3. (адам ж) кегжиген, көйкиген,
кекірейген ♦a cold, ~ woman – суық əрі кегжи- ген əйел brittleness [‘britlnis] n broach [brəuʧ] v 1. (бөшкені, күбіні ішіндегі
сұйықтықты алу үшін) тесу; бөтелкені
(т.б.) ашу ♦Let’s ~ another bottle of wine. – Шараптың тағы бір бөтелкесін ашайық. 2. (ауысп. мағ.) əңгіме, пікірталас бастау, ой
қозғау, ағытылып сөз бастау ♦It’s often diffi cult to ~ the subject of sex. – Секс жөнінде сөз бас- тау көбінесе қиын. broad I [brɔ:d] A.adj (-er, -est)1. кең, ауқымды
♦a ~ street, avenue - кең көше, кең даңғыл ♦~ shoulders - кең иық, иығы кең 2. ен, кеңдік ♦a river twenty metres ~ - кеңдігі (ені) жиырма метр болатын өзен 3. (жер я су ж) кең, ұлан-
ғайыр, көлемді, ұшы-қиыры жоқ ♦The ~ plains of the American West. – Американ Батысының ұлан-ғайыр далалары (жазықтары) ♦(ауысп. мағ.) There is a ~ support for the government’s policies. – Үкімет саясатына деген кең қолдау бар. 4. анық, айқын, ашық ♦a ~ smile – ашық жымиыс ♦The Minister gave a ~ hint that she intends to raise taxes. – Министр салықты өсіруге ниеттеніп отырғанын ашық меңзеді (білдірді). 5. жалпылама, кең, жалпы ♦The ~ outline of a plan. – Жоспардың жалпы- лама сызбасы. ♦The negotiations reached ~ agreement on the main issues. – Келіссөздер басты мəселелер бойынша жалпылама келісімге келді. 6. (ой, пікір, көзқарас ж) кең,
жатырқамайтын ♦a man of ~ views – ойы ауқымды адам 7. (сөйлеу мəнері, акцент ж)
анық, айқын, білініп, көзге көрініп тұрған ♦a ~ Yorkshire accent – анық Йоркшир акценті 8. есер, тұрпайы, дөрекі ♦~ humour - əдепсіз əзіл 9. (idm) *(in) ~ daylight тапа-тал түсте,
күндіз ♦The robbery occurred in ~ daylight, in a crowded street. – Тонау тапа-тал түсте, адам құжынаған көшеде болды. *~ in the beam (ауызекі) қарны, бүйірі шыққан,
семіз *it’s as ~ as it’s long (Brit ауызекі) (екі
нəрсенің, т.б. бір-бірінен) айырмашылығы
жоқ, бəрібір B.nthe Broads [pl] (Шығыс
Англиядағы) өзендердің кең жерлері(нің
атауы) ♦the Norfolk Broads – Норфолктың кең тұстары broad II [brɔ:d] n (US slang жақтырм) əйел,
қатын, шүйкебас
broad arrow ['brɔ:d 'ærəu] n Ұлыбритания
үкіметі таңбасы
broad band ['brɔ:d,bænd] n (радиоэфирде)
бірнеше мəліметті бір мезгілде жөнелтуге
мүмкіндік беретін радиосигналдар жіберу
жүйесі; кең жиіліктегі толқындар
broad bean [,brɔ:d 'bi:n; 'brɔ:d bi:n] n (Brit)
домалақ ақжасыл бұршақ = (US) fava bean
broad-brush ['brɔ:d brʌ∫] adj (бірнəрсемен)
атүсті, үстіртін айналысатын, жеңіл-
желпі қарайтын, шалағай ♦a ~ strategy for increasing sales – сауда-саттықты ұлғайтудың атүсті (шалағай) стратегия- сы broadcast ['brɔ:dkα:st; US -kæst] A.v (pt, pp broadcast) 1. радиодан, телевизордан хабарлар
тарату, беру, көрсету ♦to ~ the news – (теле- радиодан) хабарлар беру ♦to ~ a football match – (теледидардан) футбол матчын көрсету ♦The BBC ~s all over the world. – Би-би-си бүкіл дүние жүзіне хабарлар таратады. 2. (телерадиодан) хабар жүргізу, беру, т.с.с.
