________________
1. Аскольдов-Алексеев С.А. Концепт и слово //
Русская речь. Новая серия//под ред. И.Р.Гальперина –
Ленинград, 1986. – С. 14-21.
2. Колесов В.В. Концепт культуры: образ – понятие –
символ // Вестник С-Петербургского ун-та. Серия 2,
Литература и язык. – 1992. – Вып. 3. – С. 68-73.
3. Колесов В.В. Ментальная характеристика слова в
раболах В.В. Виноградова // Ветник МГУ. Серия фило-
логия. – 1995. - №3. С. 121-132.
4. Большой англо-русский словарь / под ред.
И.Р.Гальперина. – М., 1987.-670 с.
5. Русско-англииский, англо-русский словарь / под
ред. Р.Л.Синкова. – М.: Астрель, 2005.-564 с.
6. Лингвистический энциклопедический словарь / под
ред. В.Н. Ярцевой. М., 1990.-472 с.
7. Рябцева Н.К. «Вопрос» прототипическое значение
концепта // Логический анализ языка. Культурные кон-
цепты. – М., 1991.-с.25-31.
8. Лихачев Д.С.Концептосфера русского языка // Изд
РАН. Сер. Лит. и яз. – 1993.-№1-С. 96-122.
9. Шейх Джамил Мади «Жəннəт пен Тозақ» - Алматы:
Мұсылман, 2007.- С. 17-30б.
10. Үлкен энциклопедия Терра. 40 том. 458-459бб.
11. В.И.Даль. Толковый словарь русского языка
(современная версия).
* * *
The article is devoted to the problem of lexico-semantical
concepts “paradise” and «hell» in English, Russian and Kazakh
languages. The religious understanding concepts of "paradise"
and "hell" is considered in this article.
* * *
В статье рассматриваются лексико-семантические
концепты «рай» и «ад» в английском, русском и казахском
языках на материале религиозных книг.
М. Жаңабекова
НАҚ ОСЫ ШАҚ МИКРОӨРІСІНІҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Қазіргі таңда дүние жүзіндегі тілдердің
ішінде құрылысы жағынан алшақ қазақ жəне
ағылшын тілдерінің грамматикалық құбылыс-
тарын салғастыра зерттеу қарқынды дамып келе
жатқан салалардың бірі. Функционалды грам-
матика бойынша көптеген ізденістерде тілдерді
салғастыру барысында едəуір соны тұжы-
рымдар жасалып, етістіктің шақ категория-
ларына қатысты сəйкестіктер мен ерекшеліктер
айқындалды. Əлі де шешімін табуға тиісті
мезгілдік категориялардың (осы, өткен, келер)
ішіндегі шағын микроқрістердің функционалды
семантикалық біртұтастығын қарастыру бірден-
бір өзекті ғылыми ізденісті қажет етеді.
Нақ осы шақтық мағына қазақ жəне
ағылшын тілдерінде функционалды грам-
матика тұрғысынан əртүрлі тіл деңгейіндегі
тілдік бірліктер арқылы көрініс табады, атап
айтқанда: мезгіл үстеулер, мезгіл мəнді
құрмалас
сөйлемдер,
атаулы
сөйлемдер,
нақтылықты көрсететін қалып етістіктері
мен амал-əрекет етістіктері, нақты субъекті
мен объекті. Тұтас функционалды-семанти-
калық
микроөріс
ретінде
жеке
алынып
қарастырылмаған.
Дегенмен
қазақ
тілін-
дегі жалпы шақ категориясының жекелеген
формалары ағылшын тілімен салғастыра зерт-
телмеген. Себебі шақ (темпоралдылық) кате-
гориясының кең ауқымды əрі күрделі кате-
гориялдығымен, функционалды-семантикалық
өрістер кешені екендігімен түсіндіруге болады
Яғни аталмыш категория жекелеген осы, келер,
өткен шақтық мағыналардың (микроөрістердің)
жиынтығынан құралады.