♦He ~s on current affairs. – Ол ағымдағы мəселелерді (мəселелер жөніндегі хабарды) жүргізеді. 3. кең тарату, паш ету ♦to ~ one’s views - өз көзқарастарын кеңінен паш ету 4.
тұқым себу, шашу B.n телерадиохабар(лар)
көрсетілімі, таратылымы, трансляция; көрсету,
тарату (процесі)♦a ~ of a football match – фут- бол матчының көрсетілімі (трансляциясы)/ футбол матчын көрсету broadcaster ['brɔ:dkα:stə(r)] n диктор, (теле-
радио хабарын, программасын) жүргізуші
♦a well-known journalist and ~ - белгілі жур- налист əрі жүргізуші ♦a well-known ~ on political/religious affairs – саяси/діни мəселелер жөніндегі белгілі хабар жүргізуші broadcasting ['brɔ:dkα:stiŋ; -kæstiŋ] n радиоха-
бар, телекөрсету(-тілім), трансляция
broadcloth ['brɔ:dklɒθ] n жұқа мата (жүн,
мақта я жібектен тоқылған)
Broad Church [,brɔ:d'ʧз:(r) ʧ] Англикан
шіркеуіндегі (қауымындағы) діни доктри-
наларды либералды, кең түрде түсіндіруді
жақтайтын ағым
broaden ['brɔ:dn] v~(out) кеңею, кеңейту;
толу, семіру ♦He ~ed out in his twenties. – Ол жиырмаларында (20 мен 30 жас аралығында) толып кетті. ♦The road ~s (out) after this bend. – Мына бұрылмадан соң жол кеңейеді. ♦You should ~ your experience by travelling more. – Сен көбірек сапарға шығып тəжірибеңді кеңейтуің керек. broad gauge ['brɔ:dgeiʤ] n, adj кең табанды
(темір жол)
broad jump [‘brɔ:dʤʌmp] = long jump
broad loom [‘brɔ:dlu:m] n, adj кең тоқылған,
ені ұзын (кілем)
broadly [‘brɔ:dli] adv 1. анық, ашық, көрсете
♦to smile ~ - ашық (жарқын) жымию 2. жалпы
♦Broadly speaking, I agree with you. – Жалпы айтқанда, сенімен келісемін. broad-minded [,brɔ:d’maindid] adj кең ойлы,
кең ойлайтын, өрісі кең ♦Her parents were ~, tolerant and liberal. – Оның əке-шешесі ой-өрісі кең, сабырлы əрі либерал адамдар болатын. broadness ['brɔ:dnis] = breadth
broadsheet ['brɔ:d∫i:t] n 1. хабарлама я жарнама
басылған қағаз 2. газет
broadside ['brɔ:dsaid] A.n 1.(a) кеменің бор-
тынан белігілі бір нысанаға бір мезгілде
бар қару-жарақпен ату (əрекеті) ♦to fi re a ~ - кеменің бір бүйірінен (тысқа) оқ ату (b)
(ауысп. мағ.) (сөзбен) шабуылдау, дүрсе қоя
беру ♦The Prime Minister delivered a ~ at her critics. – Премьер-министр өзін сынаушыларға қатты шүйлікті. 2. кеменің борты (кеменің
судан шығып тұрған бөлігі) 3. (idm) * ~ on (to smth) бір бүйірімен, бір жанымен, бір
жағымен ♦I brought the boat in ~ to the beach. – Мен қайықты пляжға бір бүйірімен əкеліп тақадым. B.v (US) басқа бір көліктің бүйіріне
соғылу
broadsword ['brɔ:dsɔ:(r)d] n алдаспан (ауыр əрі
жалпақ қылыш)
broadtail ['brɔ:dteil] n қаракөл, қаракөл елтірі
(терісі)
brocade [brə'keid] n парша (алтын, күміс ара-
ластырылып тоқылған, оқалы қалың, жібек
не жүн мата) ♦~ curtains – паршадан істелген перделер brocaded [brə'keidid] adj парша
broccoli ['brɒkəli] n броколи, ақтық (спаржа)
капуста
brochure ['brəu∫ə(r); US brəu'∫uər] n брошюра,
буклет (мəлімет я жарнама кітапша)
brock [brɒk] n 1. Европа борсығы 2. ожар,
есерсоқ
brockit ['brɒkit] n 1. брокит (шағын, қызыл
Мазама (Mazama) тобына жататын Оңт.
Амер-қ мүйізі тармақталмаған бұғы) 2. екі жа-
сар еркек бұғы
brogue I [brəug] n (əдетте pl) кебіс (табаны
қалың, мықты тысқа киетін аяқ киім)
brogue II [brəug] n аймақтық акцент (м:
ирландтықтардың) ♦a soft Irish ~ - жұмсақ ирландтық акцент broidery ['brɔid(ə)ri] = embroidery
broil I [brɔil] v 1. (көбінесе US) отқа қақтап
(ет) пісіру ♦to ~ a chicken – отқа қақтап тауық пісіру 2.ыстық болу, ыстықтау ♦to sit ~ing in the sun – күнде (күн астында) шыжғырылып отыру ♦a ~ing day - өте ыстық күн broil II [brɔil] A.n ұрыс-керіс, айқай-шу B.v ұрысып-керісу, жанжалдасу
broiler ['brɔilə(r)] n 1. бройлер (тауықтың етті
түрі) ♦a ~ house – бройлер тауығын өсіретін үй 2. (US) аптап ыстық күн
broke I [brəuk] pt of break broke II [brəuk] adj 1. (ауызекі) ақшасы жоқ,
тақырға отырған, банкрот ♦Could you lend me £10? I’m completely ~! – Маған £10 қарыз бере аласың ба? Мүлдем тақырға отырдым! 2. (idm) *fl at/stony ~ (ауызекі) мүлде банкрот,
тақырға отырған *to go for ~ (ауызекі əсіресе US) барымен тəуекелге бару, барын бəске тігу
*to go ~ банкротқа ұшырау, тақырға отыру
broken I [‘brəukən] pp of break broken II [‘brəukən] adj 1. үзілген, бұзылған,
бөлінген ♦~ sleep – бөлінген ұйқы 2. шала
(шет тілінде сөйлейтін) ♦to speak in ~ English
260
261
– ағылшын тілінде шала сөйлеу 3. (жер ж)
кедір-бұдыр, ой-шұқыр ♦an area of ~, rocky ground – ой-шұңқырлы, жақпар тасты тұс 4. (ауру-қайғы ) қалжыратқан, шаршатқан;
қалжыраған, шаршаған ♦He was a ~ man after the failure of his business. – Бизнесі омақасқаннан кейін ол солды да қалды. 5.