Сөйлеуші қимыл-əрекетті белгілі бір мезгіл
ішінде жүзеге асырады. Сөйлеу сəтіне қатысты
іс-əрекеттің болып жатқанын, болып өткен-
дігін, алда болатынын білдіретін етістіктің
грамматикалық категориясын айтамыз. Шақ-
тық қатынастардың ағылшын жəне қазақ тіл-
дерінде берілуі кешенді түрде функционал-
ды-семантикалық өріс тұрғысынан алғаш
зерттелініп отыр. Нақ осы шақ микроөрісін
білдіретін əр түрлі тіл деңгейіндегі тілдік
бірліктердің парадигмасын айқындауға, мұн-
дай бірліктердің прагматикалық мəні мен
семантикалық құрылымын жəне ағылшын
тілінен қазақ тіліне аударғандағы құрылым-
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011
123
дық, мағыналық жəне көркемдік ерекшеліктерін
қарастыру тың ізденістерді қажет етеді.
Қандай қимыл-əрекет болсын белгілі бір
уақыт кезеңінде өтіп жатады. Нақ осы шақтық
қатынастың мазмұны − қимылдың жүзеге асып
жатқан кезеңі мен өту орнының анық сипатта
болуында.
Дəстүрлі
грамматикадағы
шақ
формалары коммуникация процесінде уақыт
ұғымын білдіреді, яғни шақтық мағына үстейді.
Сол себепті уақыт ұғымын білдіретін тілдік
құралдар грамматикалық шақ категориясымен
ғана байланысты емес, ол тілдің лексика,
синтаксис деңгейлерінде де көрініс табады. Нақ
осы шақтың мазмұны тек шақ көрсеткіштері
арқылы ғана ашылмайды. Ол − тек бір қыры
ғана. Шақ көрсеткіштері жеке өзі тұрып та
нақтылық мағынаны бере алмайды. Нақтылық
мағына міндетті түрде өзімен астасып жатқан
басқа да семантикалық категориялармен тығыз
байланыса отырып, функционалды-коммуника-
тивтік тұрғыдан лексикалық, морфологиялық,
синтаксистік деңгейдегі тілдік бірліктер арқылы
ашылады, осымен байланысты
қазақ тіл
білімінде нақтылықты білдіретін тілдің түрлі
тіл деңгейіндегі тілдік бірліктердің жұмсалу
өрісін, функционалдық мəні мен семантика-
лық құрылымын айқындайтын зерттеулердің
жоқтығы жұмыстың өзектілігін айғақтайды.
«Сөздің табиғатын түсіну оның көпқырлы
қасиетін ұғынудан, білуден кейін ғана қа-
лыптасады. Тіл білімінде ол тілдік бірлік ретінде
көп сөз болып, зерттелді, соған орай түрлі
анықтамалар мен түсініктер айтылды. Ал сөздің
тағы бір қасиеті сөйлеу процесімен байла-
ныстырылады жəне ол қасиеті, яғни қолданыс
кезіндегі сапалық қасиеттері мен ерекшеліктері
айқындалады.
а) сөздің нақты мағынасын анықтау үшін
қосымша сөздік материал қажет; ə) жеке қа-
растырылатын, контекстен тыс кездегі сөздің
барлық семантикалық мүмкіндіктері ашыл-
майды; б) жекелеген сөздер есте нашар сақта-
лады жəне көп ретте дұрыс қолданылмайды; в)
тілдік бірлік ретіндегі сөздің функционалдық
мүмкіндіктері мəтінде жəне сөйлем ішінде
(контексте) нақты ашылады. [1]
Көп жағдайларда нақтылық мағынаны
мезгіл мəнді білдіретін лексикалық бірліктерден
де аңғарамыз. Бірақ бұл мағыналық реңк іс-
əрекеттің орындалып жатқан қалпына еш нұқсан
келтірмейді, нақ осы шақтың семантикалық
кеңістікте білдіретін негізгі нақтылық мағы-
насына қосымша мəн береді.