(idm) *a ~ reed (сөзбе-сөз: сынған қамыс)
сенімсіз, күмəнді я керексіз болып қалған адам
broken-down [,brəukən'daun] adj қақыраған,
тозығы жеткен; ауру, титықтаған ♦a ~ old car – қақырап тозығы жеткен машина ♦a ~ man, horse – титықтаған ат, жылқы broken-hearted [,brəukən'hα:(r)tid] adj өте
қайғырған, жүрегі қан жылаған, көкірегі шер-
ге толған ♦He was ~ when his wife died. - Əйелі қайтыс болғанда оның жүрегі шерге толды. broken home [,brəukən'həum] шаңырағы орта-
сына түскен, ерлі-зайыптылар ажырасқан үй ♦He comes from a ~. – Бала күнінде оның əке- шешесі ажырасып кеткен болатын. broker ['brəukə(r)] n 1. делдал, брокер ♦insurance ~ - сақтандыру делдалы (брокері) 2. = stockbroker 3. қарызын өтей алмаған
адамның заттарын сатуға тағайындалған рес-
ми адам
brokerage ['brəukəriʤ] n 1. делдалдық,
брокерлік бизнес, іс 2. делдалдың, брокердің
еншісі (қызметі үшін алатын ақшасы)
brolly ['brɒli] n (Brit ауызекі) қолшатыр, зонтик
bromide ['brəumaid] n 1. (хим) бромид, бром
түзбесі 2. (ауызекі) көне, күні өткен ой, сөз,
пікір
bromine ['brəumi:n] n (хим) бром (метал емес,
сұйық элемент, медиц-да, фотографияда қолд)
bronchi, bronchia ['brɒŋkai; 'brɒŋkiə] n [pl]
(анат) кеңірдек, бронх, кеңірдек тарамы (ты-
ныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылған та-
рамдары)
bronchial ['brɒŋkiəl] adj (анат) кеңірдек(тің),
бронх(тың), кеңірдек тарамы
bronchitic [brɒŋ'kitik] adj бронхитпен ауыра-
тын
bronchitis ['brɒŋkaitis] n бронхит (тыныс
жолдарының қабынып ауруы)
broncho ['brɒŋkəu] = bronco
bronco ['brɒŋkəu] n (pl~s) жабайы я жартылай
үйретілген жылқы (АҚШ-тың батыс жағында
кездеседі)
brontosaurus [,brɒntə'sɔ:rəs] n (pl~s) бронто-
завр (ірі шөпқоректі динозавр)
Bronx cheer [,brɒŋks'ʧiə(r)] (US ауызекі) =
raspberry
bronze [brɒnz] A.n 1. қола (мыс пен
қалайының қоспасы) ♦a statue in ~ - қола мүсін 2. қола түс, қызылқоңыр, қызылкүрең
3.(a) қоладан істелген заттар (b) = bronze
medal B.v қола түсті ету, қызылқоңыр қылу,
қызылкүреңдету ♦a face ~d by the sun – күнге қарылып күрең тартқан бет C.adj қола,
қоладан істелген, қола реңді ♦a ~ vase, axe – қола ваза, балта ♦the ~ tints of autumn leaves – күзгі жапырақтардың қызылкүрең реңі Bronze Age, the ['brɒnz eiʤ] қола дəуір (адам-
дар қоладан бұйым, қару жасап қолданған
дəуір; тас дəуірі мен темір дəуірінің ортасы)
bronze medal [brɒnz'medl] қола медаль
brooch [brəuʧ] n сəнді, əшекейлі түйреуіш
brood [bru:d] A.n 1. төл (бір мезгілде туылған,
шыққан аң балалары, балапандар) 2. отбасы,
балалар ♦There’s Mrs O’Brien taking her ~ for a walk. - Əнеки, Мисиз О’Брайен балаларын қыдыртып барады. B.v 1. құстың жұмыртқа