Сөйленімде іске асып жатқан кез келген іс-
əрекет белгілі бір мезгіл ішінде жəне белгілі бір
орында, яғни кеңістікте жасалып жатады. Сонда
қимылдың белгілі бір уақыт бойындағы өту
сипаты оның кеңістіктегі қозғалысымен сəйкес
келеді немесе қозғалыстың өтуі уақытпен
сипатталады. Қимылдың уақыт сызығында
нақты өту орнының болу/болмауымен байла-
нысты уақытқа қатысты нақ осы шақтық жəне
ауыспалы осы шақтық микроөрістері бар.
Дəстүрлі
грамматикада
грамматикалық
категориялар тілдік тұлғалардың ішкі бірлігінен
құралады десек, тіліміздегі функционалды-
семантикалық өрістерді құрайтын мазмұн
межесі мен тұрпат межесі тілдің түрлі дең-
гейіндегі тілдік бірліктер жүйесінен тұрады.
А.В. Бондарко бұл екі ұғымды екі аспектіде
қарастырады. Мысалы, шақтық локальділік /
шақтық бейлокальділік семантикалық категория,
оның функционалды бірлігі функционалды -
семантикалық өріс болып танылады да, семан-
тикалық категория ретінде қарастырылғанда
оның субкатегориялануы, оппозиция ретінде
қарастырылуы, яғни мағыналық топтар құрылуы
негізге алынады. Тілімізде функционалды -
семантикалық өріспен қатар макро жəне
микроөрістер қарастырылады. Ал өріс ретінде
қарастырылғанда өрістің таза құрылымдық
белгілеріне, яғни сол мағыналарды беру кезін-
дегі тілдік құралдардың тілдік, жұмсалымдық
əлеуетіне талдау жасалып, олардың мағына беру
мүмкіндіктері анықталады, осы орайда тілдік
құралдардың өріс ядросын құрау немесе
перифериясында жату сипаттары ашылады.
Семантикалық категория жайлы сөз болғанда
мағынадан формаға қарайғы зерттеу бағыты
ұстанылса, өріс тұрғысынан қарастырылғанда
формадан мағынаға қарайғы зерттеу бағыты
ұстанылып, тұрпаттық құрылымына талдау
жасалады.
ФСӨ-лер мазмұн межелеріне, яғни семан-
тикалық функцияларына қарай кішігірім шағын
топтарға жіктеледі. Осы тұрғыдан алғанда ФСӨ-
лер макроөріс, микроөріс түрлеріне сараланады.
Макроөріс жалпы алғандағы ФСӨ-нің өзі
болса (аспектуалдылық, темпоралдылық, модал-
дылық т.б.), микроөріс əрбір ФСӨ-нің ішкі
мағыналық топтары болып табылады. Сон-
дықтан талдау барысында макроөріс термині
өріс, яғни ФСӨ-мен синонимдес қолданыла
береді, ал микроөріс функционалды – семанти-
калық категориялардың ең кіші бірлігі болып
табылады. Əрбір макроөріс кемінде екі не
одан да көп микроөрістер (шағынөрістер)
жиынтығынан тұрады.
Граммматикалық категориялардың кемінде
екі грамматикалық мағына мен форманың
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011
124
жиынтығынан тұруы қажетті шарты болса,
функционалды-семантикалық
категориялар
(өрістер) да кемінде екі мағыналық жиынтықтан
(микроөрістен) тұрады.
Нақты шақтылықты микроөріс ретінде тану
үшін нақтылық/жалпылық негізінде байланыс-
қан барлық тіл деңгейі бірліктерін қимылдың
тұрпат межесі ретінде қарау керек, сол кезде
микроөріс мəртебесін алады. Белгілі бір ой
жалаң бір грамматикалық формамен ғана
берілмей, өзара əрекеттес тілдік құралдар
арқылы жұмсалатындығын ескерсек, семанти-
калық категорияны белгілі бір семантикалық
функцияларды атқару үшін өзара əрекеттес
болуға қабілетті əртүрлі тілдік құралдардың
жүйесі деп анықтауға болады. Басқаша
айтқанда, «семантикалық категория – түрлі
тілдік құралдармен берілетін ой мазмұны
жүйесінде көрінетін бірліктер мен элементтер»
[2]. Тілдегі осындай мазмұнға нақ осы шақ
микроөрісі ие. Бұл микроөрістің мазмұны −
уақыт
ағымымен
өлшенетін
нақты
бір
қимылдың нақты бір осы шаққа шоғырлануы,
өту шегінің, орнының анықтығы. Ал іс-əрекеттің
нақ осы шаққа шоғырлануы немесе сөйлеу
кезінде болып жатқан қимылдың нақты сипат
алуы уақыт ағымын білдіретін түрлі тіл
деңгейіне жататын құралдардың топтамасы нақ
осы шақтық микроөрісін өрісін құрайды. Бұл
микроөрістің семантикалық негізін етістік сөз
табы оның ішінде əсіресе отыр мен тұр қалып
етістіктері, мезгіл мəнді лексикалық бірліктер,
субъекті мен объекті құрайды. Мысалы: Абай
енді бұрылып, солай қараса, мерген Бəшей
аласа қостың азғантай ашылған түндігінен
мылтығының ұшын аспанға беттетіп, бір-
деңені көздеп тұр (М. Əуезов). Бұл жерде
таксистік мəндегі қимылдың жүзеге асқандығын
көреміз. Яғни бір мезгілдегі екі қимылдың
жүзеге асқандығы. Абай бұрылып қарай бер-
генінде, Бəшей мерген мылтығын аспанға
көздеп тұрғандығы сөз болып тұр. Бірақ бі
мезгілдегі екі қимылды жүзеге асырушы
субъектілер екі түрлі ( Абай мен Бəшей). -п тұр
аналитикалық формант арқылы нақтылық
мағынаны көреміз. Бұл жолы арт жағынан
тақап қалған Абай мен Ерболға сол қолын
қатты сілкіп, ұрысып тұр (М. Əуезов).
Қимылды жасаушы субъект біреу, ол адамның
ішкі жан толғанысын, ашуға берілген сезімін
ұрысып тұр тіркесінен көреміз. Уақытқа
қатысты созылыңқылық қалыпты аңғарамыз.
Тау басындағы аңшылар, сөзбен айтпаса да,
«екі бүркіт ұстасып қалады-ау!» деп іштерінен
үндемей қауіп илесіп, қатып тұр (М. Əуезов).
Амал-əрекеттің бір қалыптағы қалпы адамның
тұла
бойының
еш
қозғалыссыз
сілейіп
тұрғандығын қатып тұр тіркесінен байқаймыз.
Сондай-ақ, сөйлемнің ішінде созылыңқылық
мағынаны, оның шектеулі созылыңқылық екен-
дігін айқындай түсетін үндемей бейнелеуіштік
мəндегі лексикалық көрсеткіш қабат келі тұр. −
Жарайсың, Шолағым! Атақты Қарашегірді де
қанжығаға ұрып байладың ба! Тіпті тұяғынан
тартып алдың ғой! – деп, қызу қуаныш үстінде
қатты мақтанып тұр (М. Əуезов). Адамның
жан дүниесінің толғанысын көреміз. Эмоцияға
беріле отырып, ішіне симай мақтана Қарашолақ
атты бүркітіне деген ризашылығын байқаймыз.
Эмоционалды етістікке тұр қалып етістігінің
жалғануы арқылы қимылды бір қалыптағы
нақтылық мағынасын анықтаймыз. – Білмеймін.
Бір алай-түлей! Жауа борап тұр ма деймін.
Астымыз да, үстіміз де бірдей ұйытқып тұр!