басуы (дүниеге балапандар келтіру үшін) 2. ~ (on/over smth) уайымдау; қапалану ♦When he’s depressed he sits ~ing for hours. – Ол торыққанда сары уайымға салынады да от- ырады. ♦It doesn’t help to ~ on your mistakes. – Қатеңе қапаланып керегі жоқ. brooder [‘bru:də(r)] n 1. инкубатор
(балапандарды жасанды шығаратын құрылым)
2.уайымшыл, уайым жегіш
brood-hen [‘bru:dhen] n күрік тауық (балалаған
тауық)
brood-mare [‘bru:dmɛə(r)] n бие
broody [‘bru:di] adj (-ier, -iest) 1.(a) күрік
тауық (b) (ауысп. мағ.) бала тууды аңсаған,
«күйлеген» (əйел) 2. (ауысп. мағ.) уайымдаған,
қайғырған ♦Why are you so ~ today? – Бүгін неғып тұнжырап жүрсің? broodily [‘bru:dili] adv broodiness [‘bru:dinis] n brook I [bruk] n жылға, бұлақ
brook II [bruk] v (ауызекі жақтырм)
төзу, шыдау, көз жұму, жол беру ♦a strict teacher who ~s no nonsense from her pupils – оқушыларының бұлғақтауына жол бермейтін қатаң мұғалім ♦I will not ~ anyone interfering with my affairs. – Менің ісіме араласқан (кіріскен) ешкімге де төзбеймін. broom I [bru:m] n шілік, бұта
broom II [bru(:)m] n 1.(сабы ұзын) сыпырғы,
сыпыртқы, сыпырғыш 2. (idm) *a new ~ new
broomstick ['brumstik] n (ертегідегі) жалмауыз
(мыстан) кемпірдің сыпырғысы
Brosabbr (коммерц) Brothers м: Hanley Bros
Ltd (компанияның аты)
broth [brɒθ; brɔ:θ] n 1. сорпа, суп 2. (idm) *too many cooks spoil the ~ cook
brothel [‘brɒθl] n нəпсі үйі (еркектер ақша
төлеп жезөкшелермен ойнас жасайтын үй)
brother [‘brʌðə(r)] A.n 1. бауыр, аға, іні (бір
анадан туған адамдар) ♦my elder/younger ~ - менің ағам/інім 2. бауыр, дос, əріптес
(бір топқа я қоғамға жататындар) ♦We are all ~s in the same fi ght against injustice. – Біздің бəріміз де əділетсіздікке қарсы күресте бау- ырмыз (əріптеспіз). ♦He was greatly respected by his ~ doctors/offi cers. – Оны өзінің дос (əріптес) дəрігерлері/қызметкерлері өте құрметтейтін. 3. (plbrethren ['breðrən]) бау-
ыр (діни топтың, ағымның мүшесі, монах)
♦Brother Luke – Лұқпан (Лука) бауыр ♦The Brethren hold a prayer meeting every Thursday. – Бауырлар əр бейсенбі күні сайын дұғаға жи- налады. 4. (idm) *~s in arms қарулас достар,
қаруластар (соғыс кезінде бірге соғысқан жау-
ынгерлер) B.interj (көбінесе US) (таңғалуды я
кіртиісті білд) ♦Oh, ~! – О, тоба! brotherhood ['brʌðə(r)hud] n 1.(a)
ағайын-туыстық, бауырластық ♦the ties of ~ - ағайын-туыстық қатынастар (b)
достық, жолдастық, бауырластық ♦to live in peace and ~ - бейбіт əрі бауырластық жағдайында өмір сүру 2.бауырластық
(белгілі бір саяси, діни, т.б. мақсатқа
біріккен топ мүшелері)
brother-in-law ['brʌðər in lɔ:] n (plbrothers- in-law ['brʌðəz in lɔ:]) 1.қайын аға, қайын
іні 2. жезде, күйеу бала 3. бажа 4.жиен,
т.с.с.