– деді (М. Əуезов). Бұл уақытта қар жауып
тұр, қазір бағанағыдай қиыршықтап жаумай,
енді жəй, баяу жапырақ қар ғана түсіп тұр
(М. Əуезов). Екі сөйлемнен де табиғат құбы-
лыстарына байланысты жасалған қимылды
аңғарамыз. Қимылдың аз ғана уақыттың ішінде
тез қарқынмен өтіп жатқанын ұйытқып тұр
жəне алай-түлей сияқты сөздерден көреміз. Осы
сөйленімдерде қимылдың белгілі бір шаққа
нақтылана жəне ұдайы түрде жалпылық сипат
алуына қатысты тілдік бірліктер (анықтауыш,
жалғаулық, мекен, мезгіл пысықтауыш құрал-
дар) қимыл-əрекетті білдіретін етістікпен қа-
тысты қаралады. Етістіктің деңгейімен ғана
шектеліп қоймай, локалдылық мағына басқа
тілдік құралдар арқылы да берілуі жəне нақ-
тылануы мүмкін. Бұл уақытта, қазір сияқты
анық (белгілі) шақтық қатынасты көрсететін
мезгіл мəнді үстеулерден нақ осы шақтық
мағынаны көруге болады.
Қазақ тіліндегі ең күрделі сөз табы –
етістікті арнайы зерттеген М. Оразов етістікке
байланысты тақырыптық топтар мен лексика-
семантикалық
табиғатын
ашуға
арналған
“Семантика казахского глагола” атты еңбегінде
етістіктерді жалпылауыш семаларына қарай 12
топқа бөледі. Сол мағыналық топтардың ішінде
табиғи құбылыстарға байланысты етістіктер
ішкі мағыналық жақындықтарына қарай қарас-
тырылған.
Жоғарыда берілген сөйленімдерде адамзат
еркінен тыс табиғи құбылыстарға қатысты
ұйытқу (жел, боран), жауу (қар, жаңбыр), түсу
(шық, күз. қыс) етістіктерімен берілген іс-
əрекеттердің өту мерзімі мен сөйлеп тұрғандағы
уақыты өзара сəйкестікте тұр.
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011
125
It is raning heavily this week // Бұл аптада
жаңбыр қатты жауып тұр.
– Look! The rain is beginning hard, that’s why
I’ll have to take my umbrella // – Қара! Жаңбыр
қатты басталып жатыр, сондықтан шатырымды
алуға тура келеді.
Қазақ тілінде есімдіктер жеті топқа бөлінсе,
ағылшын тілінде мағынасына қарай он топқа
бөлінеді. Солардың бірі – сілтеу есімдігі, ал
оның мағынасы жақын тұрған затты көрсету,
нұсқау, меңзеу болып табылады. Дəстүрлі грам-
матика тұрғысынан келсек, “ this”-тің сөйлемдегі
функциясы, өзінен кейін тұрған “week” зат
есімін анықтау. Бір ғана тілдік бірліктің мағы-
насымен шектелеміз. Ал функционалды грам-
матика тұрғысынан қарастырсақ, алғашқы
сөйленімде “апта” нақтылауышы меңзеу мағы-
насында қолданылатын “бұл” сілтеу есімдігімен
тіркесіп, табиғат құбылысын бейнелейтін
етістікке қатысты мезгіл мəнді анық шақтық
біртұтас мағынаны беріп тұр.
Табиғи құбылыстарға байланысты қимыл-
дың түрлі сапасын (қалай өтіп жатқанын) сын-
бейне үстеуі “ heavily” етістікпен тіркесу арқылы
белгілі бір сəттегі диапозоны алыс емес,
уақытша жалпы шектеулі табиғи қимыл қоз-
ғалыстың мағынасын (жауып жатқан жаңбырды)
үдете басып көрсетіп тұр. Қос тілдегі əр
деңгейге жататын тілдік құралдардың бірі
ретінде сөйлеу сəтіндегі мезгілдік категория-
лардың (осы, өткен, келер) əр қилы белгілерін
анықтауда мағыналарына байланысты топтас-
тырылған үстеулердің рөлі ерекше.
Екінші диалогқа құрылған сөйлемде сөй-
леушінің
тыңдаушының
назарын
табиғат
əлемінде тосын қимылдың күтпеген жерден
бірден қарқындай дамып, сөйлеу уақытында іске
асып жатқанын баяндау, жеткізу мақсатында
екені контекстен байқалып тұр, яғни “Look!”
сөзі қимыл əрекеттің болып жатқанын тайға
таңба басқандай, анық айқындап, өзінен кейін
тіркесетін етістікке нақ осы шақ микроөрісінің
мағынасына бағдаршам іспеттес жол ашып тұр.
Бұл сөйлемнің бойында анық шақтық қатынасты
көрсететін бағыт-бағдар функциясын контекст,
қимылдың
сапалық
реңкін
морфология,
қимылдың одан ары қарай өрбуіңдегі модалділік
мағынаны синтаксистік құрылым (алғашқы
компонентінде оқиғаның себебі, ал соңғысында
нəтижесі баяндалып тұрған “сондықтан” жал-
ғаулығы арқылы байланысқан себеп салалас
құрмалас сөйлем), яғни əр түрлі тіл деңгейіндегі
құралдардың біртұтастығын, мазмұндық көрі-
нісін айқындап тұр. А. Ысқақов сөйлеу тіліндегі
ой көңілге қатысты əр қилы реңктер сөйлемдегі
сөздердің, сөз бөлшектерінің, сөз тіркестерінін
түрлі қарым қатынасынан туады дей келе,
модалдік мағыналар морфологияда да, син-
таксисте де ұшырасатынын, сөйлемнің модаль-
ділігі бүкіл сөйлемге тəн құбылыс болатынын
айтады. Бірақ морфологиялық құбылыстардың
мазмұны синтаксиспен жиі байланыста болады
да модалдік мазмұн сөйлемнен жеңіл айқын-
далады
.
I’ll have to take my umbrella // Менің
шатырымды алуға тура келеді. Бұл жердегі
have to – істелетін іс-əрекеттің белгілі бір
жағдайға байланысты орындалу мүмкіндігін,
міндеттілігін, керектігін, қажеттілігін білдіретін
“must” модаль етістігінің баламасы (эквива-
ленті). Бұл модаль көмекші етістігі “to”
демеулігінсіз негізгі тұйық етістікпен тіркесе
қолданылып, have to арқылы сөйлеу сəтіндегі
мезгілдік категорияларды (осы), had to (өткен),
will have to (келер) береді, немесе қазақ тілінде
“алуға тура келеді, алуға тура келді, алуға
тура келеді”. Модалділікті білдіретін – уға
тура келу үлгісі ауыспалы осы шақта қолда-
нылып, тілдің мазмұнды əр деңгей қатысты
анықталатын іс-əрекеттің ұдайы шақтылықты
білдіреді. Мысалы: үйренуге тура келеді (қашан
да), көруге тура келеді (өмір бойы). Ал осы
модалділікті білдіретін үлгіні нақ осы шақ
микроөрісінде қолдансақ, сөйлеуші “Маған
ағылшын тілін үйренуге тура келіп тұр” деп, өз
ойындағы жуық арада орындалуға тиісті іс
əрекеттің бейнесін тыңдаушыға жеткізеді.
Сөйленім мазмұнындағы сөйлеушінің ақиқат
шындыққа қатысты көзқарасы қос тілде де
модальдік тіркеспен келіп, реалды орындалатын
хабар ретінде көрініс беруі сөйленім мазмұны-
ның семантикалық белгісі болып табылады.
Қос тілде де нақ осы шақ/Present Continuous
формасының қолдану кеңістігі бай. Бұл сөйлеу
сəтіндегі осы шақ мезгілдік категориялардың
ішіндегі шағын өріс ретінде қарастырылғаны-
мен, əрбір іс-əрекеттің өз шегіне жету
жолындағы қажет уақытша кезең, яғни істің
істелініп, жағдайы əлі кемелдену шағына
жетпеген, шыңдалу жолындағы, қашан баста-
лып, қашан бітетіні белгісіз процестегі іс
Ағылшын тілінің түсіндірме сөздігінде
процесс сөзіне мынадай анықтама беріледі: “a
series of actions which are carried our in order to
achieve a particular result: a series of developments
which happen naturally: a series of actions or
thoughts by which you come to a decision or find an
answer” Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
“процесс, үдеріс – 1) іс-əрекеттің даму барысы,
қимылдың өрістеу қалпы. 2) белгілі бір нəти-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011
126
жеге жету жолындағы жасалатын əрекеттердің
жиынтығы” Олай болса, қазақ тілінде жоғарыда
келтірілген мысалдар арқылы анықталған нақ
осы шақ микроөрісінің ішкі əрқилы мағыналары
ағылшын тілінде қалай көрініс беретінін
байқалық. Мысалы: “They do not sleep at night,
thinking that you are languishing in the cage. But
you are free and well, light of my eyes. They told
me at the gates. So my journey was lucky after all.