brotherly ['brʌðə(r)li] adj ағайын-туыстық,
бауырлас, бауырмал, бауырлас, ағалық, інілік,
бауырлық ♦~ love – ағалық, інілік, бауырлық сүйіспеншілік brothers-in-law ['brʌðəz in lɔ:] pl of brother-in- law brouham [‘bru:əm] n (бұрынғы кездердегі)
төрт доңғалақты, бір ат жегілетін күйме
brought [brɔ:t] pl, pp ofbring brouhaha [‘bruhα:hα:; US bru’hα:hα:] n у-шу,
сапырылыс
brow [brau] n 1.қас, қабақ = eyebrow 2. маңдай,
шеке = forehead 3.тау қабағы, жотаның жалы,
қыры, т.с.с. ♦Our car was stalled on the ~ of a steep hill. – Машинамыз тік өрдің (ылдидың) қабағына келіп тұрып қалды. 4. (idm) *to knit one’s ~(s) knit
brow-ague [,brau'eigju:] n бастың сақинасы,
бас (сақиналанып) ауруы
browbeat ['braubi:t] v (ptbrowbeat, pp browbeaten ['braubi:tn]) ~ smb (into doing smth) алакөздеу, қабағын түкситу, тесіле қарау,
ежірею; қырши сөйлеу ♦The judge browbeat the witness. – Судья куəға түксие қарады/ Судьяның түксие қарасы куəнің дегбірін қашырды. ♦I won’t be browbeaten into accepting your proposals. – Маған қанша ежірейсең де ұсыныстарыңды қабылдата алмайсың. browbeaten ['braubi:tn] adj қорыққан, үріккен
♦a poor, ~ little clerk – үрпиген бейшара клерк brown [braun] A.adj (-er, -est) 1. қоңыр,
қызғылтқоңыр ♦~ eyes – қоңыр көздер ♦leaving turning ~ in the autumn – күзде қызғылтқоңыр реңге əрленген жапырақтар/күзе қоңырқай тартатын жапырақтар 2. құба, бидай өңді,
күн қаққан, күнге күйген ♦He’s very ~ after his summer holiday. – Жазғы демалыстан ол əбден күнге күйіп келді. 3. (idm) *(as) ~ as a berry жел қаққан, күн қаққан, денесі күнге
күйіп қошқыл тартқан *in a ~ study терең
ойға шомған, батқан B.n 1. қоңыр рең ♦leaves of various shades of ~ - түрліше қоңырқай тартқан жапырақтар 2. қоңыр киім(дер)
♦Brown doesn’t suit you. – Қоңыр киім саған жараспайды. B.v 1.қоңыр қылу, ету,
қарақошқылдату ♦Heat the butter until it ~s. – Майды қоңырқай тартқанша қыздыр. ♦a face ~ed by the sun – күн қаққан бет 2. (idm) *~ed off (Brit ауызекі) қажыған, ығыры шыққан,
тойған ♦He’s ~ed off with his job. – Оны жұмыс тойдырды (қажытты). brown-bag ['braubæg] v (US) 1. жұмысқа түскі
асты өзімен бірге (кішкентай қоңыр қағаз
сумкаға салып) алып келу 2. арақ-шарап
құймайтын ресторанға өз ішімдігін апару
262
263
brown-bagging ['braubægiŋ] n brown bread [,braun 'bred] қара нан, қоңыр нан
(еленбеген, кебегі бар ұннан істелген)
brown coal ['braun kəul] қоңыр көмір, лигнит =
lignite
brown goods ['braun gu:dz] (Brit) электроника
заттары (м: теледидар (телевизор), компьютер)
brownie ['brauni] n 1. (халық ертегілеріндегі)
кішкентай, бидай өңді сиқыршы, «үй əруағы,
иесі», елес (орысша – домовой) 2. (US) (ішінде
жаңғақтары бар, сағыз сияқты) шоколад пи-
рогы, кэкс 3. Brownie (Guide) қыз скауттар
(scout) не қыз гайдтар (Girl Guide) ұйымының
8-11 жасар мүшесі
Brownie ['brauni] n арзан фотоаппарат
Browning (automatic rifl e) ['brauniŋ (ɔtə'mætik
'raifl )] n брауниң, браунинг (минутына 200-350
оқ ататын автомат, автомат мылтық) abbrBAR (американ өнертапқышы Джон Мозес Брауниң
(John Moses Browning (1885-1926) жасаған)
browning ['brauniŋ] n (ет сөлінен жасалған)
соусты реңдеуге арналған зат
brownish ['brauni∫] adj қоңырқай, қоңырсымал
brown-nose ['braun nəuz] v (ауызекі)
жағымпаздану, жалбырау, асты-үстіне түсу,
маймөңкелеу ♦You’re not going to get that promotion just by ~ing! – Жағымпазданып ман- сабымды өсіремін деп дəмеленбе!