Baimagambet tried to told me, saying you were
busy, but I just couldn’t wait. I can see you are not
feeling lonely here. More power to you”.
Бұл сөйленімдердегі - ing үлгісіндегі етіс-
тіктер интеллектуалды қабылдауды, ара қарым-
қатынасты, сезімді (stative verbs) білдіретін
етістіктер қатарына жатады да, сөйлеу сəтіндегі
уақытта іс-əрекетті немесе көңіл-күйді процесс
(үдеріс) ретінде білдіре алмауы, ағылшын
тіліндегі contiuous формасының процессуалдық
қасиетінде жатса керек. You are languishing in
the cage.– Сен қапаста сағын ып жүрсің. Бұл
жерде нақтылауыш “cage – қапас” сөзі үй-
дегілердің Абайды ойлап ұйықтауға шаралары
жоқ болуға тірек болып, субъектінің орналасу
мекеніне орай айтылған мағына бір жағынан
көрініс алса, екінші жағынан “They do not sleep
at night, thinking… – Сені ойлап олар ұйық-
тамайды ... дей келе тоқтаусыз іске асып жатқан
қимылды жалпы осы жақтағы болымсыздық
мəндегі етістік пен эмоция арқылы берілетін осы
бейнелеуіштік мағынаны да аңғарамыз. Келесі
сөйленімдегі “I can see you are not feeling lonely
here. More power to you” // Мен түсініп (көріп)
тұрмын, сен мұнда жалғы сезіні п жүрген жоқ
екенсің. Мықты бол. Бұл жерде анасы Ұлжан-
ның Абайды жолдастарымен көріп, көңілі
орнына түскенін, оның уайымына себеп болған
жалғыз нəрсе “lonely” сөзі арқылы нақтыланып
тұр. Бұл сөйленімдерді ағылшын тілінен қазақ
тіліне аударған кезде Ф.А. Какжанованың
“Ағылшын
тілінің
практикалық
курсы”
оқулығындағы “егер сөйлемде to be көмекші
етістігі am, are, is формаларын алатын болса -П
ЖҮР. -ІП ЖҮР (аналитикалық форманттары-
мен) +осы шақтың жіктік жалғауларымен
аударылады” деген қағиданы ескердік [3].
Дегенмен, аударманың екі тілде бір шақтық
формаға сəйкес келуі шарт емес, қазақ тіліне
аударған кезде басқа Present Continuous
формасы басқа шақтарда да көрініс табуы əбден
мүмкін, əсіресе осы шақта ауыспалы
форма-
сында
аударылады.
* * *
Основной целью работы является определение языко-
вой структуры на основе функционально-семантической
категории настоящего продолженного времени.
* * *
The main aim of article is to define the language
structure of form on the base of functional-semantic category
of Present Continuous.
________________
1. Момынова Б.Қ. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік
қатынастар. – Алматы: Арыс, 2009. – 144 б.
2. Рысалды Қ. Сын дəрежесі категориясы: функцио-
налды-коммуникативтік табиғаты (қазақ жəне неміс тіл-
дері негізінде): филол. ғыл. докт. ... автореф. − Алматы,
2007. − 54 б.
3. КакжановаФ.А. Ағылшын тілінің практикалық
курсы.- Қарағанды: Болашақ-Баспа. 2005.- 464 б.
Достарыңызбен бөлісу: |